Программалау тілдерімен танысу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Информатика пәнінде бағдарламалау тілдерін қолдану әдістемесі
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111093 Информатика мұғалімі
Тобы: И-И-17

Орындаған: Рахым А.
Жетекшісі: Абайдуллаева Р

Қызылорда, 2021ж
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. ОРТА МЕКТЕПТЕ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ... ... ... ..5
1.1 Бағдарламалау тілінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Бағдарламалау тілінің деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
II. БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Python, Java программалау тілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
III. ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕМНЕН ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.1 Программалау тілінде жұмыс жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.2 Қысқа мерзімді жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .28

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Қазіргі таңда әлемде мемлекеттің ұлттық құндылығы мен бәсекелесу қабілеті туралы объективті ақпарат адам капиталының интеллектуалдық өлшемі арқылы анықталады. Бәсекелестіктің жоғарғы қабілетіне жету үшін заманауи, әрі тиімді білім беру жүйесін қолдау керек.Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты Жолдауында ғылым және білім беру жүйесін жетілдірумен байланысты сауалдар маңызды орын алады - бұл Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуі. Н.Ә. Назарбаев білім беру жүйесін жаңғырту кезінде оқыту үдерісіне заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, негізгі педагогикалық білім беру стандарттарын күшейту, мектеп пен ЖОО оқытушылар біліктілігін арттыруының талаптарын күшейту сияқты шараларды жүзеге асыру керек екендігін белгіледі.Ақпараттық - коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді
Зерттеу мақсаты
Қазіргі білім парадигмасы негізінде болашақ информатика мұғалімінің тұлғасын қалыптастыру;
Жоғары оқу орнындағы болашақ информатика мұғалімінің өзін дамытуына, өзін іске асыруға бағдар беру арқылы практикада оқытудың жаңа технологияларын ендіру;
Қазіргі педагогикалық технологиялар туралы түсінік қалыптастыру;
Оқыту технологиялары туралы нақты білім мен қолданудың практикалық білігін қалыптастыру, инновациялық іс-əрекетке баулу;
Сабақ үстінде және үй тапсырмасын орындау кезінде оқушылардың интеллектуалдық әрекеттерін ынталандыру;

Зерттеу нысаны
Информатика пәнінде бағдарламалау тілін қолдану,бағдарламалау тілінің жіктелуін, деңгейін анықтау,сабақ барысында қолдану.Программалау тілінде жұмыс жасау.

Зерттеу пәні
Информатика пәні

Зерттеу міндеттері
+ Информатика пәнінде бағдарламалау тілдерін қолдану.
+ Бағдарламалау тілінің жіктелуін анықтау.
+ Программалау тілінде жұмыс жасау.
+ Программалау тілін сабақ барсында қолдану ерекшеліктерін анықтау.

Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыс кіріспеден, бес бөлімнен, бес тақырыпшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

I. ОРТА МЕКТЕПТЕ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ
Президентіміздің нақты тапсырмасына сәйкес, Республика Үкіметті орта білім беру мекемелерін ісіне қазірдің өзінде кірісіп кетті. Алайда, білім беру мекемелерін компьютерлендіру дегеніміз өзі сандық көрсеткіштер арқылы өлшенбек емес.
Мектепте информатиканы оқытудың маңызы - әрбір оқушыға информатиканы ғылыми негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беріп, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі заманда адам көп істі компьютер пайдалану арқылы атқарады.
Кез - келген міндетті орындау алгоритмінің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын- ала жазылуын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзеледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмдерді құру екені көрінеді.
Қазіргі қоғам өміріндегі алгоритмдеудің рөлі оны пайдаланудың техникалық аспектілерімен ғана айқындалмайды. Алгоритмдік қатынас адамның күнделікті өмірімен,олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз. Басым көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның әр мезетте, қандай ретте не істеу керек әрекеттер қорытындысы қандай болуы керек. Бұл белгілі дәрежеде алгоритмдерді құрастыру мен пайдалана білуге қатысты.
Информатика және есептеуіш техника негіздері пән ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы. Мұнда алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі кезде кең тараған программалау тілінің бірі.
Информатика пәнінің мектеп пәні ретінде енгізілгеніне біршама жылдар болды.Ал программалау информатика курсының дәстүрлі тараулары болып есептеледі.Программалау дегеніміз ЭЕМ-нің программалық қамсыздандыруының өңделуінің қызметін атқаратын информатиканың бөлімі, нақты мағынада программалау белгілі бір программалау тіліндегі кез-келген программаны өңдеу процесін білдіреді.
Жаңа ақпараттық технологияларды құрумен айналысу үшін де программалау тілдерін меңгеру қажет. Программалау сабақтарының негізгі мақсаты оқушыларды программалау тілдерімен таныстыру және есептеу алгортмдері мен жоғары тілде оларды программалауғ үйрету. Сондай-ақ оқушылардың программалау жүйесімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Негізгі мәселелер
o Информатика бөлімі ретіндегі программалау.
o Өлшемдермен жұмыс істеу алгоритмі.
o Әртүрлі құрылымды есептеу алгоритмдерін құру.
o Программалау тілдерімен танысу.
o Программалау тілінің нақты бағытын анықтау.
ЭЕМ-дегі программалаудың бірден-бір құралы болып программалық қамсыздандыру болып табылады. Программалау - шығармашылықтың профессионалдық саласы болып табылады. Ол өте маңызды қазірі заманға сай перспективті мамандық екеніне барлығының көзі жеткен.Программалауды мектепте және жоғарғы мектепте оқыту әдістемелері өзгеріп,өңделіп отырады. Қазіргі кезде программалау негіздері орта мектептің 9 сыныбында Б.Бөрібаев,Б.Нақысбеков пен Г.Мадиярованың Информатика және есептеуіш техника негіздері оқулығы бойынша оқытылады. Программалауды оқытудың әр түрлі парадигмалары бар және әрқайсысының өз ерекшелігі мен артықшылықтары бар. Негізгі парадигмаларға жататындар
o Процедуралық программалау (Паскаль, Бейсик, Си+, Java, Ассемблер)
o Логикалық программалау
o Функционалды программалау
o Нысаналы-бағытталған программалау.

1.1 Бағдарламалау тілінің жіктелуі
Программалау тілдері төмендегідей болып бөлінеді:
* Машиналды бағытталған
* Жоғары деңгейдегі программалау тілдері.
Қазіргі кезде барлық программалаушылар жоғары деңгейдегі программалау тілдерін пайдаланады. Программаның кез-келген тілінде есептің шешу алгоритмін командалар жиыны ретінде көрсетеді. Жоғары деңгейдегі бір каманда процессордың бір операциясын емес, жалпы бірнеше операцияларды анықтайды. Базалық курста жоғары деңгейдегі программалау тілдерін оқыту тек таныстыру ретінде болады.
Программалау тілінде камандалар, әрекеттермен операцияларды жазу ережесі айқын бекітілген. Бұл ережелер тіл синтаксисін құрайды. Ал алгоритмі блок-схема немесе алгоритмдік тілде сипаттау барысында программаларды жазудың синтаксистік ережесін сақтау міндет емес. Программалаушы алгоритмді өзі үшін дайындық ретінде жазып алады. Сондықтан да алгоритм мағынасы программалаушының өзіне түсінікті болса болғаны.
Бағдарламаны жобалауға арналған әр түрлі амалдар мен тәсілдер бар. Қазіргі кездегі амал абстракцияны қолданып декомпозициялауға негізделген. Архитектурасын жобалау әдістері екі топқа бөлінеді: өңдеуге бағытталған және деректерге бағытталған. Өңдеуге бағытталған әдістер келесі идеялардан тұрады: модульдік бағдарламалудан, функционалдық декомпозициядан, деректер ағымын қолдана отырып жобалаудан, жобаны құрылымдық талдау технологиясынан. Деректер құрылысын қолдануға бағытталған жобалау әдісін, Джексон әдістемесіне, Уорнер әдістемесіне, иерархиялық диаграмма әдістемесіне, жобалаудың объектіге-бағытталған әдістемесіне бөледі. Модельдерді құру барысында екі принціпті қолданады: дедуктивті (жалпыдан жекеге) және индуктивті (жекеден жалпыға). Есептегіш емес алгоритмге сұрыптау және іздеу жатады. Сызықтық іздеу процедурасы сілемнің барлық элементтерін қарапайым тізбектеп қарап шығудан және оларды эталонмен салыстырудан тұрады. Тең бөліп іздеу реттелген деректерге қолданылады. Келесі сұрыптаулар аса кеңінен қолданылады: қосу, таңдау және алмастыру көмегімен. Екілік қосу әдісі. Қосумен жақсартылған сұрыптау. Ағаш көмегімен сұрыптаудың жақсартылған әдісі. Шейкерлі сұрыптау. Қабыршақ әдісі. Файлдарды сұрыптау.
Құрылымдық бағдарламалу. Ішкі бағдарлама - қажет әрекеттерді орындайтын және бастапқы кодтың басқа бөлімдерінен тәуелсіз операторлар жиыны. Процедуралар мен функциялар. Ішкі бағдарлама парметрлері. Формальді және фактілі, глобальді және локальді параметрлер. Ішкі бағдарламаны шақыру тізбегін басқару.
Модульдік бағдарламалу. Негізгі идея - бағдарламаны әрқайсысы бір немесе бірнеше әрекеттерді орындайтын модульдер тізбегіне бөлу. Модуль - библиотеканы құру үшін және үлкен бағдарламаларды логикалық байланысқан блоктарға бөлу үшін арналған арнайы бағдарламалық бірлік. Модульге қойылатын жалғыз талап - оның орындалуы әрқашанда бірінші командадан басталып, әрқашанда ең соңғы командамен аяқталу керек. Модуль құрылысы.
Объектіге-бағытталған бағдарламалу. Объект, класс түсінігі. Мұрагерлік. Полиморфизм. Инкапсуляция. Визуалды бағдарламалау.
1.2 Бағдарламалау тілінің деңгейі
Программаларды жасауда қазіргі заманғы компьютерлерде әр түрлі деңгейдегі программалау тілдері пайдаланылады.
Жалпы жағдайда тіл деп информацияның жазылыуын және оның түрленуін белгілі ережелер бойынша формальды етіп беруші құралдарды түсінеміз.
Тілдің құрамында информацияның негізгі элементтерін құрудың құралдары және осы элементтерден әр түрлі мазмұнды құрылымдар құруға арналған ережелер жүйесі бар.
Программалау тілі деп деректерді жазуға және оларды белгілі ережелер бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді байланыстыратын формальды тілді айтамыз.
Програмалаудың әр түрлі тілдерін пайдалану.
Әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болатын бірнеше жүздеген программалау тілдері бар. Ең жалпысы тілдің машинаға жақындық дәрежесі бойынша жіктеу болып табылады. Осы белгісі бойынша программалау тілдері екі үлкен топқа бөлінеді:
o машинаға тәуелді тілдер
o машинаға тәуелсіз тілдер
Машинаға тәуелді тілдер өз кезегінде былай бөлінеді:
o машина тілі
o машинаға бағдарланған тілдер
Машинаға бағдарланған тілдер кейде автокодтар деп те аталады. Машинаға бағдарланған тілдердің екі деңгейі бар:Символдық кодтау тілдері, басқаша айтқанда мнемокодтар макротілдер
Макротілдер машина тілінің командаларына тікелей ұқсастығы жоқ макрокомандаларды пайдалануға рұхсат етеді. Макрокомандаларды пайдалану программаны қысқартады әрі тілді жасау құралдарының жиынын кеңейте отырып программалаушының еңбегінің өнімділігін арттырады.
Машинаға тәуелсіз тілдер программаларды бөлшектеу дәрежесіне қарай екі топқа бөлінеді:
o процедуралы-бағдарланған тілдер;
o проблемалы-бағдарланған тілдер;
Процедулалы - бағдарланған тілдер есепті шешу алгоритмін сипаттауға арналған, сондықтан да оларды кейде алгоритмдік тілдер деп те атайды. Алгоритмдік тіл деген ұғым программалау тілі деген ұғыммен сәйкес елмейді. Егер алгоритмдік тілде жазылған алгоритмдік жазу компьютерге ендіруге тікелей жарамды және дайын жұмысшы программаға түрленетін болса, онда мұндай алгоритмдік тіл программалау тілі де бола алады. Кейбір алгоритмдік тілдер тек оларға кейбір құралдарды қосқаннан кейін ғана программалау тілі болады.
Проблемалы - бағдарланған тілдер есептерді сипаттау үшін қызмет атқарады.
Бірақ алгоритмдік тілдер өздігінен барлық проблеманы, тіптен программаны да шеше алмайды. Мұндай тілде жазылған программа компьютерде тікелей орындалмайды, ол орындалу үшін алдын ала сол компьютердің машина тіліне аудару жеткілікті қиын мәселе болып табылады.
Алгоритмдік тілден программаны машина тіліне аудару жұмысын компьютердің әмбебаптығын пайдаланып, оның өзіне жүктеуге болады. Бұл үшін әрбір алгоритмдік тілден машина тіліне формальды аударуға яғни аударудың ережесін алгоритм түрінде тұжырымдауға мүмкіндік беретіндей болуы керек. Егер, осы алгоритмді бір рет машиналық программа түріне келтіріп алсақ, онда одан кейін осы программаның көмегімен компьютердің өзі берілген алгоритмдік тілде жазылған кез келген программаны нақтылы компьютердің машина тіліне аударып бере алады. Мұндай арнайы аудармашы-программа жоғарыда айтқанымыздай транслятор деп аталады.
Машина тілі компьютердің ақпараттық бөлігі тікелей түсінетін жалғыз тіл:ол - машина тілі.

Машина тілі деп копьютердің құрамындағы процессор командаларының кодын айтамыз.
Архитектурасы әртүрлі процессорлардың машина тілдері де түрліше болады. Тек өзара үйлестірілген процессорларда ғана машина тілдері бірдей болады. Мұндай процессорлардың командалар жүйесі төменнен жоғары қарай үйлесімділікте болады деп айтылады.
Сонымен әрбір компьютердің өзінің машина тілі болады және ол тек осы тілде жазылған программаларды ғана тікелей орындай алады.
Машина тілінде программалау деп программаға енетін командалардың реальды кодтарын тікелей жазуды айтамыз.
Осылауша машина тілі цифрлар тілі бола отырып, программа жасаушы адамнан программаны жазуға және оны жөндеуге көп уақыт жұмсауды талап етендіктен, программалау үшін жарамдылығы шамалы болады.
Ассамблер таңбалар (символдар)тілі бола отырып,белгілі бір дәрежеде машина тілінде программа жасаудағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.
Ассамблер тілінде программаның барлық элементтері таңбалармен берілетіндігі оның басты артықшылығы болып табылады.Басқаша айтқанда ассамблер тілінің машина командаларының цифрлық кодтарын әріптермен немесе әріп-цифрлармен таңбалауға және деректердің таңбалық аттарын пайдалануға мүмкіндік беретіндігі оның машина тілінен айырмашылығы болып табылады. Ассамблер тілінің командаларын машина тіліне аударғанда машина командасын білдіретін әрбір оператор осы команданың цифрлық кодтарымен алмастырылады. Командалардың таңбалық аттарын олардың екілік кодтарына түрлендіру жұмысы программа жасаушы адамды өте қиын әрі күрделі машақаты көп жұмыстан босататын және бұл жағдайда құтиылоуға болмайтын қателіктерден құтқаратын арнайы программа-ассамблерге жүктеледі.

Ассамблер тілінде программалауда пайдаланылатын таңбалық аттар программаның семантикасын, ал команданың қысқартылып берілген атаулары оның негізгі функциясын білдіреді.Мысалы, ADD-қосу, SUB-азайту, PARAM-параметр т.с.с.Мұндай аттарды программа жасаушылар оңай есінде сақтайтын болады.

Ассамблер тілінде программа жасау үшін машина тілінде программа жасағандағыдан көп күрделі құралдар қажет болады:
сыртқы құрылғылармен жабдықталған дербес компьютер;
процессордың түріне қарай резиденттік немесе жүйелік программалар
Машина тіліне қарағанда ассамблер тілі едәуір күрделі, программаларды ұтымды жазуға және жөндеуге мүмкіндік береді.
Ассамблер тілі машинаға бағдарланған тіл, яғни процессордың әрбір командасына таңбалық ат меншіктейтіндіктен машина тіліне және процессордың құрылысына тәуелді тіл болып табылады.
Программа жасауда ассамблер тілі машина тіліне қарағанда программа жасаушылардың еңбек өнімділігін арттыруға сонымен бірге процессордың программалық және аппараттық ресурстарын толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұл біліктілігі жоғары программалаушыларға жоғары деңгейлі тілдермен жасалған программамен салыс - тырғанда компьютердің жадында аз орын алатын жылдам жұмыс істейтін программалар жасауға мүмкіндік береді.
Ассамблер тілінің осындай артықшылықтарына байланысты ендіру-шығару құрылғыларын басқарушы программалар неше түрлі жоғары деңгейлі тілдердің көптігіне қарамай ассамблер тілінде жазылады.
Ассамблер тілінің көмегімен программа жасаушы адам мынадай параметрлерді бере алады:
процессордың машина тілінің әрбір командасының таңбалық атын;
ассамблер тілінде жазылған программалық қатардың стандартты пішімін;
командалардың нұсқаларын және адрестеудің тәсілдерін қалай көрсету керектігі туралы пішімді;
таңбалық тұрақтыларды және бүтін сандық тұрақтыларды әртүрлі санақ жүйелерінде көрсету үлгілерін;
программалауды ассамблерлеу (транслациялау) процесін басқарушы пседокомандаларды.
Ассамблер тілі кез келген компьютерге түсінікті,өйткені басқа барлық тілдерге қарағанда машина тіліне ең жақын тіл ол ассамблер тілі. Бұл тіл копьютнрмен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Сондықтан да ассамблерді оқу дегеніміз процессордың өзін оқып үйрену деген сөз. Ассемблер тілінде жазылған программа кез келген басқа тілдерде жазылған программаларға қарағанда өте тез орындалады. Мысалы, ассемблер тілінде жазылған программа дәл осы программаға баламалы СИ немесе Паскаль тілдерінде жазылған программалардан екі-үш есе, ал BASIC тілінде жазылған программалардан он бес және онда да көп есе тез орындалады.
Ассемблер тіліндегі программалар басқа тілдерде жазылған программаларға қарағанда өлшемі жағынан шағын болады, сондықтан компьютердің жадын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ассемблер тіліндегі программалар компьютердің барлық мүмкіндіктерін толық ұтымды пайдалануға сізге жол ашады.
Ассемблер тілін әрқайсысы машина командаларының бір тобына баламалы макрокомандалармен толықтыру жүйе қолданылады. Мұндай тіл макроассемблер тілі деп аталады. Макрокомандаларды пайдалану ірі құрылыс блоктарының программалар құруға мүмкіндік береді және ассемблер тілін жоғары деңгейлі тілдерге жақындатады.

II.БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Паскаль бағдарламалау жүйесі ортасымен жұмыс істеу тәсілдерін игеру. Бағдарламалау - информатиканың бөлімі, оның міндеті - ЭЕМ үшін бағдарламалық қамсыздандыруды жасау. Шын мәнінде, бағдарламалау сөзі - белгілі бағдарламалау тілінде бағдарлама жасау үрдісін белгілейді. Жүйелік БҚ құралдарын және жүйелік бағдарламалауды жасауды жүйелік бағдарламалау, қолданбалы бағдарламаны жасауды қолданбалы бағдарламалау деп атайды. Бағдарламаушыларда жасайтын бағдарламаларына байланысты осы принцип бойынша бөлінеді. Қазір бағдарламалаудың әртүрлі парадигмалары дамыған және олардың әрқайсысын оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар.Классикалық, әмбебапты және ең көп тараған процедуралық парадигма болып табылады. Мектепте көбінесе процедуралық Паскаль немесе Бейсик тілі оқытылады. Ары қарай бағдарламалау сөзін дәл осы процедуралық парадигма деп түсінеміз.
Мұғалімің алдында мына проблема пайда болады: шамалармен жұмыс істеу алгоритмдерін құру әдістерін оқытуды және бағдарламалау тілін қалай байланыстыруға болады? Қарастырудың екі нұсқасы болуы мүмкін: 1) алдымен әртүрлі алгоритмдер қарастырылады, оларды сипаттау үшін блок-схемалар және АТ қолданылады; одан соң - бағдарламалау тілдерінің ережелері, құрылған алгоритмдерді бағдарламаға аудару әдістері қарастырылады. 2) алгоритмдеу және бағдарламалау тілі қатар игеріледі. Біз екінші нұсқамен қарастыру әдістемесін қолдануды ұсынамыз. Себебі алгоритмдеуді және бағдарламалауды тек теориялық түрде оқу тиімсіз екені белгілі. Сондықтан оқушылар құрған алгоритмдерінің дұрыстығын компьютерде тексеруге ертерек мүмкіндік алулары қажет. Бағдарламалау тілімен танысу және бағдарламалау жүйесі ортасында жұмыс жасау тәсілдерін игеру алгоритмдеумен қатар жүруге тиіс. Бағдарламалауға үйретуді типтік есептердің мысалдары негізінде және алгоритмдердің құрылымын біртіндеп күрдендіру арқылы өткізу қажет. Алгоритмдердің негіздік құрылымдары дегеніміз - шектелген блоктардың жинақталымы және әрекеттердің әдетті тізбектерін орындау үшін оларды қосудың стандартты әдістері. Құрылымдық белгісі бойынша алгоритмдер мына негіздік құрылымдарға жіктелетіні белгілі: Сызықты құрылымды - алгоритмнің бұйрықтары үзілісті тізбекпен, бірінен кейін бірі орындалады. Әдетте, формула бойынша есептеу ұйымдастыруға қолданылады. Тармақталу құрылымды алгоритм белгілі шартқа тәуелді ұйымдастырылады. Мұндай алгоритмде, әдетте, логикалық шартты тексеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні дәрістер кешені
Логикалық программалау
Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтың мақсаты
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
СИ бағдарламалау тілі және жобалануы туралы
Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері жайлы
Ақпараттық технологиялар саласы
Java
Borland Delphі ортасының интерфейсі
Компьютер жұмыс істеу
Пәндер