Қазақ үшін түйе қасиетті мал


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің

«№2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Базархан Амина 3-сынып

«Шұбаттың емдік қасиеті»

Медицина

Базархан Бахатгул

Теміртау қаласы 2023 жыл

Қарағанды обылысы білім басқармасының

Теміртау қаласы білім бөлімінің

«№2ЖББМ» КММ-ның

3 - сынып оқушысы

Базархан Амина Эрболқызына

«Шұбаттың емдік қасиеті»

тақырыбындағы ғылыми жобасына

Пікір

Бұл ғылыми жұмыста «Шұбаттың емдік қасиеті» осы жайында жан-жақты зерттеген. типін анықтау мақсатында оқушылардың психологиясын зерттеп, оқушы сыныптастарынан сауалнама жүргізді.

Бұл жұмыста көп ізденгенін көруге болады. Жинаған ақпараттары мен жасаған зерттеу жұмыстарына қарап, оқушыларға, ата-аналарға, сондай-ақ барлық халыққа, қоғамға тигізетін пайдасы барын көруге болады. Ішкі жан дүниемізді жандандырып, көңіл - күйімізді көтеріңкі күйде ұстау, бәрінен де маңызды.

Болашақта барлық оқушылардың өмірлік көзқарастарын дұрыс қалыптастыруына, армандарына жол ашатынына сенемін.

Пікір жазған: Смагулова Е. С.

Аннотация

Бұл ғылыми жұмыста оқушы төрт түліктің төресі -түйе малының ерекшелігін, адам ағзасына әсері жайында ой қозғап, әр оның сүті ем, еті азық, жүні киім екенін оқушыларға жеткізе білуге тырысқан. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқушы ұстаздың айтқан кеңестерін ой санасынан өткізіп, тереңнен зерттеп жаза білген .

Мазмұны

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

І. 1 Шұбаттың емдік қасиеті

І. 2 Шұбаттың пайдасы мен зияны

ІІ. Жұмыстың зерттеу бөлімі:

ІІ. 1. Зертханалық жұмыс

ІІ. 2. Оқушыларға шұбат жайлы ойларын және іс әрекеттерін зерделеу.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Ғылыми жобаның тақырыбы: Шұбаттың емдік қасиеті

Мақсаты: Қазақ халқының бұрынғы сусыны-шұбаттың емдік қасиеттерін анықтау арқылы маңызын көрсету.

Міндеті:

1. Қазақтың ұлттық сусыны шұбатпен танысу

2. Шұбаттың адам өміріндегі алатын орнын көрсету

Өзектілігі: Шұбаттың адам денсаулығына пайдасын көрсету

Зерттеу объектісі:

Мектептің 3 сынып оқушылары

Зерттеу әдісі:

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сипаттау, мәлімет жинақтау.

Болжам:

Қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстру және оны насихаттау.

Күтілетін нәтиже:

Болашақта балалар тек шетелдік сусындар мен чипсиларды қолданудың орнына осы ұлттық бренд шұбат, құрт және де көптеген тағамдарымызды қолдануға үгіттеу.

Кіріспе

Түйе- төрт түліктің төресі . Ауыр жүк артылып, алыс сапарға жегілсе де мыңқ етпейтін маңғаз жанурадың қадірін көшпелі жұрт қатты білген. Айырқша күтімді қажет етпейтін түйе табиғи жайлымды жақсы көреді. Әрі оның сүті және шұбат медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны рас. Өңдей білген адамға және өнеркәсіпте таптырмайтын шикізаттың көзі болып табылады. Міне осындай пайдасы мол мал тек әлемде санаулы мемлекеттерде ғана бар.

Түйелер (лат. Camelus ) - сірітабандылар отряд тармағының түйетәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы.

Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) - негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), - Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері - Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады. [1]

Қазақ үшін түйе қасиетті мал. Төрт түліктің төресі атанған жанурадың сүті ем, еті -азық, жүні киім . Нардың жүнін қазақ халқы аяққа таптамаған, тек кеудешелермен жиделер, шекпедер мен көрпелердайындаған. Қазіргі кезде медициан түйе жүннің емдік қасиеті барын анықтап жүр. Мысалы аяқты ауыртып алған жағдайда ісікті қайтаруға түйенің жүнін тұзға салып аяққа баялап қойсаңыз ауырғаны басылады және ісігі қайтады.

Негізгі бөлім

Әлемдік медицинада өзіндік орны бар Әбу Әли ибн Сина: «Адам ағзасына пайдалы шөптердің дені құмда өседі» деген екен. Ал, түйе үнемі құмда, сортаң жерде жүргендіктен, тұла бойы тұнған емдік қасиет. Сәйкесінше, шұбатта ми мен жүйке жүйесіне пайдалы қант лак­тозасы, диабет, ісік аллергиясы, бауыр қабынуы мен псориязға қарсы дененің иммунитетін арттыратын антиденелер бар. Түйе сүтінің емдік қасиеті мол болғандықтан, халық емшілері жануар сүтіне шомылдырып, қан- тамыр, жел-құз ауруларын емдеген. Ағзаны жасарту мақсатында ішкен. Шұбаттың құрамында кальций, мыс, темір, магнезий, мырыш секілді микро­элементтер және фосфор мен күкірт бар. Құрамы осындай макро және микро элементтерге бай шұбатты қазақтың халық емінде өкпе, асқазан аурулары, құрқұлақ, мешел ауруларымен қоса, созылмалы түрлі дерттерден әлсіреген ағзаны қайта қалпына келтіру үшін қолданған және ағза уланғанда да емге пайдаланған. Әсіресе, шұбат - өкпе дертінің барлық түріне дауа. Сусын қалай дайындалады? Шұбатты бір қорландырып алады да, одан әрі ешқандай ашытқысыз ашы­та береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шұбатты торсықта немесе ағаш күбіде ашытқан. Ол бір тәулікте өз бабына келеді. Шұбатқа арналған торсықты түйе мойнағынан жасайды. Шұбат ашытқаннан кейін, оны адамға берер алдында шайқап, пісіп, көпіршігін жақсылап араластырып ұсынады. Күбіні аптасына бір рет жақсылап жуып, көлеңкеде кептіреді. Одан кейін киік оты, құмаршықтың түбірі сияқты емдік қасиеті мол шөптермен ыстап барып, сусынды ыдысқа қайтадан құяды. Осылай дайындалған шұбаттың дәмі таңдайдан кетпейтіні рас. Түйе суды аз пайдаланғандықтан, оның сүті майлы болып келеді. Қуаты мен дәрумендік қасиеті қымыздан кем емес. Емдік қасиеті Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қантына, сүт қышқылына, ал­когольге, көмір қышқыл газына, белоктарға, тұздарға, витаминдерге және антибиотиктік заттарға бай­ланысты. Тамақтың құрамындағы белоктардың әдетте асқазан-ішек жолында тамақ қорытылған кезде ғана ыдырайтындығы белгілі. Ал, шұбат құрамындағы белоктардың едәуір бөлігі организмге ыдыраған күйінде түседі. Шұбаттың жеңіл қорытылатындығы да сондықтан. Бұл сусынның асқазан жолының бездерінен мықтап сөл шығаратын қасиеті бар екендігі анықталды. Ол, сондай-ақ, қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің моторлық қызметін жақсартады. Тәбет ашып, қарындағы ауруды басады. Ішектегі тамақтың жақсы қорытылуына көмектеседі. Шұбатпен емдеудің артықшылығы неде? Ол қанның құрамдас бөліктеріне және қанның түзілуіне қолайлы әсер етеді. Қанның қызыл түйіршіктері артады. Бауырдағы алмасу процестері қалпына келеді. Оның нерв жүйесіне ықпалы сүт қышқылының және көмір қышқыл газының әсеріне байла­нысты. Шұбат ішкеннен кейін кісі аздап қызады. Сәлден соң ол жағдай басыла­ды да, адамды ұйқы басады. Бірақ, ол ұйқыдан адам сергек тұрады.


Зерттеу бөлім

Мен зерттеу бөлімінде шұбатты сынып оқушыларма танысытырып, оларға түсіндіру мақстаныда жүргіздім . Балалардың көбісі осы сусын жайлы мәліметі аз білетіндері анықтыалынды. Сол себепті мен оларға шұбат сусыны жайлы мулитк көрсетіп, оларға дәмін татырып, кола, газдық сусындардан аулақ болып, ұлттық тағамдарға жақын болу жолдарын көрсеттім.

Шұбат сусыны адам агзасына көптеген пайдалы екеін және емдік қасиеттерге ие екенін ұғындырдым.

Мен зерттеуді өз сыныптастарымның арасында жүргіздім. Зерттеу барысында оларды бақылап, төмендегі сұрақтарды қойдым:

  1. Қазақтың ұлттық тағамдарын білесіңдер ма?

А) ия, б) жоқ, ә) құрт, айран, ірімшік, қымыз, шұбат в) кола, спрайт

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде төрт түлік малдың алатын орны
Төрт түлік
Төрт түлік пірлерінің пайда болуы
Қазақ тілінің сөздігі
Тіл мен мәдениет мәселесінің этнолингвистиканы қалыптастырудағы ролі
Фольклордың басқа жанрларындағы еңбек көрінісі
Түйелердің ет өнімділігі және етті өндіру технологиясы
Қазақ тіліндегі төрт түлік малға байланысты қолданылатын тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы жайлы
Түйе - жайылым малы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz