Жергілікті өзін - өзі басқару органдарында этикалық мәдениетті дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Экономика, басқару және құқық факультеті

ЖОБА

Тақырыбы: Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында этикалық мәдениетті дамыту

Орындаған: Ибыжан І, Расылхан Б

Қабылдаған: Масадиков Х

Тобы: ЭМБ-911

Жоспар:

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

I Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен маңыздылығы
II Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында этикалық мәдениетті дамыту

III Мемлекеттік қызметшілердің этикасын жетілдіру
IV Шетелдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі заманға сай тәжірибесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жобаның мақсаты - Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында этикалық мәдениетті дамыту - басқару органдарында мемлекеттік қызметшілердің әдебін арттыру мәселесі бойынша әдеп кодексіне түсіндірме дайындау сонымен қатар олар бойынша ұсыныстар әзірлеу. Жобаның міндеттері - мемлекеттік қызметшілер әдебінің теориялық негіздерін ашу; жергілікті өзін-өзі басқару органдарында этикалық мәдениетті дамыту, мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормативтік құқықтық актілерін талдау, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдебінің мәселелерін анықтау, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін жетілдіру жолдарын ұсыну. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі демократиялық ілгері басушы қоғам үшін маңызды жүйе ретінде қарастырылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастырудың демократиялық процедуралардың жай әншейін түрде енуін емес ең алдымен жергілікті адамның әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуы қажет еді. Мемлекеттік қызмет - мемлекеттің саясатын жүргізумен және мемлекеттің атынан негізгі экономикалық әлеуметтік және саяси бағдарламаларды іске асырумен байланысты қызметтің ерекше түрі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер еліміздегі реформалардың сәтті жүргізілуіне, халықтың тұрмысын, тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмаларадың орындалуына тікелей әсер етуші күш.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында этикалық мәдениетті дамыту бойынша қазіргі кезде түрлі жоспарларжасалуда. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен даму концепциясын қарастырып талдау.

Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару ежелгі тарихты қалыптастырып келе жатқан болып көрінеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі алғаш рет ХІХ-ғасырда Бельгия мен Францияда жасалған болатын. Ол ерікті қауымдастықтың қызметі ретінде сипатталды. Мемлекет қауымдастықты құрайды, ол тек заң шығарушы, атқарушы және сот билігі ретінде таныған (муниципалдық, коммуналдық, қауымдық) . Жергілікті өзін-өзі басқарудың пайда болуы тұрғылықты халықтың өздерінің экономикалық және саяси ортақ мүдделерінің сезінулерінің нәтижесі. Оны біз халықтың, яғни жергілікті ұжымдардың қалыптасуынан байқай аламыз. Мысалы, Ресейде жергілікті өзін-өзі басқару «шаруашылық ұжымға» байыпталған. Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару өркендеген демократиялық мемлекеттерде муниципалдық реформалар арқылы ХІХ-ғ-да орналасқан. Оның қалыптасуына түрткі болған жағдай, феодализмнен шығып индустриализмге бағытталуы.

Ел өзінің күшті жергілікті өзін-өзі басқаруына түрткі болған ұлы француздың революциясы болды. XVIII-ғ-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне ең алғаш рет 1790 жылы қадам басты. Француз саясаткері Турэмэн. Ол өзінің баяндамасында екі мәселеге көңіл аударды:

1. Өзінің тұрғыни тіршілігін білу, ол яғни муниципалдық басқаруға бағыттайды.

2. Мемлекеттік тапсырысын қадағалау, сондай көзқарастар.

«Еркіндік теория қатынасы» деп аталып кетті. Еуропада ХІХ ғасырда кеңінен тараған. Бұл теорияның негізіне жүктелсек, ол өзінің табиғаты бойынша тәуелсіз, олар мемлекеттік тармағына қалыптаспаған. Одан бұрын қалыптасқан және өзінің жұмыстары мен еркінше мәселесін қабылдай алады. Кейінірек 1835 жылы Белинскийдің Конституциясына еркіндік теория қатынасын қалыптастырған. Сонымен қатар, муниципалдық билікті мойындаған және де оған арналған жеке тармақтары болған.

«Еркіндік теория қатынасынан» кейін жергілікті өзін-өзі басқару теориясы келді. Осы теорияға көп еңбек сіңірген ғалым Гирке және Шеффнер. Сонан соң өз бағытын «мемлекеттік басқару теориясы» орын алды. Оған еңбек сіңірген ХІХ-ғ-да неміс ғалымы Штейнам және Гнелстон болды. Бұл орталық басқармадан айырмашылығы бұл жерде шенеуніктер басқармайды, яғни, өз жерлерін жергілікті тұрғындары сайлайды. Жергілікті өзін-өзі басқару феноменіне түсіну өте қиын. Ғылымда жергілікті өзін-өзі басқару осы күнге дейін реттелген жоқ. Қазіргі авторлар осы мәселені зерттеуде, бірнеше түсінік қалыптасты. Ғылымда көп таралған бір түсінік бойынша жергілікті өзін-өзі басқару азаматтың құқығы болып саналады. Сол халық жергілікті мәселелерді өздері шешу керек. Үкімет жергілікті өзін-өзі басқаруды мойындай отырып, осымен жергілікті биліктің жұмысын қадағалай отырып, өзінің қызығушылықтарын реттеп отырады. Өте жиірек басқару формасын ұсынады, сол жүйеге сүйене отырып, тұрғындар өздерінің құқығын, сонымен қатар әдет-ғұрпын, тарихын қорғай алады. Олар сол жергілікті жердің салт-дәстүрлері, тарихы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару қалыптасады. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымы мемлекеттің ажырамас территориялық құрылымы. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару өздеріне мынадай жауапкершілікті алады:

Муниципалды жұмыстар

Жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті халықы өз биліктерін өздері іске асырады, демократиялық мемлекет және азаматтық қоғамның жоғары дәрежелі дамуы адамдардың күнделікті өміріне қатысады. Сондай-ақ, адамдардың демократиялық бойынша өсуін, халықтың өркендеуін, өзін-өзі қалыптасуын, тануын, өзіндік қызмет жасауын қадағалайды.

Жергілікті өзін-өзі басқару - бұл мақсат емес, тек халықтың өмірлік жағдайын көрсету, жергілікті бірлестіктерді біріктіру. Жергілікті өзін-өзі басқару ең бастысы жергілікті сұрақтардың шешілу бағыттарына мән береді. Әдетте бұл бағытқа мән берілмейді, муниципалдық орган тапсырмаларға қарсылық білдіре алады, жалпы аймақтың немесе республикалық мәнін иемденеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйелік принцип бойынша бағытталады. Жергілікті өзін-өзі басқару сонымен қатар әр түрлі форманы тікелей пайдалануға, азаматтар құқығына, муниципалдық сайлауларды жүзеге асыруға ұсыныс жасайды. Ең маңызды жергілікті өзін-өзі басқару элементі - сайлау жүйесін орнату және муниципалдық бірлестігін қалыптастыру. Қысқаша айтсақ, жергілікті өзін-өзі басқару - бұл жергілікті жердің билігін орнату және халықтың өзіндік, яғни өз еркімен шешім қабылдауы. Басқа мемлекеттерде жергілікті ұжымдар мемлекеттің тікелей араласуына байыпталады. Жергілікті өзін-өзі басқару деген жүйе бұл жақта мүлдем қарастырылмаған немесе тағы да солармен қатар параллельдік мемлекетке бағынатын ұжымдар болуы мүмкін. Жоғарыда қарастырылған деректерде жергілікті деңгей мемлекеттік басқару немесе жергілікті мемлекеттік басқаруын айтады. Мемлекеттік басқарумен салыстырғанда жергілікті жерде, жергілікті өзін-өзі басқару халықтың қалауы бойынша жүзеге асырылады, яғни жергілікті сайланған ұжымдар мен (жергілікті өзін-өзі басқару ) немесе мемлекеттік басқару жергілікті жерде деген термин бір сөзбен «муниципалдық басқару» деп аталынады. Ғалымдар муниципалды басқаруға әр түрлі көзқараспен қарайды. Мысалы, Ресейде негізгі жаңаша муниципалды басқаруды «муниципалдық басқару» деп белгіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару мәні, халықтың өз жұмыстарын басқаруына негізделген. Бірақ бұл мақсатты өмірге енгізу оңайға түспейді. Себебі жалпы әлеуметтік, ұжымдық, индивидуалдық мәселелерге байланысты сұрақтар тығыз шатасқан. Бұның шындығы, түрлі деңгейдегі басқару субъектісінің қызыметімен анықталады. Яғни жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы схемасын қайта өзгертпесе, жоғарыдағы айтылған мәселенің барлығы тек айтылған ой болып қана қалмақ. Қандай бағыт болса да қайта құру мүмкіншілігі болу керек. Бұл бағыттағы ойлар әртүрлі ойлайды.

С. И. Көлееваның айтуы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару ұғымында, өзін-өзі басқару ұйымының ерекше түріне жатқызуға болады. Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару - маманданған - элиталық басқару, қоғамдық институт уәкілеттілігінің кемшіліктерін ғана емес, сонымен қатар белсенді функционалуында ұйғарып отыр. Негізінен жергілікті өзін-өзі басқару жоғарыда айтылған осы үш принцип бойынша құрылып отырған басқа басқару процессі. Сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқарудың ұзақ қалыптасуын айта келе, біз оның астарындағы төмендегідей ерекше модельді түсінуміз керек:

1. Маманданған-уәкілетті басқару және жергілікті халық өзіндік шынайы мұқтаждығындағы жоғарғы арақатынас анықталды.

2. Жергілікті өзін-өзі басқару басқару қызметімен таныстырады. Берілген бағыт өзін-өзі басқарумен байланысты және саясаттану, құқық, басқару теориясының мәселелері бойынша отандық әдебиет орнықты жағдайын басқарумен алмастырады. Оның көзі болып К. Маркстың мынадай жорамалы көрсетіледі: «Өзін-өзі басқаруда халық арқылы халықтық басқару процесі бар».

3. Жоғарыда келтірілген анықтаулар демократиямен жергілікті өзін-өзі басқарудың бірігу қажеттілігін анықтайды. Олардың маңызды айырмашылығына тоқталсақ жергілікті өзін-өзі басқару мықтылықтың қасиеті ретінде - өзінің жұмыстарының басқара алу мүмкіндігінде ал демократия - осы мүмкіндіктің шын жүзеге асуын һқамтамасыз ететін ұйымдастырылған механизм. Өйткені «демократия» атты категориясының жиынтығын көрсетеді.

4. Жергілікті өзін-өзі басқарудың маңыздылығын анықтауда, оның биліктік факторлармен бөлінбейтін байланысын айтуға болады. «Жергілікті өзін-өзі басқару» ұғымында бұаралық билік және қоғамдық басқаруды біріктіреді.

5. Жоғарыда айтылған жергілікті өзін-өзі басқаруды териториялық деп қарастырады анықтаудағы тағы бір қорытынды, оның формальды- заңды институтпен сәйкес келуінде.

Конституциялық жағдайды анықтау және жоғарыда аталған тұжырымдар Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі сызықтарын жобалауға мүмкіндік береді:

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру құқығы азаматтарға беріледі. Бірақ азаматтар болғанда - бірінші тұрғылықты халық, содан кейін заң және саясатқа қатысты тұлғалар араласуы қажет. Сондықтан да - қала, акыл және басқа да аймақтың халықты тарихи, жерлілікті дәстүрлеріне сай, географиялық жағдайына байланысты ұйымдастырушылық шекарасын есепке ала отырып, ерекше субъективке бөледі. Яғни халық деп белгілі бір територияда адамдардың тұрақты немесе уақытша қоныстануының жиналуын айтамыз. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын кез-келген қалалық, ауылдық халықтың муниципалды жеке меншігі бар. Жергілікті бюжетпен жергілікті өзін-өзі басқарудың таңдалып алынған органдары мунципалды білім берудің - жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі бірлігін заң шығарушы ретінде мойындайды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың сферасында айрықша жергілікті мағыналы сұрақтары бар. Алдымен бұл сұрақтардың барлығы халықтың өмір сүру қызметтілігін тікелей қамтамасыз етуге арналады. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымының жалпы принцип туралы заңы таусылмайтын тақырып емес. Мунципалды құрамдастыру жергілікті аймақтағы субъектінің заңдарына қатысты сұрақтарды өзінің қарауына алуына құқылы, сонымен қатар жеке мемлекеттік өкілеттіктің орындалуы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңды түрде жүктелуі мүмкін.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың- жергілікті немесе жеке мемлекеттік өкілеттік орындайтын, арнайы басқару қызметімен шешілмейтін сұрақтар - мунципалды қызметтің аясында шыңдалады. Бұл қызметтілік құқықтың және құқықтың емес формаларды қалбылдауы мүмкін. Себебі, бұқаралық- құқықтық озық мінездемесі бар, бірақ жеке құқықтық әдістің қолдану мүмкіндігі оған кірмейді. Мунципалды қызметтіліктің сипаты ретінде, оның атқарылатын және күн тәртібінің бастамасына жақын анықталуын жатқызады.

Мунципалды біліктіліктің жауаптылықтарға бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қызметтегі тұлғалары, яғни компетециялық сұрақтарға қатысты мунципалдық біліктілік, мемлекеттік құқықтық тұлғаларға халықтың алдында жауаптылықты мойындарына алады.

Муниципалды қызметтілік, жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері мен мемлекеттің биліктің мүшелері арақатынасындағы жергілікті және мем лекеттік сәйкестігіне байланысты құрылады. Жергілікті өзін-өзі басқару басқару мүшелері, біріккен мемлекеттік саясатқа сәйкес әрекет етіп, жергілікті басқаруға қатысты сұрақтарды шешу барысында, заңды жеке мемлекеттік өкілеттікке бөлініп, мемлекеттік - биліктік сипаттағы толық комплексті өкілеттілікті бола алады. Осының барлығы жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы бір уақытта мемлекеттік және қоғамдық институттардың элементтерін құрай алатындығын анықтайды. Екі құрылымды сипаттағы жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі, қазіргі уақыттағы мунципалды басқарудың концепциялық дуализм теориясына бағытталған. Қазақстанда экономикалық реформалаудың басым бағыттарының бірі мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру. Бұл үрдісті жүзеге асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту шарт. Мұның өзі мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, басқарудың төменгі буынындағы жемқорлық деңгейін азайту, азаматтық қоғамның дамуына ықпал ету сияқты бірнеше стратегиялық мақсаттарға қол жеткізеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабында елімізде жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылатындығы белгіленген. Осыған орай «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасы көпшіліктің талқылауына 2006 жылдың қазан айында берілді, ол 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. «Өзін-өзі басқару» қағидасының әлеуметтік ғылым терминдерінің көпшілігі сияқты толық ғылыми анықтамасы жоқ, оны әр түрлі авторлар әр түрлі түсіндіреді. Оның даму процесіне тоқтала кетсек: алғаш оған XVII ғасырда Англияда (self government) анықтама берілге, одан кейін оны Германия және Ресей мемлекеттанушылары енгізген болатын. Ал Францияда оған сәйкес термин болмағандықтан, ол «орталықсыздандыру» немесе «муниципалдық билік» (pouvoir municipal) түсініктері берілген. Бұл жөніндегі алғашқы идеяларды 1790 жылы Турэ өзінің Францияның жергілікті өзін-өзі басқару реформасы туралы баяндамасында ұсынған. Жергілікті өзін-өзі басқару теориясының дамуына үлкен үлес қосқан шетелдік оқымыстылар Токвил, Гнейст, Штейн, Лабанд, Ресей оқымыстылары Васильчиков А. И., Безобразов В. П., Коркунов К. М., Чичерин Б. және т. б. Мемлекеттік орталықсыздандыру процесіне әртүрлі ерекшеліктер, оның ішінде тұрғылықты халықтың менталитеті, әдеп-ғұрпы, саяси және құқықтық мәдениеті, демократиялық дәстүрдің орнығуы және де сол сияқты көптеген мәселелер әсер етеді.

Әлемдік тәжірибеде орталықсыздандырудың екі түрі бар. Олар: шоғырландырудан алшақтау (деконцентрация) және деволюция. Шоғырландырудан алшақтау құзіреттердің мемлекеттік билік жүйесінің иерархиясы бойынша төменгі органдарына берілуі деп түсінеміз. Орталық органдарға қарағанда жергілікті басқару органдары өз деңгейіндегі мәселелермен, жағдайлармен тікелей таныс, сондықтан оларды шешу үшін тиісті өкілеттіктерді қолына алады. Осы шоғырландырудан алшақтау үрдісі жергілікті проблемаларды шешуге көп мүмкіндік береді, сол себептен де аталмыш үрдісті “әкімшіліктік орталықсыздандыру” деп те атайды [1] . Тым қатты орталықсыздандыру, яғни әкімшілік-аумақтық басшыларын сайлау, олардың саяси дербестігін, заң шығару құқығын кеңейту - негізінен субъектілерден тұратын федеративті құрылымды мемлекеттерге тән, ал Қазақстан Республикасы унитарлы - біртұтас мемлекет. Унитарлы мемлекеттер керісінше өздерінің тұтастығын сақтап, елдің саяси ыдырауына жол бермеуге тырысады. Қазіргі кезде әлем елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының екі түрі бар: - бірінші, жергілікті тұрғындармен сайланатын, аса маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын өкілетті орган; - екіншісі, - әдетте оперативтік басқаруды жүргізетін атқару органы. Халықаралық тәжірибеде ЖӨӨБ-дың үш типті моделін айрықша көрсетуге болады.

1. ЖӨӨБ-дың англосаксондық жүйесі (кейде ЖӨӨБ-дың Америкалық түрі деп те аталады) . Бұндай жүйе АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия сияқты келімсек елдерде кең тараған. Англосаксондық жүйенің басты ерекшелігі - жергілікті сайланбалы органды бақылап, қамқоршы болып отыратын орталық үкімет өкілінің болмауы.

2. ЖӨӨБ-дың Француздық жүйесі (кейде құрылымдық жүйе деп те аталады) . Бұл жүйе Франция, Италия, Испания және т. б. көптеген Батыс Европа елдерінде тараған. Бұл жүйенің басты ерекшелігі - жергілікті мемлекеттік басқару мен ӨӨБ-дың қатар жүргізілуі. Дегенмен, бұл жүйеде орталық үкіметтің жергілікті органдарды әкімшілік тұрғысынан бақылауға («қамқорлыққа») алуы басым.

3. ЖӨӨБ-дың аралас жүйесі Германия мен Жапонияның ЖӨӨБ құрылымы тән. Жапонияның ЖӨӨБ заңында ішкі ұйымның және жергілікті органдардың барлық деңгейін - қала, поселка, ауылдардың міндеттерін, оның құрылымын жекелеп регламенттейді. Германияда - общиналар, қалалар, аудандар ЖӨӨБ-дың базалық бірлігі б. т. елде коммуналдық басқару органдарының талабы үндеспеген, түрлі жерде олар тұлғалық сызықты иемденеді және жергілікті басқарудың формасы мен типінің үлкен диопазондары бақыланады. Көріп отырғанымыздай, бұл үрдіс әр елде әртүрлі өтеді, ол мемлекеттің қандай модельді таңдап алғанына байланысты. Бірақ, біздің ойымызша бір модельдің аясында шектеліп қалу мүмкін емес, аталған басқару жүйесі нақты қоғам ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу кезінде өзіміздің өткен отандық тарихымызды рулық және ауылдық өзін-өзі басқару саласында, кеңестік құрылыста пайдаланылған құндылықтарды ескеруіміз қажет. Қазақстан тарихында жергілікті өзін-өзі басқарудың дәстүрлері бар. Танымал "Жеті жарғы" - орта ғасырдың өзінде түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар өкілеттігінің барлық саласын анық бөле білген. Атап өткендей, жергілікті өзін-өзі басқаруды құру мүмкіндігі 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған. Онда жергілікті өзін-өзі басқарудың қызмет етуіне және олардың дербестігіне белгіленген құзыреті шеңберінде кепілдік берілген. Содан бері жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір элементтерін енгізу мен оның заңнамалық базасын дайындау талпыныстары болған.

Бүгінде Елбасымыздың мемлекеттің Ата заңын жаңалауға байланысты бастамасына орай жағдай айтарлықтай өзгерді. - Біріншіден, қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігуіне жол берілмейтін ереже алынып тасталынды. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруына мүмкіндік береді. - Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару негізі болып енді еркін, жасырын, тік және жалпы дауыс беру арқылы сайланған жергілікті мәслихаттар табылады. Мәслихаттардың рөлі мен құзыреті арттырылып, бес жылға дейін ұзартылды. Олардың келісімімен барлық деңгейлі әкімдер сайланады. Мәслихатты әкімге сенімсіздік білдіру процедурасы (іс-шарасы) да жеңілдетілген: ертеректе ол мәслихаттың үштен екі бөлігінің даусымен жүзеге асса, қазір тек дауыс берушілер басым болуы жеткілікті. Осылай, Конституцияға жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйелерін жақындатуды көздеген базалық параметрлері енгізілді. Қазіргі таңда еліміздегі жергілікті өзін-өзін басқару жүйесін жетілдіруді бірнеше кезеңге бөлу қажет, яғни бір кезеңнен екінші кезеңге өту сол органның нәтижесі және азаматтық қоғамның даму дәрежесін білдіреді. Бірінші кезеңде қазіргі кезде жергілікті өзін-өзін басқару органы атқарушы биліктің өкілі - әкімді тежейтін орган болуы керек, яғни оны “кеңес” деп атауға да болады. Бұл кеңестің құрамы жергілікті халықтың өкілдерінен 2-3 жылға сайлануы тиіс. Олар халықтың мұң-мұқтажын жергілікті әкімнің алдында көтеріп, шешуді талап етеді. Екінші кезеңге тоқталатын болсақ, халықтың демократиялық, саяси мәдениеті қалыптасып, оның экономикалық ахуалы жақсарумен бірге, жергілікті өзін-өзін басқару жүйесі де белгілі дәрежеде дамуы керек. Дәлірек айтсақ аталған орган белгілі мәселелерді шешуге құқық алуы қажет. Ол үшін жергілікті өзін-өзі басқару органына заң жүзінде нақты құзырлар берілуі тиіс. Әсіресе оның ішінде қаржы және шаруашылық мәселелерін шешу құзіреттері берілуі керек. Оларды жүзеге асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңды тұлға мәртебесін беру міндетті. Қорыта келе, қоғамды әрі қарай демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу жағдайында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу айрықша маңызды болып қала бермек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік
Қарулы Күштердің ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен әскери басқару органдарының жұмысын үйлестіру
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы
ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамыту
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесі
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz