Қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай хан бейнесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
№мектеп

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай хан бейнесі

Бағыты:
Орындаған: ттттттт
Мектеп:
Сынып:

Ғылыми жетекшісі:

Жетекшісі:

Қала. 2023 жыл

МАЗМҰНЫ:

І Кіріспе
Артық туған Абылай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Қазақ фольклоры мен Абылай хан туралы аңыздар
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2.2. Қазақ аңыздарындағы Абылай хан бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

І КІРІСПЕ

Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті.
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақ тарихының ерлікке толы кезеңдерінің бірі ХҮІІІ ғасыр. Шоқан Уәлихановтың бұл дәуірді ерлік ғасыры (эпоха рыцарства) атағаны да сол себепті болар. Өкінішке орай, Советтік тарихнама мен әдебиет бұл кезеңді тек Ақтабан шұбырындымен ғана байланыстырып, Елім-айлап жылаумен, гөй-гөймен болды, сол кездегі саясатқа біздің ерлік дәстүрлеріміз үндес келмеді. Оның үстіне ерлік дәуірінің басты оқиғаларын зерттеу және көпшілікке таныту, сол дәуірдің қаһарманы Абылай ханның өмір баяны, сыртқы саясаттағы сайыпқырандығы мен ерлік істерін еске түсіру, оның жанындағы ірі мемлекетшіл тұлғаларды дәріптеу қазақ есіне тәуелсіздікті түсірер еді.
Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналған Абылай туралы Адам Атадан Абы - - лайға дейін, Абылайдан ке - йін де Қазақбайдың баласы Абы - лай тұсындағыдай өмір сү - ріп көрген жоқ деген Мәшһүр Жү - сіптен немесе Қазақтардың аңыз-әфсаналарында Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі - қазақтың ерлігі мен серілігінің ғасыры деген Шоқаннан асырып айту қиын.
Зерттеудің маңыздылығы.Тарихи аңыздар - ұлттық фольклордың көркемдік ерекшелігі, тағылымы терең салаларының бірі. Аңыздар - сан ғасырлар бойы халықтың өткенін білуге, тануға деген сұранысы мен қызығушылығын өтеп келген бай рухани қазына. Онда қазақ руханиятына қатысты көркемдік танымдармен қатар ұлт пен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы тарихында болған оқиғалар мен айтулы тұлғалар туралы хабар-деректер де сақталған. Өкінішке қарай, айрықша рухани әрі тарихи маңызға ие аңыздар осы күнге дейін арнайы зерттеудің нақты нысанына айнала қойған жоқ. Аңыздардың көркемдік мән-мағынасы мен қоғам тарапынан үлкен сұранысқа ие тағылымын мақсатты түрде жүйелі, кешенді қарастыру ғылыми межеден тыс қалып келді. Сондықтан аңыздарды тұтас фольклорлық жанрлар жүйесінде қарастыру және оның ұлт тарихындағы ақтаңдақ тұстарды қалпына келтіруге көмектесетін дерек көзі ретіндегі танымдылығын көрсету - көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын айқындайтын басты сипаттардың бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу жұмысының алға қойған басты мақсаты - Абылайханды ұлы тұлға ретінде көрсетіп, оның тарихи сахнада алатын орнын бағалау, ардақты бабамыз Абылай ханның жетістіктері мен жемістерін бүгінгі ұрпаққа жария ете отырып, қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай ханның бейнесін ашу.
Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында мынадай міндеттерді шешу көзделді:
Абылай хан туралы аңыздарды жүйелей, кешенді түрде қарастырып, аңыздардың тарихилығы мен көркемдік белгілерін ашу. Аңыздардың фольклорлық жанрлар жүйесіндегі ролі мен маңызын талдау, зерделеу. Аңыздардың ортақ сюжеттік құрамын белгілеу;
Аңыз бен тарихи шындықтың арақатынасын талдап, белгілі тұлғалар мен олардың фольклорлық бейнесі арасындағы байланысы мен айырмашылықтарын көрсету;
Тарихи аңыздарда жиі кездесетін тұрақты мотивтерді сипаттау.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Қазақ фольклоры мен Абылай хан туралы аңыздар сабақтастығы

Аңыз әңгімелер бір жағынан әдеби мұра болса, екінші жағынан тарихи мәні бар мұра. Өйткені аңыз әңгімелер тарихи қайраткерлер жайында әңгімелейді, халықтың тарихқа қатысын, көзқарасын танытады. Маңызды оқиғалар мен көрнекті тұлғаларға берген халықтың бағасын, қарым-қатынасын көрсетеді.
Фольклорлық шығарманың жүйелі сюжетін құруда мотивтер ерекше қызмет атқарады. Қазақ аңыздарында жиі кездесетін тұрақты мотивтерді Абылай туралы аңыздардан да кездестіреміз.
Жетімдік. Атақты тұлғалардың жас күнінде жетімдік күйін шегіп, елден жыраққа кетіп аңшылықпен, болмаса қарапайым кісілердің қолында малшы болып күн кешіп, кейін өзіне лайықты орынға (таққа) ие болуы - фольклорда жиі кездесетін мотив. Жетімдік - болашақ билеушінің ғұмырнамасындағы ажырамас, тұрақты бөлік. Ол - кейіпкерді төменнен жоғарыға қарай өрлетудің тұрақты формасы, халық эстетикасының қаһарманды дәріптеу мақсатынан туындаған көркемдік тәсілі. Халық аңсары мен тілегі билік басындағы ханның тағдырын қара бұқараның тағдырына ұқсас болуын қалайды және билікке өз басының жеке қадір-қасиеті арқылы көтерілген кісінінің келгенін көксейді.
Бұл мотив Абылай хан туралы аңыздарға да тән. Әкесі Түркістанды жаулап алған көрші билеушінің қолынан қаза тапқан он үш жасар Абылайды оған қалтқысыз берілген бір құлы аман алып қалады. Ол оны қазақ даласына алып қашады. Қазақ даласына келген Абылай Жақсылық руының бір бай кісісіне қызмет етеді
Лақап есім. Эпикалық сюжеттердегі тұрақты кездесетін мотивтердің бірі - болашақ лауазым иесінің немесе батырдың лақап есіммен жүруі.
Қазақ аңыздары лақап есімді таңуда қаһарманның лауазымы мен атқарған ерлік істеріне байланысты беретін көне түркілік дәстүрді сақтаған. Ел билеген хандардың бір тобына даналық, данышпандық қызметтері үшін (Әз-Жәнібек, Әз-Тәуке хан) әз деген лақап қосылса, жауға қарсы ерлік, батырлық істерімен көзге түскен хандарға арыстан, ер, салқам, баһадүр (Еңсегей бойлы ер Есім, Салқам Жәңгір, Әбілқайыр баһадүр, Абылай баһадүр ) деген лақап есімдер қосылып отырады.
Болашақ батырлардың жастайынан жетім қалып, халық арасында қиындық көріп өсуі, лақап есіммен жүруінің арғы түбінде халықтың елді, жерді қорғаған қаһарманды дәріптеуі жатыр. Жұртшылық өзінің сүйікті батырын барлық қиындықтарды жеңе білетін, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын көріп өскен, өзі де соны басынан кешкен, қалың халықтың арасынан шығып, құдай берген қадір-қасиетінің , ата-анасынан дарыған тектіліктің арқасында биік тұғырға көтерілген ұлы қайраткер етіп көрсетуге тырысады, оны барынша көтермелеп, асқақтата бейнелейді. Бұл - халықтың арман-тілегіндегі қаһарманды төменнен жоғары қарай көтеру жолы.
Абылай алғашқы ерлік көрсеткенге дейін Сабалақ деген есіммен ұсқынсыз, көріксіз кейіпте тегін әдейі жасырып жүреді. Қолайлы сәтті күтеді. Тегін жасырған, сырты ұсқынсыз, киген киімі көріксіз, шашы таз кейіпкерлер қазақ фольклорында жиі кездеседі. Олар керекті уақытында ақылды, қу, тапқыр болып шыға келеді.
Алғашқы ерлік.Түркілік аңыз-жырларда батырлар көрсеткен алғашқы ерлік түрлері сан алуан. Қаһарманның алғашқы ерлігіне жеке дара жауға шауып, асқан батырлық көрсету, жабайы аңды өлтіру, түрлі күрес, сайыста жеңіп шығу, т.б. жатады. Алғашқы ерлік сынына дейін болашақ батыр елеусіз, атақ-даңқсыз жүреді. Ал аталмыш сыннан өткеннен кейін ол шексіз құрметке, атақ-даңқа ие болады, ер атанады. Сабалақтың жаңа батырлық Абылай есімі қалмақ батыры Шаршыны жеңгеннен кейін қойылады. Кісі қолында жалшы болып, елеусіз күн кешіп жүрген жетім бала Сабалақ ел назарына бірден батырлығымен ілінеді. Батырлық - оның өзін танытудағы аса маңызды бекет. Қаһарманның мұндай сын бекеттен өтуі - бүкіл фольклорға тән көрініс. Ерлік істен кейін Абылай қайта түлеп, өзіне лайықты есімге ие болады, қолдаушы, жанашыр туыс табады. Алғашқы ерлікке дейін жас жетім қаншалықты елеусіз болса, одан кейін, керісінше, соншалықты шексіз құрметке бөленеді. Абылайдың халық құрметіне ие болуына жол ашқан басты қадір-қасиеті, әрине, оның жеке басының жауынгерлігі, ер жүрек батырлығы.
Қаһармандық істері мен жорықтары. Абылайдың қаһармандық жорықтары дін немесе шексіз билікке ие болам деген билікқұмарлық емес, қазақ халқының қалмақ пен қырғызға кеткен кегін, өзге жұрт билеген қазақтарға өз биліктерін қайтару мақсатында болды. Орыспен жауласпады - ел болды, шүршітпен жауласпады - ел болды, екеуіне де тіл болды. Өзіне-өзі әбден келді, кемеліне толды. Енді Үргеніш, Бұқара, Қоқан, Ташкент жанындағы қазақты сыртқа билетіп қоймаймын деп, үш жүздің баласына жар шақыртып, қосын жинап аттанады, - деп баяндайды аңыз [3].
Бас кейіпкерге қамқорлық, адал қызмет көрсетушілер. Абылайдың ел бірлігін сақтаудағы қызметіне атақты батыр, би-шешен, жырау-жыршылар көмектеседі. Аңызда жас жетім, Үш жүздің болашақ ханы Абылай, әдейілеп Төле бидің қолына келеді. Бұл келіс - оның ықпалды би тарапынан саяси қолдау іздегенінің белгісі. Ал Төле бидің оны өз қамқорлығына алуы - болашақ ханға саяси қолдау көрсеткені. Батырлар ханға адал қызмет жасайды. Олар қашан да, қай уақытта болмасын елді қорғауға, қиын-қыстау сәт туғанда кеудесін оққа тосып, басын қауіп-қатерге тіге отырып ханның амандығын сақтауға әзір. Батырлар ханға жасаған қызметті халыққа жасаған қызмет деп ұғынады. Билік басында да, жорық үстінде де хан жанынан табылатын тұлғалардың бірі - жырау, жыршылар. Абылай туралы аңыздарда көп аталатын жырау - Бұқар. Ханның көрген түсін жору, ертеден қалған сөздің мағынасын ашу, сүйікті батырдың өлімін естірту, ажал жастығына бас қойған ханның көңілін сұрау - бәрі Бұқар қызметіне тиген. Халық ұғымынша, ханның жырау сөзіне ден қоюы - хан мен қарашаның татулығының белгісі.
Ақ түйенің қарны жарылды - молшылыққа, қуанышқа, жақсылықка, үлкен тойға кенелді деген мағынада қолданылатын дағдылы сөз тіркесі - тоқ тіршіліктің тағы бір метафоралық кеңістіктік образы. Қазақ халқы ақ түсті малды, әсіресе, байлықтың өлшеміне саналған түйе малының ақ түстісін ұстау бақыт әкеледі деп санады. Себебі, ақ түйеге қасиетті Халифа Хазірет Әлінің мәйіті артылып келген-мыс. Қазақ ақ түсті аруана, ақ інген, ақ бураларды төрт түлік малдың басы, киесі деп қасиеттеп салтанат пен байлықтың көрсеткіші ретінде бағалаған. Қазақтың қайтыс болған адамның мәйітін о дүниеге жөнелтуге қатысты мифтері мен аңыздарында игі жақсылары мен батырларының жерлейтін жайлы жерін анықтау үшін ақ түсті түйені пайдаланғаны жөнінде мотив мол кездеседі. Атан, боз інген, аруана қай жерге шөксе, сол жерге адам жерлейтіндігі туралы мифологиялық сюжеттер түйенің ақ түстісін киелі күшке теңеумен байланысты қалыптасты. Оған Райымбек батыр денесі артылған ақ түйе мысал бола алады. Сонымен қатар, хан Абылай туралы тарихи жырларда ақтық шайқас алдында ақ бас атанға байланысты ғұрып атқарылғаны және ұрыстың алдында жануардың жаудың шабуылын да алдын-ала сезгіштігі, осыған орай оның мінез-құлкы мен қылығын ескерудің қажеттілігі айтылады:
Ақ бас атан қараған жаққа жүрсең жеңесің.
Қайшы келсең сен оған бақты басқа тебесің,
немесе:
Ақ бас атан боздаса, от жағатын салт еді.
Жау шабуыл қозғалса, сақ тұратын шарт еді.
Мәшһүр Жүсіп: Абылайдың киесі сары бурасы екен дейді. Бұл сары бураның қасиетін қазақ аңыздары былай суреттейді. Абылай жас кезінде Төле бидің түйесін бағып жүргенде кішкентай сары ботаны бауыр басып, атан болғанда да қалмайтын. Кейін Абылай хан болғанда сарай маңынан атан табылды. Абылайдың саят құрып демалған, жорық шатыры тігілген жерден сары атан табылатын. Оңғарылып жатса, жолы болатын, көлденең жатса - сәтсіздіктің белгісі. Абылайдың Сары атан күйінің шығуы да осыдан болар [14]. Ал, қазақ дәстүрінде ақ түсті түйені сою өте сирек ұшырасады. Оны құрбандықка шалу үлкен қоғамдық мәні бар серттескен немесе өте қуанышты жағдайда ғана болды. Сонымен, Ақ түйенің қарны жарылды идиомасы көшпелі ортада ақ және ақбоз түсті малды ерекше қастерлеу түсінігіне байланысты қалыптасты.
Тұтқынға түсу. Абылайдың тұтқынға түсуі мен босану себебі де дәстүрлі фольклорлық арнаға сай келеді. Аңда жүрген Абылай ұйықтап жатқанда - қапыда қолға түседі. Эпос батырларының басым көпшілігі алып ұйқы үстінде тұтқынға алынады, өйткені қаһарманын ұрыс үстінде жеңілтіп немесе күші кемдігінен жау қолына түсіру - фольклорлық дәріптеуге қайшы. Қазақ фольклорындағы билігі мен байлығы асқан ханды шешендік тапқыр сөз арқылы жеңіп шыққан қарапайым халық өкілдері Тазша, Алдар Көсе, Аяз би сияқты Абылай да Қалдан тұтқынынан шешендік тапқыр үлгісі арқылы босанып шығады.
Түс көру. Қаһарманның қарапайым жандардан тегі бөлек, айрықша жаратылған жан екенін білдіретін белгінің бірі - оның ерекше түс көруі. Фольклорлық қаһарманның ерекше түс көруі - көнеден келе жатқан тұрақты мотив. Түс көру мотиві кейіпкер бейнесін әсірелей суреттеуге, дәріптей түсуге, оны идеалды қаһарманға айналдыруға қызмет жасайды. Қазақ халқында Мөңке бидің түсі, Абылай ханның түсі, Балуан Шолақтың түсі, Шақшақ Жәнібек батырдың түсі деген даналық ойға толы аңыз-әңгімелер бар. Абылай ханның түсіне назар аударсақ, ұлы хан түсінде арыстанды қуады, ол жолбарысқа айналады, ал жолбарысты қуса, жолбарыс қасқырға, қасқыр түлкіге, түлкі құрт-құмырсқа мен бақа-шаянға айналып кетеді. Мұны ханның көріпкелдері ұрпақтарына байланысты жорып, әулетінің өзінен бастап, арыстан, жолбарыс болатынын, бара-бара ұсақталып кететінін айтады. Иә, хан тұқымынан енді қайтып Абылайдай тұлғаның туар-тумасы бір Аллаһқа ғана аян еді. Ал Шақшақ Жәнібектің түсін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да өзінің Абылай хан атты әңгімесінде жазып қалдырған. Бірде қалмақтың ханы Цэван Рабдан Абылайға кісі салып, бір батырын өзінің батырымен жекпе-жекке шығаруын сұрайды. Абылай Шақшақ Жәнібек батырды шығармақ болады. Сол түні Жәнібек батыр түсінен шошып оянады. Түсінде қалмақпен жекпе-жекке шыққанда ол найзасымен өзін шаншып түсіреді. Абылай атқосшысына: Нар қызыл атымды алып кел деп бұйырады, сосын Жақсы түске де - садақа, жаман түске де - садақа, жаратқан ием, мен қалай жорысам, сен соны қабыл ет! деп атты сойып, етін таратып жібереді де: Түсің түс-ақ екен, түсіңде сені шаншып түсірсе, өңіңде сен оны шаншып түсіресің. Ал оң емшегіңді емген айдаһар - өзіңнен бір қыз туып, одан туған жиенің айбынды ер болады, ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жиенің ту ұстап туады екен. Мына жекпе-жек сенің даңқыңа даңқ қосады деген екен. Расында да сол шайқаста Жәнібек батыр жеңеді. Сол сәт қалмақ батыры: Түнде түсті сен де көріп едің, мен де көріп едім. Сені мен алып едім-ау, алып, табан астына салып едім-ау. Тек әттең, сенің түс жорушың жақсы жорығандықтан, сенің мәртебең асып кетті-ай депті.

2. 2 Қазақ аңыздарындағы Абылай хан бейнесі

Абылай туралы аңыздар белгілі бір болған оқиғаның негізінде туғанымен уақыт өте келе өзгерістерге ұшыраған, жаңа мазмұнмен толықтырылған, сондықтан олар тарихи фактіні дәлме-дәл бермейді, оны өңдеп, өзгертіп, халықтық таным-түсінік, арман-тілек, аңсары негізінде жеткізеді.
Абылай туралы аңыздарды екі топқа бөліп қарастыруға болады:
Өмірбаяндық аңыздар және тарихи ғұмыр.
Абылайдың жорықтары мен бейбіт өмірдегі істері туралы аңыздар.
Өмірбаяндық аңыздар тізбегі мынадай айрықша белгілерімен ерекшеленеді:
Баяндалатын оқиғалардың сюжеттік желісі бір-бірімен байланысқа түскен;
Бас кейіпкер бойындағы батырлық пен асыл тектілік қасиет басым сипатталған және ол белгілер түрлі жағдайда біреудің қатысуымен сыналады;
Аңыз сюжетінде негізгі қаһарманның жеке бас белсенділігі ерекше дараланады.
Абылай туралы аңыздар мен жырлар негізінен ең маңызды деп саналған төрт оқиғаны тақырып етіп алады.
Жас Абылайдың жетімдік көруі
Сабалақ атанған баланың алғашқы ерлігі
Абылайдың жекпе-жекте өлтірген жау батыры
Абылайдың қалмаққа тұтқынға түсуі, одан шығуы.
Әртүрлі аңызда баяндалғанмен аталған төрт оқиға Абылай ханның ерекше қасиеттерін ашуға арналған. Демек фольклор осы тәсілмен идеалды билеушінің бейнесін жасаған. Әлбетте аңыздарда баяндалатын оқиғалар тарихи шындықпен дәлме-дәл келіп жатпайды, соған қарамастан әр аңыз Абылай ғұмырындағы қиын сәттерді қамтыған және өзінше фольклор заңдылығына сәйкес суреттеген.
Абылай және оның айналасындағы батырлары мен билері туралы аңыз әңгіменің бір парасы атақты ақын әрі шежіреші, ауыз әдебиетін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбалары арқылы жеткен. Бұл әңгімелер Абылайдың халық санасында қаншалық берік те биік орын алғанын дәлелдейді. Өзінің көркем жинақтаушылық күші жағынан мұндай әңгімелер ұлы хан жөніндегі эпикалық аңыздаулардың ең шұрайлы беттерін құрайды деуге болады. Қиялдан туған, көптеген жарасымды әсірелеулері аралас аңыздар ел басшысы қандай болуы керек деген жұртшылық аңсарына неғұрлым толық жауап бере алатындай деңгейге көтерілген. Абылай айтыпты деген сөздерді дер кезінде жазып алған хатшы жоқ, оның есесіне Абылай айтуға тиіс дегенді халық даналығы өзінше қиыстырып, шындықтың шырқын бұзбай, жағдайға, уақытқа, орнына сәйкес етіп, тамаша шығарма тудырған. Осы сарындас хикаялар ел арасында ұзақ сақталып, жиі айтылғандықтан, қауымның редакциясынан өткен, әрбір айтушы оларды жетілдірген. Соның арқасында түрі мен мазмұны, көркемдігі мен ғибраты тең түсетін жұп-жұмыр әңгімелер тізбегі дүниеге келген. Бұлар Абылайдың қазақ халқы алдындағы өшпес еңбегін бағалаған жамағатшылықтың таусылмас алғыс лебіздерінің көріністері, ауызша тараған сан түрлі аңыздың ұмытылмай қалғандары ғана.
Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған Абылайдың қалмақтың ханы Қалдан Серенге тұтқын болған хикаясы дастанның жүгін көтеріп тұрған халықтың қарасөз туындысы. Мұндағы әрбір әңгіме ханның мінез қырларын жан-жақты жарқыратып аша алады. Абылайдың бірнеше күн бойы аш бола тұрса да бір аяқ қара суға тобықтай тоң май салып бергенді намыс көріп ішпей қоюы оның өрлігін көрсетсе, қалмақ ханының ақылымен жендеттер келіп ханнан жарлақ болды, қарадан жабдық болды, сіздің мейманаңыз толды, құдайдың сізге бұйрықты жазуы осы болды деп бопсалап, қылышпен шаппақ болғанда жасқанбастан отыруы жүрек жұтқан ерлігін танытады. Сондай-ақ Абылайды қамаудан шығарып, қалмақ ханының үйіне кіргізгенде босағада тұрып қалмай, төрде тұрған таққа барып отыруы, ол жерге неге отырасың дегенде бұл орын Қалдан серендікі еді, оның құты қашты да менің аруағым басты. Өз орнына өзі отыра алмай, менің атағымның зоры, аруағымның күштілігінен орнынан безіп шығып кетті. Тақтың үсті ханның орны болады, қалмақтың ханы Қалдан Серен отырмағанда, қазақтың ханы Абылай отырмағанда бұл орынға шайтан отыра ма? деуі кемел парасаттылықтың белгісіндей[3].
Бұндай "тектiлiктi" тіпті бала жасында да бiреу байқап, Төле би атамызға жеткiзедi. "Қара жерге отыра кетпейдi, шекпенiн төрт бүктеп, өзiне "тақ" жасап алады" дейдi әлгi адам. Ұлы би әлгi айтқанға сенiңкiремейдi. Сонда өз бәйбiшесi: "Басқаны қойшы, сол жылқышың сәлем берiп кiрiп келгенде, өзiң орныңнан қалай жылжып кеткенiңдi бiлмейсiң ғой!" - дейдi. Төле би: "Ол мүмкiн емес!" - дейдi. Содан бәйбiшесi баланы бiр күндерi шақыртады да, байқатпай бидiң шапанын жердегi көрпешеге тебен инемен шаншып қояды. Айтқандай-ақ бала "Ассалаумағалайкөм!" деп iшке сәлем берiп кiрiп келгенде, көрпеше де бiрге көтерiлiп, қопсып кеткен екен дейдi.
Бұл туралы Мәшһүр Жүсіп былай жеткізеді: Сарыарқаға шығып Ағытай, Қарауыл деген елдің ішіне келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бақты. Атың кім?- деп сұрағанда, атым Сабалақ, - депті. Бай бәйбішесіне айтыпты: - Өзге жалшыдай көрме мұны, күте гөр, осы Сабалақ анық сарт емес. Ана Оразауық сарт болса болар! Көзі алақандай, табаны түйенің табанындай жап-жалпақ болып, көзі адамды ішіп-жеп, аузынан суы ағып, ессіз-түссіз болып отыра береді. Мынау Сабалақтың ешнәрсемен ісі жоқ, ойлағаны ғақыл-ой, езу тартып күлмейді, қабағын шытып кейімейді. Алты күн, алты түн аш жүрсе де өз қолымен құйып ас ішпейді. Және жарты аяқ ас ішсе де сарқытын кісіге бермесе көңілі көншімейді. Жерге бір отырмайды. Дәнеме табылмаса, сайын далада болса да киімін шешіп астына салып отырады. Және ұйықтап жатқанда үсті жап-жарық болып тұрады. Сыйлап ұстай гөр, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Конкурстың қазылар алқасы
Әңгіме кейіпкері көсем бейнесі бұлдыр
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы
Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі
Абылайдың Қытаймен соғысы
Ауызша әңгіменің фольклорлық сипаты
Қазақ әдебиетінде Абылай хан тұлғасының жасалу ерекшеліктері
«Қазақ прозасындағы этно-фольклорлық сарындар сипаты»
Ш.Ш. Уәлиханов
Пәндер