Аустралияның табиғат зоналары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Әл фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факултеті
География, жерге орналастыру, кадастр кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Материктердегі географиялық зоналалықтың планетарлық моделін талдау.

Орындаған: Абенова.А.Б
Тексерген: Дүйсенбаев.С.М.

ЖОСПАРЫ:

1.Кіріспе
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Африканың табиғағат зоналары
2.2.Аустралияның табиғат зоналары
2.3.Оңтүстік американың табиғат зоналары
2.4.Солтүстік американың табиғат зоналары
2.5.Еуразияның табиғат зоналары
3.Қорытынды
3.1.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Кіріспе

Жер шарының табиғат кешендері алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Аптапты ыстық шөлдер мен мүз құрсауында жатқан аудандар, мәңгі жасыл ормандар мен ми батпақтар, таңғажайыптаулар мен үшы-қиырсыз кең жазықтар, көкжиекпен үласқан ашық мүхит айдындары ғаламшар табиғатының қайталанбас бейнесін жасайды.
Материктер мен мүхиттардағы табиғат кешендерін қүрайтын табиғат компоненттері экватордан полюстерге қарай географиялық зоналылық заңдылығына сәйкес өзгереді. Жер бетінде Күн жылуының әркелкі таралуынан экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес, сондай-ақ жер бедеріне сыртқы күштердің эсер етуі, өзен мен көлдің ерекшеліктері, топырақ түзілу процестері, өсімдіктер, жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.
Құрлықтағы зонлылық климаттық жағдайына, яғни жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Мысалы, температурасы жоғары, бірақ ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады. Сырт көзге табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдіктің сипатына сәйкес келеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, шел, ылғалыд экваторлық ормандар және т.б. Егер зонаны құрайтын жекелеген табиғат компонеттерінің біреуі өзгерсе, ол ең алдымен зонаның өсімдік жамылғысына өз әсерін тигізеді.
Мұхиттарда да судың температурасы, тұздылығы, химиялық құрамы, тіршілік дүниесі экватордан полюстерге қарай өзгеретіндіктен зоналылық байқалады. Бірақ мұнда зоналар құрлықтағы тәрізді айқын ажыратылмайды. Олар географиялық орнына сәйкес, климаттық белдеулердің атымен аталады.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Африканың табиғағат зоналары

Африканың табиғат зоналары экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ендік бағытта ауысатын ылғалды экваторлық ормандар мен ауыспалы ылғалды ормандардан, саванналар мен сирек ормандардан, тропиктік шөл зонасы мен субтропиктік жерортатеңіздік ормандардан тұрады.
Ылгалды экваторлық ормандар Конго қазаншұңқыры мен Гви - нея шығанағы жағалауын алып жатыр. Бұл орман зонасы табиғат жағдайлары жөнінен Оңтүстік Америкадағы Амазония ормандарына ұқсайды. Биік ағаштар орманның ең жоғарғы қабатын қүрайды. Мүнда биіктігі 80 м-ге жететін алып фикустар, сейба ағфшы, майлы пальма мен шарап пальмасы рафия, емен және қауын ағашы өседі. Орманның банан, ағашы тәрізді папоротник, либерияль кофе ағашы, лианалардан түратын төменгі қабаты адам өте алмайтын қалың ну (джунгли) қүрайды. Жануарлар дүниесі бай, Амазония ормандарынан басты айырмашылығы мүнда жануарлар орманның төменгі қабатында да кездеседі. Ормандарда шошқа, ергежейлі бе - гемот, жираф тұқымдас окапи, ергежейлі антилопа, маймылдардан мартышка, шимпанзе, мандрил, павиан, адам тәріздес ең ірі горилла маймылы, жыртқыштардан қабылан, қауырсындары түрлі түсті, денелері ірі құстар мекендейді. Орманның барлық бөліктерінде топтанған жәндіктер көп, олардың кейбіреулері зиянды. Мысалы, термиттер жолындағы үйлер мен көпірлерді бұзып, зор шығын келтіреді. Ал шыбыны адамдар мен жануарларға үйқы ауруын жұқтырады.
Жергілікті халық ананас, кофе, какао, майлы пальма, жер жаңғағын өсіреді. Бағалы ағаштарды кесу, олардың орнын плантациялармен алмастыру орманды жерлердің кішіреюіне, топырақтың тозуына алып келді. Бүл өзгерістер өз кезегінде жануарлар мен өсімдіктердің түр қүрамының кедейленуіне себепші болуда. Ылғалды экваторлық ормандар жауын-шашынның азаюына байланысты біртіндеп ауыспалы ылғалды ормандарға, одан кейін саванналар мен сирек ормандарга ауысады.
Саванналар мен сирек ормандар Аф - рика жерінің 40% -на жуығын алып жатыр. Ешбір материкте саванналар мұдай үлкен аудандарды алып жатқан жоқ. Африка саванналары жалпы көрінісі, тіршілік дүниесінің құрамы мен құрылымы жағынан да басқа материктердегі саванналарға үқсамайды. Мүнда тығыз өскен биік шөптесін өсімдіктер арасында сирек ағаштар кездеседі. Саваннада топырақ-өсімдік жамылғысының таралуы жаңбырлы кезеңнің үзақтығы мен мөлшеріне тікелей байланысты. Жаңбырлы кезеңде саванна түрленіп, қызу тіршілік ортасына айналады. Ал қүрғақ кезең бас- талысымен-ақ өсімдіктер тез арада қурап, ағаштар жапырағын түеіреді. Бүл мезгілде саванна сүреңсіз сарғыш түске енеді.
Ылғалды кезең 8-9 айға созылып, жауын-шашын мол түсетін жерлерде қызыл ферралитті топырақтарда паркті саванналар таралған. Мүнда биіктігі 3 м-ге жететін піл шөбінің арасында алып баобабтар, дум пальмасы мен майлы пальма өседі. Ал Мадагаскар аралындагы саванналарда пальманың желпуіш тәрізді ерекше түрі - саяхатшылар ағашы кең таралған. Жаңбырлы кезең 6 айға дейін созылатын жерлердегі қызыл-қоңыр топырақ жамылғысында онша биік емес шөптерден тұратын нагыз саванналар тараған. Шөптердің арасында қолшатыр тәрізді акациялар өседі. Шөлейт зонасына жақындаған сайын жаңбыр өте аз, әрі 2-3 ай ғана түсетін жерлерге құрғақ саванналар тән. Мұнда сирек өскен қатты шөптесін өсімдіктердің арасында қүрғақшылыққа төзімді қатты тікенекті бүталар мен агаш тәрізді сүттігендер кездеседі. Сомали түбегінде жиі қайталанатын қүрғақшылық нәтижесінде ауыл шаруашылыгы дақылдарының өнімділігі төмендеп, адамдардың күнкөрісі нашарлайды. Аштықтың алдын алу үшін дүние жүзі елдері бұл аймақтың тұрғындарына жыл сайын қайырымдылық көмек береді.
Саванналарда шөптесін өсімдіктер ба - сым болғандықтан ірі түяқты жануарлар кең таралған. Мүнда тек бөкендердің (ан - тилопа) 40-тан аса түрі, зебра, ұзын мойын керіктер (жираф),буйволдар бар. Мадагаскарда шағын денелі маймылдардың ерекше тобын құрайтын лемурлардың 26 түрі мекендейді. Топталып тіршілік ететін Африкалыц сурикат кездеседі. Лемур мен саяхатшылар ағашы Мадагаскар аралының символы болып табылады. Саван - налар шөп қоректі ірі жануарлар Африка пілі, мүйізтцмсықтарымен және өзен-көл бойында тіршілік ететін бегемоттарымен де әйгілі. Бүл жануарлардың көпшілігі негізінен саваннада кең тараган жыртқыштарга қорек болады. Жыртқыштардан арыстан, гепард, қабылан, шиебөрі, қорқау қасқырлар кездеседі. Өзендерде қолтырауындар тіршілік етеді. Ніл қолтырауынының үзындыгы 5-6 м-ге жетеді. Африка саванналарында құстар өте көп. Мүнда жер бетіндегі ең ірі құс Африка түйеқұсы, жыландар мен кемірушілерді аулайтын ірі жыртқыш құс секретарь, өте әдемі кішкентай шырын соргыштар мекендейді. Көлдер мен өзен жағалауларында қоқиқаздар, тырна, көкқұтан, бірқазандар, Африкада ғана кездесетін ма - рабу тіршілік етеді. Жәндіктерден, әсіресе ауыл шаруашылығына үлкен зиян тигізетін Марокко шегірткесі кең таралған.
Топырағы қүнарлы болғандықтан са - ванна жері ауыл шаруашылық мақсатында кеңінен пайдаланылады. Жергілікті халық мақта, маниок, батат, жүгері, ке - шью, жер жаңғағы, цитрустар, қант құрағын өсіреді. Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде саванналардың шеткі бөліктері шөлге айналуда. Соңғы 50 жыл ішінде Сахара саваннаға қарай 650 км2 ілгерілеп енді. Осы апаттықүбылысты тежеу мақсатында Солтүстік Африка елдерінде үзындығы 1500 км-лік жалпақ орман белдеуі қолдан отырғызылған. Саваннаның табиғатын сақтап, тіршілік дүниесін қорғау мақсатында ірі ұлттық парктер ұйымдастырылған. Әсіресе Шығыс Африкада орналасқан Серенгети, Киву, Вирунга, Кагера ұлттық парктері көзге түседі.
Саванналардан екі жаққа қарай тропиктік шөлдер орналасқан. Олар әсіресе, Солтүстік Африкада үлкен ауданды алып жатыр. Сондықтан тропиктік шөлдерді Сахараның мысалында сипаттайық.
Сахарада жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аз, ішкі бөліктерінде кейде бірнеше жылдар бойы жаңбыр жаумайды. Бүлт болмайтындықтан күн еәулесі жер бетін қатты қыздырады. Жазда көлеңкенің өзінде ауа температурасы +40°,+50°С болады, әсіресе
шаң мен құмды боратып, аңызаң қүрғаң самум желі соққан кезде ыстыққа төзу өте қиын. Шаң мен ыстықтан қорғану үшін жергілікті халық кең, үзын киім киіп, бетін тұмшаланып жүреді. Ал түнге қарай күрт төмендеген температурадан адамдар қалтырап, тоңады. Сондықтан Сахара түрғындары арасында суық тиюмен байланысты аурулар көп кездеседі. Температураның тек тәуліктік да - на емес, жылдық ауытқулары да жоғары болатындықтан, шөлде физикалық үгілу күшті жүреді. Тау жыныстары күндізгі ыстық пен түнгі суық әсерінен шытынап сынып, қиыршық тасқа айналады. Сол еебепті Сахарада тасты шөлдер кең тараған. Олардыжергілікті халық хамада деп атайды. Тасты шөлдерде топырақ жамылғысы жетілмегендіктен өсімдіктер сирек, тастардың бетінде қыналар кездеседі. Хамада сазды және құмды шөлдермен алмасып отырады. Сахараға шөлге төзімді өсімдіктердің екі тобы тән. Тамыры күшті дамыған, ылғалды өте тереңнен алатын өсімдіктер тобының жапырақтары өте үсақ, кейде тікенекті болып келеді. Ал екінші топты көктемгі жаңбырлардан кейін тез өсіп, гүлдеп, түқым шашып үлгеретін өсімдіктер қүрайды. Олардың түқымының сыртында бірнеше жылдар бойы созылатын қүрғақшылықтан қорғайтын қабыршақ болады.
Сазды және құмды шөлдерде сор топырақ қалыптасады. Бұл топырақтың қүрамында қарашірік аз, бірақ тұздар көп. Тұзды топырақта қара жусан өседі.
Жануарлар дүниесі де шөл климатына бейімделген. Көптеген жануарлар су іздеп алысқа бара алады, кейбіреулері үзақ уақыт суеыз тіршілік етуге бейімделген. Сахарада бір өркешті жабайы түйелер (дромедар), бөкендер, қорқау қасқырлар мен шибөрілер, фенек түлкісі мекендейді.
Кемірушілер, улы жыландар, үлкен сұр кесіртке, ұсақ улы жәндіктер көп.
Шөлді қолдан суару арқылы мақтадан, жер жаңғағы, күріштен мол өнім алуға болады. Шөлдердің ең құнарлы аудандары аттар табиғи су көздерінің маңында және жер асты сулары жақын жатқан жерлерде таралған. Үлкен қыраттарда ірі қалалар, елді мекендер орналасады. Мұнда құрма пальмасымен бірге жеміс ағаштары, бау-бақша өсіріледі. Ніл жағалауындағы батпақтарда табиғи өсімдіктерден папирус пен қамыс сақталған.
Оңтүетік Африканың Атлант мұхиты жағалауында Намиб жағалық шөлі орналасқан. Бұл шөлге тән вельвичия өсімдігінің қысқа, жуан діңінің биіктігі 50 см ғана, одан ұзындығы 2-3 м, кейде 8 м-ге дейін жететін, қатты қабықты екі жапырақ қана тарайды. Жапырақтар ұшынан бірте-бірте қурап, сабағынан үздіксіз өсіп отырады. Вель - вичия 2000 жылға дейін тіршілік етеді. Калахариде өеетін жабайы қарбызды жергілікті халық сусын ретінде пайдаланады, ол жануарларға да қорек болады. Шығысқа және солтүстікке қарай Оңтүстік Африка шөлдері шөлейт зонасына ауысады. Мұнда тікенекті, жастық тәрізді бұталар мен алоэ өседі.
Субтропиктік қатты жапырақты ормандар мен бұталар Жерорта теңізі жағалауы мен Оңтүстік Африканың жағалау бөлігіне тән өсімдіктер. Жерорта теңізі жағалауында тас емес ментоз емені, зәйтүн ағашы, олеандр, фисташка, мәңгі жасыл кипарис, атлас самырсыны, жабайы алмұрт пен жүзім, ал Канар аралдарында бүлдірген және айдаһар ағаштары өседі. Оңтүстіктегі Кап тауларында ылғалдың көбірек түсуіне байланысты лавр жапырақты зәйтүн ағашы, түйнекті және тамыр жемісті әдемі өсімдіктер, кап орхидеясы өседі. Субтропиктік климат бүл зонада цитрустарды өсіруге мүмкіндік береді.

2.2.Аустралияның табиғат зоналары

Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жартышардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді. Бірақ зона - лар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бүл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер (эвкалипт, казуарина) мен жануарлар (кенгуру, үйрек- тұмсық, ехидна) тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің 75%-ы, ал жануарлардың 90%-дейін тек қана Аустралияға тән. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ. Сонымен қатар гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер (бөтелке ағашы,саяхатшылар ағашы, араукария, ағашы тәрізді папо - ротник, акацияның кейбір түрлері) де бар.
Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды
Материктің басым көпшілігін тропиктік шел және шөлейт зонасы алып жатыр. Бүл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын- шашын мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі кездеседі. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды тасты шөлдер,ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр.
Бойында ылғал мөлшері көбірек сақталатын құмды өңірде астық түқымдас шөптесін өсімдіктер (флиндерс және митчелл шөптері) өседі. Ал материктің ішкі аудандарында өсетін тікенекті акация мен аласа эвкалипттерден құралған қалың ну бұталар мәңгі жасыл скрэб деп аталады. Зонаның солтүстік-шығысында бөтелке ағашы өседі. Ал 1841 жылы саяхатшыДжон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді Налларбор деп атаған. Латын тілінен аударғанда бүл атау ағашсыз деген мағына береді және жазықтың ормансыз сипатын дәл бейнелейді. Налларборда көгілдір бұталар деп аталатын құрғақшылыққа төзімді, бойына ылғал жинайтын суккулентті өсімдіктер өседі. Бүл жазықта әктасты жыныстардың кеңінен таралуына байланысты үңгірлер мен оларды байланыстыратын жер асты өзендері көп.
Материктің оңтүстік-батысындағы жерортатеңіздік климат байқа- латын кішігірім бөлікте діңі ауыр, термиттердің әрекетіне төзімді маргината эвкалипттерінен түратын қатты жапырақты ормандар таралған. Ал Аустралияның өлі жүрегі деп аталатын Эйр көлінің айналасында жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ге дейін төмендейді және бірнеше жыл бойы мүлде жаумауы да мүмкін. Мұнда вилли-вилли деп аталатын шаңды дауылдар мен құйындар жиі болып тұрады. Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен басты айырмашылығы - шұраттардың болмауы. Соған қарамастан, олар тіршілікке біршама бай. Мүнда шөлге төзімді алып сұр кенгуру, вомбат, жабайы ит динго, эму түйеқұсы мекендейді.

Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мөлшерінің артуына байланысты са - ванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл-қоңыр топырақты ылғалды саваннасы таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардың орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым өседі. Саванналар мен сирек ормандарда жануарлар дүниесінің түр құрамы мен саны артады. Ірі өзендер мен көлдердің бойында құстар мен ехид - на,қолтырауындар, ал шығысқа қарай үйректұмсықтар кездеседі.
Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты орман - дар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Күлгінденген қызыл топырақтағы ылғалды тропиктік ормандар 20°
о.е. дейінгі бөлікте таралған. Мүнда эвкалипттермен қатар, қылқан жапырақты араукария, пальмалардың 20-дан астам түрі, ағашы тәрізді папоротниктер өседі. Олар ломонос, ротан пальмасы сияқты лианалармен шырмалып, ну орман құрайды. Бүл ормандар оңтүстікке қарай қызғылт-сары ферралитті топырақтагы ылғалды субтропиктік ормандарға ауысады. Мұнда биіктігі 100 метр, діңінің жуандығы 12 метрге дейін жететін миндалды жэне карри эвкалипттерімен қатар, лавр, араукария, агашы тәрізді папоротниктер, эпифиттер мен лианалар өте көп. Тау ормандары 1700-1900 м биіктікте бүталы эвкалипттерге, одан жоғарыда қатты жапырақты астық тұқымдастар мен күрделі гүлділерден қүралған қар шөбі деп аталатын альпі шалғынына ауысады. Таудың батыс беткейінде шар және қолшатыр тәрізді эвкалипттерден түратын қүрғақ эвкалипт ормандары тараған. Ал Тасман аралында ылғалды мәңгі жасыл ормандар басым. Мүнда Антарктида материгі Аустралиямен бірге болған кезеңнен бері сақталып қалған мәңгі жасыл оңтүстік шамшат ағашы және каллитристер эвкалипттермен қатар өседі. Ормандар жануарлар дүниесіне бай. Мұнда кенгуруы, ірі тау кенгуруы, вомбат, жалқау қалталы аю коала, ұзын тұмсықты ехидна, эдемі қауырсынды тотықұстар, лирақұйрық, биіктігі 1,8 метрге жететін, үшпайтын ка - зуар құсы мекендейді. Тасман аралында Аустралиядағы бірден-бір жыртқыш аңтасман қалталы қбыжығы және киви кездеседі.
Аустралияға еуропалықтардың қоныс аударуымен байланысты көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлері сырттан әкелінді. Оларға астық дақылдары мен арамшөптер, жеміс ағаштары, емен, терек сияқты жалпақ жапырақты ағаштар, үй жануарлары, қоян, ит, түлкі, егеуқұйрық және т.б. жатады. Жыртқыштардың болмауына байланысты көбейіп кеткен үй қояндары адамның бақылауынан шығып, жайылымдарды, егістіктерді, ормандарды күннен-күнге отап тоздыруда. Ал иттердің тез өскенісонша, жабайыланып, қой шаруашылығын шығынға ұшырататын жыртқыш дингоға айналған. Аустралияға сырттан әкелінген жануарлардың шамадан тыс көбеюі материктегі экологиялық тепе- теңдікті бұзды.
Эвкалипт ағашының жапырағында тез түтанатын эфир майы көп болады. Сондықтан Аустралияның ыстық, қүрғақ климаты жағдайында эвкалипт ормандары жиі өртеніп, аумағы кішіреюде. Саванна мен сирек ормандар зонасы жаппай жыртылған жэне жайылымдық жерлерге айналған. Қазіргі кезде материк табиғатын мүмкіндігінше сақтаубарысында көптеген жүмыстар жүргізілуде. Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнеленген, ал ехид - на, үйректұмсық, лирақүйрық күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді үлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.

2.3.Оңтүстік американың табиғат зоналары

Оңтүстік Америкада географиялық орны мен климаттық жағдайларына сәйкес ормандар кең таралған. Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: ылғалды экваторлық ормандар (гилея), ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар, саванналар мен сирек ормандар, субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, жалпақ жапырақты ормандар, субтропиктік дала (пампа) зонасы, шөлейт, шөл зонасы. Анд тауларында биіктік белдеулер тараған.
Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары алып жатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей - ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Ауданы мен тіршілік дүниесінің алуан түрлілігі жағынан жер шарында Амазония ормандарының теңдесі жоқ. Мұндағы қызыл сары ферралитті топырақтарда тек қана ағаштардың 2 мыңнан астам түрі өседі. Сондықтан бұл аймақты ғаламшардың өкпесі деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды сельвас дейді. Орман іші өте ыстық әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді. Сельвастағы ағаштардың биіктігі 80 м - ге дейін жетеді, олар лианалармен тығыз шырмалған, агаш тәрізді папоротниктер мен орхидеялар да көп. Жарықты жапырағымен ұстап қалуына байланысты орман арасында жетіспегендіктен, шептесін өсімдіктер өспейді. Мұндағы ағаштардың аса бағалы түрлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағашы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т.б. жатады.
Жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмек құйрық маймылдар мен жалкау андардан, тапир мен опоссумнан, құмырсқа жегіш пен қан сорғыш жарқанаттардан, пекари шошкасы мен капибарадан (өңірі су шошқасы) және т.б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тоты кұстар мен тукандар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай колибри құстары мекендейді. Бақалар мен бауырымен жорғалаушылардың да тіршілігі ағаш басында өтеді. Ұзындығы 12 м - ге жететін әлемдегі ең үлкен жылан анаконда да кездеседі. Жәндіктер өте көп, олардың денелері үлкен және түрлі түсті. Кейбір жәндіктердің денесі жарқырауық болады.
Табиғаты әсем Амазония ормандары адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде өзгеруде. Сельвасты кесіп өтетін Трансамазония тас жолының салынуы елдер арасындағы жол қатынасы мен байланысты жақсартқанымен табиғат байлығының жойылуына және жануарлар тыныштығының бұзылуына әкеп соқты. Ғалымдардың болжамы бойынша, дәл осы қарқынымен орман ағаштарын кесе беретін болса, XXI ғасырда Амазонка ормандарының жойылып кетуі мүмкін.
Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі, мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.
Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы льянос және Бразилия саваннасы кампос деп ажыратылады. Топырақ жамылғысы ферралитті қызыл топырақтан қызыл қоңыр топыраққа ауысады. Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады: құрғақ кезенде шөптер құрғап, ағаштар жапырағын түсіреді, ал жаздың басында жаңбырдан соң шөптер шапшаң қаулап өсіп, ағаштардың жапырағы қалпына келеді.
Солтүстік жарты шар саваннасы льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған. Олар өзен аңғарларында орман белдеулеріне ауысады. Ал оңтүстік жарты шар саваннасының ағаштары аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, сүттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес, діңіне су жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Бразилия таулы үстірті кактус өсімдігінің шыққан жері болып табылады. Әсіресе алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын кактустың екінші отаны деп атайды. Бразилия таулы үстіртінің қуандау жерінде тікенекті бұталардың ерекше түрі өседі. Олардың арасында бұтағы өте қатты, қабығынан тері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аустралия құрлығының ашылуы
АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі
Құрлықтағы географиялық белдеулер
Австралия
География туралы ұғым (дәрістер)
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Аустралияға кешенді сипаттама
Аустралия материгінің ашылуы мен зерттелу тарихы
Аустралия
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
Пәндер