Соңғы жылдардағы білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ
Алматы қаласындағы физика-математикалық
бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалы

Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.
Тақырып: Қазақстанның білім беру саясаты қаншалықты тиімді және жетілдірілген?
( 3084 cөз)

Орындаған:
(аты-жөні, қолы)____________________

Жетекші:
(аты-жөні, қолы)_____________________

Ішкі модератор:
(аты-жөні, қолы)_____________________

Алматы, 2023

Мазмұны
1.КІРІСПЕ 3
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
2.1.Қазақстанның білім беру саясатының жетілдіруіне мақсатталған мемлекеттік бағдармалар. 4
2.2. Соңғы 5 жылда білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер. 4
2.3.Білім беру саласында жаңа өзгерістердің артықшылықтары мен кемшіліктері. 5
3.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ 6
3.1.Сауалнама 6
Сауалнама нәтижелері мен талдауы 6
3.2.Сұхбат 10
Сұхбат нәтижелері мен талдауы 10
3.3.Зерттеу қорытындысы 11
4.БАҒАЛАУ 11
4.1.Жаңа енгізілген білім беру жүйесінің тиімділігіне SWOT анализ 11
4.2.SWOT шешімі 12
5.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ 12
5.1.Қорытынды 12
5.2.Ұсыныстар 12
5.3.Рефлексия 13
5.4. Ғылыми жаңалығы 13

1.КІРІСПЕ
Білім беру жүйесі әр мемлекеттің жемісті болашағының қамтамасыздандырылуы үшін өте маңызды сала болып табылады. Қазақстанның білім беру жүйесі 2016 жылдан бастап түрлі өзгерістерге ұшырауда. Бұл сөзсіз үрдіс, ол ғылым мен техниканың, ақпараттық кеңістігінің дамуымен түсіндіріледі. Қазіргі қоғамда әр адам жаңалықтарға тез дағдыланатын, жаңа технологияларды жеңіл меңгере алатын қызметкерге айналдыруға дайын болуға тиіс. Осындай шарттар орта және жоғары білім беру орындарында мамандық дайындыққа жасалатын талаптардың өзгеруіне әкеледі. Қазақстанның білім беру саясатының модернизациясы қолжетімді білім алуға және маманды дағдылардың қалыптасуына бағытталады
Қазақстанның білім беру мекемелері жаңартылған бағдарламаларға көшу үрдісін бастады және соның тиімділігінің артуы - әр азаматтың белсенділігіне байланысты болады.
Зерттеу өзектілігі: Қазіргі таңда, дамыған білім беру жүйесі еліміздің басқа да салалардың дамуының басты қайнар көзі болғанымен, әлемдегі дамыған елдер қатарына кіру үшін, мемлекеттің барлық салалары ең жоғарғы деңгейде болуы тиіс. Сондақтан, осы мақсатқа қол жеткізуде білім беру жүйесін жетілдіру маңызды рөл атқарады. Өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білімді ұрпақ өсіру шарт. Алайда, біздің орта мектептерінде оқушылар ғана емес, ата-аналар мен мұғалімдер жаңа білім беру жүйесінің мақсаты мен маңызын түсінбеуде. Соның кесірінен ұстаздар балаларға білім дұрыс бермеу мүмкін және де балалардың оқуға деген талпынысы жойылуы мүмкін. Болашақта еліміздің білім деңгейі одан да төмен болу мүмкін, сондықтан, мен тоқсан және бөлім бойынша бағалау бағдарламасын зерттеуді алдыма мақсат еттім.
Зерттеу мақсаты: Жаһанданудың аясында Қазақстанның орта мектептеріне енгізілген тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың (ТЖБ) және бөлім бойынша жиынтық бағалаудың (БЖБ) білі беру жүйесіндегі маңыздылығын анықтап, тиімділігін зерттеп, жітілдіруіне баға беру және шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
oo Бөлімді және тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының оқушылар үшін қаншалықты тиімді және ыңғайлы екенін анықтау.
oo Ата-аналардың, мұғалңмдердің осы өзгерістерге көзқарастарын анықтау.
oo Жаңартылған білім беру жүйесін бағалап, болашаққа болжам жасау.
oo Мәселелерді шешу үшін тиімді ұсыныстар беру.
Зерттеу сұрақтары:
1. Қазіргі таңда Қазақстанның білім беру саласының жағдайы қандай?
2.Елімізде соңғы жылдардағы білім беру жүйесінде қандай өзгерістер енгізілді?
3.Мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар осы өзгерістерге көзқарасын аңықтау?
4.Білім беру саласында жаңа өзгерістердің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
Зерттеу гипотезасы: Қазақстанның білім беру деңгейін дамыту үшін бірқатар жұмыс атқарып шыққанымен, жүзеге асырылуында көптеген кемшіліктері байқалуда. Жұмыс барысында "Критериалдық бағалау" бағдарламасының жүзеге асу дәрежесі зерттеліп, жетістіктері мен кемшіліктеріне баға берілмек. Зерттеу жұмысы төменде берілген бірнеше сұрақтарға жауап беру арқылы Қазақстандағы білім беру мәселесін шешудегі тиімділігі туралы жазылмақ.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Қазақстанның білім беру саясатының жағдайы.
Қазақстанда ғылым мен білім беру саласының жетілдіруіне арналған шаралар кешені өткізілді. БҰҰ-ның 2015-2030 жылдарға көзделген "Тұрақты даму" бағдарламасының щеңберінде, Қазақстан білім беруінің сапасын арттырулуы жоспарланған. 2016-2019 жылдарға көзделеген "Білім беру мен ғылым дамуының мемлекеттік бағдарламасының" нәтижелері бойынша, білім беру жүйесінің жетілдіруіне арналған 262 шаралар жүргізілді. [1] Осы бағдарламаның жүзеге асырылуының арқасында, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 1480-ге арттырылды. Осылайша, 3-6 жастағы балалардың 95%-ы мектепке дейінгі білімдермен қамтамасыздандырылды. [1] Жалпы білім беруінің жаңартылған құрылымы енгізіліп жатыр, 372 жаңа мектептер іске қосылды. Бағдарламаның нәтижесінде педагогикалық қызметкерлердің саны 500 мыңнан астам адам құрастырды. [1] Соған қарамастан, мүғалімдердің жетіспеушілігі әлі күнге сақталуда. Себебі мұғалімдердің 35%-ы басқа салаларда жұмыс істейді. Білім беру жүйесіндегі жаңа өзгерістерге байланысты, мұғалімдердің жалақысы 30-50%-ға арттырылған. Одан да басқа, ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы 200%-ға арттырылды. [1]
Қазіргі таңда, Қазақстанның білім беру саясатын жақсарту үшін 2019-2025 жылдарға мақсатталған білім беру бағдарламасы өткізіліп жатыр. Осы бағдарламаның шеңберінде кітаптардың жаңартылған экспертиза, дайындалу және шығарылу жүйесі ойластырылады, 12 жылдық оқу жүйесіне көшуі кезеңдеп енгізіледі, критериалды бағалау және оқу бағдарламаларының жетілдіруі өткізіледі. [2] Сонымен қатар, ауылдағы мектептерде білім беруінің сапасын жақсарту үшін шағын жинақты мектептерге маманды мүғалімдер жіберіледі, еңбекақы төлеу жүйесін де өзгеруге жоспарланады. [2]
Менің пікірімше, ауылдағы мектептерде берілетін білімдердің сапасын расында да жақсарту керек және соларда заманауи критериалды бағалау мен оқыту бағдарламаларын енгізу керек. Соның арқасында, оқушылар заманауи талаптарға әдеттеніп, олардың бәсекеге қабілеттілігі арттырылады. Жасалған бағдарламалардың арқасында Қазақстандағы білім беру жүйесі шет елдердің форматына көшіп жатыр. Соның арқасында, балалардың 21 ғасырға тән дағдылары дамиды.
2.2. Соңғы жылдардағы білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер.
Қазақстанның барлық мектептері жаңартылған білім беру жүйесіне көшіп бара жатыр: 2016 жылда - 1 сыныптар, 2017 жылда - 2, 5, 7 сыныптар, 2018 жылда - 3, 6 және 8 сыныптар. [3] Критерийлік жүйесі бойынша, оқушылардың жетістіктері жазылған критерийлермен салыстырылады. Осы нәтижелер бойынша, сабақ тақырыбы қаншалықты меңгерілген екенін және практикалық дағдыларының қалыптыстыру деңгейін анықтауға болады. Білім беру жүйесінің жаңартылған құрамы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытқандықтан, оқушылар алынған білімдерді тұрмыстық өмірде, жұмыста пайдалана алады. [4] Оқушылар берілетін ақпараттарды тек жаттап алу міндетті емес, олар осы мәліметтерді түсіну тиіс. Оқушылардың білімдері БЖБ және ТЖБ арқылы бағаланғанына қарамастан, мұғалімдер күн сайын оқушылармен жұмысты жалғастырады, олардың жетістіктерін түрлі құралдар (смайликтар және көбелектер) арқылы мадақтайды. [5] Білім беру Министрлігінің деректері бойынша, ТЖБ және БЖБ оқушылардың психологиялық және эмоционалды денсаулығына қатты әсер етпейді. Осындай мәліметтер диагностикалық тестілеу арқылы алынған, соған 30 пилоттық және 16 бақылау (ескі білім беру жүйесін қолданатын) мектептер қатысты. [6] Осы тестілеу оқу жылының басында және соңында өткізілген. Оқу жылының басында пилоттық мектептер оқушыларының орташа баллы - 112.6 болып анықталған, бақылау мектептерімен салыстырғанда, осы көрсеткіш 5.9 баллға төменірек болған. [7] Алайда, жылдың соңындағы тестілеу бойынша, пилоттық мектептерінде оқитын оқушылардың орташа баллы - 137.7 балл болып шықты, бұл бақылау мектептер нәтижесінен 7.3 баллға артығырақ болды. [8]
Менің пікірімше, қазіргі таңда жүргізілетін бағдарламалар, негізінен, оқушылардың ақпаратты түсінуге әдісіне әсер етеді. Осылайша, критерийлік бағалау арқылы балалардың сыни ойлауы, практикалық дағдылары дамиды. Ақпараттың жаттап алуына емес, оқушылардың тақырыпты түсінуіне көбірек назар аударылады.
2.3.Білім беру саласында жаңа өзгерістердің артықшылықтары мен кемшіліктері.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Ирина Смирнованың айтуынша, БЖБ және ТЖБ жүйесінің енгізілуі толығымен ойластырылмаған. [3] Осы оқыту құралдарының кемшіліктерінің бірі - бақылау жұмыстары барлық пәндер бойынша бір күнде өткізілу мүмкін. ТЖБ және БЖБ оқушыларға психологиялық тарапынан жағымсыз әсер ету мүмкін. Ата-аналар да үшін осы жұмыстар қиын болады, өйткені олар бағаланбайтын үй жұмысының керектігін түсінбей қалады. Одан да басқа бақылау жұмыстардың тексерілуі мұғалімдердің жұмыс мөлшерін қатты арттырып, барлық жұмысты орындауға үлгірмейді. Шамадан артық жұмыс істеуі мұғалімнің оқытау сапасын төмендетеді, өйткені барлық дәптерді тексеріп, әр оқушыға жақсы және толық кеңестерді бере алмайды. Сонымен қатар, ТЖБ мен БЖБ өткізілгенде әр оқушының білімдері бағалану тиіс. Егер, бірнеше оқушылар ауырып қалса, немесе басқа себептерге байланысты мектепке келмесе, мұғалімдер осы оқушылармен бөлек оқу кестесін құрастыру тиіс, өйткені әр оқушы ТЖБ мен БЖБ тапсыру тиіс. Мұғалімдердің қосымша жұмыс сағаттары төленбейді. Сонымен қатар, Білім беру Министрлігі "Күнделік" электронды жорналды мерзімді толықтыруын талап етеді. Электронды порталына бірнеше мұғалімдердің кіруі "Күнделік" жорналының іркілуіне әкеледі, соның нәтижесінде жұмыс үрдісі ұзарады. Электронды жорналдың дер кезінде толтырылмауына байланысты, тіркелмеген сабақтар мұғалімдер жалақысынан ұсталып қалады.
Алайда, осы жетілмегендіктерге қарамастан, жаңартылған білім беру жүйесінің көптеген артықшылықтары бар. Қазақстанда қолданылатын, әдетті бес баллды бағалау жүйесі заманауи талаптарға сәйкес келмей жатыр. [5] Соның басты кемшіліктерінің қатарына: бағаларға тәуелділігі, оқушылардың нәтижелерінің басқа оқушылармен салыстырылуы, практикалық дағдылардың және тақырып түсінуінің қамтамасыздандырмауы және оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысының болмауы кіреді. [2] Қазақстанда ата-аналар, көбінесе, өз балаларын белгілі бір бағаны алуға мәжбүр етеді, бірақ бұл дұрыс емес. [6] Бес баллды жүйесінің нәтижесінде, оқушылардың оқуға ұмтылысы төмендейді. Сонымен қатар, осы жүйесінің нәтижесінде, оқушылар барлық мәліметтерді тек жаттап алады, бірақ толығымен түсінбейді және сол себептен, олар болашақта осы білімдерді пайдалана алмайды.
Қазіргі таңда жаңартылған жүйе Назарбаев Зияткерлік мектептеріне енгізілген және мемлекеттің 30 мектептерінде пилоттық жобалар өткізілген. Жаңартылған жүйенің жақтаушылары келесі артықшылықтарды белгілеген: оқушылардың тақырып түсіну деңгейі арттырды, практикалық дағдылар мен креативті ойлауы дамиды және де білім беру жүйесінің сапасы жақсартты. [5] 2020-2021 жылдарда Қазақстан мектептерінің барлығы жаңартылған жүйеге көшу тиіс. [7]
Менің пікірімше, жаңартылған критерийлік бағалау расында да оқушыларға психологиялық қысымды жасау мүмкін. Бұрынғы білім беру жүйесі оқушыларды бағалар үшін уайымдауға әдеттендірді. Соған байланысты, балалар жақсы бағалар алу үшін шамадан тыс сабақ оқиды. Сол себептен, олардың күн тәртібі бұзылады, ұйқы сағаттары азайып кетеді. Сонымен қатар, мұғалімдердің жұмысы көбейіп, көптеген мәселелер пайда болды. Электронды жорналдың жетілмегендіктеріне байланысты, мұғалімдердің жұмыс сағаттары көбейеді және де сабақтардың тіркелмеуі олардың жалақы көлеміне әсер ету мүмкін. Осылайша, жаңартылған жүйенің көптеген жетілмегендіктері бар, солар білім беру үрдісінің тиімділігін төмендетеді.

3.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Бұқаралық ақпарат көздері мен түрлі ғаламтордағы сайттардан жиналған ақпараттардың сенімділігі жоғары болғанымен, халық пен сарапшылардың пікірлері кейбір тұстарды толықтыруға көмектеседі. Сондықтан жаңа білім беру жүйесінің оқушы мен тұтастай елдің тұрақтылығына, дамуына қалай әсер ететіндігін саралау және ақпаратты толықтыру мақсатында әлеуметтік сауалнама мен сұхбат алынды.

3.1.Сауалнама
Бүкіл Қазақстан өңірлерінің мектептері (басым бөлігі Қостанай облысы) арасында онлайн түрде өткізілген әлеуметтік сауалнамаға басым бөлігін 7-19 жас аралығындағы жасөспірімдер құраған 100 оқушы қатысты.Сауалнамадағы жалпы сұрақтар саны - 10, соның үшеуі ашық сұрақтар.

Деректерді өңдеу
Сауалнамадағы ашық сұрақтардың пайыздық үлесін алу мүмкін болмағандықтан мағынасы ұқсас жауаптар жіктеу әдісі арқылы топтарға бөлінді.

Сауалнама нәтижелері мен талдауы
Респонденттердің жаңа білім беру жүйесіне көзқарасын білу үшін сауалнамаға 1-11(12) сынып оқушылар қатысқан болатын. Қазіргі таңда 11-12 сынып оқушылар жаңа білім беру бағдарламаға көшпегендіктен және 1-4 сынып оқушылар әлеуметтік желілерде отырмағандықтан 50%-ын 5 пен 10 сынып аралығында оқитын жасөпірімдер құрайды. (1-диаграмма.) Олардың көбісі лицей(39%) мен жалпы орта мектептерінде(38%) оқитын оқушылар. (2-диаграмма).

1- Диаграмма. 2-Диаграмма.

Теқ қана 1-10 сынып оқушыларында білім беру жүйесінде өзгерістер болғандықтан, 79 респондент 3 сұраққа "иә" деген жауап берген болатын. Яғни қалған 20,2%-ын 11 мен 12 сынып оқушылар құрайды. (3-диаграмма). 1 сыныптан бастап 10 сыныпқа дейін оқитын 85 оқушыларда 5 балдық бағалау критериалдық (БЖБ мен ТЖБ) жүйесіне өзгерген болатын. Қалған 15 оқушыда ескі білім беру жүйесі қалғанын байқауға болады. (4-диаграмма).

3-Диаграмма. 4-Диаграмма.

Респонденттердің көбісі (63,04%) жаңа бағдарламасына 1-2 жыл бұрын көшкен болатын. (5- диаграмма). Осыған байланысты 45 адам ТЖБ мен БЖБ жүйесін ұнатпайды және 29 респондент білім беру жүйесін салыстыруға мүмкіндігі болмағандықтан, жацап беруге қиналады. (6-диаграмма).

5- Диаграмма. 6- Диаграмма.

Жаңа білім беру жүйесіне көшкен 48 оқушыда оқу көрсеткіштер өзгерген болатын, ал қалған 29 жасөспірімде өгерістер байқалмаған. Өкінішке орай, бейімделуге аз уақыт берілген және жаңа жүйе туралы ақпарат аз болғандықтан респондеттердің 32,99 %-ында бағалар нашарлады. Ал 23 респонденттер Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылар болғандықтан, олардың бағалары жақсы деңгейде екенін байқауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)
Қазақ құқығы бойынша сот және сот ісін жүргізу
Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстары
Қазақстанда жаңа әкімшілік - территориялық басқару жүйесінің ендірілуі және оған қазақтардың қарсылығы
Экономикалық мемлекеттік реттеу
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері
Құрылымдық диаграмма бағдарламасы
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік - құқықтық жағдайы
Пәндер