ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПІРІМҚҰЛОВА ЖАНЕРКЕ АБАЙҚЫЗЫ

XIX ҒАСЫР АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КӨРІНІСІ

д и п л о м Д Ы Қ Ж Ұ М Ы C

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиетi

Шымкeнт 2022

Ф. 7. 06-02

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

«Қорғауға жіберілді»

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі

ф. ғ. к. Байғұтова Д. Н.

“ ___” 2022ж .

XIX ҒАСЫР АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КӨРІНІСІ

д и п л o м Д Ы Қ Ж Ұ М Ы C

5В011700 - Қазақ тілi мен әдебиеті

Орындаған Пiрімқұлова Ж. А.

Ғылыми жeтeкшіcі

ф. ғ. к., Жаппaрқұлова А. А.

Норма бақылаушы Қайырбекова Ұ. Ж.

Шымкeнт 2022

Ф. 7. 06-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті

Дипломдық жұмысын орындау үшін

ТАПСЫРМА

Білім алушы Пірімқұлова Жанерке Абайқызы

Дипломдық жұмыс тақырыбы: XIX ғасыр ақындарының шығармашылығындағы әлеуметтік мәселелердің көрінісі

Жоғары оқу орны бойынша «» 2021 ж. №бұйрықпен бекітілген.

Дипломдық жұмысқа қажетті мәліметтер: Ғылыми - зерттеу еңбектерінен тақырыпқа қатысты материалдарды жинау; Жинақталған материалдарды жүйелеу, топтастыру; эксперимент арқылы зерттеудің тиімділік сипатын анықтау, оларды салыстыру арқылы нәтижесін шығару.

Дипломдық жұмысының қысқаша мазмұны:

КІРІСПЕ. Жұмыстың өзектілігі, зерттеу жұмысының нысаны, зерттеу әдіс-тәсілдері, дерек көздері, жаңалығы мен алынған нәтижелері, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар мен жарияланымдар көрсетіледі.

1 - тарауда ХІХ ғасырдағы әлеуметтік мәселелер мен ақындар шығармашылығындағы орын алған көріністер қарастырылуы тиіс. Тарихи оқиғалар мен шығармалардағы байланыстар жан-жақты ескерілуі керек. Ақындар шығармаларының ерекшелігі мен жазылу стилінің айырмашылығы қарастырылуы тиіс. Ақындар мен жыраулардағы көтерген әлеуметтік мәселелері қарастырылуы тиіс.

2 - тарауда ХІХ ғасыр ақындарының көтерген ауқымды әлеуметтік мәселелерінің өлең жолдарында көрініс тапқаны жайлы талдаулар қарастырылуы керек. Зар заман ақындары мен ХІХ ғасырдың екінші жартысында келген демократиялық ағартушылық өкілдерінің шығармалары салыстыру қажет. Ақындар шығармаларының ерекшеліктеріне назар аударылып, стилдік өрнектерді ажыратып қарастырылу тиіс.

Қорытындыда ХІХ ғасырға тән қазақ әдебиетіндегі ақындар шығармашылығындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар жайлы нақты тұжырымдар берілуі тиіс.

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

1 Әуезов М. Әдебиет тарихы, -Алматы, 1991ж

2 Жұмалиев Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. -А., 1967

Ф. 7. 06-03

3 Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. - Алматы: «Ана тілі», 1992

4 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап. - Алматы: «Қазақ университеті», 2001

5 Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 4 том. - Алматы 2005

6 Омаров Б. Зар заман поэзиясы. -А., 2000

7 Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны. Шығармалары. А:Жазушы, 1989

8 Мұқанов С. Қазақтың ХVIII, ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. -Алматы, 2001ж

9 Мәдібай Қ. ХІХ ғасыр әдебиеті (1, 2 кітаптар. -Алматы 2001, 2004 ж. )

10 Байтұрсынов А. Әдебеиет танытқыш Ақ жол. -А., 1991

Жұмыстың әр бөліміне қатысты кеңесшілері

Бөлім
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Бөлім: Кіріспе
Кеңесші: Жаппарқұлова А. А.
Мерзімі: Желтоқсан, 2021
Қолы:
Бөлім: І тарау.
Кеңесші: Жаппарқұлова А. А.
Мерзімі: Ақпан, 2022
Қолы:
Бөлім: ІІ тарау
Кеңесші: Жаппарқұлова А. А.
Мерзімі: наурыз, 2022
Қолы:
Бөлім: Қорытынды
Кеңесші: Жаппарқұлова А. А.
Мерзімі: Сәуір, 2022
Қолы:

Диплом жұмысы дайындығының графигі

Бөлімдердің атауы, өңделетін сұрақтардың тізімі
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескерту
№: 1
Бөлімдердің атауы, өңделетін сұрақтардың тізімі: Кіріспе
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: Желтоқсан, 2021
Ескерту:
№: 2
Бөлімдердің атауы, өңделетін сұрақтардың тізімі: 1 ХІХ ғасырдағы қазақ халқы әдебиетінің тарихындағы шиеленіс кезеңі
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: Ақпан, 2022
Ескерту:
№: 3
Бөлімдердің атауы, өңделетін сұрақтардың тізімі: 2 ХІХ ғасырдағы әдебиеттің шынайы рухы, ұлттың азаттығы жолындағы шығармалар
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: Наурыз, 2022
Ескерту:
№: 4
Бөлімдердің атауы, өңделетін сұрақтардың тізімі: Қорытынды
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: Сәуір, 2022
Ескерту:

Тапсырманың берілген уақыты: 08. 10. 2021 ж.

Кафедра меңгерушісі ф. ғ. к. Байғұтова Д. Н.

Дипломдық жұмыс жетекшісі ф. ғ. к.,

аға оқытушы Жаппарқұлова А. А.

Тапсырманы алған білім алушы Пірімқұлова Ж. А.

Ф. 7. 06-03

Дипломдық жұмысты орындау бойынша күнтізбелік жоспар

Тақырып: XIX ғасыр ақындарының шығармашылығындағы әлеуметтік мәселелердің көрінісі

Реттік №
Кезеңдер атауы
Орындау мерзімі, ескерту
Реттік №: 1
Кезеңдер атауы: Тақырып бойынша әдебиет таңдау, оқу
Орындау мерзімі, ескерту: Қыркүйек, 2021
Реттік №: 2
Кезеңдер атауы: Жұмыс жоспарын жасау
Орындау мерзімі, ескерту: Қазан, 2021
Реттік №: 3
Кезеңдер атауы: Тәжірибелік мәліметтер жинау және қалыптастыру
Орындау мерзімі, ескерту: Қазан-қараша, 2021
Реттік №: 4
Кезеңдер атауы: Теориялық және тәжірибелік мәліметтерді талдау, зерттеу тұжырымдамасын жасау
Орындау мерзімі, ескерту: Желтоқсан, 2021 - наурыз, 2022
Реттік №: 5
Кезеңдер атауы: Нәтижелерді қорытындылау, ұсыныстар беру
Орындау мерзімі, ескерту: Наурыз, 2022
Реттік №: 6
Кезеңдер атауы: Рәсімдеу, таза түрде жазу, графиктер, диаграммалар, кестелерді орындау, пікір және сын-пікір алу
Орындау мерзімі, ескерту: Сәуір, 2022
Реттік №: 7
Кезеңдер атауы: Жұмысты кафедраға өткізу
Орындау мерзімі, ескерту: Сәуір, 2022

Тапсырманы беру уақыты 08. 10. 2021 ж.

Жетекші: Жаппарқұлова А. А.

Студент: Пірімқұлова Ж. А.

Ф. 7. 06-03

Мазмұны

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР . . . 7

АНЫҚТАМАЛАР . . . 8

КІРІСПЕ . . . 9

  1. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС. . . 11ХІХ ғасырдағы ақындардың шығармаларындағы әлеуметтік мәселелер тақырыбы . . . 11Зар заман ақындарының шығармашылығы және ерекшелігі . . . 23
  2. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ӘДЕБИЕТТІҢ ШЫНАЙЫ РУХЫ, ҰЛТТЫҢ АЗАТТЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАЛАР. . . 37ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы дүниеге келген демократиялық ағартушылық әдебиет . . . 37ХІХ ғасырдағы ұлттық сөз өнерінің даму ерекшеліктері . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы (22. 12. 2016 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен) ;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (13. 05. 2016 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) ;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі (28. 01. 2016 ж. өзгертулер және толықтырулармен) ;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі (16. 11. 2016 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) ;
  • Мемлекетаралық стандарттар: МЕМСТ 7. 32-2001 (2006 жылғы өзгерістермен) . Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Құрылымы мен ресімдеу ережелері;
  • МЕМСТ 7. 1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама.
  • Дипломдық жұмысты жазуға және безендіруге қойылатын жалпы талаптар туралы. Ереже. СМЖ ОҚМПУ Е 7. 06-2021.

АНЫҚТАМАЛАР

Теңеу - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын екінші бір нәрсемен салыстыру арқылы көрсететін көркемдік ұғым.

Метафора (грек metaphora - ауыстыру) - троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.

Деталь-көркем шығармада белгілі бір мән-мағыналық, идеялық-эмоциялық жүк көтері тұрған көркемдегіш құрал. Мұндағы өлеңдегі детальды сөзге «Дұшпан -тазы, біз- түлкі» сөзін алуымызға болады.

Портрет - көркем шығармадағы кейіпкердің болмыс-бітімі, ұлттық бейнесі, шынайы мінез-құлқы. Әлем әдебиетіндегі портрет бірталай туындылардың кеңінен танылуына үлкен себепші болса, қазақ әдебиетіндегі әдеби портреттер де ұлттық бояуға қанық, шығарма кейіпкерінің негізгі бет-пердесі болып табылады.

Символ- көркем бейне мен ұғымның арасындағы екеуінің де қызметін атқара алатын атау. Алайда символ ұғымнан көрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден көрі нақтылы мәнге ие. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады.

Эпитет (грек. epіtheton - қосымша) - заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады.

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақ әдебиетіндегі ХІХ ғасыр шығармашылығының алатын орны ерекше. Бұл кезеңнің алғашқы тұсынан-ақ, қазақ поэзиясында қоғамдық тұрмысты, ондағы көзге анық көрінген қайшылық тұстары, халық пен билік арасындағы теңсіздіктер, қазақ халқының езгіге ұшыраған әділетсіздік тұстарын суреттеуге нақты бетбұрыс жасалды. Жыраулық әдебиеттің мектептері, қазақ әдеби дәстүрі уақыт талаптарына сәйкес соқпақтарға ойысып отырды. Саяси тақырыптар, қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, қоғамдағы күнделікті болып отырған қарама-қайшылық жақсылы-жаманды көріністер тікелей қазақ әдеби шығармаларының ең өзекті сарынына айналып, өзекжарды мәселелерге ұласып отырды. ХІХ ғасырдағы қайта жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланып отырды. Көркем әдебиет пен әлеуметтік-саяси құбылыстардың ұштасуы, сонымен бірге қазақтың ұлттық әдебиетінің халықтық қасиеті алғаш рет ғылыми түрде негізделіп, негізгі заңдылықтар мен басты ерекшеліктері көрініс тапты. Көптеген ақындардың жазған мұралары қайта қаралып шықты. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет сахнасында Көтеш Райымбекұлы, Шортанбай Қанайұлы, Дулат Бабатайұлының көптеген шығармалары толық сараланбай, жете зерттелмей келген болатын. Ал бертін келе зерттеу барысында олардың шығармашылығына толық назар аударылды. Сонымен қатар Шал Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың шығармалары арнайы жекелеп талданды. ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінде қазақ халқы жайлы жаңа әдебиет жазыла бастады. Қазақ әдебиеті жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғысынан жаңаша түрлеп, шығармалардың тақырып аясы жаңаша кеңейе түсті. Әдеби процестің осынау заңдылықтары қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік жағдайымен бірдей сабақтастыра қарастырылды. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі орны бөлек, дәстүрі берік, шығармашылық мазмұны жағынан бай кезең болып есептеледі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті шығармаларының негізгі сарынын көрсету. Шығармалардың әдебиет тарихындағы маңыздылығын арттыру.

Зерттеудің нысаны. Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанына ХІХ ғасырдағы ақындар шығармаларындағы көтерген әлеуметтік мәселелер мен арқау болған тақырыптардың өзектілігі, жазған жұмысыма арқау етіп алынды.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті поэзиясын зерттеу;
  • Сол салада еңбек еткен әдебиет өкілдерінің еңбектерін дәріптеу;
  • ХІХ ғасырдағы өнер, білім тақырыптарына шолу жасау;
  • Ақындар шығармалары арқылы көрсетілген тарихи оқиғаларды зерттеу.

Зерттеу пәні : ХІХ ғасырдағы ақындар шығармашылығы мен орын алған тарихи факторлар.

Дипломдық жұмыстың дереккөздері . Дипломдық жұмысты жазу барысында зар заман ақындарының еңбектері, ақындар жайлы тарихи зерттеу кітаптары, қазақ баспасөз беттерінде жарияланған талдаулар, ақындардың авторлық кітаптары.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері . Зерттеу жұмысын жүргізу барысында тіл білімінде қолданып жүрген сипаттау, салыстыру, анализ(талдау), композициялық талдау, мінездеме жасаудың әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілдерінің шығармаларымен толыққанды танысып шығу, сол замандағы тарихи факторлар мен ақындар шығармаларының арақатынасы, сондай-ақ шығармалардың толыққанды зерттелу жолдарын ашу.

Дипломдық жұмыста ұсынылған тұжырымдар мен пайымдаулар, алынған нәтижелер зерттеп отырған ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулардың шығармалары мен ерекшеліктеріне тоқталып, оларға талдау жасау жұмыстары да қарастырылған.

Диплом жұмысының мақұлдануы мен жариялануы . Дипломдық жұмыс жыл сайынғы өтетін студенттердің конференциясында талқыланып, мақұлданды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімді құрайтын екі үлкен тараудан, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС

1. 1 ХІХ ғасырдағы ақындардың шығармаларындағы әлеуметтік мәселелер тақырыбы.

ХІХ ғасырдың ең алғашқы тұсынан бастап-ақ қазақ әдебиетіндегі шығармаларда қоғамдық тұрмыcты, оның көзге анық көрініп тұрған кемшілiктері мен қайшылықтарын, адам мінезіндегі сан қилы сипaттар мен олардың арасындағы теңсiздік, әділeтсіздік, қорғансыздық жайларын суреттеугe нақты бетбұрыс жасалып бастады. Жыраулық әдебиет мектептері, әдеби дәстүрдің уақыт талаптарына сәйкес соңы көркемдік соқпақтарға айналды. Қазақ поэзиясының бұл ғасырда шарықтап өркендегені соншалық: Атырау, Сыр, Есіл, Нұра, Ертіс, Жетісу бойы, Қаратау, Ұлытау, Алатау, Шыңғыс баурайларынан және тағы басқа жерлерден кездескен белгілі ақындардың өзі көптеп саналады. Олар әр алуан ақындық өнер мектебін, шеберлік мектебін жасап шығарды. Осы бір уақыттағы елдік-құрылымдық күйреулер қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік сарынын біржолата басқаша бір арнаға бұрған еді.

ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өкiлдері: Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Мұрат, Әбубәкiр, Бұқaр, Ыбырaй, Абай, Сегіз серi т. б. Қазақ далaсындағы ХІХ ғасырда патшaлық ресей отарлаушыларынің жүргiзген саяси-әлеуметтік өктемдіктері мен басқарудың жүйесіндегi реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдердегі қазақ әдебиeті шығармаларынан да молынан көрініс тапты. Көзі ашық, көкірeгі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би-шешeндердің көп бөлігі ұлттың мұңын, ұлттың келeшегін болжаған күңіренiсті көзқарастарын тoлғады.

ХІХ ғасыр қазақ халқы әдебиеті тарихындағы шиеленісті кезең болды. Бұл кезеңде алмағайып жаугершілік замандарды бастан кешірген, хандық дәуір езгісінен босаған, небір қилы заманды бастан өткерген қазақ халқы үшін, жалпы қазақ қоғамы үшін жаңа қоғамдық қатынас пен жаңа қадамдар басталған еді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен терезесін теңестіріп келген қазақ халқының басына саяси күрестің ең бір озбыр, ең бір зобалаң, сұрқия құрығы төніп тұрды. Қос қолтықтан алған Ресей патша өкілдері, Қоқан хандығының қыспағы тынысын тарылта түскен, Ақтабан шұбырынды деген атпен тарих сахнасында мәлім жаугершілік қырғыннан шыққан қазақ елінің көрінісі әдеби шығармаларда көрсетілген. Бұл ғасырда қазақ әдебиеті өз тарихында бұрын-соңды болып көрмеген түлеуді, жаңғырып, жаңару процесін басынан өткерді. Қазақ хандығы кезінде елдің елдік рухын берік еткен ұлттық әдебиет пен сөз өнері ендігі қазақ ұлысының дағдарысы мен қиналысын, алмағайып ауыр күндерін де киліге жазды. Етектен тартып, жағаға жармасқан патша өкіметінің отарлау саясаты ең әуелі атамекен ауқымын шиырлатып келiп, хандық басқаруда, елдiк басқару, елдiк құрылым жүйесінiң жүйкесінің талмау тұстарын әлсiретті. ХІХ ғасырдың бастапқы уақытында қазақ халқының тарихи қоғамдық құрылымы біржола ыдырап, елдік басқару жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырап біткен болатын. ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарында патша үкіметі қазақ қауымына жаңа саяси әкімшілік басқаруды қосып, Ресей империясы құрамына бағынбаған аумақтарды одан әрі косып алу мақсатына біржолата кiрісті. Нақтылық саясатқа көшкен империялық отарлау озбырлыққа ұласа бастады. Қазақ қоғамында қалыптасқан хандық дәуір мен хандық басқару жүйесі толыққанды ыдыратылып, орнына патшалық Ресей уәкілеттілігінің енгізген аумақтық әкімшілік басқару жүйесі енгізіле бастады.

Отарлау саясаты орныққан сәттен бастап қазақ қоғамындағы хандық құрылым ыдырап, өз арасында келіспеушіліктер мен алауыздықтар орныға бастады. Сол кезеңдегі бірнеше хан сайлау сынды демократиялық еркіндік бірте-бірте әлсіреп, патша өкіметінің губернаторлық басқару жүйесіне тікелей бағынышты болып, кіріптарлыққа түсуге әкеліп соқты. ХІХ ғасырдың басында хандық билік басқару біржола жойылып, қазақ даласының батыс және шығыс аумақтарында біржола аға сұлтандар мен сұлтандық басқару жүйесі жұмыс істей бастады. Губернаторлыққа бөлінгенмен де, аға сұлтанның өзі шын мәнінде қазақ аймақтарын бірнеше бөлікке бөліп, сол кеңеске тікелей бағынышты етті. Осылайша елдің басқару жүйесі шағын әскери губернаторлықтың кеңсе қызметшілерінен де төмен лауазымдық құзыреттілігі байқалмай қала берді. Атамекен жерімізді басқару ең үлкен әлеуметтік мәселеге айналды. ХІХ ғасырдан бастап қазақтарда қоғам мен елдің жағдайын ұғынатын жазба әдебиет қалыптаса бастады. Ол қауымдық, елдің саяси ой-пікірлері мен ұмтылыстары, мақсаттары, мұңдары мен айқайлары ретінде қызмет ете бастады. Ойлаудың, салттық сананың жаңа негізін қалыптастырып, осындай мақсаттарды біріктіру - табысты әлі социалистік емес, азаматтықтың мәнін ұқтыратын, халықтың тіршілік ету аясының тарылғанына ашынатын ақындар жырының қалыптасқандығында. Сол кезеңдегі қазақ ақын-жыршылар арасында елдің егемендігі жолында біріге жұмыс жасау сынды мақсат пайда болды. Сонымен қатар бұл дәуірдегі тарихи оқиғалар мұндай әлеуметтік уәждерді еселей түсті. Оның ең басты себебі - орыс отаршылдығына байланысты туған халықтың мұңы мен зары. Осыған байланысты туған елдегі өзгерістер, қанаудың күшеюі, тұрмыс аймағын тарылту, қазақтың ұлттық ардақты ақынын таптау сынды мәселелер зар заман және өзге ақындардың шығармашылығында кеңінен бейнеленген.

Қазақ халқында болып жатқан мұндай өзгеріске нақты наразылық Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде анық көрініс тапқан. Оның шығармашылығына арқау болған - Исатай Тайманұлы бастаған Махамбат пен Исатай көтерілістері болатын. Мұндағы көтерiлiстiң мақсат-мұраты (“Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп”), оған қатысатын ерлердiң сипаттамасы (“Ереуiл атқа ер салмай”), соғыс суретттерi (“Соғыс”), Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жыр жолдары (“Тарланым”, “Мұнар күн”), ақынның өзі жайында, көңiл-күйiне (“Баймағамбет сұлтанға айтқаны”, “Қызғыш құс”) байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдердегi әлеуметтік жағдайды бейнелейдi. Поэзиямен сабақтасып, сол дәуірдегі бүкіл көтеріліс тарихында Исатайды мақтап, Баймағанбетті сынаған Шернияз ақынның да өлеңдері батылдығымен, тапқырлығымен құнды.

Қазақ әдебиетінің дамуында отаршылдыққа қарсы поэзия алдыңғы қатарда халықтық мазмұндағы идеялардың жаңа белестерін көрсетті. Билеушіге қарсы ашық қарсылық білдірген шыншыл өлең, адам баласын жаңаша суреттейтін туынды дүниеге келді. Бұл қатардағы ақындардың қатарында Жанақ Сағындықұлы да бар. Шөже Қаржаубайұлы мен Сүйінбай Аронұлының да рөлі зор. Отаршылдық саясат жаңашыл әдебиетші ақынның шығармасында ел байлығы талан-таражға түскенін, кедейшілік, елді мекендердің тарылуы, зорлық-зомбылық, параның көбеюі, адамдардың мінез-құлқының өзгеруі, халықтың жаншылуы, діни жағдайларды елемеу, т. б. өзекті жағдайлар кең суреттелген. Олар заманға мұңайып, өткенді ойлайды. Болашақ бірліктен қорқу қажеттілігін айтады.

М. Әуезов ХІХ ғасырда жазба әдебиет туғанын айтты: Біздің білуімізше, зар заман ақындарынан бастап біздің әдебиет екінші жікке қарай ауысады. Бұдан бұрын қарастырған әдебиет жұрнақтарының барлығын ауызша әдебиет десек, мыналарды жазба әдебиеттің басы деу керек. Не болмаса қазақ топырағында ең алғашқы жазба әдебиетті туғызған анасы осылар деу керек. Жаңағы зар заман ақындарына осы белгінің жалғыз өзін алып қарасақ, алғашқы ақындар жазып айтпаса да, орта буыннан бастап, соңғыларының барлығы да жазып сөйлейтін болған[11, 193] .

Бұл дәуірдің көрнекті ақындары - Дулат Бабатайұлы мен Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердері Әбубәкір Шоқанұлы және т. б. Олар қазақ әдебиеті поэзия түрін жетілдірді. Ол уақыт шындығын суреттеуге шеберлік, адам психологиясындағы өзгерістерді, реализмді байыту арқасында орын алды. Бұл топтағы түрлі жаңалықтарды ашудағы айшықты бейнелер, тілдік өрнектер ақындардың шығармашылығында кереметтей көрініс тапқан.

Қазақ даласында ХІХ ғасырдың соңында негізгі төмендегідей тарихи оқиғалар орын алды.

1. 1860 жылдардан бастап Ресей Қазақстан жерін толығымен отарлап алды. Жер Ресей мемлекетінің меншігіне айналды. Қазақ жері қазақтар үшін жай ғана пайдаланушы болды.

2. Басыбайлылық құқық 1861 жылы жойылды. Қазақ даласының азат етілген орыс егіншілеріне жер пайдалануы жайлы «Уақытша ережелер» шығарылды. Бұл ереже бойынша орыс диқандары мен қазақтар арасында көптеген дау мен келіспеушіліктерге алып келді.

3. Жаңа салық тәртібі бекітілді.

4. Сауда мен айырбас басталды. Бұл капитализмнің алғашқысы симптомдары.

5. Саудагерлер көбейіп, байлықтың басын алды.

6. Император қорғанысы-казактар-орыстар күшейе бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
XIX ғасыр әдебиеті жырау және тарих ғылыми сипаттаны мақал әзірлеу
XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы
Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)
Дәстүрлі ақындық поэзия
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Әдебиеттану мәселелері
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz