Теміржол көлігі бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КАСПИЙ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОЛОГИЯ, МҰНАЙ - ГАЗ ІСІ ЖӘНЕ IT ИНСТИТУТЫ
ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫН БАРЛАУ КАФЕДРАСЫ
ЕСЕПНАМА
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ
Орындаған: Айтимова Г.Б
Тобы: БЖиООС 19 - 1к
Курс: 3
Тексерген: Омирзакова Э.Ж
Алматы 2022
Жоспар
I. Кіріспе
1. ҚТЖ - Жүк тасымалы жалпы түсінік
II. Негізгі бөлім
2. Жүк тасымалдау
3. Теміржол көлігі бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру
4. Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасы
5. Стансаның жүкті қабылдау және тиеу жұмысының технологиясы.
6. Жүктерді тасымалдау кезінде көрсетілетін операциялар.
III. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I. Кіріспе
Практиканың мақсаты - бакалавриат студенттерін Тіршілік қауіпсіздігі бейінімен, өндірістік қызметпен таныстыру және олардың техникалық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру, жетекшінің функцияларын тұтас орындау, әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Кәсіби-техникалық мәселелерді табысты шешу үшін білім беру, әлеуметтік сала және өндірістік саласындағы өзіндік практикалық тәжірибесінің болуы.
Өндірістік практиканың міндеттері:
- практика объектісінің ұйымдық құрылымын, оның техникалық жабдықталуын, орындалатын жұмыстардың ерекшеліктерін, өндірістік циклге кіретін технологиялық процестерді зерттеу;
- орындалатын жұмыс түрлерінің конструкторлық-технологиялық құжаттамасын, жабдықтың техникалық сипаттамаларын және оны пайдалану мен қызмет көрсету бойынша персоналдың міндеттерін зерттеу;
- тазарту құрылыстарын жобалауда, құруда, пайдалануда еңбектің озық әдістерін меңгеру, практикалық жұмыс дағдыларын меңгеру;
- құрылыс жұмыстарының түрлері, жабдықтар мен агрегаттарды монтаждау, реттеу, пайдалану және жөндеу бойынша практикалық дағдыларды дамыту;
- конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу тәртібін меңгеру;
- құрылыс алаңындағы бригадир лауазымында, жобалау, ғылыми-зерттеу және басқа ұйымдарда инженерлік лауазымда практикалық қызметтің басқарушылық дағдыларын меңгеру.
1. ҚТЖ - Жүк тасымалы жалпы түсінік
ҚТЖ - Жүк тасымалы ЖШС 2020 жылғы 28 тамыздан бастап ҚТЖ-Жүк тасымалы акционерлік қоғамын ҚТЖ-Жүк тасымалы жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналдыру жолымен құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2020 жылғы 28 тамыздағы куәлік).
ҚТЖ-Жүк тасымалы акционерлік қоғамы 2016 жылдың маусым айында Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында мақсатты ұйымдық құрылымға кезең-кезеңімен көшу жобасын іске асыру нәтижесінде құрылды. Бұл жоба ҚТЖ ҰК АҚ бірқатар еншілес ұйымдарын оңтайландыруға мүмкіндік берді.
ҚТЖ - Жүк тасымалы ЖШС құрылымында жол бөлімшелері мен локомотив деполарынан құралған, қазақстандық темір жол желісінде тұтынушыларға қызмет көрсететін және жүк тасымалдау қызметтерінің толық кешенін ұсынатын салалық желісі бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен ҚТЖ - Жүк тасымалы ЖШС-не Ұлттық жүк тасымалдаушысы мәртебесі берілді. Темір жол көлігі туралы Заңға сәйкес Ұлттық тасымалдаушының алдында келесі міндеттер тұр: әскери және арнайы тасымалдауды жүзеге асыру, пойыздарды қалыптастыру жоспары. Мұндай мәртебеге ие болу - мемлекет тарапынан жоғары сенімнің дәлелі.
II. Негізгі бөлім
2. Жүк тасымалдау
Жүктерді тасымалдау - жүктерді жөнелту орнынан межелі орынға жеткізу мақсатында орындалатын тасымалдаушы, жүкжөнелтуші және жүк алушының өзара байланысты іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Жүктердi қабылдау-тапсыру, жолаушыларға қызмет көрсету операциялары, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тоғыстыру және басып озу операцияларын, ал тарам жолдары дамыған бөлiм бекеттерiнде - пойыздарды сұрыптау-құрастыру секiлдi маневр жұмыстарын, вагондар тобымен және жеке вагондармен техникалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құрылғылары бар тарам жолды бөлiм бекетi темiржол станциясы деп аталады.
Станциялар дегенiмiз - темiр жолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.
Жұмыстың көлеміне сипатына қарай станцияда мыналар болады:
:: Орталық блокировка және байланыс құрылғылары
:: Жарық беру, өрт қауіпсіздігі және сумен қамтамасыз ету құрылғылары
:: Жүк сақтау орындары (жабық қоймалар, ашық алаңдар, платформалар, вагон таразылары контейнер алаңдары).
:: Пойыздарды қабылдап жөнелтуге маневр жұмыстарын жүк операцияларын орындауға арналған тарам жолдар.
:: Сұрыптағыш құрылғылар (сұрыптағаш дөңестер, шағын дөңестер тартым жолдары), станция жолдары және вагондар мен локомотивтерді тексеруге, жарақтауға жөндеуге арналған құрылғылар.
:: Қызметтік техникалық ғимараттар мен үй жайлар жолаушылар ғимараты мен платформалар, билет және қол жүгі кассалары теңдеме жүкпен қол жүктерін қабылдау сақтау мен беру орындары.
Жүк - жүк көлігінің белгілі бір түрінің тиісті жылжымалы құрамымен тасымалдауға қабылданған мүлiк. Қатынас түрлері - жөнелту және межелі орындар арасында жүк тасымалдау бағыттары, олар:
- халықаралық - Қазақстан Республикасы және шет ел мемлекеттері арасында және (немесе) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдау;
- қалааралық (республика iшiлiк) - республика шегінде жөнелту және межелі орынға дейін тасымалдау;
- қаламаңылық - қаламаңылық аймақта тасымалдау;
- қалалық - қаланың белгiленген шекарасы шегiнде тасымалдау.
Жүк айналымы - жүк тасымалдайтын көлік жұмысының негізгі экономикалық көрсеткіші. Оның көлемі тасымал қашықтығымен және белгілі бір уақытта тасылған жүктің салмағымен өлшеніп, тонна-километрмен есептеледі. Жүк айналымы көлік түрлеріне қарай ажыратылады:
- автомобиль көлігінің Жүк айналымы - жүк таситын автомобиль көлігі жұмысының көлемі, ол бір сапарда тасылған жүкті сапар қашықтығына көбейтіп, кейіннен барлық сапарлар бойынша тасылған жүктердің көлемін қосу жолымен айқындалады;
- әуе кемесінің Жүк айналымы - әуе кемесімен тасылған пошта мен жүктердің көлемі, ол орындалған ұшу сапарлары бойынша бір сапарда тарифтік қашықтыққа әкетілген пошта мен жүктердің көлемін қосу жолымен айқындалады;
- өзен көлігінің Жүк айналымы - жүк таситын өзен көлігі жұмысының көлемі, ол әрбір жөнелтілген жүктің салмағын жүк жөнелтілген және жүк жеткізілген порттар (айлақтар) арасындағы ең жақын кеме жолы қашықтығына көбейтіп, барлық жөнелтімдер бойынша алынған нәтижелерді қосу жолымен есептеледі;
- теміржол көлігінің Жүк айналымы - жүк тасымалданатын т. ж. көлігі жұмысының көлемі, ол нақты темір жол қатынасы бойынша тасылған жүктердің қосынды көрсеткішін сипаттайды, жөнелтілген жүктерді ең қысқа тасымал қашықтығына көбейтіп, есепті кезеңде барлық тасылған
жүктердің қосындысын шығару жолымен айқындалады;
- теңіз көлігінің Жүк айналымы - жүк таситын теңіз көлігі жұмысының көлемі, ол жүк жөнелтілген және жүк жеткізілген порттар (айлақтар) арасындағы миль есебімен есептелетін ең қысқа теңіз жолы қашықтығына тонна есебімен әрбір сапарда жөнелтілген жүктің салмағын қосып шығару жолымен айқындалады;
- құбыр желісінің Жүк айналымы - құбыр желісі жұмысының көлемі, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды құбырмен тасымалдау жұмысының көлемін сипаттайды, ол бас сорап стансасының коллекторынан зауыттың, құю бекетінің, мұнай қоймасының, газ бөлу жүйесінің, т.б. коллекторына дейінгі қашықтыққа тонна есебімен айдалған мұнай (мұнай өнімдері, газ) көлемінің қосындысы ретінде айқындалады.
Жүк тасымалдауды ұйымдастыруда, сондай-ақ, теміржол саласының тоқтап қалусыз, үзіліссіз жұмыс істеуіне жүкті тасымалдауды жоспарлау негіз болады. Жүк тасымалдауды жоспарлаудың мақсаты: мүмкіндігінше аз шығынмен тасымалды көлік түрлеріне шығынды үнемдеу мақсатта бөлуде, жүк тасуда тепе-теңділікпен қамтамасыз етуде және жүк артудың ырғақтылығы, сонымен қатар, бар ресурстарды тиімді пайдлануда, техникалық мүмкіндіктерде, магистралды желі мүмкіндіктерінде, жүк жіберушінің сұранысын уақытында және толық қанағаттандыру болып табылады.
Заңдылық тұрғыда тасымалдауды жоспарлау айтарлықтай өзгертулерге ұшыраған жоқ. Тасымалдаудың жоспары жылдық жоспарлау, айлық жоспарлау және өтінім негізіндегі жүк жөнелту болып бөлінеді.
Басты жоспарлау тасымал көлемін және теміржол саласы даму стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді. Жылдық жоспарлау есебімен халықаралық тасымалдың транзитті тарифін қолдану сұрақтары ыңғайланады. Сондай-ақ, республикалық, халықаралық қатынаста отандық жүк жөнелтушілерге тарифті төмендету мүмкіндігін туғызады.
ҚР Теміржол көлігі туралы Заңына сәйкес, тасымалдар берілген тапсырыс негізіндегі келісім және жүк жіберуші мен тасымалдаушы арасында бекітілген жүкті тасымалдау туралы келісімге сай орындалады. Келісім шартпен тасымалдың мерзімі, көлемі, көлік құралымен қамтудағы талаптары мен тәртібі және жүкті тасымалға әкелу анықталады.
Жоспарланған айлық тапсырыс бойынша жүк тасымалдау келісімнің бірі болып табылады. Жүкті тасымалдау тапсырысының түрі, оны ресімдеудің тәртібі, толтырылуы, орындалуы, есептеу мен енгізілген өзгерту жүк тасымалдау Ережесімен қарастырылады.
Құрылымдау мақсаты есебінен, қолданыстағы заңнама негізінде тасымалдау үрдісіне қатысушылардың қарым қатынасы нарықтық бәсекелестік жағдайда жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру темір жол көлігі қызметі жүктерді тасымалдау жоспарын сапалы өзгертуді қарастырады.
Жүктерді тасымалдауды жоспарлау тасымалдау үрдісімен тығыз байланысты және тасымалдаушының техникалық мүмкіндігін тиімді пайдалануға жол ашады. Жылжымалы құрамның барлық түрлерін үнемді қолдану, олардың сыйымдылығы, жүктерді бағыттармен тасымалдауды арттыру, қозғалмалы құрамның бос жүруін азайту, жүк түсіру мен жүк арту кезінде вагондардың тұрып қалу уақытын азайту. Теміржол көлігі саласында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырып жүрген тұлға болып Теміржол көлігі туралы ҚР Заңына сәйкес тасымалдау үрдісінің қатысушысы табылады.
Жүктерді тасымалдауды жоспарлауда тасымалдаушы, жүк жіберуші, жүк алушы, экспедитор тасымалдау үрдісінің қатысушылары болып табылады. Теміржол көлігі туралы ҚР Заңына сәйкес тасымалдаушы белгіленген мерзімде қабылдап алуды, ал жүк жіберуші тасымалдауға келісілген мерзімде жүк беруге мінеттеледі
Магистралді теміржол желімен жүк тасымалдау, орындалуға қабылданған (келісілген) жүк жөнелтушінің жүкті жөнелту тапсырысы негізінде жүзеге асырылады. Мәлімдеме жүкті тасымалдау жоспары бойынша жүк жіберушіге беріледі.
Жүк тасымалдаудың айлық жоспарлануы жіберушімен берілген жоспарланатын айдан кем дегнеде республикалық және халықаралық қатынастағы 14 күн бұрын және халықаралық қатынастағы үшінші елдерге кем дегенде 20 күн бұрын тасымалдаушыға жүк тасымалдау жоспары бойынша айлық мәлімдеме негізінде жүзеге асырылады.
Тасымалдаушыға жүк тасымалдау жоспары бойынша мәлімдемелер жүк жіберушімен ГУ-12 формасындағы арнайы бланкілерінде ресімделген жүк номенклатурасы анықталған үш данада беріледі. Өтінімнің әр данасына ұйым басшылығы қол қойып, ол қол қаржылық операцияларда қолданылатын мөрмен бекітіледі.
Тасымал жоспары бойынша өтінімге енген мәліметтер және кодтардың дұрыстығына , жүкті шығаруда ұйым тұтынуы тасымалы көлемінің мәлімдемеге сайлығына, сонымен қатар, қозғалмалы құрам түріне, тасмалдың үнемділігіне жүк жіберуші жауап береді.
Жүк тасымалдау жоспары бойынша, айлық өтінімнің бланк формасы, электронды есептеу машинларында берілген мәлімдемелердің автоматтандырылған өңдеуінің мүмкіндігін қарастырып, республикалық қатынастарда, халықаралық қатынастарда, үшінші елдің халықаралық қатынасында жүк жіберушілердің барлығы үшін бірдей болады.
Жүк жіберушілер тасымалдаушыға әр жүк номенклатурасына, әр аттандырушы станцияға, жүк тасымалдау жоспары бойынша, үшінші елдің халықаралық қатынасында магистралді темір жол желі операторына жеке айлық өтінім береді;
Тасымалды ұйымдастыру және жоспарланған айға тасымалдаушының техникалық мүмкіндіктері туралы, өтінім берілген тасымал көлемі келісім шартқа сай келгенде тасымалдаушы жүкті тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімді магистралді темір жол желі операторына береді
Магистральді темір жол желі операторы автоматтандырылған жүйе жүк тасымалдауды жоспарлау (алда АРМ МПП) тасымалдаушылар мен сұрыптаудан өткен құралдарымен, таныстырылған жүк жіберушілер негізінде, республикалық, халықаралық және үшінші елдің халықаралық қатынасында, жүк тасымалдау жоспары бойынша тасымалы ескерілген жүк тасымалы жинақталған айлық жоспары жобасын әзірлеуде.
Жүк тасымалдаудың жоспарлық желі құрылуы үшін, жүк тасымалдау айлық жинақтау жоспары құрылған жобаны, магистральді желі операторы, межеленген жолы, жүк номенклатурасы және жылжымалы құрам түріне байланысты есеп шоттарының макетіне жинақтап, белгіленген мерзімде жүк тасымалдау теміржол көлігінің Кеңес Дирекциясына (алда Дирекция) жөнелтеді;
Магистральді темір жол желі операторы қабылданған және жалпыланған АРМ МПП айлық жүк тасымалы жоспары негізінде, жеке вагон паркін (жалға алынған) бөлумен бірге, қозғалмалы құрамның техникалық нормаларын орындауды әзірлеу үшін, тиелген вагон ағымдары корреспонденциясының жобасын құрайды;
Берілген есеп шот негізінде Дирекция тағайындалған мерзімде магистральді желі жолға жөнелту операторын жылжымалы құрам пайдаланудың нақтыланған айлық техникалық нормалары және шамамен тәулігінде тонналар мен вагондар номенклатура бойынша бөлінген жүк тасымалдың айлық жоспары туралы ақпараттандырады;
Магистралдық желісінің операторы жөнелтушілерге тасымалдау жоспарын хабарлайды, ал жөнелтушілер әр арту станциялар бойынша тасымалдау жоспарларын хабарлайды.

Жүктерді Қазақстанның темір жолдары бойымен тасымалдау артықшылықтары:
1. Вагондардың жүк көтерімділігінің жоғары деңгейі - ол арқылы теміржол құрамының бірлігіне жүктің үлкен санын тасымалдауға болады. Салыстыру үшін: 1 вагон жүк көтерімділігі бойнша 3 автокөлікке теңеседі.
2. Алыс қашықтықтар үшін, салмағы бойынша шағын, бірақ ірі көлемді жүктерді жіберу қажет болғанда, нақ теміржол тасымалдаулары бәрінен де жарамды - Қазақстанда осы қызмет түрі ең қажет етілетін болып табылады.
3. Жүкті автокөлікпен тасымалдау қызметімен салыстырғанда, үлкен көлемді жүкті тасымалдаудың төменірек құны. Одан басқа, автокөлік үшін өлшемнен тыс жүктері теміржол тасымалдаулары үшін қалыпты болып есептеледі.
4. Теміржол көлігімен тасымалдау өнімді партиялар үшін өте тиімді болып табылады, себебі, жылжымалы құрамның жұмысы ауа-райы шарттарына тәуелсіз. Біздің компания жабық, сондай-ақ, ашық вагондар мен платформаларын, термостар және т.б. қолданады.Теміржол көлігімен халықаралық жүк тасымалдау - ең дұрыс шешім! STS Logistics Kazakhstan Invest компаниясы клиенттердің жеке талаптарына сәйкес, келесі қызметтер тізімін ұсынады, оған Қазақстанда және басқа елдерге теміржол тасымалдаулары кіреді:
- жүктің кез-келген түрін таңбалау және тасылатын жүктің барлық ілеспе құжаттамасын рәсімдеу;
- сақтандыру және кеден бойынша қызметтер;
- жүктерді, ерекше жүк түрі болған жағдайда, арнай контейнерлерде шетелге тасымалдау; Барлық қызметтерді компания сыналған жабдықтаушы- компаниялардың көмегімен, компания олармен ұзақ мерзімді серіктес қарым-қатынастарға ие, іске асырады. Біздің мамандарымыз сізге:
- жеке айтқанда, Қазақстанда және жалпы алғанда, шетелде теміржол тасымалдауларын жүзеге асыру үшін қандай құжаттама қажет болатыны туралы кәсіби кеңес алуға;
- елдегі және шетелдегі барлық темір жолдары бойынша - жүктерді барлық тасымалдау жолындағы тарифті есептеуге;
- жүктің шекара арқылы және теміржол қызметтерінен өтуі кезінде туындайтын барлық мәселелерді келістіруге;
- талап етілетін жүкті тасымалдау үшін сәйкес келетін тж құрамын таңдауға және ұсынуға жәрдемдеседі;
- сондай-ақ, өз мойындарына барлық тасымалдау құжаттамаларын толық ресімдеуді және қосымша стационарлы алымдарды төлеуді ала отырып, жүкті жіберу және жүкті қабылдау міндеттеріне ие болады.
Темір жол көлігі - көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы рельс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты.
Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі 19 ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды. Дүние жүзінде тұңғыш Темір жол көлігі 1825 Англияда Дж. Стефенсон салдырған ұзындығы 21 км "Стоктон - Дарлингтон" желісінде қатынады.
Бұдан кейін Темір жол көлігі 19 ғасырдың 30-жылдары Австрияда, Германияда, Бель гияда және Францияда пайда болды. 1830 жылда АҚШ-та, 1837 жылда Ресейде темір жол желілері ашылады. 1850 - 1870 жылда Азияда, Африкада, Оңтүстік Америкада, Австралияда салына бастады.
Темір жол құрылысы аз уақыт ішінде жедел қарқынмен дамып, 20 ғасырдың басында темір жол торабының әлемдегі жалпы ұзындығы 1 млн. км-ден асып түсті. Қазақстан аумағында алғашқы Темір жол көлігі Покров - Слободка - Урбах желісімен 1894 жылда 25 қазаннан қатынай бастады.
Бұл жолдың 130 км-і Қазақстан жерімен өтті. 1891 - 1896 жылда салынған Транссібір (3138 км), 1901 - 1906 жылда салынған Орынбор - Ташкент темір жол (2090 км) желілері қазақ даласымен өтті. 1918 жылда Қазақстан аумағындағы болат жолдардың жалпы ұзындығы 2,6 мың км-ге жетті. Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы салынған темір жол 1920 - 1922 жылда ашылған Петропавл - Көкшетау желісі болды. Орта Азия мен Қазақстанды Ресеймен жалғастырған ұзындығы 1444 км Түрксіб (Түркістан - Сібір) темір жол 1927 - 1930 жылдарда салынды. 1958 жылда Қазақстанда Кеңес Одағындағы ең үлкен темір жол ұйымы - Қазақ темір жолы құрылды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 2005 жылда Алтынсарин - Хромтау темір жолы тартылды. Қазақстанда қазіргі таңда темір жолы желісінің жалпы ұзындығы 14,4 мың км-ден асады. Темір жолы саласында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. 1913 локомотив, 77029 жүк вагоны және 2094 жолаушылар вагоны бар. Қазақстандағы темір жол торабы мен Темір жол көлігі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның құзырына бағынады.
Оның құрамында "Жолаушылар тасымалы", "Арнаулы әскерилендірілген күзет қызметі", "Электрмен жабдықтау", "Ақсу - Конечная", "Темір-терсек", "Теміржолмаш", "Қазкөліксервис", ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz