Көркем шығарманың пішіні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
2. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
№ апта
Дәріс тақырыбы және тезистер
Сағат көлемі
№ апта:

№ 1

дәріс

Дәріс тақырыбы және тезистер:

№1 дәріс: Әдебиет пен эстетика. Сөз өнері жайлы ұғым.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары) :

1. Өнер түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер.

2. Өнердің суреттеу пәні мен амалдары.

3. Өнердің суреттеу құралдары.

4. Өнердің туындысын қабылдаудың сырлары.

5. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі қызметі.

6. Сөз өнерінің басқа өнер түрлерінен ерекшелігі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Көркемөнердің жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өте жоғары. Негізгі түрлері: мүсін өнері, сурет өнері, сәулет өнері, саз өнері, сөз өнері, театр өнері, би өнері т. б. Бұл қазақ ғалымы А. Байтұрсыновтың көрнек өнерін сәулет өнері, мүсін өнері, саз өнері, сурет өнері, сөз өнері деп беске бөлген жіктемесімен сай. Одан өзге өнер түрлерін тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері деп білген. «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге. Ақыл ісі -аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау, көңіл ісі - түю, талғау. Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиял-дың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау».

Әр жанрда жасалғанымен, өнердің барлық түрі дүниені эстетикалық жолмен, әдемілікті сезіну арқылы жасалынады. Дүниені көркемдік жолмен танып білуде түйсік, түсінік, көркемдік ойлау қабілеті ерекше қызмет атқарады. Себебі көркемөнер дегеніміз - адамның екінші өмірі, сезім дүниесінің көркем бейнелер арқылы табиғаттан тыс, ерекше өмір сүруі. Адамзат жаралғаннан бері дүниені көркемдік жолмен тануға ұмтылысын тасқа түсірген таңбаларынан бері қарай жалғастырып келеді.

Көркемөнерге ортақ сипат дүниені, өмір құбылыстарын жинақтап, типтік дәрежеге көтере, нақтылы қалпында бейнелеп көрсету болып табылады.

Көркемөнердің бір саласы әдебиет болса, оның өзге өнер түрлерінен айырмасы да бар.

  1. Сөз өнерінің сурет пен музыка сияқты жалпыға бірдей түсінікті болуына ұлттық тіл ерекшелігі әсер етеді, себебі дыбыс пен бояуға аудармашының қажеті жоқ.
  2. Сөз өнері музыкадан гөрі нақты, театр өнерінен затты, симфониядан гөрі анық. Әдебиет әрі нақты, әрі затты құбылыс.
  3. Әдебиет кез келген шындықты қимыл-қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады, сондықтан сөз өнері «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» Бальзак, яғни «әдебиет - адамтану ғылымы».

Сөз өнерінің бейнелеу құралы - тіл, суреттікі - бояу, мүсіндікі - саз, балшық, т. б. Әдебиет немесе сөз өнері дегеніміз не? А. Байтұрсынов оны былай байыптайды: “Сөз өнері деп асылында нені айтамыз? Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіңдегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарған сөз”. Әдебиет яки сөз өнерінің ғана өмір-болмысты, адамдарды, тіршілік-табиғатты бейнелеуде өре-өрісі кең, шексіз де шетсіз, мүмкіндігі орасан мол. Бұл мүмкіндік әдебиеттің өмірді бейнелеу құралы - сөз екендігіне байланысты. Белинский сөзімен айтқанда “поэзия (бұл жерде күллі әдебиет деген мағынада - С. М. ) адамның еркін тілімен берілгендіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар, сөйтіп, ол әрбір өнердегі жеке-жеке тәсілдердің бәрін бірінен-бірін бөлектемей, бірден пайдаланатын сияқты. Поэзия тұтас өнер, соның бүкіл ұйтқысы болып табылады. Және олардың барлық жағын қамти отырып, бүкіл өзгешеліктерін айқын, анық түрде бойына жинақтайды”. “Өнердің алды - сөз өнері” деп саналады. “Өнер алды - қызыл тіл” деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де (яғни басқа өнер түрлерінің - С. М. ) қызметін шама қадырынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді . . . ”. Бұл ұлттың ұлы тұлғасы, филолог, әдебиетші ғалым А. Байтұрсынұлының тұжырымы. Екі тұжырымда да әдебиеттің сөз өнері ретіндегі барша ерекшелік-қыры анық сипатталған.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

Тест

  1. Әдебиеттің өзге өнер түрлерінен ең басты айырмашылығы неге байланысты?

A) шығармашылық қиял

B) жинақтау

C) авторлық баяндау

D) бейнелеу құралы

E) кейіпкер тілі.

2. Ғылымнан өнердің (әдебиеттің) басты айырмашылығы қандай?

A) Нақты деректер арқылы дәлелдеуге құрылуы

B) Тұжырымды ой-қорытындылар жасауы

C) Өмір шындығын кейіпкерлер тұлғасы арқылы бейнелі түрде танытуы

D) Дәйекті пікір таныта білуі

E) Абстрактілі ойға негізделуі

3. Әдебиеттің бірінші, ең басты элементі не?

A) Тақырып

B) Идея

C) Адам

D) Тіл

E) Сюжет

4. «Әсемдік дегеніміз - өмір». Бұл кімнің тұжырымы?

A) Н. Буало

B) А. Байтұрсынов

C) Н. Чернышевский

D) М. Горький

E) Платон

5. Әдебиеттану қай ғылымның саласына жатады?

A) Мәдениеттану

B) Филология

C) Мәтінтану

D) Өнертану

E) Философия

Сұрақтар:

1. Қандай өнер түрлерін білесіңдер?

2. Сөз өнерінің басқа өнер түрлерінен ерекшелігі қандай?

3. Адамзат баласы өнер туындысын қалай қабылдайды?

Сағат көлемі: 1
№ апта:

№ 2

дәріс

Дәріс тақырыбы және тезистер:

№2 дәріс: Әдебиеттану ғылымы және оның салалары. Басқа ғылыми пәндер жүйесіндегі орны

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары) :

1. Ғылыми пән ретінде әдебиет поэтикасының мәні.

2. Филологиялық ғылымдар жүйесіндегі әдебиет поэтикасы

3. Әдебиеттану ғылымы және оның салалары

4. Әдебиеттанудың жанама салалары

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Әдебиет туралы ғылымның өзара сабақтас-байланысты үш саласы бар. Олар: әдебиет тарихы, әдебиет сыны және әдебиет теориясы.

1. Әдебиет тарихы. Бұл сала атынан да аңғарылып тұрғандай, бір ұлттың, халықтың сөз өнері қай дәуір-кезеңдерден бастау алады, одан бергі даму-қалыптасу жолдары, ерекшеліктері қандай, қай кезеңдерде қандай өкілдері болды және олардың шығармашылығы әдебиеттің дамуына қаншалықты үлес боп қосылды, жалпы алғанда, міне, осындай мәселелерді жан-жақты қарастырады. Әр кезеңдерде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан аттары белгілі, белгісіз сөз өнері қайраткерлерінің өмірі мен мұраларын зерттеп, жинастырып, олардың әдеби процеске қосқан үлесін белгілеп, әдебиет тарихындағы орнын айқындап береді. Әдебиеттің осындай өткенін, тарихын зерттеуші ғалымды әдебиет тарихшысы деп атайды.

Төл өнеріміздің тарихына қатысты әрбір жаңа зерттеулер, олардың нәтижесінде айқындалған әдеби фактілер, жаңа шығармашылық есімдер мен туындылар әдебиет тарихына қосылған үлкен үлес, әдебиетіміздің тарихын өркенді-өрісті етіп, оны байыта түсетін айғақ.

Туған әдебиет тарихын алғашқы зерттеушілер қатарында А. Байтұрсынұлын, М. Әуезовті атау ләзім. А. Байтұрсынұлының 1913 жылы “Қазақтың бас ақыны” атты мақала жазып, Абайды осылай жоғары бағалауы, ақынның қазақ поэзиясы тарихындағы қадірлі орнын белгілеп беруі болса, “Әдебиет танытқыш” (1926) сөз өнерінің ерекшеліктерін талдаған алғашқы теориялық еңбек қана емес, онда әдебиет тарихына қатысты мәліметтер де (әр кезеңдерде ғұмыр кешкен ақын, жыраулар шығармашылығы) молынан кездеседі. М. Әуезовтің “Әдебиет тарихы” (1927) еңбегі атына сай ХІХ ғасырдағы төл әдебиет тарихын ғылыми жүйелі зерттеудің игі бастамасы. Сондай-ақ Абай өмірі мен шығармашылығын қарастыру, зерттеу және ұлы ақын бейнесін өнерде сомдау М. Әуезовтің ғалымдық, қаламгерлік ғұмырындағы басты тақырып болғаны белгілі.

2. Әдебиет сыны деп аталатын саланың міндет-мақсаты - өз тұсындағы әдеби процесті, жалпы әдебиеттің күнделікті даму жайын бақылап, қадағалап, оған бағыт-бағдар беріп отыру. Жарық көрген туындыларды көркемдік жетістік-жаңалығы, әлеуметтік-қоғамдық мән-маңызы тұрғысынан әдеби-эстетикалық жоғары талапқа сай саралап, талдап-бағалау арқылы сын әдеби процеске белсене атсалысып, кемшіліктерден арылу жолын көрсетіп отырады. Әрине, сын өткеннің әдеби мұралары жайлы да жазылуы әбден мүмкін. Алайда “ерекше шығармашылық іс-әрекет ретінде сынның жаны, стихиясы бәрі бір осы заман, бүгінгі күн, бүгінгінің зәру жайлары” болары сөзсіз.

Әдеби сынның мұраты шығарманың кемшілігін қазу, я болмаса бірыңғай жетістігін тану, мадақтау емес, автордың белгілі бір қоғамдық, адамдық проблеманың-тақырыптың көркемдік шешімін берудегі жетістігі қайсы, немесе олқылығы неде? Мұның себебі не? Қаламгер осы шығармасы арқылы әдебиетке қандай жаңалық әкелді, халықтың рухани қазынасына не қосты, бұл туындының әдеби процестегі орны, өзге суреткерлерге берер көркемдік тағылымы қандай, міне, осы жайларды әділ пайымдап айту, көрсету. Сондай-ақ, әдеби сын қаламгерлердің көркемдік табыс-жетістіктерін тану, бағалау негізінде жалпы әдеби процестің алдағы бағыт-бағдары қандай болады, онда қандай тенденциялар, қандай жанрлар басым дамуы мүмкін т. б. осындай жайларға болжамды пікір де айтады. Сын жанрын зерттеуші проф. Д. Ысқақұлы орынды атап айтқандай, “жалпы болжау айту - сынның маңызды жақтарының бірі” екені даусыз. Түйіп, жинақтап айтқанда, әдеби сынның басты қызмет-міндеті екеу: біріншісі, жоғарыда айтылғандай, сын нақтылы туындының жетістік-кемшіліктерін әділ, білгірлікпен саралап көрсетуі арқылы оның авторының шығармашылық тұрғыда кемелденуіне қол ұшын берсе, осы әрекетімен, екінші жағынан, ол жалпы әдебиеттің, әдеби процестің де кемшіліктерден арылып, дұрыс бағытта сапалы дамуына ықпалын тигізеді. Сыншы бір шығарма мысалында оның авторына да, жалпы әдебиетке, әдеби дамуға да қатысты ортақ проблемаларды айқындап, сөз етеді, қорытынды жинақтаулар жасайды.

Сын әділ, принципті болса, ол алдымен қаламгер үшін пайдалы болмақ. Мұндай сыннан қаламгер өз туындысы туралы байыпты да білікті жанашырлық бағалауды табады, келешекте кемшіліктерді қайталамауға, жетістіктерін жетілдіре түсуге құштарланады.

Ал сын әділ, орынды, байыпты болмаған жағдайда да қаламгерге ерекше әсер етеді. Әдебиет тарихында солақай сынның әсерімен өз туындысынан безген немесе “кемшілігін” мойындауға мәжбүр болған қаламгерлер де баршылық. Мәселен, С. Мұқановтың “Сұлушаш” туындысы ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяғы мен 30-жылдардың басында дүркін-дүркін орынсыз сынға ұшырады. Осындай солақай сынның әсерінен С. Мұқановтың баспасөзде өз “қателігін” мойындағаны бар. Бұл жайлар сынның қаламгерге де, әдеби орта мен оқырмандарға да әсер-ықпалының мол екенін көрсетеді.

3. Әдебиет теориясы - бұл әдебиет тарихы мен әдебиет сыны салаларының фактілерін жинақтап, қорытып, оны ғылыми тұжырымға айналдыратын әдебиеттану ғылымының негізгі саласы. Ол көркем әдебиеттің өнердің ерекше бір түрі ретіндегі бейнелілік сипатын, қоғамдық-әлеуметтік маңызы мен даму ерекшеліктерін, туындының құрылысы мен тілін, образдар жүйесін, көркемдік әдістер мен бағыт-ағымдар жайын, стиль, поэтика мәселелерін қарастырады. Қарастырғанда да әдебиет тарихы мен сынының пайымдауларына, тұжырымдарына сүйене отырып сөз етеді. Бұл әдебиет туралы ғылымның үш саласының өзара бірлік-байланыстарын, бірін-бірі толықтырып отыратынын танытады. Әдебиеттану ғылымының бұлардан басқа мәтінтану (текстология), библиография, историография т. б. бірнеше жанама салалары бар.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

Тест

1. Әдебиеттану қай ғылымның саласына жатады?

A) Мәдениеттану

B) Филология

C) Мәтінтану

D) Өнертану

E) Философия

2. Әдебиеттану ғылымының қосымша салаларының бірі

A) Әдебиет сыны

B) Мәтінтану

C) Әдебиет тарихы

D) Историография

E) Әдебиет теориясы

3. Әдебиет, өнер дамуының үрдісіндегі көркемдік әдістерді, бағыт-ағымдарды, әдеби мектептерді әдебиеттану ғылымының қай саласы қарастырады?

A) Мәтінтану

B) Әдебиет тарихы

C) Әдебиет сыны

D) Библиография

E) Әдебиет теориясы

4. Ғылыми айналымға «лирикалық кейіпкер» терминін енгізген әдебиетші

A) Тынянов

B) Веселовский

C) Байтұрсынов

D) Гинзбург

E) Поспелов

5. . «Сурет - мылқау поэзия, ал поэзия - сөйлейтін сурет»: Кімнің пікірі?

A) Гете

B) Байтұрсынов

C) Гегель

D) Вольтер

E) Қабдолов

Сұрақтар:

  1. Әдебиет поэтикасы ұғымының мәні қандай?
  2. Поэтика нені зерттейді?
  3. Әдебиет поэтикасы қандай ғылым салаларымен байланысты?
  4. Әдебиеттанудың жанама салаларын атаңыз.
  5. Жалпы және жеке поэтиканың міндеттерін сипаттаңыз?

6. Практикалық поэтиканың міндеттері қандай?

Сағат көлемі: 1
№ апта:

№ 3

дәріс

Дәріс тақырыбы және тезистер:

№3 дәріс: Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары) :

1 . Сөз өнері жайлы пайымдаулар.

2. Ежелгі үнді, иран сөз өнерінің үлгілері.

3. Антикалық әлем, көне Грекия ойшылдарының ой-толғамдары.

4. Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының ой-пікірлері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Сөз өнері жайлы пайымдаулардың басы біздің заманымызға дейінгі дәуірлерден басталады. Адам баласының көркемдік талғамдары алғашында Ніл, Нигер, Хуанхэ мен Янцзы, Инд мен Ганг, Тигр, Ефрат өзендерінің жағалауларын мекендеген көне халықтардың өнері мен өмірлерінен бастау алады.

Ежелгі вавилондықтардың «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастаны, үнді халқының «Махабхарата», «Рамаяна» сықылды б. э. д. 3-2 мыңыншы жылдардағы сөз өрнектерінің қазіргі көркемдік құны өз биігінде. Он тоғыз кітаптан тұратын «Илиада» мен «Одиссеяны» қосқанда сегіз есе артық «Махабхарата», он кітаптан тұратын «Ригведа» сияқты дастандардағы әсемдік жайлы толғамдар қаншама.

Эллада эстетикасының әлем әдебиетінен алар орны ерекше. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагор-шылардың (б. э. б. 4-ғасыр) дүниедегі зат атаулының түп мәнін саннан іздеген түсініктерінен шығады. Мысалы, музыка сазы үн шығаратын шектің ұзын-қысқалығына байланысты( ұзындық екі есе қысқарса, дыбыс - октаваға, екіден үшке қысқарса - квинтаға, үштен төртке қысқарса - квартаға көтеріледі) деп білген.

Гераклит Эфесский (б. з. б. 460-370 жж. ) толғамдарында диалектикалық түсінік бар. Оның ұғымындағы әдемілік - сапа. Әдемілік тек нақты, затты нәрсеге тән. Мысалы. Адам мен маймылды салыстырсақ, адам әдемі, адам мен құдайды салыстырсақ, құдай керемет. К. Маркс «тұңғыш энциклопедиялық ақыл иесі» атаған Демокрит (б. з. б. 469-399жж. ) әр нәрсенің әдемілігі оның мөлшерінде деп білген, мөлшерден артық, кем кету ұнамаған. Ол адамдар өнер-білімді тірі табиғатқа еліктеуден тапқан деп есептейді: өрмекшіден тоқуды, қарлығаштан үй салуды, бұлбұлдан ән салуды.

Сократ ойларында идеализм басым. Ол әр нәрсенің ажары оның қажетке жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Сократша «Ақыл-ойды сату сұлулықты сатумен пара-пар». Ол софистерге, сөзді ақылы түрде үйретушілерге қарсы пікірде болған.

Сократтың шәкірті Платон (б. з. б. 427-347 жж. ) «Үлкен Иппий» диалогында: «жарамды нәрсе - пайдалы нәрсе, пайдалы нәрсені тәуір көресің, тәуір көрсең, қуанасың, . . яғни сұлу нәрсе -сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құлаққа естілер бөлігі» деген.

Аристотельдің (б. з. б. 384-322) «Поэтика» атты еңбегі - өнер туралы тұңғыш философиялық - эстетикалық трактат. Аристотель поэтиканы сөз өнерінің өзі деп түсінген, біздіңше, сөз өнері туралы ғылым не көркем шығармашылық.

Рим ақыны Квинт Гораций Флактың (б. э. б. 65-8 жж. ) «Поэзия ғылымы» деген теориялық поэмасының алғашқы нұсқасы «Пизондарға хат» деп аталынған. Пизон деген ақсүйектің екі ұлы болған, үлкені дарынсыз драматург екен. Сондықтан Гораций бұл еңбегін соларға айтқан ақыл түрінде жүйелілікпен жазған. Көркем шығарманың идеясына, композициясына көп көңіл бөледі. - Егер - дейді ол, -суретші адамның басына аттың желкесін жалғап, оның үстіне әлем-жәлем қауырсындар шаншыса немесе денесі жұп-жұмыр әдемі әйелдің кеудесінің жоғары тұсына балықтың басын қондырып қойса, бұған күлмей шыдап тұра алар ма едіңіздер, достар. Пизон әулетінің кітаптары да осындай оспадар суретке ұқсас. т. б. Ол өнер туындысының көркемдік сапасына ерекше назар аударды. «Поэзия - аса нәзік әрі биік зат. Тебе білмейтіндер жұртқа күлкі болмау үшін допқа жуымайды. Жаңа жаза бастағандарға асықпауды, өңдеуді ұсынады.

Демосфен, Цицерон, Квинтиллиан сияқты шешендердің сөз өнеріне қатысты трактаттары.

Ояну дәуірінің ұлы тұлғалары жеткілікті. «Ойлаймын екен, ендеше, тірі екенмін» деген Декарт Рене (1596-1650) өнер туындыларындағы әсемдік олардың бүкіл мазмұн-пішініндегі бірлікте, үйлесімде деп білді. Декартың рационализмін Буало Никола (1636-1711) өзінің эстетикасы мен поэзиясына негіз етіп алды. Мәдени жұртшылық классицизмнің әдеби манифесі ретінде таныған «Поэтикалық өнер» үш бірлікті негіз етті. Дегенмен Буало «шындықтан асқан сұлу жоқ», «сөз аяғын ұйқастырғанның бәрі ақын емес» деген өміршең ойларын да қалдырды. Дени Дидро (1713-1784) сарай аристократиясының сұлулық туралы талғамын сынап, суреткер еңбегіндегі шыншылдықты дәріптеді, эстетикаға реализм ұғымын енгізді. Реализмнің қиялға, ойдан шығарк мен көркем жинақтауға арақатынасын белгіледі. Неміс ағартушысы Готхольд Лессинг «Лаокоон», «Гамбург драматургиясы» еңбектерінде әдебиетті сарай маңынан ажыратып, қалың бұқарамен жақындастыруға күш салды.

Иммануил Канттың (1724-1804) эстетикасы - субъективті -идеалистік эстетика. «Байыптау қабілетіне сын», және «Таза санаға сын» еңбектерінде бүкіл дүниені «өзіндік затқа» және «өзіміздік затқа » бөліп, «өзіндік зат» дегенді тірі пенде біліп болмайды дейді. Әдебиет пен өнерді де «өзіндік затқа » сайып, бұлардың құпия сырын әшейін долбар (апрори) арқылы ғана аздап жобаламаса, кез келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорытты. «Сұлулық - жалпы жұрттың ешқандай ұғым-түсініксіз рақатына айналған нәрсе».

Дүниенің түп діңгегі - «абсолюттік идея, абсолюттік рух» деп білген немістің атақты идеалист-философы Георг Фридрих Гегель (1770-1831) эстетика мәселелерін де өзі жүйелеген тезис-антитезис-синтез тұрғысынан байыптады. Ол «Эстетикасында» идея мен құбылысты, яғни мазмұн мен пішіннің арақатысы жайлы талдаған. Бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына символикалық, классикалық, романтикалық сай келеді. Көне шығыс архитектуралық мұралары, оның пікірінше, «идеал» анық емес, бұлдыр, ал ежелгі Греция мен Римдегі мүсін өнері көне дүние өнерінің классикалық түрі болып табылады, мұнда «идеал» анық, «идея» «құбылысқа», яғни көзбен көріп, қолмен ұстай-тын нақты затқа айналған. Жаңа замандағы кескіндеу өнері, музыка, әдебиет өнердің романтикалық түрі болып табылады, мұндағы рухани «идеал» адамның сыртқы кескіні ғана емес, ішкі мінезіне, жан дүниесіне - сезіміне, көңіл күйіне айналған, сондықтан философияға жуықтаған. Гегельдің түсінігінше, өнердің предметі - әдемілік, ал эстетиканың предметі - өнер. Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель «абсолюттік рухтың» өзіндік дамуындағы, өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түсінеді, «рух» затты, сондықтан өнердің идеялық, рухани өрісі тар. Күллі қасиеті мен мағынасы сөзге көшкен поэзияда киелі «абсолюттік рух» заттылық пен нақтылық шеңберінен шығып, өзінің ең биік қасиетін табады. Зат сөзге өтеді, ал сөз -« идеяның» көрініс, кейпі.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

Тест

1. Әл-Фараби өзінің «Өлең өнері қағидалары туралы трактат» еңбегінде ақындарды қанша топқа бөлген?

A) 3

B) 2

C) 4

D) 5

E) 6

2. Ғылыми айналымға «лирикалық кейіпкер» терминін енгізген әдебиетші

A) Тынянов

B) Веселовский

C) Байтұрсынов

D) Гинзбург

E) Поспелов

3. Әдебиетті «адамтану ғылымы» деп атаған қаламгер

A) Буало

B) Плеханов

C) Гете

D) Горький

E) Қабдолов

4. Платон «Бүкіл Грекияның тәрбиешісі болды» дегенде кімді айтқан?

A) Евклид

B) Гомер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы мәлімет
Шығарманың мазмұны мен пішіні
Мазмұн және пішін
Әдебиеттегі мазмұны мен пішіні
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін жайлы мәлімет
Шығарманың мазмұны мен пішіні туралы
Мазмұн мен пішін
Көркемшығарма-нағыз суреткерлік әрекеттің нәтижесі
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz