Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі және тәуелсіздігі


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

«Есенов колледжі» ЖШС

Өндірістік тәжірибе есебі

Орындаған: П-20-2 тобының студенті

Құбайдуллаұлы Сағындық

Қабылдаған: Жанесова. А. С

Ақтау 2023

Жоспар

Кіріспе

І. ҚР Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі

Негізгі бөлім

II. Судьялардың мәртебесі және тәуелсіздігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мензаңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзгеде нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуынқамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Тәуелсіз сот билігі - демократиялық қоғамның ажырамас бөлігі. Заң үстемдік ететін құқықтық мемлекетті орнықтыруға жәрдемдесу - сот төрелігі органдарының негізгі міндетін қысқаша осылай тұжырымдауға болады. Сот жүйесі түбірлі өзгерістер жүзеге асып жатқан жауапты кезеңді бастан кешіріп жатқан қазіргі кезде мұның өзі ерекше және өзекті мәселе болып табылады.

І. ҚР Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi. Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi және басқа соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.

2. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:

1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары) ;

2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот) .

3. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

3-1. Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.

4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.

5. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының ерекше мәртебесі болады.

Судьялар мәртебесі

1. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi. Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады. Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.

2. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгiзуге болмайды.

Судьяның тәуелсіздігі

1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық негіздері, сот жүйесі және судьялардың мәртебесі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі: құрылымы, өкілеттіктері және судьялардың тәуелсіздігі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі: конституциялық негіздері, құрылымы және судьялардың мәртебесі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі: құрылым, өкілеттіктер және реформалар
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық негіздері мен судьялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі: құрылымы, өкілеттіктері және судьялардың мәртебесі
Қазақстан Республикасында сот әділдігінің конституциялық-құқықтық негіздері мен судьялардың тәуелсіздігі
Қазақстан Республикасындағы сот билігі мен судьялардың құқықтық мәртебесі: жүйелік ерекшеліктер және жетілдіру мәселелері
Қазақстандағы сот жүйесін реформалау: судьялардың тәуелсіздігі, іріктеу және сот этикасы
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі: негіздері, функциялары және тәуелсіздік кепілдіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz