Жалақы төлеу ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
(Курстық жұмыстың өндеу үлгісі)
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
МКК Алматы мемлекеттік бизнес колледжі
Алматы қаласының білім басқармасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Қаржылық есеп
Тақырыбы: Еңбекақы және оның төлемақысының есебі
Білім алушы: Азамат Аружан
Курс: 3
Мамандығы: 0518000 Есеп және аудит
Біліктілігі: 0518033 Экономист-бухгалтер
Топ: 3 Есеп В

Бағасы:_________( ____________)
Қорғау күні: ________________20___ж.
Оқутышы: Кумарханова Нургуль Нурмышовна

Алматы 2023 ж.
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Еңбекақы және оның төлемақысының есебінің маңызы
1.1 Еңбекақынының мақсаты мен міндеті
1.2 Төлемақы жүйесі
1.3 Еңбекақы жүйелерімен формалары

2. Тәжірибелік жұмыс
2.1
2.2
2.3
Қорытынды
Қолданылған әдебиет
Қосымшалар

АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ

Курстық жұмысқа
СЫН-ПІКІР

Білім алушы:_____________________________ _______________________

Мамандығы:_0518000 - Есеп және аудит
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жұмыстың тақырыбы ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ________________________________________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________________

Курстық жұмыстың қысқаша мазмұны ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________________
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ________________________________________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________________Курстық жұмыстың жетістіктері ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ________________________________________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ________________________________________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________________

Курстық жұмыс бағаланады ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ________________________________________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ________________________________________________________________________________________________

Курстық жұмыстың жетекшісі : _____ ______________ 2022ж.
Кумарханова Н.Н.

Кіріспе
Тақырып өзектілігі: Еңбекақы бухгалтерлік есептің негізгі бөлімі болып табылады. Еңбекақы жұмысшылармен есеп айырысу мақсатында жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есепте еңбекақыны дұрыс енгізу ғана емес жәнеде міндетті шегерімдерді дұрыс және уақытылы төлеп отыруы керек. Еңбекақы төлеу және жалақы төлеу әдістемесі қазіргі уақыттағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл жалақының жоғары деңгейі меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардың дамуына және жалпы экономикаға пайдалы әсер ететіндігіне байланысты. Жалақы жұмыс күші құнының нысаны ретінде-жұмысшылардың өмірлік қорының негізгі үлесі, кәсіпорын кірісінің бір бөлігі, олар жұмсаған жұмыс күшінің саны мен сапасына сәйкес жұмысшылар арасында бөлінеді және еңбек ұжымы жұмысының түпкілікті нәтижелеріне байланысты. Еңбекақы бұл белгілі бір жұмыс күшіне төленетін жалақы немесе сыйақы болып табылады.
Еңбекақы негізгі және қосымша еңбекақы болып табылады. Еңбекақы төлеудің екі түрі бар: мерзімдік және кесімді. Мерзімдік еңбекақының өзі жай және мерзімді-сыйақылар болып бөлінеді. Қызметкердің табысы қызметкердің жалақысы еңбек шартында белгіленген жалақыдан ғана емес, сонымен қатар ай сайынғы сыйлықақылар, үстемеақылар және т.б. тұрады. Мұның бәрі жеке тұлғаның табысы. Сондай-ақ, адамның табысына салық агентінен заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алатын басқа да кірістер тегін тамақтану, спортзалға абонемент және т.б. кіреді. Жұмыс берушіден төленетін кейбір "төлемдер" жеке тұлғаның табысы болып танылмайды. Мысалы: вахташылардың тұруы мен тамақтануы, арнайы киімдер мен қорғау құралдары және т.б. Жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына мұндай шығыстары қызметкердің кірісіне кірмейді және салық салынбайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақы есебін, теориясын,заңдарын және ережелерін анықтау. Еңбекақы есебін және төлемақының есебін ашу және кәсіпорынның еңбекақы есебіне тәжірибелік жұмыс жасау.Кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбекақысын және еңбекақыдан ұсталынатын міндеттемелермен салынатын салымдарды есептеу және ұстамаларды ұстау.
Қызметкелерге еңбекақы төлеуде ескеру керек:
Жұмыс санын және сапасын
Субъектінің әр қызметкеріне еңбекақыны дер кезінде және дұрыс есептеу
Еңбек және еңбекақы бойынша статистикалық талдау жасау
Белгіленген уақытқа қызметкерлермен еңбекақы туралы есепайырысуды жүргізу
Есептелген еңбекақы өнімнің,жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс енгізу.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттері:
- еңбекақы қоры және жұмыс уақытының пайдалануында жұмыс мөлшерінің орындалуын бақылау
- бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу
- еңбекақы қорынан жалақының сомасын белгілеу және т.б.
Курстық жұмыстың міндеті: Еңбекақы және оның төлемақысының есебі тақырыбының міндеттерін ашу және бағалау. Жұмыс беруші, еңбек және коллективтік келісім шартқа және заңға сәйкес, жұмыстың көлемі мен сапасын, қиындығын ескере отырып, жұмыскерлерге еңбекақы төлеуге міндетті болып табылады. Еңбекақны есептеу, әр мекеменің өзі қабылдаған штаттық кестесінің негізінде, еңбекақы төлеу жүйесіне сай, жұмыс уақытының табелін толтыру арқылы жүргізіледі. Есептелген еңбекақыдан, бекітілген ставка бойынша жеке табыс салығы, зейнетақы жинақтау қорына 10% ұсталып қалынады. Еңбекақы төлеу бойынша барлық құжаттарға мекеме басшысы қол қояды, және сол арқылы әр жұмысшының есептелген еңбекақының дұрыс жүргізілуін бақылп отыруына мүмкіндік алады. Еңбекақы бойынша есептеулер 3350 Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек деп аталатын счетта көрсетіледі. Бұл счетта қызметкелер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төленуі тиіс қызметкерлерге сыйақылар және еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады. Еңбек төлеу жүйесінде қосымша, қызметкерлерге жыл қорытындысы бойынша материалдық үстемелер төлеу шарттары қарастырылады. Әр қызметкерге еңбек нәтижесіне және жұмыс істеген жылдарына, өтеліміне байланысты.
Еңбек және еңбекақы төлем жүйесі ҚР - сында Еңбек кодексімен (№ 414 -V ЗРК 2015ж.25.11), ҚР-сының Конститутциясымен және басқада заңнамалы актілер немесе құжаттармен реттеледі. ҚР-сының Еңбек кодексі азаматтардың ҚР-сындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді, екі бөлімнен (жалпы және ерекше), оның ішінде бес бөлімше 204 баптан құрылған. Еңбек туралы заң Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік ұйымдарында еңбек және еңбекақы жүйесінің қызметі № 414-V ЗРК 2015ж.25.11 ҚР - сының Еңбек кодексіне сай рәсімделеді. Жұмысқа қабылдану, жұмыстан шығару тиісті құжаттармен жүзеге асырылады.

Еңбекақы және оның төлемақысының есебінің маңызы
Еңбекақынының мақсаты мен міндеті
Еңбекақы (қызметкердің сыйақысы) - еңбек немесе жұмысқа қатысқаны үшін төленетін төлемақы. Қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және шарттарына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру төлемдеріне байланысты; жұмысшының өз еңбегінің орнына алатын ақшалай сыйақы. Еңбекақы келісімнде еңбекақы төлеу шаттары міндетті түрде көрсетіледі. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еңбекақы - еңбек шартында және лауазымдық нұсқаулықта белгіленген мөлшерге сәйкес қызметкердің орындаған жұмысына ақы төлеу. Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандырулары бонустар, үстемеақылар, кепілдік төлемдер және т.б.
Еңбекақының екі түрі бар,олар номиналды және нақты жалақы.
Номиналды - қызметкердің еңбегі үшін сыйақы түрінде алатын номиналды сомадағы ақша сомасы.Номиналды жалақы дегеніміз:қызметкерлерге жұмыс істеген сағаты үшін есептелген төлем, орындалған жұмыстың саны мен сапасы;кесімді ставкалар, тарифтік ставкалар, жалақы, кесімді және вахталық жұмысшыларға сыйлықақылар бойынша төлеу;қалыпты еңбек жағдайынан ауытқуына байланысты үстеме ақы, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, артық жұмыс істегені үшін, бригадир болғаны үшін, жұмысшылардың кінәсінен бос тұрып қалғаны үшін төлем және т.б.
Нақты - номиналды жалақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің мөлшері; нақты жалақы - номиналды жалақының сатып алу қабілеті. Нақты жалақы номиналды жалақыға және сатып алынған тауарлар мен қызметтердің бағасына байланысты. Белгілі бір уақыт аралығындағы нақты жалақының өзгеруін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш нақты жалақының индексі болып табылады. Нақты жалақы индексі номиналды жалақы индексінің тұтыну бағасының индексіне қатынасы ретінде есептеледі. Мысалы, егер атаулы жалақы өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өссе, 100% деп қабылданса, онда бұл номиналды жалақының индексі 110% болады деген сөз. Сонда бір жылдағы тұтыну бағасының индексі 107% болғанда, нақты жалақы индексі шамамен 102,8% құрайды. Бұл ағымдағы жылдың номиналды жалақысының сатып алу қабілеті базалық ретінде алынған өткен жылғы 102,8 пайызды құрағанын білдіреді. Бағаның қалыпты өсуі кезінде нақты жалақының пайыздық өзгерісін номиналды жалақының пайыздық өзгеруінен баға деңгейінің пайыздық өзгерісін шегеру арқылы шамамен анықтауға болады[1]. Осылайша, номиналды жалақының 10%-ға өсуі баға деңгейінің 7%-ға өсуі нақты жалақының 3%-ға өсуін береді. Номиналды және нақты жалақы міндетті түрде бір бағытта қозғалмайды. Мысалы, егер тауар бағасы номиналды жалақыдан жылдам өссе, номиналды жалақы бір уақытта көтеріліп, нақты жалақы төмендеуі мүмкін.
Еңбек келісім шартында еңбекақы төлеу шарттары міндетті түрде көрсетілуге тиіс. Оған қоса жұмыс беруші, еңбеккердің еңбекақысын, еңбек туралы заңға, ұжымдық келісім шарт талаптарына сай төлеуге міндетті. Еңбекақы мөлшері атқарылған жұмыстың көлемі мен сапасына, қиындығына қарай анықталып, төленеді.
Еңбек мөлшері- жұмыскердің еңбек етуі кезінде шығынданған энергия шығынының жиынтығы болып саналады, ол ұйым өндірісінің техникалық тұрғыдан жарақтануына, жұмыскердің біліктілігіне, еңбек өнімділігіне және басқа да факторларға байланысты болады. Жұмыс көлемі еңбек ету уақытына сай, сағатпен, тәулікпен немесе бір уақыт бірлігі кезіндегі шығындалған еңбек көлемімен есептеледі.
Еңбек сапасы-белгілі жұмыс түрінің орындалу қиындығы, шартына сәйкес сипаты.
Еңбек қиындығы жұмыстың орындалу қиындығы, сонымен қатар оны орындайтын еңбеккерден талап етілетін, біліктілік деңгейіне байланысты. Әртүрлі жұмыстарды орындалу қиындығына байланысты, оны орындайтын еңбеккерге берілген кәсіби шеберліктеріне қарай, жұмыстарды кәсіби түрлеріне қарай бөлу анықтамасы мен жұмысшылардың кәсіптері және лауазымды қызметкерлердің квалификациялық анықтамасын басшылыққа алып, жұмыс беруші іріктейді.
Еңбекақы негізгі және қосымша бөлім болып бөлінеді. Негізгі еңбекақы, еңбекақының басты бөлігі есебінде, лауазымдық жалақылардан тұрады. Қосымша еңбекақының элементтеріне, лауазымдық жалақыға қосымша берілетін сыйақылар мен материалдық ынталандырулар, басқа да түрдегі төлем ақылар жатады.
Еңбекақыға қосымша төленетін төлемдермен үстемақылар: Өзгенің қызметін қоса атқарғаны немесе уақытша жұмыста жоқ адамның міндетін атқарғаны үшін, қосымша ақы төлеудің көлемін, қызметкердің келісімі бойынша жұмыс беруші анықтайды.Бір айдан кем уақыт бойы қосымша қызмет атқарған еңбеккерге, басқа лауазымды қызметті қоса атқарғаны үшін, жұмысты орындаған мерзіміне прапорционалды түрде, еңбек ақысына қосымша жалақы қоса есептеледі.
Егер қызметкер штат бойынша орынбасар болып есептьелмесе, уақытша өзге қызметкердің міндетін атқарған кезде, оның жалақысы мен жұмыста жоқ адамның жалақысының арасындағы айырма төленеді. Еңбеккер бос қызметті уақытша атқарушы болып саналмайды. Ондай тағайындау, қызметкерді келісімі бойынша, еңбек заңдарына сәйкес басқа қызметке ауыстыру болып саналады.
Түн ішінде атқарылған жұмыстың әр сағаты, әдеттегі жұмыспен салыстырғанда бір жарым еседен артық деңгейде төленуге тиіс. 22 сағаттан бастап таңғы 6 ға дейінгі уақыт, түнгі жұмыс болып саналады. 50% дан артық уақыт жұмыс түнгі уақытқа сай келсе, онда ол түнгі ауысымдағы жұмыс болып саналады. 22 сағаттан бастап таңғы 6 ға дейін жұмыс ісейтін еңбеккерлерге, ұйым еңбекақы көлемін бір жарым еседен артық етіп төлейді. Жұмыс уақытынан тыс кезде жұмыс істейтін жұмыскерлерге, негізі жалақыдан кем дегенде бір жарым есе артық етіп жалақы төлейді. Бекітілген жұмыс уақытынан артық атқарылған уақыт, жұмыстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалақыны құқықтық реттеу: теориялық және қызметтік практикалық мәселелері (құқық қорғау орᴦандары)
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбегін реттеу
Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшері
Қызметкерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу аудитінің нәтижелері
Қызметкерлерге төленетін қосымша төлемдер есебі
Еңбекақы есебі және еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі. Еңбекақы бухгалтерлік есебі
Еңбекақы теориясы
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру
Нарықтық экономика жағдайындағы жалақыны реттеу ерекшеліктері
Пәндер