Бұйымның сырт көрінісінің сипаттамасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ технология және бизнес университеті
Технологиялық факультеті
Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн кафедрасы
Сейлханова Аружан
ҚазТБУ- нің имижд тобына арналған костюмдерді әзірлеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
6В02104 - Сән дизайны
Астана, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Ізденіс бөлімі
1.2. Болашақ сән бағытына анализ жасау
1.3. Үлгілер топтамасының туындыларына дәлелдеме
1.4. Ұсынылып отырған бұйымның техникалық эскизі
1.5. Бұйымның сырт көрінісінің сипаттамасы
1.6. Материалдарды конфекционерлеу
КІРІСПЕ
Киім - адам денесін қоршаған ортаның әр түрлі әсерінен (ыстық, суық және ылғалдан, шаң-тозаңнан т.б.) қорғап тұрады және өсімдіктектес, жануартектес немесе жасанды жолмен тоқып шығарылған маталардан тігілген бұйымдар жиынтығы. Киім бір уақытта бірнеше роль атқарады: қорғаныштық, яғни адам ағзасының қалыпты күйін сақтайды, әлеуметтік, яғни тұлғаның қандай дабір әлеуметтік немесе кәсіптік топқа жататындығын анықтайды. Киім адам затының бір негізгі қажеті болып саналады. Киімнің матасы, үлгісі, пішіні бойынша адам өмір сүретін жердің климат жағдайын, мәдени деңгейін, материалдық жағдайын білуге болады.
Киіне білу де өнер демекші адам денесіне киімнің қонымды және жарасымды болуы қазіргі уақытта өзекті мәселенің бірі. Киім таңдауда адамның дене бітіміне, бет пішіміне көңіл аударған жөн. Мысалы, адамның бет пішінінің сопақ, жалпақ және мойын бітімдерінің қысқа жуан, ұзын жеңішке болып келуіне қарай киім үлгілерін таңдаған дұрыс.
Киім ұғымын кең түрде алып қарастыратын болсақ, бас киімдер, аяқ киім т.б. көптеген бұйымдарды жатқызуға болады.
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде жалпы еуропалық киімдер қабылданған. Сонымен қатар киім адамның ішкі жан дүниесінен де біраз мағлұмат бере алады. Адамның киіміне қарап, ол туралы дәлме-дәл анықтама беріп, мінез-құлқы жайлы тұжырым да жасай алады. Мұндайда Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып сал деген нақыл сөз еске түседі. Киім адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін мода ағымына сүйенеді. Бұл ретте адамның өз мәдениеті, оның рухани және адамгершілік принциптері және талғамы мен бейімі үлкен роль атқарады.
Киім сырт пішімді әсемдеп немесе бұзып қана қоймайды,сонымен бірге адамның өзін қоршаған ортаға қарама - қатынасын да білдіреді. Киім адамды маңайдағы жұртқа тым оқшау, ерекше көрсетпеуі керек, ал ол талғамның жоғарылығына тікелей байланысты.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Соңғы сән үлгілері мен қазақ дәстүрлі киімдерін біріктіріп, ұйымға арналған ерекше киім комплектілерін жобалау. Имидж - группа, бренд стилінің бөлігі ретінде, көптеген визуалды құралдардың жиынтығы болып табылады. Сол себептен, қазіргі таңда ұйымдарда имидж - группа үлгідегі киім топтамаларына сұраныс артып отыр. Сол сұранысқа байланысты сән үлгілеріне сай қазақ киімдерін пішуге, модельдеуге, тігуге үйрету барысында олардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, қазақ киімдерін әлемге одан әрі танымал ету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, ҚазТБУ имидж тобына арналған дәстүрлі қазақ және эксклюзивтік стильдегі киім комплектісін жобалау.
Дипломдық жобаның құрылымы: Дипломдық жоба кіріспеден, бес бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1.КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Ізденіс бөлімі.
Киім қоғамның материалдық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екіншіден - ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. Бізді қоршаған ғимараттар, еңбек, тұрмыс заттарымен қатар, киім де өндірістік күштердің тарихи кезеңдерде дамуын, климаттық жағдайды, халықтың ұлттық ерекшелігін, оның әсемдікке деген талғамын көрсетеді.
Киім адамның өмір сүруіне аса қажетті негізгі құралдардың бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығын, әлеуметтік жағдайы мен этникалық ортасы туралы мағлұмат беретін этномәдени белгі.
Қазақ мәдениеті ұлттық киімде жақсы көрінеді. Көшпелі өмір салты, дала климаты мен діни көзқарастар қазақ костюмінің дәстүрлерінің дамуына әсер етті - суықтан және желден қорғайтын, атқа мінуге ыңғайлы, табиғи материалдардан жаслаған практикалық киім болды. Сондай-ақ, киімнің сапасы мен оның жекелеген элеменметтері қазақтың әлеуметтік мәртебесін және оның белгілі бір текке немесе руға жататындығын білуге мүмкіндің берді.
Қазақ ұлттық киімі - ғасырлар бойы халықтың сұлулығы мен әл - ауқаттың көрінісі болды. Пішудің нақтылығында, әр киімнің функционалдығы қатал көшпелі өмір жағдайында жинақталған халықтың ғасырлық тәжірибесін көрсетті. Бірақ қазақ костюмінің тартымды күші мұнымен шектелмейді. Өрнектерде, шебер әшекейлерде халықтың көркемдік дарындылығы, оның үнемі жетілдіруге деген ұмтылысы, түс үйлесімінде оның көркемділігі бейнеленген.
Ұлттық киімдердің түрлі өрнектермен, асыл тастармен немесе қымбат жүндермен безендірілуі маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер өздерінің мәртебесін ерекше атап өту және талғампаз көріну үшін алтын немесе күміс ілмектері және басқа да сәндік элементтері бар кең белбеулер киді. Сондай-ақ, ауқатты адамдар бірнеше қабатты киім кигені қызық, төменнен практикалық және қарапайым, ал жоғарыдан қымбат және әшекейлі.
Әйелдер және ерлер костюмдері біртұтас көркемдік дизайнға бағынатын бірнеше заттардан тұратын толық композиция. Костюм төменгі көйлек, сырт киім, шалбардан тұрды. Сыртқы киімге жеңдермен және жеңсіз камзолдар, шапандар, халаттар, тондар кірді. Костюмде металдан жасалған зергерлік бұйымдар үлкен рөл атқарды: белдіктердегі үстіңгі тақтайшалар, үлкен кеуде әшекейлері, кулондар, білезіктер мен сақиналар.
Әйелге арналған көйлектер желбіршектер мен бүрмелермен безендірілген. Қазақстанның кейбір облыстарында көйлекке металл бляшкалар мен монеталар тігілген. Әрдайым мерекеге айналған көшпенділер үшін қазақ қыздары өздеріне шалбар тігетін. Олар кестемен, оқамен, апликациямен әшекейленген. Әйелдер камзолы ер камзолынан аз ерекшеленді, көйлек сияқты, ол жүнмен, оқамен, кестемен безендірілген. Бекіткіш металл және күміс ілгектер болды. Камзолдар басқа киімдерге қарағанда әйелдер көйлегін әртараптандырды. Олар ұзын және қысқа жеңдермен немесе жеңсіз, ұзындығы белден сәл төмен немесе тізеге дейін, жылы, астарлы, жағалы болды. Әйелдер костюмі көбінесе жоғарғы топсалы белдемшелер мен сәндік толықтыруларды тұрды. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер өздерінің мәртебесін ерекше атап өту және талғампаз көріну үшін алтын немесе күміс ілмектері және басқа да сәндік элементтері бар кең белбеулер киді
Қазақ ұлттық костюмінде мақта-мата тоқымалары, сиса, бөз, кумач, коленкор, плис және қымбат: барқыт, парча, және жібек маталары кеңінен қолданды.
Жалпы, қазақ костюмі мерекелік - декоративті болды, бірақ бұл декоративтілік функционалдылықпен үйлескен. Киімнің шеттері оқамен және тесьмамен әдемі болғандықтан ғана емес, сонымен қатар киімнің тозуына жол бермейтіндіктен қапталған. Оймакілтек қозғалысқа үлкен еркіндік береді және сонымен бірге безендіру элементі болып табылады. Қазақ костюмінде, бірде-бір сәндік элемент немесе сындарлы техника өздігінен болған жоқ - бәрі орынды және костюмнің ыңғайлылығына, сұлулығына және қауіпсіздігіне қызмет етті.
(Қазақта ерлер киімі әйел киіміне қарағанда біркелкі. Тіптен жейдені, шапанды, түйе жүн шекпенді, тонды барлық жерлерде бірдей киген. Жалпыға тән ерлер киімінің кешенінде көйлектен басқа бешпет, шапан, шалбар, бас киімдер, соның ішінде тақия, бөрік, қалпақ және көксауыр, саптама етік болған. Осындай ерлер киімі бізге ғасырлар бойы жеткенімен оның құрамында, пішімінде және тігісінде уақыт талабына сай әртүрлі ұрпақ енгізген өзгерістер болғандығы сөзсіз.
Әсіресе жігіттердің киімі әсемдігімен көз тартатын. Олар ойық немесе тіл жағалы ақ жібектен, сұрыптан, шыттан тігілген қөйлек пен дамбалдың үстіне белі қымталған, бешпет, кеудеше, қимыл қозғалысқа ыңғайлы болу үшін ауына үшкіл салған шалбар киіп, балағын етектің қонышына салатын болған.
Бешпет және шалбар көбінесе көгілдір, қоңыр, барқыт, жарғақ және бедерлі жібек маталардан тігілетін. Бешпеттің қаусырмасы, етек-жеңі "жолақпен" және өсімдік сарынды өрнектермен кестеленген күрделі бешпет пен жарғақтан тігілген шалбар жоғары бағаланды. Бешпеттің үстіне қазақтар шекпенді киді. Ол ұзын және тік кесілген кең халат, ұзын және кең жеңдермен, өрескел матадан және түйе жүнінен тігілген.
Жарғақ шалбар, жарғақ кесте.
Орта жастағы және егде тарта бастаған еркектердің киімі-кешегі жігіттердікіне тән элементерден тұрғанымен бешпеттері қыналмаған және үстіне кесте жүргізілмейтін.Пішімі молдау және шалбар кеңдеу болатын.
Қарттардың киімі қарапайым, көбіне көктеп тілегін және әшекейсіз, кестесіз болатын. Қарттарға арнайы қалыптасқан сәлт-дәстүр бойынша кең жейде, шалбар, түйе жүн салып сырылатын көкірекше, шапан тігілген.
Еркектер қыс мезгілінде сырт киім ретінде күпі, сеңсең тон, түлкі, қасқыр тереісінен тігілген ішік, аяқтарына киіз байпақты жылы етік, басына тымақ, бас киімдер киген. Малшылар түйе жүнінен бастырылып шұғамен тысталатын күпі олардың киімінің ертеден келе жатқан үлгілерінің бірі болған. 1920 жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген С.Руденко күпіні қазақтардың ертеден бере белгілі киім нұсқасы деп есептеген. Барқытпен және шұғамен тысталған пұшақ ішік қазақтарда өте жоғары бағаланған. Сәнді пұшақ ішіктердің қаусырмасы кәмшат, сусар терілерімен көмкеріліп безендірілген.
Түлкі тымақ, түйе жүнінен жасалған шекпен және саптама етік.
Сырт киімің көне түрлерінің бірі - кебенек. Жетісу өңірінде кебентай деп аталады. Оны мұқияттылықпен шаршып, қылшығын сыртына шығара басқан жұқа ақ, қара немесе қоңыр киізден басқан. Кебенекті ұзын, атқа отыруға ыңғайлы етіп пішетін болған. Шапанға ұқсас болғанымен қазақтар кебенекті салқын, үскірік, аяздан сақтану үшін қысқы киімнің сыртынан киген. Ата бабаларымыздың кебенек киген, кебін киген келмес деген сөздері осыған байланысты.
Сырт киім түймеге түймеленбейтіндіктен белдік оның негізгі элементті болып саналады. Белдіктердің ең көне түрі - кісе белбеу. Кісе белбеудің кәдімгі белдіктерден айырмашылығы - іліп қоятын был - ғарыдан жасалған төртбұрышты қалтасы бар, оны қару-жарақ, оқ-дәрі немесе басқада қажетті ұсақ-түйектерді салу үшін пайдаланған. Белдіктер күміс металл шытырлармен безендіріліп, былғары және қайыстан тігіліп, екі қабат етіп тігілген. Сонымен қатар адамдар оны барқытпен және жіптермен кестелеп, бағалы тасар, маржандармен безендірген. Бұрынғы заманда кісе белбеу адамдардың әлеуметтік дәрежесін көрсеткен.(
Кісе белбеу.
Ұлттық киімнің негізгі құрамдас бөлігі - бас киімге қазақтар ерекше мән берген. Өйткені, бас киім басқа киімдерге қарағанда ұлттық ерекшелікті көпке белгілі ететіп тұратын элемент. Онда жас, жыныстық, жергіліті және әлеуметтік ерекшеліктер мықты сақталған.
Ер адам бас киімі тұрғылықты орынға, қолда бар материалдарға және әлеуметтік жағдайды, маусымдық ерекшелікті қана айқындап қоймай, бас киім киімді киюдің де дәстүр-жорасы барын айқындайды. Солардың бірі - халық айыр қалпақ деп атап кеткен мұрақ. Мұрақ - айырқалпақ иесінің жоғары мәртебесін көрсетіп, билік басындағылардың киімі ретінде танылған. Бөрі текті саналған ғұндар аң терісінен тігілген бас киімдер киген. Содан бастап аң терісінен тігілген бас киімдер бөрік деп аталып кеткен. Жастар үшін бөріктің төбесі 4 қиық, ересектер үшін 6 қиық болып келеді.
Қатал қыс келгенде, ер адамдар жылы тымақ киген. Ол төрт бөліктен тұрды, оның екеуі құлақты, біреуі мойын мен бастың артқы жағын жауып тұрды. Суықтан және желден қорғау үшін тымақтың шеттерін жүнмен қапталған.
Қазақтардың әмбебап бас киімін "такия"деп санауға болады. Оны кәрі де, жас та, ерлер де, әйелдер де, тіпті балалар да киген. Сыртқа шыққанда тақияның үстіне тымық, қалпақ және бөрік сияқты калың бас киімдерді киетін болды. Тақияны пүліштен, қыжымнан,барқыттан, ал астарын жібек, сәтеннен тігеді.
Қазақтардың ұлттық киіміне аяқ киім де кіреді. Оның сыртқы келбеті-халықтың көшпелі өмірінің көрінісі. Ер адамдар көп жағдайда солға немесе оңға ажыратылмайтын етік киген. Бұл үнемі бір аяқтан екінші аяққа ауыстырылып ұзақтау киюдің қамынан туған жағдай.
Қазақтар мекендейтін жерлерін жиі ауыстыруға мәжбүр болғандықтан, өркениетке қосқан тағы бір ерекшелегі етік және оның өкшесі бар болуы еді. Себебі, биік өкше біріншіден атқы отырғанда, ер үстінде үзеңгі аяқ тіреп, қолайлы отырауға және ат үстінде ұрыс салуға да ыңғайлы болса, екіншіден биік өкше адамның жүрісін, өзін әдемі көркем етеді. Дәстүрлі аяқ киім үлгілерінің бұрынғыдан алыс кетпегенін атап өтуге болады. Мысалы, еуразия даласындағы көшпенділеріне тән етік тұмсығының тура болуы - атқа мінген кезде үзеңгі аяққа тез кіріп кетуін ойластырған өмірлік тәжірбиеден алынған құбылыс екіндігі сөзсіз.
Қазақтарда аяқ киім сонымен қатар ауқаттылықтың, тектіліктің де белгісі болған. Қазақ ұғымындағы көк етік, көне етік сөздері адамның әл-ауқатын, аяқ киімнің де тұрмыс тіршілікте, қоғамда өз орны болғандығын және мәдение көрсеткіш ретінде жүріп, әлеуметтік айырмашылықты ажыратып тұрғанын көруге болады.
Қазақта ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек деп киімді айтатын болса, киімнің қонымды әрі сәнді болуы, әшекейлерге де байланысты және қазақта әшекейлердің атқарар орны жоғары болған. Қазақтардың зергерлік өнері ата-бабаларымыздың ежелгі дәстүрлері негізінде дамыды және өндірістің ерекшелігімен алдын-ала анықталған бүкіл бағыт пен кәсіби өнер болды, ал зергерлік бұйымдарды жасау шеберлігі тек әкеден балаға мұра болды.Зергерлік бұйымдар-бұл жай ғана бұйымдар емес, бұл бүкіл өнер және қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен оның тарихының маңызды бөлігі, оның тамыры өткенге терең енеді.
Қазақтың ұлттық бұйымдары да өзінің ауқымдылығымен және салтанаттылығымен ерекшеленеді. Ең танымал әшекейлердің бірі-тұмарлар, сақиналар, шолпалар мен шашбау (шашқа бекітілетін әшекейлер), білезіктер, сырғалар және алқа.
Ер адамның негізгі әшекейі - белдік болып саналады. Белдіктің қазақ арасында кісе белдік, деңмент, күміс белдік, кемер белдік деген түрлері өте кең таралған. Белбеу атауы бел және бау сөздерінің қосылуынан пайда болған. Белбеу ұзын матадан жасалған киім сыртынан буынға арналған бұйым. Хан, сұлтандар жалпақ келген және асыл тастармен безендіріліп, тіреліп буылатын белдіктер тағатын болған. Көне түркілердің әйелдері белдік тақпаса, қыпшақ дәуірінен бастап әйелдерде белдік таға бастаған. Осы тұста, ер адамда белдіктің күш-қуатты меңзейтін символикалық мәнінің астарын байқауға болады.

Сондықтан, ұлттық мұраны қолдана отырып, заманауи киім жасау туралы сөз болғанда, ең алдымен оның өзіне тән ерекшеліктерін дамыту: ансамбльдік, форма мен декордың бірлігіне мән берген жөн. Ұлттық тарихи киімдер тұрақты, ал қазіргі заманғы сән үнемі жаңарып отырады, сондықтан сән дамуының әрбір жаңа кезеңінде дизайнерлер негізінен сәннің қазіргі бағытына сай келетін қазақ костюмінің ерекшелігін дамытады.
1.2. Болашақ сән бағытына анализ жасау
Сән - киім кию мәдениеті, өмірдің әртүрлі салаларында жеке талғамның уақытша үстемдігі. Сән - әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адамзат қоғамының дамуына, жаңа тарихи қауымдастықтардың пайда болуына байланысты адам киімі де түбегейлі өзгереді. Қазіргі сәнді демократияшыл деп атауға болады, өйткені ол заманауи таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді. Сән-бұл белгілі бір уақытта ең көп таралған, қоғамда танымал нәрсе. Сән бағытын талдау, берілген ассортимент маусымға арналған перспективалық бағытына сәйкес жүргізіледі. Сән журналдары мен каталогтар бойынша перспективалы маусымға арналған ассортименттің негізгі сән үрдістері мен конструктивті шешімдері анықталады. Олар: стильдер, силуэт пішіндері, кескіндер, пропорциялар, тоқыма бұйымдарындағы жаңалықтар, түс шешімдері, суреттер және т.б.
Сәннің ең маңызды ерекшелігі-өзгергіштік. Сәннің өмір сүру кезеңін болжау мүмкін емес, ол маусымға, жылға, бес жылға немесе одан да көп уақытқа тең болуы мүмкін. Сән-дәуір стилінің ерекшеліктерін қамтиды. Ыңғайлылық, қарапайымдылық, көркем - бейнелі экспрессивтілік, мақсаты мен материалдары бар формалардың алуан түрлілігі - бұл Костюмнің заманауи стилін сипаттайтын ерекшеліктер.
Қазіргі сәнде екі бағыт ерекшелінеді: ол - ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған).
Сәннің циклдік сипаты сәнге болжам жасауға мүмкіндік береді. Болжау құбылыстың даму перспективаларын арнайы ғылыми зерттеу деп атайды. Болжамның негізінде болашақ перспективалық сәнде үш қосымша ақпарат көзі жатыр:
1) Белгілі процестер мен құбылыстарға ұқсастық орнату арқылы болжамды құбылыстың даму перспективаларын бағалау;
2) Өткен және қазіргі даму заңдылықтары жақсы белгілі тенденциялардың болашаққа шартты жалғасы (экстраполяция). Сәннің циклдік сипаты дәл осындай болжамдарға негіз береді;
3) Даму перспективалары белгілі күтілетін немесе қалаулы жағдайларға сәйкес әзірленген құбылыс моделін құру. Дизайнда бұл модель футуропроект деп аталады. Футуралық жобаларға авангардтық киім дизайнерлерінің коллекциялары кіреді.
Сән болжамы әлеуметтанулық болжамдарға негізделген. Сәнді болжау Әлеуметтік қажеттіліктерді және өмір салтын болжау, демографиялық болжам, жұмыспен қамту және білім деңгейін болжау және т. б. социологиялық болжамдар халық пен сарапшылардан сауалнама жүргізу әдістері негізінде жасалады. Бұл қоғамның қажеттіліктерін дамыту перспективаларын, мінез-құлық мотивтерін және болашақ сәнді болжауға мүмкіндік береді. Батыс болжау фирмаларында "тренд-Скауттар" деп аталатын мамандар бар, олар көшелердің стихиялық сәнін зерттейді, барлық сән орындарына, премьераларға, көп адамдар жиналатын орындарға барып, киім киюдің дәстүрлі емес тәсілдері, элементтердің үйлесімі, белгілі бір стильдерге артықшылық беру арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, болашақ сән трендтерін "сәндегі авангардтар" деп саналатын киім дизайнерлерінің соңғы топтамаларын мұқият талдау арқылы "болжауға"болады. Ірі компанияларда сәннің жаңа бағыттарын, соның ішінде сатып алушылардың сұранысын зерттеу негізінде болжауға арналған өз бөлімдері бар. Дәл осы әдістеме бойынша олар тұтынушылардың түс қалауының динамикасын жүйелі зерттеу негізінде түстерді болжаумен айналысады. Өнеркәсіптік өнімнің колористикалық көрінісі, түс саласындағы қоғамдық талғамның өзгеруіне байланысты. Халықаралық түстер қауымдастығы жеке және қоғамдық түстердің қалауы мәселесін зерттеумен айналысады. Мұндай зерттеулер алғаш рет Жапонияда жүргізіле бастады. Жапондық түстерді зерттеу институты түстерді қабылдаудың өткірлігін, түстерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz