Шағын және орта бизнестің даму перспективалары мен кедергілерін анықтау және баға беру


Орал қаласы
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі замандағы Қазақстан
Курстық жұмыс
Тақырыптың бағыты: Қазақстан экономикасы
Тақырып: Қазақстандағы шағын және орта бизнестің ахуалы қандай?
Орындаған: Бауыржан Нұртөре Дулатұлы
Жетекші: Мағзомов Тұрақ Жанболатұлы
Ішкі модератор:
Орал, 2023
МазмұныI. Кіріспе3
I. КіріспеШағын және орта бизнесті жетілдіру әрбір ел экономикасының негізгі қағидаларының бірі болып саналады. Жоғары деңгейдегі шағын және орта кәсіпкерліксіз кез келген мемлекеттің макроэкономикалық жағдайы тұрақсыз болатыны анық. Соның себебінен тәуелсіздік таңында Қазақстанда шағын және орта бизнес ұлттық экономиканың маңызды секторларының бірі ретінде айқындалды. Бұл бизнес түрлерін жан-жақты қолдау әрқашан мемлекеттік саясаттың басымдығы болып келді. “«Қазақстан-2050» Стратегиясында біз ұлттық бизнесті ішкі инвестицияны арттырудың ең басты қайнар көзі ретінде белгіледік”, - деп еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында саланың маңыздылығын анықтаған болатын.
Біздің мемлекет тәуелсіздігін алған кезден бастап, шағын және орта бизнес секторы алғашқы даму кезеңінен шығып, азаматтарының өз ісін, кәсіпкерлігін толыққанды жүзеге асыруға қатысты бастамашылық жоғары қарқынмен дамуда. Қазіргі кезде Қазақстанда экономиканың осы секторын кеңінен тарату және дамыту үшін нақты қадамдар жасалуда. Мәселен, елімізде қолайлы іскерлік ахуалдың жасалуы үшін кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде, бизнес иелеріне салық жүктемесі азаюда, кәсіпорын ашу рәсімдері жеңілдетіліп, қаржылық шаралар түрінде бизнесті кешенді қолдау көрсетілуде. “Primeminister. kz” сайтында жарияланған есептерге сүйене отыра, қазіргі кезде жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 1, 4 млн-ды құрап, ЖІӨ-дегі үлесі 34, 7% құрайтыны мәлім болды. Алайда, ШОБ несиелеу жүйесінде үлкен несиелік пайыздық мөлшерлері себебінен проблемалар көрініп, сонымен қатар, субсидиялау мәселесіне қатысты қамту үлесінің төмен болуы байқалады. Қазақстандағы кәсіпкерліктің оң ілгерілеуіне қарамастан, мемлекеттік қолдау тиімділігінің төмен деңгейі мен жоғары инфляция түріндегі кедергілер жақсы тұстарымен қатар проблемалардың бар екендігін көрсетеді.
Зерттеу мақсаты
Көрсетілген мәселелерді негізінде, зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстандағы ШОБ секторының қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарларын есепке ала отырып, оның деңгейіне талдау жүргізу және баға беру.
Зерттеу міндеттері
• Шағын және орта бизнестің даму перспективалары мен кедергілерін анықтау және баға беру;
• Үкіметтің ШОБ секторын дамытудағы рөлін бағалау;
Гипотеза
Зерттеу жұмысы барысында Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қазіргі кездегі оң және әлсіз тұстары анықталып, елдегі кәсіпкерлектің әлеуеті жоғары болғанымен, әлі де жетілдіруге болады деген гипотеза жасалады.
Зерттеу барысында шағын және орта бизнес тақырыбындағы мақалалар, мемлекеттік есептер қолданылған болатын. Нақтырақ айтатын болсақ, inform. kz және egemen. kz порталдары, atameken. kz және damu. kz секілді мемлекеттік сайттардан дереккөздер алынып, зерттеу жұмысын жүргізуде пайдаланылды.
II. Негізгі бөлім
- Жинақталған дереккөздерді талдау
Шағын және орта бизнес - бұл нарықтық экономика субъектілері меншікті және қарыз қаражаты арқылы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызмет, ал оның мақсаттары болып пайдаға қол жеткізу мен материалдық игіліктер немесе қызметтер өндіру арқылы өз кәсіпорнын дамыту саналады. (Елшибаев Р., 2021) .
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен тиімді жұмыс істеуіне ерекше назар аударылуда. Президент мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру процесінің елдің жалпы ішкі өнімінің ¼-ін шағын және орта бизнес құрайтынын, ал еңбекке қабілетті халықтың 60% - дан астамы жеке секторда жұмыс істейтінін атап өтті (Мажимова А., Әбдіқадыр Ә., 2018)
Шағын және орта бизнесті дамыту нарықтық экономиканың өсу қарқының қозғаушы күші болып табылады. Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы жаңа бастаған кәсіпкерлерге 20 миллион теңгеге дейін, ал жалғастырушы кәсіпкерлерге шағын бизнес жобаларын жүзеге асыру мақсатымен конкурс негізінде 180 миллион теңгеге дейін қаражатта несие берген болатын(Мырзахметова А., Мухаметжан А., Жакупова С., 2020) . Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықовтың айтуынша, 2015-2021 жылдар аралығында ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 7, 9% - ға өсіп, 34, 7% көрсеткішіне жетіп, елімізде шағын және орта бизнестің даму динамикасы оң нәтиже көрсетіп отыр(Әліпбай С., 2022) .
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы проблемалар мен кедергілеріне сүйене отыра, Тимур Жақсылықовтың айтуынша, кәсіпкерлік қызметті жетілдіру проблемаларының бірі қолайсыз реттеу жүйесі мен шамадан тыс әкімшілік жүктеме болып табылады. Осыған орай Мемлекет басшысы 2021 жылы 30 желтоқсанда кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа Реттеуші саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды (Әліпбай С., 2022) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz