Қылмыстық ізге түсудің түсінігі



Қылмысты істі тергеумен және шешумен байланысты қылмыстық процессуалдық іс. әрекетке әр түрлі органдар мен тұлғалар қатысады. Олар белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленеді, іс бойынша іс жүргізу барысында процессуалдық құқықтық қатынасқа түседі, яғни қылмыстық процестің субьектілері болып табылады. Бүл субьектілердің процессуалдық жағдайы әр түрлі. Теорияда рольдерінің, олардың іске қатысуының мақсатының ұқсастығына байланысты қылмыстық процесс субьектілері келесі топтарға ажыратылады:
1.Қылмыстарды тергеуді, қылмыстық істерді қарауды және шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот, прокурор, тергеуші, анықтама органы және анықтаушы.
2.Қылмыстық істе жеке қылмыстық . құқықтық немесе азаматтық . құқықтық мүддесі бар азаматтар . қылмыстық процесстің қатысушылары: сезікті, айыпталушы , қорғаушы , жәбірленуші және т.б
3.Мемлекеттік органдарға қылмыстық . процессуалдық іс . әрекетті жүзеге асыруға көмектесетін өзге де іске қатысушы тұлғалар: куәлар, аудармашылар, сарапшылар, мамандар, куәгерлер және т.б.1
Осылайша, қылмыстық процесстің қатысушылары . қылмыстық . процессуалдық іс. әрекеттің, процессуалдық қатынастардың субьектілері. Кең мағынада қылмыстық процесстің қатысушылары болып белгілі дәрежеде қылмыстық . процессуалдық іс . әрекетті жүзеге асыратын немесе оған қатысатын барлық субъектілер болып танылады.2
Алайда, процесстің қатысушылары қылмыстық істе өз құқықтарын және мүделерін қорғайтын тұлғалар ғана және олардың жекеленген топтары құқықтар мен міндеттердің әр түрлі көлемімен, қылмыстық процестегі әр түрлі мақсаттарымен сипатталатындығынан бұл ұғыммен сот өндірісіне қатысатын барлық тұлғаларды қамтуға болмайды деген пікір бар. 1
Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодекісі қылмыстық процесс субьектілерінің келесі топтарын ажыратады: 2
1.Сот . әділ сот төрелігі функциясын жүзеге асырушы орган ретінде;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
1-тарау ТЕРГЕУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ

1. Қылмыстық ізге түсудің түсінігі.
Қылмысты істі тергеумен және шешумен байланысты қылмыстық
процессуалдық іс- әрекетке әр түрлі органдар мен тұлғалар қатысады. Олар
белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленеді, іс бойынша іс жүргізу барысында
процессуалдық құқықтық қатынасқа түседі, яғни қылмыстық процестің
субьектілері болып табылады. Бүл субьектілердің процессуалдық жағдайы әр
түрлі. Теорияда рольдерінің, олардың іске қатысуының мақсатының
ұқсастығына байланысты қылмыстық процесс субьектілері келесі топтарға
ажыратылады:
1.Қылмыстарды тергеуді, қылмыстық істерді қарауды және шешуді
жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот,
прокурор, тергеуші, анықтама органы және анықтаушы.
2.Қылмыстық істе жеке қылмыстық – құқықтық немесе азаматтық –
құқықтық мүддесі бар азаматтар - қылмыстық процесстің қатысушылары:
сезікті, айыпталушы , қорғаушы , жәбірленуші және т.б
3.Мемлекеттік органдарға қылмыстық - процессуалдық іс - әрекетті
жүзеге асыруға көмектесетін өзге де іске қатысушы тұлғалар: куәлар,
аудармашылар, сарапшылар, мамандар, куәгерлер және т.б.1
Осылайша, қылмыстық процесстің қатысушылары – қылмыстық -
процессуалдық іс- әрекеттің, процессуалдық қатынастардың субьектілері. Кең
мағынада қылмыстық процесстің қатысушылары болып белгілі дәрежеде қылмыстық
- процессуалдық іс - әрекетті жүзеге асыратын немесе оған қатысатын барлық
субъектілер болып танылады.2
Алайда, процесстің қатысушылары қылмыстық істе өз құқықтарын
және мүделерін қорғайтын тұлғалар ғана және олардың жекеленген топтары
құқықтар мен міндеттердің әр түрлі көлемімен, қылмыстық процестегі әр түрлі
мақсаттарымен сипатталатындығынан бұл ұғыммен сот өндірісіне қатысатын
барлық тұлғаларды қамтуға болмайды деген пікір бар. 1
Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс
жүргізу кодекісі қылмыстық процесс субьектілерінің келесі топтарын
ажыратады: 2
1.Сот - әділ сот төрелігі функциясын жүзеге асырушы орган ретінде;
2.Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдар - прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау
органы , анықтаушы, анықтау органының бастығы;
3. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен
мүдделерді қорғап процеске қатысушылар – сезікті, айыпталушы, қорғаушы,
жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер,
кәмелетке толмаған айыпталушының, сезіктінің заңды өкілдері, жәбірленушінің
азаматтық талапкердің және жеке айыпталушының өкілдері. Осылайша, қылмыстық
- процессуалдық заңда процесстің қатысушылары Б. А. Галкин айтқандай тар
мағынада түсінілетінд гін к өріп отырмыз.
Қылмыстық процесс субьектілерінің процессуалдық жағдайының
сипаттамасы қылмыстық - процессуалдық функция ұғымын қолданумен елеулі
түрде толықтырылады және тереңдетіледі.
Қылмыстық - процессуалдық функциялар дегеніміз - тікелей
мақсаттары, субъектілер шеңбері және оны жүзеге асыру нысандары бойынша
ерекшеленетін қылмыстық - процессуалдық іс- әрекеттің жекелеген бағыттары.
3
Функция терминінің өзі заңда қолданылмағанымен
функциялардың шеңбері, нысандары және оларды жүзеге асыратын субъектілер
заңмен бекітілген. Олардың орындалуы процесстің жалпы мақсаттарына немесе
олардың белгілі бөлігіне жетумен байланысты функциялар негізгілер
қатарына жатады. Бұл функцияларды көпшілік - құқықтық міндеттемелердің
күшіне байланысты мемлекеттік органдары, сонымен қатар процесстің
қатысушылары атқарады. Мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар
процесске қатысушыларға олардың заңды мүдделеріне сәйкес келетін іс -
әрекеттің түрлерін, бағыттарын, жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге
міндетті. Негізгі қылмыстық - процессуалдық функциялар :
1.Әділ сот төрелігін жүзеге асыру;
2.Айыптау;
3.Қорғау;
4.Алдын ала тергеу.
Әділ сот төрелігін жүзеге асыру функциясы теқ қана сотқа тән, ол
сот отырыстарында қылмыстық істерді қараудан және қылмыс жасауға кінәлі
тұлғаларға жаза қолданудан немесе кінәсіздерді ақтаудан тұрады.
Қорғау - айыптауды жоққа шығаруға және айыпталушының
кінәсіздігін анықтауға немесе оның жауапкершілігін жұмсартуға бағытталған
іс - әрекет. Бұл функцияны айыпталушының, сотталушының өзі немесе
қорғаушысы жүзеге асырады.1
Алдын ала тергеу қылмысты ашу, оны жасаған тұлғаны анықтау,
айыпталушының тергеуден немесе соттан жалтару мүмкіндігін болдырмайтын іс
- шаралар қабылдау мақсатында дәлелдемелерді жинау, бекіту, зерттеу,
тексеру және бағалау жөніндегі сотқа дейінгі іс - әрекет болып табылады.2
Заңда қорғау мен алдын ала тергеудің анықтамалары берілген:
Қорғау - қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары
мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету,
сондай-ақ, заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау
мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қыметі (ҚР ҚІЖК-нің 7-
бап 19 -т.)
Алдын ала тергеу - уәкілетті органдардың осы кодекспен
белгіленген өкілеттік шегінде істің мән - жайының жиынтығын анықтау,
белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту
жөніндегі сотқа дейінгі іс жүргізу қызметінің нысаны ( ҚР ҚІЖК-нің
7- б.16 -т.)
Бұл көзқарастарды талқыламай -ақ берілген ұғымдар қорғау және
алдын ала тергеу функцияларының шамамен бірдей мәнін білдіретінін атап
өтейік. Айыптау функциясымен іс басқаша ҚР ҚІЖК - нің 7 бабына сәйкес,
қылмыстық ізге түсу - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетпен оны жасаған
адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында сондай-
ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шараларын
қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу
қызметі.
Ал теорияда айыптау - соттың оның жауапкершілігі туралы сұрақты
дұрыс шешуін қамтамасыз ету мақсатында қылмысты ашуға оны жасаған нақты
тұлғаның кінәлілігін дәлелдеуге бағытталған уәкілетті органдар мен
тұлғалардың іс - әркеті.1
Заңдық сөздікте айыптау қылмыстық жауапкершілікке тартылатын
тұлғаның кінәлілігін дәлелдеу үшін жүзеге асырылатын заңмен құзырет
берілген органдар мен тұлғалардың іс -әрекеті.2
Заңшығарушы қылмыстық қудалау және айыптау ұғымдарын
сәйкестендіреді. Алайда, бұл шын мәнінде солай ма?
М.С.Строговичтің пікірі бойынша: қылмыстық ізге түсу
тергеушінің (немесе анықтама органының) және прокурордың қылмыс жасаған
тұлғаны әшкерлеуге, оның кінәлілігін дәлелдеуге, оған тиісті жазаны
қолдануды қаматамасыз етуге бағытталған айыпталушы ретінде қылмыстық
жауапкершілікке тартылған белгілі тұлғаға қатысты іс - әрекеті1.
Сәйкесінше, қылмыстық ізге түсуді қорғау актісі болып ҚР КІЖК 206-
б. тәртібінде белгілі тұлғаны айыпталушы ретінде тарту табылады, ал
қылмыстық ізге түсу функциясы өзінің негізінде айыптау функциясымен сәйкес
келеді. Профессор И.В.Тыричев қылмыстық ізге түсу функциясын алдын ала
тергеу функциясының мазмұнын да ажыратады. Ол былай деп жазады: тергеуші
(анықтама органы) сезіктілерді ұстайды, айып тағады, мәжбүрлеу шараларын,
оның ішінде бұлтартпау шараларын да қолданады, қылмыстарды ашу, айыптауды
дәлелдеу жөніндегі өзінің іс-әрекетінің нәтижелерін шығаратын айыптау
қорытындысын жасайды. Бұл нақты тұлғаға қарсы қылмыс жасады деп айып тағу
нысанында көрініс табатын қылмыстық ізге түсу функциясының жүзеге
асырылуы.2
Бұл пікірді А.М.Ларин де қолдайды, ол қылмыстық ізге түсуді
белгілі тұлғаның кінәлілігін дәлелдеуге бағытталған, белгілі тұлғаның
қылмыс жасағандығы туралы қорытындыны жасаудан және негіздеуден тұратын
процессуалдық іс - әрекет ретінде анықтаған.3
Оны теқ қана тергеуші емес ,сонымен қатар прокурорда жүзеге
асырады. Мысалы, тергеуші тергейтін іс бойынша айып тағу, тергеуші
жүргізетін іс - әрекеттерге қатысу, тергеуші жасаған айыптау қорытындысын
бекіту немесе айыптау қорытындысын жасау және т.б .
Сәйкесінше, айыптау дегеніміз қылмыстық ізге түсу нысаны және
қылмыстық процесстің қозғаушы бастауы және ол алдын ала тергеу кезеңінде
де, сотта да көрініс табады.
Қылмыстық ізге түсу туралы сұрақ - қылмыстық - процессуалдық
функциялар мәселесінің ең өзекті, күрделі және жеткілікті анықталмаған
жақтарының бірі.
Кеңестік заңдылық қылмыстық ізге түсу терминін қолданған
(Мысалы 1923жылы РСФСР КІЖК 4 ,9 баптары) .
Алайда, қылмыстық - процессуалдық әдебиетке қылмыстық ізге түсу
ұғымына қатысты әр түрлі пікірлер қалыптасты. Мысалы, М.С.Строгович былай
деп жазады: қылмыстық ізге түсу дегеніміз процессуалдық функция ретіндегі
айыптау, яғни айыптау іс-әрекеті1
М. А. Чельцовтың трактовкасында қылмыстық ізге түсу тұтастай
қылмыстық іс бойынша іс жүргізумен жақындастырылды.2
Егер М.С Строговичтің көзқарасы ресейлік құқықтық теорияның
дәстүріне негізделсе, М.А. Чельцовтың позициясы сол кезде әрекет етуші
заңға сүйенеді.3
Осылайша, 1923 жылы (РСФСР ҚІЖК 9 бап) прокуратураның сот және
тергеу органдарының алдында кез келген жасалған және жазалануға жататын
қылмыс бойынша қылмыстық ізге түсу қайта жандандыру міндетін бекітті. Бұл
міндетті орындау жөніндегі прокурордың іс-әрекеттері кодекстің 91 бабында
қылмыстық іс қозғауға, яғни іс бойынша іс жүргізуді бастауға себеп ретінде
анықталды. 1923 жылы РСФСР ҚІЖК қылмыстық істі тоқтату ( 204 бап) және
қылмыстық ізге түсуді тоқтату (4 бап) сөз тіркестерін бір мағынада
қолданды.
М.С. Строгович пен М.А. Чельцовтың қөзқарастарын салыстырып
П.С. Элькинд бірде айыптаумен, бірде тұтастай іс бойынша іс жүргізумен
сәйкестендірілетін қылмыстық ізге түсу терминін қажетсіз деп тапты.4
Бұл сұрақ бойынша дауласпай-ақ ҚР ҚІЖК қарастырайық.
Жоғарыда айтылғандай, ҚР ҚІЖК 7-ші бабына сәйкес қылмыстық ізге
түсу (айыптау) - қылмыстық заңмен тиым салынған әрекет пен оны жасаған
адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-
ақ, мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық - құқықтық ықпал ету
шараларын қолдануды қамтамасз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс
жүргізу қызметі.
Осыдан қылмыстық ізге түсудің міндеттері туындайды:
1. қылмыстық іс әрекетті анықтау;
2. қылмыс жасаған тұлғаны анықтау;
3. бұл тұлғаның кінәлілігін анықтау;
4 оған жаза немесе өзге де қылмыстық - құқықтық ықпал ету шараларын
қолдануды қамтамасыз ету.
Біздің көзқарасымыз бойынша қылмыстық ізге түсудің берілген
түсінігінде кейбір қателіктер бар.
Біріншіден, заң шығарушы, жоғарыда айтылғандай, қылмыстық ізге
түсу және айыптау ұғымдарын сәйкестендірді. Алайда, әр түрлі ғалымдармен
айтылған пікірлерді сұрыптай келе біз айыптау іс бойынша алғашқы айып
мазмұндалған және тұлға айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке
тартылған кезден туындайды деген қорытынды жасаймыз, (ҚР ҚІЖК 206 бап), ал
қылмыстық ізге түсу қашан туындайды?
КазКСР ҚІЖК қылмыстық ізге түсу ұғымын берген жоқ. Алайда,
жоғарыда айтылғандай, қылмыстық ізге түсу ұғымын Кеңестік ғалымдар: Ларин,
Строгович және т.б. берді. Айыптау нысанындағы қылмыстық ізге түсу қорғау
сәті болып тұлғаны айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы, сезіктену
нысанындағы қылмыстық ізге түсуді қозғау сәті болып ұстау немесе айып
тағылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану табылады. 1
ҚР ҚІЖК-нің қабылдануы қылмыстық ізге түсу ұғымын кеңейтті және
берілген ұғымға қылмыстық іс әрекетті анықтау және қылмыс жасаған тұлғаның
міндетін қосты. Көпшілік қылмыстар бойынша іс әрекетті анықтау ерекше күш
жұмсауды қажет етпейді, олар туралы сенімді қайнар көздерден азаматтардың
арыздарынан және хабарлауларынан белгілі болады, немесе олар айқын болады.
Сәйкес тексеруден және фактіні - қылмыс белгілері туралы жеткілікті
мәліметтерді анықтағаннан кейін анықтама органы немесе тергеуші қылмыстық
іс қозғайды және тергеуге кіріседі.
Ожеговтың сөздігінде анықтау - дәлелдеу, айқындау, табу ретінде
түсіндіріледі.2
Сәйкесінше, қылмыстық іс - әрекетті анықтау дегеніміз –
қылмыстың жасалуын айқындау, табу және дәлелдеу жөніндегі іс - әрекет.
Ал бұл іс - әрекет қылмыстық іс қозғалғанға дейін әлде қашан
бұрын басталады, бірақ біз қылмыстық іс әрекетті анықтау жөніндегі
процессуалдық іс - әрекетті ( қылмыстық іс - әрекетті табу және анықтау
жөніндегі процессуалдық емес іс әрекетті жедел іздстіру органдары жүзеге
асырады), қарастырып отырғандығымыздан, қылмыстық ізге түсу қозғау сәті
болып қылмыстық істі қозғауға себепті болуы табылады. (ҚР ҚІЖК - нің 177
бабы 1-ші тармағы.)
Осылайша, қылмысты ізге түсу және айыптау туындау сәтінің өзі
бойынша ұғымдар әр түрлі.
ҚР ҚІЖК бойынша қылмыстық ізге түсу ұғымында тағы бір дәлсіздік
бар. Осылайша, қылмыстық ізге түсу... айыптау тарабы жүзеге асыратын іс
жүргізу қызметі (ҚР ҚІЖК 7 бап), алайда бұл бапта айыптау тарабының да
ұғымы берілген - олар қылмыстық ізге түсу органдары, сондай-ақ,
жәбірленуші, (жеке айыпталушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері
мен өкілдері.
Жәбірленуші (жеке айыпталушы), азаматтық талапкер, олардың заңды
өкілдері мен өкілдері қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады ма?
ҚР ҚІЖК - іне сәйкес қылмыстық ізге түсу органдары - прокурор
(мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтама органы, анықтаушы (ҚР ҚІЖК 7
бап).
Қылмыстық ізге түсу ҚР Конституциясының қылмыстық процессуалдық
заңдылықпен және қылмыстық ізге түсу органдарының қызметін реттейтін
нормативтік құқықтық актілермен бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге
асырылады. Оған құқық қорғау қызметінің жалпы қағидалары тән және сонымен
қатар, ол өзіне тән ерекшіліктерге ие:
- анықтыма және алдан ала тергеу органдарының қызметін қадағалауды
және бақылауды прокуратура жүзеге асырады (прокурор нұсқаулар береді,
олардың актілерінің күшін жояды, қамауға алуға санкция береді, айыпталушыны
сотқа береді, істі сотқа жібереді, оны тоқтатады, қосымша тергеуге
қайтарады және т.б.);
- анықтау және алдын ала тергеу соттың алдында жүреді;
- анықтама мен алдын ала тергеу жүргізетін органдар прокоратура мен
соттан бөлінген;
- қылмыстық ізге түсу әдістері өзіндік, биліктік - өкімдік сипатта
болады (мысалы, жедел іздестіру шараларын - телефон хабарларын тыңдау,
аңду жедел ақпарат жинау және т.б. тергеу әрекетерін - жауап алу,
тінту және т. б. қолдану мүмкіндігі көзделеді);
- қылмыстық ізге түсу органдарының іс-әрекетіне араласуға жол
берілмейді және ол заң бойынша қудаланады;
- тергеу мен анықтама құпиясына заңмен кепілдік беріледі және т.б.
Қылмыстық істердің санатына, оларды қорғау және тоқтату тәртібіне
байланысты қылмыстық ізге түсудің келесі түрлерін ажыратады:
1. жеке айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу;
2. жеке көпшілік айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу;
3. жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу;
Жеке айыптау істері жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады
және айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға тиіс (ҚР ҚІЖК - 33 бап).
Жеке - жариялы айыптау істері жәбірленушінің шағымы бойынша ғана
қозғалады және тек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекісінің 67-бабында
көзделген жағдайларда ғана жәбірленушінің айыпталушымен бітісуіне орай
қысқартылуға жатады. (ҚР ҚІЖК 34-бап)
Жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу жәбірленушінің
шағым беруіне қарамастан жүзеге асырылады.
Егер әрекет дәрменсіз немесе басқа тәуелді жағдайдағы, не басқа да
себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз
адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша,
ал сонымен қатар қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қорғайтын
болса жеке жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде
де іс қозғауға құқылы. (ҚР ҚІЖК 33-бап 2-тар,34 бап 2-тар).
Сонымен қатар оны жүзеге асыратын органга байланысты қылмыстық
ізге түсудің нысандары ажыратылады:
1.Алдын ала тергеу - тергеушілермен сотқа дейінгі өндіріс тәртібінде
жүзеге асырылатын және өзіне тән ерекшіліктерге ие қылмыстық ізге түсу
нысаны. Алдын ала тергеу – ең маңызды және
күрделі қылмыстық істер бойынша жүзеге асырылатын тергеудің жетілдірілген
және ерекше
нысаны. (ҚР ҚІЖК 191 бап).
Сәйкес алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі
істер және қаржы полициясы органдарының тергеушілері, ал кейбір
жағдайларда анықтама органы жүргізеді. Бұл органдардың әр қайсысының тергеу
реті бар.
2. Анықтау - анықтау органдарымен, анықтаушылармен сотқа дейінгі өндіріс
тәртібінде жүзеге асыралатын және өзіне тән ерекшеліктерге ие қылмыстық
ізге түсу нысаны. Ол қылмыс жасады деп сезіктелетін тұлға белгілі жағдайда
кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстардың көпшілігі бойынша
жүргізіледі. Олардың толық тізімі ҚР ҚІЖК - нің 285 бабында берілген.
Анықтау органдарының тізімі ҚР ҚІЖК - нің 65 бабында келтірген.1
Сонымен қатар қылмыстық ізге түсуді қылмыстық ізге түсудің
бағытына байланысты жіктеуге болады:
1. қылмыс жасаған, анықталған тұлғаға қатысты қылмыстық ізге түсу;
2. қылмыс жасалу фактісі бойынша қылмыстық ізге түсу;
Бірінші жағдайда берілген тұлғаға қатысты қылмыстық ізге түсу
тұлғаны айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы шығарумен немесе сезіктіні
ұстау хаттамасын жасаумен немесе бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы
шығарумен қозғалады. Қылмыстық ізге түсу сот өкімінің шығаруымен
анықталады.
Қылмыс жасаған тұлға белгісіз болған жағдайда қылмыстық ізге түсу
қылмыс фактісі бойынша жүзеге асырылады. Қылмыстық іс қозғауға себептің
пайда болуымен бір мезгілде қозғалады және ҚР ҚІЖК 37, 38 бап (қылмыстық
ізге тусуді болдырмайтын жағдайлар және қылмыстық ізге түсуді жүзеге
асырмауға мүмкіндік беретін мән –жайлар) көзделген негіздер бойынша,
сонымен қатар сот өкімінің шығарылуымен тоқтатылады. Тұлғаға қатысты
қылмыстық ізге түсу қылмыс жасады деп сезіктеліп отырған тұлғаға қатысты
оған қылмыстық ізге түсудің басталуына байланысты құқықтарымен міндеттерін
түсіндіре отырып қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен бастап
қайта жаңғыртылады(ҚР ҚІЖК 186-бап).
Қылмыстық ізге түсудің бұл екі түрі бір - біріне тәуелді және
көп жағдайда қылмыс жасады деп сезіктенетін немесе айыпталатын тұлғаны
анықтау кезінде жасаған қылмыс фактісі бойынша
қылмыстық ізге түсу берілген тұлғаға қатысты қылмыстық ізге түсумен
жалғасады.
Бұл келесі жағдайда көрнекті көрініс табады: егер тұлғаның
берілген қылмысты жасауға қатыстылғының жеткілікті дәлелдері табылмаса
және егер бұл тұлға айыпталушы немесе сезікті деп танылса, онда тергеуші
берілген тұлғаға қатысты қылмыстық ізге түсуді тоқтату туралы қаулы
шығарады, бірақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу және қылмыстың жасалу
фактісі бойынша қылмыстық ізге түсу жалғасады.
Осылайша, келесі қорытынды жасауға болады . Қылмыстық ізге түсу –
қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетпен оны жасаған адамды, соңғысының
қылмыс жасаудағы кініәлілігін анықтау мақсатында,сондай-ақ мұндай адамдарға
жаза немесе өзгеде қылмыстық - құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды
қамтамасыз ету үшін алдын ала тергеу және анықтау нысанында прокурор,
тергеуші, анықтау органы,анықтаушы жүзеге асыратын іс жүргізудің қызметі.
Қылмыстық істердің санатына, оларды қозғау және тоқтату тәртібіне
байланысты қылмыстық ізге түсудің келесі түрлерін ажыратады:
1. жеке айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу;
2. жеке жариялы істер бойынша қылмыстық ізге түсу;
3. жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу;
Қылмыстық ізге түсудің бағытына байланысты екі топқа бөлінеді:
1.қылмыстық іс-әрекеттің жасалу фактісі бойынша қылмыстық ізге түсу;
2. қылмыс жасады деп сезіктенетін немесе айыпталатын тұлғаға қатысты
қылмыстық ізге түсу:
а) айыпталушыға қатысты қылмыстық ізге түсу;
б)сезіктіге қатысты қылмыстық ізге түсу;
Қылмыстық ізге түсу екі нысанда болады:
1. алдын ала тергеу;
2. анықтау;

1.2.Тергеушінің өкілеттіктерінің мәні және олардың жүйесі

Тергеуші - қылмыстық - процессуалдық іс - әркеттерінің субъектісі
немесе белгілі қылмыстық процессуалдық функцияны орындайтын процесске
қатысушы. Қылмыстық істі тергеу кезінде, ол өзге тұлғалармен қылмыстық -
процессуалдық қатынастарға түседі, өзіндік процессуалдық құқықтармен
міндеттерге ие болады, бұл оны өзге процесске қатысушылардан ажыратады.
Тергеу органдары сот өндірісін жүзеге асыратын барлық органдарға ортақ
міндеттер атқарады, бірақ бұл ортақ міндеттерді шешу кезінде өзіндік
ерекшіліктерге және өзіндік мақсаттарға ие. Заңдық актілерді сұрыптай келе
тергеушінің алдында келесі міндеттер тұр деген қорытынды жасауға болады:
1. қылмыстарды тез, толық және жан-жақты ашу;
2. кінәлілерді жауапкершілікке тарту және қылмыстық іс бойынша сот
талқылауын жүргізу үшін қажетті шарттар жасау;
3. қылмыспен келтірілген материалдық залалдың орнын толтыру жөніндегі
шаралар қабылдау;
4. қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен шарттар анықтау және жою;

Аталған өзіндік міндеттерді тергеу органдары қылмыстарды тергеу
деп аталатын ерекше функцияны жүзеге асыру жолымен орындайды. 1
Аталған функцияны орындау кезінде тергеуші істің жағдайын жан-
жақты, толық және обьективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға,оның
қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәләлдер жинаған адамдарға
қатысты айыпталушы ретінде тарту,айып тағу жолын кесу шарасын таңдап алу,
айыптау қортындысын жасау жолымен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға
міндетті. (ҚР ҚІЖК 64 бап).
Тергеуші айыпталушыға тағылған айыптан заңмен белгіленген
құралдармен және тәсілдермен қорғану мүмкіндігін беруге және оның жеке және
мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, айыптаушыға оның құқықтарын
түсіндіруге және бұл құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігін жасауға, т.б.
міндетті.
Осылайша, тергеу қылмыстық процессуалдық функциясының мазмұны
тергеуші жүзеге асыратын мақсатта және іс-әрекеттің белгілі шеңберінде.
Бұл функция тергеушінің процессуалдық әрекетінің көптеген
жақтарын қамтиды: қылмыстарды тез және толық ашу,оларды жасаған тұлғаларды
әшкерлеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту, қылмыстық жасауға ықпал
еткен себептер мен жағдайларды анықтау және т.б.
Тергеуші сот өндірісі мақсаттарын теқ қана оған тән іс-әрекет
нысандарына, оған заңмен берілген құралдарды қолдана отырып жүзеге асырады.
Тергеу органдары шешетін құқықтық сұрақтардың ерекшеліктері
тергеуші өз құзіреттерін жүзеге асыратын құқықтық актілердің
ерекшеліктерінің болуын негіздейді.
Тергеу органдарының мақсатының, функцияларының, оларды жүзеге
асырудың нысандарымен құралдарының дербестігі мен ерекшелігі алдын-ала
тергеу органдарын мемлекеттік механизімнің салыстырмалы түрде дербес
бөлімшесіне ажыратуға негіз береді.
Тергеу органдарының мемлекеттік аппараттары дербес орнын
анықтайтын ерекшекліктер тергеушінің құзіретінде анықтайды.
Қылмыстарды ашу үшін тергеуші сәйкес процессуалдық құзіреттерге ие.
Оның құқықтары –бір мезгілде оның мемлекет алдындағы міндеттері (немесе
нақты қылмыстық істі тергеу кезінде міндетке айналады). Мысалы, тергеушінің
негізгі процессуалдық құзіреттерінің бірі - оның қылмыстық істі дербес
қозғау құқығы, бірақ ол қылмыс белгілері табылған кез-келген жағдайда
міндетке айналады. 1
Тергеушінің құзіреттері - оның қылмыстық іс бойынша өндірісті
жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасындағы
орнын анықтауды, оның қылмыстық сот өндірісінде іс әрекетінің мәні мен
мазмұны, оның бағыттылығын ашады. Бұл мағынада құзіреттер арқылы оған
жүктелген функцияның нақты мазмұны ашылады. 1
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын барлық мемлекеттік
органдардың іс әрекеті қылмыстық сот өндірісінің міндетерімен анықталады.
Міндеттерге қатысты тергеушінің құзіреттері оларды орындаудың процессуалдық
құралдары болып табылады.
Тергеушінің құзіреттері – тергеуші өзінің алдында тұрған
міндеттерді шешу үшін иеленген құқықтық құралдар, олардың маңызды
факторлары және алған шарттары.
А.А.Власов тергеушінің құзіреттерін келесі түрде анықтайды: ...
бұл дегеніміз оған жүктелген міндеттерді тиімді орындау мақсатында алдын
ала тергеуде өзінің мінез-құлық сипатын еркін және дербес анықтауға
мүмкіндік беретін процессуалдық заңда бекітілген мүмкіндіктер және бір
мезгілде, оның мемлекеттік механизмдегі мақсатын жүзеге асыратын, мұндай
мінез-құлықтың қажеттілігін нұсқайтын міндеттері.2
Тергеушінің құзіреттерінің жүйесі тараптарының бірі тергеуші болып
табылатын құқықтық қатынастарды, сонымен қатар тергеуші өзінің құқықтары
мен міндеттерін жүзеге асыратын іс-әрекеттермен құқықтық актілерді қамтиды.

Егер қылмыстық процессуалдық құқықтық қатынастар жіктемесіне
негізделген тергеушінің құзіреттері әр түрлі органдармен және тұлғалармен
құқықтық қатынастардан тыс жүзеге асырыла алмайтындығы нұсқалса,
процессуалдық әрекеттері жүргізу жөніндегі құзіреттер жүйесінде оның
құзіреттерінің көлемі, мақсаты толық ашылады. Тергеушінің процессуалдық
актілер оның құзыреттерін жүзеге асырудың құқықтық нысанын білдіреді.3
Тергеушінің өзінің құқықтарыны мен міндеттерін жүзеге асырудың
міндетті нысаны болып, ол алдын ала тергеуге қатысушылармен (
айыпталушымен, сезіктімен, куәләрмен, куәгермен, және т.б) түсетін құқықтық
қатынастар табылады. Процессуалдық іс әрекеттерді жүзеге асыру негізі
ретіндегі құқықтар мен міндеттер белгісі, олардан процессуалдық қатынастар
жүйесі
қалыптасқандықтан маңызды. 1
Сондықтан тергеуші өзінің құқықтары мен міндеттерін бір жақ
тәртіпке емес белгілі құқықтармен міндеттердің субъектілер болып табылатын
өзге қатысушылар мен құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру немесе
тоқтатылу процесінде жүзеге асырады.
Қылмыстық процестегі тергеушінің іс - әрекеті тергеу функциясын
жүзеге асыруға бағытталған, заңмен реттелген, мемлекеттік сипатта болады.
Тергеушінгің құзыреттерінің көпшілік сипаты олардың биліктік шешуші роліне,
олардың мемлекетпен жекелеген азаматтардың мүдделерін қорғауға
бағытталғанынан көрініс табады. Бұл құзыреттердің сипаты тергеушінің
қылмыстылықпен, заңмен көзделген нысандарда күресуге міндеттейді. Тергеуші
егер олар өздерінің іс - әрекеттерімен тергеу функциясының қалыпты жүзеге
асыруға кедергі келтірсе процесске қатысушыларды белгілі әрекеттер жасауға
мәжбүрлеуге құқылы ал кейбір жағдайларда заң бойынша міндетті. Алайда,
бұл тергеуші алдын ала тергеуге өзге қатысушыларға қатысты жүзеге асыратын
бір жақты биліктік өкілеттіктерге ие дегенді білдірмейді. Процессуалдық
әдебиеттерде қылмыстық процессті, сәйкесінше қылмыстық - процессуалдық іс
әрекетті де жоғарғы тұрған органдардың алдында ғана міндттері бар
мемлкеттік органдардың бір жақты биліктік құзыреттерінің жүйесі ретінде
қарастыратын көзқарастар да кездеседі. 2
А.Л.Ривлин қылмыстық - процессуалдық қатынастарда мемлкеттік
органдар тек қана міндеттер атқарса, қылмыс субъектісі тек қана
міндеттерге емес, сонымен қатар құқықтарға ие деп есептейді.3
Бұл қөзқарастар К. Маркстің келесі сөздеріне қайшы келеді:
құқықтар міндеттерсіз болмайды, құқықтарсыз міндеттер болмайды.4
Алдын ала тергеумен байланысты кез келген азаматтардың құқықтық
жағдайы тек қана субъективті құқықтармен емес, сонымен қатар процессуалдық
міндеттермен анықталады. Тергеуші барлық процеске қатысушылар сияқты,
тергеуді жүргізу кезінде құқықтарға ие және белгілі міндеттер атқарады.
Бұған онымен алдын ала тергеуге өзге де қатысушылар арасында пайда болатын
қандай да құқықтық қатынасты сұрыптай отырып, көз жеткізу оңай. Мысалы,
айыпталушы өзінің не үшін айыпталатындығын білуге құқылы, ал тергеуші,
сәйкесінше, тағылған айыптың мәнін түсіндіруге міндетті.
Тергеушінің құқықтары мен міндеттері өзіндік ерекшеліктерге ие.
Бұл қылмыс оқиғасын оны жасауға кінәлі тұлғаларды анықтауға және оларды
әшкерлеуге заңмен көзделген барлық іс шараларды қолдану жөніндегі
мемлекеттік міндет жүктелгендігімен түсіндіріледі. Сондықтан да бұндай
міндетті орындау үшін тергеуші алдын ала тергеуге өзге қатысушыларға
қатысты биліктік өкілеттіктерге ие. Ал процесске өзге қатысушылардың аталып
кеткендей, процессуалдық құқықтардың белгілі кешені бар. Бұл құқықтарға
тергеушінің белгілі міндеттері сәйкес келеді. Бұл құқықтармен міндеттермен
ара-қатынасы мен көлемі сот өндірісінің міндеттерін тиімді шешуді
қамтамасыз етеді. Л. Д. Кокоревтің айтуынша: егер қылмыстық процесті
мемлкеттік органдардың бір жақты биліктік құзыреттерінің жүйесі ретінде
қарастырса, онда адам және оның мүдделері мен құқықтары жоғалады 1
Қылмыскерді әшкерелеуде тергеушіге кең мүмкіндіктер бере отырып
процессуалдық құқықтар мен міндеттер жүйесі айыпталушыға да, процесске өзге
қатысушыларға да өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін нақты
мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Тіпті процесске қатысушылардың
процессуалдық құқықтарының жүйесі тергеушіге құқықтарды түсіндіру жөнінде
ғана емес, сонымен қатар оларды пайдалану жөніндегі белгілі міндеттер
жүктейді. Мысалы, айыпталушының қорғану құқығына тергеушінің сезіктіге,
айыпталушыға, олардың құқытарын түсіндіру және олардың айыптаудан заңмен
тиым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкідігін қамтамасыз ету,
сондай-ақ олардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғауға шаралар қолдану
(ҚР ҚІЖК 26 бап), айыпталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да сондай-ақ оның
жауаптылығымен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды іс
бойынша анықтау (ҚР ҚІЖК 24 бап) , оған қатысты заңда көзделген негіздер
бойынша қылмыстық ізге түсуді тоқтату.( ҚР ҚІЖК 37, 38 бап) міндеті сәйкес
келеді. Алдын ала тергуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің өзара
әрекетестігі қылмыстық - процессуалдық қатынастардың пайда болуының
өзгеруінің және тоқтатылуының кез келген жағдайында көрініс табады. Бұл
мағынада қылмыстық –процессуалдық қатынас субъектісінің кез келген мүмкін
мінез-құлығы әрқашан оның белгілі мінез құлықты ұстану міндетін
білдіреді 1
Осылайша, тергеушінің қылмыстық - процессуалдық іс әрекетіндегі
мемлекеттік биліктік бастау қылмыстық сот өндірісіндегі тұлғаның құқықтары
мен кепілдіктерінің кең жүйесімен үйлеседі. Оның әр бір нақты құқығына өзге
тұлғаның белгілі міндеті, ал құқықтың қатынас субъктісінің әрбір құқығына
тергеушінің белгілі міндеті сәйкес келеді.
Тергеуші заңға сәйкес әрекет ете отырып, негідер болған кезде
қылмыстық істі қозғауға және тергеуді жүргізуге кірісуге, қылмыстарды ашу
және кінәлілерді әшкерелеуге, іс шаралар қабылдауға міндетті. Бұл оның
қызметтік борышы, мемлкеттік міндеті және ол оларды дәлелдемелер жинау
процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану айыпталушы ретінде тарту және
т.б. жөніндегі заңмен берілген құқықтарын жүзеге асыру арқылы пайдаланады.
Оның өз құқықтарын жүзеге асыруы міндеттердің пайда болуымен
негізделгендіктен құқықтар мен міндеттердің жиынтығын, биліктік-өкімдік
сипаты бар құзыреттер ретінде қарастыруға болады.2
Бір жағынан тергеуші заңның тікелей орындаушысы ретінде әрекет
етеді, қылмыстық -процессуалдық құқық нормаларын қолдануды жүзеге асырады
және бұл белгілі сұрақтар бойынша оның биліктік шешімдерінде көрініс
табады. Ол өз атынан мемлкеттік биліктік құзыреттерді жүзеге асырудың
нәтижсі олардың көрініс табуының нысаны болып табылатын және олар
жолданған процесске қатысушыларға, азаматтарға, лауазымды тұлғаларға
орындау үшін міндетті қаулылар шығарады. Қажет болған жағдайда ол
мемлкеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана алады. Екінші жағынан, оған
белгілі өкім етуші функция тән. Ол өз көрінісін, мысалы, тергеу
әрекеттерін жүргізу, қылмыстық істерді ажырату және қосу туралы сұрақты
шешу кезінде т.б. табады.
Әрбір құзырет мәні бойнша белгілі әдістерге (құзыреттерді жүзеге
асырудың тәсілдеріне және жолдарына) нұсқалды. Құзырет әрекет етуге
мүмкіндік береді, жалпылама түрде нәтижеге жетудің белгілі әдістеріне
нұсқайды (жауап алу, қарау, тінту) осылайша, тергеуші берілген іс бойынша
анықтауға жататын мән - жайлар белгілі тұлғадан жауап алуға құқылы.
Дәлелдеу пәніне кіретін ақпарат алудың әдісі - жауап алынатын адамнан
қылмыс туралы ақпарат алу процесі болып табылатын жауап алудың өзі.1
Биліктік - өкілеттіктерге ие тергеуші процесске қатысушыларды
құқық нормаларын орындауға және тиісті мінез - құлыққа міндеттейді. Өзінің
биліктік шешімдерін қамтамасыз ету үшін, ол басым көпшілігі тергеушінің
талаптарында көрініс тапқан заңның нұсқамаларын бұзушыларға қолданылатын
белгілі санкциялармен қамтамасыз етілген қажетті процессуалдық
құралдарға ие. Тергеушінің қылмыстық - процессуалдық заңның талаптарын
жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналған кепілдіктер ретінде қылмыстық
процесте санкциялардың келесі түрлері қолданылуы мүмкін.
- қылмыстық – процессуалдық;
- қылмыстық – құқықтық;
- азаматтық – құқықтық;
- әкімшілік – құқықтық;
Санкциялар әрқашан қылмыстық - процессуалдық болмайды, бірақ бұл
оларды қылмыстық- процессуалдық кепілдіктер сипатынан айырмайды, себебі
олардың барлығы қылмыстық- процессуалдық құқық нормаларымен көзделген және
тергеушінің қылмыстық- процессуалдық өкілеттіктерін жүзеге асыруын
қамтамасыз етуге арналған. Тергеушінің алдында тұрған міндеттерді
орындауы оның өкілеттіктерінің сәйкес кепілдіктерімен қаншалықты нақты
қамтамасыз етілгендігіне байланысты, себебі соңғылары тергеуші олардың
көмегімен өз құқықтарын жүзеге асыратын, оларды қорғайтын және іс бойынша
тергеуді жүргізу кезінде қылмыстық процессуалдық заңды дұрыс қолдануды
қамтамасыз ететін құралдар болып табылады. Заң шығарушы тергеушіге өз
өкілеттіктерін жүзеге асыруға, тәуелсіз болуға, яғни тергеудің барысын
дербес бағыттауға және оның нәтижелерін анықтауға мүмкіндік беретін
құқықтың кепілдіктерді бекітті.
Осындай кепілдіктердің бірі - тергеушінің процессуалдық дербестігі. Өз
өкілеттіктерін тергеуші тергеу және өзге де процессуалдық әрекеттерді
жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Казіргі күнге дейін әдебиеттерде тергеу және процессуалдық
әркеттердің шеңбері әр түрлі авторлармен әр түрлі анықталады.
Процессуалистердің көпшілігі тергеу және әрекеттері деп дәлелдемелерді
табуға, бекітуге және тексеруге бағытталған процессуалдық әркеттерді
таниды.1
Олардың барлығы бұл әрекеттердің жүйесіне қарауды, жауап алуды,
тінтуді және алуды, тануды, куәландыруды, тергеу эксперименттерін,
беттестіруді, айғақтарды оқиға болған жерде тексеруді және т.б. қосады.
Бұлар ҚІЖК - нде тергеу әркеттері деп аталады. Барлық қалған әрекеттер тек
ғана процессуалдық болады. Оларға жасалған немесе дайындалып жатқан
қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, қылмыстық істі қозғау
туралы, айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы жасау, бірқатар өзге де
қаулылар, айыптау қорытындысын жасау және т.б. Кез келген тергеу әрекеті
процессуалдық болады, бірақ барлық процессуалдық әрекеттер тергеулік емес.
Заңға жүгінелік. ҚР ҚІЖК 184, 185 баптары тергеушіге қажетті
материалдарды талап ету, белгілі тұлғалардан түсініктемелер алу, арыздар
бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдау құқығын береді: қылмыстық іс
қозғау туралы; қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы; арызды, хабарды
тергеу ретімен, ал жеке айып тағу істері бойынша сот ретімен жіберу туралы.
Тергеушінің бұл әрекеттері, әрине, процессуалдық сипатта, бірақ олар тергеу
әреткеттері болып табылмайды. Алайда, ҚР ҚІЖК қылмыстық істі қозғау туралы
сұрақты шешу үшін тек қана екі тергеу әрекетін жүргізуге рұқсат береді:
оқиға болған жерді қарау және сараптама. Заңды сұрыптау процессуалдық
әрекет ұғымы кеңірек екеніне және тергеу әрекеті ұғымын қамтитынына көз
жеткізеді.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган жүзеге асыратын барлық
процессуалдық әрекеттер, оның ішінде тергеу әрекеттері процессуалдық құжат
- хаттамада бекітіледі.
Тергеушінің өкілеттіктерінің жүзеге асырылуының құқықтық нысаны
процессуалдық актілерде көрініс табады.
ҚР ҚІЖК 7- бабына сәйкес процессуалдық шешімдер - өз құзыреттері
шегінде қылмыстық процесті жүргізуші органдар шығаратын және заңда
айқындалған нысанда көрініс табатын қылмыстық іс жүргізу құқығын қолдану
актілері- үкімдер, қаулылар, қортындылар, ұсыныстар, санкциялар.
Қаулы – сот үкімінен басқа әртүрлі шешімдері, анықтаушының,
тергеушінің, прокурордың қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс
жүргізу барысында қабылданған шешімдері. ( ҚР ҚІЖК 7-бап.)
Осылайша, тергушінің процессуалдық актілері дегеніміз – қаулылар
және ұсыныстар нысанында көрініс табатын, тергеушінің құзыреті шегінде
шығарылатын қылмыстық-процессуалдық құқықты қолдану актілері. Алайда,
қаулылармен қатар тергеуші процессуалдық әрекеттердің хаттамаларын жасайды
және қылмыстың жасалуына ықпал еткен мән-жайларды немесе өзге де заң
бұзушылықтарды жою туралы мемлкеттік органдарға, ұйымдарға немесе оларды
басқару функцясын жүзеге асыратын тұлғаларға ұсыныстар енгізеді. ҚР ҚІЖК
7-бабына сәйкес хаттама қылмыстық процесті жүргізуші орган жасаған іс
жүргізу әрекеті көрсетілген іс жүргізу құжаты.
Заң энциклопедиялық сөздігінде заңдық, актіге келесі
анықтама берілген:
басым өндіріс әдісінің қалыптасуын, нығаюын және дамуын, және билік
басында тұрған топтардың мүдделерін жүзеге асыруын қамтамасыз ету
мақсатында, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және құқықтық жай-
күйді қалыптастыратын, белгілі құқықтық салдарды туындататын ресми жазбаша
құжат 1
С.И. Ожеговтың орыс тілі сөздігінде бұл мағынадағы акт деп
әлденені куәландыратын құжат түсіндіріледі.
Ю.Н. Прокофьев құжаттың келесі анықтамасын береді: ... бұл
дегеніміз ақпаратты сақтауға және беруге арналған, мақсатты бағытталған іс-
әркеттің іздерін сақтаған, арнайы дайындалған материалдық дүниенің заттары
3
Осылайша, кез келген құжат акт емес, бірақ кез келген акт -
құжат деген қорытынды жасауға болады. ҚР ҚІЖК - інде хаттама - құжат
делінген. Бірақ, хаттама тергеушінің құзыреттерін жүзеге асырудың құқықтық
нысанын білдірмейді ме? Мысалы, жауап алу тергеу әрекеттерін жүргізу
бойынша тергеушінің құзыреттерін жүзеге асырудың бірі болып табылады.
Басқаша айтқанда, жауап алу хаттамасы, жауап алу фактісін куәландырады
және белгілі құқықтық салдарды туындатады, мысалы, куә үшін ол жалған айғақ
бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Сәйкесінше, хаттама қаулымен және ұсыныспен қатар тергеушінің
құзыреттерін жүзеге асырудың құқықтық нысанын білдіреді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесі қорытынды жасауға
болады:
1. Тергеушінің өкілеттіктері дегеніміз - оған жүктелген міндеттерді
тиімді орындау мақсатында алдын ала тергеуде өзінің мінез - құлық
сипатын еркін және дербес анықтауға мүмкіндік беретін процессуалдық
заңда бекітілген мүмкіндіктер және, бір мезгілде, оның мемлекеттік
механизімдегі мақсатын жүзеге асыратын, мұндай мінез - құлықтың
қажеттілігін нұсқайтын міндеттері.
2. Тергеушінің өкілеттіктерінінің жүйесі тараптарының бірі тергеуші болып
табылатын құқықтық қатынастарды, сонымен қатар тергеуші өзінің
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыратын іс-әрекеттер мен құқықтық
актілерді қамтиды.
3. Тергеуші өз құқықтары мен міндеттерін сотқа дейінгі өндіріс барысында
жүргізілетін процессуалдық әрекеттер түрінде жүзеге асырады, оларға
барлық тергеу әрекеттері де жатады.
4. Тергеушінің өкілеттіктерін жүзеге асырудың құқықтық нысаны қаулылар
шығару, тергеуші жүргізген процессуалдық әрекеттердің хаттамаларын
жасау, сонымен қатар қылмыстың жасалуына ықпал еткен мән-жайларды
немесе өзге де заң бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар қабылдау
туралы ұсыныстар шығару нысандарында көрініс табады.

1.3. Тергеушінің процессуалдық дербестігінің
түсінігі.

Қылмыстарды тез және толық ашу, кінәлілерді әшекерелеу міндеттерін
шешуде, қылмыс жасағаны үшін міндетті түрде жауапкершілікке тарту
қағидасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуде тергеуші елеулі роль
атқарады. Тергеушінің Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің , ішкі істер
органдарының және қаржы полициясының лауазымды тұлғасы ретіндегі іс-
әрекетінің мазмұны қылмыстылықпен күресу міндеттерімен анықталады.
Тергеуші анықтау органының жедел қызметкерлерімен әрекеттесе
отырып анықталған қылмыстарды ашу жөніндегі жұмысқа бірінші болып
кіріседі. Қылмыстылықпен күресудің тиімділігі көбінесе оның
бастамашылығына, кәсіби даярлығының деңгейіне, моральдық қасиеттеріне
байланысты. Бірақ, тергеуші сонымен қатар заңға қызмет етеді. Оның алдын
ала тергеуді жүргізу жөніндегі барлық іс-әрекеті қатаң түрде заңға
бағындырылған.
Қылмыстық-процессуалдық заң қылмыстарды ашуға және оларды жасаған
тұлғаларды әшкерелеуге бағытталған қандай да бір әрекеттерді жүзеге
асыру тәртібін реттей отырып, тергеушінің өкілеттіктерінің көлемін, оның
құқықтары мен міндеттерін бекітеді. ҚР ҚІЖК 64 бабына сәйкес тергеуші,
заңда прокурордың санкциясынан немесе соттың шешімінен алу көзделген
жағдайларды қоспағанда , тергеудің бағыты мен тергеу іс - әрекеттерін
жүргізу туралы барлық шешімдерді дербес қабылдайды және олардың заңды
және уақытылы атқарылуы үшін толық жауапты болады. Тергеушінің қызметіне
заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Заңға сәйкес тергеуші өзі тергеген іс бойынша тұлғаны айыпталушы
ретінде тарту іс бойынша өндірісті тоқтату, тергеуді аяқтау туралы шешім
қабылдайды, айыптау қортындысын жасайды және прокурорға қылмыстық істі
соттың қарауына беру үшін жібереді. Тергеушінің аталған өкілеттіктері
жиынтығында тергеушінің процессуалдық дербестігі түсінігін білдіреді.1
Тергеушінің процессуалдық дербестігі заңда көзделген жағдайлардан
басқа реттерде іс бойынша алдын ала тергеудің міндеттерін шешу дербес заң
мен әлеуметтік құқықтық саланы басшылыққа ала отырып, істің барлық мән-
жайларын олардың жиынтығында жан-жақты, толық және объективті ішкі сенім
бойынша дәлелдемелерді бағалауға негізделген шешім қабылдайтын және бұл
шешімдерді қажетті процессуалдық әрекеттерді орындау жолымен дербес жүзеге
асыратын заңмен бекітілген және толық реттелген тергеушінің іс-әрекетінің
бастаулары ретінде анықталады.
Тергеушінің процессуалдық дербестігі институтының тергеушінің іс
бойынша жиналған дәлелдемелерді ішкі сенімі бойынша бағалау, іс бойынша
өндіріс кезінде шешімдерді дербес қабылдау, алдын ала тергеудің міндеттерін
шешу үшін қажетті өзі қаьлдаған шешімдерді жүзеге асырудың жолдары мен
құралдарын дербес таңдау құқықтарын бекітетін нормалар құрайды. Басқаша
айтқанда, берілген институтты алдын ала тергеудің барлық сұрақтарын жүзеге
асыру кезінде оның өзінің бастамашылығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін
тергеушінің барлық құқықтарын көздейтін нормалар құрайды.
Тергеушінің процессуалдық дербестігі институтын құрайтын нормалар
жиынтығына тергеушіге берілген құқықтардың құқықтық кепілдіктері болып
табылатын процессуалдық нормалар да қосылады. Тергеушінің процессуалдық
дербестігі алдын ала тергеудің күрделі міндеттерін орындау үшін үлкен
маңызға ие.
Тергеушіге процессуалдық дербестік беру ең алдымен осылайша оған
алдын ала тергеудің барысы мен нәтижелері үшін жауапкершілік
жүктелетіндігімен маңызды 1
Жауапкершілік шешімдерді қабылдау еркіндігінің негізінде ғана пайда
болуы мүмкін.
Бостандық жоқ жерде таңдау да, жауапкершілікте жоқ Адам өзінің
әрекеттері үшін оларды толық еріктілікпен жасағанда ғана жауапты болады 2
Процессуалдық шешімідерді қабылдаудың белгілі еркіндігі
тергеушінің жұмысының ізденуші сипатымен, тергеушінің бағытына ықпал ететін
жағдайлардың көптігімен негізделеді. Ең тиімді шешімді таңдау кезінде
жағдайды есепке алу қажеттілігі тергеушіге процессуалдық заңмен белгеленген
шектерде әрекет ету бостандығын беруді талап етеді.
Тергеушінің процессуалдық дербестігінің ең маңызды сәті – оның
шешімдер қабылдаудағы дербестігі. Тергеу органдарының іс- әрекетіндегі
шешімдердің маңызы шешімдердің жалпы басқарушылық іс -әрекетте атқаратын
үлкен ролімен анықталады.
А.А. Власовтың пікірі бойынша шешімдер дегеніміз - мазмұнына
алдын ала тергеудің бір немесе бірнеше сұрақтардың шешуі кіретін заңға
негізделген және фактілік мәліметтермен негізделген , процессуалдық
нысанда рәсімделген құқықтық актілер, сонымен қатар бұл шешімнен туындайтын
қылмыстық сот өндірісі міндеттерін шешуге бағытталған қылмыстық
процессуалдық іс-әрекет субъктілерінің іс-әрекеті туралы биліктік ерік
білдіру.
Тергеушінің процессуалдық дербестігі туралы заңда бекітілген
ережеге сәйкес ол тергеу әрекеттерін жүргізудің кезектілігін өзі анықтайды,
тергеу тактикасын дербес таңдайды. Тергеуші қылмыстық істерді қозғауға,
кез келген уақытта прокурордың нұсқауын күтпей-ақ, заңмен оның құзыретіне
жатқызылған, бірақ анықтау органымен қозғалған істі қарауға кірісуге
құқылы. Бірақ, тергеушінің процессуалдық іс-әрекетіне тергеліп отырған іс
бойынша қабылданған белгілі шешімдермен қатар дәлелдемелерді табуға,
тексеруге және бағалауға бағытталған жұмыс та жатады. Тергеуші қылмыстық іс
бойынша кез келген шешімді заңды және өзінің ішкі сенімін басшылыққа ала
отырып, жиналған дәлелдемелерді бағалау негізінде қабылдайды.
Осылайша, іс бойынша процессуалдық шешімдер қабылдаудан көрініс
табатын тергеушінің дербестігінің негізінде оның ішкі сенімі жатыр. ҚР ҚІЖК
25 бабы сұрыптаудан тағы да бір қорытынды шығады: тергеушінің ішкі сенімі
жиналған дәлелдемелік материалдарды бағалауға негізделумен қатар заңға
және ар-ожданға сәйкес келуі керек.
Ішкі сенімнің маңызды элементтерінің бірі - құқықтық
сана.Тергеушінің құқықтық санасы оның ішкі сенімінің негізінде жататындығы
туралы өз кезіде М.С. Строгович жазған. Ол ішкі сенім, біріншіден, құқықтық
санаға, екіншіден, іс бойынша анықталған объективті фактілердің
жиынтығына негізделгендіктен объективті екенін атап өтті.1
Бұдан келесі қорытынды жасауға болады: тергеушінің процессауалдық
дербестігінің және іс бойынша барлық негіз қалаушы шешімдер қабылдауының
негізінде тергеушінің ішкі сенімі жатқандығын ұмытпау керек.
Ал оның ішкі сенімін, яғни, тергеушінің ішкі психикалық мәнін ең
бастысы құқықтық сана болып табылатын бірқатар элементтер құрайды.
Құқықтық сана тергеушінің ішкі сенімін сипаттайтын санат ретінде
әрекет етуші заңдылықты білуді, заңды құрметтеуді, тергеушінің тергеу
барысында заңды қатаң ұстану ғана қылмыстық іс бойынша ақиқатқа жетуге
ықпал ететініне сенім болуын қамтиды.
Тергеушінің құқықтық санасының жоғарғы деңгейі қабылданатын
процессуалдық шешімдерді толық, жан-жақты және объективті жүргізілген
тергеудің материалдарының жиынтығымен негіздеуден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық ізге түсуді болғызбайтын мән жайлар
Тергеушінің процессуалдық дербестігінің түсінігі
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
ТЕРГЕУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту жайлы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Заңға сәйкес кылмыстық ізге түсу
Қылмыстық ізге түсудің мазмұны мен маңызы
Пәндер