Тәжірибе мақсаты



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Менеджмент Университет ББМ

Менеджмент мектебі

Өндірістік тәжірибе бойынша
ЕСЕП БЕРУ

Орындаған: студент
ОП 6В11301 - Логистика _____________ Махсотова П.Н.

Тәжірибе жетекшісі
м.н., senoir lecturer _____________ Мусабекова А.М.

Ұйымнан тәжірибе жетекшісі _____________ Мухамеджан А.Д.
ТОО KazAgroExpert

Место печати
организации

Место печати
организации

Место печати
организации

Место печати
организации

Место печати
организации

Место печати
организации

Место печати
организации

Место печати
организации

Место печати
организации

Место печати
организации

Алматы, 2023
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Бөлім 1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Бөлім 2. Материалдық, ақпараттық ағындырдың сипаттамасы ... ... ... ... ... .6
3. Бөлім 3. Кәсіпорынның функционалдық бөлімшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
4. Бөлім 4. Кәсіпорынның логистикалық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
5. Бөлім 5. Кәсіпорынның логистикалық қызметінің негізгі көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...16
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

КІРІСПЕ
Өндірістік практиканы мен Көкшетау қаласында орналасқан "KazAgroExpert" ЖШС-де, логистика бөлімінде 2 қаңтардан 22 қаңтарға дейінгі мерзімде өттім.
Тәжірибені өту объектісі: Сауда-делдалдық ЖШС "KazAgroExpert".
Тәжірибе мақсаты: "KazAgroExpert" ЖШС-де өндірістік практика өтіп, компанияның жұмысын зерделеу негізінде теориялық білімімді жүйелеу, жалпылау және тереңдету, практикалық дағдыларымды кеңейту. Ұйымның жұмысын зерделеу негізінде профильдің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Тәжірибе міндеттері:
Логистикалық салада кәсіби дағдыларды игеру және практикалық мәселелерді шешу. Мысалы, халықаралық тасымалдауларға арналған құжаттар толтыру, арнайы қосымшалар пайдалану, тиімді маршруттар құру және т. б;
Ұжым ішінде практикалық тәжірибе жинақтау;
Компанияның ішкі және сыртқы қызмет жағдайларын зерттеу;
Компанияның логистикалық бөлімшесінің жалпы орнатылған тарифтарымен танысу;
Өндірістік практикадан өту нәтижелері туралы жазбаша есеп дайындау;
Праграмма бойынша тауар-көлік жүкқұжатын ресімдеу (CMR,ТКЖ), халықаралық және ішкі тасымалдарға көлік құралын Della қосымшасы арқылы табуды меңгердім. Жақын арада жеткізілімдерге жөнелтуге арналған компанияның жеке меншігіндегі манипуляторларын бағыттау және қадағалауды ұйымнан тәжірибе жетекшісінің қарауымен қолға алдым. Жүргізушілермен немесе тасымалдау ұйымдарымен келісім-шарт жасауды қарастырдым, мысалы Jet Logistic компаниясы. Тасымалдау кезінде клиенттермен келіссөздерді тікелей жүргізуді үйрендім.
Өндірістік практика бойынша есеп кіріспеден, бес бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған дерексөздер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Бөлім 1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Күн сайын өміріміздің көптеген салаларына агрономия саласы әсер етеді. Сіз жейтін тағамдар, сіз ішетін кофе, көлігіңіздегі этанол негізіндегі бензин, сіз киетін киімнің матасындағы табиғи талшықтары - барлығы агрономия өнімдері және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі. Агрономиядағы тағы бір маңызды мәселе- қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды сақтай отырып, дақылдарды өсірудің тиімділігін білу. Егін өсіру дәстүрлі топырақ, өсімдіктер және арамшөптер туралы ғылымдарды қоса алғанда, агрономия саласы көп жұмыс пен өзара әрекеттесуді қажет етеді, сонымен қатар экология, энтомология, климатология және экономиканы талап етеді.
Ірі фермалардың немесе егістіктердің иелері өздерінің жоғары өнімділігі үшін міндетті түрде ауылшаруашылық техникаларын иеленеді. Мұндай жабдық адамдардың өмірін едәуір жеңілдетеді және аз уақыт ішінде топырақ пен егіннің көп мөлшерін өңдеуге мүмкіндік береді. Тапсырмалардың әр түрі үшін ауылшаруашылық агрегаттарының өзіндік түрлері бар. Ал "KazAgroExpert" мекемесі шаруашылықтардың жұмысын жеңілдетуге қол ұшын созады.
ЖШС "KazAgroExpert"- өсімдіктерді, тұқымдарды және микро тыңайтқыштарды өсіру үшін арналған ауылшаруашылық техникаларын өндіретін әлем бойынша үздік зауыттардың тікелей өкілдері. Қазақстан нарығында ауыл шаруашылығы техникасын сататын компания "KazAgroExpert" өзін әртүрлі жұмыс түрлеріне арналған заманауи топырақ өңдеу техникасының, жем-шөп дайындау техникасының, МТЗ аспалы техникасының және басқа да ауыл шаруашылығы техникасының сенімді жеткізушісі ретінде көрсетті. "KazAgroExpert" компаниясы үнемі дамуға ұмтылады және бүкіл Қазақстан бойынша фермерлермен әлемдік тәжірибемен, озық технологиялармен бөліседі. Мекеме миссиясы Қазақстан мен Орталық Азияда ауыл шаруашылығын дамытуға көмектесу. Табысты клиенттер олардың жетістіктерінің кепілі деп санайды.
Мекеме 2011 жылдан бері Қазақстанның солтүстік жақ өнірінде жайланған Көкшетау қаласында жұмыстарын атқарып келеді және қазіргі уақытта Қазақстандағы Автотехнологиялар зауытының жалғыз диллері болып табылады. Қазіргі уақытта бас және жалғыз кеңселері шығыс өнеркәсіп аймағы, 20-шы өткел, 21-ші құрылыста орналасқан. Мекеменің бас офис кеңсесінде ең үлкен көрме алаңы мен бір гектарлық қойма бар [Қосымша 1]. Сонымен қатар Көкшетау қаласында тағы екі әрекет етуші қоймалары орналасқан, горветка 2, ду-1 және алатау 2в мекенжайларында. Ашылған уақытында компания 8 адамнан тұрды, сол қызметкерлердің барлығы бүгінгі күнге дейін компанияда жұмыс атқарады. "KazAgroExpert" компаниясының негізін қалаушы және бас директоры- Виталий Борко. Бас директордың орынбасары- Станислав Гангало. Техникалық мәселелер жөніндегі директор Курмашев Аскар. Логистика бөлімінің басшысы- Алишер Мухамеджан. 12 жыл бойы Қазақстан Республикасының нарығында белсенді дамып, өз қамтуларын арттырып келеді. Компания Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға елеулі үлес қосатын 100 ға жуық адамдар бар. Компанияның 25-ке жуық жеке қызмет көрсету специалистері [Қосымша 2] мен жақын арақашықтықтарға жеткізулер жасайтын 6 манипуляторлары бар.
Мекеме "Ауыл шаруашылығы" Орталық Азия халықаралық көрмесі-"Agroworld 2022 Qazaqstan", KazAgroKazFarm 2022 халықаралық көрмесі, "AgriTekFarmTek ASTANA 2021" 16 - шы халықаралық көрмесі, Шу қаласында өткізілген Дала күні-2022, "Jańa DalaGreenDay" қазақстандық Дала күні 2022, lepsi 2022 - ауылшаруашылық мал шаруашылығы көрмесі, AgriTek FarmTek 2022 және көптеген басқа көрмелерде белсенді қатысты.
KazАgroЕxpert компаниясы жеткізетін өнім ассортименті: тұқым себушілер, манипуляторлар, шамадан тыс бункерлер, сепкіштер, тұқымдар мен тыңайтқыштарды тиегіштер, бүріккіштер, тыңайтқыш жабдықтары,трактор, аспалы жабдық, астық өлшегіштер, астық тиегіштер, топырақты өңдеу техникасы, астық тазалау техникасы, жем дайындау техникасы, қосалқы бөлшектер.

Бөлім 2. Материалдық, ақпараттық ағындырдың сипаттамасы
"KazАgroЕxpert" компаниясы келесі зауыттармен ресми келісімшартта тұрады: "Автотехнология Зауыты", "БДТ-Агро", "Воронеж Агротехникасы", "Воронеж ауылшаруашылық машиналары зауыты", "Полиплекс", "Белама Плюс", "Омсельмаш", "Анитим", "Алмаз", "Унисибмаш", "Бердянский орақтары", ҮЕҰ СҮР, "PRONAR" [Қосымша 3].
Компания 2011 жылдан бастап зауыттармен тікелей ынтымақтастық туралы ресми келісімдер жасасуға екпін қояды және көптеген Ресей, Беларусь, Польша, Қытай, Украина, сондай-ақ кейбір Қазақстанда өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасы брендтерінің дилерлері болып табылады. "KazАgroЕxpert" компаниясы келесі зауыттармен ресми келісімшартта тұрады: "Автотехнология Зауыты", "БДТ-Агро", "Воронеж Агротехникасы", "Воронеж ауылшаруашылық машиналары зауыты", "Полиплекс", "Белама Плюс", "Омсельмаш", "Анитим", "Алмаз", "Унисибмаш", "Бердянский орақтары", ҮЕҰ СҮР, "PRONAR".
Олар Қазақстанда және ТМД-нің көптеген елдерінде материалы мен дайындалу сапасы және қол жетімділігінің арқасында бағаланады. Мысалы, аса көп Қостанай, Россияның Орал, Белгород, Омск, Воронеж, Алтай және Украинадағы Бердянськ қалаларынан әкелінеді. Қазіргі уақытта соғыс мәселесі бойынша Украинадан ауылшаруашылық техникаларын жеткізу тоқтатыла тұрды. "KazАgroЕxpert" мекемесінің басшылары Белларусия мен Полша елдеріндегі басқа да зауыттармен келісімшарттарды көбейтуді көздеуде. Компания тек өндірілген техниканы тікелей сатып алып қана қоймай, өз қызметкерлерін зауттарға экскурсияларға және оқыту шараларына байланысты іссапарларға жіберіп отырады. Компания әр жабдықтаушыларымен дипломаттық қарым-қатынасқа аса көп көңіл бөледі.
Компания орта есеппен алдында айтып өтілген зауыттардан ауылшаруашылық кәсіпорындарына жеткізетін техниканың көлемін түсіну үшін, мен техниканың бірнеше түрін сипаттағым келеді.
Мысалы, Қытай Халық Республикасынан әкелінетін XCMG LW300FN модельді тиегіші [Қосымша 4]. Машина, әрине, қатты және стильді дизайнмен, сондай-ақ бағасына ұқсас көптеген жақын аналогтары қызғанатын жоғары техникалық жабдықтармен тартады. Агрегаттын жүк көтергіштігі 3000 кг, шелек көлемі 1,8 м3, жалпы өлшемдері 7050*2482*3118 мм, жұмыс салмағы 10600 кг, түсіру биіктігі 2930 мм. Компаниялардың жұмыс істеп тұрған логистерінің деректері бойынша тиегіштің ең жиі сатылымдары, яғни жеткізілімдері Алматы өңірлеріне жасалуда. Олар келесі көрсетілген маршрут бойынша тиелген сәттен бастап 2-3 күн ішінде борты жоқ мега жүк көліктерінің арқасында жүзеге асырылды. Компания және Қазақстанда қалыптасқан тариф бойынша 1 дана тиегіштің XCMG LW300FN моделі Көкшетау қаласынан Алматы облысындағы Сарканд қаласының Қарабөгет ауылындағы КХ Абылкасымов Б. шаруашылығына 700000 теңгеге жеткізілді.

Сурет 1 - Көкшетау қаласынан Алматы облысындағы Сарканд қаласының Қарабөгет ауылындағы КХ Абылкасымов Б. шаруашылығына жеткізу маршруты.

ZMSN-90-21m модельді тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруға арналған астық есептегіштің [Қосымша 5]. жалпы өлшемдері 5970*4150*3850 мм-ді құрайды.
2018 жылдан бастап компания ресейлік Алмаз зауытында өндірілетін ПСК-15 тұқымдық оюының жетілдірілген моделін [Қосымша 6] ұсынды. Жалпы өлшемдері 6500*54002140 (түсіру шнегі жиналған қалпында)*3500 мм.
"KazАgroЕxpert" компаниясы ауылшаруашылық техникаларын барлық Қазақстан өнірлеріне және басқа да ТМД елдеріне жеткізеді. Қазақстанның Солтүстік өңірлерінде орналасқан шаруашылықтарға жеткізулер 50 пайыздай ауқымды құрайды, ал Шығыс Қазақстан облысына, әсіресе Өскемен қаласынан алшақ шаруашылықтарға жеткізілімдер 16 пайызды құрайды. Қазақстанның Орталығына жеткізулер 6 пайызды құрап отыр. Алматы облыс шаруашылықтарына жеткізулер 7 пайызды алса, Оңтүстік өңірлер жалпы жеткізулердің 10 пайызын қамтиды. Батыс региондарына, әсіресе Ақтөбе және Орал қалалар манындағы шаруаларға жеткізілімдер 5 пайызды құрап отыр. Басқа ТМД елдеріне жеткізулер 6 пайызды алып отыр, мысалы Өзбекстан мен Қырғызстан елдеріне. Бұл көрсеткіштер 2022 жылға сәйкес. Келесі диаграммада бұл көрсекіштері анығырақ көре аласыздар.

Сурет 2 - "KazАgroЕxpert" компаниясының Қазақстан облыстарына мен ТМД елдеріне жасалынатын тасымалдардын пайыздық қатынастары.

Бөлім 3. Кәсіпорынның функционалдық бөлімшелері
Кадрлар бөлімі
Бас Директор
Техникалық мәселелер жөніндегі Директор
Директор орынбасары
Даму жөніндегі Директор

Қызмет көрсету бөлімі
Әдіскерлер бөлімі
Қаржы-экономикалық бөлімі

-Қызметкер- лердің сапасын бақылау бөлімшесі
-Мұрағат бөлімшесі
-1- бригада
-2- бригада
-3- бригада
-4- бригада
-5- бригада
-6- бригада
-7- бригада
-8- бригада
-9- бригада
-10- бригада
-Бухгалтерлік есеп бөлімшесі
-Заңгер
-Қаржылық және басқарушылық есеп бөлімшесі

Маркетинг бөлімі
Логистика бөлімі

-Маркетинг және стратегиялық даму бөлімшесі
-Интернет-маркетинг бөлімшесі
-Контент бөлімшесі
-Логисттер бөлімшесі
-Қойма
-Монтаждау бригадасы
-Манипулятор жүргізушілері

Сату бөлімі
-1- ші сату бөлімшесі -3- ші сату бөлімшесі
-2-ші сату бөлімшесі -4- ші сату бөлімшесі

Кестеде көріп отырғаныңыздай мекеме бас директор , директор орынбасары, техникалық мәселелер жөніндегі директордан, даму жөніндегі директордан және 7 негізгі бөлімдерден тұрады. "KazАgroЕxpert" компаниясының бас директоры - Виталий Борко, ал бас директор орынбасары- Станислав Гангало. Келесі бөлімдер компания құрамына кіреді: қаржы-экономикалық бөлімі, логистика бөлімі, сервис бөлімі, әдіскерлер бөлімі, кадрлар бөлімі, маркетинг бөлімі, маркетинг бөлімі, сату бөлімі. Сонымен қоса психологтар, тазалу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлер, қабылдау зона қызметкерлері және т.б. жұмыскерлер компанияның жандануына ат салысады. Әр бөлімге қысқаша тоқтала кетейік.
Қаржы-экономикалық бөлімі бухгалтерлік есеп бөлімшесі, заңгер, қаржылық және басқарушылық есеп бөлімшесінен тұрады. Бұл бөлім мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік және заңгерлік жұмыстарын жүргізу бойынша міндеттемелерді орындайды (тауарлық-материалдық құндылықтарды, өнімді өндіруге, сатуға арналған шығындарды есепке алу, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу). Қаржы-экономикалық бөлімнің басшысы және бас бухгалтері - Мартюк Оксана Вячеславовна.
Менің өндірістік тәжірибем бойынша мен логистика бөлімшесінде негізгі уақытымды өткіздім және логист қызметкерлерінің көмекшісі болдым. Логистика бөлімшесінде 7 қызметкер жұмыс атқарады. Логистика бөлімінің басшысы-Мұхамеджанов Алишер. Қазақстан аумағы бойынша тасымалдауға жауапты логистер - Адильбеков Азат, Алдабергенов Қайрат, Нурланова Нұрия. Басқа елдердің импорты және экспорты үшін Продиус Оксана, Копцева Евгения, Амантаев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар потологиясы - зертханалық жұмыстар
Зар заман әдебиеті мен Алаш ұранды әдебиеттің сабақтастығы
Натрий сульфаты ерітіндісінін электролизі
СТУДЕНТТІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ-ТІРКЕУ КІТАПШАСЫ
Озат педагогикалық тәжірибе
Қазақ тілін оқытуда жобалап оқыту технологиясын қолдану
Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары
Жас ерекшелік топтардағы тәрбиешінің дербес іс-әрекеті
Көк түсті ерітінді
ХХі ғ. мектебінде оқу – тәжірибелік учаскені ұйымдастыру: проблемалар мен оларды шешудің мүмкіндіктері
Пәндер