Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу


«Зерттеу жұмысының негіздері» курсы бойынша емтихан сұрақтарының бағыты
«Зерттеу жұмысының негіздері» пәнінің мақсат-міндеттері
Теориялық ойлау, эмоционалды-сезімдік пен логикалық бірлік, объективті және субъективті компоненттердің бірлігін қамтитын өзін-өзі тану мен өзін-өзі реттеу ретіндегі педагог-музыканттың зерттеу іс-әрекетіне жеке-бағалылық және шығармашылық қатынасы. Музыкалық педагогикадағы ғылыми зерттеу принциптері: музыкалық педагогикалық ғылым пен практиканың өзара байланысы; музыкалық педагогикалық болмыс құбылысындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау.
Пәнің мақсаты: 1. Студенттерді педагогикалық ізденіс-зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыру: әдебиеттермен жұмыс, анкета, болмаса сұрақ-жауап құрастыру, бақылау, әңгімелесу т. б. 2. Жұмыс тәжірибесін қорытындылау әдістерін меңгеру. 3. Музыкалық педагогика бойынша өзбетінше зерттеу тапсырмаларын (реферат, курстық және дипломдық жұмыстар) орындау 4. Студенттерді қарапайым педагогикалық бақылауларды жүргізуге баулу Жоғарғы оқу орнында студенттер оқу процесінде жүйелі тұрғыда жұмыс істеуге, ойлауға, талдауға, қорытындылауға, теория мен практика арасындағы байланысты анықтауға үйренеді. Өзбетінше жұмыс студенттің өз күшін сынауға бағытталады. Оқуға деген қызыушылықты арттыра оларға қанағаттану алып келеді. Дербес жұмыстарды орындау барысында білімді, іскерлікті және дағдыларды меңгеру.
Музыка мұғалімі - ғалым-зерттеуші және тәжірибелі ұстаз
Қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер музыка мұғалімдерінің кәсіби деңгейіне жаңа талаптар қоюда. Музыка мұғалімі тек білім беріп, тәрбиелеуші тұлға ғана емес, сонымен бірге қазіргі жаңа заманға сай ізденуші, өзбетінше шығармашылықпен жұмыс істей алатын кәсіби маман болуы тиіс. Осы тұрғыда музыка мұғалімі - ізденуші деп айтуға әбден болады. Көрнекті орыс педагогы В. А. Сухомлинскийдің «Без высокой культуры чтения нет ни школы, ни подлинно умственного труда» дәйекті сөзімен есептеспеген ұтылады. Ізденушілік қабілет - болашақ маманның шығармашылық ізденушілік іс-әрекетін дамытудың негізгі факторы. Ол қабілетті болашақ маман жоғарғы оқу орнында «Зерттеу жұмысының негіздері» пәнінен ала алады.
Студенттердің өзбетінше жұмыс түрлері
Өзбетінше жұмыс дегенімізді белгілі бір пәнді оқу барысында студенттердің тапсырмаларды орындауын айтамыз. Ол: практикалық сабақтар, курстық, дипломдық жобалаулар, консультациялар, сынақ, емтихандар. Кең тұрғыдағы мағынасы - белгілі сұрақтарға реферат дайындау, студенттік ғылыми қоғамға қатынасу, студенттің ғылыми конференцияларда докладтармен шығу, студенттер алдында лекция оқу т. б. Бұл өзбетіндік жұмыстардың барлығы да бірінші кезекте кітаппен алдын ала жұмыс істеуге бағытталады. Кіріспеге назар аудара кітапты шолу барысында сөздікті қолдану арқылы тақырыпты терең ұғыну үшін көптеген әдістерге сүйену керек: -оқып, түсінбеген жерді ойлану арқылы оқығанды терең меңгеру үшін ең қиын жерлерін өз сөзімен қайталау; -әдебиеттің қиын жерлеріне өз сұрағын қою; -өз біліміне, мысалына қатысты жаңа мағлұматтарды табу, оны байланыстыру; -әдебиет авторының аса бөліп көрсеткен әдістеріне терең көңіл бөлу.
«Зерттеу мәдениеті» ұғымының мәні
Зерттеу мәдениеті гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар шекарасындағы зерттеу саласы. Бұл сала индустриялық зерттеуден бастап, әдеби сыни талдауға дейінгі әртүрлі мәселелердің жқмысын қамтиды.
Ақыл-ой іс-әрекеті, оның түрлері
Ақыл-ой іс-әрекеті ынталы зер салу, назар аударусыз мүмкін емес. Ақыл ой іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін стужденттерге қандай есте сақтау әдісін қолдану керектігін білуі абзал. Есте сақтаудың төрт түрі болады: көру арқылы есте сақтау, есту арқылы есте сақтау, қозғалмалы (моторлық) және аралас. Мектепте мақсатты педагогикалық экспериментті өткізуде ғылыми ойлау әдісінің ролі. Жеке бастың ерікті сапасын дамыту - көңіл бөлу, ерік, есте сақтау т. б. Көру арқылы есте сақтау - есте сақтаудың кең тараған түрі. Көру арқылы есте сақтау элементтері адамзаттың 80%-н қамтиды. Оқыту процесінде көру арқылы есте сақтау жүргенде оны, ұтымды қолдану үшін келесідей кезеңдерге назар аудару қажет: а) естуді қабылдауда (леккция, докладтар т. т. ) қысқа қағазға түсіріп отыру қажет; б) белгілі мәтінді қабылдауда өзі оқуы тиіс; в) мәтінді қабылдауға жеңіл болу үшін иллюстрациялары бар оқулықтар мен оқу әдістемелік нұсқауларды қолдану керек; г) жеке жазбалар мен конспектілермен жұмыс барысында мәтіннің негізгі жерлерін түсті қарандаштармен белгілеп отыру керек; д) жеке сұрақтарды меңгеруде көрнекі оқу нұсқауларын қарау қажет. Есту арқылы есте сақтау - бұл түрді сақтанған адам оның дамуы үшін: 1) өзге біреуді көбірек тыңдау керек; 2) өзі дауыстап оқу қажет; 3) шу кедергі болмайтын тыныштықта жұмыс істеу керек; 4) өзгелер тыңдамаған жағдайда да өз ойын айту қажет; 5) театр, музыкалық концерттерге барып тұру. Қозғалмалы есте сақтау - кең тараған түр, бұл кезде адам белгілі қимылдар жасау барысында (жазып түсіру, сурет салу) тез есте сақтайды. әрдайым қарандашпен жұмыс жасау керек, жазу, сызу, жоспар, тезис, конспектілер құрастыру; цифрлық мәтінді таблица, диаграмма, грфика түрінде безендіру; оқу материалын қайта құрастыру барысында лабооратория, шеберханаларда өз қолымен қайта жасау. Есте сақтаудың аралас түрі барлық адамдарға тән. Ол көрсетілген есте сақтаудың үш тиүрінің қоспасы. Бір мезгілдегі көзбен көру, естку, және қозғалыстар нәтижелі қорытынды көрсетеді.
Ғылыми ізденісті жүргізу кезеңдері
Қазіргі кезде адамдардың жан-жақты білімді және кез келген мәселені шеше білуінің маңызы зор. Нағыз білім, ол - өз бетімен алған білім, өз бетінше іздену, зерттеу нәтижесінде қол жеткізген білім. Өзіндік ізденіс, өзіндік бақылау және зерттеу нәтижесіндегі білім ғана берік болады. Бүгінгі жедел ақпарат алу заманында мәселенің мазмұнын танып білуге, ізденуге, зерттеуге жол ашық. Зерттеуге үйрену үшін, алдымен ойлана білу қажет. Сұрақ қою, жауап іздеуге, болжамды ұсынуға, бақылау жасауға, эксперимент жүргізуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге және өзінің пікірін қорғауға үйренген жөн. Проблеманы анықтау, негіздеу және болжамды ұсыну (1 кезең) . Ізденіс жоспарын құрастыру, мазмұнын ашу жолдарын іздеу
(2 кезең) . Ізденіс нәтижесін қорытындылау (3 кезең) . 1 кезең - Зерттеу жүргізуде ең маңыздысы мәселені түсіне білу. Олар түрлі жағдайларлатуындауы мүмкін. Оның мән-жайын анықтау мәселеге қатысты іс шаралар ұйымдастырды талап етеді. Сондықтан қызықтырған құбылыстар мен жағдайларды анықтау үшін сұрақтар қойып үйренгенің жөн. Тақырып зерттеу мәселесінің сипатын аңғартады. Зерттеу тақырыптары алуан түрлі болуы мүмкін. Ең бастысы бұл тақырып қызықтыруы тиіс. Зерттеу тақырыптары тіршілік етпейтін заттар мен құбылыстар туралы болуы мүмкін. Оны фантастикалық деп атайды. Егер тақырыптар өзіндік бақылау эксперименттері мен тәжірибелерді қажет ететін болса, онда олар эксперименттік тақырып болып есептелінеді. Егер мәліметтер мен фактәлер, сондай-ақ түрлі кітартарда, фильмдерде, Интернетте және басқа қайнар көздердегі материалдар зерттеретін болса, ондай тақырыптар теориялық деп аталады. Зерттеудің мақсатын анықтау үшін бұл зерттеуді не үшін жүргізіп отырғаны жөнінде сұрақ беруің қажет. Тақырыпты таңдаған соң, болжам жасауға үйрену қажет (ұсыныс жасалуы тиіс) . Болжам жасау - жағдайды алдын-ала көре білу. Бастапқыда ол анықталмағанмен, оны айқындап алу қажет. таңдаған мәселені шешу үшін бір немесе бірнеше болжам жасалуы мүмкін. Болжам-ұсыныстарды анықтап алған соң, оларды маңыздылығына қарай рет-ретімен жазба түрде түсіру. 2 кезең - Ізденіс жоспарын құрастыру, мазмұнын ашу жолдарын іздеу. Алдымен таңдалынған мәселе бойынша не білемін дей келе, нені зерттеп отырғаны жөнінде кітап, оқулықтар, энциклопедия, сөздіктер, анықтамалар, басылым беттерімен танысуы тиіс. өзге ғалым-ұстаздардың таңдалынған мәселе бойынша білдірген көзқарастарын талдай келе, өз ой- байламдарын түсіруі керек. Оны мазмұнын ашу барысында мұқият бақылау, эксперимент жасау керек. Ізденіс нәтижесін қорытындылау (3 кезең) . Мәселенің мазмұнының ашылуына байланысты ізденіс нәтижесін қорытындылауда зерттеудің мақсат міндеттеріне байланысты жұмыс нәтижесі, жетістіктері қорытындылады.
Зерттеу әдістері, ерекшеліктері
Зерттеу жүргізу кезінде жүйелі тәсіл қажет. Зерттеу негіздері - ережелер мен рәсімдер. Олар зерттеу жұмысында мақсат қояды. Зерттеушілер қорытынды жасау кезінде мінез-құлық кодексі мен зерттеу этикасын ұстануы керек.
Зерттеудің барлық түрлері фактілер мен логикалық пайымдауларға негізделген. Олар индуктивті және дедуктивные әдістері.
- Деректер нақты уақыт режимінде жиналуы керек және олар табиғи жағдайда нақты бақылауда болуы керек.
- Зерттеу жиналған деректерді терең талдаудан тұрады. Терең талдау зерттеу жұмысында ешқандай ауытқулар болмауын қамтамасыз етеді.
- Зерттеу көп зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, өйткені ол жаңа сұрақтар туғызады. Бір зерттеу осы тақырып бойынша көптеген басқа зерттеулерге әкелуі мүмкін.
- Зерттеулердегі ең бастысы - дәлдік. Жиналған ақпарат нақты және сенімді болуы керек.
Зерттеу әдістерін зерттеушінің іс-әрекетінің сипатына қарай Б. Г. Ананьев төрт топқа бөледі:
- Ұйымдастырушылық әдістер (салыстырмалы, лонгитюдтік, кешенді) ;
- Эмпирикалық, оған: а) обсервациялық әдістер (байқау, өз-өзін байқау) ; б) эксперименталдық әдістер (зертханалық, далалық, табиғи, қалыптастырушы немесе Б. Г. Ананьев бойынша психологтық-педагогикалық) ; в) психодиагностикалық әдістер (стандартталған және прожективті тестер, сауалнамалар, социометрия, сұхбат және әңгімелер) ; г) праксиметрикалық әдістер, Б. Г. Ананьев бойынша, процесс пен іс-әрекет өнімін талдау тәсілдері (хронометрия, циклография, кәсібиграфикалық баяндау, жұмысты бағалау) ; д) модельдеу әдісі (математикалық, кибернетикалық және т. б. ) ; және е) өмірбаяндық әдістер (адам өміріндегі атаулы күндерді, оқиғаларды, фактілерді талдау) ;
- деректерді өңдеу, яғни сандық (математикалық-статистикалық) және сапалық талдау әдістері;
- генетикалық және құрылымдық әдістерді қамтитын түсінік беру әдістер
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің түрлері
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу түрлеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т. б. жатады. Бақылау әдісі: бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды тануды айтады. Мектеп құжаттарын зерттеу: оқу және тәрбие жұмысында кейбір күдікті мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және мектептен тыс тәрбие мекемелерінде құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмысының жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары мен ғылыми мақалалар жатады. Оқушылардың жұмысын зерттеу: оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарда жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасалған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы жұмыстар оқушылардың дербес қабілетін оқуға және еңбекке көзқарасымен қатынасын, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай мұғалімдердің де іс-әрекеттерін зерттеп анықтауға болады. Эксперимент: эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz