Сезім мен эмоцияны білдіретін тіл бірлігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факyльтeтi

Қазақ тіл білімі кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫC

Тақырыбы: «Қазақ тіліндегі одағайлардың эмоцияны білдірудегі прагматикалық әлеуеті»

5B0011700 - «Қазақ тiлi мeн әдeбиeтi»

Орындаған: Тойбазар А. М

Ғылыми жeтeкшi,

филол. ғыл. канд. Иманалиева Ғ. Қ

Қорғауға жіберілді:

Хаттама №, «___» 20___ ж.

Кафедра меңгерушісі Саткенова Ж. Б.

(қолы және мөрі)

Норма бақылаушы Әміров Ә. Ж.

(қолы)

Алматы, 2022 ж.

Рeфeрат

Дипломдық жұмыстың көлемі: 65 бет, 6 кесте, 61 дереккөздерден тұрады.

Мақсаты: Эмоция арқылы берілетін одағай атаулардың құрылымын, одағай сөздердің қолданыс ерекшелігі мен прагматикалық қолданыстарын анықтау.

Нысаны - Қазақ тіліндегі түсіндірмелі сөздіктер мен көркем әдебиеттерден алынған одағай сөздер. Олардың салғастырмалы прагматикалық қолданысы зерттеу жұмысымыздың басты пәні болып табылады.

Пән - Қазақ тілі білімі.

Қазіргі уақытта тіл мамандарының алдында зерттелуі тиіс тың тақырыптар жетерлік. Солардың бірі одағай сөздердің тіл білімінде алатын орны мен эмоцияны білдірудегі прагматикалық әлеуеті, түрленімдік жүйеге қатысын теориялық негізден шығарып көрсете білу болып табылмақ. Эмоцияның тіл арқылы бейнеленуі, тілдік құралдар арқылы берілуі әрдайым қиындық тудырады. Себебі бір эмоция түрлі тәсілдермен берілуі немесе бірнеше эмоция бір дыбыспен, бір сөзбен, бір қимылмен білдірілуі мүмкін. Эмоцияның туу себебінің өзі сыртқы дүниенің субъектіге тигізетін әсері болып табылады. Сол әсердің нәтижесінде субъект күледі, ашуланады, ызаланады, ләззат алады немесе тамсанады. Осы әсердің негізінде адамдардың түрлі дыбыстар шығаруынан пайда болған сөздер тобына қазіргі қазақ тілінде одағайлар деп танылып жүрген сөздердің негізгі бөлігі жатады. Одағайлар - ең эмоционалды сөздер тобы, өйткені «эмоционалдық» өрнек олардың негізгі қызметі болып табылады.

Нәтижелері :

дәстүрлі пікірлер мен жаңа көзқарасты саралай келе, одағай сөздердің лингвистикалық статусы анықталды;

тіл ғылымында эмоционалды-экспрессивті тілдік бірліктері одағай сөз категориясында зерттелді;

одағай сөздердің прагматикалық мағынасының салмақ үлесі көрсетілді;

қазақ тіліндегі эмоционалды, волюнтативті, фатикалық қызмет атқаратын одағай сөздердің прагматикалық қолданысына салғастырмалы талдау жасап, өзіне тән ерекшеліктері сараланды;

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1 ЭМОЦИЯ МЕН ЭКСПРЕССИЯ ТІЛ БІЛІМІ АЯСЫНДА 7

Тілдің сезімді жеткізудегі рөлі және оның зерттелуі 7Тіл біліміндегі экспрессия мен эмоцияның зерттелу жайы 14Одағай сөздер: дәстүрлі пікірлер мен жаңа көзқарастар 27Прагмалингвистика: одағай сөздер - прагматикалық компонеттерінің бірі 34ОДАҒАЙЛАРДЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ 43Эмоционалды қызмет атқаратын одағайлардың прагматикалық қызметі 43Одағай түрлерінің әртүрлі қызмет аясындағы прагматикалық қолданысы 52

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

КIРICПE

Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі ғаламдастыру, жаһандандыру саясатының аясында әлемдік ғылымдардың даму көкжиегін жаңа бағыттармен кеңейту, кайсыбір ғылым саласы болмасын, оны «адами факторлармен, адами құндылыктармен» бірлікте карастыру - адамзат өркениеті мен замана керуенінің алға тартып отырған кезекті талабы. Әлемдік қолданбалы және теориялық ғылымдардың ішіндегі негізгі қоғамдық, әлеуметтік коммуникацияның жетекші идеяларын жүзеге асырулы мақсат еткен тіл ғылымының казіргі бағыт-бағдары ғасыр талабына толык жаvап бере отырып, «субъект - тіл - өркениет» үштігінің аясындағы тың міндеттердің шешілуін көздейді. Соңғы жылдары тіл біліміндегі прагматика саласы субъект факторына ерекше мән беріп, коммуникативті актідегі сөйлеушінің тілдік бірліктерді ұтымды қолдану мәселесін жиі сөз ете бастады. Субъект мәселесіне қатысты тұлғаның эмоционалды жай-күйіне, ерігіне байланысты ұғымдарды таңбалауды жүзеге асыратын одағай сөздер линтвистика ғылымында әлі де тұғырлы зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Сондықтан, тілдік бірліктер жекелеген сөз, сөйлем деңгейінде формальдық жақтан емес, мәтін, контекст, дискурс, сөйлеу жағдаяты, сойлеудің диалогтық формасы, коммуникативтік акт үрдісінде карастырылып отырған кезеңде, одағай сөздерді тікелей қатысым актісіне байланысты прагматикалық түрғыдан зерттеу аса маңызды. Қазіргі уақытта тіл мамандарының алдында зерттелуі тиіс тың тақырыптар жетерлік. Солардың бірі одағай сөздердің лингвистикадағы орны мен оның эмоциямен берілудегі прагматикалық әлеуетін, түрленімдік жүйеге қатысын теориялық негізден шығарып көрсете білу болып табылмақ. Аталған мәселе осы күнге дейін көп зерттелмеген. Тек тіл білімінің ішінде жалпылама түрде ғана айтылып келген.

Эмоцияның тіл арқылы бейнеленуі, тілдік құралдар арқылы берілуі әрдайым қиындық тудырып келеді. Оның басты себебі бір эмоция түрлі тәсілдермен берілуі немесе бірнеше эмоция бір дыбыспен, не болмаса бір ғана сөзбен, бір ғана қимылмен білдіруі мүмкін. Эмоцияның туу себебінің өзі сыртқы дүниенің субъектіге тигізетін әсері болып табылады. Сол әсердің нәтижесінде субъект күледі, ашуланады, ызаланады, ренжиді немесе тамсанады. Осы әсерлердің негізінде адамдардың түрлі дыбыстар шығаруынан пайда болған сөздер тобына қазіргі қазақ тілінде одағайлар деп танылып жүрген сөздердің негізгі бөлігі жатады.

Одағайлар - ең эмоционалды сөздер тобы, өйткені «эмоционалдық» өрнек олардың негізгі қызметі болып табылады. Олардың ешқандай ақпараттық жүктемесі жоқ, тек қана эмоционалды және экспрессияны білдіреді.

Одағайлардың тілдік табиғатын, олардың жеке сөз табы ретінде қалыптасуын қарастыруда бірқатар шетелдік, кеңестік ғалымдардың, түрколог мамандар мен қазақстандық зерттеушілердің (А. Шахматов, В. Виноградов, Е. Корди, Л. Тенъер, Ф. Бруно, М. Балақаев, С. Иманалиев, Ш. Сарыбаев т. б. еңбектері ерекше орын алады.

А. Байтұрсынов одағайлар жөнінде: «Кей сөздер басқа сөздермен оңаша, одағай айтылады. Мәселен, апырым-ай, шошып кеттім ғой. Айқай-қай! Жаным жаңа райыс тапты ғой. Ай-қай! Менің өз-үйім, кең сарайым бос үйім. Әлди-әлди! Ақ бөпем. Пай-пай! Қалай аяңдайды? . . . Осылай айтылған сөздерді одағай сөздер дейміз. Одағай сөздер қазақ тілінде көп. Қуаныш, реніш, күйініш, уайым, қайғы жан күйзелгенде, тән күйзелгенде, жан рахат тапқанда шығатын дыбыстар, дауыстар, айтылатын сөздер», - деп жазады.

Сонымен, адамның түрлі эмоцияларын білдіруде одағайлар арқылы жасалған экспрессивті құрылымдардың рөлі зор. Адам эмоциясының түрлі реңкін бере алатын көпмәнділік қасиетке одағайлар сөйлеу жағдаяты, сөйлемдегі контекст және екпін арқылы ие болады. Көпмәнді одағайлардың әрбіреуі жұмсалу ерекшеліктеріне қарай әр түрлі екпінмен айтылады. Бірде созылыңқы, бірде баяу, бірде тез т. б. Беретін мағынасына байланысты екпін бірде алғашқы буынға түссе, бірде соңғы буынға түседі.

Бітіру жұмысының өзектілігі бірнеше факторлармен белгіленеді:

Біріншіден, Қазақстан тәуелсіздігін алып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастардың ұлғайып, халықаралық саяси, мәдени, экономикалық байланыстардың нығайып-дамуы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алып әлеуметтік қызмет өрісінің жанданып-жаңғыруы ана тілімізді зерттеу өзекті мәселелер қатарына шығарды. Алайда қазақ тілінің бай тілдік қорын зерттеген ғылыми ізденістер некен саяқ. Осыған орай, қазақ тіліндегі одағай сөздерді зерттеу жұмыстың өзектілігінің бір қыры болып табылады.

Екіншіден, тіл ғылымында эмоционалды-экспрессивті тілдік бірліктерді зерттеуге аса үлкен қызығушылық артып отырған кезде эмоция мен экспрессияға бай одағай сөз категориясын зерттеудің маңызы зор.

Үшіншіден, лингвистика саласындағы қарқынды дамып келе жатқан прагматика бағыты қарым-қатынас актісіндегі өнімді үрдіс болып табылатын одағай сөздерді зерттеудің қажеттілігін алға тартады. Сөз болып отырған мәселе осы күнге дейін көп зерттелмеген. Тек тіл білімінің ішінде жалпылама түрде ғана айтылып келген.

Бітіру жұмысының негізгі зерттеу нысаны : қазақ тіліндегі түсіндірмелі сөздіктер мен көркем әдебиеттерден алынған одағай сөздер. Олардың салғастырмалы прагматикалық қолданысы зерттеу жұмысымыздың басты пәні болып табылады.

Бітіру жұмысының мақсаты: Эмоция арқылы берілетін одағай атаулардың құрылымын, одағай сөздердің қолданыс ерекшелігін, прагматикалық қолданыстарын анықтау.

Бітіру жұмысының мен міндеті: Зерттеу мақсатына жету үшін мынадай міндеттер қойылады:

тіл ғылымында эмоционалды-экспрессивті тілдік бірліктерді одағай сөз категориясында зерттеу;

дәстүрлі пікірлер мен жаңа көзқарасты саралай келе, одағай сөздердің лингвистикалық статусын анықтау;

лингвистика саласында қарқынды дамып келе жатқан прагматика бағыты қарым-қатынас актісінде өнімді үрдіс болып табылатын одағай сөздерді зерттеу;

қазақ тіліндегі одағай сөздердің семантика-құрылымдық ерекшеліктерін саралау;

одағай сөздердің прагматикалық мағынасының салмақ үлесін көрсету;

қазақ тіліндегі эмоционалды, волюнтативті, фатикалық қызмет атқаратын одағай сөздердің прагматикалық қолданысына салғастырмалы талдау жасап, өзіне тән ерекшеліктерін саралау;

одағайлардың коммуникативті-прагматикалық типтерін анықтау;

Бітіру жұмысын жазуда негізге алынған теориялық еңбектер: Бітіру жұмысына А. Байтұрсыновтың 1992 жылы жарық көрген «Тіл тағылымы» (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері), Ш. Сарыбаевтың 2014 жылы баспадан шыққан «Қазақ тіл білімінің мәселелері» еңбегі,

Д. Әлкебаеваның прагмастилистиканың қалыптасу деректері мен коммуникативті-прагматикалық қызметі, тілдік бірліктердің табиғаты және стилистикалық мүмкіндіктерге қатысты мәселелері қарастырылған «Қазақ тілінің прагмастилистикасы» оқу құралы, А. Салқынбайдың «Қазіргі қазақ тілі», Б. Сағындықұлының «Қазіргі қазақ тілі» оқу құралы мен Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегі, Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. құрастыруымен шыққан «Қазіргі қазақ тілі» еңбегі және т. б. пайдаланылды.

Бітіру жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: жұмыста

құрылымдық әдіс, салыстырмалы әдіс, анализ әдісі, мәнмәтіндік талдау әдістәсілдері және лингвистикалық сипаттамалы, одағай мен одағайлы сөйлемдерге прагматикалық интерпретация жасау, анкеталық сауалнама жүргізу нәтижесі мен еңбектер негізінде мәтіндер мен сөйлемдерді салғастыру әдістері қолданылады.

Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы: Одағайлардың лингвистикалық статусы айқындалады. Одағай сөздердің эмоцияны білдірудегі прагматикалық қолданысы кешенді түрде талданып, эмоция білдіруге қатысатын эмотивтілік, экспрессивтілік ұғымдары салыстырылады.

1 ЭМОЦИЯ МЕН ЭКСПРЕССИЯ ТІЛ БІЛІМІ АЯСЫНДА Тілдің сезімді жеткізудегі рөлі және оның зерттелуі

Адам эмоциясының тіл арқылы бейнеленуін сөз етпес бұрын жалпы эмоция мен оның табиғатын түсініп алған жөн. Эмоция - ақиқаттың көрінісі, сол себепті адамның эмоционалдық-сезімдік өрісі жалпы танымдық өріске жатады. Эмоцияны адамның ішкі жан-дүниесінің көріністерінің бірі деп те атауға болады. Психология ғылымын толық түсіну үшін психикалық құбылыстардың мағынасы мен ұғымын ашу керек. Сезім мен ойлау, эмоция - адамның ішіндегі болатын толқыныстар ретінде саналады. М. Жұмабаев өзінің еңбегінде: «Психология» сөзі жан туралы ілім» [1, 146-б], - дей келе, бұл жердегі жанды сезімге саяды.

Адам дүниеге келген күннен бастап оның өмірінде әртүрлі жаңалықтар, қуаныш пен қайғы, жеңіс пен жеңіліс, құлау мен қайта тұру сияқты түрлі көріністер орын алады. Айтылған құбылыстарға назар аудармау мүмкін емес. Күрделі психикалық немесе адамның рухани күйі және ішкі сезімі құбылыстардың өзіне тән ерекшелігі бар, әсер (реакция) тудырушы сезімдік толқындардың жиынтығы. Бұл ұғымды психология саласында «Эмоция» деп атайды. Эмоция (француз тілінен emotion, ал латын тілінен enoveo - толғану) - қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау кезінде пайда болатын құбылыс. Эмоция ұғымының латын тіліндегі «емовера» сөзінен аударсақ «қобалжу, қозу» дегенді білдірсе, француз тіліндегі эмоция сөзінің беретін мағынасы - толқу, тітіркену.

Эмоция терминінің беретін негізгі мағынасы - «толғандырамын», «күйзелтемін» деген сөз. Эмоция құбылысына әлемдік ғалымдар ерте кезден-ақ назар аударған. Алайда осы уақыт аралығына дейін ғалымдар эмоция туралы дәл анықтамалар мен оның сипаты мен дамуы жөнінде ортақ пікірде болған емес. Тіпті адам сезімі әр түрлі көріністе болатыны соншалық, оған нақты анықтама беру өте қиын. Адам эмоциясын бір сөзбен айтатын болсақ, сыртқы және ішкі жағдайларда пайда болатын құбылыстарға адамның жауабы ретінде қарауға болады. 1962 жылы шыққан К. С. Станиславскийдің «Әдіс және эмоциялар физиологиясы» оқулығында эмоция туралы осылай делінген: «Эмоция - адам өміріндегі әлеуметтік қоғам және рухани мәні зор табиғи құбылыс. Әрине адам жанына әсер ете алатын - тек ұнамды-ұнамсыз, жағымды-жағымсыз оқиға, іс-әрекет, құбылыстармен қатар жанды-жансыз заттар ғана емес, сондай-ақ сөздің де қызметі ерекше. Ол физикалық факторлардан гөрі әлдеқайда күшті әсер етіп, адамды аса күрделі өзгерістерге түсіреді», -деп жазады [2, 93-б] .

Эмоцияны адам өмірінде орын алатын жағдайларды білдіретін әрекет реттеушісі деп қана пайымдауға болады. Яғни, адамның эмоциялары, мәселен, қуаныш, рақаттану, қайғыру, қорқыныш немесе мүлдем басқа сезімдермен айқындалады. Адамның эмоциясы өз-өзінен сезім тудырмайды, себебі олардың атқаратын басты міндетінің бірі - әрекетті іштей дұрыстау, реттеу.

Эмоциясыз адам өз-өзін бос қуыс ретінде сезінеді, әр жасаған істерінің ешқандай маңызы болмай, өмірден түңілген адам сияқты сезінеді. Кейбір сәттерде адам өзін толықтай босатып жіберіп, қызығушылықтарының бәсеңдеу себебінен, селқостық деңгейге де жетуі мүмкін. Алайда бірер сәттерден кейін немесе аздаған уақыттардан кейін есін жиып, қайта оралып, көңіл-күйі көтеріліп, тұлғаны алға жетелейді. Жалпылай айтқанда, эмоцияның адам өміріндегі маңызын сөзбен жеткізу қиын. Мәселен, таңғалу, қуану, қорқыныш сияқты эмоциялар адамның дене әрекеттері арқылы жүзеге асады. Олар - ым-ишарат, бет әлпеттің немесе тері түсінің басқа реңкке өзгеруі.

Эмоцияның өзіне тән артықшылықтары да бар. Ең басты артықшылығы - адам бойындағы ішкі қуатты біршама үнемдеу арқылы сақтап отырады. Әр құбылыс бір нәрсені білдіреді. Мәселен адам күйзеліске ұшыраса, оның бет әлпеті бозарып, белсенділігі өзгереді. Ең бірінші эмоция түйсікке әсерін тигізеді. Жағымды эмоцияға толы адам қоршаған ортасына көтеріңкі көңіл-күймен қарайды. Ал көңіл-күйі мүлдем жоқ адамның әр сәті келеңсіз жағдайларға толы және айналасынан тек жамандық көреді.

Ғалымдардың пікірі бойынша эмоция тек лингвистикада ғана емес, сонымен қатар психология мен физиологияда да әлі толық зерттелмеген, сол себепті оның лингвистикалық сипатын анықтау оңайға соқпайтыны белгілі. Ендеше, ғалымдардың тұжырымдамасын салыстыра келе, адамның ішкі сезімдерін білдіретін сыртқы ортадан алған әсері нәтижесінде қалыптасатын құбылысты эмоция немесе көңіл-күй деп атауға болады. Айта кеткеніміздей, эмоция адамның бет әлпеті мен дене қалпын, қозғалысын, дауыс ырғағы мен сөйлеу кезіндегі интонациясының басым болуы, мимикасының өзгеруі арқылы байқалады.

Ғылыми анықтамалардың мазмұнында сезім мен эмоция кейде бірге келсе, кейде бөлек айтылады. Бұл - екі психикалық процестің мағынасы тереңінен зерттелмегенінің айғағы. Осыған орай, В. В. Богословский «Эмоция мен сезім - адамның өзін қоршаған ортаға, өз-өзіне деген өзгеше жеке қатынасы» деп бірге берсе, А. Темірбековтың «Психология» атты еңбегінде: «Дұрысында, бұл ұғымдардың ішкі сырын талдап қарасақ, екеуінің арасында айырма бар», - деген пікір білдіреді [3, 170-б] .

Психолог Қ. Жарықбаев сезімнің түрлерін атап, оларды үш түрге бөледі. Олар:

адамгершілік (моральдық) сезім - жеке адамның өздерімен қарым-қатынасқа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоционалдық қатынас, басқаша айтсақ, Отанға, достыққа, борышқа деген патриоттық көзқарас;

интеллектуалдық сезім - ақыл-ой процесінде пайда болған адамның жеке-дара сезімін, терең ішкі толқыныстар мен толғаныстарды, қанағат, юмор, ирония және жаңалық атаулыға ұмтылыстырады;

эстетикалық сезім - әсемдікті қабылдау мен жасау кезінде пайда болған жан рахатын жатқызады [4, 303-304-б] .

Байқағанымыздай, бұл тұжырымда сезім мен эмоцияның өздеріне тән ерекшелігі ажыратылмаған. Бітіру жұмысында осы екеуінің айырым жігіне аса назар аудардық. Күнделікті тіршілікте адамды қатты толқытатын құбылыстар жетерлік, олар адамды ерекше әсерлендіріп қана қоймай, қуантады, кейде мұңайтады, көңілге жалғыздық сезімін сезіндіреді. Демек, бұл - орныққан сезім, ол - адамның жан дүниесінің тебіренісі болып табылады.

Эмоция мәселесі толықтай зерттелмегендіктен, әр автордың берген анықтамалары да әртүрлі болып келеді. 1962 жылы жарыққа шыққан «Психология» оқулығында: «Эмоция мен сезім - адам қажетіне сай келу-келмеуіне байланысты шындық заттар мен құбылыстарына деген қатынастың ерекше түрі . . . Адам ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстарға эмоциялы түрде қарайды. Кез келген зат пен құбылыс адамда қандай да болмасын сезім туғыза бермейді», - деп жазады [5, 92-б] . Сонда эмоция мен сезім бір мағынада жиі қолданылып жүргенін, ал шын мәнінде олардың ара-жігін ашу керектігін айтады. Осыған байланысты 1977 жылы психология туралы қазақ тілінде тұңғыш жарық көрген «Эмоция: пайдасы мен зияны» атты еңбекте эмоцияға былай деп анықтама беріледі: «Эмоция деп тамаққа, сусынға, ауаға мұқтаждану, суықтан қорғануға, өзін сақтауға, тағы да осы секілді органикалық мұқтаждықдарды я қанағаттанбаумен байланысты жан-күйлерді айтады. Денедегі нервтік процестердің қызметінің ауыр, жеңілдігін бейнелейтін субъективтік қалыпты эмоция дейміз Соңғы уақыттары эмоция мен сезім бір мағынада қолданылып жүргені белгілі. Алайда дұрысында олардың ара-жігін ашу керектігі айқындалады» [5, 93-б] .

Бұл берілгендердің алқашқы анықтамасында «эмоция-сезім» дегенді тар ұғымда, яғни сезіммен тепе-теңдікте қолданғанын байқаймыз. Ал екінші анықтамада әлі де болсын айқындылықтың керектігі айтылады. Мәселен, С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романынан мына бір көрініске назар аударайық:

Бір бұрышта, әкесі өлгендей бозарып, жауап та жоқ, сөз де жоқ, төмен қарап алған, жермен-жер болған Омар отыр. Бір қыздың қолтығына тығылып алған, қарлығып тұрған дауыспен ызалана, зарлана түскен Қамар жатыр. Қамардың жаны замандастарына толы.

Бұл барлық адамдарға таныс жағдайдың бірі - қайғы мен түңілу сезімі. Толқыныс сезімдері кейіпкерлердің жан дүниесінде болып жатқан көрініс.

«Қамар-ай, расымен-ақ сол бір жауызға кететін секілдісің» деген кейіп танытып, біреуі аяғында, біреуі басында отыр.

Бұл жерден ішкі сезімнің көрінісі ретінде эмоцияны байқауға болады, алайда ол әлі де аяушылық сезімімен аралас күйде қолданылып тұр.

Ар жақта Қамарды құшақтап алып:

Асылым, туған қарындасым! Қанша жерден басым дауға

таланса да, малым жауға кетсе де, сенің көңіліңді түсірмеймін! Ешкімге бермеймін, жүрегім менің, бермеймін! Қарағым, құлыншағым менің! . . . - деп өкірген Омар көзінен жас аққан, сорғалаған күйінде жатыр.

Бұл - сезімнің сыртқа шыққандағы сәті мен эмоциялық көрінісі. Үзіндіде бастапқы көріністен-ақ ашу мен ыза, перзентіне деген махаббат пен қимастық сезімі тілдік бірліктер арқылы сыртқа шықты. Яғни, сезім мен эмоция әрдайым бірлесіп келмей, кейде алшақ, кейде аралас күйінде адамның әртүрлі қалпы мен жайын білдіретін психикалық процесі екеніне көз жеткізе аламыз. Сезім мен эмоцияның ара жігінің бар екенін осы берілген көріністен байқадық.

Адам бойындағы сезімнен белгілі уақыт бойы арыла алмайтыны анық. Ал эмоция сол сезімнен туып, сезім күйінің қысқаша ғана айқын көрінісі болғандықтан, оны қысқа мерзімді психикалық процесс деп топшылауға болады.

Эмоция - жалт етіп көрінетін, тез жойылып кететін сезім. Ал сезім - эмоциялардың жиі-жиі қайталануынан пайда болатын процестердің бірі. Мәселен, адам баласы қандай да бір адамды ұнатпаған жағдайда, жақтырмай тыжырынып, жиырылып жүреді де, бұл уақыт өте келе жек көру сезіміне айналады. Ал керісінше, біреуді ұнатса, оның жақсы жақтарын байқап, жақсы көру сезімі пайда болады. «Эмоциялар мен сезімдер дегеніміз адамның қажеттілігін қанағаттандыратын әлде қанағаттандыруына байланысты заттарға, адамдарға не құбылыстарға бағытталған әртүрлі көңіл-күйін, тебіреніс-толғанысын көрсететін қарым-қатынасы», - дейді Н. Итбаев [6, 135-б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоционалды жағдайды вербализациялау классификациясы
Ч. Дарвиннің эмоциялардың көрінуі туралы түсінігі
Лексикалық мағынаның құрылымы
Адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негізі
Соматикалық фразеологизмдер
Эмоционалды мәтін прагматикасы
Мінез туралы жалпы ұғым. Мінез бен темпераментті теңдестіру
ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ ЛЕКСИКАНЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Лексикалық мағынаның макрожүйелік құрылымы
Қазақ тіліндегі эмоционалды сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz