Қазақ халқы тарихындағы аңыздар мен мифтер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ӘСБ МОДУЛІ БОЙЫНША
Тақырыбы Қазақ халқының аңыздары мен мифтері

Орындаған: 401 А тобының курсанты Ботай А.М.
Тексерген:

Алматы. 2023

Мазмұны
Кіріспе

1 тарау. Аңыздар мен мифтер - халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы
1.1. Аңыз бен миф: ерекшеліктері мен зерттелуі
1.2. Аңыздар мен мифтер кейіпкерлері образдарының халық тұрмысындағы орны
2 тарау. Қазақ мифологиясының бай мұралары
2.1. Топонимикалық аңыздар
2.2. Қазақ батырлары туралы аңыздар

Қорытынды

Кіріспе
Түбі түркі, түлігі жылқы, тамыры тереңге жайылған, тарихы сонау Ғұндар мен Сақтардан басталатын қасиетті қазақ халқы өмір жолының әр қырын, басынан өткерген оқиғалар мен кезеңдерді, ақиқат пен ой-қиялынан туындаған көрнекті шығармаларды, аңыздар мен мифтерді өскелең ұрпаққа, мына бізге мұра етіп жеткізіп қалдырған.
Менің тақырыбымның өзектілігі аңыздар мен мифтердің біздің өміріміздегі рөлі мен маңызын құрайды. Өткен күннің айнасы, тарихымыздың көрінісі аңыздар мен мифтердің біздің өмірімізде алатын орны айрықша зор екені белгілі. Аңыздар мен мифтер - сан ғасырлар бұрынғы халықтың өткенін білуге, тануға деген сұранысы мен қызығушылығын қанағаттандыратын баға жетпес рухани қазына. Еңбектеген баладан бастап еңкиген қарияның өмірінде аңыздар мен мифтердің кездесуі хақ. Кешегі күнді бүгінмен ұштастыратын қазақтың рухани байлығының көрінісі аңыздар мен мифтер бала тәрбиесінде өзіндік маңызды рөл атқарады. Бүгінде көптеген жас отбасылар балаға қазақи тәрбиені бермеуі өзекті мәселенің бірі. Соның бірден-бір себебі ата-ананың балаға тәрбие ретінде, ой-өрісінің даму мақсатында осы аңыздар мен мифтерді айтпауы. Осы тақырып жайында сөз қозғау мен үшін өте маңызды. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізге толы бұл саласы қай дәуірде болмасын, Алаш халқының өмірінде ерекше орын алады.

Курстық жұмыс мақсаты: Өткен күндердің бейнесі, тарихымыздың көрінісі, халқымыздың рухани мұрасы мен байлығы аңыздар мен мифтердің маңызы мен ерекшеліктерін, қазіргі қоғамдағы рөлін айқындап көрсету.

Курстық жұмыстың зерттеу деңгейі: Бұл тақырып бойынша Орынбай Жанайдаров зерттеулер жүргізіп, 2006 жылы Аруна баспасымен Ежелгі Қазақстан мифтері, 2007 жылы Ежелгі Қазақстан аңыздары атты кітаптарын жарыққа шығарған;
Мифология жайлы Алмасбек Мәуленов 2015 жылы Қазығұрт баспасымен арғы қазақ мифологиясының қазақ әдебиеті дамуының түрлі кезеңінде алған орны мен дәстүр жалғастығын жаңаша зерделей отырып, Фольклор және түркі халықтары әдебиетіндегі мифология кітабын басып шығарды.

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: Қазақ халқы тарихындағы аңыздар мен мифтер.

Қазақ елі басынан өткен-кеткенді аңыз-әңгіме қылып, батырларымызды, жырауларымызды, хандар мен сұлтандарды сөз арасына қосып отырған. Ежелде аңыздар қазақ қоғамын жетілдірген болып саналады. Адамның ой-қиялынан шыққан немесе көзбен көріп, құлақпен естіген ақпараттар ауыздан ауызға, атадан балаға тарап, адам санасының өркендеуіне ықпал етті.

1 тарау. Аңыздар мен мифтер - халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы
1.1. Аңыз бен миф: ерекшеліктері мен зерттелуі
Мифті аңыздан, ал аңызды шежірелі сырға толы көне әңгімелерден айыру қиын-ақ. Аңыз әңгімелер -- халық ауыз әдебиетінің жанры. Аңыздар - халықтың ауызекі шығармашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды емін-еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады[1]. Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді. Ұлтымызыдың ұзақ хасырлардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жатқа айтылып, халықтың дана санасы арқылы сақталып бүгінге жеткен бұл мұралар күллі адамзат мәдениетінің асыл қазынасына айналды. Қазақтың халық аңыздары ұлтымыздың ерекше бай ауыз әдебиетінің бір тармағы болып, мұның саны да, түрі де біршама мол екендігі анық. Ақындар мен жазушылар шабытының ғаламат қайнар көзі халық қиялы бәрін де өзі ойлап тауып, қиыннан қиыстырып түсіндіріп берген. Алайда баяғы замандарда өткен тарихи тұлғаларға, оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Бірақ қазіргі уақытта мұны дерек-кұжатпен дәлелдеу қиын. Сондықтан да бұл оқиғалар аңыз-хиқаяларға айналып, оқырманға сонысымен де қызықты болып отыр. Аңыз туралы жүйелі зерттеулер елімізде өткен ғасырдың соңғы ширегінен кейін ғана жарық көре бастады. Бірінші кезекте Шоқан Уалихановты атау абзал. Ол тарихқа қатысты әңгімелерді тарихи аңыздар деп атап тұңғыш рет аңызды тарихи оқиғалар мен адамдар жайында болатынын айтқан. Оларды ертегіден де, жырдан да бөліп алған. Келесі кезекте қазақ фольклортану ғылымында аңызды жеке жанр ретінде тұңғыш қарастырып, оның жанрлық белгілерін негізінен дұрыс сипаттап берген ғалым Мұхтар Әуезов болды. Ол Ертегілер деген еңбегінде халық аңыздарын аңыз-ертегілер деп атап өтіп, оған ертегілердің бір бөлігі деп тоқталған. Әрі аңызға: Тарихта болған адамдар жайында айтылған халық шығарған көркем әңгіме деген анықтама берді[3]. Алайда Мұхтар Әуезовтың бұл тұжырымдамалары ұлттық фольклортану барысында ары қарай жалғасып, дамытылып кетпеді. Тек әдебиет зерттеушісі, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин қазақ ауыз әдебиетіне арналған оқулығында ғана бұл жанрға біршама орын берді. Оқиғасы шын өмірден алынып, болмысы шындық негізінде ауызша шығарған қазақ халқының көркем шығармаларының елеулі бір саласы - аңыз әңгімелер, - деп атап өтеді. Әрі, аңыз әңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта болған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туылған деген пікірді ортаға қояды[4]. Ғалым, академик Сейіт Қасқабасов қазақ фольклор саласында аңыз жанры туралы біршама жаңаша анықтама берген. Ол өзінің 1985 жылы жарық көрген Қазақтың халық прозасы атты монографиясында қазақ фольклорінің ертегіден өзге прозалық жанрларын (мифтер мен халық аңыздарын) аңыздық проза қатарына жатқызады, ал мифтерден өзгелерін хикая, аңыз, әпсәнә-хикаят деп тағы үш жанрға бөліп, оларды жеке-жеке дәлелдеп көрсетпек болады[5].
Миф - көне аңыз, әңгіме, тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Мифология - халық өмірінің есте жоқ ескі заманнан біте қайнасып, бірге келе жатқан рухани байлығың, һәм қайнар көзі. Оны адам баласының санасын, ой-өрісін мыңдаған жылдар бойы жетілдіріп, қалыптастырған мәдени-әлеуметтік құбылыстың мәні ретінде қарастырсақ, екіншіден - мифология қоғамдық процессте қайта туып, жаңарып, дамудың жаңа сатыларына иек артып, жаңғырып отыратын ұлттық рухани дүние. Мифология тақырыбы - өзінің барынша болмысты танудағы жұмбақ құпиялығымен, өнерді сипаттаудағы ерекшелігімен, тарихи танымды жеткізудегі қисынды болжамдармен үлкен қызығушылық пен ізденушілік туғызады[6]. Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үш жанрға жіктеледі. Бұл жанрлардың ортақ сипаттары көп-ақ, дегенмен, оларды бір-бірінен бөлектеп, өзгешелеп тұратын бірқатар ерекшеліктері де баршылық. Сіздердің әрқайсыларыңыз балалық шақтарыңызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдыңыздар. Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар: жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқа да халық қиялы тудырған жалмауыз-құбыжықтармен шайқасады. Аңыздар нақты тарихи оқиғаларға негізделеді. Біздің байырғы баба жұртымызға соғыс сала келген қаһарлы парсы патшасы Кирді тас-талқан етіп жеңген сақ патшайымы Томирис туралы аңыз - соның мысалы. Ал ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айырмашылығы, мифтердің мазмұнында ертедегі халықтардың жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-түсініктері көбірек ұшырасады. Бұған мысал ретінде жердің жаралуы жайлы немесе барлық тіршілік атаулының әлемдік жұмыртқадан шығуы жайындағы көне үнділік мифті, болмаса жер жүзін топан су басуы туралы мифті келтіруге болады. Алғашқы мифтер өте бағзы замандарда пайда болған, содан әрбір жаңа мыңжылдық сайын қарапайымнан күрделіге қарай сатылап даму дәуірлерін өткерген. Мифтер - адамдардың дүниетанымының көрінісі. Солар арқылы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мыңдаған жылдар бұрынғы түсінік, көзқарастар бізге жетіп отыр. Олар неліктен күндізді - түн, жазды - қыс алмастыратынын, неге күн күркіреп, бұршақ жауатынын, найзағай жарқылдап, жер бетінде су тасқыны мен басқа да табиғат зілзалалары болатынын бейнелі түрде түсіндіреді. Ертедегі адамдардың санасы мифологиялық сипатта болған[7]. Жалпы алғанда, мифтер - дүниенің, оның перзенті болып табылатын адамның - ілкі тіршілігінен сыр шертетін рухани бастауларға түп негіз болып, сондай-ақ, өткен тарих пен болашаққа ие екендігін және де осы тарихты еленуге тұрарлық айрықша құндылық ретінде тануға болатындығын көрсетеді[6, 4-бет].
Қазақ әдебиетіндегі миф поэтикасын жеке алып қарастыру - өзекті мәселе. Қазақ прозасының миф поэтикасы біраз зерттелгенімен, оның ішкі күрделі, яғни динамикалық, шығармашылық, қызметтік, тектік байланыстары аз қарастырылған. Ұлттық әдебиетіміздегі миф парадигмаларын жаңа ғылыми тұрғыдан қайта зерделеу - бүгінгі заман талабынан туып отырған қажеттілік. Қазақ прозасындағы миф парадигмасын зерттеу арқылы ұлттық әдебиеттің эволюциялық даму деңгейін айқындау үшін арғықазақ мифтері, орта ғасырлық түркі әдебиетіндегі ислам мифологиясы, 20 ғасыр басындағы ағартушы әдебиет , кеңес әдебиеті және 21 ғасырдағы тәуелсіздік жылдары кезеңдерінде жарық көрген прозалық шығармалар қарастырылды. Қазақ ғалымдары мен орыс және шет ел ғалымдарының ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері басшылыққа алынды. Мифтік шығармашылық процесін қарастыру үшін қазақ жазушылары
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Нұрпейісов, М.Мағауин, Б.Мұқай, К.Сегізбаев, Ж.Ахмади, А.Алтай сыңды тұлғалардың мифтік - аңыздық негізде жазылған шығармалары салыстыра талданды[6, 11-бет].
Жоғарыдағы ойды қорытындылай келе, менің ойымша, әрбір халықтың өзінің шығу тегі мен жаратылысты тану туралы туғызған аңыздар мен мифтер болатындығы - дәлелдеуді қажет етпейтін өмір шындығы.

1.2. Аңыздар мен мифтер кейіпкерлері образдарының халық тұрмысындағы орны
Аңыздар - халықтың ақылы мен арман-тілегі. Өте ертеде пайда болған аңыздар осы күнге дейін өзінің жеңіл сиқырымен, кейіпкерлермен бірге ерлік жасап, әртүрлі қызықты оқиғалармен таңғалдыруда. Аңыздар өз Отанын сүюге, оны қорғауға, қиыншылықтардан қорықпауға, ата-анасын қадірлеуге, бақытсыздыққа ұшыраған әлсіздерге көмек беруге үйретеді. Осындай жұрт санасынан ойып тұрып орын алатын тарихи аңыздар мен мифтердегі кейіпкерлердің образдары қазақ халқы тұрмысында ерекше орын алады. Солардың бірі және бірегейі Асан Қайғы туралы аңыздардағы абыз бабамыздың бейнесі. Еліміздің болашағы үшін өлшеусіз қызмет еткен ұлы бабаларымыздың бірі - Асан Сәбитұлы. Көптеген фольклорлық деректерде ақын, ақылгөй абыз, саяхатшы ретінде белгілі болып, аңызға айналға Асан Қайғы ( қайғы - мұңды, шерлі деген сөз ) Еділ бойында 1361 - 1370 жылдары туған деген болжам жасалады. Ауыз әдебиетіндегі бізге жеткен жыр-шумақтардан бабамыздың нақты біздің аймақтарда да өмір сүргенін байқаймыз. Құрбанғали Халидұлы өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының мифологиясы мен оның өзіндік табиғаты
Қазақ мифтері мен мифтік аңыздары турал
Басқа сөзбен айтқанда Ұмай ана - Түркі тілдес халықтарының дүниетанымындағы дәстүрлі әйелдік бастаудың символы
Түрік мифологиясының құдайлары
Оларға діни өзгеріс түркілер арқылы енді
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Миф пен мифологияның функциясы
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі
Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні
Пәндер