Судьялардың мәртебесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

«Есенов колледжі» ЖШС

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының сот жүйесі

Орындаған: П-20-2 тобының студенті

Құбайдуллаұлы Сағындық

Қабылдаған: Жанесова. А. С

Ақтау 2022

Жоспар

Кіріспе

І. ҚР-ның Сот билігінің маңызы

1. 1. Сот билігінің конституциялық негіздері

1. 2. Сот билігінің атқаратын қызметі

ІІ. ҚР-ның Сот жүйесінің құрылуы мен судьялардың мәртебесі

2. 1. Сот жүйесі

2. 2. Судьялардың мәртебесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мензаңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзгеде нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Соттардың басты мақсаты - азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, Конституцияның сақталуын және республика заңдарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге де бір ескертуайтылмаған болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарына белгіленген міндеттерді атқарады.

І. Қазақстанның сот билігі

1. 1. Сот билігінің конституциялық негіздері

Сот билігі биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика атынан сот қана жүзеге асыра алады. Ол азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілерді негізгеала отырып, шешуді мақсат тұтады., халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады. Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқамемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы "Жарлық қабылдады. Президентке облыстық және ондайларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау бойынша конституциялық өкілеттік берілген. Парламент, заң шығарушы билік ретінде заңдар қабылдау арқылы сот жүйесін, оның қызмет принциптерін, сот органдарының құзыретін, судьялардың мәртебесін, олардың істерді қарастыру тәртібін және т. б. белгілейді. Мемлекеттік биліктің бір - тармағы ретінде сот билігінде біртұтас мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілер бар: 1) оның қызметі мемлекеттің бүкіл кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді; 2) оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады; 3) сот органдарының шешімдері тек олардың құзыреті шеңберінде қабылдануға тиіс; 4) сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар, олардың бірлестіктері үшін міндетті; 5) сот органдары заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі. Биліктің ерекше - тармағы ретінде сот билігінде белгілі бір өзіндікерекшелікті белгілері бар. Сот билігінің айрықшалығы өзіндік белгісі. Ешбір басқа билік тармағының - заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті де сот өкілеттіктерін иеленбейді. Тек соттар ғана әділ сотты жүзеге асырады, бұл Конституцияда ерекше ескерілген. Конституцияның 75-бабында "Қазақстан Республикасында әділ төрелігін тек сот қана жүзеге асырады" деп жазылған. Осы конституциялық қағиданы дамыта отырып, 2001жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі менсудьяларының мәртебесі туралы" Сот өндірісі тәртібінде

қарастыруға жататын жолдауларды, арыздар меншағымдарды ешбір басқа органдар, лауазымды не өзге тұлғалар қарастыра немесе бақылауына ала алмайды. Конституцияға сәйкес Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң мамандығы білімі, заң мамандығы бойынша кем дегенде екі жылжұмыс стажы және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады(79-бап) . Конституцияда судьялар үшін заң қосымша талаптар белгілей алатыны көрсетіледі. Осындай косымша талаптар "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Заң белгіленеді. Судьялардың қызмет режимінің ерекшеліктері олардың тәуелсіздігі және тек Конституция мен заңға ғана бағыныштылығы сияқты конституциялық қағидалардан көрінеді. Заң судьялардың ауыспайтындығы мен қолсұғылмайтындығын белгілейді. Олардың істеріне қол сұғылмауын белгілей отырып судьяларды қорғау қажеттілігі күмән туғызбайды.

1. 2. Сот билігінің атқаратын қызметі

Сот билігінің құқықтық негіздері Конституцияда бекітілген маңызды функциялардың бірқатарын атқарып отыр. Ол функциялар сот билігін біріншіден, мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде, екіншіден, мемлекеттік биліктің басқа тармақтарына қатысты тежегіштер мен қарсысалмақтардың ерекше тетігі бар мемлекеттік органдар жүйесі ретінде; үшіншіден өзінің қызметін өзіндік ерекшелікті принциптердің, нысандар менәдістердің негізінде жүзеге асырушы мемлекеттік билік ретінде; төртіншіден, әділ сотты жүзеге асырушы органдар ретінде сипаттайды. Сот билігінің қызметтері (міндеттері) бойынша мына принциптерді бөлугеболады: 1) әділ сот; 2) Конституциялық бақылау; 3) заңдар мен өзге денормативтік заңдарға түсінік беру; 4) үкімдердің және өзге де сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету және т. с. с. Конституциялық - құқықтық принциптердің көпшілігі, ең алдымен, әділ сотсаласына қатысты. Қазақстандағы сот билігі заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарынтежеу мен шектеу, олардың қызметін құқықтық бақылау функциясын атқарады. Бұл функция әділ сотты жүзеге асыруға арналған сот билігінің мәнінің өзінен туындайды. Әділ сот мағынасы барлық азаматтардың, барлық мемлекеттік органдардың жоғарғыдан төменгісіне дейін, барлық мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінің құқыққа, құқықтық ережелерге сәйкестігін белгілеуге бағытталған қызметболып табылады. Әділ сот жайлы тек сот билігінде мемлекеттік органдардың қызметін де

қолданыстағы құқық тұрғысынан бағалауға құқықтық мүмкіндігі болғанда ғана айтуға болады. Қарастырылып отырған функция біріншіден, соттар қолданылатын құқықтық нормаларды Конституция нормаларымен тексеріп отыруға тиісекендігінен көрінеді. Соттар, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қандай орган қабылдағанына қарамай егер олар Конституцияға қайшы келсе, қолданбауға тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясында егер сот қолдануға жататын қандайда бір заң немесе өзге нормативтік құқықтық акт адамның жәнеазаматтың Конституция бекіткен құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтынын көрсе, онда ол іс бойынша өндірісті тоқтатуға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жолдануға міндетті. Осы құқық барлық соттарға, жергілікті, сондай-ақ Жоғарғы Сотқа берілген және іс жүзінде олар осы құқықты парламенттің, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер қабылдау өкілеттігі берілген басқада мемлекеттік органдардың конституциялық емес норма шығарушылығын тежеу тетігі ретінде пайдаланады. Конституция қорғайтын, демек сот органдары қызметінің саласына жататын мемлекеттің төмендегідей мүдделері туралы айтуға болады:

ІІ. Қазақстан Республикасынның Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі

2. 1. Сот жүйесі

ҚР Президенті 1995 жылғы 20 желтоқсанда "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң күшіне ие Жарлық қабылдады. Ол бес жыл қолданыста болып, елдегі сот жүйесінің аяғынан тұруында оң рөлін атқарды. Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Жоғарғы Соты соттар туралы заңның жобасын әзірледі. 2000 жылғы 25 желтоқсанда "Қазақстан Республикасынныңсот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Заң қабылданды. Аталмыш заңның негізгі мақсаты елдегі сот-құқықтық реформаны одан әрі дамыту болып табылады. Заңның қағидалары мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу конституциялық принципін анағұрлым толық және дәйекті іске асыруға, тежегіштер мен қарсы салмақ жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара әрекетін күшейтуге бағытталған. ҚР әділ сотын тек Конституцияда аталған сот органдары - сот алқалары, жеке дара судьялар жүзеге асыратын болады. Соттардың пленарлық мәжілістеріне әділ сот атқару құқығы берілмейді. ҚР сот жүйесі Конституцияға және аталмыш конституциялық заңға сәйкес құрылатын ҚР Жоғарғы Сотынан және жергілікті соттардан тұрады. ҚР Жоғарғы Соты және жергілікті соттар біртұтас сот жүйесін құрайды. Сот жүйесінің бір тұтастығын төмендегі факторлар қамтамасыз етеді: Конституцияда, "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы "Конституциялық заңда, процессуалдық және өзге заңдарда барлық соттар менсудьялар үшін ортақ әділ сот принциптері белгіленген. Сот билігі заңдарда белгіленген, барлық соттар үшін біртұтас сотөндірісі нысандарында жүзеге асырылады. Барлық соттар Конституциянын, 4-бабында айтылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығын қолданады. Конституция және "Сот жуйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"конституциялық заң барлық судьялар үшін біртұтас судья мәртебесін бекітті. Занды күшіне енген сот кесімдері (шешімдер, үкімдер және т. б. ) республиканың бүкіл аумағында мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік емес ұйымдар, азаматтар, шетелдіктержәне басқалары үшін орындауға міндетті. Барлық соттар тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

2. 2. Судьялардың мәртебесі

ҚР Конституциясында судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын бірқатар құқықтық нормалар бар. Оларға төмендегілер жатады: 1) судьялардың Конституция мен заңдар қорғайтын тәуелсіздігі; 2) судьялардың қол сұғылмаушылығы (иммунитет) ; 3) судьялар үшін саяси, жас және білім шектелімдері; 4) судья лауазымының негізгі қызметтің және жұмыстың кейбір ; 5) судьяларды материалдық-тұрғын үймен қамтамасыздығы; 6) судьялардың тағайындалмалығы (сайланбалығы) ; 7) судьялар заң қолданған кезде басшылыққа алуға тиіс принциптер (77, 79, 80, 82-баптар) . Конституциялық қағидаларға орай, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы25 желтоқсандағы "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"Конституциялық заңында "Судьялардың мәртебесі" деген арнайы бөлім бар. Судьялардың мәртебесі үш беліктен тұрады. Бірінші бөлік - төмендегі сәттеркіретін судьялардың құқықтық жағдайы болып табылады. Барлық соттардың судьялары біртұтас мәртебеге ие және өзара текөкілеттіктерімен ғана өзгешеленеді. Судьялардың олардың, лауазымдық жағдайынан және түрлі сот буындарында -аудандық, облыстық және Жоғарғы Соттағы жұмысынан туындайды. Барлық судьялар әділ сотты жүзеге асырады, тұрақты негізде өздерінің міндеттерінатқарады және сот билігінің иелері болып табылады. Судьяларға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттемелер жүктеле алмайды. Судьялар қылмыстармен, заңдылық және құқықты тәртіп сақтау үшін күресжүргізетін мемлекеттік органдардың құрамына қосыла алмайды. Судьялардың құқықтық жағдайының маңызды элементі олардың орынауыстырылмаушығы болып табылады. Судьяның орын ауыстырмаушылығы судья лауазымы ғұмырлық деген сөз емес. Судьялар заң белгілеген мерзімге - 5жылға тағайындалады. Орын ауыстырмаушылық осы мерзімнің ішінде судьялауазымынан босатылмайды дегенді білдіреді. Олар лауазымынан тек заңда көзделген негіздер бойынша босатылады. Судьялар тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады. Судьяныңтәуелсіздігі ешкім де әділ сотты жүзеге асыруға килігуге және судья менсенімді заседательдерге қандай да бір әсер етуге құқысыз екенін білдіреді. Ондай әрекеттер заң бойынша қуғындалады. ҚР Қылмыстық кодексінің құрамындаәділ сотқа қарсы қылмыстар мен жазаны орындау тәртібі туралы - тарау бар. 339-бапта әділ сотты жүзеге асыру мақсатында соттың қызметіне

қандай даболмасын нысанда килігу қылмыс болып табылады делінген. Ондай Қылмыстың қоғамдық қауіптілігі сондай әрекеттердің сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігіне, халықтың оған деген сеніміне ауыз салатыны, сот шешімдер қабылдаған кезде әділдік бұзылатыны, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері аяққа басылатыны болып табылады. Судьяның тәуелсіздігі оның қарастырылған немесе өндірістегі сотістерінің мәні бойынша қандай да бір түсініктер беруге міндетті емесекенінен де көрінеді. Мәжіліс бөлмесінің кұпиясы барлық жағдайлардақамтамасыз етілуге тиіс. 4. Заң судьяның тәуелсіздігінің кепілдіктерін белгілейді. Ол заңи, ұйымдық және материалдык кепілдіктер. Заңи кепілдіктер: 1) әділ сотты жүзеге асыру рәсімінен көрінеді. Ол Азаматтық іс жүргізужәне Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде де көзделген; 2) әділ сотты атқару бойынша судьяның қызметіне килігуді жүзеге асыру үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды құрметтемейтінін керсету үшін заң белгілеген жауапкершіліктен; 3) судьяның қол сұғылмаушылығынан көрінеді; Конституцияның 79-бабына сәйкес судьяны Республика Жоғары Сот Кеңесінің корытындысына негізделген Қазақстан Республикасы не Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгіленген жағдайда - Сенаттың келісімінсіз тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға қатысты қылмыстық, істі тек ҚР Бас Прокуроры ғана қозғай алады; 4) Конституция және "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы "Конституциялық заңда судьяны сайлау, қызметке тағайындау, өкілеттіктерін тоқтату және кідірту тәртібі, судьяның қызметтен кету құқығы белгіленген; судьяның лауазымына кандидаттарға тегінен, әлеуметтік және мүліктікжағдайынан, нәсілдік және ұлттық жаратылысынан, жынысынан, саяси көзқарастарынан, діни нанымдары мен өзге де мән-жайлардан тәуелсіз лауазымды басуға тең құқық қамтамасыз етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның сот жүйесі
Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті проблемалары
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот билігі жүйесі
Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz