Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Еуразия гуманитарлық институты
ГУЛЬМАМЕДОВА АЯУЛЫМ АРМАНОВНА
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша
Астана, 2023
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Еуразия гуманитарлық институты
«Қорғауға жіберіледі»
«_»2023 ж.
Кафедра меңгерушісі:
п. ғ. к професор Н. Т Ныгыманова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың креативті ойлауын зерттеу әдісі арқылы дамыту
5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы
Орынаған: Гульмамедова А
Ғылыми жетекшісі
п. ғ. к., доцент: Бадел А
Астана, 2023
МАЗМҰНЫ
Анықтамалар: бұл дипломдық жұмыта келесі терминдерге анықтамалар қолданылған:
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі - әртүрлі бағыттағы мектепке дейінгі білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемесінің түрі.
Тәрбиеші - мектеп жасына дейінгі балаларды (7 жасқа дейін) тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын педагог.
Индивид - (лат. individuum-бөлінбейтін, жеке тұлға) - адамзаттың жеке өкілі, адамзаттың барлық әлеуметтік және психологиялық қасиеттерінің нақты тасымалдаушысы: ақыл, ерік, қажеттіліктер, мүдделер және т. б
Білім беру ортасы - жеке тұлғаны қалыптастырудың жолдары мен тиімді іс шараларды, сондай-ақ әлеуметтік және кеңістіктік-пәндік ортада оның дамуына арналған мүмкіндіктерді ұйымдастыру жүйесі.
Шығармашылық - индивид пен оның мəдениетіне маңыздылықпен жаңашылдық əкелетін іс- əрекет.
Ойлау - обьективті шындықты беленді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті.
Креативті ойлау - өнімді ойлау, тиімді шешім қабылдау, уақыттың өзі талап ететін жаңа идеялар, әріптетік байланысты арттыру, жаңалық ашу, бақарудың жаңа тәсілдерін ойлап табу, стандартты ойлау жүйесінен тыс идея және тағы да бақалар.
Креативтілік - (латынша creatio) -жасау, адамның шығармашылық дарын деңгейі, шығармашылық қабілеті.
Зерттеу - бұл шығармашылқ қорын көбейту бойынша қолға алынған жүйелі жұмы.
Зерттеу әдісі - зерттеу саласына қолданылатын жүйелі және практикалық талдау арқылы қортынды жасау үшін мәліметтер жинау.
Эсперимент (зерттеу) - ізденудің ең негізі әдістерінің бірі. Зерттеу әртүрлі бағытта жүзеге асырылады.
Қиял (грек. φαντασία - "қиял") - бұл берілген тақырыптағы импровизация, жеке адам немесе топ ұсынған, шындыққа сәйкес келмейтін, бірақ олардың тілектерін білдіретін жағдай.
Кіріспе
Диплом жұмыының өзектілігі: ХХI ғасыр баласының дамуын ойын арқылы дамытуда өз халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіре отырып жас ерекшеліктеріне қарай ойын ортасын құру, балаларды ойната отырып, дамытудың қарапайым дағдыларын қалыптастыруға, шығармашылық құзыреттілігін арттыру, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сондықтан да, балаларды өзара сыйластық, бауырмалдық, татулыққа тәрбиелеу бойынша Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген [1] .
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес бала дамуының негізгі деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беруге көзқарас елеулі түрде өзгерді. Бұл жаста бала өзін және өмірдегі өз орнын сезіне бастайды, қарым-қатынас жасауға, басқа балалармен және ересектермен өзара әрекет етуге үйренеді [2] .
Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтк экономикалық даму деңгейі, қоғамдағы әрбір жеке тұлғаның креативтік потенциялына байланысты. Кез келген мәcеледен шешім тауып шыға алатын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын тұлға тәрбиелеуге креативті ойлаудың маңызы зор. Олай бола мектеп жасына дейінгі баланы дамыту мен креативті ойлау қабілетін қалыптатыру, жеке тұлғаны дербес шешім қабылдауға бейімді етіп тәрбиелеу- бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі болып отыр. Бұл мақсат, міндетке жету үшін баланы креативті танымымен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлау алатын, ойшыл, білімі балаға айналдыру.
Көрнекті психолог Л. С. Выготский: «Креативтілік» деп жаңалық ашатын әрекетін атаған. Сондықтан әлі ешкімнің тәжиірбеінде болмаған жаңа нәре ойлап табу, жаңа жетітікке және белеске жету деген сөз [3] .
Балалардың креативті ойлауын зерттеу және мектеп жасына дейінгі балалардың креативті ойлау қабілетін дамытуды зерттеген шетел ғалыдары Л. С. Выготкий [3] Е. К. Жуковская [4], Д. Б. Эльконин [5] және отандық ғалымдар Н, Қ. Жарықбаев [6], Т. Тәжібаев[7], Р. Н. Құлжанова [8], Ф. Н. Жұмабекова [9], Қ. М Нағымжанова [10], А. Ш Орақова [11] басқада ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Ғалым Ф. Н. Жұмабекованың «Мектепке дейінгі педагогика» еңбегінде мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін қарапайым зерттеу әрекетін жүргізу барысында кітаптан қарау, достарынан сұрау, теледидардан қарау т. б бағыттарын көреткен [8, 36 б] . Балалармен зерттеу жұмысын жүргізудің басты құндылығы мынада, ол ақыл-ойды қалыптастырады, сөздік қорды байытады, бала тұлғасының дамуын ынталандырады.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі қазіргі уақытта шығармашылық пен креативтілік адамдарға өткір әлеуметтік қажеттілік бар екендігін айқындай отырып дипломдық жұмыстың тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың креативті ойлауын зерттеу әдісі арқылы дамыту» деп алуға негіз болды.
Диплом жұмысының мақаты: мектеп жасына дейінгі балалардың креативті ойлауын дамытудың негіздерін ғылыми-теориялық әдебиеттерге талдау жасау арқылы тиімділігін анықтау, эксперименттік жұмыс негізінде қолданудың маңыздылығын дәлелдеу.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың креативті ойлауын зерттеу әдісі арқылы дамытудың маңызын айқындауда ғылыми-теориялық әдебиеттерге шолу жасау;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың креативті ойлауын дамытуда зерттеу әдістерінің маңыздылығын теориялық және практикалық бағыттағы жұмыстар арқылы талдай отырып, әдітерін айқындау;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың креативті ойлауын зерттеу әдісі арқылы дамытудың әдітемесін жасау және оны экперимент жұмысы арқылы дәлелдеу.
Диплом жумысының ғылыми жаңалығы:
- креативті ойлау балалардың ақыл-ой дамуына оң өзгерітер тудырады, олардың шығармашылық, танымдық дамуынан айқын көрінді.
- мектеп жасына дейінгі балалардың креативті ойлауын дамытудазерттеу әдітері балалардың жасына сай ықшамдалып алынды;
- зерттеу әрекеті мен баланы креативті ойлауға үйрету баланың өзіне деген енімділігін арттырып, проблеммалардың басқа шешімдерін табуға үйретті.
Диплом жұмысының теориялық маңызы: Мектепке дейінгі балалық шақ - бұл креативті қабілеттерін дамыту үшін қолайлы кезең, өйткені бұл жаста балалар ыртқы ортаға қызығушылық танытады, олардың айналасындағы әлемді білуге деген үлкен ынтасы артады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықтарын оятып, оларға білім беріп, оларды әртүрлі іс-шараларға тарта отырып, балалардың қандай да бір нәрелерді білуге тануға ықпал етеміз. Ал, зерттеу әдісін қолдана отырып білімді жинақтау-бұл болашақ шығармашыл, креативті тұлғаны қалыптастырудың алғышарты.
Диплом жұмысының практикалық маңызы:
Креативті ойлауды зерттеу әдісі арқылы дамыту мазмұны негізінен баланың ақыл-ойының икемділігін дамытады, балалар ойлауында жүйелілік пен дәйектілік идеялары жүйелі түрде құрылады, сонымен қатар қарама-қайшылықтарды тұжырымдай білу және оларды шешудің жолын табу процесін игереді, және де креативті ойлауды зерттеу әдісімен дамытуда әр-түрлі техникалар, тәжиірбелік ойындарды оқу ірекетінде қолдана отырып, балалар жанашылдыққа үйренеді, өзіне сенімділігі артады, өз жетітіктерін көріп көңіл күйі котеріледі.
Диплом жұмысының әдіснамалық негіздері:
Мектепке дейінгі ұйымдарда креативті ойлауды дамытудың маңызын зерттеген ғалымдар шетел ғалыдары Л. С. Выготкий [3] Е. К. Жуковская [4], Д. Б. Эльконин [5] және отандық ғалымдар Н, Қ. Жарықбаев [6], Т. Тәжібаев [7], Р. Н. Құлжанова [8], Ф. Н. Жұмабекова [9], Қ. М Нағымжанова[10] А. Ш Орақова [11] басқада ғалымдардың еңбектері негізге алынды.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері:
- зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді талдау;
- эмпирикалық зерттеу әдістері,
- ақпаратты статистикалық өңдеу әдістері.
Диплом жұмысының эксперименттік базасы:
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, эксперимент жұмысы, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кірсіпеде дипломдық жұмыстың өзектілігі, мақсат, міндеттері, зерттеу пәні, зерттеу нысаны, ғылыми жаңалығы, теориялық маңызы, пркатикалық маңызы құрылымы қарастырылды. Бірінші тарауда жалпы ойлау туралы түсінік, «Креативті ойлау дегеніміз не?» сұрағына анықтама берілген, креативті ойлауды зерттеген ғалымдар еңбектері жазылған. Екінші тарауда мектеп жасына дейінгі балаладың креативті даму жолдарын эксперимент жолдары арқылы қалыптастыру, зерттеу әдістерін мектеп жасына дейінгі балалар креативті дамуында қолдану жұмыстары жүргізілді.
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын дамыту - бүгінгі балабақшадағы маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта шығармашылықтың ең маңызды анықтамасына келесі жатады: Б. А. Оспанованың еңбегінде «Шығармашылық - индивид пен оның мəдениетіне маңыздылықпен жаңашылдық əкелетін іс-əрекет және шығармашылық түсінігі «креативтілік» түсінігімен жиі ауыстырылады» десе, [12, 8 б] . Д. Б Богоявленская айтқандай шығармашылықты жеке мағынаға толы мәселенің өзіндік қойылымында көрінетін терең жеке қасиет ретінде, шығармашылықты өнімді және стихиялық құбылыс ретінде зерттеу "шығармашылық өріс" деп аталатын әдіс арқылы жүзеге асырылды. Бұл зерттеулерде " таным процесі тек бірінші кезеңде қабылданған тапсырмамен анықталатындығын атап көрсетті [13, 22 б] .
Қазіргі күні өндірісте, əлеуметтік қызмет, білім беру мекемелерінде жəне басқа да əлеуметтік институттарда жауапты кəсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар креативті потенциалды мамандар қажет. Ғылыми жəне арнайы əдебиеттерді талдасақ, «креативті тұлға», «креативті ойлау», «креативті маман» деген сияқты жаңа терминдердің пайда болғанын көруге болады. Оқыту мен тəрбиелеу процесінде болашақ маман креативтілігін дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талапына сәйкес бала дамуының негізгі деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беруге көзқарас елеулі түрде өзгереді. Бұл жаста балалар өзін және өмірдегі өз орнын сезіне бастайды, қарым-қатынас жасауға, басқа балалармен және ересектермен өзара әрекет етуге үйренеді.
Танымдық - зерттеу қызметі туралы айта отырып, біз баланың заттардың құрылысын, қоршаған әлем құбылыстарының арасындағы байланыстарды, оларды ретке келтіру мен жүйелендіруге бағытталған белсенділігін көріп отырмыз. Бұл іс-әрекет ерте балалық шақта пайда болады, алдымен түсін, формасы, мақсаты бойынша заттардың қарапайым санаты пайда болады, сенсорлық эталондар, қарапайым қарудың әрекеттері игеріледі. Тәжірибе жүргізу барысында әрбір баланың қатысуы өте маңызды. Балаларға тірі және өлі табиғат заттарымен тәжірибе жасау өте қызықты. Мысалы, күн сәулесі мен қырмызы гүлдерінің тұқымдарын арнайы стақандарға отырғызып, балалар олардың дамуын қадағалайды: қандай тұқым тез өседі, неге, өсімдіктердің дамуына адам қандай әсер етеді, гүлдердің өсуі ауа райы жағдайына байланысты болады.
Зерттеу әрекеті - мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін жетілуі мен жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет мектеп жаына дейіні балалардың жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді. Мектеп жаына дейінгі балаларда арнайы білімді қалыптастыруға, жалпы зерттеулік ізденіске қажет білік пен дағдыны дамытуда алуан түрлі бақылаулар мен қарапайым зерттеулер жүргізудің мәні зор.
Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында балалардың экологиялық сауаттылығын дамытып, белсенді табиғатты қорғау ұстанымын тәрбиелейміз. Ағашта бірнеше күн бойы болған өзгерістерді бақылай отырып, «Неге жапырақтар сарғаяды?», «Неге жапырақтар түседі?» деген сұрақтарды балалар жиі қояды. Бұл мәселе нысанды тексеруге және себебін анықтауға түрткі болды: Ағаш жақсы өсу үшін не істеу керек? Не себепті гүл өспей қалады? т. б. [14, 32 б] .
Қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту және білім беру мәселелері өзекті болып отыр. Өйткені, мінездің негізгі қасиеттері, даму принциптері мен адамгершілік негіздері мектепке дейін кезенде қалыптасады. Балалармен қарапайым зерттеу әрекетін жүргізудің маңызды іс-тәжиірбе жасау арқылы балалардың танымдық, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту. Балалармен жүргізілетін зерттеу-бақылау әдісі балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырады, білімін жетілдіреді, танымдық қабілеттері арқылы жеке тұлға болып қалыптасуға аа зор ықпал етеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың басталуы және оған дайындық олардың дамуының маңызды психологиялық заңдылықтарын ескеру қажеттілігімен байланысты. Сонымен, мектепке дейінгі жастағы балаға дұрыс көзқараспен қоршаған әлемді тұтас қабылдау, визуалды - бейнелі ойлау, логикалық ойлаудың басталуы, ақыл-ой операцияларымен жұмыс істеу қабілеті, сөйлеу және креативтілік, шығармашылық қиял қарқынды дамиды. Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласы, құштарлығы болуы керек» [15, 42б] .
Мектепке дейінгі кезеңде ойлаудың әртүрлі түрлері пайда болады, ал біреуі екіншісінің пайда болуына негіз болады. Ойлаудың ерекшеліктері баланың өсу жолында түсінетін тәжірибесі мен біліміне тікелей байланысты. Ойлау-бұл адам өз тәжірибесін қолдана алатын, бұрын алған біліміне сүйенетін құрал. Ойлауды дұрыс жұмыс істеуге үйрету өте маңызды, ол үшін мектепке дейінгі жас, ақыл-ой белсенділігінің пайда болуы мен дамуының ерекше кезеңі болып табылады. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын - оның қажеттері.
Ойлау - өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді.
Мектепке дейінгі жаста балалар ақпаратты қабылдауды, ойлауды, сөйлеуді үйренеді, сонымен қатар заттармен өзара әрекеттесудің әртүрлі тәсілдерін игере бастайды, белгілі бір ережелерді үйренеді және мінез-құлқын басқара бастайды. Ойлаудың дамуы баланың әлеуметтік шығу тегі бар практикалық және танымдық әрекеттерді белсенді игеруімен жүреді.
Ғалымдардың зерттеулерінде Л. А Венгер [16], Л. С Выготский [17] мектепке дейінгі жас баланың ойлауын дамыту, оның танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін оңтайлы кезең ретінде анықталады.
Н. Е Веракса пікірінше, балалардың ойлауын дамытудың негізгі шарты-оларды мақсатты түрде тәрбиелеу және оқыту. Тәрбие процесінде бала пәндік іс-әрекеттер мен сөйлеуді меңгереді, алдымен қарапайым, содан кейін күрделі мәселелерді өз бетінше шешуге, сондай-ақ ересектердің талаптарын түсінуге және соған сәйкес әрекет етуге үйренеді [18, 26 б] . Ойлаудың дамуы ой мазмұнының біртіндеп кеңеюінде, ақыл-ой әрекетінің формалары мен әдістерінің дәйекті пайда болуында және жеке тұлғаның жалпы қалыптасуына қарай өзгеруінде көрінеді. Сонымен қатар, баланың ақыл-ой әрекетіне деген ұмтылысы-танымдық қызығушылықтары да артады.
Ойлау адамның бүкіл өмірінде оның қызметі барысында дамиды. Әр жас кезеңінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Жас және педагогикалық психология саласындағы эксперименттік зерттеулер мен бақылаулар мектепке дейінгі жастағы ойлауды дамытудың кейбір ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді.
Ғалымдардың жүргізген зерттеулерге сәйкес, ақыл-ой іс-әрекетін дамытудың негізі ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру және жетілдіру болып табылады. Баланың қандай ақыл-ой әрекеттері бар, ол қандай білімді алатындығына және оны қалай қолдана алатындығына байланысты. Мектепке дейінгі жастағы ойлауды дамыту процесі сыртқы бағдарлау әрекеттерін игеру мен интериоризациялаудың жалпы заңына сәйкес жүреді. Ересек мектепке дейінгі жаста визуалды-бейнелі ойлау жетілдіріліп, сәйкес жоғары деңгейге көтеріледі.
Мектепке дейінгі жаста балалар қоршаған әлем туралы білімді игере алады. Олар объектілердің синонимдері мен сипаттамаларын неғұрлым көп білсе, соғұрлым олар дамыған болады. Дамудың мектепке дейінгі кезеңіндегі балалар үшін пәндер арасында жалпылау, байланыс орнату қабілеті норма болып табылады. 5-7 жаста олар көбірек қызығушылық танытады, бұл көптеген сұрақтарға, сондай-ақ жаңа білімді ашу үшін тәуелсіз әрекеттерге әкеледі.
Мектепке дейінгі балаларға тән ойлау түрлері:
- көрнекі-тиімді 3-4 жасқа дейін басым болады (объектілерді манипуляциялау арқылы таным) ;
- көрнекі-бейнелі 4 жастан асқан балаларда белсенді болады (объектілерді, құбылыстарды бейнелеу арқылы таным) ;
- 5-6 жас аралығындағы балалар ауызша-логикалық меңгереді (ұғымдар, сөздер, пайымдаулар арқылы таным) .
Көрнекі және тиімді ойлау б аланың әртүрлі жағдайларды көзбен бақылайтынын көрсетеді. Осы тәжірибеге сүйене отырып, ол қажетті әрекетті таңдайды. 2 жасында нәресте дереу әрекет етеді, ол сынақ пен қателік арқылы жүреді. 4 жасында ол алдымен ойлайды, содан кейін әрекет етеді. Мектепке дейінгі жаста бейнеге негізделген ойлауды әсіресе белсенді дамыту маңызды. Бұл жағдайда балалар алдына қойылған міндеттерді көздің алдына затсыз орындай алады. Олар жағдайды бұрын кездескен модельдер мен схемалармен салыстырады. Бұл жағдайда балалар:
- тақырыпты сипаттайтын негізгі белгілер мен ерекшеліктерді ажыратыңыз;
- заттың басқалармен арақатынасын есте сақтаңыз;
- олар затты сызбалық түрде сыза алады немесе оны сөзбен сипаттай алады.
Мектеп алдында бала тек ұғымдармен жұмыс жасай алады, пайымдай алады, қорытынды жасай алады, заттар мен объектілерге сипаттама бере алады. Бұл жас кезеңі тән:
- эксперименттердің басталуы;
- игерілген тәжірибені басқа объектілерге көшіру ниеті;
- құбылыстар арасындағы байланысты іздеу;
- өз тәжірибесін белсенді жалпылау.
Бейнелі ойлау- мектеп жасына дейінгі баланың негізгі ойлау түрі. Мектеп жасына дейінгі балалардың санасында тек осындай міндеттерді шешеді, олардың қолымен немесе құралымен орындалатын іс - әрекет практикалық нәтижеге қол жеткізуге тікелей бағытталған-затты жылжыту, оны пайдалану немесе өзгерту. Алайда, баланың күрделі іс-әрекетінде жаңа типтегі тапсырмалар пайда болады, онда іс-әрекеттің нәтижесі тікелей емес, жанама болады және оған жету үшін бір уақытта немесе дәйекті түрде болатын екі немесе бірнеше құбылыстар арасындағы байланыстарды ескеру қажет болады. Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту процесі, егер балалардың барлық жаттығулары ойын түрінде жүргізілсе, тиімдірек болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz