ТҮРКІСТАН ҚАЛА ҚҰРЛЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Әл фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факултеті
География, жерге орналастыру, кадастр кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Түркістан қаласын жобалау және салу ерекшеліктері
Орындаған: Абенова А.Б.
Қабылдаған: Кенеспаева Л.Б
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.1. САЯСИ ГЕОГРФИЯ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ...4
2.2. ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ САЯСИ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ... ... ... ... 9
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
I.КІРІСПЕ
Түркістан қаласы - Түркістан облысының әкімшілік орталығы, республикалық маңызы бар Шымкент қаласынан 165 шақырым қашықтықта орналасқан және Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі болып табылады. Түркістан қаласы Қазақстанның оңтүстік облыстарын батыс және шығыс өңірлермен байланыстыратын республикалық маңызы бар автомобиль және теміржол магистральдарында орналасқан. Дін мен мәдениеттің тарихи ескерткіштері Түркістан қаласында да, оның маңында да орналасқан.
Қаланың басты мақтанышы - ежелгі Түркістанның қорғалатын аймағымен қаланың тарихи ошағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. 2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен Түркістан 1500 жылдығын әлемдік деңгейде атап өтті, 2003 жылы Қожа Ахмет Яссауи мұражайы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді, 2017 жылы Түркі мәдениеті халықаралық ұйымына (ТҮРКСОЙ) мүше елдердің мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы болып белгіленді.
Түркістан қаласы Ұлы Жібек жолында пайда болған және шығыс пен батыс арасындағы сауда жолдарында тиімді орналасқан қалалардың бірі болып табылады. Түркістанның қала ретіндегі алғашқы деректері XV ғасырда пайда болған. Түркістан қаласы Жоңғар тауларынан Жетісу мен Сырдария маңындағы дала арқылы Арал теңізіне дейін созылып жатқан ежелгі Қазақстан қалалары алқасындағы ірі інжу-маржаны болып табылады.
Құрылыс индустриясы - бұл сала таяудағы жылдары былайша дамиды: қалада бірнеше жүздеген тұрғын үй кешені мен үйлер, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық объектілер, сауда кешендері, саябақтар мен гүлзарлар, инженерлік инфрақұрылым мен жолдар салу жоспарлануда. Мұндай құрылыс көлемі жергілікті құрылыс материалдарына сұраныстың бірнеше есе өсуіне алып келеді. Құрылыс индустриясының неғұрлым перспективалы бағыттары: сусымалы құрылыс материалдарының (құм, қиыршық тас, құм-қиыршық тас қоспасы, топырақ) өндірісі, тауарлық бетон, бетон және темір-бетон бұйымдары, кірпіш, көбік және газ бетоны, жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі, терезе, есік, жиһаз өндірісі болады
Болашақта Түркістан қаласында және Түркістан облысында туристерге тартымды мәдени-танымдық объектілерді дамыту ұсынылады: этно-мәдени кешен, тарихи-мәдени музей және Отырар алқабының археологиялық ескерткіштер саябағын құру. "Зияратшылар ауылы", қонақ үйлер, меймандостық индустриясы, халық кәсіпшілігі мен қол өнер мектебі, тарих-мәдени кешендер салынатын болады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту, халықтың білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге және инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілеріне қажеттілігін қанағаттандыру халықтың тұрмыс сапасын жақсартудың және Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары болады.
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.ТҮРКІСТАН ҚАЛА ҚҰРЛЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Түркістан қаласы барлық бағыттар бойынша бір қабатты үй-жай құрылыстары бар тұрғын үйден түзілген, қоныстану аумағы бойынша айтарлықтай ірі қоныс.
Түркістан қаласының негізгі жоспарлау қаңқасы оны шығысында Шымкент мегаполисімен, батысында Қызылорда қаласымен және өңірдің басқа да қоныстарымен байланыстыратын басты автокөлік магистральдары болып табылады. Сондай-ақ қаланың жоспарлау құрылымында қала аумағы арқылы өтетін теміржол және жасанды су құрылысы - Арыс-Түркістан арнасы маңызды орын алады.
Түркістан қаласының тарихи және игерілген бөлігі "Түркістан - Кентау", "Қызылорда - Шымкент" темір жолының бойында және "Самара - Шымкент" автомобиль жолының бойында орналасқан.
Тарихи-әкімшілік орталық Түркістан қаласының жоспарлы құрылымындағы басты элемент болып табылады. Қаланың тарихи бөлігінің негізі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, оның күзет аймағы және оған іргелес қоғамдық-әкімшілік орталығы болып табылады.
Оңтүстік-шығыс бағытта Тәуке хан даңғылының және Б.Саттарханов даңғылының бойымен қаланың жаңа бөлігін қалыптастыру басталды. Бұл ең алдымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне байланысты. Түркістан қаласын дамытудың осы бағыты халықаралық маңызы бар ғылыми-білім беру орталығы ретінде оның мәртебесін кеңейтуді білдіреді.
Тұрғын үй массивтерінің жоспарлы құрылымы көше-жол желісінің саралануы нашар бір қабатты тұрғын үйлер салатын тұрақты сипаттағы тік бұрышты орамдар жүйесін білдіреді. Тұрғын үй құрылысына арналған бос аумақтарды игеру оңтүстік-батыс және оңтүстік бағыттарда басталды.
Қазіргі уақытта барлық бағыттар бойынша бос аумақтарда құрылыс басталды, оларды игеру біркелкі емес, кезексіз жүргізіледі. Іргелес аумақтарды қарқынды игеру нәтижесінде қала Ортақ, Иасы, Ыждыхад, Бірлік елді мекендерімен қосылады. Сонымен қатар, қаланың тартымдылығына байланысты сыртқы халықтың ағыны да қаланың аумақтық дамуына ықпал етті.
Түркістан қаласының ғасырлар бойы қалыптасқан жоспарлы құрылымы, ішіндегі көлік қозғалысы мен инженерлік коммуникациялар желісі, тарихи маңызы бар объектілер мен аймақтар оның сақталуға және сабақтас дамытылуға тиіс негізгі қала құрылысы құрамдастары мен тарихи құндылығы болып табылады.
Түркістан қаласының негізгі орталығы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ежелгі қала орналасқан аудан болып табылады. Аумақтың бұл бөлігі Түркістан қаласының қазіргі заманғы жоспарлау құрылымындағы басымдық берілген элемент болып табылады, қаланың барлық көлік магистральдары сол жерде тоғысады.
Жобалық шешімдер: Түркістан қаласының Бас жоспарының жобалық шешімдерінің негізі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 9 қыркүйектегі №762 Жарлығымен бекітілген Түркістан қаласын Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасы болып табылады:
1) экологиялық (жасыл) қала (Green Сity);
2) эстетикалық тартымды қала;
3) ақылды қала (Smart City);
4) қауіпсіз қала;
5) тұрақты (өмірлік) қала (Resilience Сity);
6) жаһандық (әлемдік) қала (Global Сity).
Түркістан қаласының аумағын перспективалық сәулеттік - жоспарлауды ұйымдастыру қалыптасқан функционалдық-жоспарлау құрылымын, аумақтың кешенді қала құрылысын бағалауды, қалыптасқан көлік-жоспарлау қаңқасы мен табиғи-климаттық жағдайды ескере отырып орындалған. Түркістан қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар қалыптасқан және ұсынылатын қала құрылысы тораптары, сондай-ақ қазіргі заманғы сәулет үрдістері негізінде әзірленген.
Сәулеттік-жоспарлау құрылымы тарихи сабақтастық, радиалды-айналмалы жоспарлауды жетілдіру және қоныстандырудың өңірлік, ұлттық және мемлекетаралық жүйелерінің барлық бағыттарында қалалық және сыртқы жоспарлау қаңқаларын өзара байланысты дамыту негізінде орындалған. Қала аумағын дамытудың жалпы ауданы есептік мерзімге 22 370 гектарды құрайды, халық саны 350 мың адам, болжамды кезеңге (2050 ж.) халық 500,0 мың адамға жетеді.
Түркістан қаласын дамыту әуежай аумағын қала шекарасына енгізе отырып, шығыс бағытта қалыптасқан құрылыстың айналасында біркелкі көзделген.
Жоспарлау құрылымының негізгі элементі - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Қоғамдық-іскерлік аймақты қалыптастыратын тарихи-әкімшілік орталық жоспарлау құрылымындағы негізгі композициялық элемент болып табылады, мұнда қаланың басты композициялық осьтері болып табылатын барлық көлік магистральдары жинақталады. Орталық ядроның айналасында бұқаралық қысқа мерзімді және ұзақ демалатын мекемелер мен объектілер, туристер мен зиярат етушілер баратын объектілер: қонақүйлер, мотельдер, дәмханалар, мейрамханалар, базарлар, әкімшілік мекемелер, сондай-ақ ашық автотұрақтар орналасқан.
Болашақта Түркістан қаласын негізгі аумақтық игеру қаланың шығыс бөлігіндегі құрылыстан бос аумақтарда белгіленеді. Тұрғын аудандары жалпы қалалық және аудан орталықтарымен, теміржол вокзалымен және екі автовокзалмен, саябақтармен және өнеркәсіптік аудандармен магистральды көшелер арқылы байланысқан. Бас жоспарда халықтың әлеуметтік қорғалатын топтары үшін тұрғын үй қорын салу көзделеді. Бұл қымбат емес технологияларды қолдана отырып салынған, Қазақстан Республикасының заңдарымен кепілдік берілген тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейіне бағдарланған пәтерлері бар орта қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер болады.
Жаңадан салынып жатқан аумақтарда сәулеттік-жоспарлау композициясының үй-жайларынан шығыс бағытта "Түркістан - Шымкент" магистралінің бойымен жаңа әкімшілік-іскерлік орталық қалыптастыру көзделіп отыр. Түркістан қаласының осы бөлігіндегі ғимараттардың қабаттылығы 4-тен 7 - қабатқа дейін және 18 - 22 қабатқа дейін әр қилы болады. Орталық аймағында жаңа, іс-шаралар, сауда, мәдени-білім беру, спорт, демалыс және басқа да кешендер салу жоспарлануда. Түркістан қаласы бойынша жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтан басқа әкімшілік-шаруашылық, мәдени және сауда орталықтары орналасатын болады.
Түркістан қаласының айтарлықтай өсуі "полиорталық" жүйесін қамтамасыз ете отырып, магистральға кіретін аумақтардың дамуымен қатар жүреді. Полиорталықты қаланы қалыптастыру қаланың жоспарланған алты ауданының әрқайсысында және әрбір қоғамдық орталықта жайлы тұрғын үй жағдайларын, жұмыс істеу, білім алу және демалу үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді:
I. Орталық жоспарлы аудан - 1 426 гектар;
II. Солтүстік жоспарлы аудан - 3 703 гектар;
III. Шығыс жоспарлы аудан - 5 233 гектар;
IV. Оңтүстік жоспарлы аудан - 4 100 гектар;
V. Солтүстік-батыс жоспарлы аудан - 4 400 гектар;
VI. Оңтүстік-батыс жоспарлы аудан - 3 508 гектар.
Түркістан қаласының құрылысын салу кезінде қала орталығында орналасқан өнеркәсіптік аймақтардың болуы ең маңызды болып саналады. Ұсынылған өнеркәсіптік аумақтарды қайта жаңарту неғұрлым қолайлы қала ортасын құруға, әлеуметтік инфрақұрылымды және ыңғайлы қоғамдық кеңістікті дамытуға мүмкіндік береді. Қолданыстағы өндірістік аумақтар Түркістан қаласының батыс бөлігіндегі жобаланып отырған өнеркәсіптік аймақта ауданы жағынан ұқсас аумақты ұсына отырып, функционалдық мақсатын тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерге өзгертеді.
2. Қала құрылысын аймақтарға бөлу
Аумақты функционалдық аймақтарға бөлу өнеркәсіптік, қоныстану және рекреациялық аумақтардың қалыптасқан орналасуын көздейді. Ғасырлар бойы қалыптасқан Түркістан қаласының жоспарлы құрылымы, қала ішіндегі көлік қозғалысы мен инженерлік коммуникациялар желісі, тарихи маңызы бар объектілер мен аймақтар да, сақталуға және сабақтас дамытылуға тиіс негізгі қала құрылысы құрамдастары әрі тарихи құндылығы болып табылады.
Түркістан қаласының аумағы инженерлік-геологиялық жағдайлар мен желдердің соғысын ескере отырып, аумақты шаруашылық игеру нәтижесінде тарихи қалыптасқан функционалдық аймақтарға нақты бөлінген. Түркістан қаласының аумағы алты негізгі функционалдық аймаққа бөлінді:
1) қоныстану (тұрғын, қоғамдық-іскерлік аймақтарымен:);
2) қорғау аймақтары бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің аймағы;
3) өнеркәсіптік-коммуналдық аймақ;
4) рекреациялық аймақ;
5) сыртқы көлік аймағы;
6) арнайы мақсаттағы аймақ.
Қала аумағын қала құрылысы аймақтарына бөлу қала аумақтарын өзара байланысты ретке келтіре отырып, толыққанды қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған.
2.2.ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түркістан қаласының бас жоспарының тұжырымдамасында қазіргі заманғы қала құрылысын дамыту нұсқалары ұсынылған. Қаланы аумақтық дамыту аумақты кешенді қала құрылысы тұрғысынан бағалауға негізделген. Қаланы аумақтық дамытудың негізгі бағытын айқындау үшін табиғи-экономикалық, инженерлік-геологиялық, сәулет-жоспарлау жағдайларына талдау жүргізілді. Аумақта қала құрылысын бағалау төменде қарастырылған факторлардың жиынтығы бойынша жүргізілді:
жер бедері - еңіске байланысты аумақты ұтымды пайдалану;
гидрология - жерасты сулардың жатқан деңгейі;
топырақ - топырақтың тірек қабілеті;
жыралы болу - жаңбыр және еріген қар суларының уақытша арнамен ағуы салдарынан жер бедері бұзылған аумақтардың болуы;
құрғақшылық, аңызақ - климаттық ерекшеліктегі неғұрлым бейім аумақтарды анықтау;
су басуға бейім аумақтар;
суармалы жерлердің болуы;
басқа ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы;
көгалдандыру;
жолдар және басқа факторлар.
Бұл жобада қаланы аумақтық дамытудың төрт нұсқасы қарастырылған. Барлық нұсқаларда есептік және болжамдық мерзімге арналған өзгермейтін деректер қабылданған, бұл - тұрғын үй құрылыс салу көлеміне негіз болатын халық саны, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қатысты биіктікпен шектелетін құрылыстың қабаттылығы
Нұсқалар есептік және болжамдық кезеңдерге қоныстану жүйесінің бағыттары бойынша аумақтық дамуымен, жалпы қалалық орталықты, полиорталықтарды орналастыру орындарымен, қаланың перспективадағы шекарасын айқындаумен, аумақтарды игерумен ерекшеленеді (осы Тұжырымдамаға 8-қосымша).
Аумақты кешенді қала құрылысы-экологиялық бағалау алдыңғы бас жоспардың БЖ-2 материалдарына, сондай-ақ қалыптасқан жағдайға негізделген.
Қарастырылған нұсқалардың ішінен Тұжырымдаманың қала құрылысын бағалау талаптарына сай келетін қаланың экстенсивті даму бағыты таңдалды (осы Тұжырымдамаға 10-қосымша).
Қаланың оңтүстік бөлігін қоспағанда, оны қалыптасқан құрылыстың айналасында бірқалыпты дамыту көзделеді, мұнда инженерлік-іздестіру жұмыстарына сәйкес жерасты суларының деңгейі жоғары, жер бетінен 2,5 - 2,8 метр тереңдікте. Перспективада аумақта Кентау қаласына қарай құрылыс салу көзделіп отыр.
4.1 Қаланы сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыру
Қала аумағын жобалық сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыру қаланың қалыптасқан функционалдық-жоспарлық құрылымын ескере отырып орындалған және аумақты кешенді бағалау мен қалыптасқан көліктік-жоспарлау каркасының негізінде әзірленген (осы Тұжырымдамаға 12-қосымша).
Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар табиғи-климаттық ерекшеліктерді, қалыптасқан және ұсынылатын қала құрылысы тораптарын, заманауи сәулет үрдістерін ескере отырып әзірленген.
Тұжырымдама жобасының негізгі мақсаты жоспарлау құрылымының барлық элементтерін теңгерімді әрі өзара байланысты дамытып, ұтымды функционалдық аймақтарға бөліп, тарихи, қоныстану, өнеркәсіптік және рекреациялық аймақтарды орналастырып, тіршілік етудің қолайлы ортасын құру болып табылады (осы Тұжырымдамаға 7-қосымша).
Қалалық кеңістіктің ұйымдастырушылық негізі қала аумағының табиғи-ландшафтық және урбандалған каркасы болып табылады.Сәулет-жоспарлау құрылымы тарихи сабақтастық, қаланы радиалды-айналма жоспарлауды жетілдіру әрі өңірлік, ұлттық және мемлекетаралық қоныстандыру жүйелерінің барлық бағыттарында қалалық және сыртқы жоспарлау каркастарын өзара байланыстыра отырып дамыту негізінде құрылған.
Урбандалған каркас тарихи өзегімен, әкімшілік-іскерлік орталықпен, көлік магистральдарымен, басты көшелермен, полиорталықтармен, қала құрылысы тораптарымен және магистраль маңындағы аумақтармен қалыптасады.
Қаланың тұжырымдамалық дамуының таңдалған нұсқасы перспективада әуежай аумағын, таяу орналасқан "Қазақстанға 30 жыл", Ескіиқан, Қосмезгіл, Қарашық, Ұранғай, Бостандық, Еңбекшідихан, Теке, Шорнақ ауылдарын қала шекарасына қосып, қаланың қалыптасқан бөлігінің айналасында солтүстік бағытта бірқалыпты дамытуды көздейді.
Қаланың тарихи өзегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен оған іргелес жатқан аумақтың тарихи жоспарлануын регенерациялау мен қайта жаңғыртуды көздейтін қорғау аймағы урбандалған каркастың басты құрылымдық элементі болып табылады. Тарихи орталықтың қоғамдық маңызын сәулет ескерткіштерінде ғылыми негізделген реставрациялау жұмыстарын жүргізу, жоспарлау мен құрылыс салудың морфологиялық негіздерін қалпына келтіру, тарихи абаттандыру мен ландшафтың жойылған элементтерін орнына келтіру арқылы арттыру көзделініп отыр.
Жоспарлау құрылымның негізгі қағидаты қаланың барлық тұсынан көрінуге тиіс Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады.
Бірінші айналмамен шектелетін алаңы 88 га аумақ - ежелгі Түркістанның тарихи орталығы, қорғалатын аймақ, әлемдік мұра - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі объектісінің буфер аймағы мен орта ғасырлық Түркістан қаласында құрылыс салуды реттеу аймағын - тарихи өзекті регенерациялау көзделеді (осы Тұжырымдамаға 13-қосымша).
Екінші айналма (К-2) Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің айналасында қалыптасқан ашық ландшафт кеңістігін көлік-жол желісі құрылымын жоспарлауды сақтай отырып дамытуды көздейді. Бұл аумақ бұлақ (бұрынғы "Қазына" өзеннің) арнасында "тарихи-тақырыптық парктің" парк аймағымен біріктіріледі. Бұл қала орталығының өзегіне ірі табиғи элементті енгізуге, қаланың шолу нүктелерінен тарихи ескерткіштің көрінуін жақсартуға мүмкіндік береді. Жерасты кеңістігін тиімді пайдалану, туристік тартымдылығын күшейту, сондай-ақ туристік кешен құру үшін кесене көрінетін нүктелер шегінде жерасты кеңістігін пайдалану көзделген. Жерасты кеңістігі мешітті, сауда орталығын, қонақүйлерді орналастыру үшін пайдаланылады. Бірінші және екінші айналманың ішіндегі қала құраушы ерекшеліктер қала бейнесінің туристік, әлеуметтік-мәдени бірегейлігін айқындайды, осыған байланысты тарихи құндылығы жоқ ескі тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстарды мақсатты түрде алып тастау қажеттілігі туындап отыр.
Алғашқы екі айналма ішіндегі аумақтарда жеке автокөлікпен қозғалуға болмайды. Халыққа қоғамдық көліктің баламалы түрлерінде (электрокарлар, пилотсыз автобус-такси, арқанды метро және басқа) жүру ұсынылады.
Үшінші айналманың (К-3) ішіндегі аумақ жоспарлау құрылымдарын барынша азайтып сақтай отырып тұрғын үй құрылысын көздейді.
Қаланың одан кейінгі құрылымы аумақтарды есептік және болжамды мерзімдерге аумақты біртіндеп игере отырып, сондай-ақ перспективада аумақтарды резервке қоя отырып, қазіргі тұрғын үй құрылысын сақтауды көздейді. Құрылыс салу биіктігінің қағидаты мынадай түрде қалыптасады: ғимараттар мен құрылыстардың қабаттылығы қаланың орталық бөлігінен бастап шеткі аймақтарына (шекарасына) қарай көтеріле береді.
Қаланың мынадай өсу бағыттары бар:
Түркістан - Шымкент;
Түркістан - Кентау;
Түркістан - Қызылорда;
Түркістан - Балтакөл;
Түркістан - Шәуілдір, мұнда қаланың тарихи өзегіне келіп түйісетін негізгі кіру магистральдары құралады. Әрбір кіру магистралі қала құрылысы тораптары бар магистраль жанындағы аумақтардың дамуын көздейді.
Тұжырымдамада Түркістан - Шымкент магистралінің бойында қаланың сәулет-жоспарлау композициясының доминантасынан шығыс бағытта жаңа әкімшілік-іскерлік орталықты қалыптастыру белгіленеді. Бұл аумақта облыстық қызметтер үшін әкімшілік ғимараттар кешенін, бизнес-орталықтар, жеке компаниялар, кеңселер мен банктер, автовокзал және т.б. орналастыру көзделген. Орталық аймақта жаңа, іскерлік, сауда, спорт, мәдени-білім беру, демалыс және басқа кешендердің құрылысын салу ұсынылады (осы Тұжырымдамаға 15-қосымша).
Қаланың одан әрі өсуі "полиорталық" жүйесін қамтамасыз ете отырып, магистраль жанындағы кіреберіс аумақтарды дамытумен сүйемелденеді.
Полиорталықты қала қалыптастыруда табысқа жетудің кепілі - қаланың әрбір ауданында жұмыс істеуге, білім алуға және демалуға қолайлы тұрғын үй жағдайларын және тиісті мүмкіндіктерді жасау болып табылады.
Қаланың әрбір магистраль жанындағы ауданында бес қоғамдық орталық құру жоспарланған (осы Тұжырымдамаға 11-қосымша).
Айналмалы транзиттік магистральдің оңтүстігіне, Түркістан-Шәуілдір трассасының шығысына қарай Түркі спорты ойындарының олимпиада орталығы орналасады. Қаладағы жаңа құрылыстың сәулет стилі де жергілікті ұлттық салт-дәстүрге сүйенетін болады.
4.2 Қаланың тарихи орталығы
Түркістан қаласының тарихи өзегін регенерациялау қорғалатын екі кіші аумақты: әлемдік мұра объектісі - Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жалпы алаңы 88 га буфер аймағын және орта ғасырдағы Түркістан қаласының құрылысын реттеу аймағын қозғайды.
Кешеннің тарихи қоршаған ортасын қалпына келтіру кешеннің рухани құрамдас бөлігін және ескерткіштің табиғи ландшафын ашатын, функционалдық байланыстардың нығаюына археологиялық паркті - ерте кездегі орта ғасырлық археологиялық мұраны құруға ықпал етеді. Мемлекеттің рухани және саяси орталығы ретіндегі қаланың рөлін көрсететін көрмеге қойылатын объектілердің шеңбері кеңейеді. Қалашықты музейлендіру және абаттандыру Қазақстанның өткені туралы ғылыми-тарихи білімді дәріптеуге жағдай жасай отырып, қаланың туристік тартымдылығын қамтамасыз етеді. Тарихи тұрғын орамның бейнесін жоспарланған құрылымдарымен, көлемдік-кеңістіктегі шешімдерімен және функционалдық құрамдас бөлікпен реконструкциялау буфер аймағының Түркістан қаласының заманауи құрылымымен үйлесімді болуын қамтамасыз етеді (осы Тұжырымдамаға 14-қосымша).
Ескі Түркістан қорғанының қабырғалары артындағы Қожа Ахмет Яссауи ханакасының кіреберіс аймағының тарихи топографиясын реконструкциялау және реставрациялау көзделеді. Археологиялық парк аймағындағы ерте кезеңдегі мәдени топтарды табу мен музейлендіру мақсатында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен батысқа қарай археологиялық қазбаларды жүргізу жоспарлануда, ішкі қорған қабырғаларын ішінара реконструкциялай және туристік инфрақұрылымға бейімдей отырып, солтүстік пен шығыс учаскелерді зерттеу, сақтау және музейлендіру, реставрациялау болжанып отыр. Қабырғалардың биіктігі қорық аумағындағы ескерткіштерге үйлеспейтін объектілердің әсерін жұмсарту үшін ауыспалы болады.
Дарбаза-қақпаның солтүстік бөлігіндегі жойылған қала орамын тарихи реконструкциялау, 1970-1980 жылдардағы абаттандыру жұмыстарының барысында жойылған Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан бергі орта ғасырлық орамдарды регенерациялау жоспарланған. Көше желісінің жоспарлау құрылымы мен көлемдік-кеңістіктегі шешім тарихи карталар бойынша, көне тұрғын үй құрылыстарын және Түркістан қаласында ХХ ғасырдың басынан сақталып қалған тұрғын үйлерді археологиялық зерттеулердің материалдары бойынша қалпына келтірілуде.
Орта ғасырлық жоспарлау құрылымында сақталып қалған, дуалдардың саңылаусыз қабырғаларының бойымен өтетін тар қисық көшелері бар тұрғын құрылыс орамын қалпына келтіру орта ғасырлық шығыстың бейнесін көрсетеді. Реконструкциялаудың функционалдық мазмұнын тарихи-мәдени бағыт деп белгілеуге болады. Басты мақсат - түркі халықтарының тұрғынжайының қалалық үлгілерін жасау және алуан түрлілігін көрсету. Түркі халықтарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz