Дисграфия себептері
ЖАЗБА ЖҰМЫСЫН ҚАТЕСІЗ ЖАЗУДАҒЫ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Абдильдина Зауре Садуакаскызы
педогог-зерттеуші
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жазба жұмысындағы бұзылыстары бар оқушылар санының артуы және бұзылыстың симптоматикасы мен механизмдерінің күрделенуімен байланысты
2.2 Дислексиямен ауыратын балаға оқулықтағы әріптер секіріп жүргендей көрінеді
2.3 Егер оқушыңыздың сөздік дамуындағы кейбір жайлар мазаласа, маманнан кеңес алған жөн. Дисграфия себептері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдалланылған әдебиеттер
Аңдатпа
Мақалада сөйлеу тілінің бұзылысы дисграфияға ғалымдар мен зерттеушілердің жазу бұзылысы болып табылатын дисграфия мәселесіне теориялық талдаулар сараланып жазылды. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы бастауыш сынып оқушыларында кездесетін басқа тіл бұзылыстарының арасында елеулі пайызды құрайды. Дисграфия бастауыш сынып оқушыларының мектеп бағдарламасын меңгеруіне елеулі кедергі болып табылады,ал жазбаша сөйлеу тілі адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушыларының дисграфия бұзылыстарын диагностикалау және түзету мәселелері өте өзекті болып табылады.Мақалада дисграфия классификациясы қысқаша сипатталады.
Аннотация
В статье дается краткая характеристика дисграфии нарушений письменной речи, проанализированы теоретические анализы проблемы дисграфии, являющейся нарушением письменности ученых и исследователей. Нарушение письменной речи составляет значительный процент среди других нарушений речи, встречающихся у учащихся начальных классов. Дисграфия является серьезным препятствием для освоения учащимися начальных классов школьной программы, а письменная речь играет важную роль в жизни человека. В настоящее время очень актуальны вопросы диагностики и коррекции дисграфийских нарушений у учащихся начальных классов. В статье кратко описывается классификация дисграфий.
Abstract
The article gives brief characteristics of dysgraphia disorders of written language, the theoretical analyses of the problem of dysgraphia which is a violation of the writing of scientists and researchers. Violation of written speech is a significant percentage of other speech disorders occurring in primary school students. Dysgraphia is a serious obstacle for the development of primary school pupils school programs, and writing plays an important role in human life. Currently, the issues of diagnosis and correction of dysgraphic disorders in primary school students are very relevant. The article briefly describes the classification disgrafii.
І. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
І. Кіріспе
Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушыларының дисграфия бұзылыстарын диагностикалау және түзету өте өзекті мәселеге айналуда. Себебі, мектепте оқуды бастағаннан кейін кейбір балаларда оқуға және жазуға қиындық туындайды. Оқушылар орыс тілін үйренуде кедергілерге тап болады, бірақ математикамен басқа да пәндерді жақсы меңгереді. Мұндай қиындықтар көбінесе дисграфияның ішінара бұзылуының салдарынан болады.
Жазу қалыпты жағдайда сөйлеу қызметінің күрделі нысаны, көп деңгейлі үдеріс болып табылады. Оған әр түрлі анализаторлар қатысады: сөйлеу, көру, жалпы қозғалу. Олардың арасында жазу барысында тығыз байланыс және өзара шарттастық белгіленеді. Бұл үдерістің құрылымы жазу дағдысын, міндеттері мен сипатын меңгеру кезеңімен анықталады. Жазу ауызша сөйлеу процесімен тығыз байланысты және оның дамуының жоғары деңгейі негізінде ғана жүзеге асырылады. Жазу үдерісінің күрделі операцияларының бірі-сөздің дыбыстық құрылымын талдау. Сөзді дұрыс жазу үшін оның дыбыс құрылымын, әр дыбыстың реті мен орнын анықтау керек. Сөзді дыбыстық талдау сөйлеу және сөйлеу қозғағыш талдағыштардың бірлескен іс-әрекетімен жүзеге асырылады.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы бастауыш сынып оқушыларында кездесетін басқа тіл бұзылыстарында елеулі пайызды құрайды. Дисграфия бастауыш сынып балаларының мектеп бағдарламасын меңгеруіне елеулі кедергі болып табылады,ал жазбаша сөйлеу тілі адам өмірінде маңызды рөл атқарады.
Ауызша және жазбаша сөйлеуді дамытуда дисграфиясы бар оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту мәселесі түзету педагогикасының ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады,себебі бұл дисграфия бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу кемістігі болып табылады.
Дисграфия - жазу үрдісінің жартылай бұзылысы. Дисграфия қалыптағы жазу үрдісін іске асыратын жоғарғы психикалық қызметтердің толық жетілмеуінен болады. Жазу үрдісі көптеген операциялардан тұрады.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы және түзету жолдары атты кітапта Қ.Қ. Өмірбекова .А.Р.Лурияның Очеркипсихофизиологии письма атты жұмысы талдай келе, жазудың операцияларын анықтады.Адам жазбаша айтып жеткізуді ауызшы жоспарлайды, ойлап бағдармалайды, ойдың ортақ кезектілігін ойластырады. Бастапқы ой белгілі сөйлем құрылымымен сәйкестендіріледі. Жазылатын әр сөйлем оны құрайтын сөздерге бөлінеді, өйткені жазуда әр сөздің шекаралары белгіленеді. Жазу дағдысын меңгерудің бастапқы кезеңдерінде дыбысты айтудың маңызы зор. Ол дыбыс сипатын анықтауға, ұқсас дыбыстардан ажыратуға, сөзде дыбыстардың кезектілігін анықтауға көмектеседі. Келесі операция - сөзден бөлініп алған фонеманың әріптің белгіленген көру бейнесімен сәйкестендірілуі және ол басқалардан машықтандырылған (әсіресе графикалық ұқсас дыбыстармен) болуы керек. Графикалық ұқсас әріптерді ажырату үщін көру талдау мен жинақтаудың, кеңістіктік түсініктерінің жеткілікті деңгейі қажет. Талдау мен әріпті салыстыру бірінші сынып оқушысына жеңіл тапсырма болмайды. Одан кейін жазу процесінің моторлы операциясы жүреді - қолдың қозғалысы көмегімен әріптің көру бейнесін тудырады. Қолдың қозғалысымен бір уақытта кинестетикалық қадағалау іске асырылады. Аталған функциялардың кез - келген біреуінің дұрыс құрылмауы жазу процесінің игерілуінің бұзылуын дисграфияны тудырады[1].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Оқу мен жазудың бұзылуы оқытудың барлық процесіне, балалардың мектепке бейімделуіне, баланың жеке басын қалыптастыруға және барлық психикалық дамуының сипатына кері әсер етеді.
Қазіргі уақытта жазбаша сөйлеуді меңгеру процесінің бұзылуы әр түрлі аспектілерде қарастырылады: клиникалық, психологиялық, нейропсихологиялық, психолингвистика, педагогикалық (Т.В. Ахутина, А.Н. Корнев, Р.И. Лалаева, Р.Е. Левина, Никашина,И.Н. Садовникова, О.А. Токарева, М.Е. Хватцев және т.б.)Алайда, жазудың бұзылуын түзету мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Бұл жазба жұмысындағы бұзылыстары бар оқушылар санының артуы және осы бұзылыстың симптоматикасы мен механизмдерінің күрделенуімен байланысты.Жазудың ерекше бұзылуы (дисграфия) орфографияны меңгерудегі бұзылуларға(О. И. Азова, Р. И. Лалаева, Л. Г. Парамонова, И. В. Прищепова) әкеп соғады [2,3], баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда кері әсерін тигізеді, және оқушының сабақта артта қалуына себепші болады.Осыған байланысты логопедияның өзекті міндеттерінің бірі дисграфияны түзетудің оңтайлы жолдарын іздеу болып табылады.
Қазіргі әдебиеттегі "дисграфия" терминінің мазмұны әртүрлі. Міне, бірнеше ең танымал анықтамалар. Р. И. Лалаева келесі анықтаманы береді: дисграфия - бұл жазу процесіне қатысатын жоғары психикалық функциялардың қалыптаспауына байланысты тұрақты, қайталанатын қателерде көрінетін жазу процесінің ішінара бұзылуы [2].
Қ.Қ. Өмірбекованың Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы және түзету жолдары атты кітабында Р.Е.Левина алғашқы жұмыстарында жазудың бұзылуын фонематикалық дамымаудың сипатымен түсіндірген. Ал Н.А.Никашина мен Л.Ф. Спирова зерттеулерінде жазу бұзылысы тілдік дамудың алғашқы кезеңдеріндегі дұрыс жұмыс жүргізілмегендігімен байланыстырады. [1].
И.Н. Садовникова бойынша дисграфияны жазудың ішінара бұзылуы ретінде анықтама береді (бастауыш сынып оқушыларының жазбаша сөйлеуді меңгерудегі қиындықтары), оның негізгі симптомы тұрақты ерекше қателердің болуы болып табылады. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып шәкірттерінде мұндай қателердің пайда болуы зияткерлік дамудың төмендеуімен де, есту және көру қабілетінің бұзылуымен де, мектепте оқытудың тұрақсыз болуымен де байланысты емес [4].
А. Л. Сиротюк дисграфияны ми қыртысының зақымдануы, дамымауы немесе ми қыртысының дисфункциясы салдарынан жазу дағдыларының ішінара бұзылуы ретінде анықтайды [3].
Жазбаша сөйлеу тілін зерттеудегі невропатолог Н.К.Монаковтың көз-қарасы үлкен мағынаға ие болды.Ол бірінші болып дисграфияны ауызша сөйлеу тілінің, сөйлеу бұзылыстарының жалпы сипаттамасымен немесе афазиямен байланыстырды.
Ресей невропатологтарынан дисграфияны С.С.Мнухин мен Р.А.Ткачев зерттеген. Бұл туралы Қ.Қ. Өмірбекованың Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы және түзету жолдары атты кітабында айтылады. Р.А.Ткачев меңгере алмаудың туа біткенін анықтайды. Бала сауатты оқу барысында әріптерді, буындарды дұрыс атай алады да оны есінде сақтай алмайды. Жеке буындардан көбіне аяққы буынды ғана есте сақтайды.Оны Р.А.Ткачев интеллектісі қалыпты жағдайдағы көру мен естудегі әріп бейнелерінің байланысының нашарлығынан дейді.Бұл бұзылыс тұқым қуалау факторымен сипатталады [1].
ХХ- ғасырдың 30- жылдарында жазу бұзылуын психологтар, педагогтар,дефектологтар қарастыра бастады. Ең бірінші болып Ф.А.Рау жазудың бұзылуы мен дыбыс айтудың байланысын көрсеткен, одан кейін М.Е.Хватцев. Р.М.Боскис, Р.Е.Левина зерттеулері жазудағы жетіспеушілік көп жағдайда фонематикалық қабылдаудың бұзылысымен негізделгендігін дәлелдеді[1].
Қазіргі уақытқа дейін мектепте оқытудың қай жасында немесе қандай кезеңінде, бұзылудың пайда болуына балада дисграфияның бар екенін анықтауға болатын бірыңғай түсінік жоқ. Сондықтан"жазуды меңгерудегі қиындықтар" және "дисграфия" ұғымдарын бөлу мектептегі оқыту кезеңінде баланың жазуды жүзеге асыру үрдісінің бұзылуы ретінде қабылданады , "техниканы" меңгеруі аяқталған болып саналады, менің ойымша, дисграфияның мәнін түсіну тұрғысынан , сондай-ақ осы бұзушылықтың алдын алу немесе меңгеру бойынша педагогикалық іс-шараларды ұйымдастыру тұрғысынан дұрыс деп саналады.
Р. И. Лалаева қазіргі логопедиялық теорияға сәйкес дисграфия кезіндегі қателерді сипаттай отырып, олардың келесі ерекшеліктерін анықтайды [2]. Дисграфия кезіндегі қателіктер тұрақты және ерекше болып табылады, бұл хатты меңгере бастаған кезде кіші мектеп жасындағы балалардың көпшілігіне тән қателіктер арасында бөлуге мүмкіндік береді. Дисграфиялық қателер көп, қайталанатын және ұзақ уақыт сақталады. Бұл қателер сөйлеудің лексика-грамматикалық құрылымының қалыптаспауына, оптика-кеңістіктік функциялардың дамымауына, балалардың фонемаларды есту және айтылу арқылы ажыратуға толық емес қабілеттілігіне, ұсыныстарды талдауға, буындық және фонематикалық талдау мен синтездеуді жүзеге асыруға байланысты.
Дисграфияның классификациясы түрлі критерийлер негізінде іске асырылады: бұзылған анализаторларын, психикалық функцияларының бұзылуын, жазу операцияларының қалыптаспағандығын ескеру[1].
Дисграфия жазудың бұзылыстарын талдайтын болсақ
Дисграфия - жазу болса ал,Дислексия - оқуды зерттейді.Логопедтің міндеті - көркем жазуға емес,бірден қатемен жұмыс жасайды.Дисграфия мен дислексия қате жазуды, қате оқуды түзету.
Дисграфия жазудың бұзылыстары-акустикалық, аграмматикалық, оптикалық, артикуляциялық, тілдік анализ-синтез болып беске бөлінеді.
Акустикалық - дыбысты айтада жазада алмау,яғни қалай айтады солай жазады, аграмматикалық - байланыстырып жаза алмау,жалғауларды дұрыс қолдана алмау,тыныс белгілерінен қате жіберу (саябақты барамын), оптикалық - жазылуы ұқсас дыбыстарды шатыстырып жазу (р-ь,ш-щ,у-ә), артикуляциялық - естілуі бірдей дыбыстарды шатастырып жазу (с-ш,ұ-ү,ы-і),тілдік анализ-синтез - әріптерді артық жазу,кем жазу,қосып жазу.Дис - бұзылыс,графия - жазу
1.Артикуляциялық- акустикалық дисграфия - логопедиялық жұмысы. Бала сөзді айтада алмайды,жазада алмайды. Бірінші сөйлеу тілін түзету керек.Содан кейін жазғызуға болады.
2.Акустикалық түрі-естілуі бірдей дыбыстарды шатастырып жазу.Біз әріпті көзімібен көреміз,аузымызда дыбыс,құлағымызда дыбыс болады.Яғни акустикалық балаларда құлағында дыбыс жоқ анализ-синтез жасай алмайды.Жұмыс: қабылдауды дамытуымыз керек
3.Оптикалық-жазылуы бірдей сөздер яғни көруі дұрыс болмайды,бейнені жаттай алмайды.Жазылуы бірдей сөздерді шатастырады.Зеркально жазу - Р,т-ны төңкеріп жазу, Осыны мектепке дейін қалай байқаймыз.
Бала аяқ киімін теріс киеді,оң терісін ажырата алмайды.Ойыншық берсеңізде қалай болса солай сала бередіДыбысты айтада, жазада алмау,яғни қалай айтады солай жазады.
4.Аграмматикалық дисграфия-байланыстырып жаза алмау.Жалғау септіктерді дұрыс қолдана алмау,тыныс белгілерін тастап кету.
5.Тілдік анализ - синтез - әріптерді артық жазып қою,кем жазып қою,әріптердің түсіп қалуы.
Жұмысты қорытындылай келе, дисграфия көптеген авторлардың пікірі бойынша баланың өмірі мен оқыту жағдайларына байланысты екенін ескеру қажет. Сондықтан соңғы жылдары балаларда жазбаша сөйлеудің бұзылуының ұлғаю үрдісін педагогикалық әдістерді қолдану арқылы тоқтатуға болады. Педагогика, логопедия, медицина жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының дисграфиясын алдын алу және түзету үшін қажетті базасын қамтамасыз етуі тиіс.
Ата-аналардың тиісті білімі жоқ, сондықтан дисграфияның алдын алу және түзету жұмысы мектеп логопедінің құзіреттілігіне қатысты міндеті болып саналады.

Дислексия дегеніміз - өмірдің хат жазу, кітап оқу, қатесіз жазу, математика, сабақтағы жалпы үлгерім сынды аспектілеріне жауап беретін неврологиялық ауытқу. Әдетте дислексияға шалдыққан баланы жалқау, сабақтағы үлгерімі нашар баламен шатастырамыз. Бірақ аталған ауруға шалдыққан балалардың IQ көрсеткіші орташа есептен жоғары болғандықтан, оны үлгерімі нашар балалармен шатастыруға болмайды. Қарапайым тілмен айтқанда, дислексия мидағы дислекстердің бұзылып, сөзді анализдейтін орталықтың дұрыс жұмыс істемеуі. Егер бұл ауру туралы толық мәлімет алғыңыз келсе, төмендегі материалымызды оқыңыз.
1. Бұл ауруға шалдыққан адамның тек кітап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz