Соңғы жылдары мотивация сөзі трендте


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі»
Кафедрасы: «Менеджмент және басқару»
СӨЖ
Тақырыбы: < Тұлғаның мотивациялық сферасы >
Тексерген: Муса Қ. М
Орындаған:Дюсембек А. А
Жоспар:
1) Мотивация дегеніміз не?
2) Мотивацияның түрлері?
3) Мотив және қажеттілік.
4) Адам өміріндегі мотивацияның орны.
Мотивация - бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау қояды және осы қызметке белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді. Соңғы жылдары «мотивация» сөзі трендте. Жастан да, жасамыстан да «Мотивация жоқ», «Мотивация таппай жүрмін» немесе «Бұл менің мотивациям» дегенді естуге болады. Психологтар да үнемі бұл сөзді тренингтерінде қолданады. Қысқа да нұсқа сипаттар болсақ, мотивация - адамның жанармайы. Мысалы, көлік жап-жаңа, соңғы үлгідегі маркада, онымен барар жер нақты анықталған, «А» мен «В» нүктесінің қашықтық уақыты да белгілі делік. Бірақ жанармайы болмаса көлік орнынан қозғалмайды. Дәл осылай адам да мақсаты айқын, жоспары бар болғанымен, мотивациясыз әрекет ете алмайды. Сондықтан да адамның өмірінде мотивацияның маңызы зор. Мотивация бар кезде ғана адам кәсіби дамиды, білімін жетілдіреді, жетістікке жетеді, тіпті тауды да қопарып тастай алады. Мотивация - қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А. Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады. Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді. Бұл барыста ниет шамасында өзгерістер болуы мүмкін, ол кейде күшейюі, кейде әлсіреуі мүмкін. Бірақ ниет шамасының қалай болуына қарамастан адамдар белгілі бір ниеттену тұрақтылығын сақтай алса, көңілінде сол іске деген құштарлығын өшірмей, сол мақсатқа қарай белсенді құлшынып, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын болады. Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы күші болғандықтан, егер адамның қандай ниеті барын білсең, онда оның әрекетінің ауқымы мен беталысын анық шамалай аласың.
Платонның адам рухы үш бөліктің бірлігінен құралады деген идеясында осы мотивация ұғымының мағынасы қамтылған. Нәпсі дегеніміз тамақ жеу, көбею ниеті болып, дене қажетін орындауды талап етеді. Нәпсіні адамның ақылы емес, көңілі тізгіндеп ұстауы керек. Дегенмен, ішсем-жесем, денелік қанағаттансам дейтін ішкі талап пен таным-ақыл талабы шығыса бермейді. Ежелгі заман философиясы, әсіресе бақыт туралы ілім бақытқа деген қажеттілік соған талпындыратын мотивацияның негізі деп түсіндіреді. Дегенмен, бақытқа болсын, басқаға болсын адамды шабыттандыратын түрткі күшке XX ғасырдың 30 жылдарына дейін кез келген ғылым саласы арнаулы түрде мән берген жоқ. Адам санасын танудың қазіргі жаңа беталысына орай, мотивация адам қажетсінуінің адамды сыртқа (әрекетке) бағыттауы, ал қажетсіну мотивацияның ішке (тоюға, ләззаттануға, рахаттануға, қуануға) бағыттауы. Былайша айтқанда, адам жаны сыртқы мақсатқа бағытталса мотивация, ішкі толықтауға (аштық секілді талапқа) бағытталса қажетсіну болмақ. Дегенмен бұлай түсіндіру салыстырмалы. Мысалы Мослоудың қажетсіну қабаты теориясында қажетсіну мен ниет араластырылып түсіндірілген.
Ендігі кезекте мотивацияның түрлері туралы айтып өтсем. Жалпы мотивацияның бірнеше түрі бар. Олар:ішкі, сыртқы, өзіндік, оң және теріс мотивация, тұрақты және тұрақсыз мотивация. Енді бұл мотивациялардың әрқацсысына тоқталып өтсек.
Ішкі мотивация сипаттамалары:
1) Әсер ету:Кейде қандай қиындықтар өзіңізден көбірек пайда алуға көмектесетінін анықтау қиынға соғатынын байқайсыз. Дегенмен, сізді қызықтыратын әрекеттерді табуға әрқашан уақыт бар.
2) Марапаттардың әсері: бірқатар тәжірибелер мен мәдениеттерде белгілі бір тапсырмаларға ақы төлеу өнімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін екендігі көрсетілген. Бұл қалай болуы мүмкін? Артық ақталу теориясына сәйкес, егер бізді сырттай марапаттасақ, жұмысқа деген қызығушылық төмендейді. Мысалы, сурет салуды ұнататын болсаңыз және сізге иллюстратор ретінде айтқан сөзіңіз үшін ақы төленетін болсаңыз, сіздің құмарлығыңыз міндет ретінде сезінуі мүмкін.
3) Ішкі мотивацияны көтеретін марапаттар: алдыңғы тармақта айтқанымыз дұрыс (сыйлық мотивацияға теріс әсер етуі мүмкін), біз көңіл бөлетін адамдардан қанағат алу мотивацияны нығайтуға көмектесетіні де шындық.
4) Қиындықтардың ішкі мотивацияға әсері:қиындықтар бізді табанды болуға және мүмкіндігінше дағдыларымызды дамытуға үйретеді. Біз кез келген қиындықты жеңуге болатынына сене білуіміз керек. Екінші жағынан, тым оңай тапсырмалар қызықсыз және бізге қызық болмауы мүмкін. Тамаша тепе-теңдікті тапқаннан кейін, сіз тапсырманы орындаудан ләззат ала аласыз және Чиксзентмихали айтқандай, «әттеген-айға» кірісе аласыз.
Сыртқы мотивация - бұл марапатқа негізделген мінез-құлық. Бұл оперантты кондициялаудың бір түрі. Оперативті кондиция - бұл белгілі бір мінез-құлықтың қайталану ықтималдығын арттыру немесе азайту үшін марапаттарды немесе жазаларды қолданатын мінез-құлықты өзгерту нысаны. Сыртқы мотивацияда марапаттар немесе басқа ынталандырулар - мақтау, атақ немесе ақша сияқты - нақты әрекеттер үшін мотивация ретінде пайдаланылады. Ішкі мотивациядан айырмашылығы, сыртқы факторлар мотивацияның бұл түрін басқарады. Жұмысты орындау үшін ақы алу сыртқы мотивацияның мысалы болып табылады. Сіз күніңізді жұмыстан басқа нәрсемен өткізуді ұнатасыз, бірақ сіз жұмысқа баруға ынталысыз, өйткені шоттарды төлеу үшін сізге жалақы қажет. Бұл мысалда сіз өзіңіздің күнделікті шығындарыңызды өтеу мүмкіндігімен сыртқы түрткісіз. Керісінше, сіз жалақы алу үшін аптасына белгілі бір сағат жұмыс істейсіз. Сыртқы мотивацияның әрқашан нақты сыйақысы бола бермейді. Мұны мақтау мен атақ сияқты дерексіз марапаттар арқылы да жасауға болады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация үнемі өзгеріп болады. Кеше, оның отбасын асырау үшін ақша табуға қажет болды, ал ертең жаңа пәтер, автомобиль немесе балалар білім алу үшін ақша керек. Осы ынталандыру ең айқын және классикалық мысал - алтын балық және балықшылар туралы ертегі. Адам бір жұмысқа әр түрлі жігерлік танытуы мүмкін. Ол жұмысты бүкіл күшімен немесе жарты күшімен орындауы мүкін. Ол онай жұмысты тандауы мүмкін немесе қиын жұмысты, ол жұмысты шешу үшін қиын әдісті тандуы мүмкін немесе онай әдісті. Осының бәрі адамның қанша жігерлік танытатының айқындатады.
Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп, белсенді етіп, үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң мотивация деп аталады. Ал, адам еркін салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді
Мотив дегеніміз - адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш. Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т. б. Диспозициялардың ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттілік табылады. Мотив (латын тілінде moveo - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотивті жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт береді. Табиғи және қоғамдық ортаның талаптары адамның мотивтерін жүзеге асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді. Тұлғаның іс-әрекеттеріне, қылықтары мен пиғылдарына баға беру үшін оның мотивтерін айқындау керек. Мотивтің мәнін, құрылымы мен маңызын зерттеумен психология, заң, этика ғылымдары шұғылданады.
Қажеттілік - қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан ажыратылады. Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді. Қажеттіліктерді бастапқы (тума, биологиялық. қажеттіліктер (қорекке, ұйқыға қорғаныс, ата-аналық, сексуалдық. және мәдени, жүре пайда болған (материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға болады. Қажеттілік - адамның саналы түрде мұқтаждану құбылысы. Ал саналы қажетсінуді - тілек дейміз.
Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері олардың күші, олардың пайда болу жиілігі және оларды қанағаттандыру тәсілдерімен анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz