Негізгі экономикалық мәселелер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі МКҚК




КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Жұмыстың тақырыбы: Экономика және оның қоғамдағы рөлі

Пәні бойынша: Экономика негіздері

Орындаған 401 топ студенті: А.Ж.Мамбетов

Тексерген Экономика негіздеріпән оқытушысы: И.Ж.Батырова

Орал қаласы-2023ж
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І.Қазақстан республикасы экономикасының дамуы және даму жоспарларының іске асу барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

ІІ. Қазақсатан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы ... ... ..23

IІІ.Ұлттық экономиканы жоспарлаудағы қазіргі көзқарастар мен басым бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ІV.2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-нновациялы даму бағдарламысының ұлттық экономиканың тиімді дамуындағы орны...29

V.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

Кіріспе
Экономика ұғымы және оның мәні
Экономика сөзі көне грек сөзінен шыққан: сөзбе-сөз,oikos-үй,шаруашылық; nomas-ереже,заң,жиынтығында-шаруашы лықты
жүргізу ережесі дегенді білдіреді.Берілген сөзді айналымға Ксенофонд енгізген болатын.
Қазіргі уақытта экономика сөзі келесі мағыналарға ие:
Экономика-бұл сөздің кең мағынасындағы шаруашылық,яғни адам өзінің іс-әрекеті үшін пайдаланатын барлық қажетті объектілер;
Экономика-бұл шаруашылықты жүргізу бойынша адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесі;
Экономика-бұл адам қажеттіліктерінің шексіздігі кезіңдегі ресурстар мен мүмкіндіктердің шектеулі сипатқа ие болуымен байланысты,заңдар шығаратын және іс-әрекеттің көптеген нұсқаларының арасында тиімді талдау жасауға мүмкіндік беретін дербес ғылым;
Экономика бір жағынын сандық ғылым болып табылады,өйткені өзінің есептеулерінде математикалық әдістерді пайдаланады;сандық санаттар ретінде мыналар болуы мүмкін:өндіріс көлемі;уақыт нормасы,еңбек өнімділігі;өнімнің бірлігін шығаруға кеткен еңбек шығындары;пайда же т.б.
Саяси экономия-(политоэкономия) терминін 1615ж Француз ғалымы де Монкретьен (1575-1621) енгізген.
Францияда оның Саяси экономиканың трактатыатты еңбегі жарық көрдіү.Бұл ғылым гректің үш сөзінен тұрады:Политейа(қоғамдық құрылғы),ойкос(үй,шаруашылық),номос (ереже,заң)яғни
үй,(мемлекеттік,қоғамдық)шаруашыл ықты басқаруілімін білдіреді.
XIX-XX ғасырларда КСРО-да саяси экономия оқытыла бастады.Ол кездері саяси экономикадаа марксизм билік етті.Марксизм,капитализм үшін бұзатын,қастық жасайтын теория болды.Бұдан келешектегі ғылымның саясаттануы мен идеологияландырылуы шықты.Экономикалық теория екі түрлі ғылымға бөлінеді:Пролетарлық саяси экономия мен буржуазиялық экономика,кейіннен Экономикс деп аталып кетті.Сонысымен саяси экономияға кластық сипат берілді.Капитализм монополия билігін жұмыссыздықты, қалай азайту керек,дағдарыстан қалай құтылу керек деген нақты мәселелерді шешуді қажет етті.Осы және осы сияқты мәселерді Батыста экономикалық зерттеулерді нақтырақ,қолданбалы сипатын анықтады.Материалдық өндіріс-адамзат қоғамының өмір сүру негізі.Өмір сүру негізі.Өмір сүру үшін,ең алдымен,міндетті түрде бір нәрсе жеу керек,бір жерде тұрып,киіну керек.Тамақ баспана,киім-бұл үш мәселенің айналасындағыадам қоғамы құрылып ұйымдастырылды.
Ол үшін,әрине,оны өндіру қажет.Өндіріссіз адам өмір сүруі мүмкін емес,сонымен қатар рухани мәні де жоғалады.Өндіріс барысында адамдар белгілі бір қарым-қатынасқа түседі.Кей біреулер ұйымдастырады,басқалары сонымен айналасуда,үшіншілері дайын өнімді тұтынушыға дейін жеткізеді.Өндіріс белгілі бір жағдайда ұйымдастырылады.Мұндай қатынастар өндіріс процесіндепайда болатындықтан,олар өндірістік қатынастар деп аталады.Сол уақытта олар меншік қатынастары болып табылады.Жұмыскерлер арасында тек ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар қалыптасады.Өндірістік қатынастар- Өндірістік қатынастар жұмыскерлер мен кәсіпорын басшысының арасында орнығады.Өндірістік қатынастар мен меншік қатынастары өзара тығыз байланысты,сонымен бірге,осындай дәрежеде екіншісі біріншісінен айырады,меншік формулалары арқылы қоғам түрі де айқындалады.Саяси экономия өндіріс қатынастары ғана емес,адамзат қоғамының анатомиясын да зерттейді.Таза капитаоизмнің құрылуы кезінде саяси экономия пйда болды.Одан салалық және нақты экономикалық ғылымдар шығады,маркетинг,менедмент,бухгатер лік есеп,статистика және т.б.Осылардың негізінде қиылысқан экономикалық ғылымдар:экономиялық география және тарих,экономиялық құқық,демография және т.б
Сондықтан саяси экономия ғылым ретінде бастапқы сипатта болдығ.Саяси экономия өз пәнінде шектеліп қалған.Ол құнға байланысты қатынастарды зерттейді,бірақ күн калькуляциясымен айналыспайды және ақшаның табиғаты мен тарихын зерттейді,но оның меншік факторлары арасындағы,бөлінудің нақты пропорцияларын қарастырмайды.Мұндай экономикалық ғылымныңмбасқа басқа бағыттары:МИКРОЭКОНОМИКА же МАКРОЭКОНОМИКА.Сонымен қатар экономика сөздік ғылым болып табылады,ол сапалық санаттарды-(тиімділікті,рухани мүдделерді,өнімдер сапасын,қайырымдылықты) пайдаланады.
Экономиканың құбылыстық түрлері
Экономика зерттелетін құбылыстардың ауқымдылығына орай екі түрге бөлінеді:
1)Макроэкономика-ірі салмақтар,аудандар,мемлекеттер және жалпы әлемдік экономика тұрғысында экономикалық құбылыстарды зерттейді.
2)Микроэкономика-жеке адамға,жеке отбсына,жеке кәсіпорынға немесе кәсіпорындар тобына қатысты экономикалық үрдістерді зерттейді.
Екі бөлімді бірге оқу қажет.Макроэкономика экономикалық процестерді жалпы ұлттық деңгейде,ал микроэкономика сол процестерді фирма шаруашылық субъект денгейінде қарастырады.Талдау нәтижелері көбінесе қарама-қарсы болып шығады.Экономикалық ғылымның микро-макроэкономикаға бөлінуі қандай да бір дәрежеде шартты.Осы екі экономикалық теорияның ірі екі бөлімі өз мәселелерін саяси экономияның пәні болып табылатын заңдар мен категориялардың негізінде зерттейді.
Экономика негіздері пәні туралы айта отырып,ресурстар серіктестігі мәселесін айта кеткен жөн.Ресурстар дәл қазіргі уақытта шектеулі әрі өте сирек.Өзінің даму баспалдағы бойынша адам өндіріс процесін жетілдіріп,еңбек өнімділігін арттырып,жұмыс уақыты немесе ресурстарды үнемдеді.Экономика негіздері-шектелген ресурстар жағдайында адамдар арасындағы өндірістік қатынастар туралы ғылым.Ол экономикалық қатынастардың өндіру,бөлу,айырбастау жәнет материалдық игіліктердң тұтыну бойынша қоғам мүшелерінің,индивидтің,кәсіпорынның (фипманың),қоғамның даму теңденцияларының жиынтығы болып табылады.Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды,олардың негізі болып табылады.Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды.Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін,заңдарды,экономикалық институттарды,меншіктік қатынастарды біріктіреді.Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты-қандай тауар өндіріп,қызметтің қай түрін көрсету керектігін;қандай технологияны пайдаланып,қалай өндіруді,кім үшін өндіріп,кім үшін өндіріп,кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді.Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер-дәстүрлі,командалық,және,на рықтық болып жіктеледі.
Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру,бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.
Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе-бұл мәселелерді директавтикалық әдістер мен,яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.
Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.
Тарихы
Алғашқы қауымдастық қоғамында экономикалық дамудың деңгейі төмен болып тауарды тұтыну өмір сүру үшін аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан,бірақ неолитикалық төңкерісінің нәтижесінде егіншілік және мал шаруашылығы пайда болды.Қоғамның дамуы әлеуметтік бөлінген топтар және мемлекеттер пайда болды.Құлиеленушілік пайда болды.Табиғи алмасу түрінде (бартер)бірте-бірте тауа айналымы дамытылды,бірақ ақшаның пайда болуымен ол сауда-сатыққа өзгенртілді.Соған қарамастан Ежелгі әлем және Орта ғасыр қоғамдастығында натуралды шаруашылық басышаруашылық басымды болды.Көптеген ежелгі мемлекеттерде сарайішілік экононмика болып,натуралды шаруашылық пен жоспарланған шаруашылықтың ұштасуының негізінде жүргізілген.XV ғасыр аяғында Ұлы жағырапиялық ашылулар дәуірі басталып әлем экономикасы құрылды.XVIII ғасырдың аяғында өнеркәсіпатік төңкеріс басталып,көптеген дамығани елдерде XIX ғасырдың аяғында халықтың көпшілігі ауыл шаруашылығында емес,өнеркәсіпте болды.Басыңқы экономикалық жүйе ретінде капитализм болды,дәстүрлі қоғамның заманауи қоғамға айналу үрдісі басталды,арарлық қоғам индустриялық қоғамға өзгере бастады.XX ғасырда бірқатар елдерде әкімшілік-басқару социалистік экономикасы қалыптасты.Басқа елдерде капитализмнің өсуі байқалды.XX ғасырдың екінші жарытысында ғылыми-техникалық төңкеріліс болды.Соның нәтижесінде жақсы дамыған елдерде индустриялық қоғам постиндустриялық қоғамға айналды.Бірқатар елдерде,соның ішінде Ресейде,объективті және субъективті себептердің әсерінен постиндустриялық қоғамға айналу тоқтатылып тұр.Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты айтыладыӨндіріс-қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті материалдық игілікті жасайтын процесс. Жұмысшы күші-өндірістің адамдық факторы, ал өндіріс құралы-заттық фактор. Бұл факторлар өзінен-өзі ештеңе де өндірмейді.Тек оларды біріктіру ғана игілікті шығаруға жағдай жасайды,яғни өндірісті іске асырады. Жұмысшы күші, еңбек құралы мен еңбек тәсілінің арасында күрделі қатынас жүйесі пайда болады. Бұл қатынас пен адамның еңбек құралына әсер етуінің тәсілін технология дейміз.Аталған факторлардың күрделі бөлікте өмір сүруі, адамдардың еңбекке қатынасуы өндірісті ұымдстырумен қамтамасыз етеді.Өндіргіш күш-қоамдық өндірістің жетекші саласы. Бұл қоғамның табиғатқа қатынасын көрсетеді.Өндіріс процесінде адамдар сонымен қатар өзара қатынаста болады, яғни өндіріс қатынасына енеді. Бұл да күрделі жүйе. Оған меншік қатынасы да, өндіріс шығаратын өнімді бөлу, алмастыру және тұтыну да жатады.
Экономикалық қатынас жүйесіндегі адам
Әрбір адам көпқырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста болады. Ол өнім шығарады, жалақы алады, меншік иесі болады, сатушы немесе сатып алушы рөлін атқарады. Ақша қоғам жасаған материалдық және рухани байлықтан адамның өзіне тиістісін сатып алуға мүмкіндік береді.
Адамның пайда табуға, оны иеленуге құқығы бар. Ол қандай кедей болса да бір нәрсені иеленеді, оны құрметтейді, қорғайды. Адамның меншігі - оның дене болмысы, білімі, ақыл-ойы мен қабілеті. Адамның интеллектуалды меншігі - оның ашқан жаңалығы, өзі жасаған өнер туындылары, шығармалары мен ғылыми еңбектері.Адамның жеке меншігі - оның үй-мүлкі, киім-кешегі, машинасы, саяжайы, т.б.Біздің елімізде адам еңбек шаруашылығының (ұсақ кешендердің), шаруа және қосалқы шаруашылықтың меншік иесі. Бұлар оның еңбегі мен одан түскен пайдасы арқылы жасалады.
Бұл аталған меншіктің бәрінің де иесі - адам. Ол өз меншігін еркімен пайдаланады, тұтынады, басқа біреуге бере алады, өзінің ұрпақтарына мұра етіп қалдырады. Оларды қорғайды, дамытады, байытады,тиімді түрде тұтынады.Демократиялық қоғамда жұмысшылар ұжымдық кешен құрады, өз акциялары арқылы өндірісті басқаруға немесе өнім шығаруға, бөлуге қатысады.Адамды еңбектен шеттеуді жоюдың негізгі бағыты - мемлекеттік кешендерді басқаруды демократияландыру, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуде еңбек ұжымының құқығын арттыру.
Екінші бағыты - еңбек жағдайын ізгіліктендіру, еңбектің мазмұнын өзгерту, оны ақыл-ой еңбегі арқылы байыту. Бұл өзгерістер жаңа техника мен технологияның жетістіктеріне тікелей байланысты.
Өндірістегі адамның орны қандай болмақ? Ғылыми-техникалық прогресс адамның өндірістегі орнын өзгертеді, оның еңбегі мен қызметінің мазмұнына әсер етеді. Ғылыми-техникалық революция ой еңбегінің, адамның жағдайды бағалау және дербес шешім қабылдау қабілетін, шығармашылық, бастамашылдық рөлін арттырады.
Жаңа техника мен технология адам қабілетінің артуына жағдай жасайды, оны ынталандырады, сонымен қатар еңбекке қатаң талап та қояды.
Еңбек өнімділігінің артуының негізгі бұлағы-адам. Мәселе оның кәсібінің жоғарылығында, қабілетінде, еңбекке қатынасында.
Адамның еңбекке қатынасы адам мен қоғамның әндіріс процесіндегі байланысын көрсетеді. Демократиялық қоғамда көпшілік адамдар саналы еңбек етеді. Олар өздерінің ұйымшылдығын, ұқыптылығын көрсете біледі, жалқаулықпен, тәртіпсіздікпен күреседі. Бұған қоғам да, адам да мүлделі болады, адам өзінің жоғары сипатты кәсіби, оның сапасын мақтаныш тұтады, одан моральдық қанағат алады.Тұтыну қатынасындағы адам.
Адам-тұтынушы. Ол тұтыну мәселесін шешу үшін басқалармен қатынасқа түседі.Адамның тұтыну қажеттілігі қоғамның дамуына маңызды рөл атқарады. Бұл ретте адам өз шаруашылығында, кәсібінде қандай өнім шығару, нені сатып алу, еңбегін қаблетін қалай қолдану керектігін білуі қажет.Адамның тұтыну қажеттілігі өндірісті реттеушілік те рөл атқарады.
Мәселен, бұрын теледидар болмады, адамдар бұл саладағы қажеттіліктерін театрға, киноға барумен қанағаттандырды. Теледидар пайда болған соң оның сапасына назар аударылды, түрлі-түсті теледидар қажет болды. Ал бұл қажеттілік теледидардың осы түрін шығару мақсатын қойды.Адамның тұтыну қатынасында оның ұқыптылығы үлкен рөл атқарады. Алған жалақысы немесе қосымша табысы отбасының, әрбір ұйымның өмір сүруін қамтамасыз етеді.Демек, адам отбасылық өнімнен бастап, қоғамдық өндіріске дейін экономикалық қатынасқа тікелей араласады. Оның жоғары сапалы кәсібі, ұқыптылығы, икемділігі шешуші рөл атқарады. Адам -- өнімді шығарушы ғана емес, оны бөлуші және тұтынушы. Ол - экономикалық өмірдің шешуші тұлғасы.Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз.Өндіріс-қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті материалдық игілікті жасайтын процесс. Жұмысшы күші-өндірістің адамдық факторы, ал өндіріс құралы-заттық фактор. Бұл факторлар өзінен-өзі ештеңе де өндірмейді. Тек оларды біріктіру ғана игілікті шығаруға жағдай жасайды, яғни өндірісті іске асырады. Жұмысшы күші, еңбек құралы мен еңбек тәсілінің арасында күрделі қатынас жүйесі пайда болады. Бұл қатынас пен адамның еңбек құралына әсер етуінің тәсілін технология дейміз.Аталған факторлардың күрделі бөлікте өмір сүруі, адамдардың еңбекке қатынасуы өндірісті ұымдстырумен қамтамасыз етеді.Өндіргіш күш-қоамдық өндірістің жетекші саласы. Бұл қоғамның табиғатқа қатынасын көрсетеді.Өндіріс процесінде адамдар сонымен қатар өзара қатынаста болады, яғни өндіріс қатынасына енеді. Бұл да күрделі жүйе. Оған меншік қатынасы да, өндіріс шығаратын өнімді бөлу, алмастыру және тұтыну да жатады. Тұтыну өндіріске байланысты.Материалдық игілікті шығару адам қоғамының материалдық негізін құрайды. Ол үдіксіз жүріп жатуы тиіс.Әрбір адам көпқырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста болады.Ол өнім шығарады, жалақы алады, меншік иесі болады, сатушы немесе сатып алушы рөлін атқарады. Ақша қоғам жасаған материалдық және рухани байлықтан адамның өзіне тиістісін сатып алуға мүмкіндік береді. Адамның меншігі - оның дене болмысы, білімі, ақыл-ойы мен қабілеті.
Адамның интеллектуалды меншігі - оның ашқан жаңалығы, өзі жасаған өнер туындылары, шығармалары мен ғылыми еңбектері.Адамның жеке меншігі - оның үй-мүлкі, киім-кешегі, машинасы, саяжайы, т.б.Біздің елімізде адам еңбек шаруашылығының (ұсақ кешендердің), шаруа және қосалқы шаруашылықтың меншік иесі. Бұлар оның еңбегі мен одан түскен пайдасы арқылы жасалады.Бұл аталған меншіктің бәрінің де иесі - адам. Ол өз меншігін еркімен пайдаланады, тұтынады, басқа біреуге бере алады, өзінің ұрпақтарына мұра етіп қалдырады. Оларды қорғайды, дамытады, байытады,тиімді түрде тұтынады.

Демократиялық қоғамда жұмысшылар ұжымдық кешен құрады, өз акциялары арқылы өндірісті басқаруға немесе өнім шығаруға, бөлуге қатысады.Адамды еңбектен шеттеуді жоюдың негізгі бағыты - мемлекеттік кешендерді басқаруды демократияландыру, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуде еңбек ұжымының құқығын арттыру.Екінші бағыты - еңбек жағдайын ізгіліктендіру, еңбектің мазмұнын өзгерту, оны ақыл-ой еңбегі арқылы байыту. Бұл өзгерістер жаңа техника мен технологияның жетістіктеріне тікелей байланысты.Өндірістегі адамның орны қандай болмақ? Ғылыми-техникалық прогресс адамның өндірістегі орнын өзгертеді, оның еңбегі мен қызметінің мазмұнына әсер етеді. Ғылыми-техникалық революция ой еңбегінің, адамның жағдайды бағалау және дербес шешім қабылдау қабілетін, шығармашылық, бастамашылдық рөлін арттырады.Жаңа техника мен технология адам қабілетінің артуына жағдай жасайды, оны ынталандырады, сонымен қатар еңбекке қатаң талап та қояды.Еңбек өнімділігінің артуының негізгі бұлағы-адам. Мәселе оның кәсібінің жоғарылығында, қабілетінде, еңбекке қатынасында.Адамның еңбекке қатынасы адам мен қоғамның әндіріс процесіндегі байланысын көрсетеді. Демократиялық қоғамда көпшілік адамдар саналы еңбек етеді. Олар өздерінің ұйымшылдығын, ұқыптылығын көрсете біледі, жалқаулықпен, тәртіпсіздікпен күреседі. Бұған қоғам да, адам да мүлделі болады, адам өзінің жоғары сипатты кәсіби, оның сапасын мақтаныш тұтады, одан моральдық қанағат алады.Тұтыну қатынасындағы адам. Адам-тұтынушы. Ол тұтыну мәселесін шешу үшін басқалармен қатынасқа түседі.Адамның тұтыну қажеттілігі қоғамның дамуына маңызды рөл атқарады. Бұл ретте адам өз шаруашылығында, кәсібінде қандай өнім шығару, нені сатып алу, еңбегін қаблетін қалай қолдану керектігін білуі қажет.Адамның тұтыну қажеттілігі өндірісті реттеушілік те рөл атқарады. Мәселен, бұрын теледидар болмады, адамдар бұл саладағы қажеттіліктерін театрға, киноға барумен қанағаттандырды. Теледидар пайда болған соң оның сапасына назар аударылды, түрлі-түсті теледидар қажет болды. Ал бұл қажеттілік теледидардың осы түрін шығару мақсатын қойды.Адамның тұтыну қатынасында оның ұқыптылығы үлкен рөл атқарадыАлған жалақысы немесе қосымша табысы отбасының, әрбір ұйымның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Экономикалық потениал-нақты тарихи кезеңде біртұтас балық шарушылығы комплексінің материалдық игіліктерді өндіру,бөлу және айырбастау мен тұтынуды жүзеге асыру және жеке адамның жан жақты дамуы мен жақсы тұрмыс құруына жағдай жасау мүмкіндіктерін сипаттайтын әлеуметтік экономикалық категория.Экономикалық потенциал экономиканың ұдай өндіріс мүмкіндіктерін белгілейді,оның көлемі ұлттық байлықтың мөлшеріне,табиғи,материалдық,еңбек, өрдірістік ресурстардың саны мен сапасына және оларды қаншалықты ұтымды,тиімді пайдалана білу дәрежесіне байланыстц болады.Еліміздегі зерттелген пайдалы қазбалардың мол қорлары экономикалықпотенциал құрылымының бастапқы элементіне жатады.Ал,жетекші элементіне еңбек ресурстары,олардың мамандандыру деңгейі және өндірістік мәдениет дәрежесі кіреді.

Экономикалық ынталандыру қоры
Экономикалық ынталадыру қоры-коллективті және олардың мүшелерін аса маңызды өндірістік және финанстық тапсырмаларды орындағаны үшін материалдық ынталандыруғ арналған ақшалай қаржылар.Кәсіпорындар мен өндірістік бірлестіктерде пвйда есебінен материалдық көтермелеу,әлеуметтік мәдени шаралар мен тұрғын үй құрылысы,өндірісті дамыту қорлары жасалады.Тауар өнімі мен өнімділігін артуы,қор қайтарымы,өзіндік құнның кемуі,белгіленген жоспарлы мерзімге сәйкес өндірістік қуаттарды игеру,белгіленген жоспарлы мерзімге сәйкес өндірістік қуаттарды игеру,өндірістің жалпы көлемінде жоғары категорияда өндірілген өнімнің үлес салмағы,қор құрау көрсеткіштері төмен болып табылады.Еңбек колективерінің шаруашылықтағы инициативасының кең өріс беруі,олардың өндірісті қызметінің түпкі нәтижелерге жетуге деген ынталығын күшейту үшін экономикалық ынталандыру қорының бесжылдықтың әр жылы бойынша сараланып,бекітілген тұрақты нормативтерге сәйкес жасалады.Ұлы шотланд ғалымы Адам Smit экономика ретінде осы ұлы ғылымның негізін қалаушы болып саналды.Бүгінгі күні,осы үлкен ғылым ең өзекті және қажетті бірі болып табылады.Әр түрлі экономикалық процестерді білу адамдар үшін өмір жеңілдетеді,сонымен қатар үнемі табу және сақтау үшін үйрену,бюджетті толықттыру көмектеседі ғана емес.
Экономикалық мәселелер және проблемалары
Негізгі экономикалық мәселелер
Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.
2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?
3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)
4. Кім үшін өндіру керек?
5. Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).
Экономиканың басты проблемасы-шектеулі ресурстар есебінен адамдардың шексіз(үнемі өсіп отыратын) қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Экономика Секторы - экономикалық мақсаттары, атқарымы, қылығы ұқсас институттық резидент-бірліктердің жиынтығы. Э. с. экон. жүйенің мына белгілері бойынша құрылымданады: меншік нысаны бойынша - мемл. муниципалдық, жекеше Э. с.; өндірістің көлемі бойынша - ірі (корпоративтік), орта және шағын Э. с.; инвестиц. қызметтің бағытталуы бойынша - нақты, қаржылық Э. с.; салалар бойынша - өнеркәсіптік, банкілік, тұрғын үй-коммуналдық, т.б. Мемл. Э. с. - жер, жер қойнауы, орман және басқа табиғи ресурстар, мемл. меншіктегі зияткерлік меншік нысандары мен оған берілген құқықтар; шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығына негізделген мемл. біртұтас кәсіпорындарға, мемл. мекемелерге бекітіліп берілген мемл. мүлік, елдің мемл. қазынасы, сондай-ақ мемлекеттің коммерц. ұйымдарға қатысуынан туындайтын мүліктік құқықтары жатады. Мемл. Э. с-ның дамуын мемл. кәсіпорындар өндірісі көлемінің жалпы ұлттық өнімнің жалпы көлеміндегі үлесі сияқты көрсеткіш айқындайды.
Бейкорпоративтік Э. с. - бейкорпоративтік (яғни акцион. қоғамдарға жатпайтын) кәсіпорындар секторы - жеке сектор, шағын бизнес, т.б.; халық ш-нда кәсіпорындарды топтастыруда ("меншік нысаны" өлшемі бойынша) пайданылады. Жеке меншік Э. с. - жеке тұлғалардың меншігіндегі бизнес. Э. с-дың бұл түрі кәсіпкердің жеке және мүліктік жауапкершілігіне, шаруашылықты жүргізудің неғұрлым күрделі жағдайларына орай кәсіпкерлік қабілетті ашуға көбірек бағдарланған. Жеке меншік Э. с-нда ұйымдар негізгі үш нысан: жеке дара иелену, серіктес және корпорация нысандары бойынша бөлінеді.
Экономикалық жүйе және олардың түрлері -- экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.
Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда "әлеуметтік-экономикалық жүйе" және "әлеуметтік-экономикалық саясат" деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен экономикалық жүйе - мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады.

Оларға мыналар жатады:
мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);
елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);
технологиялық аяның жай-күйі;
ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.
Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы енжарлықты жатқызуға болады.
Қажеттілік-бұл адамның және жалпы қоғамның өмірін сақтау және дамыту үшін бір нәрсеге деген қажеттілік.
Қажеттіліктер ішкі ынталандырудың әсерінен де туындауы және өзгеруі мүмкін.Қажеттіліктерді қанағаттандыру өз кезегінде экономикалық қызметті жүзеге асырудың мотивіне айналады.Жабық экономика - барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
1.1. Дәстүрлі жүйе - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
1.2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
1.3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
1.4. Аралас экономика - мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:
2.1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе - бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.
2.2. Индустриалдық жүйе - бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.2.3.Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы - материалдық емес сала.

Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік - экономикалық даму ең нашар деңгейде.
3. Техникалық прогресс шектеулі.
4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік-әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.
3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
4. Орталықталынған ресурстар қоры.
5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.
Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі - таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.
1. Американдық үлгі - нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. Өз күшіңді өзің көр.
2. Жапондық үлгі - бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мұнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.
3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.
4. Қытайлық үлгі - бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі,Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әр түрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама берсек: Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әр түрлі өркениетті өкілдер меншіктің табиғаты туралы және қоғам дамуындағы рөлі туралы өз пікірлерін ортаға салып өткен.Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр- салты, рухани қал- жағдайы, оның құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек. Бір жақтан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірбие айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңартып отырады, т.б. Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени құбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіруге мақсатталады. Сондықтан ол қатал, тұйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін- өзі ұдайы өндіру қабылетін сақтауға ат салысатын, экономикалық жүйенің әдет- ғұрыптары атқарады. Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі - адамзат қоғамы дамуындағы қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сипатталады.
Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері мыналар:
1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
3. Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе - тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
5. Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.
6. Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
7. Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.

Қазақстан республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері:
Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда Қазақстан нарықтық экономикаға өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырды.
Екіншіден, нарықтық экономикаға өтуде Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілік - әміршілікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түрінде негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілік-әміршілік экономикадан нарыққа өтудің халықаралық тәжірибеде Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың әкімшілік-әміршілік элементін қолданғандығы қажет болды. Бірақ та әлемдік өркениеттің біздің ұлттық құндылығымыз бен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұсталды.
Үшіншіден, Қазақстанның территориялық географиялық жағдайы - өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орны болып табылып, өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.
Төртіншіден, Қазақстан республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде болды.
Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту, металлургиялық, химиялық және химия - мұнай кәсіпорнынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар - кеңшарлар көп болды. Республикада 2059-ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынның 75% құрады. Осындай ерекшеліктер жекешелендіру сипатына әсер етпей қоймады.
Нарықтық экономика кезінде макроэкономикалық процестерді мемлекеттің реттеуі тікелей және жанама тәсіл арқылы жүргізіледі.Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей тәсіл-мемлекеттік экономикалық бағдарламаны жасау мен өткеру арқылы жүргізіліп қысқа орта, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге атсалысады. Бұдан басқа да қалыпты және төтенше бағдарламалар жасалуы.Мысалы, соғыстан соң Оңтүстік Кореядағы экономиканы орнынан тұрғызуға қабылданған төтенше бағдарламаны, ал Жапонияда Автомобиль жолын салудағы төтенше шаралар заңы ескерілді. Жапонияда мемлекеттің 10-нан астам институттары нарық дамуының жоспары мен бағдарламасын жасайды.Өтпелі экономикада ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы керек. Бұл жағдай Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань - тәжірибесімен расталады. Қазақстан республикасындағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған модельге ұқсастықпен жүзеге асырылды.Қазақстан реформаны өз бетінше 1993 жылы қараша айында ұлттық валютаны кіргізуімен бірге жүргізе бастады.Қазақстан республикасының дағдарысқа қарсы шаралар мен әлеуметтік - экономикалық реформаны тереңдету бағдарламасында басым бағыттары мына салаларға арналған: энергетика, металлургия, халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік және коммуникация (байланыс, темір жол транспорты) салалары. Осындай бастамалардың нәтижесі: 1996 жылдың аяғында өндірістің құлдырауы тоқтатылды. Энергетика, металлургия кәсіпорындарды көтеру үшін шетелдік инвесторлардың тікелей инвестициясын тартты.Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкерлік ерекше сипатқа ие болады. Мемлекеттің заңды тұлға ретінде жаңа функциясы - кәсіпкерлік қабілетті игеру қажеттілігі.Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық негізі мемлекеттік меншік болып табылады. Қазақстан республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санында 23,5% құрады.Мемлекеттің осындай үлесі ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік берді.Осының ең күрделі мысалдары:- Қазақстанның кең өндіру, отын - энергетика мен металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіптік өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғап, дәл уақытында шетел капиталын тарта біледі;
-1996 жылдың басында Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуразия темір жолы бойынша транзистік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Европа пен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша мемлекеттің қызметі көрінді. Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтинентальды темір жол магистральдары өтеді:
1. Трансазия (Қытай-Қазақстан-Түркия),
2. Еуразия (Қытай-Қазақстан-Ресей-Еуропа),
3. Ортазия мен Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы,
4. Еуропа - Скандинавия- Иран - Парсы шығанағы арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуын қамтамасыз ететін Солтүстік - Оңтүстік жоба қаралуда.
Осы келісімнің маңыздылығы: барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы
Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем тамыған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгінгі таңда өзекті мәсселеге айналып отырған ұлттық экономиканың болашақ дамуына байланысты болып отырған Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы деп алдым. Бұл тақырыпты орындаудағы негізгі мақсатым Қазақсатан экономикасын экономикалық-әлеуметтік және саяси тұрақты әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ететін ұлттық экономиканы жоспарлап, атқарылып жатқан бағдарламалардың өзектілігіне тоқталу болып табылады.

I.ҚАЗАҚСТАН РЕСЕПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ
Қ.Р-да жүргізілген реформалар және жоспарлар негізіндегі даму барысы
Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан-жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды. Яғни бір сөзбен айтқан кезде даму жоспарларын даярлап, оны іске қосу қажеттігі туындады.
Елiмiздегi экономикалық циклмен дамуы егемендiгiн алған жылдардан бастап құлдырау және соңында 1994-1995 жылдары дағдарыстың жоғары дәрежесi көрiндi. Ал 1996 жылдан бастап елiмiз экономиканың жандануы, инфляцияның төмендеуi, ЖIӨ-нiң өсуi сияқты крсеткiштер оң бағытта өсiп экономикалық жандану және өсу сатысындамыз.
Республикадағы экономикалық дағдарыстар ең алдымен оның терең тамыр жайып, қоғамдық өмiрдiң барлық саласына әсер етiуiмен сипатталады. Мұның өзi өндiрiс құлдырауының қаусап-күйреу кейпiнен, оның тиiмдiлiгiнiң күрт төмендеуiмен көрiнедi.
Жалпы елiмiздегi экономикалық дағдарыс 1991 жылдан басталған жоқ, ол сонау Кеңес басшылығының 1985-1991 жалдардағы экономикалық саясаты экономиканы дағдарысқа сол кезден бастап бұрған едi. Әуелi кәсiпорындар, сонан кейiн аймақтар қалыптасқан шаруашылық байланыстарын үзе бастады, бартерлік қарым-қатынастарға көштi, мемлекеттiк тапсырыс бойынша өнiм өткiзудi тоқтатты, барлық таза пайданы тұтыну қорларына айналдырды. Мемлекеттiң бюджетiнiң тапшылығы мен инфляция өсе бастады, ақша жүйесi құнсызданып, экономиканы тиiмдi басқару құлдырап кеттi. 1990 жылдары елiмiзге келетiн өндiрiтiк инвестициятоқталды. 1990 жылы өндiрiс көлемi абсалюттi түрде құлдырап, елiмiз экономикалық дағдарысқа кiрдi. 1991 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң құлдырауы 8 пайызға жеттi. Экономикада жаппай аласапыран басталды.Осылайша 70 жыл бойы экономикада ортақ меншiктiк негiзде, экономиканы бiр орталықтан басқарып келген шаруашылық механизмiмiз Кеңес Одағының ыдырауымен оның құрамындағы елдердiң барлығы саналарына тым жат болып келетiн нарықтық экономикаға өттiк. Осы уақыттарда барлық буындағы басшылар нарыққа көшудiң жолдары жайында ұзаққа созылған пайдасы жоқ бос шарушылыққа көштi. Сыңаржақты жасалған бағдарламалар мен жоспарлар пайда болды.

Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өтуде ең алғашқы мiндет - ол экономиканы ырықтандыруға, шаруашылық жүргiзудi демократияландыруға негiзделген, инфляцияны тежеуге бағытталған қатаң қаржы - ақша саясатымен ұштастырылған түбегейлi реформа жүргiзу болатын.Сондай-ақ бұрыннан берi қызмет етiп келе жатқан экономикалық жүйе, елдердiң экономикалық қарым - қатынасы бұзылуы салдарынан экономиканың құлдырауы одан сайын өрши түстi. Нарықтық жағдай бiрден халыққа ұғынықсыз түнек болып көрiндi, яғни нарықтық экономикаға сенiмсiздiкпен қараушылық пайда болды, ал бұл мәселе ендi ғана халықтың сенiмiне ие болып отырғаны баршамызға белгiлi.Осылайша елiмiздiң тәуелсiздiк алған оншақты жыл жалпы дағдарыстарға толы болды.
Ол дағдарыстарды былай жiктеуге болады:
экономикалық өсудегi дағдарыс;
инфляциялық дағдарыс;
төлем қабiлетi дағдарысы;
инвестициялық дағдарыс;
әлеуметтiк саладағы дағдарыс;
Экономикалық өсудегi дағдарыс: себептерi мен жалпы көрiнiсi.
Елiмiздiң нарықтық қатынастарға өтуi барысында жалпы экономика өтпелi кезеңде болып отыр. Экономикалық өсудегi дағдарыс елдегi 1991-1998 жылдар аралығындағы ЖIӨ-нiң құлдырауымен байланысты. Әлемдiк тәжiрибеде экономикалық өсудiң дағдарысы, яғни ЖIӨ көлемi үш жылда 9%-дан асып кетсе экономикалық өсудегi дағдарыс деп аталады. Ал Қазақстанда болса ЖIӨ-нiң көлемi 1998 жылы 1991 жылға қарағанда 31,2%-ға төмендедi.Осы аралықта. экономикалық өсуде ЖIӨ-нiң 1996 жылы - 0,5%, 1997 жылы - 1,7%-ға шамалы өсу қарқыны көрiндi. Бiрақта 1998 жылы қайтадан ЖIӨ-нiң 1,9%-ға төмендеуi байқалды, яғни ол жылы әлемнiң бiрнеше елдерiнде қаржы дағдарыстары болып едi. Бұдан көретiнiмiз елiмiздiң экономикасының өсуi тұрақты емес, өйткенi ол басқа экономикалық өзгерiстерге тәуелдi.. Осыған байланысты елiмiздiң басты саясаты ұлттық экономиканы тұрақтандыру саясаты болып табылады, ол үшiн өндiрiстi шикiзаттық бағыттан жайлап өңдеушi индустриялы-инновациялы дамуға өту болып отыр.1991-1995 жылдардағы экономикалық өсудегi дағдарыстың басты себебi инфляциялық жағдай болып табылады. Өйткенi 1992-1994 жылдарда елiмiзде инфляция қарқыны тым үлкен болды. Инфляция деңгейi 2000%-дан асып кетiп, гиперинфляцияны құрады.Омыған байланысты 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге тура келдi. Алайда соның өзiнде инфляция белең алып отырды. Осы мәселе туралы ұлттық валюта енгiзiлгеннен бастап елдегi банк жүйемiз нақты ақша-несиелiк және валюталық реттеуге кiрiстi. Осының нәтижесiнде экономикада 1995 жылдан бастап инфляция деңгейi төмендей басатады, ал ол өз кезегiнде экономикалық өсуге жол ашты.Қазақстанда 1991-1995 жылдар 1990 жылмен салыстырғанда ЖIӨ көлемi 38,6%-ға төмендедi, яғни жылына шамамен 8%-ды құрап отырды.
2000 жылға дйiнгi ЖIӨ көлемiнiң өсу қарқыны байқалғандығымен 1990 жылмен салыстырғанда 69,3% -құрады. Ал сонғы 2001-2003 жылдар аралығында ЖIӨ-нiң жиынтық өсiмi 30%-дан астам болды.1995 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ға өсуiмен жалпы экономикада экономикалық өсу көрсеткiштерi белең ала бастады. Яғни елдегi экономикалық өсу параболалы түрде болып, оның көлемi бұрынғы 1990 жылғы көлемiне мiне осы 2003 жылы ғана жеттi. Қазiргi уақытта елiмiз экономикалық өсудiң дағдарысынан толық шықты деп айта аламыз.
Инвестициялық дағдарыс
Қазақстанда Республикасында инвестициялық қызметтiң дереу тоқталуымен белең алды. 1991-1996 жылдар аралығында негiзгi капиталға инвестиция тарту тұрақты түрде кемiп отырды. Осы аралықта негiзгi капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемi 10 есе кемiдi. Осылайша елiмiзге инвестиция ағымы азаюымен қатар жоғарыда көргенiмiздей экономикалық өсуде дағдарысқа ұшырады. Жалпы экономикада өндiрiстер құлдырап, көбiсi банкротқа ұшырады. Сондай-ақ бұрынғы құралдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастығы
Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі міндеттері, сайлау тәртібі
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР: ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Экономикалық және әлеуметтік география
Жаhанданудың философиялық мәселелері
Қазіргі кезеңдегі жергілікті биліктің қалыптасуының ағымдық жағдайы және оны жетілдіру
Жаһандық экономикалық дағдарыс
Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі, міндеттері, сайлану тәртібі және құрылымы
Жергілікті биліктің қалыптасуымен құрылымы
Пәндер