Қазіргі қазақ тілінің әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТІРЛІГІ

«ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНТИТУТЫНЫҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»

БЕКІТЕМІН

Директордың ОІЖ орынбасары

С. Заурбекова

«___»2022 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән атауы : Қазіргі қазақ тілінің әдістемесі

Мамандығы: 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Біліктілігі:

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі ауызша және жазбаша қателіктерді болдырмау жолдары

Қабылдаған: Ахметбекова Гайнеш Маликзадиевна .

Орындаған: Кял 41 тобының студенті Аширбаев Алишер Абдумаликұлы

ПБК жиналысында каралды Хаттама № 1, 27. 08. 2020ж.

ПБК меңгерушісі

(ПБК меңгерушісінің аты жөні, қолы)

Астана 2022

Қазіргі қазақ тіліндегі ауызша және жазбаша қателіктерді болдырмау жолдары

Жоспары:

Кіріспе.

1. Орфография және орфоэпия;

1. 1 Орфография термині, орфографиялық ережелер туралы түсінік.

1. 2 Орфоэпия термині, орфоэпиялық ережелер туралы түсінік.

1. 3 Мектеп

2. Орфография мен орфоэпияны үйрету әдістемесі

2. 1

2. 2

2. 3

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Қазіргі жазу-сызуымыз жарты ғасырдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және қазақ тілінің жазба түрі осы жазу-сызу арқылы тиісінше қызмет етіп, сан қилы қоғамдық қажеттілікті шама-шарқынша өтеп те жатыр.

Әдетте тіл, мейлі ол ауызша, мейлі жазбаша болсын, өзінің қызметін жүйе түрінде жүзеге асырады. Олай болса қолданып жүрген жазусызуымыздың ішкі құрылымы, өзіндік жүйесі болуға тиіс екені даусыз. Тіліміздің жазу жүйесін жетілдіру, жақсарту, реттеп отыру, оны дұрыс қолданудың құралдарын жасау т. б. салада елу жыл ішінде едәуір шаралар жасалды: Негізгі Ережелер түзілді, жазу практикасында байқалған тәжірибелердің жинақталу барысында Ережеге (1957, 1983) толықтырулар мен түзетулер енгізілді.

Тағы бір атап айтатын нәрсе - осы жазу-сызу жүйесін дұрыс қолдануды үйрететін құралдар жасалып, олар бірнеше дүркін жарық көрді:

Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. - Алматы, 1941 (ред. Коллег. С. Аманжолов, І. Кеңесбаев) ; М. Балақаев. Емле сөздігі. 1948; Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі (1963 ж. редакциясын басқарғандар І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев; 1978 ж. Жауапты редакторы М. Балақаев; 1988 ж. Жауапты редактор Р. Сыздықова) ; Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш (1964, 1974) . Анықтағышта алғаш рет қазақ жазу-сызуына жұмсалып жүрген күллі графикалық таңбалардың (нүкте, қос нүкте, көп нүкте, нүктелі үтір, үтір, сызық, сызықша, тырнақша, жақша, бас әріп, кіші әріп, леп белгісі, сұрау белгісі, жол басы т. б. ) қолданылу тәртібі мен орындары, ережелері жинақталып берілді. Міне, мұндай практикалық құралдардың жазу нормаларын тұрақтандыруда, жетілдіруде орны ерекше болды.

Жазу жүйесін дұрыс қолдануға үйрететін мұндай құралдармен қатар қазақ жазу-сызуы мен орфографиясының негіздерін қарастырған (Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. - Алматы, 1968) және жазу тәжірибесінде кездесетін әртүрлі ауытқулар мен қайшылықтарды жинақтай отырып, олардың себебін ашуға, бір ізге салудың жолын іздестірген зерттеулер жарық көрді (Уәлиев Н, Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. - Алматы: «Ғылым», 1988; Мырзабеков С. Қазақ орфографиясының арнаулы курсы бойынша методикалық нұсқаулар. - Алматы: «Қазақ университеті», 1991) . Сондай-ақ жазу-сызу мәдениетін жетілдіру, сауаттылықты көтеру, емле сөздіктерін дұрыстау, жеке сөздердің жазылуы жөнінде баспасөз бетінде ондаған мақала жарияланды. Әрине, бұл айтылғандардан жазусызу жөнге түсіп, емле мінсіз болып кетті деуге болмайды. Бұл салада атқарылатын жұмыстың дені жазу-жүйесін дұрыс пайдаланудың құралдарын жасауға келіп саяды. Ал қазіргі жазуымыз сөз дыбыстарына негізделген біртұтас жүйе түрінде және сол жүйені құрап тұрған элемент, сол элементтердің өзара қатынасы сияқты ішкі құрылымдық деңгейде әлі де болса зерттелмей келеді. Ал мұндай міндетті шешу жазуымыздың фонологиялық транскрипция мен фонетикалық транскрипция жүйесінен қаншалықты айырмасы мен ұқсастығы бар екенін айқындауға мүмкіндік береді.

Графикалық лингвистиканың қисыны бойынша жазу жүйесі фонологиялық, фонетикалық транскрипциядан қалайда бөлек болуға тиіс. Осымен байланысты жазуымыздың ішкі түзілімін және фонологиялық негізін (қандай бағытта, қай мектептің іліміне жақын т. б. ), оған ұстанып отырған емле принципінің сайма-сай болуын қарастыру қазақ тілі орфографиясының негізгі міндеті болып саналады. Ол үшін мына мәселелердің басын ашып алу қажет:

- инвариант фонема мен әліпбидегі (алфавиттегі) әріптердің сандық қатынасын көрсету;

- жазудың фонологиялық негізін анықтау; - әліпбидегі әріптердің аттарын негіздеу;

- жазудың фонологиялық негізіне сай келетін емле принципін дәлдей түсу;

- жазу нормасында кездесетін қайшылықтар мен ауытқуларды жинақтай отырып, себептерін ашу т. б.

Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан өзгеріс күрделі мәселелерді шешуді күн тәртібіне қойып отыр. Осындай қоғамдық назарда болып, мемлекет көлемінде мән беріліп отырған мәселелердің бірі - республикадағы тілдердің дамуы. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өзінің сан алуан қызметін өрістете отырып, өркендей түсуі қажет. Ол үшін жазу мәдениеті де жоғары талап деңгейінде болуға тиіс. Қандай жазуды ұстансақ та, басқа әліпбиге көшсек те, әліпбиді тиімді етудің жолдарын қарастыру, емле принциптерін дәлдей түсу, жазу жүйесін дұрыс қолданудың құралдарын (жазу ережесі, емле сөздігі, анықтағыш т. б. ) жетілдіру қай кезде де қоғамдық назардан тыс қалмайтын мәселелер.

1. 1 Орфография термині, орфографиялық ережелер туралы түсінік.

Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (гректің орфос - дұрыс, түзу және графия - жазу деген сөздерден алынған) деп аталады. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ оның жазу ережелері болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.

Тілде жазу үш принципке сүйенеді.
1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: бас-шы (айтылуындай башшы емес), түн-гі (түңгі емес), Жан-пейіс (Жәмпейіс емес) болып сөздің түбірі де, қосымша да өз тұлғаларын сақтап жазылады.
2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы: хал, хат, хабар т. б. сөздер қал, к, ат, қабар болып жазылмайды, дәстүр бойынша қалыптасқан тұлғасында жазылады.
3. Фонетикалық принцип бойынша сөздер дыбыстық заңдарга сүйеніліп, айтылуы және естілуі бойынша жазылады. Мысалы, жаздыгүні, сексен, бүгін, жауып қойды, белбеу сияқты сөздер осылай айтылуынша, естілуінше жазылады, ал бұл сөздердің тарихи тұлғалары - жаздың күні, сегіз он, бұл күн, жап+ып қойды, белбау.
Қазақ тіліндегі сөздер бір ғана принцип бойынша жазылмайды. Сөздердің көпшілігі морфологиялық принцип бойынша жазылса да, фонетикалык және дәстүрлі принциптер бойынша да жазылатын сөздер аз емес. Оны қазақ тілінің ресми бекітілген «Орфографиялық (емле) ережелері» мен - орфографиялық сөздіктері белгілеп отырады. Орфографиялық ережелерді Қазақстан республикасының Жоғаргы Кеңесі бекітеді.

Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер:

  • фонематикалық,
  • морфологиялық,
  • фонетикалық,
  • тарихи-дәстүрлі,
  • айырым принциптеріне негізделеді.

Морфологиялық қағида -әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу қағидасы. Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай (кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды)

Фонематикалық қағида көп жағдайда морфологиялық қағидаға сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді. Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес) .

Фонетикалық қағида бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық қағидақа негізделген. Мысалы, Ботагөз, Амангелді.

Тарихи-дәстүрлі қағида жазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т. б. ) . Қазақ жазуында әліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл қағида сирек қолданылады. Мысалы, тарих, халық, хикая, қаһарман, т. б. сөздердің жазылуы осы қағидақа негізделген.

Айырым қағидасы бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан - хан, қауып - қауіп, өкімет - үкімет, т. б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады. Мысалы, ақтаңдақ (сөз) - ақ таңдақ жер (сөз тіркесі) . Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ Орфографиясында сөздің буын жүйесіне негізделген.

1. 2 Орфоэпия термині, орфоэпиялық ережелер туралы түсінік.

Тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия (орфос - гректің дұрыс, түзу және эпос - сөйлеу, сөз дегендерінен алынған) деп аталады. Сөздер мен сөз тіркесінін айтылуы мен жазылуы әрдайым бірдей бола бермейді.

Мысалы, барған, балалар, алтын сағат, жастар бригадасы сияқты сөздер мен сөз тіркестері бірдей айтылады және жазылады. Ал, ішсе, сенбе, ақ ешкі, сақ бол, құлын, өрік, көз салды сияқты сөздер мен тіркестер осылай жазылса да, іш-ше, сем-бе, ағ ешкі, сақ пол, құлұн, өрүк, көс салды болып айтылады. Сөздердің орфоэпиялық нормалары орфоэпиялық сөздіктерде көрсетіліп отырады.

Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немес жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы, ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискеретті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір- бірімен үйлестілігі (ассимиляция) айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү) түнгі. б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Мысалы, [ш] -мен с-йлеу: [шаш] -[чаш] емес, [ұш] -[үч] емес, [ж] -мен сөйлеу: [жарқын] -[джарқын] емес, [жақсы] - [джақсы] емес т. б. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілде кездесетін "л" - "д" дыбыстық нұсқ апа- рының маңдай (маңлай диал. ) жылқылар (жы- лқыдар диал. ) болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.

Қоғамдық өмірде шаршысөз (публичная речь) түрлерінің (театр, кино, радио-телевизия хабарлары т. б. ) пайда болып, әлеуметтік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың орнығып, ұлттық сипатқа ие болуын жеделдете түсті. Алайда қатаң дыбыстарды "сындырып", "ұяңдатып" айту нормасы [қолғойды] -[қолқойды] емес, [кәсібодақ] -[кәсіподақ] емес, соңғы жылдарда әсіресе радиотелехабарларда әріп қуалай сөзді қалай жазылса, солай оқу дағдысымен байланысты бұзылып, "қатқылдата" дыбыстау жиі ұшырай бастады. Бұл жай орфоэпия тұрғысынан қазақ сөзінің әуезділігіне нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыс, нормадан жөнсіз ауытқу деп табылады.

Орфоэпиялық сөздік - сөздің орфоэпиялық түрін, яғни оның қазіргі әдеби айтылуын және екпінін қамтып көрсететін сөздік. Қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасының қалыптасуына негіз болған онын бай ауыз әдебиеті. [1]

Қазақ тілінде сөздер қалай жазылса, солай оқыла бермейді. Көп ретте оларды қалыптасқап орфоэпиялық жүйеге келтіріп сөйлеуді талап етеді. Бүгінгі әдеби тілдің айтылу нормасы сахна өнерінде, мектептерде, біреумен біреу ауызекі сөйлеген сөзде, күнделікті радио мен хабарларында, сонымен қатар көпшілікке оқылатын лекцияларда айқын байқалады. Сөздің қалай жазылуы мен қалай айтылуы бір-біріне ықпал етіп отырады. Сөйлеу тілінін өзіндік ерекшелігі болады. Сөзді сөйлегенде сөйлеу тілінің қалыптасқан жүйесіне салып айтпаса, тыңдаушыға онша әсер етпейді. Мәселен, "өлім аузынан қалды" дегенді - "өлүм аузынан ғалды" деп, "өгіз аяң" дегенді - "өгүз аяң", "өзен бойы" дегенді - "өзен бойу", "өкіл күйеу" дегенді - "өкүл гүйөу", "өкпесі өшу" дегенді "өкпөсі өшүу", "өкінбеу" дегенді - "өкүмбеу" деп айтпаса, сәйлеу тілінің қалыпты нормасы бұзылар еді. Сол сияқты, "көз жұму", "көз көрген", "көз сүйек", "көз тию", "көз тою", "көз шүқу", "ак жүрек", "ак изен", "ала көңіл" тәрізді тұрақты тіркестерді "көж жүму", "көз гөргөн", "көс сүйек", "көз тійу", "көз тойұу", "көш шүқұу", "ағ жүрөк", "ағ ійзен", "ала гөңүл" дегенде ғана құлаққа жағымды тиеді.

Сөздікке жазылуы мен айтылуы арасында айырмашылығы бар деген түбір мен туынды сөздер, сөз тіркестері мен қосымша жалғағанда өзгеріске ұшырайтын тұлғалар алынған. Сөздер екі қатарға тізілген. Бірінші катарда казак әдеби тілінің емле-ережесі бойынша жазылуы, екіншісінде әдеби норма бойынша айтылуы көрсетілген. Мысалы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың әдістері
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Қазақ тілінің бағдарламасы
Қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін басып келген ғалымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz