Жойылған мәліметтер қорлары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Кіріспе . . .

1. Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы . . .

1. 1 Мәліметтер қоры ұғымының пайда болуы . . .

1. 2Мәліметтер қорын құрудың және функциялаудың принциптері . . .

1. 3Мәліметтер қорын жобалау, реляциялық мәліметтер қорын қалыптастыру . . .

2. Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) . . .

2. 1Microsoft Access бағдарламасындағы қатыстық дерекқорлар . . .

2. 2Microsoft Access-те үлгіні табу және қолдану . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . . , ,, . . .

Кіріспе

Қазіргі уақытта мәліметтер қоры мен ақпараттық жүйелерді пайдалану адамзат қызметі мен түрлі саланы басқарудың ажырамайтын құрамдас бөлігі болып отыр. Осыған сәйкес технология мен программалық өнімдерді тиімді қолдану мен оның құрылу принципін меңгерудің қажеттілігі артып отыр. Мысалы, мәліметтер қорын басқару жүйесі, жобалауды автоматтандыру жүйелері және т. б. МҚБЖ-нің идеологиялық құндылығы мұндай программа негізіне мәліметтер моделінің тұжырымдамасы жататындығымен, мәліметтерді беруге қандай да бір абстракцияның алынатындығымен түсіндіріледі. Көптеген жағдайларда мәліметтер жазулардан тұратын файлдар түрінде беріледі. Файлдағы барлық жазулардың құрылымы бірдей, ал файлдардағы жазулар саны айнымалы болып келеді. Әрбір жазу тұратын мәліметтердің элементтері өрістер деп аталады. Барлық жазуда өріс аты бірдей болады да, олардың мәндері әртүрлі болады. Өріске мазмұнына сай ат беріледі. Сонымен, МҚБЖ-сі құрылымы тұрақты, бірақ ұзындығы анықталмаған алғашқы ақпараттарды кесте түрінде сипаттауда теңдесі жоқ құрал болып табылады.

Барлық МҚБЖ-лері төрт негізгі операцияны сүйемелдейді:

  • Мәліметтер қорына бір немесе бірнеше жазуларды қосу;
  • Мәліметтер қорынан бір немесе бірнеше жазуларды өшіру;
  • Мәліметтер қорындағы бір немесе бірнеше жазулардан берілген шарт бойынша іздеу жүргізу;
  • Мәліметтер қорындағы бірнеше өрістердің мәндерін жаңарту.

Көптеген МҚБЖ-лері қорға кіретін әртүрлі файлдар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Мысалы, байланыс ашық түрде орнатылған болса, кейбір өрістердің мәндері басқа файлға сілтеме жасайтын болса - мұндай Мәліметтер қорын басқару жүйелерін желілік деп атайды. Байланыс жабық түрде орнатылуы мүмкін (мысалы, әртүрлі файлдардағы өріс мәндерінің сәйкес келуіне қарай), мұндай МҚБЖ-сін реляциялық деп атайды. MS Access реляциялық МҚБЖ-сі болып табылады. Қазіргі МҚБЖ-не тән барлық құралдар мен мүмкіндіктер толық қамтылған. Реляциялық қор мәліметтерді іздеуді, талдауды, сүйемелдеуді және қорғауды жеңілдетеді, өйткені олар бір жерде сақталады. MS Access МҚБЖ-нің ішіндегі ең қуатты, әрі икемді, пайдаланылуы қарапайым болып келген МҚБЖ-сі. MS Access-те бірде бір программа жолын жазбай-ақ, көптеген қосымшалар құруға болады. Егер өте күрделі қосымша құру қажет болса, онда мұндай жағдайда MS Access аса қуатты программалау тілі - Vіsual Basіc for Applіcatіon тілін пайдалануға мүмкіндік береді.

MS Access МҚБЖ-нің танымалдылығы төмендегідей себептермен түсіндіріледі:

  • MS Access-ті үйрену мүмкіндігі мен оның түсініктілігі, мәліметтер қорын басқаратын қосымшаларды жылдам құру - өте тиімді, бірегей МҚБЖ-сі екенін көрсетеді;
  • MS Acces толық орнатылған;
  • MS Access-те OLE технологияларын пайдалану мүмкіндігі бар;
  • MS Access Mіcrosoft Offіce пакетімен интеграцияланған;
  • MS Access жүйесі Іnternet желісімен байланыса алады;
  • Визуалды технология жасалынған әрбір әрекеттің нәтижесін үнемі көріп отыруға және оны түзетуге, сондай-ақ, формалар конструкторымен жұмыс істеу Vіsual Basіc немесе Delphі сияқты программалау жүйелерін меңгеруді жеңілдетеді;
  • MS Access-те анықтамалық жүйе кеңінен және көрнекі берілген;
  • MS Access-те объектілер жасауға арналған шеберлердің үлкен жиынтығы қарастырылған;

Ұсынылып отырған лабораториялық практикум MS Access МҚБЖ-сінде жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін толық үйретеді. Ол мәліметтер қорын құруды және пайдалануды үйретуге арналған практикалық жұмыстарды қамтиды. Мәліметтер қоры дегеніміз, біріншіден, мәліметтер қорындағы құрылатын кестелердің құрылымы мен олардың арасындағы байланысын ойластырып, жобалау; екіншіден, компьютерде осы кестелердің құрылымын құру; үшіншіден, кестелердің арасындағы байланысты тағайындау; төртіншіден кестелерді мәліметтермен толтыру (форманы пайдаланып та толтыруға болады) . Мәліметтер қорын пайдаланудың практикалық мақсаты есептер мен сұраулар құру болып табылады.

MS Access МҚБЖ-сінің мүмкіндіктері сегіз лабораториялық жұмысқа бөлінген. Әрбір лабораториялық жұмыс MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі мүмкіндіктерін біртіндеп үйретуге бағытталған бірнеше тапсырмалардан тұрады. Тапсырмалардың арасында тапсырмаларды орындауды жеңілдететін ескертулер мен түсіндірмелер, анықтамалық ақпараттар келтірілген. Сондай-ақ, тапсырмалардың соңында студенттерге өзіндік жұмыстар берілген.

Курстық жұмыстың басты мақсаты : Мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі көптеген пайдаланушыларға мәліметтер қорына жылдам және тиімді түрде жүгінуге мүмкіндік береді. МҚБЖ көптеген пайдаланушылар бір мезгілде қол жеткізуге ие болған жағдайда пайдаланушының бірі мәліметтерге жүгінсе, енді бірі сол кезде оларға өзгертулер енгізіп жататындай келіспеушілік оқиғалардың туындамауын бақылап отырады.

Курстық жұмыстың құрылымы . Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда, мәліметтер қоры - бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай - ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты болады.

Екінші тарауда, MS Access 2007-нің көмегімен қарапайым тұтынушылар қандай да бір бағдарламалаудың қажеттілігінсіз-ақ, жеткілікті қуаттағы мәліметтер қорын құру мен пайдалану үшін ыңғайлы құралдар ала бастады. Сонымен қатар Access 2007-мен жұмыс сітеу бағдарламалау мүмкіншіліктерін жоққа шығармайды, яғни, бұл жүйе қосымша басқару модулдері мен элементтерін жасауға мүмкіншілік беретін, Visual Basic for Applications бағдарламалау тілін қолдауды да қамтиды.

1. Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы

1. 1 Мәліметтер қоры ұғымының пайда болуы

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.

Көп мәліметтер жұмыс жасау қажеттілігі пайда болғанда әрқашанда мәліметтер қорын пайдаланды.

Мәліметтер қоры - бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай - ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты болады.

Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына - алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен сипатталады.

Алаң аты - бұл мәліметтермен пайдалану үшін, әртүрлі программаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез келген идентификатор сияқты латын әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т. б. Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер (қызметкерлердің суреттері) және т. с. с. болуы мүмкін.

Кестенің әрбір жолы объектілердің біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық алаңдардың мазмұнын құрайды.

Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама - қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі алаңдарды енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше алаң болуы мүмкін.

Кестемен жұмыс кезінде пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып отыратын сияқты. Әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі. Мәліметтер қорының кестелерінде жазбалар қандай да бір тәртіпсіз, оларды енгізу (жаңа қызметкерлердің пайда болуы) ретіне қарай орналасуы мүмкін. Бірақ кесте мәліметтері пайдаланушыға ұсынылған кезде реттелуі керек. Пайдаланушы оларды алфавиттік тәртіпке, немесе бөлімдер бойынша реттелген, немесе туған жылының өсуіне қарай және т. б. қарауы мүмкін.

Мәліметтерді реттеу үшін индекс түсінігі қолданылады. Индекс кестені қандай реттілікте қараған жөн екенін көрсетеді. Ол пайдаланушы мен кесте арасында делдал болып табылады. Мәліметтер қоры әдетте бір емес, көптеген кестелерден тұрады. Мысалы, кейбір ұйым туралы мәліметтер қорында әрбір бөлімшенің сипаттамасы бар кесте бар. Dep атты осындай таблицаның мысалы келесі кестеде көрсетілген. Осы кестенің алаң аттары Dep және Proisv.

Dep бөлімшелері туралы мәліметтер кестесінің мысалы:

Бөлек және кестелер әрине пайдалы, бірақ одан да көп ақпаратты кестелер жиынтығынан алуға болады. Мысалы, өндірістік цехтерде жұмыс жасайтын, қызметкерлердің жалпы саны пайдаланушыға білу қажет болады. Бірақ жоғарыда көрсетілген кестелердің біреуіде бұл сұраққа жауап бермейді, себебі Pers кестесінде бөлімшелердің түрлері жайлы мағлұматтар, Dep кестесінде қызметкерлер жайлы мағлұматтар жоқ. Осындай сұраныстарға жауап алу үшін байланысқан кестелердің жиынтығын қарастыру қажет.

Байланысқан кестелерде әдетте бір кесте басты болады, ал басқасы немесе бірнеше басқа кестелер - көмекші кестелер болады. Басты және көмекші кестелер бір - бірімен кілт арқылы байланысады. Кілт ретінде екі кестеде де болатын алаң шыға алады. Мысалы, жоғарыда келтірілген кестелерде басты болып Dep кестесі, көмекші болып Pers кестесі бола алады, ал олар болса екі кестеде де бар Dep алаңы бойынша байланысады. Курсор басты кестенің индексі үстінен жүреді. Осылайша біздің мысалда егер басты кестенің Dep алаңындағы ағымдағы жазбада «бухгалтерия» деп жазылған болса, онда көмекші Pers кестесінде бухгалтерия қызметкерлерінің барлық жазбалары шығады.

Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да мәліметтерқоры болып қала береді. Өйткені ондай мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар - бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады. Мәліметтер қоры мен қосымшалардың өзара орналасуларына байланысты келесі мәліметтер қорларын бөліп көрсетуге болады:

  • Локальды мәліметтер қорлары
  • Жойылған мәліметтер қорлары.

Локальды мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін локальды қосымшалар, ал жойылған мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін клиент - серверлік қосымшалар дайындалады.

Мәліметтер қорының орналасуы көптеген жағдайда осы қорда бар мәліметтерді өңдейтін қосымшалардың дайындалуына әсер етеді. Осылайша, келесі қосымшалар түрлерін бөліп көрсетуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндік ақпараттарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау туралы
Пәндік ақпараттарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау
Мәліметтер жады қорын таңдау регистрі bsr
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Мәліметтер қоры
Кәсіпорынның өндірістік қорлары
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ресімдеу
Delphi-де мәліметтер базасын құру
Мәліметтер қорының құрылымы
Негізгі қорларды қолдану көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz