Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі ... ... ... 5
1.1 Тәуекел мәні және функциялары ... ... ... 5
1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі ... ... ... ... ... ..9
2. Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және тәуекелін бағалау ... ... ... .14
2.1. Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ...14
2.2 Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау ... ... ... .19
3. Кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері ... ... 30
Қорытынды ... ...34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... .36

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау және есептеу мәселесі басқарудың тәжірибесі мен теориясының құраушы бөлігі ретінде өзіндік теоретикалық және қолданбалы маңыздылыққа ие болады.
Басқарушылық шешімдердің көбісі тәуекелділік жағдайында қабылданады және оны бірқатар факторлар сипаттайды - толық ақпараттың жоқтығы, қарсы тенденциялардың бар болуы, кездейсоқтық элементтері және тағы басқалар.
Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.
Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі - кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.
Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді.
Осыдан мынадай шешімге келуге болады - кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.
Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу.
Жоғарыда айтылғаннан осы курстық жұмыстың негізгі міндеттері мен мақсаттары туындайды:
қазіргі заманғы экономикалық фактордың сипаты ретінде тәуекелді есепке ала отырып, экономикалық үрдістердің сандық және сапалық қасиеттері туралы білімді кеңейту және тереңдету;
тәуекелді ескеретін экономика-математикалық модельдерді пайдалану, талдау және құрастыру методикасы мен методологиясына ие болу;
шешім қабылдау кезінде экономикалық тәуекелді өлшеу және моделдеудің қарапайым түрлерін оқу;
тәуекелді төмендету жолдарын анықтау және оны іс жүзінде пайдалану.
Курстық жұмыстың құрылымына келетін балсақ, бірінші бөлімінде - тәуекелдің мәні, функциялары және жіктелуі, яғни қандай жағдайда тәуекелдің қай түрі пайда болатындығы, екінші бөлімінде - тәуекелдікті талдау, яғни берілген кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалады және оның тәуекелі бағаланады, үшінші бөлімінде - кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары қарастырылған.

1 Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
1.1 Тәуекел мәні және функциялары
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел табиғи түрде менеджментпен, оның барлық функцияларымен, жоспарлаумен, оперативті басқарумен, экономикалық бақылаумен, персоналды басқарумен түйіндес. Бұл функциялардың әрқайсысы тәуекелдің белгілі бір өлшемімен байланысты және оған шаруашылық жүргізудің икемді жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Яғни тәуекелдің ерекше менеджменті немесе тәуекелдің экономикалық мәнін тануға, кәсіпкерлік қызметтегі оған қатысты стратегияны дайындау және іске асыруға негізделген басқарудың ерекше жүйесі қажет.
Экономикалық ортада тәуекел әрдайым орын алса да, ол жеткілікті зерттелмеген. Ол бұл категорияның ұзақ уақыт теориялық зерттеу объектісі ретінде емес, практикаға қатысты қарастырылғанымен түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта жағдай өзгере бастады: бұл нәрсе жоғары назар объектісіне айналды, ал экономикалық реформалардың басталуы - біздің зерттеу объектімізге.
Әдетте тәуекелді ресурстардың немесе табыстың шығынына әкеліп соғатын шаруашылық жүргізудің жағымсыз экономикалық салдарымен байланыстырады. Тәуекел көздері мен факторларын зерттеу арқылы оны болдырмауға, ондай аймақтан кетуге болады.
Егер шаруашылық тәуекел тек теріс нәтижелермен байланысты болса, онда кәсіпкердің оған дайындығын түсіндіру мүлдем мүмкін емес. Негізінде кәсіпкер мүмкін шығындарға қарамастан тәуекелге береды, себебі мұнда күшті ынталандырғыш бар - жоғары табыс, өзіндік кәсіпкерлік табыс. Әдетте инновациялық кәсіпкерлік формадағы табыс қарапайым табыстан жоғары болады.

Нарықтық экономика жағдайындағы тәуекел - кәсіпкерліктің маңызды элементі. Ақытында тәуекелге баратын кәсіпкер көбінесе сыйға ие болады. Тәуекел деп сәтті орайға сеніммен сәттілікке әрекетті санау қабылданған. Тәуекелдің өзіндік ерекшеліктері - белгісіздік, кенеттілік, сенімсіздік, сәттілік келеді деген болжам.
Саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында тәуекелділік дәрежесі бірталай өседі. Қазақстан экономикасының қазіргі дағдарысты жағдайында тәуекелділіктің күшеюі аса маңызды және ол өнеркәсіп кәсіпорындарының зияндылығынң өсуі туралы мәліметтермен анықталады.
Тәуекелділік - бұл жоспарларды іске асыру және кәсіпорын бюджетін пайдалану барысында қолайсыз жағдайдың болу мүмкіндігі. Тәуекелділіктің 2 функциясы ажыратылады: ынталандырушы және қорғаушы.
Ынталандырушы функциясының 2 аспектісі бар: конструктивті және деструктивті. Біріншісі, тәуекел экономикалық, әсіресе инновациялық, инвестициялық мәселелерді шешкенде, католизатордың ролін атқарғанда айқындалады. Екінші аспект негізсіз тәуекелмен шешім қабылдау және іске асыру авантюризміне әкеліп соғуымен айқындалады. Авантюризм - алға қойылған мақсатты іске асырудың мүмкін еместігінің маңызды ықтималдығынан тұратын тәуекелдің объективті бір түрі, бірақ ұндай шешім қабылдайтын тұлғалар оны сезінбейді.
Қорғаушы функциясының да 2 аспектісі бар: тарихи-генетикалық және әлеуметтік құқықтық. Біріншісінің мазмұны адамдардың әрқашан мүмкін салдардан қорғанудың формасын және шараларын стихиялы түрде іздейтіндігінде. Тәжірибеде бұл сақтандыру резервтік қорын құруда, кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыруда көрініс табады. Екінші аспектінің мәні тәуекелдің заңдылық категориясын шаруашылық, еңбек, қылмыстық заңдарға енгізудің қажеттілігінде.
Тәуекелге тән сипаттың қатарынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
* қайшылықтылық;
* баламалылық;
* белгісіздік.
Қайшылықтылық бір жағынан, тәуекел қоғамдық техникалық прогресті жеделдететіндіктен, қоғадық ой пікірге және қоғамның рухани жағдайына позитивті әсер ететіндіктен маңызды экономикалық, саяси және рухани-өнегелік салдарға ие болуында көрінеді. Екінші жағынан, егер толық емес бастапқы ақпарат, тәуекелділік жағдайы шартында балама шешім қабылдауға қатысты құбылыстың дамуының объективті заңдылығын есепке алмай таңдаса, тәуекел авантюризмге, валютаризмге, субъективизмге әкеліп соғады, әлеуметтік прогресті тежейді, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және моральдық шығындарды тудырады.
Баламалық шешімнің екі немесе бірнеше мүмкін нұсқаларын таңдаудың қажеттілігін болжайды. Таңдау мүмкіншілігінің жоқтығы тәуекелділік жайлы алып тастайды. Таңдау жоқ жерде тәуекелділік жағдай да туындамайды, яғни тәуекел де болмайды.
Тәуекелдіктің болуы белгісіздікпен тікелей байланысты. Ол пайда болу формасы бойынша және мазмұны бойынша біржақты емес. Тәуекел анықты білмеуді, бір мағыналықтың жоқтығын білдіретін белгісіздікті шешу тәсілдерінің бірі болып табылады. Тәуекелдің осы қасиетіне екпінді назар аударылуы тәжірибеде белгісіздіктің объективті және субъективті көздерін елемей басқару мен реттеуді іске асырудың келешегі жоқтығымен байланысты маңызды болып табылады.

1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі

Экономикалық тәуекелдердің жіктелуінің әртүрлі нұсқалары тәуекелділік ретінде қабылданатын белгілі бір нәтижеге әртүрлі қатынасты шарттайтын нарықтық экономиканың базисті қағидаттарынан құралады. Сондай қағидаттарға мыналар жатады:
- тұтынушылық таңдау мен мінез-құлық еркіндігі (тұтынушылық тәуекелділік);
- кәсіптік қызметтің таңдау еркіндігі (кәсіптік қызмет тәуекелдігі);
- кәсіпкерлік еркіндігі (кәсіпкерлік тәуекелділік);
- нарықтың барлық қатысушыларының рационалды мінез-құлқы, яғни олардың өз пайдасын іске асыруға ынталануы (минимум шығын - максимум пайда). Ұзақ мерзімді кезеңде басқа себептермен басқарылып экономикалық шешім қабылдайтын нарық субъектілері рете не кеш қайыршылық күйге түседі;
- нарықтың барлық субъектілері шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға тырысатын экономикалық ортаның мұндай ұйымында қоғамдық жігерді барынша күшейту (басқаларға зиянн тигізбей табысты барынша көбейту).
Тәуекелділіктерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: пайда болу сипаты; кәсіпкерлік функционалды салалары мен түрлері, ареал мен масштаб; проблеманы шешу кезеңдері; әсер ету ұзақтығы, сақтандыру мүмкіндіктері, мүмкіншілік деңгейі және тағы басқалары. Кәсіпкерлік тәуекелдіктердің түрлері.
Мүмкін болатын жоғалтулар жеке құралдар мөлшеріне жақын, яғни фирманың банкротқа ұшырау қаупі бар тәуекел деңгейінің пайызы 75-100-ге тең.
Тәуекелдің ғылыми негізделген жіктелуі олардың әрқайсысының жалпы жүйедегі орнын анықтауғы мүмкіндік береді. Әрбір тәуекелге бару тәсілінің жүйесі сәйкес келеді. Мүмкін нәтижеге байланысты тәуекелді 2 үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті.
Таза тәуекел теріс немесе нөлдік нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді. Оларға мына тәуекелдер жатады: табиғи-жаратынды, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің бөлігі (мүліктік,өндірістік, саудулық).
Спекулятивті тәуекелдер оң және теріс нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Берілген топқа коммерциялық тәуекелдердің бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер де жатады.
Пайда болуының негізгі себептеріне (базисті немесе табиғи тәуекел) байланысты тәуекелдер былай бөлінеді: табиғи-жаратынды, экологиялық, саяси, транспорттық, коммерциялық.
Табиғи-жаратынды тәуекелдерге табиғи апаттарға байланысты тәуекелдер (жер сілкінісі, су тасқыны, боран, өрт, эпидемия) жатады.
Экологиялық тәуекелдер - қоршаған ортаның ластануымен байланысты тәуекелдер.
Саяси тәуекелдер мемлекеттің қызметімен және елдегі саяси жағдайлармен сипатталады. Олар басқарушы субъектіге байланысты емес себептермен өндірістік-саудалық процестің шарттары бұзылғанда пайда болады.
Транспорттық тәуекелдер - көлікпен жүк тасымалдаумен байланысты тәуекелдер.
Коммерциялық тәуекелдер қаржылық-шаруашылық қызмет процесінде жоғалту қаупін сипаттайды. Олар берілген коммерциялық қызметтегі нәтижелердің белгісіздігін білдіреді. Құрылымдық белгілері бойынша тәуекелдер мүліктік, өндірістік, саудалық, қаржылық болып бөлінеді.
Мүліктік тәуекелдер кәсіпкердің мүлкін ұрлату, диверсия, немқұрайлық, техника мен технологиялық жүйенің аса кернелуі мүмкіндігімен байланысты.
Өндірістік тәуекелдер - айналым немесе негізгі қорлардың бұзылуымен немесе істен шығуымен байланысты тәуекелдер, сондай-ақ өндіріске жаңа техникалар мен технологиялар енгізумен байланысты тәуекелдер.
Саудалық тәуекелдер төлемдер бөгелісінің тауарды тасымалдау кезінде төлеуден бас тартудың, тауарды жеткізбеудің салдарынан пайда болады.
Қаржылық тәуекелдер қаржылық ресурстардың, яғни ақша қаражаттарының жоғалу мүмкіндігімен шартталады. Бұл тәуекелдер 2 түрге бөлінеді: ақшалардың сатып алу қабілетімен байланысты тәуекелдер және капитал салумен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер). Біріншіге мыналар жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер және өтімділік тәуекелдер.
Инфляциялық тәуекел - инфляция өскенде алынған ақшалай табыстар нақты сатып алу қабілеті көзқарасымен өскеннен гөрі тез құнсызданады. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты жоғалтуларға ие болады.
Дефляциялық тәуекел - дефляция өскенде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкердің экономикалық шарттары нашарлайды және табыстар төмендейді.
Валюталық тәуекелдер - сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізгенде бір шетелдік валютаның басқа валютаға қатысты курсының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалтулар қаупімен байланысты тәуекелдер.
Өтімділік тәуекелдері - құнды қағаздарды немесе басқа да тауарларды сатқанда оның сапасы және тұтынушылық құнын бағалаудың өзгергені үшін болатын мүмкін жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.

Инвестициялық тәуекелдерге кіреді: табыстан айырылу тәуекелі, пайдалылықтың төмендеу тәуекелі және тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Табыстан айырылу тәуекелі - қандай да бір шараны (мысалы, сақтандыру, инвестициялау және тағы басқа) іске асырмау нәтижесінде жанама қаржылық жоғалтулардың жақындауы тәуекелі.
Пайдалылықтың төмендеу тәуекелі несиелер, салымдар және портфельдік инвестициялар бойынша дивидендтер және пайыздардың азаюы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Портфельдік инвестициялар құнды қағазға және басқа да активтерге ие болу арқылы инвестициялық портфельді қалыптастырумен байланысты.
Пайдалылықтың төмендеуі тәуекеліне пайыздар мен несиелік тәуекелдер кіреді.
Пайыздық тәуекелдерге инвесторлардың акция бойынша дивидендтердің, облигация, сертификаттардың және басқа да құнды қағаздар бойынша нарықтағы пайыздық ставкалардың өзгеруімен байланысты мойнына алатын жоғалтулар тәуекелі жатады.
Несиелік тәуекел- қарыз алушының кредиторға тиесілі пайызбен негізгі қарызды төлемеу қаупі.
Несиелік тәуекел сондай-ақ тікелей қаржылық тәуекелдердің бір түрі болып табылады және тікелей қаржылық тәуекелдерге мыналар кіреді: биржалық тәуекел, селестивті тәуекел, банкротқа ұшырау тәуекелі.
Биржалық тәуекел биржалық келісімдерден болатын жоғалтулар қаупін білдіреді. Бұл категорияға коммерциялық келісімдер бойынша төлемдер тәуеклі, брокерлік фирманың комиссиондық сый беруді төлемеу тәуекелі кіреді.

Селективті тәуекелдер - капитал салудың түрлерін, инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде құнды қағаздардың басқа түрімен салыстырғанда инвестициялау үшін құнды қағаздың түрін дұрыс емес таңдаудың тәуекелдері.
Банкротқа ұшырау тәуекелі - кәсіпкердің капитал салуды дұрыс таңдамағандықтан өзінің жеке капиталынан толық айырылу және өзіне алған міндеттемелер бойынша есептесе алмау қаупі.
2. Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және тәуекелін бағалау
2.1. Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Алматы Құс ААҚ 1998 жылдың 13 наурызында Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында тіркелген, Қоғам 4 құс фабрикалар активтерінің қосылуымен құрылған: Алматы Құс ААҚ (Чапаев 1960 жылы құрылған), Феникс ( Қаскелең 1981 жылы құрылған), Абай (1963 жылы құрылған) және Ават құс (Ават, 1965 жылы құрылған). Тіркелгенге дейін жоғарыдағы құс фабрикаларының компаниларысенімдік басқаруда болып, кейін Концерн Сеймар АОЗТ-ң меншігіне көшті.
1996 жылдың мамыр айында мемлекеттік меншік бойынша Алматы облысының комитеті Алматы Құс АООТ-ң мемлекеттік акция макеттеріне тендер жариялады. Бұл тендерді Концерн Сеймар ұтып алып, 65,1% мөлшерінде мемлекеттік акция пакетін иемденді.
1997 жылдың тамызында сенімдік басқару міндеттемелерін толық орындауына байланысты акция пакеті қайтарымсызтүрде концерн басқарылуына берілді. Акцияның 34,9% еңбек ұжымның негізінде болды.
1996 жылдың қарашасы мен 1997 жылдың ақпанында Концерн Сеймар тағы да екі ірі құс фабрикасының мемлекеттік пакет акцияларын тендрде ұтып алды. Бұл АООТ Феникс және АООТ Абай. 1997 жылдың қарашасында Концерн Сеймар сенімділік басқару міндеттемелерін толық орындағаннан кейін Абай АООТ-ң 72,1% мөлшеріндегі акциясын және Феникс АООТ-ң 52% мөлшеріндегі акциясын иемденді. Ал қалған 48% және 27,9% еңбек ұжымының меншігінде қалды.1998 жылы Алтын Диірмен АҚ Концерн Сеймардың алдында қарызын жабу үшін Ават құс фабрикасы ААҚ-ң 66% акциясын береді, еңбек ұжымының үлесіне акцияның 34% қалады.
Сеймар концерні сенімдік басқарудан кейін барлық құс фабрикаларының ғимараттарына, құрал-жабдықтарына, инфрақұрылымына жөндеу жүргізді.
1998 жылдың көктемінде 4 құс фабрикасының активтерінің бірігуі нәтижесінде Алматы Құс ААҚ қалаптасты. Жарғылық капитал 4 құс фабрикасының активтерімен қалыптасты. Сонымен қатар концерн жарғылық капиталға Сеймар сауда белгісін енгізді. Бұл сауда белгісі 1995 жылдың19 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тауарлар белгісінің мемлекеттік реестірінде енгізілген.
1998 жылдың қыркүйегінде Концерн Сеймар 4 құс фабрикасының акциясын иемденген жеке тұлғалар - фабрика жұмысшылары алматы Құс ААҚ-ң акция иемденушілері болды. Олардың саны 2116 акционер болатын.
Қазіргі кезде Алматы Құс ААҚ-ның Сеймар сауда белгісімен Республикалық нарықта лидерлік орынды алып отыр.

Көрсеткіштер
өлш.бірл
2004 ж.
2005 ж.
Ауытқулар

+;-
%
1
Өткізілген өнімнен түскен табыс
мың тг
511078
795512
284434
155,7
2
Өткізілген өнімнің өзіндік құны
мың тг
421861
614756
192895
145,7
3
Жалпы табыс
мың тг
89217
180756
91539
202,6
4
Кезең шығындары
мың тг
42636
120771
78135
283,3
5
Негізгі қызметтен түскен табыс
мың тг
46581
59985
13404
128,8
6
Негізгі емес қызметтен түскен табыс
мың тг
1296
1353
57
104,4
7
Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс
мың тг
47877
61338
13461
128,1
8
Таза табыс
мың тг
28605
41348
12743
144,5
9
Өткізілген өнімнің теңгесіне келетін шығындар
1- тг
0,9
0,9
0
100
10
Өнім рентабельдігі
%
6,2
5,6
-0,6
-
11
Сату рентабельдігі
%
5,6
5,2
-0,4
-
12
Өндіріс рентабельдігі
%
1,9
2,2
0,3
-
13
Негізгі қордың орташа жылдық құны
мың тг
575172
640508
65336
111,4
14
Қор қайтарымдылығы
тг
0,9
1,2
0,3
133,3
15
Қор сиымдылығы
тг
1,13
0,8
-0,33
70,8
16
Айналым құралдарының орташа жылдық құны
мың тг
962867
1198709

235842

124,5

Кестені қарастырсақ 2 жылдағы мәліметтер арасында біршама айырмашылықтар байқаймыз. Енді сол өзгерістерді анықтап талдап көрейік.

1-көрсеткіш - өткізілген өнімнен түскен табыс 2004 жылы 511078 мың теңгені құраса, 2005 жылы 795512 мың теңгеге көтерілді. Оның себебі 2005 жылы нарыққа жаңа тауарлар шығарылды, өнім сапасы жақсарды.

2-көрсеткіш - өткізілген өнімнің өзіндік құны базалық жылда 421861 мың теңге болса, 2005 жылы 614756мың теңгеге дейін көтерілді. Бұның себебі 2005 жылы кейбір шикізатқа шығын көбейді.

3-көрсеткіш - жалпы табыс 2004 жылы 89217мың теңге болса, 2005 жылы 180756 мың теңге өсті, себебі өнім өткізуден түскен түсім де өскен.

4-көрсеткіш - кезең шығындары ағымды жылы базалық жылға қарағанда 78135 өсті, себебі 2005 жылы жалпы және әкімшілік шығындары көбейді, жоғарыда атап өткендей өнім сапасының жақсаруының себебі болып табылатын кадрлар біліктілігі жоғарылады, ал жоғары білімді, тәжірибелі мамандар еңбек ақысы жоғары болады.

5-көрсеткіш - негізгі қызметтен түскен табыс 2004 жылы 46581 мың теңге болса, 2005 жылы 59985 мың теңгеге өсті, бұл өсу жалпы табыстың есебінен болып отыр.

6-көрсеткіш - негізгі емес қызметтен түскен табыс 2004 жылы 1296 мың теңге болса, 2005 жылы 1353 мың теңге, екі жылдағы ауытқу 57 мыңға тең.

7-көрсеткіш - салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс 2004 жылы 47877 мың теңге болса, 2005 жылы 61338 мың теңгеге өсті, себебі негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс өсті.

8-көрсеткіш - таза табыс 2004 жылы 28605 мың теңге болса, 2005 жылы 41348 мың теңгеге өсті, өнімді өткізуде түскен табыс өсті.

9-көрсеткіш - өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығындар 2004 жылығы 0,9 теңге болған қалпында қалған.

10-көрсеткіш - өнім рентабельділігі 2004 жылы 6,2 пайыз болса, 2005 жылы 5,6 пайызға төмендеген.

11-көрсеткіш - сату рентабельділігі 2004 жылы 5,6 пайыз болса, 2005 жылы 5,2 пайыз болған.

12-көрсеткіш - өндіріс рентебельділігі 2004 жылы 1,9 пайыз болса, 2005 жылы 2,2 пайызға артқан.

13-көрсеткіш - негізгі қордың орташа жылдық құны 2004 жылы 575172 мың теңге болса, 2005 жылы 640508 мың теңгеге өсті, себебі осы жылы кәсіпорын жаңа техникамен қаруланды.

14-көрсеткіш - қор қайтарымдылығы 2004 жылы 0,9 теңге болса, 2005 жылы 1,2 теңгеге өсті.

15-көрсеткіш - қор сиымдылығы 2004 жылы 1,13 теңге болса, 2005 жылы 0,8 теңгеге төмендеді. Бұл көрсеткішке негізгі қорлардың орташа құны мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР
Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары
Сыртқы реттелмейтін тәуекелді басқару
Коммерциялық тауекел жіктелуі
Банк тәуекелдері туралы
Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару
Қаржы тәуекелдерін басқару
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Пәндер