Үкіметтің қызметінің ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Орталық-Қазақстан Академиясы
Заң факультеті
Жария құқық кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: ҚР үкіметінің құзыреті

Орындаған: Ю-21-01 тобының
студенті Узакбаева А.Н
Жетекші: Тулеубекова.М.М

Қарағанды 2022

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Үкіметтің құрылуы және құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5
1.2. Үкіметтің құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2. Атқарушы биліктің орталық органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 9
2.1. Атқару билік органдарының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

3. Үкіметтің қызметінің ұйымдастыру ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.1. Үкіметтің норма шығарушылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.2. Үкіметтің басқа билік органдарымен қатынасы ... ... ... ... ... ...18
3.3. Үкіметтің халықаралық шарттарын жасасу өкілеттігі ... ... ... ...20

4. Үкімет және министрліктер ... ... ... ... ... .. ... ... ... .22
4.1.Үкімет ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .22
4.2.Министрліктер түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
4.3.Үкімет пен министрліктер қарым - қатынасы ... ... 25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...28

КІРІСПЕ
Үкімет - Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен белгіленеді.
Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканаң заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды.
Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады.
Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкіметі - алқалы (колегиалды) орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері - республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республикасының өзге де лауазымды адамдары кіреді.Оны Республика Президенті құрады.
Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы, Республика президентіне ұсыныстар енгізеді. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттілік мерзімі біткенше іс-қымыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттілігін доғарады. Республика Президентінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін республика Үкіметі өз міндеттерін атқара береді. Үкіметтің құрамына кірген адамдарға мынадай шектеулер қойылған: өкілді органдардың депутаттары болуға; оқытушылық, ғылыми, немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға; кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ (ҚР Конституциясының 68-бабы, 2-тармақ).
Республика Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңда белгіленген мазмұнда ант береді.
Республиканың Премьер-Министрін Қазақстан Республикасының Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды.
Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Республика Президентіне Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерде, орталық атқарушы органдарда құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасынын, Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды (64-бап). Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын баға-лайды. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғары атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттін атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды, биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-тендік механизмін белгілейді.
Үкіметтін, сот билігімен де белгілі бір құқықтық байланысы бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Үкімет мемлекеттің атқарушы билігінің жоғары органы ретінде атқарушы органдар жүйесін басқарады (64-бап). Конституцияның аталған қағидасында "бірыңғай" деген сөз болмағанымен, баптың мазмұны атқарушы билік органдарының бірыңғай жүйе құрайтынына күмәндануға негіз жасамайды. Ол Конституцияның 87-бабымен дәлелденеді, онда: "Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді" делінген. Үкіметтің атқарушы билік жүйесіндегі жоғары орган ретіндегі жағдайы оның Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырылатын және атқарушы биліктің жергілікті органдарын қамтитын өкілеттіктермен қамтамасыз етіледі.
Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомстволардың (бірқатар "пәрменді" министрліктер мен ведомстволарды қоспағанда) жұмысын бағыттайды. Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің конституциялық заң күші бар Жарлықтарымен, басқа да нормативтік жарлықтарымен оның қарауына жатқызылған мәселелерді жеке шешеді. Үкімет өз құзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады, өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады.
Үкімет қызметінің құқықтық негізі Конституция, заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары болып табылады.

1.1.Үкіметтің құрылуы және құрамы

1991 жылдан бері Қазақстан Республикасында бірнеше Үкімет ауысты:
Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Жоғарыда айтылғандай, Премьер-Министрге кандидатураны Президенттің өзі іріктейді және кандидатураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді. Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер-Министр қызметіне бекітеді. Президент құрамында Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет Аппаратының басшысы, министрлер, Мемлекеттік комитеттердін, терағалары бар Үкіметті құрады. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі он күндік мерзім ішінде Премьер-Министр енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және Республика Президентіне ант береді.
Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттілігін тоқтатады. Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез-келген мүшесін қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқығы бар. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.
Үкімет және оның кез-келген мүшесі егер өзіне жүктелген қызметті одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, өзінің орнынан түсетінін Президентке мәлімдеуге құқылы. Қандай жағдайда Үкіметтің тұтас немесе оның жекелеген мүшесінің орнынан түсетінін мәлімдей алатындығы заңда көзделмеген. Егер Үкіметтің орнынан түсуін Үкімет мәлімдесе, оған Парламентпен өзара қарым-қатынасына қатысты емес әр түрлі мән-жай негіз болуы мүмкін. Үкіметтің өз ішінде ескерілмейтін әр түрлі көзқарастар, басқа да себептер болуы мүмкін. Үкімет мүшелерінің орнынан түсуіне олардың Үкімет Бағдарламасымен, Үкімет басшылығының жұмыс стилімен келіспеуі, сырқаты және тағы басқалары себепші болуы мүмкін.
Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген кезде Конституцияда көзделген жағдайларда:
1) егер Үкімет Бағдарламасын Парламент екінші мәрте қайтарса (53-баптын, 6- тармағы);
2) егер Парламент Үкімет енгізген заң жобасын қабылдамай тастаса (61-баптың 7- тармағы) Үкімет өзінің орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдейді. Республика Президенті он күн мерзім ішінде орнынан кетуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені қарайды. Егер Президент орнынан түсуді қабылдаса, онда ол оның, орнынан түсуі туралы мәлімдеген Үкіметтің немесе оның мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Егер Премьер-Министр орнынан түсуді мәлімдесе, онда оның орнынан түсуінің қабылдануы бүкіл Үкімет өкілеттігінің тоқтатылғанын білдіреді.
Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі бір айдың ішінде Үкімет қызметінің бағдарламасы туралы мәселені шеше-ді. Осы мерзімде Премьер-Министр Үкімет қызметінің бағдарламасын әзірлейді және ол туралы Парламентке баяндама ұсынады. Нақ осы мерзім ішінде Үкіметтің жаңа құрамы Парла-ментке осының алдындағы Үкімет құрамыньің Бағдарламасын қолдау туралы және өз қызметтерінде соны басшылықка алғысы келетіндері туралы Парламентке мәлімдей алады.
Егер Парламент Үкіметтің жаңа Бағдарламасын қабылдамай тастаса Премьер-Министр екі айлық мерзім ішінде Парламентке Бағдарлама туралы екінші баяндама ұсынады. Үкімет Бағдарламасын Парламент әр Палата депутаттарынын, жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен тағы қабылдамай тастауына болады. Мұндай көпшілік дауыстың болмағаны Үкімет Бағдарламасының макұлданғанын білдіреді.
Конституция Үкімет құрамында болуға қатысты шектеуді көздейді. Республика Үкіметі мүшелерінін:
өкілді органның депутаттары болуға;
оқытушылық, ғылыми немесе езге шығармашылық қызметтерден басқа ақылы қызметтер атқаруға;
кәсіпкерлікпен шұғылдануға; коммерциялық ұйымның бас-шы органының немесе байкаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жок.

1.2. Үкіметтің құзыреті

Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Президенттің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен орныктырылған кең өкілеттіктер берілген.
Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалык саясатының негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлейді; экономикалык бағдарламаларды, республикалық бюджетті әзірлейді және оның орындалуы туралы есебін құрады, оның орындалуын қамтамасыз етеді; республиканың қаржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады; валюталық, қаржылық және материалдық ресурстарды құру және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; құрылымдық және инвестициялыксаясатты жүзеге асырады; бағаның құрылуы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүргізеді, мемлекетпен реттелуші баға қолданылатын өнім, тауар және қызмет номенкулатурасын белгілейді; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оның корғалуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын әзірлейді; еңбекке ақы телеудің жүйесі мен шартын, азаматтардың әлеуметтік корғалуын, мемлекеттік тұрғыдан әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын белгілейді; аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; жастар, дене мәдениеті мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік проблемаларын шешуге ыкпал етеді.

Ғылым, техника, білім мен мәдениет саласында Үкімет ғылы-митехникалық даму жоспарын өзірлейді және жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениет пен білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүзеге асырады.
Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативті-кеңесші органдарды құрып, таратады, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметін басқарады, олардың Президентпен Үкіметтіңактілерін орындауын бақылайды; министрліктердің орынбасарларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері женіндегі қызметін басқарады, олардын, заңдарды орындауын бақылайды.
Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық реформанын жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандыктарын сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін, республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның аумақтық тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асырады.
Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру женінде шаралар әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара ынтымақты қарым-қатынас орнатады.

Мемлекет органы дегеніміз - белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, мемлекеттік билік өкілділігіне иелі өзінің құзіреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Мемлекеттің көп қырлы қызметі мемлекет органдары арқылы жүргізілетіні бәрімізге мәлім.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекет қызметін іске асыру нысаны бойынша - өкілді, атқарушы, сот, прокуротура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай - орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша - тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады); құзіретін жүзеге асыру тәртібі бойынша - алқалы (Парламант) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша - құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы, қызметінің сипатына қарай - жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрлер) органдар болып бөлінеді.
Менің реферат тақырыбым - Қазақстан Республикасындағы атқарушы органдар болып табылады. Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар, департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады. Оларға төменде толықырақ тоқталып өтеміз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі - Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен белгіленеді.
Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканаң заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды.
Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады.
Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкіметі - алқалы (колегиалды) орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері - республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республикасының өзге де лауазымды адамдары кіреді.Оны Республика Президенті құрады.
Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы, Республика президентіне ұсыныстар енгізеді. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттілік мерзімі біткенше іс-қымыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттілігін доғарады. Республика Президентінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін республика Үкіметі өз міндеттерін атқара береді. Үкіметтің құрамына кірген адамдарға мынадай шектеулер қойылған: өкілді органдардың депутаттары болуға; оқытушылық, ғылыми, немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға; кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ (ҚР Конституциясының 68-бабы, 2-тармақ).
Республика Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңда белгіленген мазмұнда ант береді.
Республиканың Премьер-Министрін Қазақстан Республикасының Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды.
Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Республика Президентіне Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерде, орталық атқарушы органдарда құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.

Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды. Бұдан кейін ол жаңадан сайланған және қызметке ресми кіріскен Республика Президентіне Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқылы өз өкілеттігін доғарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 70-бабында және Қазақстан Республикасысының Үкіметі туралы Конституциялық Заңда республика Үкіметінің, оның мүшелерінің өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған.
Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар Республика Президентіне өз орнынан түсу туралы мәлімдеуге хақылы.
Орнынан түсуді қабылдау немес қабылдамау туралы мәселені Республика Президенті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқталғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттілігі тоқталғанын білдіреді.
Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немес оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері атқарып отырған қызметінен босатылуы тиіс.
Министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкімет мүшелері:
тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
өз құзіреті шегінде шешімдер қабылдауға дербес болады;
Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді.
Республика Конституциясының 37-бабының 6-тармақшасында көзделген ретте, яғни өз қызметі мәселелері жөнінде министр Парламент палатарына есеп береді.

2. Атқарушы биліктің орталық органдары

Атқарушы биліктің орталық (республикалық) органдарын олардың қызметінің сипатына қарай салалық құзіретті органдарға, салааралық құзіретті органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.
Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың орталық атқарушы органы бар:
әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша: Экономика; Мемлекеттік кіріс; Қаржы; Ауыл шаруашылығы; Көлік және коммуникация; Энергетика, Индустрия және сауда; Табиғи ресурстар және айналадағы қоршаған ортаны қорғау министрліктері; Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі; Инвистициялау жөніндегі; Статистика жөніндегі агенттіктер; Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия;
әкімшілік-саяси қызмет бойынша; Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер; Әділет министрліктері; Төтенше жағдайлар жөніндегі; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі; Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттіктер; Ұлттық қауіпсіздік комитеті; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия.
Қазақстан Республикасың министрліктерінің құрамында Үкімет құратын ведомстволар болады. Мысалы, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде Атом энергетикасы жөніндегі және Аэроғарыш комитеттері; Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігінде; Орман , балық және аң шаруашылығы және Су ресурстары жөніндегі комитеттері.
Кейбір органдардың өкілеттіктері мемлекеттің бірнеше салаларына таратылады, мысалы, Қарулы Күштер, Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті және басқа да министрліктер мен ведомстволарда да денсаулық сақтау мекемелері мен органдары бар. Олар арнайы және аймақтық қызмет көрсетеді, жергілікті басқару органдарының құрамына кіреді, сонымен бірге Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің емдеу ісін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулары мен өкімдерін орындап отырады.
Қазіргі кезде атқарушы биліктің орталық органдарын ұйымдастыру мен қызмет атқаруының тәртібі Қазақстан республикасының Үкіметі туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 жылғы 6-мамырдағы Конституциялық заңмен, Республика Үкіметінің 1997 жылғы 13 наурызындағы №321 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Министрлігі (Мемлекеттік комитеті )туралы Үлгі Ережемен және әрбәр министрлік, агенттік, комитет, комиссия туралы жеке ережелермен реттеледі.
Сонымен, Қазақстан Республикасында ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдар бар:
Қазақстан Республикасының министрліктері;
Қазақстан Республикасының агенттіктері;
Қазақстан Республикасы министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын комитеттер (ведомстволар), департаменттер және басқармалар.
Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрақтанған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.
1. Қазақстан Республикасының министрлігі мелекеттік басқарудың тиісті саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде - салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Министрлерді де Республика Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша республика президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Министр министрліктің жұмысына басшылық жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына һәм оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.
Министр лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіреді. Министрліктің құрылымы мен штат санының шеңберін Үкімет бекітеді.
Министрлікте министрдің орынбасарларының (вице-министрлердің), сондай-ақ министрліктің басқа басшы қызметкерлерінің құрамында министр басшылық ететін (алқа төрағасы) алқа Конституциялық-кеңесші орган құрылады. Алқаның сандық құрамын үкімет, ал жеке адамдар құрамын министр бекітеді. Алқаның шешімі министрдің бұйрығымен ресімделеді.
Министрлік өз құзіретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады.
Министрлік өзінің ұйымдық-құқықтық мәртебесі бойынша заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік биліктің дербес органы ретінде мемлекеттік тілде өзінің аты жазылған мөрі мен мөртабаны, белгілінген үлгідегі бланкілерді, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкілерде есеп-шоттары болады.
Министрліктің қызметін қаржыландыру тек қана мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының агенттігі Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Агенттіктердің және басқа Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке үкімет тағайындайды және қызметтен босатады.
Агенттіктің құрылымын оның басшысы - төраға бекітеді. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады.
Агенттік төрағасының жанынан консультациялық-кеңесші орган - алқа құрылады. Оның сан және құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді. Агенттіктің құқықтық актілері болып оның төрағасының бұйрықтары табылады.
Министліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ержелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін Республика Үкіметі бекітеді.
3. Қазақатан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комитет жөніндегі агенттіктер, бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия(бұл комиссияның төрайымы әрі Қазақстан Республикасының министрі) Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынады.
4. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табылады.
Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшының ұсынуымен республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Орталық атқарушы орган басшының ұсынуы бойынша Республика Үкіметі ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Ведомствоның құрылымын, құзіретін және басқа мемлекеттік органдарман өзара іс-қимылының тәртібін Үкімет белгілейді.
Республика Үкіметінің ведомстволарымен қарым-қатынасы мынадай:
ведомстволар қызметінің аясын, өкілеттіліктерін және жауапкершілігінблегілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару;
тиісті орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша ведомстволардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің штат санының лимиттерін бекіту;
Үкімет құрамына кірмейтін тиісті министрдің, орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша ведомстволардың басшыларын қызметке тағйындау және қызметтен босату;
қолданылып жүрген заңдарда белгіленген өзге де функцияларды (міндеттерді) атқару;
Жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынасында Үкімет:
мемлекеттік басқару мәселері жөніндегі Республика атқарушы органдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауын бақылайды;
жергілікті атқарушы органдар актілерінің күшін толығымен немесе бір бөлігінде жояды не тоқтата тұру туралы Республика Президентінің қарауына ұсыныстар енгізеді.
Тиісті жергілікті атқарушы органдарды басқаратын әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері Республика Президенті мен Үкіметінің өкілдері болып табылады және Республика Үкіметіне мемлекеттік басқару мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді.

2.1. Атқару билік органдарының қызметі
Сонымен, атқарушы билік органдарына түсініктеме бердік, олардың кейбіреулерінің қызметтерін анықтайық. Атқарушы билік органдары мемлекетте маңызды рөл атқарады, мемлекетке қатысты өзекті мәселелерді шешеді. Атқарушы билік органдары, шын мәнінде, қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды: экономикалық сферада, Қазақстан Республикасының бюджет, қаржы, ақша саясаты сферасында, Қазақстан Республикасының әлеуметтік сферасында, ғылым, мәдениет, білім, денсаулық сақтау ісін, туризм мен спорт саласында, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуде, Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін сақтауда, сыртқы саясат және халықаралық қатынас сферасында және өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады. Әр адамдарға атқарушы билік органдарын танып білу артық болмайды.
Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктеріне:
мемелекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;
Мемелекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар дайындау;
министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық ету;
Республиканың министрліктері, өзге де орталық атқарушы органдары актілерінің қолдануын толық не бір бөлігінде жою немесе тоқтата тұру;
Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметін тағайындап, қызметтен босату;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау;
Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындау жатады.
Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Конституцияда және жоғарыда аталған Үкімет туралы Конституциялық заңда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты. Ал, Үкімет мүшелері өз құзіретінің шегінде өз бетінше шешім қабылдайды, Премьер-Министрдің алдында өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді.
Үкіметтің өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын құқықтық нысандарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері жатады. Бұл қаулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентінің актілеріне қайшы келмеуі тиіс.
Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болмайды, бірақ олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі ведомстволардың іс-қимылын қажет ететін, мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске асыру, қылмыспен күресу тағы басқалар жөніндегі мәселелерді шешу туралы шарттар мен келісімдер жасай алады.
Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.
Ведомство Республиканың орталық атқарушы құзіретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау міндеттерін, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың ішкі саласына басшылық жасауды жүзеге асырады.
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Республиканың құпия жұмыстарын шешумен айналысады, қоғамдағы қауіпсіздікті сақтауға тырысады, қоғамға байланысты өзекті мәселелерді шешіп отырады.
Қорғаныс Министрлігі мемлекеттің қорғаныс қабілетін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге тырысады, мемлекетте бейбітшіліктің, тыныштықтың болуына шаралар істейді және т.б. қызметтер атқарады.
Мемлекеттегі әр орган бір-бірімен тығыз байланыс жасап отырады, онсыз олардың қызметтері толығымен жүзеге асырылуы мүмкін емес еді.

3. Үкіметтің қызметінің ұйымдастыру

Үкіметке Премьер-Министр басшылық, етеді, оның өкілеттігі Республика Конституциясымен және Президенттің Үкімет туралы Жарлығымен бекітіледі.
Премьер-Министрдің мынадай өкілеттігі болады:
Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет мүшелері арасында қызмет міндетін бөледі; Президентпен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас Прокуратурамен, басқа да мемлекеттік органдармен қатынаста Үкімет атынан сөйлейді немесе оны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады;
халықаралық қатынастарда Үкімет атынан сөйлейді немесе мұны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге кол қояды;
Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен орталық атқару органдарын құру, қайта құру және тарату туралы Үкімет Аппаратының басшысы, министр қызметіне тағайындалатын кандидатуралар туралы; мемлекеттік комитеттің төрағасы, облыс, республикалық маңызы бар калалар және республика астанасы туралы; аталған тұлғаларды қызметтерінен босату туралы ұсыныс түсіреді;
Президентке республиканың мемлекеттік бюджетімен каржыландырылатын барлық органдардың қызметкерлерін қаржыландырып, оларға еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітуге ұсынады;
Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары және оның барлық ең маңызды шешімдері туралы баяндайды;
Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тындайды.
Премьер-Министр оған заң жүктеген және Үкімет қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға қатысты басқа да өкілеттіктерді орындайды.
Президенттің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлығымен Премьер-Министр орынбасарларының өкілеттігі белгіленген. Олар лауазымы бойынша Үкімет құрамына кіреді және мынадай өкілеттіктерді атқарады:
Үкімет құрамына кірмейтін тиісті министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жүктелген шекте мемлекеттік басқару салаларынын (сфераларының) қызметін үйлестіреді;
мемлекеттік басқарудың үйлестірілетін салаларының жай-күйіне жауап береді, оларда заңдардың, Президент және Үкімет актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
Премьер-Министрдің және Үкіметтің қарауына Үкімет құра-мына кірмейтін тиісті орталық атқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі
Атқарушы билік ұғымы мен түсінігі
Атқарушы билік органдары
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Атқарушы билік
Атқарушы билік органының ұғымы және негізгі белгілері
Мемлекет механизмінің ұғымы
ҚР жергілікті атқарушы билік
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметінің конституциялық ұйымдастыру қағидалары
Пәндер