Жазушы шығармаларындағы ұлттық рух мәселесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мектептің толық атын жазу керек

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4.2 Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы

Орындаушысы: маповл
Жетекшісі: япврвоа

Тараз 2023 жыл

МАЗМҰНЫ
І Кіріспе
ІІ Зерттеу бөлімі
2.1. Ұшқан ұя повесіндегі ұлттық таным мәселесі
2.2. Жазушы шығармаларындағы ұлттық рух мәселесі
ІІІ. Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Аңдатпа. Зерттеу жұмысында қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі, екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының шығармашылығындағы ұлттық таным және ұлттық рух мәселелеріне байланысты көзқарастары мен ой-пікірлерінің құндылығы көрсетіледі. Сондай-ақ жазушының Ұшқан ұя және басқа да шығармаларындағы бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесіне үлкен үлес қосатын ұлттық кодтарды табуға қадамдар жасалады.
Түйін сөздер: Бауыржан Момышұлы, ұлттық таным, ұлттық рух, жасұрпақ тәрбиесі, рухани жаңғыру

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жаһандық құндылықтар маңызы жоғарылап, ұлттық-мәдени құндылықтардың әлсіреу қаупі тұрғанда және тұста ұлттық рух, ұлттық таным мәселелерін пысықтау қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ жаңаша өмір сүру мен ойлаудың ғаламдық үрдістеріне ден қоя бастаған жастардың санасында елдіктің, рухани өрлеудің, ұлттық жаңғырудың ұстанымдарын бекіту - мемлекеттілігіміздің кепілі, болашағымыздың тірегі екені шүбәсіз. Бүгінде елімізде Рухани жаңғыру бағдарламасы қабылданып, ұлттық құндылықтарымызға бет бұрып, мәдени-тарихи мұраларымыздың құндылығын қайта қарастырып, зерттеу үрдісі қолға алынды. Дәл осы тұста халық жадында өзінің нар тұлғасы мен патриоттылығы, рухани болмысымен сақталған Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлының шығармаларының маңызын ерекше атап өтуіміз керек. Ұлттық тәрбиеден нәр алып, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп өскен адам ғана толық адам ретінде биік дәрежеге көтеріліп, өмір сүріп отырған ортасында өз орнын нақтылайды. Сондықтан да, қазіргі жас ұрпақтың бойында ұлттық рухын оятып, отаншылдық санада тәрбиелеуде өз елінің патриоты, рухшыл, тіл жанашыры Б. Момышұылының шығармаларының берері мол екені сөзсіз.
Зерттеудің өзектілігі. Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы ұлттық таным мен ұлттық рухтың қайнар көздерін ашу, шығармаларының өн бойында мақал-мәтел, афоризмдер, жазушының ой тұжырымдары арқылы өрілген құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне үлгі етіп көрсету зерттеуіміздің өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Зерттеу жұмысында Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя және басқа да шығармаларындағы ұлттық рух және ұлттық таным мәселелерін талдап, бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесіне үлкен үлес қосатын ұлттық кодтарды табу жұмысымыздың мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес, келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
1. Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесіндегі ұлттық таным мәселесін зерделеу.
2. Халық қаһарманының шығармаларындағы отаншылдық, ұлтжандылық, ұлттық рух секілді кодттарды анықтап, Жаңа Қазақстаннның ұрпағын тәрбиелеуде тигізер пайдасын талдау

ІІ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Ұшқан ұя повесіндегі ұлттық таным мәселесі. Б. Момышұлының аты аталғанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді. Бірі - батырдың, екіншісі - жазушының бейнесі. Бойынан осы қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Бауыржан Момышұлы халқының асқан ардақтыларының бірі болатыны анық еді деген пікірдеміз. Себебі, Бауыржан Момышұлының тұғырлы тұлғасында батырлық пен жасампаздық сипат бір - бірімен ғажап бірлік тауып, тұтастыққа айналған.
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген. Ол 1928 жылы жеті жылдық мектепті бітірген соң, екі жылдай бастауыш мектепте мұғалім, одан кейін Жуалы ауданының атқару комитетінің жауапты хатшысы, біраз уақыт Жуалы ауданының милиция бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді. 1931-1932 жылдары Шымкент өнеркҽсіп банкінде қызмет істеп, Леңгір шахтасында, Ащысай кенінде қызмет етеді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы № 1 (36), 2015 248 1932 жылы кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Ленинград қаржы академиясында білім алады. 1936 жылы қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі ҽскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан Момышұлы даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 - атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, батальон, полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдарында тоғызыншы гвардиялық дивизияны басқарады. Ол Ұлы Отан соғыынан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары Әскери Академиясына 1946 жылы түсіп, 1948 жылы толық курсын бітіріп шығады. 1950 жылдан әскери - педагогикалық жұмыспен шұғылданып, Кеңес Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан Момышұлы біржола шығармашылық жұмыспен шұғылдануға бет бұрады.
Соғыс кезінде Б.Момышұлы офицерлік жазба күнделігіне көргені мен түйгенін, өзіндік ойларын түсіре бастайды. Атап айтсақ, Москва үшін шайқас атты повесінде Б.Момышұлы: Ол күндер - қатал да қаһарлы күндер еді. Халықтың намысы жолында қиян-кескі соғыс жүріп жатты. Әлдеқалай болады деген арпалыстағы сағаты еді. Ер жүрек осылайша қинала соғып, әр жүзден мейірімсіз жауға деген қаһарлы айбат туды. Жұрттың бҽрінің қабырғасы қайысты. Сондықтан да жаным - арымының садағасы деген ата дәстүрін ұстап, өлім қаупіне бас байланды. Өйткені, ар кіндігі - артымыздағы Москвада еді. Москва үшін шайқас осылай басталды [1, 228 б.]. Бұл алғашқы шығармашылық қасиетінің белгі бере бастауы деп ойлаймыз. Сондықтан да шығармашылық тұлға ретінде өзгелерден ерекшеленетін оның қаһармандық ерлігі мен ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігі өзіндік шығармашылық өзгешелігі ретінде көзге түседі.
Оның өнегелі өмір жолы, әскери портреті талай қаламгердің қаламымен өрнектелгені белгілі. Олардың ішінде әдеби көркем шығармалармен қатар естеліктер, ғылыми еңбектер де кездеседі. Бұл тақырыпқа А. Бек, А. Кривицкийден бастап, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ш.Мұртаза, Е.Ысмайылов, Ә.Нұршайықов, Ш.Елеукенов, М.Мырзахметұлы, Б.Момышұлы (ұлы), З.Ахметова, М.Қалдыбаев т.б. ғалым-жазушылар қалам тербеп, батыр бейнесін сомдауда үлкен еңбек сіңірді.
Біз Бауыржан Момышұлының ұлттық рух пен ұлттық таным мәселелерін өзек еткен Ұшқан ұя шығармасын зерттеуіміздің нысаны ретінде алып отырмыз. Бұл Бауыржанның тұңғыш туындысы, қазақ әдебиетіндегі шаттығы биік шығармалардың бірі.
Белгілі ғалым-сыншы М.Қаратаев сөзімен келтірсек: Бұл Бауыржанның балалық шағын баяндаған, өскен, тәрбие алған ортасын суреттеген өмірбаяндық шығармасы. Ұшқан ұяда Бауыржан Момышұлының өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть жазушының өзіне тән суреткерлік келбетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік - жазушыға көптен-көп қажет қасиеттер. Қалың халық ортасында, қарапайым семьяда туып өскен, жастай шешесі өліп, ақылды ана, қарт ана, үлкен шешесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскенін көреміз. Бала кезінен көрген-білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген тәрізді де, қар суындай бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан түпкіріне іркілген қор есейген шағында, өмірдң ауыр кешуінен өткен шағында бұлақ суындай қайнап, бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді. Ұшқан ұяны қызығып оқисың, сүйсініп оқисың. Бауыржанның жастық шағын өз басыңнан өткергендей сезімге бөленесің [2, 339-340]. Біздіңше, бұл тұжырым - көрнекті туындылардың бірі Ұшқан ұяға берілген әділ баға.
Ұшкан ұя повесі мемуралық жанрдағы шығарма ретінде жазылғанмен, ол проза денгейіне көтерілген ұлттық сипатта жазылған нағыз көркем туынды.
Б. Момышұлының ұғымында өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан, баршаға бауырмалдық шықпайды, өйткені ол ұлтты сүюдің не екенін білмейді дей келіп, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді күшейту үшін, ұлттық тәрбиені қалпына келтіру керектігін атап көрсетеді.
Ұшқан ұя - Бауыржан Момышұлының балалық шағы туралы жазған кесек туындысы. Ұшқан ұя сан қырлы, алуан бедерлі, айтарлықтай күрделі шығарма. Бір қарағанда ол анау айтқандай көлемді дүние емес, бірақ кішкентай ғана қара тас, атан түйе көтере алмастың дәл өзі. Бауыржанның өзі оған ен тақпаған, жанр жамамаған, Біздің отбасы деген де қойған. Оны орыс тілінен қазақша аударған Тұтқабай Иманбеков Ұшқан ұя деп атаған. Бауыржанның бұл шығармасы алғаш рет 1956 жылы орыс тілінде Ресейдің Калинин қаласында жарық көрді. Бұл шығарманың ұлттық сипаты оның алғашқы беттерінен-ақ аңғарылады. Бауыржанның атасы Имаштың, әжесі Қызтумастың нағыз қазақы қалпымыздың қалыбынан шыққан. Бауыржанның әжесі аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен, ал атасы қазанның түп күйесіндей қара болыпты. Әжесі немерелерін жиіркенбей сүйетіндей болып туғанын қалап, балаларын ай көрікті, ақ перизатқа үйлен деген талап қаяды. Содан да ұлының үлкені - Имаш 33 жасында бірақ үйленеді. Қазақ перзентінің бәрін жақсы көрген, бірақ ұл баланың жөні бөлек болған. Әбден күттіріп барып дүниеге төрт қыздан кейін Бауыржан келеді. Одан кейін жоғарыда айтып өткеніміздей Бауыржанға атасы Имаш бата береді. Үш айға толғанда өсиет айтады. Бауыржан Имаш бабасының біріншісін бата, екіншісін өсиет деп біледі. Екеуі де сағынтып дүниеге келген ұлдың жақсы азамат болуына арналып айтылған тілек.
... Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен.
- Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді, - депті шешем ізетпен иіліп. Атам еміреніп мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем - құл болма,
Шыбық деп берсем - шіл болма.
Бәрінен де, шырағым,
Баяны жоқ ұл болма, - деп келініне мені қайтарып берген екен [3, 3 б.], - дейді жазушы өз шығармасында. Бауыржанға атасының батасы дарып, өсиет-тілегін орындаған азамат болып өседі. Шығарманың осы жолдарынан қазақтың ұлттық танымындағы үлкендерден бата сұрау дәстүріне куә боламыз. Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген. Өйткені батаның адам өміріне тигізер әсері зор болғаны тарихтан белгілі. Сенімге негізделген батада айтылған әрбір сөздің қабыл болатынына халық ешқашан күмән келтірмеген.
Ұшқан ұяда автор адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы мәселесіне ерекше мән берген.
Оны Қабылбек пен Текебай би арасындағы дау-дамай арқылы жеткізеді:
- Менің күшігім саған қарап шәуілдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелі келдім алдыңа. Кешіремісің, сірә! - депті. Мына сөзден Қабылбектің қабырғасы сөгіліп, қалбалақтап атынан аунап түседі:
- О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті білем. Аға болсаң да сені мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені? Бұл әдепсіздігім бүкіл әулетімізге таңба болатын болды ғой, ой әттеген ай. Ат шапан айып сенен емес, менен, ақсақал! - деп үстіндегі зерлі шапанын шешіп, Текебайдың иығына жауыпты [3, 8 б.].
Көркем өрілген диалогтан суреткер шеберлігі ғана емес, ұлттық болмыстың тұтас бітімі көрінетіндей. Үлкенді сыйлау - қазақ халқында ежелден бір қалыптасқан жақсы дәсүрдің бірі, қазақтың қанына сіңген қасиет. Ал, бүгінде өкінішке орай бұл қағиданың өзгеріп жатқаны шындық. Мысалы кейбір жерлерде той-томалақтарда лауазымы мен қызметі жоғары адамдарды төрге отырғызатын болған. Ал үлкен ақсақал қарияларымыз босағаға жақын жерден орын алады. Сонымен қатар, жасыратыны жоқ, көпке топырақ шашпайық, бірақ, қазіргі таңда үлкендерді сыйламайтын жастардың қатары да күннен-күнге артып жатыр. Сайып келгенде, мұның бәрі ұлттық салт-сана, таным-түсініктің арқау жібі босап, көмескіленіп бара жатқандығынан туған білместіктер.
Қабылбектің өзінен жасы үлкен Текебайдың сөзін аттан түспей тыңдағаны үшін өзін айыпты санап, кешірім сұрап, үстіндегі зерлі шапанын жабуы үлкен ізет-құрметтің белгісі.
Автор Ұшқан ұядағы оқиғаның түп өзегін әже бейнесі арқылы өрбітеді. Туындының өн бойында әже образы - тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі ретінде суреттелген. Отбасының ғана емес, ауылдың ақылшысына айналған әже бейнесін автор ерекше бір тебіреніспен, сүйіспеншілікпен бейнелеген. Әуезді әуенімен әлпештеген әже әлдиі де қаламгердің жүрегінде мәңгілік сақталған. Жазушы өз өмірінің темірқазығына айналған тәлімнің тектілігінің негізі ертегі мен көне әңгімелерден қаланғанын жас ұрпаққа өнеге етеді. Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертегі айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанында құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын [3, 11 б.] - деп қамығуында терең психологиялық астар бар.
Әжем малдың тілін ұғуды үйретуші еді. - Қозы маңырайды, бұзау мөңірейді, құлын кісінейді, бота көзі мөлдіреп аңсайды, қодық ақырады...
Әжем маған зұлым қасқыр, жымысқы түлкі, дәрменсіз қоян, сүйкімді құс, сұрапыл сұңқар жайлы ертегілер айтатын... [3, 14 б.]
Бүгінде қазақ сол ғасырлар бойғы ұлы құндылықтан ажырап, бүгінде сәбиін әлдилеп тербететін, ән айтып еміренетін әжелер азайды, бесік жырын білмейтін аналар көбейді. Заман ауысты ма, әлде адамның сана сезімі өзгерді ме, қалай десек те, бар нәрсені ертегі айтып жақсылыққа жоритын әжелеріміз сиреп бара жатыр. Балам балдан тәтті, немере одан да тәтті деп халық даналығы айтқандай, ата мен әже үшін немеренің орны бөлек. Бір сөзбен айтқанда, әже немересін жырмен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен еліткен. Зередей зерделі де ұлағатты әжеден аңыз-әңгімелер мен жыр-дастандар тыңдап өскен бала Абай дана Абайға, қазақтың ұлы ақынына, зор тұлғаға айналды. Ал Айғанымдай әженің өнегесін көріп, тәрбиесін алған Шоқан кім болды? Қызтумас әжесінің ертегісін құлағына құйып, бала қиялын шыңдап өскен Бауыржан бала болашақта кім болды? Осындай мысалдардан-ақ ата мен әженің тәлімді тәрбиесін алған сіздің балаңыздың да күні ертең еліне елеулі, халқына қалаулы жақсы азамат болмасына кім кепіл? Бүгінде бала бағып шаршағанбыз, немерені бақпаймыз деген әжелер көбейді. Өз немересін, өзінің артынан ерген ұрпағын тәрбиелеуден қашқаны ма? Жас келіндердің көбі қомақты қаржыға жалдамалы тәрбиеші іздейтіні жасырын емес. Әрине, көпке топырақ шашуға болмас. Дегенмен, бүгінгі әжелердің көпшілігі немерені қызметпен, басындағы орамалынан, ақ жаулықты кимешегінен айырылып, бір сөзбен айтсақ бүгінгі заманға бейімделген современный әжелердің қатары қалың. Көшеде немересін жетелеп бара жатқан әжені көріп қуанасың, алайда немересімен шүлдірлеп орысша сөйлесіп бара жатқан әңгімесін тыңдаған соң көңілің түседі. Бұнда балаға берілетін ұлттық рух, ұлттық таным мәселесі туралы сөз де қозғай алмайсың. Қазіргі экономикалық жағдайға байланысты жас аналардың балаларын балабақшаға беріп, әже мен немере арасындағы қарым-қатынастың алшақтауынан болып отыр.
Дала философиясында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше болған. Повестің өн бойынан аңғарылатын автор позициясы да осы қастерлі ұғымды үнемі алға ұстайды. Әкесінің баласын үлкенді сыйлау, сәлем беру дағдысына қалай тәрбиелегені шығармада шынайы көрініс тапқан. Үлкендерге амандасу рәсімін меңгерту нәтижесінде олардың аузынан бала Бауыржанға жақсы азамат, жігіт болып қалыпты деген көтерме баға берудің өзі тек жақсы болуға жетелеу екенін танытады. Әкесінің бала Бауыржанға шежіре жаттатқызуы да - тамыры терең тәрбие тиегінің ағытылуы.
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
- Кімнің баласысың? - деп сұрайтын ол.
- Мен Момыштың ұлымын.
- Момыш кімнің баласы?
- Момыш - Имаштың баласы.
Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген [3, 14 б.], - деген жолдар бала тәрбиесіндегі әкенің рөлінің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Жеті атасын білген ұл жеті жұрта жөн айтар деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу - ер-азаматты ерлікке, елдікке баулиды деп ұққан. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі-жұрты үшін еткен ерлігі, өнегелі істері жайында әңгімелеп берген. Осы арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көзделген.
Сан ғасырлар бойы сақтап, ұрпаққа ауысып келе жатқан айтулы ата дәстүріміздің сырттан келген кірме дәстүрлердің кұрбаны болып кеткенін де жазушы өте нәзік астармен жеткікізеді: Қаншаға келдің, қарағым, ...деп қай баладан сүрасаң да, өз жасын мақтанышпен айтатыны мэлім. Қазір жыл сайын баланың туған күнін тойлау - дәстүрге сіңіп қалған әдет. Ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
Жазушы Қуандық Түменбайдың шығармашылығы
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ - МӘДЕНИ СТЕРЕОТИП
Мифтік ұғымдар және әдебиет
Оралхан Бөкей шығармаларындағы аңыздық желі
Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДІНТАНЫМДЫҚ ЛЕКСИКАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Міржақып Дулатұлының өмірлік ұстанымдары
Пәндер