Балаларға арнап жазған өлеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 260 бет
Таңдаулыға:   

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЖОҒАРЫ БІЛІМ, ПӘН ЖӘНЕ ИНОВАЦИЯ МИНИСТРЛIГI

ШЫРШЫҚ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

РУСТЕМОВ АБСЕИТ ТРИЖАНОВИЧ

“БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ” (оқу қолданба)

«» 2023

ШЫРШЫҚ - 2023

УЎК:

КБК: . . .

РУСТЕМОВ А. Т.

Балалар әдебиеті. Оқу қолданба - Шыршық «», 2023. - 255 бет

Аннотоцая

Оқу қолданба «Балалар әдебиеті» пәнін жетік меңгеру үшін негізделген. Оқу қолданбада балалар әдебиетінің түрлі кездегі жәйіттері көрініс тапқан. . «Балалар әдебиеті» пәні - жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиет бағытында өтілетін теориялық пән. Оқу қолданба студенттерді балалар әдебиетінің қыр-сырымен таныстыру мақсатына орай жазылған.

Балалар әдебиеті - ертеден келе жатқан ұлттық тәрбиенің негізі болып саналады. Балалар әдебиеті арқылы біз жас ұрпақты ауызбіршілікке, жастар арасындағы татулыққа қол жеткіземіз.

Оқу қолданба жоғары оқу орындарының 6111500 - Ана тілі мен әдебиеті (қазақ тілі және әдебиеті) мамандықтарына арналған.

Пікір білдірушілер:

Ж. А. Байзаков

Н. Б. Абдувалитов

- ШМПУ-дің «Өзбек тіл білімі» кафедрасы оқытушысы

- Низами атындағы ТМПУ-дің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы доценті

Оқу қолданба Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, пән және инновация министрлігінің 2023-жыл 00-ақпандағы 000-санды бұйрығымен баспаға ұсынылған және Оқу қолданбаның баспа куәлігіне негізделіп Өзбекстан Республикасының Уәзірлер Мекемесі тарапынан лицензия берілген баспаларда басып шығаруға рухсат берілген.

ISBN

КІРІСПЕ

Балалар әдебиеті әдебиеттің өз алдына жеке дара саласы болғандықтан, бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт-бағдары бар. Яғни, балалар әдебиеті - қазақ әдебиетінің бір арнасы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалар әдебиетінің басты ерекшелігі - тақырыбында, екіншіден, бала тіліне лайық көркемдігінде, үшіншіден, тәрбиелік-танымдық, дидактикалық ұғынықтылығында, төртіншіден, балаға тән юмор қажет. Баланың қажеттілігінен, сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ол үшін көркем шығарма шынайы, табиғи суреттелуі керек. Онсыз баланы алдау мүмкін емес. Бірақ ол шындық қоғам дамуына сай өзгеріп, уақыт талабына шығып отырса нұр үстіне нұр болады.

Өтпелі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесі де, реформалануда. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылып бара жатыр. Мұнда көздеген ең басты мәселелердің бірі - болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Миромоновичтің «Кітап оқып, өз бетімен жұмыс істеген адамның қанаты болады. Ол бейжай қалмайды. Оның күші - білімінде. Сондықтан ол ешкімді ұнатпайды. «Үлкендерге» жағымпазданбайды. Оның білімі бар, ілімі бар. Кітап оқу дегеніміздің себебі осы. Егер сіз кітап оқысаңыз, сұрақ қоюды білесіз» - деп айтқан сөзінде үлкен мағына жатыр. Осы сөзден келіп шығып біз жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Жасөспірімді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.

Соның үшін де жастар арасында ауызбіршілік пен татулықты нығайту үшін оларды көркем шығармалар оқуға баулуымыз керек. Болашақ ұрпақта жалпы адамзатқа деген құрмет сезімін оята алсақ біз әрине мақсатымызға жеткен боламыз.

1-тақырып. Балалар әдебиеті жайлы жалпы түсінік

Жоспар:

1. Балалар әдебиетінің өсу өркендеу жолдары.

2. Балалар әдебиетінің салаларға жіктелуі.

3. Балалар әдебиетінің басты ерекшеліктері.

Тірек ұғымдар: Балалар әдебиеті, жіктелу салалары, демократ, реалист, балалар жазушысы.

  1. Балалар әдебиетінің өсу өркендеу жолдары.

Кезінде балалар әдебиетінің қалыптасуына, дами түсуіне Коммунистік партия мен кеңес үкіметі тұсында да қамқорлық жасалғандығын жоққа шығаруға болмайды.

Әрине, кеңестік әдебиет кеңес шындығын типтік образдар арқылы көрсету міндеттерін үнемі алға қойып отырғаны аян. Балалар әдебиетінің мектеп өмірімен, политехникалық оқумен байланысын, тәрбиелік мәнін күшейту еш уақытта назардан тыс қалып көрмеген. Осы мәселелер КПСС-тің ХХI, ХХII, ХХIII, ХХIV съездерінің тарихи қарарларынан көрінеді.

Ресейде балаларға арналған әдебиет өз алдына дараланып ХVI-ХVII ғасырларда таныла бастаған. Орыс халқының алдыңғы қатардағы жазушылары мен әдебиет қайраткерлері бала тәрбиесіне үлкен мән бере отырып, балалар әдебиетін жасауға атсалысқан еді. Бұл орайда Жуковский мен Одоевскийдің, Белинский мен Чернышевскийдің, Добролюбовтың, Лев Толстой мен Чеховтың, Некрасов пен Мамин Сибиряктің, Горький мен Маяковскийдің есімдері ерекше аталады.

Үлкен әдебиет үлкен теорияны тудырады. Осындай алдыңғы қатардағы балалар әдебиеті теориясының негізін салған ұлы орыс халқының революционер демократтары В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов болды. Олардың балалар әдебиетіне қойған ең үлкен талаптары Отаны, халқы алдында қызмет ететін болашақ ұрпақтарды тәрбиелеу мәселесі еді.

В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов балалар әдебиетінің реалистік демократтық бағытта дамуына жол ашып берді: «Балалар кітаптарының мақсаты - балаларды белгілі бір іспен шұғылдандыру емес, оларды бұзық әдеттерден, бұзық бағыттан алдын ала сақтандыру ғана емес, сонымен қатар оларға табиғаттың берген адамгершілік рух элементтерін: сүйіспеншілік сезімін, шексіздікті сезінуін дамыту болады. Мұндай кітапшалар балалардың ес-ақылына емес, сезіміне төтеден, тікелей әсер ететіндей болуы керек. Сезім білімнен бұрын пайда болады, ақиқатты сезбеген адам - оны түсінбеген де білмеген адам. Балаларды үш әлем табиғатымен таныстырып, толып жатқан халқы бар бүкіл жер шарын олармен бірге аралап өту керек. Оларға әр алуан мінез-құлықтары, әдет-ғұрыптары, ұғымдары, нанымдары бар адамзат ұрпақтары мен қоғамдарын көрсету керек. Ал ол үшін балаларға арнап жер үстінде ұшып жүрген көбелекті де сүйіспеншілік тілмен, өмір тілімен сөйлету керек» деді В. Г. Белинский.

Ал Н. Г. Чернышевский: «Біз кейде балалардың ақыл-ойын дұрыс бағалай білмейміз. Біз баланың зейіні нашар, ақылы өткір емес деп ойлаймыз; жоқ олай емес, баланың тек тәжірибесі ғана жоқ, ал ақылы өткір, қиялы жүйрік екеніне сеніңіз. Үлкен кісілердің кез-келгеніне ұғындыра алмайтын алгебраның қиын есептерін он екі жасар бала оқып үйренеді ғой. Ендеше, істі біліп қана қолға алу керек, балалармен тарих туралы да, адамгершілік ілім туралы да сөйлесуге болады» - деген.

Кеңестік балалар әдебиетін социалистік реализм бағытында дамытып, негізін салған М. Горький болатын. Халықтың көкейтесті ой-арманын, тілегін бейнелеген өткен замандардағы мол тәжірибелерін пайдалана отырып, балалар әдебиеті жас өспірімдер мен балдырғандардың ең таңдаулы, ең мақтаулы жаңа әдебиетіне айналды.

Кеңес балалар әдебиеті теориясын дамыту жайында айтылған М. Горький еңбектерінде социалистік құрылыстар тақырыбына жазылған көркем әдебиеттер өте жоғары бағаланған. Соның ішінде әсіресе, ғылыми-фантастикалық көркем әдебиеттер мен көрнекті озат адамдардың өмірі жайлы жазылған шығармаларға көп көңіл бөлінген.

М. Горький «Тақырып жайында» деген мақаласында балаларға арналған ғылыми көркем әдебиеттерді қалай жазу керектігі жайында біртұтас бағдарлама сызып берген.

М. Горький кеңес балалар әдебиетінің ұлы жазушысы, теоритигі, сыншысы және оның қамқоршысы болды. Оның балалар әдебиеті жайында жазған: «Тақырып жайында», «Ертегілер туралы», «Жауапсыз адамдар туралы», «Біздің тұсымыздағы балалар кітабы туралы» еңбектері ғылымға және балалар әдебиеті жайында жазылған сын еңбектерге енгізген ірі мұра болып қалды.

«Өнер алды қызыл тіл»- деп Абай айтқандай, балалар әдебиетіндегі басты мәселелердің бір түрі - тіл. Балалар жазушысы әдеби тілге шебер болумен қатар, оған өте ұқыпты қарауға тиіс. Балаларға арналған шығармалардың тілі, ең алдымен, өзінің ана тілін жетік білуге, сөздік қорын байытуға, жүйелі түрде қисынды сөйлеуге, әсіресе, ана тілін сүйе білуге баулитын көркем құрал болуға тиісті. Әрбір сөз өз орнында өз қызметін атқара тұрып, бала жанына қозғау салып, сұлу суреттерімен эстетикалық күшті әсер ететіндей болуы керек.

Балаларға арналған өлеңдер ойнақы, жинақты, тілі баланың өз ойындай мөлдір де тұнық, қызықты да қарапайым болуы шарт.

Қазан төңкерісінен кейін қазақ балар әдебиеті жөнінде де сыншылар мен зерттеушілер, ғалымдар мен ақын-жазушылар және мұғалімдердің ықыласы ерекше болды. Балалар әдебиетінің ерекшеліктері жайында әр кезде әр алуан пікірлер айтылды. Бұл ретте С. Сейфуллиннің, І. Жансүгіровтің, М. Әуезовтің, С. Ерубаевтың, С. Мұқановтардың еңбектерін атап өтуге болады.

С. Сейфуллин өзінің «Жұмбақ айтысу», «Жаңылтпаш», «Балалар ойыны», «Жастық ойын, күлкі тақпақтары» деген еңбектерінде бастан аяқ балалар ауыз әдебиетіне тән мұраларға ғылыми талдаулар жасаған. «Жұмбақ айтысу - хат жазу білмеген көшпелі елдің жастарының, балаларының жас басынан өз әлінше зейіндерін тапқыштыққа үйретіп беретін, тәрбиелейтін, тілін шеберлейтін, сөзді үйлестіріп, ұйқастырып айтуға жаттықтыратын сабақ тәрізді болған» дейді ол. С. Сейфуллин балалар әдебиетін әрі жинаушы, әрі зерттеуші болды.

І. Жансүгіров 1927 жылы жарық көрген «Өтірік» атты жинаққа жазған алғы сөзінде: «Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады» - деп түйіндеген.

М. Әуезов «Әр жылдар ойлары», «Ертегілер» деген ғылыми еңбектерінде балалар әдебиетінің арғы төркіні халықтық шығармалар екенін дәлелдеді. Бұл жөнінде М. Әуезовті балалар әдебиетінің тарихы туралы нақтылы тұжырым жасаған ғалым деуге болар еді. С. Көбеевтің жасөспірімдерге арналған «Үлгілі бала» атты кітабы жөнінде 1939 жылы С. Мұқанов әсіресе «Жетім» деген өлеңінің қатты әсер еткендігін атап өткен.

2. Балалар әдебиетінің салаларға жіктелуі.

Педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда «бала» деп атап жүрген жас жеткіншектердің өз араларында үлкен өзгешеліктер бар. Мысалы, бес жастағы бала мен он жастағы баланың мінезі, ұғымы, дүниеге көзқарасы бірдей еместігі мәлім. Осыған орай балалар әдебиеті өз ішінде бірнеше салаға жіктеледі.

а) Мектеп жасына дейінгі балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тыңдаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер, белгілі оқиғаға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемімен, өзін қоршаған, күнде көріп жүрген оқиғалардан алынады. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы келеді. «Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек» деп бес саусақты санату, таныту, тағы сол сияқты баланы ойната отырып күлдіру, күлдіре отырып өмірге үйрету жағы көзделген. Шығарманың жатталуы да қиын болмауы тиіс. Мысалы:

Ал, білек, ал білек,

Балбыраған бал білек

Аулың толы мал, білек

Атқа тоқым сал, білек -

деген сияқты ойнақы болып келеді. Оның жатталуы да қиын емес. Бұл жаста өлең сөздері айрықша әсер етеді. Өйткені, бұл жастағы балалар естігенін жаттап алуға әуес.

ә) Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдебиет. Бұл жеті мен он жастың арасын қамтиды. Жүйелі түрде өтілетін мектеп оқуы, мектеп бағдарламалары бұл жастағы балалар үшін жазылатын көркем шығармалардың білім берерлік және тәрбиелік мәнін тереңдете түсуді талап етеді. Балаға қоршаған айналаны, ортаны толығырақ, кеңірек таныту көзделеді.

Бастауыш сынып оқушылары бұл кезде мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда едәуір білімді, тәжірибелі болады. География мен табиғаттанудан алғашқы мәлімет алады. Отанымыздың бастан кешірген дәуірлері жайында мәлімет ала бастайды. Мектеп өміріне тереңірек үңіліп, қоғам жұмыстарына тез араласып кетуге ынталанып тұрады. Поэзиялық шығармалар, хайуанаттар жайындағы әңгімелер, ертегілермен қатар, енді қиял-ғажайып салт ертегілерді оқуға көбірек көңіл бөледі. Әсіресе, Алдаркөсе мен тазшалар бейнесі, олардың тапқырлығы мен ақыл-айласы, бұл жастағы балаларды таң-тамаша етеді. Қуақы, қызықты етіп жазылған, тапқыр ойға құрылған кітаптарды іздеп жүріп, қолдан қолға тигізбей оқиды. Бұл жастағы балалар үшін өзін қоршаған орта жайлы, табиғат ғажайыптары жайлы, олардың әр алуан тілектеріне, сұрақтарына жауап берерліктей әдемі суреттермен нақышталған ғылыми-фантастикалық көркем әдебиеттер болғаны жөн. Дүние ғажайыптарын танытатын суретті кітапшалардың мол болуының бұл жастағы балалар үшін маңызы зор.

б) Балалар әдебиетінің бұл сатысы он бір мен он үш жас арасын қамтиды. Бұл жастағы балалар көбіне ғылыми-фанетастикалық кітаптар мен саяхатшылар жайындағы және шытырман оқиғаларға құрылған кітаптарды оқуға құмартады. Олар енді ертегілер оқудан гөрі күрделі мәселелерді қозғайтын әңгімелер мен повестер, очерктер мен естеліктер оқуға ден қояды. Өздеріне үлгі, өнеге тұтарлық тұлғалар өмірінен жазылған биографиялық шығармаларды ідеп жүріп оқитындай деңгейге жетеді.

в) IХ-ХI сынып оқушылары өткінші шақтан өтіп, кәмелеттік дәрежеге жетеді. Сондықтан да 15-17 жас арасындағы жасөспірімдер көбінесе үлкендер оқитын шығармаларға әуес келеді. Жоғары сынып оқушыллары өздері оқып жүрген сан алуан пәндер төңірегінде сабаққа пайдасы тиетін шығармаларды іздестіреді.

Қазақ балалар әдебиетінде батырлық, ерлік дәстүр, өнеге тұтқан ұлы өнерпаздар, еңбек ерлері, батырлар, ғылым ашқан ғаламаттар бәрі-бәрі сипатталады.

3. Балалар әдебиетінің басты ерекшеліктері.

Балалар әдебиетінің басты ерекшеліктерін Ш. Ахметов былайша санамалап көрсеткен болатын.

Біріншіден, балалар психологиясын зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеті суреттеліп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды қажет етеді.

Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер алынуы керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру шарт.

Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиған және адам характерін суреттеу әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінезінің әр жақты дамуына қызығады. Одан соң шыққан себептерін іздестіре бастайды.

Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады, оған сүйсініп қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түседі. Пейзаждық сурет - эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі.

Ал көркемдікке тәрбиелеу - баланың ақыл-есінің тез жетіліп, тез дамуына көмектесіп отырады.

Эстетикалық тәрбие көркем өнердің барлық салаларында ұлы шеберлер жасаған аса құнды мұраларды балалардың терең түсінуін, сол шығармалардан рухани ләззат алуын көздейді.

Бесіншіден, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұны, идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын тануға себепкер болуға тиісті. Оларды еңбекке, ғылымға, әр қилы мамандыққа еліктіріп, үлкен істерді орындауға дайындай білуі, оған әуестендіру қажет.

Алтыншыдан, өзінің «Әдебиет туралы» атты еңбегінде: «сөз әдебиеттің негізгі материалы болып табылады. Біздің барлық әсерімізді, сезімімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін - сол» деген болатын М. Горький. Әсіресе, балалар әдебиетіне қойылатын талап та дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл әрі көркем, қысқа да мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әрі әсерлі болуға тиісті. Балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден-бір құрал.

Қорыта айтқанда, балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он жеті жасқа дейінгі оқушыларға әдеби тілде жазылған жоғары идеялы, қызықты шығармалар беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашып, бағыт сілтейді.

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Балалар әдебиетінің өркендеу жолдарында тап болған қиыншылықтар жайлы көзқарасың.

2. Балалар әдебиетінің салаларға жіктелуінің маңызы.

3. Балалар әдебиетінің салаларға бөлінуін интеллект карта әдісі арқылы сипаттап бер.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. - Алматы, 1965.
  2. Қирабаев С. Өнер өрісі. Мақалалар мен зерттеулер. - Алматы: Жазушы, 1971.
  3. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. - Алматы, 1994.
  4. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. 1-кітап. - Алматы, 1997.
  5. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 2005.

2-тақырып. Балалар әдебиетінің қалыптасуы, дамуы, зерттелуі және балалар әдебиетіне тиісті оқулықтар жасау мәселесі

Жоспар:

  1. Қазан төңкерісінен кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.
  2. Қазақ тіліндегі оқулықтар жайлы.

Тірек ұғымдар: Қазан төңкерісі, балалар әдебиеті, оқулық, ақын, жазушы, реалист, демократ.

  1. Қазан төңкерісінен кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.

Қазан төңкерісінен кейін елімізде, бұрынғы Кеңес одағында ғана емес, бүкіл әлемдік деңгейде экономика, саясат, мәдениет пен қоғамдық ой- санада орасан зор өзгерістер болды. Бұл өзгерістер тұтас үдерісті тоқтатып, жаңа әдебиет жасауға кедергі бола алған жоқ. Сол өзгерістер дәуірінде әдебиетіміз қаншама пікірталастарды, түрлі бағыттар мен ағымдар арасындағы қызу айтыстарды басынан кеше жүріп дамыды. Жаңа әдебиет өзіне деген қалыптасқан гуманистік, демокартиялық, ағартушылық, реалистік үрдістерді сақтап, оны одан ары дамыта алды. «Қазақ әдебиеті замана, уақыт, өмір, қоғам, адам тіршілігінің пәлсапасын эстетикалық игеру бағытында халық әдебиеті мен мәдениетінің інжу-маржандарын қолданды. Қазақ халқының сөз өнеріне етене жақындығы, ерекше қабілеті белгілі. Оның дүниені эстетикалық қабылдау, бейнелеу әрекетінің аса еркіндігі, өткірлігі, шеберлігі» арқасында қазақ қоғамдық санасы жоғары көтерілді. Әсіресе, «Ташкентте топтасқан алашшыл ақын-жазушылар мен қайраткерлердің қазақ мәдениетіне 1920-24 жылдары қосқандары мәнді де сүбелі болды. Ұлттық таным-білік интернационализм жетегінде кетпей, елге қажетті біраз дүниелер шығып үлгерді, айтпақ ой-пікірге тежеу салынбады». Сондықтан да ХХ ғасырдың 20-жылдарында әдебиетіміз биік белестерге көтерілді, алуан түрлі ұлылы-кішілі, ірілі-уақты тарих сахнасына шықты. «Өйткені тұрмыс-тіршілік те, сана-сезім де дәуір толқынына кезікті де, ескіні қирату, жаңаны орнықтыру процесі мейлінше қатты жүрді. Бұл - бір. Екіншіден, патша заманында тұншыққан ой-пікірдің демократиялық негізде ағыл-тегіл айтылуына мүмкіндік туды. 20-жылдары ойды тежеу, сақтана сөйлеу, көрбілтелеп айту машығы болмады».

Қазан төңкерісінен кейінгі күрделі оқиғалар мен түрлі әлеуметтік қарама-қайшылықтарғы қарамастан Қазақстанда халықтың мәдениетін жоғарлату мақсатымен білім саласында айтарлықтай елеулі жұмыстар жүргізілді. Кеңес өкіметі құрылған алғашқы жылдардан бастап-ақ оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылып, балалар үшін мектептер ашумен бірге, оларға арналған оқулықтар, әдебиеттер даярлау және оны басып шығару ісі қайта қолға алына бастады.

  1. Қазақ тіліндегі оқулықтар жайлы.

ХХ ғасырдың басындағы балалар әдебиетінің тууына ерекше ықпал еткен жағдайлардың бірі осы оқу-ағарту жұмыстарының, баспа ісінің дамуы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ балалар поэзиясының көрнектi өкiлi - Жақан Смақов
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары
Тұманбай Молдағалиевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Ө.Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолымен ақын даралығы
Балалардың сүйікті жыршысы
Бала тілі поэзиясы
Балалар әдебиетінің атасы
Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz