Саяси ғылымдағы саясатты түсіндірудің әдіснамалық жолдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: Философия және саясаттану
Кафедрасы: Саясаттану және саяси технологиялар

СӨЖ
Тақырыбы: Саяси ғылымдағы саясатты түсіндірудің әдіснамалық жолдары

Орындаған: Наурызгалиева Д. А.
Тексерген: Мусатаев С. Ш.

Алматы 2023ж
Жоспар:
Кіріспе:
Саяси ғылым түсінігі мен оның қалыптасу тарихы;
Негізгі бөлім:
Саясатты түсіндірудің әдіснамалық жолдары жайында;
Саясаттанудың ғылым ретіндегі әдістеріне тоқталу;
Қазіргі замандағы саясатты әдіснамалық зерттеу;
Қорытынды:
Саясатты түсіндірудің әдіснамалық жолдарының маңызы.

Саяси ғылымдағы саясатты түсіндірудің әдіснамалық жолдары
Саяси ғылым өз алдына бөлек бір ғылым саласы ретінде XIX ғасырда, яғни дамыған елдерде ( Ұлыбритания, Франция, АҚШ ) адамдардың саясатқа деген қызығушылығы артып, көптеп саясатқа араласа бастаған кезінде, саяси қозғалыстар мен партиялардың құрылып, саси лауазымдар мен сайланушылардың санының арта бастаған шағында қалыптасты. Жалпы саясаттану политикос - қоғамдық және логос - ілім сөздерінен құралған саясат туралы ғылым дегенді білдіреді. Ол адамдар өмірінің қоғамның мемлекеттік және саяси тұрғыда ұйымдасуымен, саяси билік мәселесімен, саяси институттармен байланысын зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Саяси ғылымға негізделген алғашқы кафедралар Нидерланды, Швеция секілді бірқатар Еуропа қалаларында сонау XVII ғасырдың басында пайда бола бастады. Бұл кезеңде саяси ғылым әлі де толықтай институциализациядан өтпегенімен, кейінгі саясатты әдіснамалық тұрғыда түсіндіруде және саяси ғылымның ХХ ғасырда толығымен орнығуында іргетасқа айналды.
Саясаттану адамдарға саясаттың табиғатын, оның қыр-сырын, қоғамда қалыптасқан саяси жағдай мен жүйені түсінуге көмектеседі. Ол ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Менің пікірімше, сол әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, саяси ғылымның мән-мазмұнын, мақсатын, құрылымын түсінуге болады. Саясаттануды түсіндірудегі әдіснамалық жолдарға: әлеуметтанулық әдіс, тарихи әдіс, салыстырмалы-талдау әдісі, функционалдық әдіс және бихевиористік әдісті жатқызсақ болады
Әлеуметтанулық әдіс - қандай да бір жалпыәлеуметтік терориялар негізінде жүзеге асады. Бұл әдіс саясатты әлеуметтік факторларға (экономика, қоғамдық құрылыс, идеология, мәдениет) байланысты зерттейді. Берілген әдісті қолдану саясатты әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздейтін, олардың табиғатын әлеуметтік факторлар арқылы анықтайтын, өзара әрекеттесу саласы ретінде талдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтанулық әдіс көмегімен саясат қандай әлеуметтік топтардың мүдделері үшін жүзеге асырылады, саяси шешімдер мен белгілі бір саяси іс-әрекеттер қалай және не үшін жасалады деген сұрақтарға жауап беруге болады. Жалпы бұл әдіске саяси шындықтың қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымына қатаң тәуелділігін анықтайтын қоғам дамуының марксистік концепциясы; саяси дамуды көп факторлы процесс ретінде қарастыратын позитивистік мектептер; әртүрлі елдердегі саяси процестерді салыстырмалы көзқарас тұрғысынан сипаттайтын қоғамдық дамудың тарихи-мәдени тұжырымдамаларын кірістірсек болады. Әлеуметтану әдістемесі саяси әлеуметтанудың негізгі әдістерінің бірі ретінде, дербес білім жүйесі мен ғылымдағы өзіндік пәнге айналу процесінде кең ауқымда қолданылады.
Келесі тарихи әдіс - жалпығылыми сипатқа ие, қоғамдық құбылыстарды зерттеумен белгілі болған әдіс түрі. Саяси ғылымда мемлекеттер мен елдер тарихын, белгілі тарихи тұлғалардың өмірбаянын баяндау мақсатында қолданылады. Бұл әдіс аса маңызға ие, тұрақты, қайталанатын құқықтық байланыстарды анықтау қызметімен саяси өмірдің әртүрлі құбылыстарының пайда болуының, дамуының және жүзеге асуының шынайы бейнесін қайта жасау мақсатында тарих ғылымдарының ұғымдары мен тұжырымдамаларына жүгінеді. Тарихи әдістін құндылығы ретінде сипаттаушылық қызметті, фактілерге сүйенген жүйелеуге деген ұмтылысты және соның негізінде құбылыстардың дамуындағы белгілі бір логиканы қарастырсақ болады. Осы әдіс өткен саяси қатынас субьектілерінің іс-әрекеттерін, саяси процестердің тарихы мен даму қарқынын, саяси құбылыстардың факторлары мен ерекшеліктерін, олардың қалыптасқан тарихи жағдайлардағы рөлін, саяси идеялар өмір сүрген уақыт пен кеңістіктегі өркениетті зерттеудің негізгі жолы болып табылады.
Салыстырмалы немесе салыстырмалы-талдау әдісіне тоқталып кетсек, бұл әдіс түрі саясаттану ғылымында 1960-1980 жылдары қолданыла бастады. Ол әртүрлі халықтар, елдер мен мәдени орталар арасындағы бір типті саяси құбылыстар мен процестерді салыстыруға негізделген. Бұл әдіс идеалды модельді, кез келген теориялық құрылымды құру үшін саяси институттарды, оқиғалар мен процестерді орнату, теңгеру, талдау және жалпылау әдістерін қамтиды. Осы әдістің қызметтеріне әртүрлі аймақтардың, кезеңдердің саяси тәжірибесін салыстыра қарау, олардың арасындағы байланысты табу, оларды түрлерге бөлуді жатқызсақ болады. Салыстырмалы әдіс әр түрлі халықтар мен елдердің саяси өмірінің ортақ және жеке белгілерін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Ғылым дамуының тарихи кезеңдері: салыстырмалы талдау
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы
КОНВЕНЦИОНАЛИЗМ
Саяси психология
Ғылым тарихы мен философиясы пәнінің негізгі мәселелері
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
ХХ – ғасырдың басындағы қоғамдық – саяси әлеуметтік жағдаяттардың психология ғылымының дамуына ықпалы
Саяси жүйелер
Пәндер