Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жағдайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

\\10.24.29.221\Desktops\Ibrayeva_a.hbsh\Desktop\44618_html_m5bd2ed93.jpg

«Петропавл қаласындағы

Химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі»

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»

Дербес білім беру ұйымының филиалы

Қазақстан тарихы

(Қазіргі әлемдегі Қазақстан)

Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:

ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫ, ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Тақырып: «Мемлекеттік тілдің Қазақстан аумағында төмен рөлге ие болуының себептері қандай?»

( сөз)

Орындаған: Төлеген Дильназ

Жетекші: Бегалина Дильбар Бостандыковна

Ішкі модератор:

Петропавл, 2022 жыл

  1. Кіріспе

Зерттеу жобасының өзектілігі: «Қазақстан - 2050» жобасына сәйкес, қазақ тілі 2025

жылға қарай өмірідің барлық саласында үстемдік етіп, қатынас тіліне айналуына тиісті. Алайда, 2023 жылдың басында да қазақ тілі мәселесі өзекті тақырыптардың бірі болып, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілінің қолданыс аясы әлі де аз екені байқалады.

Бұл мәселе зерттеуді қажет етеді, себебі мемлекеттік тілдің жағдайы мәдени мұра мен жалпы ұлттық бірегейлікке кері әсерін тигізіп, тіпті осылардың жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін. Қажетті нәтижеге жету үшін бағдарламалардың тиімділігін қарастырып, ана тілін дамытатын жаңа мүмкіндіктер қарастыру керек.

WorldData. info мәліметіне сәйкес Қазақстанда тұратын адамдардың 64% қазақ тілін

қолданады[1] . Әлемнің дамыған елдерімен салыстырар болсақ, Жапонияның 99% ана тілін қолданса[2], Францияның 94% халқы француз тілінде сөйлеседі екен[3] . Бұл деректер дамығын елдердің қатарына қосылуды мақсат еткен Қазақстанның қазақ тілімен байланысты бірталай мәселелері бар екенің айқындайды. Стандарттау және бірегейлікті, әлем бойынша ағылшын тілін таратуды көздейтін жаһандану заманында, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тілдің ұлттық бірегейлікті сақтаудағы қауқарсыздығы көрінеді. Танымал америкалық психолог Натали Роджерстің «UNM Newsroom» сайтында жарияланған мақаласында, «Тіл жоғалса, сол мәдениеттің бір бөлігі жоғалады. Сол өлшеммен тіл сақталғанда салт-дәстүр, әдет-ғұрып оны түсінген жанның жүрегінде, санасында өмір сүре береді» делінген[4] . Сонымен қатар, ҚР Мәжәліс депутаты Оразкүл Асанғазының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында «Өрке­ниет­ті әлем бірнеше тілде сөй­ле­й­ді, бі­рақ өркениетті әлем­іңіз ал­ды­­­мен өзінің тілін құрмет­тей­ді. Құр­­меттері біздікі сияқты дек­­ла­­ра­тивті түрде емес, нақ­ты қол­­данылуында. Яғни тіл­дің ең басты шарты - оны қол­дану» деген[5] . Яғни, ұлттық кодты сақтай отырып, нағыз өркениетті елдер қатарына ену үшін, қазақстандықтардың өз тілдерін күнделікті өмірде қолдануы шарт. Жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтер мен сарапшылардың ой-пікірлері, ҚР аумағында ұлттық бірегейлікті сақтаудағы тілдің рөлі өзекті екенін көрсетеді.

Жобаның мақсаты: мемлекеттік тіл деңгейінің төмендігінің себептерін анықтау, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтаудағы ұлттық-мәдени бағдарламалардың тиімділігін бағалап, мәселеге қатысты шешу жолдарын ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Зерттеу мәселесі бойынша деректер жинау;
  • Жиналған деректерді өңдеу;
  • Сауалнама және интервью сияқты зерттеу әдістерін пайдаланып, мәселені шешу жолдарын анықтау;
  • Жұмыс нәтижелерін қорытындылау және зерттеу сұрағына жауаптар дайындау.

Зерттеу сұрақтары:

  1. Қазақстанның мемлекеттік тіл деңгейінің төмен болуына қандай себептер әсер етеді?
  2. Ұлттық - мәдени мұраны сақтауға, соның ішінде мемлекеттік тілді көтермелеуге бағытталған бағдарламалар қаншалықты тиімді?
  3. Тіл деңгейінің қолданыс аясын көтеру арқылы ұлттық кодты сақтауға бағытталған қандай шаралар қолдануға болады?
  1. Негізгі бөлім. Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жағдайы.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. ҚР 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңына сәйкес, Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады[6] .

Де-юре тұрғысынан ерекше мәртебеге ие қазақ тілі, де-факто қағаз жүзінде ғана өзгеше «статусқа» иеленіп, әлі күнге дейін орыс тілінің көлеңкесінде екенің аңғарамыз.

Сот әділқазысы Мейрамбек Ибрашевтің айтуынша, барлық елдерде мемлекеттік тілді білу заң арқылы міндеттелген. Ал, біздің «Тіл туралы» заңымызда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп көрсетілген. Яғни, мемлекеттік тілді меңгеру тек «парыз» ғана[7] .

Пайдалынылған әдебиеттер:

  1. https://www. worlddata. info/languages/kazakh. php#:~:text=Kazakh%20speaking%20countries&text=A%20total%20of%20about%2014. 2, Kazakh%20as%20their%20mother%20tongue.
  2. https://www. worlddata. info/languages/japanese. php
  3. https://www. worlddata. info/languages/french. php
  4. http://news. unm. edu/news/saving-a-language-preserving-a-culture#:~:text=Written%20and%20spoken%20words%20are, of%20those%20who%20understand%20it.
  5. https://tilalemi. kz/article/1229-. html
  6. https://online. zakon. kz/Document/?doc_id=1008034&pos=85; -50#pos=85; -50
  7. https://www. zakon. kz/4994653-aza-t-l-n-memlekett-k-t-l-ret-ndeg-r-l. html
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік тіл саясаты
Телерадио саласындағы тілдік сәйкестіліктің көрінісі: социолингвистикалық талдау
Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау
Тілдік жағдаяттың бірнеше типологиялық түрі
Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі
Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу
Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz