Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқытудың тиімді жолдары


Бастауышта Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқытудың тиімді жолдары
Аннотация
Қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін . . . Мағжан - културасы зор ақын . . . Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда, бұл бар заманның шегінен асқандай . . . бүгінгі күннің бар жазушының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі», - деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнында дөп басып айтқан.
Тақырыптың өзектілігі
Қазіргі кезеңде Қазақстан мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын экономикалық, экологикалық, этнопедагогикалық ерекшелектерін ескере отырып қайта құру, сөйтіп жастарға білім мен тәрбие беруге өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Ұзақ жылдар бойы «ұлтшылдық» әдебиетінің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қазақ педагогикасының көрнекті қайраткерлерінің бірі Мағжан Жұмабаев құнды еңбектерінің авторы болуымен дараланған ірі тұлға. Қазақ педагогика ғылымынан ерекше орын алатын М. Жұмабаевтың зерттеулері қазіргі кезде қайта қарастыруды, оқыту жүйесіне сай зерделеп, болашақ ұрпаққа ұсынуды талап етеді.
Зерттеудің болжамы: біздің мақсатымыз -тәрбиенің басты ұстанымдары жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін сүю арқылы басқа халқының да тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын адам қалыптастыру.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқытудың тиімді жолдары
Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқытудың тиімді жолдарын жан-жақты талдап, білу.
Зерттеу тақырыбының пәні: педагогика ғылымының қалыптасу үрдісі
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
Қазіргі мектептердегі Мағжаннын пеагогикасының орнын анықтау;
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау;
М. Жұмабаев педагогикасының бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсерін қарастыру;
Кіріспе
Мағжан - қазақ халқының ұлттық ұлы ақыны. Ол - халқын шын сүйген, сонымен бірге күйінген, аянышты ел күйін көріп күйректікке, сезімталдыққа берілген шын халық досы.
Мағжан поэзиясы - жан, жүрек, сезім поэзиясы. Ол оның бүкіл қантамырынан жаралған. Ақын қандай тақырыпты жыр өзегі етпесін, бәрі «мен Мағжанмын» деп мұндалап тұрады. Оның жырларында отты жүректің соғысы, ізгі де сұлу, елжіреген, еміренген жан лүпілі естіледі, онан өмір азабын, өзімшілдікке деген ыза - кекті, қаһарлы ерлі күні естіледі.
Мағжан поэзиясының мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар асыл қазынасы -махаббат, ғашықтық жырларының жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттантуған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ықшам, жинақы, жауһар дүниелер болып саналады.
Негізгі бөлім
М. Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Сонымен бірге оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы «Пелагогика» атты ғылыми еңбек жазды.
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді.
Олар:
- Дене тәрбиесі;
- Жан тәрбиесі;
- Ақыл тәрбиесі;
- Сұлулық пен әдеп құлық тәрбиесі.
Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре келіп, «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын . . . »- деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. « ұлт тәрбиесі, - деп жазды ол, - баяғыда сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».
М. Жұмабаевтың шығармаларын бастауышта оқытудың тиімді жолдары
Бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға алғаш қадам жасаушылардың бірі де Мағжан Жұмабаев. 1923 жылы «Бастауыш мектепте ана тілі» атты еңбегін жариялайды. Ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырылар дағдылар жүйесін жасап ұсынады.
Мектеп үш тұрғыдан :
1) Бастауыш мектептің міндеті;
2) Еңбек міндетінің міндеті;
3) Төрт жылдық бастауыш мектептегі ана тілінен құралуы талап етеді дей отырып, ана тілінің мақсаты мен міндетін көрсетеді.
Әдіскер ғалым аталмыш еңбегінде жаттығулар мен дағдылар жүйесін ІV сыныпқа топтай отырып төмендегіше ұсынады:
І-сыныпта:
а) жандағы әсерді қысылмай сөзбен жарыққа шығару;
ә) аздап жаттаған өлең мысалдарды дұрыс, ашық айту, оқи білу;
б) қысқа да болса, дұрыс сөйлеу;
в) оқуға жаттығу;
г) өзі салған суреттердің астына өзінің атын жаза білу;
ғ) тақтадан, кітаптан көшіру;
д) күн аттарын жазу һәм барлық балалардың аттарын тізе білу;
е) ұғынған әңгімелерін һәм басынан кешкен оқиғаларды мұғалімнің жетекші сұрауларының жәрдемімен қайта ауызекі айтып бере алу;
ж) ертегілерді, әңгімелерді сахнаға айналдыра білу.
ІІ-сыныпта:
а) естігені я көргені туралы толығырақ әңгіме айту;
ә) есіткен, көрген, оқығанын сахнаға айналдыру;
б) біреумен дұрыс, толық сөйлесе білу;
в) сурет бойынша әңгіме ете білу;
г) бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші ойдан шығарып айту;
ғ) әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу;
д) даяр әңгімені өз жанынан толықтыра білу;
е) баспадан, жазбадан қысқа мақалаларды көшіріп жаза білу;
ж) күнделік тізу;
з) оқуға ұстарту.
ІІІ-сыныпта :
а) бастан кешкен оқиғалар бойынша ойдан әңгіме шығарып тәжірибе жасау;
ә) балалар жиылысында пікірін дәлелдеп толық қылып сөйлей білу;
г) әдебиет әсеріне шамасынша түрлі жақтан баға бере білу; күнделікті календарды тізе білу;
ғ) балалардың өз әсерлерінен альбом тізу, журнал шығару;
д) жиылыстар, экскурсиялар сықылды оқиғалардан жазбаша есеп бере білу.
ІV-сыныпта :
а) белгілі бір пікірдің жобасымен толық дұрыс сөйлеу һәм жазу;
ә) әдебиет әсерлерін кестелі, кестесіз, өлшеулі, өлшеусіз, сурет, жай әңгіме сипаттарына қарай сөйлей білу;
б) әдебиет әсірінен алынатын сұлулық сезімін декламациямен тереңдету;
в) оқығанды суретке салу, әдебиет әсерінен сахнаға айналдыру;
г) жазбаша баяндама һәм есептен шығып жиылыстарды сөз сөйлеу;
ғ) журналды тереңдету;
д) спектакльге қатысу;
е) мектепті оқу үйін басқаруға жәрдем қылу.
Мектептің міндеті - бір жақтан, хат таныту болса, екінші жақтан, баланы дұрыс сөйлеуге үйрету болып табылады. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан. Ағартушы төрт сыныпты бастауыш мектептегі ана тілінің ауданын мына бағыттарда жүргізіді ұсынады:
- оқу, жазуға үйрету;
- емлеге дағдыландыру;
- жазбаша сөзді өркендету;
- баланың ұғымына лайық ауызша һәм жазба әдебиет түрлерімен таныстыру;
- ұғып оқуға дағдыландыру.
М. Жұмабаев бала не нәрсемен айналысса да, ісіне ынталы болуын, мұғалім барлық білімге ана тілін негіз қыла білуі керектігін, болмаса тілі түзілмеген, ойын сөзбен ұқтыра білмейтін, сөз болып жарыққа шыққан ойды ұға білмеймін балаға ешбір білім беруге мүмкін еместігін дәл аңғарған.
Мағжан өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып, оның өзін бірнеше шағын бөлімдерге бөле отырып, ұқыпты түрде талдау жасап, түсініктеме береді. Сөз басына М. Жұмабаев «Тәрбиені» қояды. Шынында да оның өздік сыры да бар ғой. Баланы өмірге келген бірінші минутынан бастап оқытпайды. Оны тәрбиелейді, бала өмірі тәрбиеден басталады.
Екінші бөлімге Мағжан Жұмабаев жалпы педагогика ғылымын қояды. Педагогикасының қандай пән екенін сипаттай келе, онымен етене таныс болу керектігін айтады. Мағжан педагогиканың өзін тәрбие пәні деп пайымдайды. Оған дәлел пәннің аты дейді.
Педагогика пәнін М. Жұмабаев 5-ке бөледі:
Жалпы педагогика дейді де, бұған тадамнаң дене, жан күштерін тәрбие
қылу жолдарын көрсетеді.
2. Дидактика.
3. Методика.
4. Мектепті басқару.
5. Педагогика тарихы.
«Педагогика» кітабындағы үлкен бөлімнің бірі «Суреттеу» деп аталады. Оны Мағжан алты түрге бөледі де ассоциацияларға біріктіреді. Суреттеулерді бет алдына бір-бірімен байлай беруге болмайды. Оның белгілі жолдары бар дей келіп, оның екі жолын көрсетіп береді. Олар - жақындық және тұқымдастық ассоциациясы. Жақындық ассоциацияның өзін көршілестік, замандастық ассоциациясы деп, тағы екі түрге бөледі. «Балаға берілетін кітап үлкен харіппен басылуы керек. Әсіресе жағрапия оқығанда балаға көршілестік ассоциациясы көп көмек көрсетеді. Картадан бала бір жерді атаса, соның жанындағы екінші жер алдына елестей қалады» деп жазады. Дидактикада Мағжан Жұмабаев сол кез үшінде, бүгін де құнын жоймаған оқытудың принциптеріне ерекше көңіл бөледі. Белгілі бір тақырыпты түсіндіргенде өткен тақырыппен байланысты салыстырмалы оқытудың берері молдығын дәлелдейді.
«Бір нәрсені балаға ашық ұқтырмақшы болсаң, сол нәрсенің қарама-қарсысын алып кел. Мысалы, балаға жер ортасының ыстықтығын түсіндірмекші болсаң, солтүстіктің суығымен салыстыр» деп жазады. Қоршаған ортамен, өмірмен, бүгінгі күнмен, әр түрлі жаңалықтырмен байланыстыра оқыту бүгінгі дидактикадан да талап етіледі. Алайда, жасыратыны жоқ, көптеген мұғалімдер бұл заңдылықты дұрыс орындай бермейді. Осыдан кейін педагогиканың заңдылығы бұзылады. Заңдылық бұзылды дегенше, бар тәртіп, реттілік, білім беру жүйесі бұзылды деу керек. Білім алуда саңлақтар пайда болады. Көбіне мұғалімдердің айтатыны «балалар оқымайды, ауыздарын ашпайды, әбден жалқауланып алды» деген сөздер осының салдарынан келіп шығады.
Мұндай сөздерді айтатын мұғалім әлсіз, дәрменсіз. Өйткені, мұғалімнің шеберлігі мен кереметтілігінің өзі сол оқымайтын баланы оқытып, тыңдамайтын «тәртіпсіз» баланы тыңдатып, тәрбиелей білуде ғой. Проблемалық оқыту, оқушылардың логикаларын дамыту жүйелі түрде ғылыми білім беру, саралап оқыту жолдары жоқтың қасы. Оқушының өзіне еркіндік бере отырып, белгілі бір сұраққа жауапты оның өзіне ойландыра отырып, көзін жектізу, міне, оқытудың бүгіндегі ең үлкен тәсілі осы болуға тиісті.
Пәнді оқытуда жаңалық болмаса, ғылым болмаса сабақ оқушыға қызықсыз болады. Оған оқулықтағы білім аз. Оған қосымша өзі білмейтінін білуге қызығатын білім керек. Әйтпеген күнде бала оқымайды. Және дұрыс істейді.
Мағжанның тағы бір тоқтаған тақырыбы «Ес» туралы. Есті ол төрт түрге бөледі: 1. Көру есі. 2. Есту есі. 3. Қозғалу есі. 4. Естің адам өмірі үшін
қабілеттілігі. Осы төрт түрлі бөлімнің қыр-сырын ашып, сипаттайды. Естің өркендеуі үшін оның қажетті шарттары орындалуы керек дейді:
- Әсер күшті болу қажет.
- Сыртқы сезімдерді көбінің қатынауы.
- Жаңа білімді бұрынғы біліммен байлау. Пысықтау.
Қарап отырсақ бүгінгі сабақтың талаптарына сәйкес емес пе? Сабақ барысында әрқашан өткен сабақпен байланыс болмаса, шын мәнінде сабақ нәтижесіз болады. Осыны Мағжан дұрыс ескерген [8] .
Мағжанның ендігі бір ерекше сипаттаған бөлімі қиял туралы. Қиялдың жасөспірім үшін, жалпы адамзаттың ақыл-ойының, өмірдің алға басуы үшін маңызы зор екені белгілі. Мағжан қиялдың пайда болу жолдарына, оның бала өміріне қажеттілігіне, бала фантазиясын тәрбиелеу, оқушы өміріндегі ертегілердің, ойының, ойыншықтардың рөлін үлкен ілтипатпен жазады. «Баланың қиялын, фантазиясын тәрбие қылу жолдары» деген бөлімінде ұлттық тәрбиеге, ұдттық педагогикаға аса құрметпен қарайды да қазақ баласының қиялына қанат бітіретін ұлттық тәрбие екенін пайымдайды, әлі де болса балаға ұлттық тұрғыдан оның қиялының дамуына төмен жағдай жасап отырғандағын айтады.
Ертегі туралы жазғанында да педагог-ғалым, баланың өмірі үшін ертегінің маңызы зор екендігін айтады. «Бала ертегіні жан тәнімен тыңдайды. Ертегіге шын көңілмен нанады. Бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандарып, суреттеп алып келсең ұғады. Мысалы, балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөзің желге айтқанмен бірдей.
Егер, сен балаға өтірікші туралы ертегі айтсаң, сол ертегіде өтірікшінің өтірігі үшін қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең, міне бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады», - дейді.
Баланың жақсы оқуы үшін оның ойлау қабілетінің де жетік болғаны қажет. Ойдың пайда болуын зерттей келе, Мағжан ой шығару үш түрлі жолмен болады: дедукция, индукция, аналогия деп бөледі. Міне, осы үш түрлі жолды әрі қарай дамыта отырып, баланың саналы азамат болуы үшін осы ұғымдардың қажеттілігін дәлелдейді.
Мағжан Жұмабаев бала тіліне аса ұқыптылықпен қарауға шақырады. «Кейбір адамдардың баланы өз тілінше сөйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яки баланы еркелетіп, әдейі тілдерін бұзып балаша шолжаңдап, сақау болып сөйлейтіндері бар. Бұл - зор қате. Баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын - мектеп» деп жазады аталмыш еңбегінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz