Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам мәселесі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Аргарлық факультеті
Реферат
Тақырыбы: Адам
Орындаған: Байжұман Н.
Тобы: АП 20-3К
Қабылдаған: Балтабаев Н.
Орындаған: Байжұман Н.
Тобы: АП 20-3К
Қабылдаған: Балтабаев Н.
2022 оқу жылы
Жоспар
Кіріспе бөлім.
Философия тарихындағы адам мәселесі
Негізгі бөлім.
а).Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам мәселесі
ә).Әл-Фараби философиясындағы адам мәселесі
б).Абай философиясындағы адам мәселесі
Қорытынды бөлім.
Философиядағы адам рөлі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Антропология - адам туралы ілім. Философиялық антропология - адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.
ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетке тиісті антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің дамуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш - Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді. Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі -- әлеуметтік факторлары қарастырмауы.Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.
Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция - бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан , К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Мұнда
барлық қоғамдық қатынастар жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры - адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында диалектикалық байланыс бар: адам - бұл микроқоғам, қоғамның микродеңгейде көрініс табуы, қоғам - бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық қатынастарындағы.
Жеке адам - қоғам мүшесі. Жеке адам туралы ғыл. түсінік адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығыретінде қаралатын биоәлеуметтік организм деген түсінікке негізделеді. Жеке адам -- әлеум-тің индивидте көріну түрі. Әрбір адам - жеке адам. Адамның қоғамдық организм ретінде өмір сүруінің өзі адамдардың өзара әрекетін қажет етеді, әлеуметтік жағдайлар мен басқа адамдардың осы адамға тигізетін әсерін ғана ескеріп қоймай, сол адамның әлеуметтік жағдайларға және басқа адамдарға әсерін ескеру қажет. Адамдардың жеке адам түрінде дамуының қажетті алғышарттарының бірі индивидтердің табиғи қабілеттері екендігі, соған тәуелді болатындығын айту керек, бірақ ол негізінен қызметтің объектісі болып табылатын адам өмір сүретін қоғамда ғана іске асады. Бірақ жеке адамның дамуы әрқилы болғаны абзал. Индивидтердің қай-қайсысы болсын өзінің адам ретінде дамуының объективті жағдайы болатын қоғамның белгілі тарихи формасын табады. Жеке адам ретінде индивид дамуының кеңдігі мен тереңдігі - оның әлеуметтілігі және сол әлеуметтіктің индивидтің қызмет формасына айналуын игеретін кеңдік пен тереңдік, демек сол әлеуметтіктің өзгеруі, жасалуы. Қоғамның тарихи формалары мен типтері -
жеке адамның да тарихи формалары мен типтері. Алғашқы қауымдық қоғамда адамдар көбінесе өмірге қажет заттарды табу арқылы өмір сүреді, олар бір-біріне және өздері өмір сүріп отырған табиғи жағдайлармен тікелей табиғи бірлікте болды, сондықтан көп жағдайда өздерін табиғаттан ажырата алмады, бір-бірінен қоғамдық организм ретінде бөлінген жоқ. Таптық антагонистік қоғамдарда адамдардың өмір сүруінің табиғи ерекшеліктерімен, өндіріс жағдайларымен және олардың тіршілік жағдайларының арасында үйлеспеушілік пайда болып, дамиды, адам мен табиғат арасындағы, адамдардың тапқа бөлінуімен индивид арасында үйлеспеушілік үдей түседі, жеке адамның табиғаттан да, басқа адамдардан да оқшаулануы күшейеді, ол өзін ерекше жеке адам ретінде ұғына бастайды. Бірте-бірте қоғамның барлық мүшелері тарихтың саналы жасампазы, яғни, жан-жақты кемелденген жеке адамға айналады. Жеке адамды ғылымдар зерттейді.Жеке адамды тәрбиелеу мәселелерін шешеді т.с.с. Әр адамның өзіне тән мінез-құлқы, интеллектісі, сезім-түйсігі болады. Сол қасиеттердің толықтығы жеке адамның психикасын құрайды. Жеке адамның психикалық даралығы белгілі бір дәрежеде психикалық күйлерінің өзгеруіне қарамастан әрдайым өз қалпын сақтай алады, ол өмір жағдайлары мен нерв жүйесінің тұрақты ерекшеліктеріне байланысты. Психикалық күй қызмет процесіне, адам болмысындағы өзгерістерге байланысты ауытқып тұрады. Жеке адамның психикалық құрылымы белгілі табиғи ерекшелікті қажет етеді, алайда жеке адам психикасының дамуында қоғамдағы ахуалдар мен олардың өзгеруі шешуші роль атқарады.
Философия тарихындағы адам проблемасы. Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел бола алады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.
Философияның мәселесі - бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға субъективтің ішкі дүниесінің объективтікке қатынасы. Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі
және түбегейлі мәселелері болып табылады.Философиядағы адам мәселесі фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Ертедегі Шығыс ойшылдарының көбі, өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемаларын алған. Көне замандағы Мысырлықтар философиясының объектісі құдайлар мен әділеттік мәселесі деп біледі. Бұдан 25 ғасыр бұрын өмір сүрген әйгілі Қытай философы Конфуций өз ілімінде адам, адам-сүйгіштікпроблемасын алды. Оның түркі тұжырымы ретінде аспан концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де білдіреді. Оның философия негізін адам, оның өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни антропоцентристік сипат алады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие болған адам мораль заңына - даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл қасиеттерді оқу үрдісінде жетілдіруі тиіс деп жазды.
Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір қатынастар жүйесінде өмір сүреді. Тікелей антропологияға өту софистердің сыншыл, ағартушылық әрекетімен және философиялық этиканың негізін қалаған Сократтың еңбегімен байланысты болды. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады. Ол игілік-білім деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципін негіздейді. Сондықтан да қайырымдылық пен әділеттілікті таныған адам жаман және әділетсіз қылық жасамайды. Адамның міндеті ақиқатты тану негізінде үнемі адамгершілік парасаттылыққа ұмтылуда. Бұл ең алдымен өзіңді-өзің тануға, өз адамгершілігіңнің мәнін ұғуға бағытталады.
Ежелгі Грециядағы адам мәселесі өз мемлекеттеріне, бағыттар мен позицияларына қарай әр түрлі болып келеді. Ортағасырлық адам ең алдымен құдай бекіткен әлемдік тәрбиенің бөлігі ретінде қарастырылады.Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми білімнің ықпалымен қалыптасты. Жаңғыру дәуірінің философиясы
адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел бастағы күнәқарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның қайырымдылыққа, бақытқа және үйлесімділікке табиғи ұмтылысты бекітеді. Бұл философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән.
И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Декарт сияқты Кант та антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, оның дуализмі жан мен тән дуализмі емес, адамгершілік- табиғи дуализм. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиғи қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік, еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Гегельдің антропологиялық концепциясы, оның бүкіл философиясы сияқты рационолизмге тұнып тұр.Ол адамның рухани әрекет субъектісі және жалпы маңызды рух пен ақыл-ой тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын дәлелдеді. Фейербах болса тірі, эмперикалық адамның маңыздылығын тиянақтайды. Ол адамды ең алдымен табиғаттың бөлігі, сезімдік-тәндік жан ретінде таниды.
Өмір философиясы адам ерекшелігін бірде органикалыққа, биологиялыққа жақындайтын, бірде мәдени тарихи мәнде түсіндірілетін өмір феноменінен көрінеді. Экзистенциализм, ең біріншіден, индивидуалды адам өмір сүруінің шынайылығына мазасызданады.Ғылымның қазіргі жетістіктері адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтік факторлар да маңызды роль атқаратын эволюциялық даму өкілі деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Адамның мәні адам туралы философиялық ілімнің өзегін құрайды.
Философия мен мәдениет тарихындағы ең алғашқы жүйелерден бастап, қазіргі күнге дейін қайта-қайта қойылып, бірақ өз шешімін таба алмай келген мәселеге адам болмысындағы рухани және тәндік бастаулардың арақатынасын анықтау жатады. Бұл адамның экзистенциалды болмысында мәжбүрсіз дилемма түрінде қалыптасқан: ешкім тәнін тастап кете алмайды және осыны тек рухы арқылы түсінеді. Тек фантастикалық, аңыздық, мифологиялық қиялдарда ғана жан денені уақытша қалдырып, әлемді аралап, сосын қайтадан оған ене алады. Бірақ, жанын күтіп бос жатқан тән феномені нақтылы адамдық тәжірбиеде кездесті деген куәлікті немесе айғақты кездестіре алмаймыз. Бұл айтылғандар аксиоматикалық қағидалар сияқты. Алайда, түсінбеушілік пен пікірталас осы екі адамдық болмыс бастауларын ұғындырамын деген әрекеттердің қалтарыстарынан көрініп тұрады. Тіпті, жәй көзқарас үшін қарапайым тәрізді болып көрінетін жан мен тәннің табиғатын түсіндіруде талай шешімі қиын түйіндер мен алынбаған белестер
кездеседі.Аристотель адам өмірінің барлық игіліктерін үш топқа бөлген. Бірақ олар бір-бірінен ажыратыла әрекет етпейді. Сол себепті, дейді Аристотель, мынадай деп ажыратқан маңызды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz