Қазақстанның болат профилі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Тарих кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан үшін атқарған қызметі

Қабылдаған: Рустамбекова Мухаббат
Орындаған: Абдиев Досмурад
Тобы: ТТА-911

Түркістан 2023
Жоспар
0.1 Еңбек жолының басталуы
0.2 Президенттікке сайлануы 1990 жж қызметі
0.3 2000-2010 жылдардағы қызметі
0.4 Президенттік жолының аяқталуы
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) -- Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының бірінші президенті. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы төрағасы, 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі[1].
1990 жылдың 24 сәуірі мен 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан Республикасының президенті, 1991, 1999, 2005, 2011, 2015 жылдары өткен сайлауда президент сайланды. Қазақстан Республикасы президенті лауазымынан кеткеннен кейін Қазақстан Қауіпсіздігі кеңесінің төрағасы және Нұр Отан партиясының төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Конституциялық кеңесінің мүшесі лауазымы сақталды. Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы (1995 - 2021). 2007 жылдан бері - Нұр Отан партиясының төрағасы.
1989 жылдың 22 маусымы (Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы ретінде) мен 2019 жылдың 19 наурызы аралығында Қазақстан көшбасшысы болды. 2010 жылдан бері Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті - Елбасы ресим мәртебесіне ие болды[2].
Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы (1984 - 1989). КОКП ОК мүшесі (1986 - 1991); КОКП ОК Саяси бюро мүшесі (1990 - 1991). Қазақстан КП ОК хатшысы (1974 - 1984), Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы (1989 - 1991). КСРО Жоғарғы кеңесінің 10 - 11 шақырылымының Солтүстік Қазақстан облысынан депутаты (1979 - 1989). КСРО халық депутаты (1989 - 1991). Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы (1990). Қазақ КСР-інің президенті (1990 - 1991).
Еңбек жолының бастауы
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Қазақ КСР-і, Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында Әбіш (1903 - 1971) пен Әлжанның (1910 - 1977) отбасында дүниеге келді. 1957 жылы Қаскелең қаласында Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірді.
Теміртаудағы металлургиялық комбинат құрылысына бүкіл одақтан комсомолдарды жинап жатқанын естіп, Нұрсұлтан Назарбаев металлург болуға бел буды. 1958 жылдың алғашқы екі айында Қарағанды облысында Теміртау қаласынан 15 км жердегі Токаревка ауылында жатақханада тұрды. Украинаның Днепроджерсинск қаласындағы Днепр металлургиялық зауытындағы №22 Кәсіптік-техникалық училищеде оқып, 1960 жылы тәмамдады. 1960 жылы Теміртау қаласында Казметаллургстрой трестінің құрылыс басқармасына жұмысшы болып орналасты. 1960 жылы 3 шілдеде Қазақстан және Орталық Азиядағы алғашқы домна пеші іске қосылды, Назарбаев алғашқы қазақстандық шойын қайнатуға қатысты. Содан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында құю машинасының шойыншысы, домна пештің горновойы, домна цехтың диспетчері, газшысы, аға газшысы болып істеді. 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатындағы Жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді.
1969 және 1973 жылдары Теміртау қаласында партиялық комсомолдық қызмет атқарды. 1973 - 1978 жылдары Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы болды. Турасын айтқанда Назарбаев кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлға еді. Бұл жерде 30 мың адам жұмыс істейтін. Назарбаев естеліктерінде менмен амбициясының болмағанын, басқарушы лауазымдарға құмар болмағанын айтады, бірақ жас күнінен әрқашан да бірінші болу керек деген дағды қалыптасқан. Осы кезеңде ол басшы ретінде цех басшылары мен министрлерге дейін қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтады.
1978 - 1979 жылдары партияның Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы болды. 1979 жылы Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің хатшысы болып тағайындалды.
1984 - 1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы, ал 44 жасында одақ республикалары арасындағы ең жас басшы атанды.
1986 жылдың желтоқсанында республика астанасы Алма-Ата қаласында ееруіл басталды. Оған Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысының қызметіне Дінмұхамед Қонаевтың орнына бұрын-соңды Қазақстанда тұрмаған Геннадий Колбин сайланғаны түрткі болды. Жастар ереуілі аяусыз жаншылды, оқиға қатысушылары қудаланды, тек 1989 - 1991 жылдары ғана қайта қаралды.
1989 - 1991 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. 1989 - 1992 жылдары КСРО халықтық депутаты. Сол уақытта 1990 жылдың ақпан-сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы. 1990 жылдың 14 шілдесі мен 1991 жылдың 23 тамызы аралығында КОКП ОК Саясибюро мүшесі. КОКП Орталық ревизиялық комиссиясының мүшесі (1981 - 1986). КОКП ОК мүшесі (1986 - 1991).
Президент сайлануы, 1990 жылдар
1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің сессиясында Қазақ КСР президенті лауазымы құрылып, оған Нұрсұлтан Назарбаев лайық деп табылды.
1991 жылдың жазында М.Горбачев пен Б.Ельцин жаңа одақтық келісімшартқа қол қою барысында Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер одағы үкіметінің төрағасы лауазымын иеленетін болды, алайда ТЖМК Тамыз бүлігі бұған кедергі келтірді.
Назарбаев КСРО-ны конфедерацияға айналдыруды қолдады.
28 тамызда Қазақстан КП ОК пленумында президент Назарбаев КОКП-дан шығатыны туралы мәлімдеді. 1991 жылдың 1 желтоқсанында бір ғана үміткердің қатысуымен Қазақ КСР-інің тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Нәтижесінде Назарбаев сайлаушылардың 98,7%-ын дауысын иеленді.
10 желтоқсанда Қазақ КСР атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылдады, ал Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болды. 5 күн өткен соң осы статусымен КСРО-ның тарағанын растайтын ТМД мақсаттары мен принциптерінің Алма-Ата декларациясына қол қойылды.
1995 жылы 29 сәуірде өткен референдум нәтижесінде Назарбаевтың президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылы 10 қаңтарда Назарбаев 79,78% дауыспен президент болып сайланды.
2000 - 2010 жылдар
2005 жылы 4 желтоқсанда Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды, сайлауда 91,15% дауыс жинады.
2010 жылдың 15 маусымында Елбасы - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті мәртебесі ресми бекітілді.
2010 жылдың 23 желтоқсанында Өскеменде өткен форумда ел президентінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс айтылды, ол үшін жалпыреспубликалық референдум өткізу керек еді. Ұсыныс білдірушілердің бірі - Олжас Сүлейменов болатын. Көп ұзамай 2011 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республика парламентінің Қазақстан Республикасы Конституциясына қазіргі президенті өкілеттігін 2020 жылғы жалпыхалықтық сайлауға дейін ұзарту бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумға салу туралы ұсынысынан бас тартты.[3][4] Бірақ қол жинау тоқтаған жоқ, сөйтіп 2011 жылдың 13 қаңтарында осы бастаманы қолдап 5 миллион 16 мың қол жиналды. 2011 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Парламенті Конституцияға түзету енгізуді бірауыздан қабылдады. 31 қаңтарда Қазақстан Конституциялық кеңесі сайлауды референдумға ауыстыру туралы заңды конституцияға сай емес деп тапты.[5]
Сол күні халыққа жолдауында президент Конституциялық кеңестің шешімін қолдап, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді ұсынды.[6] 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен сайлауда 2016 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. Орталық сайлау комиссиясының соңғы есебі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев 95,5% дауыс жинады. Конституция бойынша бір тұлға екі реттен артық қатарынан сайлауға қатыса алмайды, бірақ бұл шектеудің Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне қатысы жоқ.
2015 жылы наурызда Назарбаев 2015 жылы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауына қатысуға үміткер ретінде тіркелді.[7] Сайлауда 97,75% дауыс жинады.
Отставка және кейінгі қызмет
2019 жылы 19 наурызда 2019 жылдың 20 наурызынан бастап президенттік өкілеттігін өз қалауымен өткізетін қаулы қабылдады.[8][9] Халыққа үндеуінде Назарбаев:
Мен Қазақстан Республикасының президенті ретінде өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Биыл еліміздің ең жоғарғы лауазымындағы қызметін атқарып келе жатқаныма отыз жыл толады. Мен Қазақстан Республикасының президенті ретінде өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым[10]
- деп жариялады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша президент өкілеттігі Парламент сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріледі, ол 20 наурызда Қазақстан парламенті қос палатасының біріккен отырысында ант берді. Бұдан кейін Назарбаев елдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі және Нұр Отан партиясының төрағасы лауазамын сақтап қалды.[11]
Сонымен қатар Тұңғыш президент қоры аясында қоғамдық қызметпен айналысуды жалғастырды. 2019 жылы қор Ел үміті және Қамқорлық жастарды қолдау жобаларын жүзеге асыра бастады. Біріншісі - өзгерістерді басқару бойынша жас менеджерлерді дайындауға бағытталған. Бағдарлама аясында қатысушылар әлемнің озық университеттері мен компанияларында білім алуға мүмкіндік алды, сондай-ақ олардың тәлімгері ретінде әрекет ететін үкімет, отандық және халықаралық сарапшылармен тікелей байланыс орната алады. Қамқорлық бағдарламасы бойынша ауруханаларда оңалту орталықтары, мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, жылына 5 мыңға жуық балаға тегін кешендік оңалту жүргізеді.[12]
2020 жылы маусым-шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен ауырды.[13][14][15] Коронавирус пандемиясы тұсында Нұрсұлтан Назарбаевтың Біз біргеміз! ұлттық акциясы бастама алды, оның аясында 2,3 миллион азаматқа көмек көрсетілді: мұқтаж отбасыларға азық-түлік, медицина қызметкерлеріне еріктілер көмегі беріліп, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қашықтан оқытуға компьютер алынды.[16]
2021 жылы 28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы өкілеттегін өткізді. Оны Н.Назарбаев 1995 жылдан басқарған еді, жалпықазақстандық социумға барлық этноәлеуметтік топтарды біріктіруді жалғастыру қажеттігін алға тартты. Назарбаевқа Ассамблеяның құрметті төрағасы атағы берілді.[17][18]
2021 жылы сәуірде Назарбаевтың бастамасымен Елбасы жылуы ауқымды қайырымдылық акциясы басталды. Акция барысында Нұрсұлтан Назарбаев және Дегдар қайырымдылық қоры тұрмысы нашар, көпбалалы, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған, Ұлы Отоан соғысының ардагері бар отбасыларға көмек көрсетеді. 681 мұқтаж отбасының әрқайсысына салмағы 132 кг тауар берілді.[19]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Отбасылық жағдайы
Нұрсұлтан Назарбаев жастайынан он екі атасына дейінгі шежірені жатқа білетін: Әбіш, Назарбай, Еділ, Кембаба, Мырзатай, Айдар, Көшек, Қарасай, Алтынай, Есқожа, Малды-Ыстық, Шапырашты, Жалманбет, Бәйдібек. Нұрсұлтанның сегізінші атасы Қарасай батыр болған, 1640 - 1680 жылдары жоңғарлармен шайқаста көптеген ерлік көрсеткен. Нұрсұлтанның атасы - Назарбай би болған, Қазақстанның Орталық мұрағатындағы құжат бойынша 1880 жылдары дәулетті адам. Сонымен қатар Назарбаев бала күнінен анасының да жеті атасын жақсы білген: Әлжан (1910 - 1977), Бұхарбай (Бұқа), Жатқанбай, Кенебай, Олжабай, Ізбасар, Жолай, Тығыр, Жалмамбет, Жаныс, Дулат.
1991 жылы жарық көрген Без правых и левых еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаев былай деп жазады:
Кейінгі кезде өзінің пролетарлық тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен ақсүйектік қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен - қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келді. Ұлы жүздің Шапырашты руынан шыққан. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш 1903 жылы Алатау баурайында Назарбайдың отбасында туылған. Әбіш Назарбаев 1971 жылы көз жұмды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қасық аулында молданың отбасында дүниеге келген, ол да 1977 жылы дүниеден озды. Анасы Дулат руының ішінде Жаныс елінен, одан Бесқалмақтан тарайды.
Бауыры - Сатыбалды Назарбаев (1947 - 1981).
Бауыры - Болат Назарбаев (1953 ж.т.).
Әйелі - Сара Назарбаева, инженер-экономист. Халықаралық Бөбек балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Үш қызы:
Дариға (1963 ж.т.) 2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы (2019-2020), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының директоры (2007 жылдан бері), Асар республикалық партиясының көшбасшысы (2003 - 2006), Қазақстан жастар конгресі ЗТБ және Астана Опера кеңесінің төрайымы. Ажырасқан (бұрынғы күйеуі - Р.М. Әлиев); үлкен ұлы Нұрәли Әлиев (1985 ж т) Нұрбанк АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған, Қазақстан даму банкі АҚ вице-президенті, Астаны қ-сы әкімінің орынбасары қызметін атқарған; ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Берік Имашевтің қызы Аида Имашеваға үйленген. Екінші ұлы - Айсұлтан Назарбаев (1990 - 2020), футболист, Қазақстан футбол федерациясы басшының қызметіне үміткер; бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қызы Алима Боранбаева үйленген.
Динара (1967 ж.т.) Н.Ә.Назарбаев атындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темір бетон бұйымдарын өндіретін цеч
МЕТАЛЛ ЕСІК ӨНДІРУ ЦЕХЫ
Ажырайтын немесе ажырамайтын қосылыстар
Төмен қосындылы құрлыс болаттары
Кілтекті тартажоңғыш
Тіректер конструкциясын және оларды трассаның профилі бойынша орналастыруды оқып білу
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ туралы
Реттелетін кілт
Геометриялық нивелирлеу жайлы
Тістерді өңдеуге арналған аспаптар
Пәндер