Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті Экономика және Бизнес жоғары мектебі
Кафедрасы Менеджмент
СӨЖ
Тақырыбы: Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. ІІІ ғасыр - б.з. ІІ ғасыры)
Орындаған: Келісбек Жәдігер Нұржанұлы
Тексерген: Ноянов Едил Ноянович
Алматы 2023ж
Мазмұны :
Кіріспе
1. Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттердің қалыптасуы мен мәдениетінің ерекшелегі.
2. Ежелгі жазба деректердегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
3. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы.
4. Қорытынды
Кіріспе
Ұлы дала тарихы - Еуразия кеңістігін мыңдаған жылдар бойы мекендеген халықтардың тарихи шежіресінің куәсі. Батыс пен Шығыс өркениеттерін тоғыстырған үндестік пен үйлесімнің бесігі, мәдени қазынасы мен тамырлы тарихы, жауһардай әдеби мұрасы мен жарқыраған асыл тілі, тасқа таңбаланған жазуы мен саф өнері - адамзат өркениетіне қосылған баға жетпес құнды байлығы екені тарихи шындық. Дала өркениеті мемлекеттіліктің өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуы мен көшпелі мемлекеттердің құрылуына алып келді. Ғасырлар бойы көшпелі мемлекеттілік дәстүрі қалыптасты. Ол саяси басқаруда, шаруашылық және рухани-мәдени өмірде, өнеге мен тәртіп нормаларынан орын алды. Қазақстан аумағында ежелгі және орта ғасырлар дәуірінде мемлекеттілік үрдісі екі басты белгілермен сипатталады, олар - үздіксіздік және сабақтастық. Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің пайда болуы негізгі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған сақ қоғамымен б.з.б VIII-III ғасыр байланысты. Сақтардың мәдени шығармашылығындағы ерекше құбылыстардың бірі аң стилі деп аталған бейнелеу өнері болды. Бұл стиль олардың дүниетанымының көрінісі мен олардың мифологиясының бейнелеу өнерінде іске асуы және көшпелілер идеологиясын көрсетудің ерекше белгілік жүйесі ретінде қалыптасқан
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тырысады. Көшпелілер отырықшылардың мәдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды деген пікірлер де жиі кездеседі. Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.
1.Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттердің қалыптасуы мен мәдениетінің ерекшелегі
Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.б мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезеңде Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді. Сол тұста Қазақстандағы өмір сүген ру тайпалардың ішінде аты-жөні ерекше сақталған тайпалардың бірі - сақтар. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректерге қарағанда б.з.д I мыңжылдықта сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Геродот сақтарды азиялық скифтер деп атаған. Олай атауының бірден бір себебі Геродот Қара теңіздің солтүстік далалы аумағында тұратын скифтер мен сақ тайпаларының тұрмыс тіршілігін өте жақын деп тұжырымдаған. Сонымен қатар сақ тайпалары Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік жайық өзендерінің бойындағы Савромат сармат тайпаларымен бір мезгілде өмір сүрген. Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді: Тиграхауда сақтары - ол шошақ қалпақ киген сақтар, Хаомаварга сақтары - жүзімнен (хаом жүзім) сусын қайнатушылар, Парадарайя сақтары - теңіздің арғы жағында тұрушы деген мағына береді. Алғашқы екі тобын Геродот амюргия сақтар және ортокарибантия сақтар деп атаған.
Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғандығы туралы түрлі болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш Ташкент ауданы, Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда сақтары мекендеген, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен таулы Алтай да енген. Парсы сына жазбаларында хаомаварга сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп аталған, олар грек деректерінде амюргий сақтары деп аталды. Бұл сақтар Ежелгі Бактрия мен Маргиана аумағында яғни Әмудария мен Мургаб аңғарларында орналасқан. Ертедегі парсылардың танысқан тайпалары осылар еді.
Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, аргипейлер мен каспилер кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде де кездеседі. Қазақстан аумағына орналасуы : массагеттер - Сырдарияның төменгі бойы иен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік шығыс өңірінде, дайлар - Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар - Орталық Қазақстан мен Іле, Шу өзендерінің бойын, аримаспылар Шығыс Қазақстанда, аргипейлер Солтүстік Қазақстанды мекендеді.
Сақ қоғамы әскери демократиялық қоғам. Әйелдер мен ерлер тең құқылы. Егер патша қайтыс болған жағдайды таққа әйелі отыратын болған. Геордоттың жазууына қарағанда парсы патщалығы мен сақ патшалығы арасында ұдайы соғыстар болып тұрған. Персия мемлекетінің патшасы Кир Мидия патшасы Крезбен соғысқан кезде сақтармен одақ құрып, олардан біршама көмек алып отырған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыру үшін б.з.б 530 жылы сақ жеріне басып кіреді. Сақ патшайымы Томирис пен Кир арасында болған шайқас нәтижесінде Кир қаза табады. Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын Дарий б.з.б жылдары жалғастырды. Жеке жеке сақ тайпаларын біртіндеп бағындырған ол аз уақыт болса да оларды басып алды. Сақ тайпаларының бір бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа әскерлер жіберіп отырды. Сақтардың біразы парсы патшасының өлмейтін он мың деп аталатын жасағының құрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б VI ғ аяғы мен V ғ басында Шығыстағы грек парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Сақ жеріне жасалған келесі жойқын жорықты Александр Македонский жасады. Сақ тайпалары асқан ерлікпен табан тірескен соғыстарда катапультпен қаруланған гректер оқтың күшімен сақтарды кері шегіндірді.
Сақ тайпалары көшпелі және жартылай мал шаруашылығымен айналысты. Оның бірінші себебі климат жағдайының өзгеріс себебі болса, екінші себебі бұл жерлердің бұрынғы теңіз табаны болуы. Олар мал жайылымына қарай көшіп қонып жүрді, көшпелі мал шаруашылығымен айналысы Ұлы Даланы мекендеген тайпалардың өміріндегі ұлы жетістігі еді. Ғылымда бұл процесс қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын ілгері бастырған қадам деп бағаланады. Мал шаруашылығы өнімдері неғұрлым көп өндірілген сайын олардың құны артып, мал өсірушілер мен егіншілер арасындағы айырбастың дамуына жағдай жасады. Сақ тайпалары мал шаруашылық пен егіншіліктен басқа аңшылық пен балық аулау кәсіптерімен айналысқан. Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Гиппократ скифтердің тұрмысын былай суреттейді Арбалары өте шағын, төрт дөңгелекті. Басқа бір алты дөңгелекті арбалар киіз үйге ұқсас етіп жасалған.
Басқа халықтар сияқты сақ тайпалары да табиғаттың тылсым күштеріне-күнге, найзағайға, күннің күркіреуіне табынған. Өйткені бұл құбылыстар оларға күн бейнесі секілді көрінген. Сақтардың түсінігі бойынша құдайларды қанатты тұлпарлар мен ат-самұрықтар және т.б қиялдар бейнесінде елестеткен.
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Батыс Еуропа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Бұл жөніндегі қазылған ескі молалардан табылған заттар сақтардың өмірі туралы көптеген мағлұматтар береді. Сақтардың әлеуметтік қоғамы жөнінде айтқанда, олардың басты үш топқа бөлінгенін айтуға болады. Біріншісі - әскери топтар, екіншілері - бай бақуатты топтар, діни адамдар, үшіншілері - жай қатардағы сақтар, олар соқа мен екі өгіз тән кедейлер.
Ғұндар. Б.з.б I мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Оралық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті. Солардың бірі ғұн тайпасы еді. Ғұн тайпаларының жауапкершілік даңқымен, қаталдығымен тарихта аты қалды. Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстігін сунну және дунху тайпалары мекендеген. Сунну деп қытай мемлекеті ғұндарды атаған. Ғұндар ежелгі замандағы батыс өлкедегі көшпенді тайпаның бірі. Б.з.б. ІІ ғасырда дәуірлеп, заманымыздың I ғасырында ыдырады. Ғұн билеушісі шаньюй деп аталды. Б.з.б. 206 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарды. Ғұндарды құдіретті мемлекетке айналдыру мақсатында Мөде бірқатар реформалар жүргізді. Мөде алдымен көршілес тайпа Дунхуларды талқандады. Солтүстігіндегі Саян-Алтай тайпаларына және батыстағы үйсіндерге жорықтар жасап, олардың бір бөлігін өзіне бағындырды. Мөде шаньюй төңірегіндегі толып жатқан ұлыстарды өзіне бағындырып, шығыста Шу өзенінен бастап, Памир тауына дейін солтүстікте Байкал көлінен ұлы қорғанға дейінгі ұлан-байтақ өңірге үстемдік етті. Мөде билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ қытайдың шекарасының аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы берді. Мөде ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен хань әулетін Дәметуден бастартуға мәжбүр етті. Гундар этникалық жағынан әртүрлі тайпалардан құралған. Хань империясы кезінде қытайлықтар ғұндарды талай басып алмақшы болған. Алайда ғұндар қытайлардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырған.
Ғұн тайпасы 24 рудан тұрып, әр рудың көшіп-қонатын жері болған. Лауазымды қызмет мұрагерлік жолмен жүрді. Қытай дерегіне сүйенсек, ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Ол туралы Чжан Цянь былай деп жазады: Қытайдың солтүстік сырт жағын мекендей жүріп олар өздерінің малдарымен бір жайылымнан екінші жайылымға емін-еркін көшіп жүреді. Ғұндардың негізгі азығы жылқы малы болды. Төрт түлік жыл бойы жайылымда бағылатын болды. Ғұндарда малға отбасылық және жеке меншік болғандығы туралы мәліметтер жеткілікті. Басқару аппаратын қаржыландыру мақсатында халықтан жиі-жиі салық жинап отырған. Ғұндар егіншілікпен айналысқан. Байкал өңіріндегі Нижне-Иволгинск қаласында қазба жұмыстарын жүргізу барысында тарының дәндері, темір орақ, тас дән үккіштер және астық сақтайтын ұралар табылған. Бұған қоса қолөнер бұйымдары, ыдыстар, қола қазандар, керамика құмыралар табылды.
Ғұндардың тұрмысында аң аулау кәсібі маңызды орын алды. Олар балаларын жас кезінен аң аулауға, еңбекке баулыды. Балалар қойға мініп, садақ тартқан. Ұсақ кұстарды, жануарларды атып Үйренген, су тышқандарын аулаған. Ғұндар ата-баба аруағына, күнге, айға сиынған. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған. Қорыта айтқанда, жазба тарихи деректер, археологиялық және антропологиялық зерттеулердің нәтижесіне қарап, ежелгі сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн ұлыстары мен тайпалары қазақ халқының арғы ата-бабалары және алғашқы ұйытқысы екендігін дәлелдейді.
Үйсін. Б.з.б III ғ. Жетісу жерін мекендеген тайпалардың ішінде сақтар өздерінің әскери үстемдігінен айырылып, оның орнына сол кезде сақ одағының құрамында болған қытай деректерінде усун деген атпен белгілі үйсін тайпасы келеді. Үйсін этнонимі б.з.б. III ғасырда жазылу себебі осы тайпаның әскери және экономикалық жағдайын нығайтып, бұрынғы сақтар мекендеген территорияда үйсін одағын құрды. Бұл жөнінде қытай жазба деректерінде былай делінген: Алғашқыда бұл ел сақтарға қараған. Б.з.б. II ғасырда ғұндардан жеңілген ұлы созылар Іле алқабы мен Жетісу өңірін мекендеген сақтарға шабуыл жасап, билеушілерін оңтүстікке қуып жібереді. Бұдан соң үйсін гуньмосы ұлы иозыларды талқандап, Іле алқабы мен Жетісу жерін жаулап алады да, оларды Әмудария алабына дейін ығыстырды. Сөйтіп, үйсіндер Жетісу аймағын өздеріне мекен етті. Тарихи жазбаларда үйсіндердің шыққан тегі сақ тайпасы. А.Н. Бернштам және басқа да ғалымдар Жетісу жерінен табылған археологиялық қазба деректеріне сүйене отырып, сақтар мен үйсіндердің тегі мен мәдениеті жағынан өзара байланысты екендігін дәйектейді. Қытай жазба дерегінде үйсіндердің түпкі атамекені Іле өзенінің алқабы емес, олардың ертеде Гуажыуды (Гонсуй) мекен еткендігі туралы жазылған. Десек те бұл дерекке сын көзбен қараған жөн. Белгілі археолог ғалым А.Н. Бернштам Жетісудың оңтүстік, оңтүстік-батыс аудандарына қазба жұмыстарын жүргізгенде Үйсіндердің шығыстан, яғни қытай елінен келмегендігін, жергілікті үйсіндер екендігін дәлелдейді.
Үйсін мемлекетінде 120 мың түтін, 630 мың адам, 188 мың 800 әскер болды. Қытай дерегінде үйсіндер батыс өлкедегі мейлінше құдіретті мемлекет ретінде сипатталынып жазылды. Жетісу жері суы мол, шөбі шүйгін, жері құнарлы, табиғаты жайлы мекен. Әсіресе үйсіндер үшін шаруашылыққа өте тиімді аймақ болды. Судың мол болуына байланысты егін шаруашылығымен де айналысты. Кеген өзені бойындағы Ақтас қыстау- қонысын қазғанда табылған жер өңдеу құралдары - тас кетпендер, қол орақ, тастан жасалынған дән үккіштер соның дәлелі. Қазба барысында үйсіндерде қарапайым суармалы егіншілік шаруа-шылығының болғандығы байқалды. Суды Шу, Іле, Талас, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Қаратал өзендерінен егістікке тартып отырған. Осы өңірді қамтыған осындай жеті өзеннің болуына байланысты бұл аймақ Жетісу деп аталса керек. Жетісуда жауын-шашынның кеп болуы да шаруашылыққа қолайлы жағдай туғызған. Көбінесе тары мен арпа, бидай егетін болған. Ежелгі үйсін қоғамында қолөнер, зергерлік әшекей бұйымдар да айрықша орын алған. Темірден, мыс пен қоладан тұрмысқа қажетті заттарды балталар, шоттар, орақтар мен пышақтар, біз, қазандар, қару-жарақ, қанжарлар мен жебелердің ұштарын, бұдан басқа білезіктер, сырғалар, сақиналар, түйреуіш секілді сәндік заттар жасаған. Үйсіндер киіз үйлерде өмір сүрген. Сол заманда-ақ киіз басуды білген. Жануарлардың терісінен аяқ киім, бас киім, тон тіккен. Үйсіндер аспан денелеріне және ата-баба аруағына сиынған.
Қаңлы. Қаңлылар қазақ халқының қалыптасуына негізгі ұйытқы болған тайпалардың бірі. Шежіреге сүйенсек, қаңлылар ұлы жүз тайпасына жатады. Шежіре бойынша қаңлылар Төбейдің немересі Бәйтеректен тарайды. Б.з.б. III ғасырдан бастап қазақ жерін қаңлылар мекендеген. Қаңлы тайпасы қытай деректерінде каньгюй деген атпен белгілі. Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпасының тарихын зерттеген В.В. Бартольд қаңлы тайпалары Сырдарияның орта ағыс жағында өмір сүрген деп тұжырымдайды. Қытай дерегінде қаңлы тайпасы халқының саны 600 мың, әскер саны 120 мың болған. Қаңлы тайпасының орталығы Сырдарияның бойында орналасқан. Тағы да қытай дерегіне жүгінсек, қаңлылар өз ішінде бес иелікке бөлінген. Олар:
1. Сусе, орталығы - Сырдарияның орта ағысы.
2. Фуму, орталығы Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалы жеріне дейін.
3. Юени, орталығы - Ташкент аймағы.
Қаңлы мемлекетінің жері құнарлы. Өсімдік түрлеріне өте бай. Қаңлылар да жартылай көшпелі тайпа. Әмудария мен Сырдария өңірінде, сондай-ақ Ташкент алқабында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz