Магистральды газ құбырлары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

«ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

«ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТ»

«Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебі

Курстық жұмыс

«Гақұбырларын салу және жөндеу» пән бойынша курстық жобаның

ТАПСЫРМАСЫ

Магистральды газ құбырлары

Орындаған: Тасқали Б. М

Тексерген: Шингужиева А. Б

Мазмұны

Кіріспе 3

  1. Магистралдық тасмалдау 4-5
  2. Газды тасымалдаудын өзіндік құны 5
  3. Капитал салымының бір уақыттағы шығындарын есептеу. 6
  4. Жылдық эксплуатациялық шығындарды анықтау. 7
  5. Schuck краны 8Қолдану саласы 8Schuck кранының артықшылықтары 9-10

Қорытынды 11

Пайдаланылған әдебиеттер 11

Кіріспе

Қазіргі заманда Қазақстан Республикасында газ бен мұнайдың адам өмірінде алатын орны өте зор. Бүгінде газ бағасының күрт өсуі, оған дген сұраныстың артуын айқындайды. Маңғыстау газ нарығында негізгі компаниялар «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз». Бірақ соңғы кезде инвестиционды компаниялардың ролі өте жоғары болып келеді. Басты кен орындар Жетібайда, Қаламқаста, Қаражанбаста, Тасболтта, Опорный жерлерінде орналасқан. Маңғыстауда газдың рөлі оте зор, газ мамандығыда жоғары бағаланады. Маңғыстау өлкесі Қазақстан Республикасының газды және мұнайлы аймақтарының бірі болып келеді. Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуында маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.

Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика органдарының оперативтік деректері бойынша 2009 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының үлесі 20, 8 %, ал 2008 ресми есеп бойынша - 21, 8% құрады.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған мұнай-газ саласын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Салалық бағдарлама) 2010 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 958 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде әзірленді.

2009 жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мұнай-газ саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап айтқанда, кірістердегі сала үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 1, 2 проценттік тармаққа ұлғайып, 1531, 2 млрд. теңге немесе 40, 5 % құрады. Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371, 4 млрд. теңге немесе мемлекеттік кірістердегі 36, 3% құрады.

Ел экономикасындағы мұнай-газ саласының ролін тұрақты нығайту қажеттілігі Салалық бағдарламаны әзірлеуге себеп болды.

2009 жылы минералдық-шикізатық кешендегі инвестициялар көлемі 3, 2 трлн. теңге (21, 4 млрд. $ АҚШ) құрады.

Жақын болашақта еліміздің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады, бұл еліміз үшін өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы объектілер құрылысын қамтитын, бірыңғай кешенді саланы дамыту жоспарларын жасақтау жолымен барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын талап етеді.

  1. Магистралдық тасымалдау

Қазақстаның газ тасымалдау желiсiнiң жалпы ұзындығы 11 мың шақырымнан артық. Қазақстанындағы магистралды газ құбырларының негізін Орта Азия-Орталық (САЦ) және Бухара-Орал газ жүйелері құрайды. САЦ магистралы елімізді қиып өтіп, бiр жiпшелі есептеуде 4 мың шақырымнан артыққа созылатын бас экспорттық - өтпелi күре тамыр болып табылады. САЦ құбырына Түркменстанның батысынан Окарем-Бейнеу қосылады, ал оны Мақат - Солтүстiк Кавказ желісі Кавказбен қосып отыр. Орал - Бухара жүйесi солтүстікте Жаңажол-Октябрьск-Ақтөбе және Қарталы-Рудный-Қостанай магистралды газ жүйесімен байланысқан. Қазақстанның солтүстiк-батыс жерін ресейлiк транзиттiк газ жүретiн Союз және Оренбург-Новопсковск газөткiзгiштері кесіп өтеді, соңғысы жеке тармақ арқылы Қарашығанақ кен орынына қосылған. Республиканың оңтүстiк өлкесiнде Алматы, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстары арқылы Бұхара газды ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы магистралды газ құбыры (Өзбек газы) өтедi.

Қазақстан Республикасының аймағы бойынша газды тасымалдау және транзиттеу “Орта Азия - Орталық” (орта азия газы), «Бұхара газды өңір - Ташкент-Бішкек-Алматы» (орта азия газы), «Қазақстан-Қытай» газ құбырының 1-ші учаскесі (орта азия газы), «Орынбор-Новопсков» (ресей газы), «Бұхара-Орал» (ресей газы) негізгі магистралдық газ құбырлары бойынша жүзеге асырылады.

2009 жылға дейін транзит көлемі жыл сайын шамамен 100 млрд. тек. м құрады. 2009 жылы транзит көлемінің төмендеуі Түркменстан Республикасы мен “Газпром” ААҚ арасындағы экономикалық келіспеушіліктердің кесірінен 2009 жылдың сәуірінен бастап желтоқсанына дейін “Орта Азия - Орталық” магистралды газ құбыры бойынша Қазақстан Республикасының аймағы арқылы түркмен газын тасымалдаудың тоқтатылуына байланысты болды.

Қазақстан Республикасының магистральдық газ тасымалдау инфрақұрылымы мынадай негізгі газ құбырларынан тұрады:

1. «Орта Aзия Орталығы» МГҚ өткізу қабілеттілігі 60 200 млн. текше метр/жыл, ұзындығы 3 962 км ( «Интергаз Орталық Aзия» AҚ операторы) ;

2. «Бұқара - Орал» МГҚ - 8 030 млн. текше метр/жыл, 1 576 км («Интергаз Орталық Aзия» AҚ операторы) ;

3. «Оренбург - Новопсков» МГҚ - 14 600 млн. текше метр/жыл, 382 км («Интергаз Орталық Aзия» AҚ операторы) ;

4. «Қазақстан - Қытай» МГҚ (А және В желілері) - өткізу қабілеттілігі 30, 0 млрд. текше метр/жыл, ұзындығы 3 909 км ( «Aзиялық Газ құбыры» ЖШС операторы) ;

5. «Жаңаөзен - Aқтау» МГҚ - өткізу қабілеттілігі 2, 8 млрд. текше метр/жыл, 432 км («ҚТГ-Aймақ» AҚ операторы) ;

6. "Бейнеу - Бозой - Шымкент" МГҚ - өткізу қабілеттілігі 2, 5 млрд. текше метр/жыл, ұзындығы 1 454 км ("Интергаз Орталық Азия" АҚ операторы, салыну кезеңінде) ;

7. «Бұқара газ тасымалдау ауданы-Ташкент-Бішкек-Алматы»МГҚ - 5, 8 млрд. текше метр/жыл, ұзындығы 1 597 км ("Интергаз Орталық Азия" АҚ операторы) .

Жоғарыда көрсетілген газ құбырлары Ресей және Қытай бағытына түрікмен және өзбек газын Қазақстан аумағы арқылы халықаралық транзитін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы газдың халықаралық транзитінің көлемі 2014 жылы 78, 6 млрд. текше метрді құрады, сонымен қатар ресей газының үлесі 49, 3 млрд текше метр, түрікмен газының үлесі - 25, 6 млрд текше метр, өзбек газы - 3, 7 млрд текше метрді құрады.

Газға деген қатты сұранысты (қыс айларындағы) жабуда маңызды рөлді үш жерасты газ сақтау қоймалары атқарады, олар Ақтөбе облысындағы Бозой ЖГСҚ (жерасты газ сақтау қоймасы, орысша ПХГ - подземная хранилища газа), Оңтүстік Қазақстан облысындағы Полторацкое ЖГСҚ және Жамбыл облысындағы Ақыртөбе ЖГСҚ. Оларда 2009 жылдың 1 қаңтарында тұтынудың 21% -ын құрайтын 1, 9 млрд. м 3 газ сақталды.

“Орта Азия - Орталық”, “Мақат - Солтүстік Кавказ” және “Окарем - Бейнеу” магистралды газ құбырларын дамытуға инвестициялардың негіздемесі шеңберінде Түркменстан мен Өзбекстаннан өсе келген табиғи газ көлемдерін тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында 2007-2008 жылдарда “Орта Азия - Орталық”-4 магистралды газ құбырының жаңа учаскелерінің, “Орта Азия - Орталық” лупингінің құрылысы және «Опорная» компрессорлық станциясындағы жаңа турбо компрессорлық цех-4 құрылысы аяқталды, бұл “Орта Азия - Орталық” магистралды газ құбырының бүкіл жүйесінің өнімділігін жылына 60 млрд. тек. Метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

2. Газды тасымалдаудын өзіндік құны

Газды тасымалдаудын өзіндік құны газды тасымалдау ұзақтығына және қасиетіне байланысты. Магистралды газ құбырлары ұзақтығының жоғарлауымен және ұзын қашықтыққа газды беру көлемін кенейту мен газ құбырларында тасымалдау жұмысының өзіндік құны қысқарады. Газды берудін өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторларының бірі - диаметрді ұлғайту. Магистралды өзіндік құнына кірістіреді:

-Линиялық бөлектің тұрақты пайдалнуына және құбырлы транспорттау жер асты құрылысын әзірлеумен байланысты жөндейтін шығындар;

-Құбырлы транспортты пайдаланумен тікелей байланысты шығындар;

- Қызмет ететін құбырлы магистралды пайдалану процесінде жүзеге асыратын газ айдамалауды ұйымдастыру мен және техниканы жетілдірумен байланысты шығындар.

-Бұрын құрылған, сонымен бірге капитал салымдарының және күрделіжөндеудін есебімен қайтадан енгізілген негізгі қорлардың құнына амортизациялық аударулар.

Магистралды газ, құбыр жұмысының өзіндік құнына кірістірілмейді:

-Магистралды құбырлар бойынша айдамаланатын және газ қоймаларында және резервінде сақталатын газдың құны;

-Құбырлы транспорттын кәсіпорындарында, ұжымдарында персоналдық мәдени тұрмыстық қажеттіліктеріне қызмет етумен байланысты шығындар (тұрғындық - коммуникациялық шаруашылық, моншалар, балабақшалар, демалыс үйлері және т. б. )

- Құбырлы транспорттың жұмысшылары және олардың жанұя мүшелері арасында мәдени - танымдық, денсаулықты жақсартып, спорттық жұмыстарды өткізу үшін арналған ғимараттарды, бөлімшелерді және құрылыстарды ұстау мен байланысты шығындар(амортизация аударудан басқа )

- Газды тасымалдаумен, сақтаумен және құюмен сол кәсіпорындармен, ұжымдармен орындауға кеткен шығындар (тұрғын ауылдарды жабдықтаумен байланысты жұмыстар мен қызметтер, ауыл шаруашылығына көмеккөрсетумен және т. б. )

-еңбекақы (негізгі және қосымша)

-өндірістік мақсаттар үшін тұтұнушылық электр энергия;

-жеке қажеттіліктерге пайдаланатын газ:

-негізгі өндірістік қорлардың ағындағы жөндеуіне шығындалатын материалдар, булар, су (өзіндік бағыттағы ғимарадты және құрылыстарды ұстауға) .

3. Капитал салымының бір уақыттағы шығындарын есептеу.

Тікелей бір жылғы шығындардың есебі А. Громовтың «Магистралды газ құбырларын пайдалану» атты анықтамалық оқу құралының мәліметтеріне сәйкес анықталады. Магистралды газ құбырларын құруға капитал салымдары 8 графаның №5 қосымшаға сәйкес анықталады. «Орал трансгаз» мәліметтеріне сәйкес 2013 ж бағасында 1 км-ге норма берілген, келесі түзету коэффиценті 1200, 7 пайдаланады.

Магистралды газ құбырына капитал салымдары мынаны құрайды:

К мг = К ж *1200, 7*L (мың тг)

Мұнда (Кж) - капитал салымдарының жылдық нормалары;

К ж - 131, 56 ( 5 қосымшадан)

L - газ құбырының ұзындығы, км

Шешуі:

К мг =131, 56*1200, 7*262 = 41386592, 1 тг

Компрессорлық станциялар бойынша капитал салымдары 14 графаның № 6 қосымшасына (К к ) сәйкес анықталады және мынаны құрайды:

К кс = К к *1200, 7* n (мың т)

Мұнда К к - агрегат қуаттылығы

n - компрессорлық станцияның саны (КС), 4 дана

Шешуі:

К кс = 6000*1200, 7*4 = 28816800 тг

Қорытынды : магистралды газ құбырының құрлысына капитал салымдары және компрессорлық станциясының құрлысына капитал салымдары 70203392, 1 тг құрайды.

4. Жылдық эксплуатациялық шығындарды анықтау.

Қоғамдық өндеу тиімділігін жоғарлатудың маңызды жағдайы капитал салымдарының жоғары берілісі табылады, ол ең алдыменкапитал салымының әрбір шығындалған теңгесінетеңгесіне ең үлкен өсімін қамтамасыз етуді білдіреді.

Есептеу әдістерін және экономикалық тиімдеу есептемелерін қолдану облысымен орнататын негізгі құжаттармен жалпы, сонымен бірге капитал салымының салыстырмалы экономикалық тиімділігі анықталады, халық шаруашалығының салалары, бөлек кәсіпорындаржәне басқалары бойынша жоспарларды жасаудың барлық кезендерінде жүзеге асырылады.

Капитал салымының жалпы экономикалық тиімділігінің есебі жалпы экономикалық нәтижені алу мүмкіндігін береді.

Жоспарлауды жасау процесінде экономикалық пішімдерінің салымдық көрсеткіштері жоспарлы нормативтермен және болашақ кезең үшін ұлттық көрсеткіштермен, ал соңымен қатар осы саланың кәсіпорындарында жеткен көрсеткіштері салыстырылады.

Капитал салымдарының қарастырылатын бағыттары экономикалық тұрғыдан тиімді тиімді болып саналады, егер жалпы тиімдеу алынған коэфиценттері жоспарлы нормативтерден төмен емес деңгейде болады.

Магистральды газ құбырлары және компрессорлы станциялардың жүргізу бөлімі бойынша жылдық эксплуатациялық шығындары « Магистральды газ құбырларын пайдалану» қосымшасында берілген.

Ағымдағы жыл сайынғы шығындарға құрылыстағы магистральды газ құбырын жүргізу бөлімі бойынша және компрессорлы станциялардағы құрылыс шығындары жатады.

Магистральды газ құбырының линиялық бөлігі бойынша және компресорлық станциялық жылдың пайдалану шығындары түзету коэффицентін есептеумен анықталады.

К=1200, 7

Магистральды газ құбырының линиялық бөлігі бойынша жылдық пайдалану шығындары 11 графаның (7г) №5 қосымшасына сәйкес анықталады .

Жүргізу бөлімі ойынша шығындар мынаны құрайды:

Э мг ж . *1200, 7*L (мың тг)

L - құбырдың ұзындығы

Мұнда Э ж - жылдық пайдалану шығындары.

Шешімі :

Э мг =5, 8*1200, 7*262 = 1824583, 72 тг

Э мг = 1824583, 72 тг

Компрессорлық станциялар бойынша жылдық пайдалану шығындары 14 графа (Э к ) №7 қосымшасына сәйкес анықталады және мынаны құрайды:

Э кс = «барлығы» * 1200, 7мың тг * n

«барлығы» = 1609, 9

n- берілген аумақтағы газ құбырындағы компрессорлы станциялардың саны -4

Шешімі:

Э к с = 1609, 9*1200, 7*4 = 7732027, 7 тг

Қорытынды магистралды газ құбырынын линиялық бөлігі бойынша және компрсорлық станцияда жылдық пайдалану шығындары 9556611, 12 тг құрайды.

5. Schuck краны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚазТрансГаз» АҚ құрамындағы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-
«ҚазТрансГаз» АҚ
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу
Батыс Қазақстандағы мұнай кен орны
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінде газды пайдалану
ҚАЗТРАНСОЙЛ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
«Техногаз» АҚ
ҚазТрансОйл АҚ тарифтік, әлеуметтік саясаты мен даму стратегиясын талдау
«ҚазТрансОйл» АҚ
“Интергаз Орталық Азия” АҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz