Қожа Ахмед Яссауий кесенесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
МОЛЛАҚАНАҒАТҰЛЫ РАХМАТУЛЛА
ӘЗІРЕТ-СҰЛТАН КЕШЕНІНДЕГІ ДІНИ МӘТІНДЕРДІҢ НАСИХАТТЫҚ МӘНІ
6М021500 - Исламтану мамандығы бойынша
гуманитарлық ғылымдарының
магистрі академиялық дәрежесін алу үшін жазылған диссертация
Алматы, 2022

Қорғауға жіберілді
Исламтану
кафедрасының меңгерушісі
__________PhD докторы Н.С. Анарбаев
___ _______2022 ж.
Магистрлік диссертация

Мамандық: 6М021500 - Исламтану
Магистрант _________Моллақанағатұлы Р
Ғылыми жетекші _________ PhD Исахан М.
Алматы, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1
Әзірет-Сұлтан кешеніндегі діни мәтіндердің насихаттық мәні
1.1
Қожа Ахмед Яссауий өмірі
1.2
Қожа Ахмад Яссауий мұралары
1.3
Қожа Ахмед Яссауий ізбасарлары
2
Қожа Ахмед Яссауий кесенесі
2.1
Қожа Ахмед Яссауий кесенесінің сақталуы және жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары
2.2
Қожа Ахмед Яссауи кесенесіндегі құран аяттарымен пайғамбар хадистері
2.3
Қожа Ахмед Яссауи кесенесіндегі қасиетті мәтіндер насихаттық мәні
КIPICПЕ
Зеpттеу жұмыcынa жaлпы cипaттaмa. Түркістан облысының орталығы, Түркістан қаласы - рухани астана. Онда Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің мазары ерекше мәнге ие. Атақты Әмір Темір Әзірет Сұлтанға деген құштарлығымен оған арнап алып кесене арқылы білдірген. Талай заман өтсе де, Әзірет Сұлтан кесенесінің рухани қызметі арналып салынған кесене архитектуралық жағынан да, басқа қырынан да жан-жақты зерттеле береді. Кесенеде жазылған араб жазуларының мән-мағынасын ашу - заман талабы. Жазуларда аяттар мен хадистер және әртүрлі насихат сөздер орын алған, тарихи даталар да кездеседі, кісі есімдерін көруге болады. Диссертация жұмысында аяттардың арабша мәтіні, транскрипциясы және қазақ тіліндегі мағынасы берілді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жазулардың мәні атты тақырыпта исламтанулық зерттелулердің бірегейі де осы маңыздылығымен жұмыста толықтырылды.
Зеpттеу жұмыcының өзектiлiгi. Юнесконың мұралар тізіміне енген Әзірет Сұлтан кешені өзінің құндылығын жоғалтпай XIV ғасырдан бері Орталық Азия руханиятының темірқазығы болып келеді. Әзірет Сұлтан кешеніне эпиграфиялық және тарих археологиялық зерттеулер жүргізілгенімен, дінтану және исламтанулық талдаулар толық жүргізілмеген. Кесене қабырғасындағы эпиграфиялық Құран аяттары мен хадис-шарифтердің мән мағынасын дидактикалық-насихаттық тұрғыда талдап түсіндірілу, исламтанулық зерттеулер жасау бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезеңде Түркістанға зиярат жасаушыларға Әзірет Сұлтан кешеніндегі эпиграфиялық араб жазбалары кеңінен түсіндіріліп, Қ.А.Ясауи ілімімен рухани сабақтастырылып насихатталатын дәстүр қалыптасқан. Қазіргі таңда ескі үрдіс сақталмағанмен, зияратшылар мен туристерге ғылыми түсіндірме жасаудың қажеттілігі туындап отыр.
Зеpттеу жұмыcының мaқcaты мен мiндеттеpi. Исламдағы сопылық бағыттың өкілі-ойшыл Қ.А.Ясауидің шығармашылығына мұраларына және кесене кешеніне исламтанушылық талдау жасау мақсатында еңбектерімен танысу, салыстыру, аудару және талдау. Қ.А.Ясауидің мұраларындағы адамның, әлемнің мәнін айшықтау. Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес мынандай міндеттер алға қойылды.
Зеpттеу ныcaны. Зеpттеу ныcaны - Әзірет Сұлтан кешеніндегі діни мәтіндерге шолу жасап исламтанулық талдау жұмыстарын жүргізу.
Жұмыcтың зеpттелу деңгейi. Бұл жазулардың зертелу тарихын тәуелсіздіктен бұрын және тәуелсіздіктен кейін деп екі кезеңде қарастыруға болады. Бірінші кезеңде кесенедегі эпиграфиканың толық зерттеу обьектісіне айналмағандығы көрінеді. Алғаш рет кесенедегі бір топ жазуларды оқып, орыс тіліне аударған М.-С.Бекчурин мен П.Н.Ахмеров, Н.И.Иеселовский болды. Кеңес үкіметі кезінде М.Е. Массон Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихын түпкілікті зерттеді. Осы кезде ол ғимараттағы кейбір жазбаларды оқуға және аударуға әрекет жасады. А.А.Иванов кесене ішіндегі қола заттардың басым бөлігін мұқият зерттеді, бетіндегі жазуларды егжей-тегжейлі талдап, орыс тіліне аударып, толық ғылыми түсініктемесін берді. Кесенедегі эпиграфиялық жазулардың барлығын қамтитын Б.Т. Тұяқбаеваның арнайы еңбегі жарияланды. Көп көлемді атқарылған жұмысқа қарамастан бұл басылымдарда кейбір кемшіліктер кетті. Мысалы, бұл басылымдардың көпшілігіндегі аудармалар араб әріпімен жазылған мәтіндермен қамтамасыз етілмеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін, кесенедегі жазуларға байланысты ең ауқымды жұмыс 2008-2010 жылдары, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына барған білікті басшы А. Сафуллин мырзаның бастамасымен, ұйымдастырылған ғылыми ұжым тарапынан жүргізілді. Нәтижесінде, бүгінгі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің докторанты, текстолог маман Моллақанағатұлы Сайпулла Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жазуларды тұтас оқып, арабша электронды нұсқасын дайындап, транскрипциясын жасап, қазақ тіліне аударды. Бұл жұмысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі деген атаумен, альбом кітап түрінде, үш тілде жарыққа шықты. Кіріспе сөзін профессор Муминов Әшірбек пен Болат Қорғанбек мырзалар жазды. Бұған дейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі эпиграфиялық жазу мәтіндері түпнұсқа күйінде толық жарияланбай, көбінесе орыс тіліндегі үзінділер етіп берілген.
Зеpттеу мaтеpиaлдapы. Рисале Қожа Ахмед Яссауи. Миратул құлуб Қожа Ахмед Яссауий Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Ә.Муминов Түрік жеріндегі алғашқы сопылар Ф.Көпүрұлы,
Зеттеудiң ғылыми әдicтеpi мен тәciлдеpi. Теoлoгиялық әдic, тaлдaу, capaлaу, бaяндaу, caлыcтыpу әдicтеpi қoлдaнылды.
Зеpттеу жұмыcының теopиялық және ғылыми-тәжipибелiк мaңызы.
Зерттеу жұмысы отандық әдебиеттерден гөрі шетелдік әдебиеттер мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін сараптау мен пайдалануға негізделеді. Зерттеу жұмысында Қ.А.Ясауидің мұрасына жаңаша қырынан исламтанулық талдау жүргізіледі. Дисертацияда кесененің аят-хадис нақыл сөздерінің насихаттық мәнін толығымен мәнін ашуға мәліметтер қарастырылады. Зерттеу жұмысындағы ой-түйіндер мен алынған нәтижелерді Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының Исламтану, Теология, Дінтану салалары бойынша білім алушыларға арналған жалпы және арнаулы курстар мен семинар сабақтарында, жоғары оқу орындарында Ясауитану, Мәдениет және дін, Сопылық тарихы және басқа да пәндерді оқыту кезінде, пайдалануға болады. Диcceртaция aяcы дін пcихoлoгияcы, дін әлеуметтануы cынды дінтaну caлaлaрындa қaмтиды. Бұл ғылыми зерттеу жұмысымды жат ағымның жетегіне кеткен жастардың тарихи жадын жаңғырту үшінде, діни қызмeт жәнe діни бірлecтіктeр зaңы бoйыншa eліміздe діни экcтрeмизм мeн тeррoризмнің aлдын aлу мaқcaтындa, түcіндіру жұмыcтaры кeзіндe пaйдaлaнуғa бoлaды.
Зеpттеу жұмыcының жapиялaнуы және cыннaн өтуi.
1. Қожа Ахмет Яссауий кесенесіндегі діни мәтіндер білім таимс
2. Әзірет-Сұлтан кешеніндегі діни мәтіндердің насихаттық мәні ҚазҰу хабаршысы
Ғылыми жұмыcтың жaңaлығы.
Зеpттеу жұмыcының құpылымы: Диссертациялық жұмыстың құрылымы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сай кіріспеден, негізгі 2 тараудан (бірінші тарау 3 тараушадан, екінші тарау 3 тараушадан тұрады).
1 ҚОЖА АХМЕД ЯССАУИЙ
1.1 Қожа Ахмед Яссауий өмірі
Ахмет Ясауи Батыс Қарахан мемлекетінің қарамағындағы Батыс Түркістанда Қарахандықтар дәуірінің соңғы кезеңдерінде өмір сүрген және артында із қалдырған сопылық жолындағы ақын. Ол кісінің мүриттері де сол сарында хикметтер жазған. Олардың арасында кең танылғаны Хаким Сүлеймен Ата. Мүриттерінің хикметтері де кейде Ясауи хикметтерімен араластырылып берілді. Сондықтан хикметтердің барлығы Ясауи хикметі деп айту қиынға соғады. Десек те, түрік сопылық өлеңдерінің алғашқы үлгілерінен болып табылатын хикметтерді Қарахан мемлекеті тұсындағы әдебиет ретінде қарастыру дұрыс бағыт болып табылады [1, 342 бет]. Қожа Ахмет Ясауи хикметтері жинақталған
жазба Диуани Хикмет деп аталады. Бұлай атауға Ахмет Ясауи өлеңдерінің хикмет терминімен аталуы себеп болған. Ахмет Ясауи XII ғасырда Батыс Түркістанда өмір сүрген сопылық жолындағы ақын. Сайрам (Исфижап) қаласында туған, 7 жасында Ясы қаласына көшіп барған. Ясауи лақап аты Ясы қаласының адамы деген ұғымды білдіреді. Қазақстанның оңтүстік-батыс жағындағы Ясы қаласы бүгінде Түркістан деп аталады. XI ғасырдың соңғы жағында туған деп шамаланатын Ахмет Ясауидің әкесінің аты - Ибраһим, шешесінің аты - Айша. Анасы да бір әулиенің қызы болған, әкесі де заманында кереметтері көрінген шейхтердің бірі еді. 7 жасында жетім қалған Ахмет Ясауи басында Ясы қаласында Арслан бабаға шәкірт болып, қолын алған. Бірақ Арслан Бабаның бір жылдың ішінде қайтыс болуына байланысты Бұхараға барады да, Жүсіп Хамаданиге жалғанады. Ахмет Ясауидің негізгі ұстазы және пірінің Жүсіп Хамадани болғандығы, білім мен руханиятының көп бөлігін сол кісіден алған деп шамалауға болады. Әрине Бұхарадағы әртүрлі білім және сопылық орталықтарда болып өзінің дамытқандығы айқын. Ахмет Ясауи Хамаданидің үшінші халифасы. Хамадани 1140 жылы қайтыс болған, алғашқы екі халифадан кейін үшіншісі болып Ахмет Ясауи тариқат шайхысы болған. Тек 1160 жылы Хамаданидің пөстегіне отырған Ясауи аз уақыттан кейін оны басқаға қалдырып өзі Ясыға қайтқан. Пайғамбардың (с.ғ.с) 63 жасында қайтыс болуына байланысты Ясауидің де 63 жасына толғанда Ясы да бір ғар жасатып, ішіне кіргендігі және қалған өмірін сол жерде өткізгендігі рауаят етіледі. Иер астыға кірдім мұна (жер астына кірдім міне) деген мәшһүр өлеңі, осы оқиғаны баяндап тұрғандай. Ахмет
Ясауи 1166 жылы Ясыда қайтыс болған. Ахмет Ясауидің заманның маңызды ғылым және мәдениет орталығы болған Бұхарада жақсы білім алғандығы, араб тілі мен парсы тілін меңгергендігін, Ислами ғылымдар туралы да өте жақсы білім алғандығын көруге болады. Күнкөріс көзі ретінде ағаштан қасық жасап сатқандығы туралы рауаяттар бар. Ахмет Ясауидің маңызды жағы өзі негізін қалаған Ясауилік жолын қалдырғандығы, жол көрсетіп хикметті өлеңдері арқылы мұсылмандықты жеңілдетіп көшпелі түрік халқына түсіндіруі еді. Бұл тақырыпта өте әсерлі болған, өзінің және мүриттері тәрбиелеген жүздеген шейхтар Түркістан және Анадолыда бір ізбен жүріп жолдарын қалыптастырып, Түркістан және Анадолы түріктерінің рухани шебін қуаттандырған. Түріктердің мұсылмандықты тартысқа кірмей, жеңіл түрде қабылдаулары және оны іске асыруларында Ахмет Ясауи мен оның ізбасарларының маңызды рөлі болған. Мүриттерінің санының көптігін манақыптарда 99000 деп көрсетеді. XII ғасырда қайтыс болған Ясауидің әсері XIV ғасырдың соңғы жағындағы Әмір Темір дәуірінде де өте мықты жалғасын тауып жатқан еді. 1396-1397 жылдары Темір Ясауидің қабірін зиярат еткен және Ясы қаласында ол үшін ескерткіш кесене салдырған. XVI ғасырдың басында Шибан Хан да кесенені қайта жөндеуден өткізген. XVII ғасырда Әулие Челеби тегін Ясауиге байланыстыруы оның әсерінің жалғасып жатқандығының көрсеткіші. Сонымен, Түркістан қаласынан Қазан және Ыстамболға дейін таралған табылған Диуани Хикмет қолжазбалары да кейінгі ғасырларға тиесілі.
Түрік әдебиетінде алғашқы сопылар атты еңбегінде Фуат Көпрүлү Ясауи әсерін
және Ахмет Ясауи, Жүніс Әмре арасындағы сызықты толық зерттеген. Ахмет Ясауидің кесенесінің бүкіл түркілер тарапынан зиярат етілуі және Түркістан қаласында оның атына Түркия-Қазақстан ортақ университетінің ашылуы Ясауи әсерінің әлі де күшті жалғасып келе жатқандығының нақты айғақтары болып табылады. Диуани Хикмет қолжазбалары кейіннен (XVI ғасырдан кейін) көшіріліп жазылғандығы үшін тілдік жағынан Қарахан түрік тілімен емес, Шағатай түрік тілінің ерекшеліктерін нұсқауда. Тек Ясауи Қарахандықтар кезеңінде өмір сүргендігі үшін оның хикметтерін Қарахандықтар кезеңі әдебиеті ретінде қарастырылуы керек [1:339]. Ұлттың ұлттығын қалыптастыратын екі негізгі арна бар. Оның бірі - дін, екіншісі - тіл. Дін - өркениеттің негізі, ал, тіл - ұлттық мәдениеттің өзегін құрайды. Осы екі арнаның бірі суалатын болса, ұлттың болмыстық тіршілігі тоқталады [2, 258 бет].
1-Қабірі үстінен алып кесене Қожа Ахмет Ясауи
Құран сөздері жазылғандықтан реставраторларға фриздағы жазуды толық қалпына келтіруге мүмкіншілік берді. Бұл жазуда кіріспе сөзбен басталатын Құран Кәрімнің 6-сүресінің 59, 60, 61, 62-аяттары және 63-аяттың бас жағы тұтас берілген. Соңында құрылысшының аты-жөні, құрылыстың аяқталған уақыты жөніндегі мәліметтер берілген [1, 56 бет]. Сол аяттардың арабша мә
тіні яғни Аллаһу табарака уа тағала айтты деп басталады: Аяттардың оқылуы: (59) уәъиндәһу мәфәтихул ғайби лә йәъләмуһә иллә һуу [жим] уәйәъләму мә фиил бәрри уәлбәхр [жим] уәмә тәсқуту миу уәрәқатин иллә йәъләмуһә уәлә хәббәтин фии зулумәтил әрди уәлә рәтбиу уәлә йәбисин иллә фии китәбим мубиин (60) уәһууәл ләз̃ии йәтәуәффәкум билләйли уәйәъләму мә жәрәхтум биннәһәри с̃уммә йәбъас̃укум фииһи лийуқда әжәлум мусәммән [cалә] с̃уммә иләйһи мәржиъукум
с̃уммә йунәббиукум бимә кунтум тәъмәлуун (61) уәһууәл қаһиру фәуқа ъибәдиһи [cалә] уәйурсилу ъаләйкум хәфәзатән хәттә из̃ә жәә әхәдәкумул мәуту тәуәффәтһу русулунә уәһум лә йуфәрритуун (62) с̃уммә руддуу илаллаһи мәуләһумул хаққ [жим] әлә ләһул хукму уәһууә әсрәъул хәсибиин (63) қул мәй йунәжжиикум мин зулумәтил бәрри уәлбәхри тәдъуунәһу тәдарруъау уәхуфйәтәл... [3]. Аяттардың қазақ тіліндегі аудармасы: (59) Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол, өзі ғана біледі. Және құрлықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы құрғақ және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар. (60) Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтып барар жерлерің Сол жақ. Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді. (61) Және Ол, құлдарың үстіне өктем, Сендерге қорғаушылар (періште) жібереді. Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады, әрі еш кемістік етпейді. (62) Одан кейін хақ иесі Аллаға ұсынылады. Сақ болыңдар, билік оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрегі. (63) (Мұхаммед Ғ.С.): Құрлықта, теңіздің қараңғылықтарынан сендерді кім құтқарады? Осыдан бізді, құтқарсаң, әлбетте шүкір етушілерден болар едік деп, оған жасырын жалынып, тілейсіңдер де[3] Ф.Көпрүлүнің мәлімдеуі бойынша Х-ғасырдағы діни-сопылық шығармаларды "хикмет" деп атағанға ұқсайды.
Ал бүгінгі хикметтер Ахмет Яссауидің өлеңдері қамтылған жинақтың аты. Осы есім Ахмет Яссауидің шығармасына ХХІ ғасырдан бастап Яссауи жолын қуушылары тарапынан қойыла бастаған деген пікір айтқан ғалымдар да бар. Өйткені олар сол заманда өмір сүрген Фазлуллаћ бин Рузбиханның Яссауи кесенесінде оқылатын хикметтердің басында Диуани Хикмет деген сөзді кездестірмегенін дәлел ретінде келтіреді.
Әйтсе де Яссауи жолындағылар осы шығарманы Құран Кәрімдегі Нахл сүресінің 125 аятындағы Аллаһ Тағаланың: "Адамдарды Раббыңның жолына хикмет (даналық) және көркем үгіт арқылы шақыр", - деген бұйрығы бойынша, халыққа ислам дінін даналықпен (хикмет) шақыру мақсатында Яссауидің әйгілі шығармасын Диуани Хикмет деп атаған. Өйткені оның өлеңдерінің әрбір сөзі шеберлікпен жазылған даналық (хикмет) болып табылады.
Диуани Хикмет - түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының сөз саптау, өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған алғашқы шығарма, яғни, ислам-түркі әдебиетінің "Құтты біліктен" кейінгі ең ескі шығарма үлгісі.
Осы шығарма Құран сияқты қасиетті жинақ ретінде халқымыздың арасында жақсы сақталды. Бұл жинақ Ахмет Яссауидің өмір сүрген заманынан бастап, күні кешегі Қазан төңкерісіне дейін арада 8 ғасыр өтсе де өзінің маңыздылығын жойған жоқ. Себебі бұл шығарма исламды, сопылықты насихаттау жағынан ерекшеленеді. Сондықтан Диуани Хикметтің халық арасындағы атақ-абыройының жоғарылығы соншалық, өзге діни өлеңдерді де осы шығармаға ұқсатып, "хикметтер" деп атайтын болған.
Диуани Хикметтің ескі тілі қай тіл екенін білу қиыншылық туғызып отыр. Өйткені Ахмет Яссауидің ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін ескерсек, қолымыздығы жазба нұсқаларының ең ескісі - ХІ-ХІІ ғасырларда жазылған нұсқалар ғана. Ал бұл нұсқалар Яссауи дәруіштері тарапынан түрлі тілдерде көшірілген. Сондықтан қазақ жазбасындағы қазақ тіліне, өзбек жазбасындағы өзбек тіліне, татар жазбаларындағы татар тіліне жақын келеді екен.
Диуани Хикмет хикметтерден (даналық) құралған жинақ. Бұл жинақтағы хикметтердің барлығын Ахмет Яссауидің өзі жазбағанға ұқсайды. Ал Ахмет Яссауидің өзі жазған хикметтердің кейбірі жоғалып, оның орнына оның жолындағы бізге беймәлім дәруіштер тарапынан хикметтер қосылып, толықтырылған. Өйткені кейбір хикметтерде Ахмет Яссауиден бірнеше ғасыр кейін өмір сүрген адамдардың аттары (мәселен Несами) кездесіп отырады және бір нұсқада бар хикметтер келесі бір нұсқада жоқ болып шығады. Сондықтан Диуани Хикметті тек Ахмет Яссауидің ғана шығармасы емес, бүкіл Яссауи жолындағылардың шығармасы дегеніміз жөн сияқты. Негізінде бұл шығарманы кім жазса да, хикметтердің мағынасы Ахмет Яссауидің пікірлері деуімізге әбден болады.
Диуани Хикметтің жазба, баспа нұсқаларында хикметтердің саны әр түрлі болып кездеседі. Ал Диуани Хикметтің өзіне үңілсек, онда 4400 хикмет деп көрсеткен.
Құл Хаже Ахмет ћәр бир сөзің дердке дәрман,
Талиблерге баян қылсам қалмас арман.
Төрт миң төрт юз хикмет айттым Хақтан ферман.
Ферман болса, та өлгүнче сөзлесем мен (Қазан-1896ж. 209-бет)
Бірақ хикметтегі бұл өлең жолының шындыққа жанасуы өте қиын. Өйткені Диуани Хикметтің жазба, баспа нұсқаларының Ахмет Яссауиге қатысты деген жинақтардағы хикметтердің саны 250-ден аспайды.
Диуани Хикмет соңғы екі ғасыр ішінде Қазанда, Ташкентте, Станбулда, Бұхарада және Алматыда араб, латын, орыс әріптерінде басылды.
Ислам дінінің негіздерін, шариғат үкімдері мен Әћли сүннет (сүнни) сенімін ислам дінін қабылдай бастаған түркілерге үйрету, сопылықтың мәнісін, тариқаттың әдебі мен негіздерін мүридтеріне түсіндіру Ахмет Яссауи хикметінің басты мақсаты болып табылады.
Ф.Көпрүлүнің айтқанындай, хикметтердің мазмұнын діни-тасаууфи (сопылық) элементтер, пішімін ұлттық элементтер құрайды. Бұл шығармада исламият, Түркістан сопылығы мен Яссауи тариқатының негіздері, сенімдер мен нанымдар, ахлақ т.б. тақырыптар қамтылған. Сонымен қатар мінәжәт, мадақ өлеңдер, Аллаћқа деген ғашықтық, Аллаћтың бірлігі, оның шексіз қалауы мен құдіреті, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік, хазіреті Пайғамбардың шариғаты мен сүннеті, нәпсі тәрбиелеу, зүћд (дүние рахатынан аулақ жүру) пен тақуа (Аллаћтан қорқу), құлшылық, ислам ахлағы, ислам аңыздары, ахирет өмірі, қиямет жағдайы, жәннәт-жәћәннәмды (жұмақ-тозақ) суреттеу, алдамшы өмірден шағымдану, дәруіштердің артықшылықтары, жалған сопылар, мұсылман сопыларының қиссалары, зікір мен қылует сияқты Яссауи тариқатының әдептері мен негіздеріне байланысты жағдайлар қамтылған.
Диуани Хикметте Мұхаммед, Зәкәрия, Исмаиль, Мұса, Әййюб, Жүсіп сияқты пайғамбарлар, Әбу Бәкір, Омар, Осман және Али сияқты сахабалар, Махмұд, Зүннун Мысри, Шибли, Әдхам; Баязит, Мансұр сияқты атақты сопылар, Ләйлә-Мәжнүн, Жүсіп-Злиха сияқты ғашықтар баяндалады.
Жеті жаста Арыстан Бабқа қылдым сәлем...
Осы халде мың зікірін қылдым тәмем...
Құрма беріп, басымды сипап назар қылды...
Мектеп барып, қайнап толып, тасыдым, міне, - деп жазады бұл туралы кейін Ахмет Яссауи.
"Диуани хикмет" кітабындағы "зікір" сөзі - құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер. Арыстан Баб (тегі араб) қожалар дәстүрімен мұсылманшылықты насихаттаған аса ірі сопы болумен бірге, араб, парсы тілдерін жетік білген, оны сүйікті шәкіртіне үйреткен. Ұстазы жеті жасында қайтыс болып, одан сопылық қызмет етуге тәбәрік (бата) алған Ахмет Яссауи он жасынан он жетіге дейін тақуалықпен өмір сүріп, пәк тіршілігімен, әулиелік қасиеттерімен, ізгілікті істерімен аты шығып, ел аузына ілінеді. Бұл жылдары шет жерлерде мұсылман ілімін оқып жетік меңгерген ол он жеті жасында Арыстан бабтың нағыз жолын жалғастырушы ретінде елге танылып, Түркістанға қайта оралады. Алайда Арыстан Бабтың нағыз орнын басуға лайықты болу үшін және сопылық қызметке білімінің әлі де жеткіліксіз екенін біліп, ол 1110 жылы жиырма жеті жасында сол кездері білім ордасы болған Бұқар (Бұқара) қаласына оқуға аттанады. Онда атақты ғұлама мектеп жетекшісі Хамаданиді өзіне "пірім" деп таниды ("пір" - парсы сөзі, жетекші деген мағынаны береді).
Мен жиырма жеті жаста пірді таптым...
Мен жиырма сегіз жаста ғашық болдым...
Отыз төртте ғалым болып, дана болдым...
Отыз бесте мешіт кіріп, дәурен сүрдім...
Отыз алты жаста болдым сақып кемел..., - дейтін "Хикмет" жолдарында Яссауидің Хамадани мектебінде "ғашық", "ғалым", "сақып кемел" сияқты ілім сатыларын, лауазымдарын меңгергені туралы айтылады. Сөйтіп, ол отыз алты жасында сақып кемел болып, Хамадани мектебінің сопылық оқуын толық аяқтайды, өзіндік мектеп ашуға хұқысы бар ең жоғарғы лауазымға ие болады, 1119-1120 жылдары Түркістанға оралады.
Яссауи - өз заманының өкілі. Оның өскен ортасы, тәлім-тәрбиесі ислам діні болып, діни-философиялық дүниетанымы ислам аясындағы сопылық ілім негізінде қалыптасты. Сопылық идеялар ислам дінінің мазмұнын әр халықтың өзіндік болмысымен, тұрмыс-салтымен үндестіруді уағыздады, ортақ мүдделерді біріктіре отырып, оларды мұсылмандық жолға бағыттады. Яғни, сопылық ілімде мұсылман діні жергілікті халықтардың дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, сенім-нанымдарын, бұрыннан қалыптасқан діндерін жатсынбай өз бойына сіңіре отырып, оларды бұқара халыққа мұсылмандық қалыпта ұсынып отырды. Осындай діни философияның бір мектебін қалаған Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімнің түркілік дәстүріне алғаш жол салды. Яссауи салған сопылықтың түркілік дәстүрі түркілердің ежелгі шамандық нанымы мен ислам дініндегі аскетизмін ұштастырды, сөйтіп, ежелгі салт-жораларға мұсылмандық сипаттар берілді: киім үлгілері, бақсылық сарнау мәнерімен айтылатын зікірлер (яғни зікірлер айту кезінде бақсылар бұрынғы бақсылық кереметтерін, әуен, қимыл-әрекеттерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz