Ислам ілімдері факультеті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
Ислам ілімдері факультеті
Исламтану кафедрасы
Сатан Аругүл Мұхтарқызы
Есту және көру қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың
Исламдағы құлшылық мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6B02201 - «Исламтану»
Алматы - 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
Ислам ілімдері факультеті
Исламтану кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Исламтану кафедрасының меңгерушісі
PhD доктор Н. С. Анарбаев
«__»2022 жыл
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Есту және көру қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың Исламдағы құлшылық мәселелері»
6B02201- «Исламтану» білім беру бағдарламасы бойынша
Норма бақылаушы
магистр, аға оқытушы Калякбар Ұ. Н.
«___» 2022 ж.
Диплом жұмысының жетекшісі
магистр Сарыпбеков А. Б.
«___» 2022 ж.
Орындаған:
Сатан А.
Алматы - 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
Ислам ілімдері факультеті
Исламтану кафедрасы
«Бекітілді»
Кафедра меңгерушісі
PhD доктор Н. С. Анарбаев
«__» 20___ жыл.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА
Студент: Сатан А.
- Жұмыстың тақырыбы: «Есту және көру қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың Исламдағы құлшылық мәселелері»
2022 жыл «__» № университет ғылыми кеңесі бұйрығымен бекітілді.
- Аяқталған жұмыстың тапсыру мерзімі
- Жұмысқа бастапқы берілгендер: Диплом жұмысында пайдаланылған құралдар отандық және шетелдік әдебиеттер болғандықтан, негізгі дереккөздер мен материалдар түпнұсқасы басшылыққа алыну талап етілді. Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сай, кіріспеден, екі тарауды қамтитын негізгі мазмұннан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі - 58 бет.
- Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі және дереккөздері ретінде шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері қолданылған.
Тақырыптың берілген уақыты
Диплом жұмысының жетекшісі магистр Сарыпбеков А. Б.
Тақырыпты орындауға қалбылдап алған студент Сатан А.
Алматы - 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ЗАҒИП ЖӘНЕ САҢЫРАУ АДАМДАРДЫҢ ҚҰРАН МЕН СҮННЕТТЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ . . . 8
1. 1 Құран мен сүннеттегі зағип және саңырау жандардың орны . . . 8
1. 2 Ислам тарихындағы мүмкіндігі шектеулі болған ұлы тұлғалар . . . 19
2 ЗАҒИП ЖӘНЕ САҢЫРАУ АДАМДАРДЫҢ ИСЛАМДАҒЫ ФИҚҺИ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 27
2. 1 Намаз оқу мен қырағат мәселесі . . . 27
2. 2 Сауда-саттық және неке келісімі . . . 33
2. 3 Қылмыстық құқықтағы жаза мәселелері . . . 35
3 ЗАҒИП ЖӘНЕ САҢЫРАУ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ . . . 38
3. 1 Әлем елдеріндегі діни жағдай . . . 38
3. 2 Қазақстандағы діни жағдайы . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48
КІРІСПЕ
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Алла Тағала адамдарды иманы, ізгі амалдары, көркем мінез-құлқы, тақуалығы және екіжүзділік, серік қосу, жаман мінез-құлық, зұлымдық ету тұрғысынан бағалайды. Оларды байлығына, нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, тегіне, физиологиялық құрылымына немесе денсаулығына, мүгедектігіне қарай бағаламайды. Алла Тағала Құран Кәрімде баяндағандай «Алланың алдында ең ардақтыларың - ең тақуаларың». Пайғамбарымыз (с. а. с) «Шын мәнінде Алла сендердің келбеттеріңе, байлықтарыңа қарамайды. Алла сендердің жүректеріңе, амалдарыңа қарайды» -деген.
Ислам бізді мүмкіндігі шектеулі жандарға жанашырлықпен қарауға, олардың өздерін шеттетілген адамдар емес, керісінше қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі үшін жан-жақты түрде көмектесуге шақырады. Алла Тағала бізге өзінің сансыз нығметтерін тамашалау үшін есту және көру қабілеттерін берді. Біз сол арқылы құлшылығымызды еркін түрде орындаудамыз. Ал бұл тұрғыда мүмкіндігі жоқ жандарда Аллаға құлшылық ету, намаз оқу, Қасиетті Құран Кәрімді ережесіне сай оқу бойынша физикалық кедергілер орын алуы мүмкін. Ал бізде аталмыш құлшылық түрлерін орындауда қандай да бір тосқауылдар жоқ. Ендеше, Алла Тағаланың қалауымен бұл нығметтен құр қалған жандар үшін біз- мұсылман қауымы олар үшін жауаптымыз. Әлемдердің Раббысы Алла Тағала Құран Кәрімде «Алла сендерге жүктеген нәрселер үшін жауаптысыңдар» деген. («Нұр» сүресі, 84- аят) Біз шын мәнінде қоғамдағы зағип жандар мен саңырауларға көмектесуге, соның ішінде ислами білім алуына жәрдемдесуге аса мүдделіміз. Ислам діні мейірімге шақыратындықтан діндарлар қоғамында есту және көру қабілеті нашар адамдар өзгелерден ерекше қолдау мен көмекке сенеді. Осы орайда бізге жүктелген міндет- қолдауымызға аса мұқтаж адамдарға жәрдемдесу, қамқорлық жасау, олардың қажеттіліктеріне қолдан келгенше септігімізді тигізу.
Бүгінде қазақ қоғамында есту және көру қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың құлшылық мәселелері туралы арнайы жазылған еңбек жоқ. Қолымыздағы зерттеу жұмысы осы олқылықтың орнын аз да болсын толтыру мақсатында және олардың діни сауатын жетілдіруде көмекші құрал болар деген мақсатпен жазылды. Жұмыс Исламдағы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың діни бірлестіктегі орнын атап өтуге тырысады. Қасиетті Құранда және ардақты Пайғамбарымыздың (с. а. с) хадистерінде бұндай жағдайдағы тұлғалар туралы не айтылған, құлшылықтарында айырмашылық бар ма, бес уақыт және жамағат намаздарын қалай оқиды, Құран оқу әдістемесі қалай болады, Ислам шариғаты бойынша сауда-саттық және неке келісімдерінде мәселелері қалай қарастырылады, қылмыстық құқық бойынша қалай жазаланады, осы секілді түйткілді сауалдарға жауап беруге тырыстық. Сондай-ақ, зерттеу жұмысында Исламның көрнекті тұлғаларының өмірінен алынған оқиғалар бар. Қазіргі уақытта әлем мұсылмандары тарапынан мұндай адамдарға қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы да жеке тарау берілген. Сонымен қатар, Қазақстандағы діни жағдайын да атап өттік.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Жер бетінде жаратылған жаратылыстардың ішінде физиологиялық, биологиялық жағынан да, психологиялық тұрғыдан да адам ең құндысы, ең жоғары және ерекше жаратылыс екені даусыз. Осы орайда, Алланың қалауымен есту және көру қабілетінен айырылған жандар бар. Алайда, олардың дене кемістігі адамдық жоғары мәртебесіне кедергі бола алмайды. Біз бұл зерттеу жұмысында есту және көру қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың Исламдағы құлшылық мәселелерін анықтап, Құран мен сүннеттегі орнын белгілеп, сол арқылы жауап беруді жөн көрдік.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда елімізде дағуат саласы қарқынды түрде даму үстінде. Әр түрлі тақырыптағы діни кітаптар оқырманға ұсынылуда. Медиа саласы бойынша да, әлеуметтік желілер арқылы түрлі видеороликтер, діни дәрістер, уағыздар, подкасттар жазылып, көрермен мен тыңдарманға ұсынылып жатыр. Алайда, тақырыбымызға байланысты қазақ аудиториясында мұндай жандарға арналған арнайы еңбек немесе медиа саласында мағлұматтар жоқ. Осы себепке байланысты мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке бас мәселесімен қатар қоғамдағы орнына арнайы зерттеу жүргізілді.
Зерттеу жұмысының нысаны: Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың Исламдағы құлшылық мәселелерін анықтау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зертттеу жұмысының негізгі дереккөздері ретінде араб тіліндегі Солих Шәриф Солих Кәмилдің «Әхкәмус-сум уәл-букм фи шәриғәти исләмия» кітабы, Ахмад Зияб Шуидахтың «Әхкәмус-сум уәл-букм уәл-ъум фил ғибәдәт» және орыс тіліндегі Ю. З. Замалетдинованың «Люди с нарушениями слуха и зрения в Исламе» әдебиеттері пайдаланылды. Қосымша ретінде Әбу Бәкір ибн Мәсғуд әл- Касанидің «Бадаиғу санаиғ» және түрік тілінде Абдуллаһ Өзжанның «İslam fikhinda engellilerden ibadet hukuku» атты еңбектерінен мәліметтер алынды. Бұдан тыс тақырыпқа байланысты ағылшын тіліндегі мақалалар да қолданылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Есту және көру қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың Исламдағы рөлі мен мәртебесін, діни құлшылық мәселелерін айқындау. Ислам тарихы мен қазіргі қоғамды салыстыра отырып, зерттеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері: Зерттеу жұмысының жаңалығы ретінде зағип жандардың Брайль-нүктелік әдістемесі арқылы Құран оқып үйренуін, саңырау адамдардың араб тіліндегі ым-ишара әдістерін қарастырдық. Осыған байланысты зағиптарға арналған Ресей мемлекетінен брайль жазу аппаратын, Түркия елінен Құран Кәрімдер алдыртып, практикалық тұрғыда зерттедік. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың Қазақстандағы діни жағдайына байланысты сауалнама жүргіздік.
Зерттеудің практикалық мәні: Зерттеу жұмысында ұсынылған мәліметтер қоғамдағы есту және көру қабілетінен айырылған тұлғалардың діни түйткілді сұрақтарына жауап береді.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында талдау, баяндау, аударма және көрнекілік әдістері қолданылды.
Жұмыс құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЗАҒИП ЖӘНЕ САҢЫРАУ АДАМДАРДЫҢ ҚҰРАН МЕН СҮННЕТТЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ
Құран мен сүннеттегі зағип және саңырау жандардың орны«Сомәм»
Құранның он бес жерінде туынды сөздермен келген «сомәм» сөзі «есту қабілетінен айырылу», яғни «керең болу» деген мағынаны білдіреді [1, 2535б. ] . Құран Кәрімнің көптеген аяттарында саңырау және шүкірсіздік сөздері бірге айтылады. «Саңырау» сөзі Құранда «Олар саңырау, мылқау және соқыр» аятында айтылғандай тура мағынада емес, астарлы мағынада қолданылған. [2. 2:18] Қарастырылып отырған аятта теңеу өнері бар. Ал сөйлеу кемістігі Құран Кәрімнің бес аятында айтылған. Оның төртеуі дүние тіршілігіне қатысты болса, бірі ақыретпен байланысты. Дүние тіршілігіне қатысты аяттардың бірі тура мағынада болса, екіншісі ауыспалы мағынада.
«Ъәммә»
«Ъәммә» сөзі «соқыр болып қалу», «көрмеу» деген мағынаны білдіреді. Көру қабілетінің нашарлығы турасында Құран Кәрімнің жиырма сегіз аятында айтылған. Оның оны ғана физикалық мағынада болса, алтауы дүние тіршілігіне, төртеуі ақырет өміріне қатысты.
Ибн Аббас: «Ақыреттің соқырлығы- кәпірлердің өздерін бақытты ететін нәрселерді көре алмауы; мылқаулық- дәлелмен сөйлей алмау; саңыраулық- өзін бақытты ететін нәрселерді ести алмау»- деп түсіндірген.
Пайғамбарымыздың (с. а. с) көру және есту қабілеті нашар адамдармен қарым-қатынасы туралы қысқа ғана мәліметтер бар. Сондықтан төменде Исламдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәртебесін жақсырақ түсінуге көмектесетін Мұхаммед пайғамбардың (с. а. с) хадистеріне талдау жасалды.
1. Есту және көру қабілеті нашар жандарға көмектесу - садақа және әрбір мұсылманның міндеті.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу - Алла Тағаланың нығметі, сонымен қатар әрбір мұсылманның міндеті.
1) Бір хадисте Пайғамбарымыз (с. а. с) : «Бауырыңның жүзіне күлімдеу - садақа. Жақсылық істеуге әмір ету және жамандықтан тыю - садақа. Елсіз жерде адамға дұрыс жолды көрсету - садақа. Адамдарға зиян келтіретін тікенді немесе сүйекті жолдан тазарту- садақа, шелегіңнен жиналған суыңды бауырыңның шелегіне құю - садақа. Ал көзі нашар көретін адамның пайдасына пайдаланған көзің садақа болып табылады»- деп айтқан.
2) Әбу Зәрр (р. а. ) жеткізген хадисте Алла Елшісі (с. а. с) : «Күн шыққан әрбір күні әрқайсысың денелеріңде қанша буын болса, сонша садақа берулерің керек. Әрбір айтылған: «Субханаллаһ» - садақа және «Әлхамдулиллләһ» - садақа. Әрбір айтылған «Лә иләһә иллаллаһ» - садақа және әрбір айтылған: «Аллаһу Әкбар» - садақа. Жақсылыққа шақыру - садақа, жамандықтан тыю да - садақа, адамдарға зиян келтіретін нәрселерді жолдан алып тастау, саңырауларға айтылған нәрселерді түсіндіру, зағиптарды тура жолға бағыттау да садақа болып саналады»-деген [3, 171б] .
Жоғарыда келтірілген хадистерден саңырауларға ақпарат жеткізуде және зағиптарға жолда нұсқау болуда жәрдемдесу - Жаратушы тарапынан сауап алудың үлкен мүмкіндігі екені аңғарылады. Сауабы зекет берушінің сауабымен тең болатын кейбір амалдар бар, соған сәйкес ондай амалдарды орындаушының дәрежесі мал-дүние жұмсаушының дәрежесіне жақын, кейде одан да жоғары болады. Бұл турасында Алла Тағала « . . . Жемісі мәңгілік болатын ізгі амалдар Раббыңның алдында сауабы жағынан қайырлы»- деген [4, 18:46] .
Есту және көру қабілеті нашар адамдарға діни мәліметтерді жеткізіп, Исламның құндылықтарын түсіндіруге болады. Олар сыртқы әлемнен, яғни есту және көру әлемінен толыққанды ақпараты жоқ және шынымен мұқтаж жандар. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар көбінесе қоғамдық өмірден шеттетіледі. Сол себепті, мүгедектерге ұдайы қамқорлық көрсету - қоғамның рухани саулығының, әл-ауқатының белгісі. Олардың жан-дүниесіне қамқорлық жасау- материалдық әл-ауқатына қамқорлық жасаудан кем емес.
Мұсылман адам мүмкіндігіне қарай мұқтаж жандар мен жәрдем сұрағандарға көмектесуі керек. Көре алатын және ести алатын адамда діни білім болатын болса, оны мүмкіндігінше басқаларға жеткізуі қажет. Таухидтің мағынасын түсіндіріп, дәрет алып, құлшылық қылуды, Құран оқуды үйреткені
абзал болмақ.
Пайғамбарымыз (с. а. с) Хазіреті Әлиге (р. а) «Алла Тағаламен ант етемін! Егер сен арқылы бір адам тура жолға келсе, бұл жер беті толы қызыл түйені садақа қылғаннан да абзал» - деген. Бұл үлкен марапат емес пе . . . ?! Демек, зағип және саңырау адамдардың да діни білім алып, діни рәсімдерді орындауына мүмкіншілік жасап, бірқатар жұмыстар жасауымыз қажет.
Пайғамбарымыз (с. а. с) : «Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің»- деп айтқан. Әрине, мүмкіндігі шектеулі жандардың Құран үйренуі оңай емес, бірақ хадисте:
«Құранды шебер оқушы құрметті пайғамбарлармен бірге болады, ал Құранды ежіктеп, қиналып оқитынға екі сауап бар»- деп қызықтырған
[5, 798б] .
2. «Біз сендерді сынаймыз . . . »
Бұл дүние сынақ ретінде жаратылған. Ал ондағы барлық нәрсе: денсаулық та, ауру да, қайғы мен қуаныш та, жоқшылық пен баршылық та сынақ. Алла Тағала «Мұхаммед» сүресінің 31-ші аятында:
«Сендердің араларыңдағы барынша сабыр етіп, табандылық танытумен болғандарды анықтағанға дейін әлбетте, сендерді сынаймыз . . . »-деген. Жаратқан Ие адамдарды сынақтардан өткізу арқылы күнәлардан тазартады. Бұл сынақтар мүмін үшін жақсы, өйткені оларды жеңудегі сабыр мен табандылықтың сыйы еселеген сауап болып қалады. Құранда Алла Тағала «Сабыр етушілерге қисапсыз сауаптар беріледі» деп сүйіншілеген.
Сынақтар адамға әртүрлі жолдармен келуі мүмкін. Адамның денсаулығынан айырылып қалуы да- сынақтың бір түрі. Әбу Һурайра Пайғамбардан (с. а. с) :
«Бірде Алла Тағала Исраил қауымындағы үш адамды: алапес, таз және соқырды сынауды қалады. Алла тағала періште арқылы алапестен: «Бәрінен де нені қалайсың?» деп сұрайды. Ол: «Терімнің жақсы болуын және адамдарды менен қашыртатын нәрсенің жоғалғанын қалаймын», - деді. Содан соң оның қолының үстін періште сипап өтіп, оның ауруы жойылды және оған қайтадан жақсы рең мен жақсы тері берілді. Содан соң періште оған: «Ал саған қай мал көбірек ұнайды?», - деп сұрады. Ол: «Түйе», - деп жауап берді және оған буаз түйе берілді. Періште «Алла оны саған берекелі етсін!» - деді.
Содан соң періште таздың қасына келіп: «Бәрінен де нені қалайсың?» - деп сұрайды. Ол: «Шашымның өскенін және адамдарды менен қашыртатын нәрседен құтылуды қалаймын », - деді. Періште оның басын сипап өтті де, оған қайтадан жақсы шаш берілді. Періште: «Ал саған қай мал көбірек ұнайды?» - деп сұрады. Ол: «Сиыр», - деп жауап берді, оған бір буаз сиыр берілді. Періште «Алла оны саған берекелі етсін!» - деді. Содан соң періште соқыр адамға келіп: «Сен ең алдымен нені қалайсың?» - деп сұрады. Ол: «Алла көзімді қайтарғанын және адамдарды көруімді қалаймын», - деді. Алла оның көзін қалпына келтірді. Кейін періште: «Ал саған қай мал көбірек ұнайды?» - деп сұрады. Ол: «Қой», - деп жауап берді, оған бір буаз қой берілді. Барлығының да кейіннен отар-отар, табын-табын түйелері, сиырлары, қойлары болды.
Біраз уақыт өткен соң періште алапеске оның бұрынғы кейпінде көрініп: «Мен кедей адаммын, жолда бар мүмкіндігімнен айырылдым, менің Алладан және сенен өзге жүгінетін ешкімім жоқ, маған мына сапарымды аяқтайтын түйе берші!»-дейді. Жауап ретінде бұл кісі: «Менің қарызым көп», - дейді. Сонда періште: «Мен сені танитын сияқтымын. Сен адамдар аулақ жүретін алапес емес пе едің? Сен Алла байлық берген кедей емес пе едің?» деп айтады. Ал ол: «Расында, мен бұл байлықты тек ата-бабамнан мұра етіп алғанмын», - дейді. Періште оған: «Егер өтірік айтсаң, Алла сені бұрынғы келбетіңе келтірсін!», - дейді. Періште таз болған адамға бұрынғы келбетіне ұқсас кейіпте көрінді де, бұрынғы алапеске айтқан сөзін айтты. Дәл сол жауапта ол: «Егер өтірік айтсаң, Алла Тағала саған бұрынғы келбетіңді қайтарсын!», - деді. Бұдан кейін бұрынғы соқырға періште өзінің бұрынғы келбетіне ұқсас кейіпке еніп, оған былай деді: «Мен кедей жолаушымын, сапарымда бар мүмкіндігімнен айырылдым. Алладан және сенен өзге көмек сұрар ешкімім жоқ. Бір қой берші, ол менің сапарымды аяқтауыма жетеді!». Бұрынғы соқыр адам: «Мен шын мәнінде соқыр едім, ал Алла көзімді қалпына келтірді, қалағаныңды ал, қалағаныңды қалдыр, Алла Тағаланың разылығы үшін бүгін мен саған ауыртпалық салмаймын. Не алсаң да, өзің біл!» деп жауап қайтарды. Сосын періште: «Мал-мүлкіңді өзіңе сақта, расында, сен тек сынаққа салындың, Алла саған разы болды, ал екі серігіңе ашуланды»- деп айтылған [6, 51б. ] .
Жоғарыдағы хадистен көріп тұрғанымыздай, адамға берілетін аурулар Жаратушының белгілі бір хикметімен берілген. Беретін де, алатын да, байытатын де, кедейлендіретін де Алла ғана. Алладан ғана қорқып, Аллаға ғана үміт ету керек. Адам бұл дүниеде жақсы болсын, жаман болсын басынан өткен барлық нәрсеге шүкіршілік етуі керек. Өйткені, кез келген бақытсыздықтан кейін қуаныш, әрбір қиындықтан кейін жеңілдік келеді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с) : «Мүміннің жағдайы қандай тамаша! Расында, оның әрбір жағдайы өзі үшін қайырлы болады, бұл - одан басқаға бұйырмаған бақыт. Егер қандай да бір қуанышқа кенелсе, шүкір етеді. Мұнысы өзі үшін қайырлы болады. Егер қайғы-қасіретке душар болса, сабыр етеді, бұл да оған қайырлы болады. » [7, 24б. ] .
3. Салиқалы тірі адамның дұғасы арқылы Алла Тағалаға дұға ету.
Ислам сенімінде «әт-тәуассул» ұғымы бар, оны кең мағынада «ғибадат» деп түсіндіреді, оның көмегімен адам Раббысының рақымына жақындайды.
Әт-тауассул екі түрге бөлінеді: рұқсат етілген және тыйым салынған. Тыйым салынған тауассулдың мысалы ретінде адамның қайтыс болған адамдардан дұға етуін келтіруге болады. Исламда бұл дұға етуге қатаң тыйым салынған.
Рұқсат етілген тәуассул бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі- тақуа адамның дұғасы арқылы Алланың разылығын алуға әрекет жасау. Сахабалар Пайғамбарымызға (с. а. с) барлығына дұға етуді және белгілі бір адамға дұға етуді өтінгені белгілі.
Әнас ибн Мәликтен риуаят етілгендей, бір күні Мұхаммед пайғамбар (с. а. с) жұма уағызын айтып жатқанда, мешітке бір адам кіреді. Пайғамбарымызға (с. а. с) жүзін бұрып: «Уа, Алланың Елшісі! Мүлік жоғалды! Сауда жолдары кесілді! Алладан бізге жаңбыр жаусын деп дұға ет!»- деп айтады.
Пайғамбарымыз (с. а. с) екі қолын көтеріп: «Уа, Алла, бізге жаңбыр жаудыр!», - дейді.
Әнәс былай дейді: «Алланың атымен ант етемін, ол кезде аспанда бірде-бір бұлт жоқ еді, аспан әйнек тәрізді еді. Кенеттен таулар сияқты бұлттар пайда болып, аспанның қақ ортасында бұлт көбейе бастады, содан кейін жаңбыр жауа бастады. Пайғамбарымыз (с. а. с) мінберден әлі түсіп үлгермеді, ал сақалынан су ағып жатқан еді» (әл-Бұхари, Муслим) .
Дамуында кемістігі бар адамдардың сауығып кетуін сұрап дұға етуді өтінгені туралы Мұхаммед пайғамбардың (с. а. с) өмірінен оқиғалар бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz