Ташкент қаласындағы алғашқы мәдени-ғылыми ұйымдардың жұмысы


І. Тарау. Орта Азия мен Қазақстан халықтары білімі мен ғылымының дамуына Ташкент қаласындағы ғылыми ағарту ұйымдарының қосқан үлесі.

1. 1. Ташкент қаласындағы алғашқы мәдени-ғылыми ұйымдардың жұмысы

Орта Азияны отарлауда Түркiстанның табиғат байлықтарын эксплуатациялау - патша өкiметiнiң құйтырқы саясатының негiзi болды. Осыған байланысты патша өкiметi өлкедегi ғылыми зерттеулерге қолдау көрсетiп отырды. Орта Азияның толық зерттелмеген табиғаты, оның халықтарының мәдениетiмен тарихы орыс ғылымының көрнектi қайраткерлерiнiң қызығушылығын туғызды. Мұнда ХIХ ғасырдың ортасынан бастап көптеген ғылыми экспедициялар аттанды. Түркiстан өлкесiне мұғалiм, дәрiгер, агроном және тағы басқа мамандық иелерi болып келiп өзiнiң қызметiн ғылыммен ұштастырған жандар да аз болған жоқ. Ресей ғылыми қоғамының мүшелерi Орта Азияда бүкiлресейлiк ғылыми ұйымдардың филиалдарын ашты. Орталық ғылыми қоғам құрып, түрлi бағыттағы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстарын бастады. Түркiстан өлкесiнiң табиғат байлықтарын сан қырынан зерттесе, Орта Азия халықтарының мәдениетiне, тарихына, тiлi мен экономикалық жағдайына тереңiнен үңiлдi. Бiртiндеп бұл қоғамдардың жұмысына жергiлiктi интеллегенцияда араласа бастады. Бұл жұмыстардың мақсаты - Орта Азия табиғат ресурстарының қорын және оның халықтары мәдениетiнiң өткенiмен бүгiнiн бiлу болды. ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ұйымдары негiзiнен Орта Азияның ең iрi қаласы, сол кездегі Түркiстан генерал-губернаторының орталығы Ташкентке шоғырланды.

Ташкенттiң патша өкiметiне бағынуынан кейiн көп ұзамай-ақ Орта Азияға генерал Черняевтың отрядымен бiрге белгiлi саяхатшы және натуралист Н. А. Северцов келедi. Оның зерттеуi Қазақстан далаларынан Памирге және Каспий маңы ойпатынан Қытай Түркiстаны жотасына дейiнгi ұлан-байтақ аймақтың табиғат жағдайларына жүргiзiлдi. Ол Орта Азия табиғатының тұңғыш жалпы картинасын жасады. Осы кезде яғни 1867 жылы Түркiстан генерал-губернаторлығы құрылады да, осыдан бастап жаңа өлкенi зерттеу үлкен қарқынмен жүргiзiледi.

70-iншi жылдардың басында Ферғана мен Бұқарды зерттеу үшiн Мәскеу антропология, этнология және жаратылыстану әуесқойлары қоғамынан А. П. Федченко келедi. кейiн К. П. Кауфманның шақыруымен Түркiстанға геологтар И. В. Мушкетов пен Г. Д. Романовский келедi. Олар 6 жыл iшiнде Түркiстанға саяхат жасап, бай материал жинайды, нәтижесiнде өлкенiң тұңғыш геологиялық картасы дүниеге келедi. Көп ұзамай-ақ табиғатты зерттеу жұмыстары В. Ф. Ошаниннiң Қаратегiн және Дарбаза жоталарын, Н. А. Северцевтiң - Памирдi, М. Н. Богдановтың-Қызылқұмды және Хиуа оазисiн зерттеуiмен жандана түседi.

Орта Азия табиғатымен этнографиясын зерттеушiлер ХIХ ғасырдың екiншi жартысында-ақ үлкен жетiстiктерге ие болды. Ал ХХ ғасырда экспедициялық зерттеу iсi дамыды. Зерттеу орталықтары құрылды.

Өлкедегi ең алғашқы ғылыми ұйым 1868 жылғы 28 қаңтарда құрылған Түркiстан статистикалық комитетi болды 1 . ұйым “Түркiстан өлкесiнiң статистикасы үшiн материалдар” жинағының 5 томын шығарды.

1869 жылғы желтоқсанда Ташкент химия лабороториясы ашылды: ол өзiнiң ғылыми саласы бойынша ұзақ уақыт бойы өлкедегi жалғыз лаборотория болды. Оның анализдерiн Орта Азияны алғашқы зерттеушiлер өз еңбектерiнде пайдаланды: Н. А. Северцов, И. В. Мушкетов, Г. Д. Романовский, Г. Миддендроф және тағы басқалар. Лабораторияны ұйымдастырушы Н. Б. Гейх (1839-1910) оны 32 жыл басқарды. Ол Ташкенттiк гимназиялардың физикалық тәжiрибе жасауына үлкен көмек көрсеттi 2 .

1870 жылы әскери округ штабының әскери-топографиялық бөлiмiнде ашылған метеорологиялық станция кейiннен Ташкент астрофизикалық обсерваториясының негiзiн қалады. 1873 жылы обсерватория ғимаратының құрылысы басталды. 1880 жылға қарай обсерватория керектi аппараттармен жабдықталып, маман кадрлармен толығады. Алғашқы уақытта обсерватория топография-геодезиялық жұмыстарды бақылаушы пункттiң қызметiн атқарды. Түркiстан өлкесiнiң толық зерттелмеген географиялық жағдайы обсерватория қызметкерлерiнiң таза ғылыми жқмыспен айналысуына мүмкiндiк туғызды. Астрофизикалық обсерваторияда В. Ф. Стратоновтың астрофизикалық жұмыстары жүргiзiлдi, полковник П. В. Залесский өлкенiң астрологиялық және гравиметрикалық суреттерiн жасады. 1901 жылдан бастап обсерватория жанынан жаңа приборлармен жабдықталған бiрiншi сыныпты сейсмикалық станция құрылды, оның белсендiлiгiмен өлкеде төрт екiншi сыныпты станция ашылды. 3

1870 жылы А. Р. Федченконың қатысуымен жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойларының Москва қоғамының Түркiстан бөлiмi ашылып, өлкеде осы ғылымдар саласындағы маңызды зерттеу жұмыстары жүргiзiлдi. Ташкентте ашылған бұл ғылыми қоғам 1894 жылы жабылып, орнына жаңа екi ғылыми қоғам құрылды.

1895 жылы Ташкентте жергiлiктi ұйым - Түркiстан археология әуесқойларының үйiрмесi ашылды үйiрме ұйымдастырушысы В. В. Бартольдтың сөзiмен айтсақ: “Жергiлiктi археология әуесқайларының мiндеттерi Орта Азия халықтарының ежелгi, орта және жаңа тарихына қатысты табылған археологиялық материалдарды өңдеп, жалпы қорытынды шығару болып табылады”. Осы мәселеге сәйкес үйiрме мүшелерiнiң екiншi отырысында (1896 жылғы 22 қаңтар) ауыл мектептерiнiң мұғалiмдерiне жергiлiктi жерлерден археологиялық заттық ескерткiштер жинау iсi тапсырылды. 4 Үйiрме жұмысы археологиялық қазба жұмыстарын жүргiзу, үйiрме мүшелерiнiң жинақтары мен таңдамалы еңбектерiн жарыққа шығару, археологиялық қазба байлақтарын өңдеу, Түркiстанның өткенiн деректер бойынша зерттеу, өлкедегi ескi ескерткiштердi танып-бiлу және сақтау төңiрегiнде жүргiзiлдi. 5

Түркiстанды тарихи-археологиялық зерттеуде көрнектi шығыстанушы В. В. Бартольдтың айтарлықтай үлесi бар. Ол Өзбекстанның ежелгi және орта ғасырлық тарихын зерттеудiң негiзiн қалады. Өзбекстанның осы дәуiрдегi тарихына қатысты құжаттарды зерттеу барысында Бартольдтың “Моңғол шапқыншылығы дәуiрiндегi Түркiстан” (1898-1900) деген кiтабы мен көптеген еңбектерi жарық көрдi. Автор бұл еңбектерiн жазу барысында алғаш рет жергiлiктi деректердi пайдаланды және өңдедi. В. В. Бартольдтың бастамасымен Өзбекстанның, соның iшiнде Самарқанның және Орта Азияның ежелгi қалаларының археологиялық ескерткiштерiн зерттеу басталды.

Түркiстан археологиясын зерттеумен, сонымен қатар өзге де орталық ғылыми ұйымдар айналысты: Археологиялық комиссия (80-жылдан бастап), Орыс археология қоғамының Шығыс бөлiмi (90-жылдан бастап) . Орта және Шығыс Азияның тарихын, археологиясын, лингвистикасы мен этнографиясын зерттеушi Орыс комитетi (1903 жылдан бастап) .

Түркiстанның өндiрiстiк күштерiнiң дамуында ауылшаруашылық тәжiрибе ұйымы маңызды роль атқарды. Ол өз жұмысын Ташкент жiбек өңдеу мектебiнен және 1884 жылы құрылған оның тәжiрибелiк мақта плантациясы мен гленаждық станциясынан бастады. 1902 жылы ашылған Түркiстан тәжiрибелiк ауылшаруашылық станциясы үлкен жұмыстар жүргiздi. 6

1885 жылы Ташкентте Орыс бақша өңдеу қоғамының бөлiгi құрылып, 10 жылдан кейiн Түркiстан ауылшаруашылық қоғамына айналды. Қоғам жұмысы барысында Түркiстан өлкесiндегi ауылшаруашылығының дамуына үлкен үлес қосылды. Бұл қоғам Ташкентте, Самарқанда және Түркiстанның өзге қалаларында ауылшарушылық көрмелерiн жиi өткiзiп, “Түркiстан ауылшаруашылығы” журналын шығарып отырды. Қоғам жанынан бақша өсiру, ара және мақта шаруашылығы тарапында жазылған әдебиеттер жиналған музей ұйымдастырылып, онда сұрақтар мен тәжiрибелер талқыланып, лекция мен әңгiмелер өткiзiлiп отырды. Ауылшаруашылығы қоғамы сонымен қатар өзбек тiлiнде “Дехнам” журналын шығаруы қоғамның жұмысы мен аталған журнал жергiлiктi халықты кең көлемде өзiне тартты. Ауылшаруашылығын ғылыми тұрғыдан танып-бiлуде ауылшаруашылық көрмелерiнiң маңызы үлкен болды. Осындай алғашқы көрме 1878 жылы Ташкентте ашылды. Онда жер өңдеу құралдарының бөлiмi, жiбек өңдеу, бақша өсiру мен бау шаруашылығы, құс және өндiрiстiк (диiрмен, май айыру) бөлiмдерi болды. Көрме экспонаттарын көру нәтижесiнде эксперттiк комиссия жергiлiктi жер өңдеушiлердiң екi өкiлiн өздерiнiң экспонаттары үшiн марапаттады.

Ауыл шаруашылық қоғамы мектептермен де жұмыс жасады. Ташкентте Никольский селосындағы мектеп жанынан бау өсiрiп, пайдалануға бердi. 7

ХХ ғасыр табалдырығында ашылған Шығыстану қоғамының Ташкент бөлiмi өлкедегi халық ағарту iсiмен тығыз байланыста болды, оның белсендi мүшесi В. В. Бартольд едi. Бөлiмнiң 1902 жылдың 3 қаңтардағы жиынында бағдарлама қабылданып, ол өзбек және тәжiк тiлдерiне аударылды. Бағдарлама негiзiнен Түркiстан өлкесiндегi орыс-түзем мектептерiнiң жай-күйiмен тереңiнен танысу, “түземдiктердiң” бiлiм алуға ынталығын бақылау төңiрегiнде құрылған болатын. Бағдарламаның екiншi бөлiмiнде орыс-түзем мектептерiнiң санын көбейту, жергiлiктi халықтың қыздарына арнап фельдшерлiк курстар ашу, типографиялар мен шығыс кiтаптарының дүкенiн ашу мәселесi сөз болған. 8 °рине, аталған жұмыстардың бәрiн Шығыстану қоғамы атқарып үлгере алмағанымен, қоғамның құрамындағы жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң ықпалымен мәдени-ағарту шараларын жиi өткiзiп отырған. Қоғамның мүшесi Н. С. Лыкошин профессор С. М. Соловьевтiң “Русская летопись для первоначального чтения” кiтабын өзбек тiлiне аударды. 1904 жылы қоғам шығыстанушы мамандар дайындаудың үш жобасын ұсынды. Шығыс мамандалған орта мектептер мен Түркiстан мұғалiмдер семинариясы жанынан шығыс тiлдерi курсын ашу. Аталған үш жобаның соңғысы ғана генерал-губернатор мақұлдағанымен, қоғам Ташкентте шығыс тiлдерiн оқытатын коммерциялық училище ашуды ұсынған болатын. Ол жекеменшiк училище есбiнде 1907 жылы ашылды.

1905 жылы қаңтардағы қоғамның жалпы отырысында жергiлiктi тiлдер курсын енгiзу, Ташкентте қалалық училищелердiң бiлiмiн жетiлдiру курсын ашуды ұсынды. Бiлiм жетiлдiру курсы 1905 жылы, ал жергiлiктi тiлдер курсы 1912 жылы ашылды.

Шығыстану қоғамымен қатар Ташкент педагогикалық үйiрмесiн де атап өтуiмiз керек. Ол 1903 жылы құрылған. 9 Бастапқыда оның мүшелерi алты секцияға бөлiнiп, қалалық тұрғындардың арасында ағартушылық жұмыстарын жүргiздi. Сонымен қатар, педагогикалық тақырыптағы баяндамалар тыңдалып, көпшiлiк педагогикалық лекциялар өткiзiп отырды.

1903-1905 жылдар аралығында үйiрменiң мүшелерi көп болды (1904 жылғы 159 мүшенiң 62-сi ата-аналар) . Мектепке дейiнгi және экстернат секциясы белсендi жұмыс атқарды. Секция жұмысының жемiстi нәтижесi деп Ташкенттегi жазғы балалар бақшасын, Самарқандағы яслидi атауға болады. 130 орынға арналған балалар бақшасы 1904 жылы 11-сәуiрден 1-қыркүйекке дейiн, сағат таңғы 9-дан кешкi 19-ға дейiнгi аралықта жұмыс iстедi. 1905 жылы жергiлiктi газетте балалар бақшасына ол құрылғаннан берi 5100 бала келгенi жазылған. “Бiр қызығы, бақшаға жергiлiктi сарт және татар жанұялары өзгелерден гөрi жиiрек келедi” деп жазылған. 10 Келесi жылдары да нәтижелi жұмыс iстеген балалар бақшасы 1911 жылы жабылып қалған. 1905-1907 жылдардағы төңкерiстiң ықпалымен Түркiстанның бас қаласы Ташкенттiң мәдени өмiрi гүлдене түстi. Мұндағы пайда болған ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ұйымдары оқу орындары мен өзге де мекемелердiң ашылуына үлкен үлес қосты. Мысалы : 1908 жылы психиатр А. В. Трапезников негiзiн қалаған Түркiстан өлкесiнiң жаратылыстанушылар және дәрiгерлер қоғамы кейiннен Орта Азиядағы жоғары медициналық бiлiмнiң iргетасы болып саналуы. Ескi ташкенттiк қоғамдардың жұмысы жанданды. Пушкин қоғамы 1911 жылдан бастап Түркiстан өлкесiндегi халық ағарту iсiне өз үлесiн қосып, тегiн кiтапхана - оқу залын ашты. Р. Р. Шредер басшылық жасаған ауылшаруашылық қоғамы өлкедегi ауылшаруашылық оқу орындарының ашылуына өз септiгiн тигiздi. Ташкентте университет ашу мәселесiн орыс географиялық қоғамының Түркiстан бөлiмi мен жаратылыстанушылар мен дәрiгерлер қоғамы көтердi. Ташкенттiк ғылыми ұйымдардың жұмысына, әсiресе, географиялық және археологиялық зерттеулерге педагогтар белсене араласты. Бұл ұйымдардың ғылыми баяндамалары ұстаздардың жазғы демалыс кезiндегi үздiксiз еңбектерiнiң негiзiнде жазылды.

Жалпы алғанда, Ташкентте ашылған ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ұйымдары бүкiл Орта Азияда жаңадан ашылып, ендi ғана тәй-тәй басып келе жатқан ғылыми жүйесiнiң негiзгi ұйытқысы болды. Мысалы: Ташкент оқу орындарының жанынан ашылған педагогикалық музей бүкiл өлкедегi оқу орындарын қамтыды.

Айта кететiн жәйт, 1905-1907 жылдардағы төңкерiстен кейiн Орта Азияның жергiлiктi тұрғындарының ғылымға деген үлесi көбейдi. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында Түркiстан өлкесiне тарихи, этнографиялық және археологиялық зерттеу бағыттарында жиырмаға тарта ғылыми экспедиция келген. Бұл экспедициялар өздерiнiң зерттеу нәтижелерiн Ташкентте жинақтап, бұл жұмысқа жергiлiктi жастар белсене араласып отырған. 11

Түркiстан археология әуесқойлар үйiрмесi мен Шығыстану қоғамының Ташкент бөлiмi мүшелерiнiң арасынан Ташкенттiк зиялы қауым өкiлдерiнiң есiмдерiн кездестiруге болады.

1917 жылғы Қазан төңкерiсiнен кейiн де мәдени-ғылыми ұйымдардың жұмысы жандана түстi. Түркiстан республикасының өкiметi ұлттық-этникалық ерекшелiктерде сақтай отырып, әрбiр халықтың мәдениетiн дамытуды мақсат етiп қойды. Осы негiзде Ташкент қаласында ғылыми орталық құру, Орта Азия халықтарының әдеби тiлiн дамыту, әр халықтың өз ана тiлiнде оқулықтар шығаруы көзделдi. 1920-1921 оқу жылының аяғында Турнаркомпростың ±ылыми кеңесi құрылып, ол кейiннен Мемлекеттiк оқу кеңесi (МОК) деген ат алды. 12

МОК (РУС) Түркiстан республикасындағы бiрден-бiр ғылыми әдiстемелiк орталыққа айналды. Кеңес негiзiнде ұлттық ғылыми комиссиялар құрылды. Бұл ұлттық комиссияларға профессор-шығыстанушы Е. Д. Поливанов және А. Э. Шмидт, сонымен қатар Орта Азия университетiнiң профессоры А. Л. Бродский көмек көрсетiп отырды. Айта кетелiк МОК құрамында музыалық-этнографиялық комиссия (1919 жылы В. А. Успенский құрған) және 1923 жылдан театр-көркемсурет комиссиясы жұмыс iстедi. Бұл комиссиялар Орта Азия халықтарының өнерi мен мәдениетiн зерттеп, көпке жариялап отырды. өзбек ғылыми комиссиясы 1920 жылы құрылған Бұхар және Хорезм өзбек әдеби тiлiн дамытуға ат салысты. Олар 1921 жыл Ташкентте өткен өзбек орфографиясы мәселесi жөнiндегi съезде аталған республикалардың өкiлдерiмен бiрiге отырып өзбек алфавитiнiң бiрыңғай жүйесiн құрады. 1922 жылғы ақпанда Ташкентте өткен Түркiстан белсендiлерi қатысқан съезде бұл алфавит бiрауыздан мақұлданды. Қазақ ғылыми комиссиясы өзiнiң күштi құрамымен ерекшелендi. Оның мүшелерi арасында °. °. Диваев, атақты жазушы М. °уезов болды. Бұл комиссия Ташкенттегi Қырғыз ағарту институтымен бiрiге отырып жұмыс жасады. Мiне осы тәрiздi түркiмен, тәжiк, қырғыз халықтарының арасында да ұлттық комиссиялар жұмыс iстедi. Бұл комиссиялардың барлығы да Ташкент қаласындағы Мемлекеттiк оқу кеңесiне бағынды.

1921 жылы Ташкентте саяси-ағарту комитетi құрылып, Орта Азия халықтарының саяси сауатын ашу iсiне белсене кiрiстi.

1. 2. Халық ағарту iсiнің қалыптасуы және дамуы

Ташкент қаласы өте ерте замандардан-ақ Орта Азия халықтарының рухани орталығы болады. Мұндағы ең алғашқы бiлiм беру дiни негiздегi конфессионалдық мектептер болды. Мұсылмандық дiни оқудың кең тараған ең бастапқы түрi мактаб (мактабхана) едi. Мактабты негiзiнен мектеп жанынан ашатын болса, кейде олар медресе немесе қарыхана жанынан да ашылатын. Тiптi, бай адамдар өзiнiң балаларына, туысқандары мен көршiлерiне арнап жанұялық мактаб ашып, оған ұстаздық етуге тәжiрибелi имамдарды шақыратын.

Қалалық мактабтарда оқитындардың саны кейде 20-30 адамға жетiп отырса, ауылдарда небары 10-15, тiптi одан да аз адам дәрiс алды.

Ата-аналар, әдетте, балаларын 6 жаста мактабқа беретiн, олар онда 14 жасына дейiн сауат ашты, бiрақ көптеген адамдардың тұрмыс жағдайы оған келе бермейтiн. Тұрмыс ауыртпалықтарына байланысты кейде мактабта 17-18 жастағы балалар да кездесетiн.

Мактабта оқу негiзiнен екi басқышта жүргiзiлетiн. Төменгi басқышта құран және исламды уағыздайтын кiтаптар оқытылса, жоғары басқышта Хафиздiң, Бедилдiң парсы-тәжiк тiлдерiндегi шығармалары мен °лiшер Науай, Фузули, Суфи-Аплаярдың түркi тiлдерiндегi еңбектерi оқытылатын.

Мактаб пен медресес арасындағы айырмашылық егер мактабта оқытушы шәкiрттiң берiлген тапсырманы тек жаттап алуын қадағаласа, медресе оның мазмұнына терең үңiлуi талап етiлдi. Орта Азия қалаларындағы атақты медреселерге Ташкенттегi Кукелдаш медресесiн, Самарқандағы Регистан алаңындағы үш медресенi жатқызуға болады.

ХIХ ғасырдың 90-жылдарының басында мұсылман мектептерiнiң өлкелiк инспекторы В. П. Наливкиннiң медреселерге жүргiзген зерттеулерiнде Сырдария облысында мынадай медреселер тiзiмi алынған. Олар - Аблық (1948), Бұқа (1860 немесе 1863), Заңғы ата (3 медресе, 1835-1850), Шымкет уезiндегi Қарнақ (1875), Ташкент уезiндегi Құлтөре (1840), Түркiстан қаласындағы Пiскент (1821 және 1875) және тағы басқалар. 13

Медресе оқушылары үшiн бастапқы курс араб тiлiнiң грамматикасын оқып-үйрену болды, себебi барлық кiтаптар осы тiлде оқытылатын едi. Оқушыға араб филологиясын оқып-үйрену үшiн кемiнде үш жыл мерзiм кететiн. Грамматиканы үйренгеннен кейiн оқушы бiлiмiн одан әрi толықтыру үшiн екi бөлiмнiң бiрiн таңдады - заңтану және жалпы бiлiм беретiн. Медресе оқушыларының көпшiлiк бөлiгi дiни және құққтанушылық кеңес хатшысы қызметтерiне орналасты. Жалпы бiлiм беретiн бөлiмнiң оқулықтарына қызығушылық аз болды, себебi мұнда метафизика, космография және астрологиядан жеке кiтаптар түсiнiксiз тiлде оқытылатын.

Медресе оқушыларын “молла” (сауатты), “талиб-и-илм” (ғылымтанушы) немесе жай ғана “талиб”, “шәкiрт” деп атады. Олар да басқыштарға бөлiндi: төменгi (адна) басқышта оқушы “акандқа” дейiн оқыса, ортаңғы (аусат) басқышта “мулла Жәлел” кiтабына ауысқанға дейiн оқыды, соңғы басқышта оқушы “мулла Жәлелдi” бастап “ала” (жоғары басқыш оқушысы) деп аталды. °рбiр басқыш 3-4 жылға созылатын, тiптi, кейде 8-10 жылға созылатын жағдайлар да кездесетiн.

Ресей патшалық Түркiстан өлкесiн өзiне бағындырғаннан кейiн, мұнда отарлау iсiн жеңiлдете түсу үшiн, жергiлiктi халықтың арасынан сауатты мамандар қажеттiгi туындады, сауаттандырудың астарында “орыстандыру” саясаты да қабаттасып жүргiзiлдi. Осы негiзде мұндағы алғашқы орыс мектептерi өлке орталығы Ташкент қаласында пайда бола бастады.

1866 жылы, яғни Ташкент қаласы Ресейге бағынғаннан бiр жылдан кейiн, қалада ұлдар мен қыздарға арналған орыс бастауыш мектебi ашылды. “Бiздiң мемлекеттiк мақсатымызға жету үшiн түземдiктерге арнап орыс бастауыш мектептерiн ашу өте қажет-ақ. Себебi бiз осылай ғана түземдiктердiң бойына орыс халқының рухын бiртiндеп дарыта аламыз, ”- деп жазды. Түркiстан өлкесiнiң бiрiншi генерал-губернаторы Фон Кауфман. 14

1876 жылдың қаңтарынан бастап Ташкентте Түркiстан үлкесi оқу орындарының басқармасы iске кiрiстi. 1876-1877 оқу жылында Ташкентте және Верныйда ерлер және әйелдер прогимназиясы ашылды. Ташкентте мұғалiмдер семинариясы 1879-1880 оқу жылында ғана ашылды.

¶кiмет тарапынан ашылған мектептермен қатар ауқатты адамдар өздерiнiң жекеменшiк мектептерiн де аша бастады. 1866 жылы Ташкентте Жуйкованың жекеменшiк мектебi ашылды. Ол 1867 жылы қазынадан “Ташкетттiң орыс тұрғындарының төменгi тобының талаптарын қанағаттандыру үшiн” субсидия алды. 1867 жылдың 1- қаңтарында мектепте 11 қыз бала және 7 ұл бала арифметиканың алғашқы екi амалын, құдайға құлшылық етудi, жазуды оқып үйрендi және қолөнермен айналысты. Ал 1867 жылғы наурыз айында оқушылардың саны 15 қыз бен 18 ұлға жеттi. 1869 жылы Ташкентте “ауқатты жанұялардың балаларын дайындау үшiн” “Пахерт ханымның” жекеменшiк пансионы ашылды. Олар (балалар) гимназияның IV сыныбына түсуге дайындалды. 1871 жылы Ташкентте үш сыныпты халық мектебi ашылды. Онда қыздар мен ұлдарға арналған қол өнер сыныбы болды.

Оқу орындары Түркiстан өлкесiнiң барлық облыстарына бiрдей таралмады. Мысалы, 1896 жылға қарай Сырдария облысында 78 оқу орны, Ферғанада 14, Амударияда 6 оқу орны болған. Сырдария облысында бүкiл өлкедегi оқушылардың 77, 6 пайызы шоғырланса, өлке орталығы Ташкент қаласында өлкедегi бүкiл оқу орындарының 15 пайызы, ал оқушылардың 33, 2 пайызы шоғырланған 15 . Бұл әрине, сол кездегi бiлiм беру сатысы үшiн жоғарғы көрсеткiш.

ХIХ ғасырда соңына дейiн Түркiстан өлкесiнде төрт орта оқу орны болды. °йелдер және ерлер гимназиясы, реальдық училище және мұғалiмдер семинариясы. Бұлардың барлығы да өлке орталығы Ташкентте орналасты.

1876 жылы ашылған Ташкент ерлер гимназиясы өзге де орта оқу орындары сияқты бiрiншi кезекте Сырдария облысының тұрғындарына қызмет еттi. Гимназия сегiз негiзгi және бiр дайындық сыныптарынан құралды. 1896 жылы онда 327 оқушы болса, оның небары 10-ы ғана түземдiк болды. Гимназия құрамындағы өзге қалалардан келгендерге арналған жекеменшiк оқушылар жатақханасы болды. Сонымен бiрге, 1879 жылы орыс емес халықтарының балаларының Ташкенттiк оқу орындарына түсуге дайындалуы үшiн жалпы оқушылар жатақханасы ашылды, ол 1886 жылы мұғалiмдер семинариясына ауыстырылып, 1896 жылы мүлдем жабылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ташкент қаласының қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі маңызы (хіх ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)
Сұланбек Қожановтың өмірі мен саяси қызметі
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі
Сералы Лапиннің 1917 жылғы ақпан революциясына дейінгі өмірі мен қызметі
Түркістан Республикасы үкіметінің қазақ халық ағарту институтын ұйымдастыру шаралары
Аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы
Тараз қаласы
Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы Қазақстанды зерттеу қоғамы: құрылуы мен қызметінің тарихы (1920-1936 жж.)
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz