Менің атым Қожа повесіндегі Қожа бейнесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жоба жұмысымның тақырыбы : «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі мен қазіргі заман балалары

Жоба жұмысын жазудағы мақсатым : Повестегі Қожа бейнесі мен қазіргі заманғы балалардың бейнесін салыстыру, талдау

Жұмысымның өзектілігі : екі образды салыстыра отырып, кейіпкерлер бейнесі мен қазіргі заман балаларының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру. Қожа бейнесі арқылы қазіргі заман балаларының бойында болу керек асыл қасиеттерді саралау. Қожа бейнесінен үлгі алатын тұстарын зерделеп, өз құрдастарыма ұсыну.

Негізгі бөлім

І бөлім «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі

Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым-Қожа" повесі балалар үшін жазылған өте құнды шығарма. Ол - балалар әдебиеті үшін керемет туынды болып саналады. Яғни, бұл шығармада " Қара Көженің" іс-әрекеті, мінез-құлқының қалыптасуы, арман-тілегі, басқалармен қарым-қатынасы суреттеледі. Қожаның балалық қылықтары оқушыларға күлкі сыйлайды. Қожаның сотқарлығы, аңқаулығы әр баланың бойында бар қасиет деп ойлаймын. Бірақ шығарманың соңында өзінің тәртібі мен мінез-құлқын түзетуге әрекет жасауы - барлық баланың бойында бар қасиеттер. Бұл туындыны әр адам бала кезінде оқып, білуі парыз деп есептеймін. Себебі, қайта оралмайтын балалық шақты қызықты етіп өткізу әр адамның маңдайына жазылмаған. Қожаның балалық шағы - тәтті дәуреннің төресі. "Менің атым Қожа" повесінде жазушы балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білді. Автор өзінің балалық шағын, көзбен көргендерін, басынан өткен оқиғаларын Қожа бейнесі арқылы суреттеп жеткізген. Балдәурен әсерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдарды тебіріне толғайды. Қожа бейнесі - қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Повесте зерек, алғыр, ақкөніл, қоршаған ортасын бақылап жүретін бала туралы жазылған. Бұл туралы ғаламтордың «Kerekinfo» сайтынан алынған мына дереккөзде былайша суреттеледі: «Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. » деп басталатын Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі - бала көзқарасымен бейнеленетін шынайы өмірдің боямасыз суреттері арқылы оқырмандарының жүрегіне жол тапқан ерекше шығарма. Түн жарымына дейін шам жарығымен балғын бала махаббаты Жанарға «кеудесі толы сезімін сүйкектетіп», Абай атасына еліктеп, шабытын шақыра, ғашықтық ғазалдарын жазып, жыр арнамаушы ма еді?! Сол шақтағы ақылды тентек, озат оқушы, «жазушы боламын» деген арманшыл аңғал Қожаның образы езу тартқызып, қалай да сүйсіндірмей қоймайды, әрі сол бейнені бүгінгі балалар бойынан іздеп таба алмай еріксіз бас шайқайсың. "[2] Шынымен, Қожа - табиғатты сүйетін, шынайы поэзияны сүйетін бала. Сол заманның баласы табиғатпен үндесіп, табиғаттың сұлулығын көріп шабыт алса, қазіргі заман баласы табиғат аясымен емес, техникамен бірге өседі. Сол техника арқылы әртүрлі ақпараттарды көріп, естіп өседі.

Қожа мен қазіргі балалардың айырмашылығы, ерекшелігі қандай? Қожа- өте ақылды, бірақ аңқау, барлық нәрсеге қызыға қарайтын, өзінің ойлау сезімі ерекше дамыған, еліктегіш, алдына қойған мақсатына оң көзімен карамайтын, ұмытып кететін бала болып өседі. Ал ХХІ ғасырдағы балалар өзгеше, ер мінезді, алдын ала ойлайтын, қамқор балалар. Шығармадағы Қожа - балалық шақтың еркесі, қожасы болса, қазіргі заманның балалары - телефонның, смартфонның, түрлі гаджеттердің, виртуалды ойындардың қожасы, бір-бір үйдің еркесі. Өзіне алған істі соңына дейін жеткізетін, тік мінезді жасөспірімдер. Бұрынғы жасөспірім мен қазіргі жасөспірімның айырмашылығы өте көп. Қазіргі кезде заманның баласы дамыған, ойлауы, іс-әрекеті өзгеше болып келеді. Бүгінгі Қожаларды тәрбиелеудің басты құралы теледидар мен интернет екені белгілі. Қазақстандық әлеуметтік зерттеушілер «Балалар күніне орта есеппен алғанда өлімге қатысты 17 және қатыгездікке қатысты 37 көрініс көреді» дейді. [3] Осылайша күнұзақ теледидарға телмірген бала ұлттық тәрбиенің уызына қайдан жарысын?! Рухани тәрбиені қайдан алсын?! Теледидар, ғаламтор, смартфон жоқ замандарда немерелерін, балаларын алдына отырғызып алып, өздерінің халық ауыз әдебиетінен алған жыр-дастандарды айтып отыратын Зере әжеміздің, Ұлжан анамыздың, Шоқанның әжесі Айғаным әжеміздің орнында техника жетістіктері келген заманның ұрпақтары қандай болмақ?!

"Ана тілі - халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі” деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай тіл арқылы тәрбие ғана емес, мол мұраларымыз да бала санасына құйылып, болашақта мықты азамат болып өсуіне әсер етеді деп ойлаймын. Отандық телеэкранда жиі көрсетілетін «Алдараспан», «Шаншар», «Әзіл әлемі» тәрізді әзіл-оспақ оспадар театрлар жас буын өкілдерін арзан күлкі мен бос сөзге үйірсек қылып, арман айдынынан алыстатып, талтаңдаған бос жүріске үйретеді. Ал бос қылжақтықтың түбі құлықсыздыққа, ықылассыздыққа, өмірдің мәніне ден қоймаушылыққа әкеп соқтырады. Содан да болар, мектеп жасындағы балалардың күнделікті сөз қолданыстарынан «басыңды қадаймын», «атсың», «лох», «базар жоқ», «копец», «прикинь», «братан» сынды сөздерді жиі еститініміз өтірік емес. Мектеп жасындағы балалар дені осындай сөйлеу стилін қолданатыны шындық. Ал «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның ішкі ойы, монологы бала психологиясына тән және тілдің тазалығымен үндесіп жатыр. «Қадыр - менің әкем. Ех, шіркін дүние-ай десеңші! «Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық!» деген жолдар Қожа тілінің тазалығымен, тіліміздің шұрайлығымен ерекшеленеді. Қазіргі заман балаларының тілі қысқа сөйлемді, сөзге шорқақ келуі, сөз қолданысында сөздік қордың аздығы смартфонға телмірген, өзара қарым-қатынасқа түспеген, әжесінің ертегісін естімеген балалар екені хақ. «Бірақ, менің ойымша, бала өзінің жақындарымен, ата-анасымен жиі қарым-қатынас жасау керек сияқты. Қазіргі заманда балалар мүлде ата-анасымен сөйлеспейді дегенім емес: бала таңертеңнен кешке дейін бала бақшада болса, үйге кешке қарай барады, кешкі асын ішіп, шаршап ұйқыға жатады. Осы тәртіп келесі күні де қайталана береді. Тек сенбі, жексенбі күндері, мүмкін кейбір отбасылар, бір-біріне көңіл бөліп, әңгімелесіп, қыдырып, бір-бірінің қал-жағдайын біліп жүретін шығар» (4) . Шындығында келгенде мұғалімдерімізден тіл байлығы нашар, сөздік қоры аз, ауызекі сөйлеу тілі қалыптаспаған деген пікірлерді жиі естиміз. Сыныптастарымыз бен достарымыздың ортасында өз ойымызды тек ауызекі сөйлеу тілімен ғана жеткіземіз. Кей кездерде сөздердің мағынасын түсінбей, орысша баламасын сұрап алатынымыз да рас. Осы жерде Қара Қожамызға қайта оралмасқа амалың қалмайды:… Жайлаудан қайтып келе жатып, «жұпар аңқыған кең жазықтың төсінде» қиял құсын қияға сермеп: «Абай мен Қасымды қанша оқысам да менің сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді… Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағағанда өзімді өзім ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астарынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарш-құрш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам. О, қасиетіңнен айналайын қазақ жері . . . » деп емірене толғанбаушы ма еді?! [1] Осы ауыл баласы Қожаның сөздерінен әрбір қазақ баласы үшін үлкен тәрбиелік мәні бар сөздерді оқып, ойланып та қаласың. Осындай сөздерді 6-сынып оқушысы қалай айтты екен деп те таң қаласың. Абай мен Қасым шығармаларын оқу, оны түсіну, тоймай қайта-қайта оқу біз үшін қызық болып көрінуі мүмкін. Өзіміздің ортамызда күй тыңдайтын оқушылардың бар екеніне де күмәнім бар. Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін түсініп тыңдайтын, күй құдіретін ұғынатын бала бар ма екен? Күй шертілсе күйді беріле тыңдап отырған баланы кездестірмейсің. Оның орнына Tik Tok әлеуметтік желісінен естілген әуенді қосылып айтып, беріле билеп кететін құрбыларымыз да өте көп. Махамбет жырларын оқып, қарш-құрш сілтескен найза мен қылыш үндерін естіген Қожа образы қазіргі заман балаларына бір түрлі ерсі көрінуі де мүмкін. Әдебиеттік оқу сабағынан кез келген өлеңді мүдірмей оқып шығамыз да оның әрбір жолында айтылған ойды ұғына алмай отыратын құрдастарымыз да да жетерлік. «О, қасиетіңнен айналайын қазақ жері . . . » деп айтқан Қожаның сөздерінен туған жерінің қасиетін түсінетін баланың образын көруге болады. Сол кезеңде өмір сүрген балалардың туған жерге деген ыстық ықыласын осы бір ауыз сөз арқылы білуге болады. Туған жер туралы шығарма жазуға тапсырма берілген кезде сыныптастарымыздың ойынан, шығармасынан мұндай керемет сөздерді кездестіре алмайсың. Қазіргі заман балаларының сөздік қоры қысқа жауап беретін, «иә» немесе «жоқ» деп ғана жауапты еститінің үлкендерді қынжылтады. Өз ойымызды жеткізуде екі-үш сөйлеммен ғана бар ойымызды айтып тастап, ары қарай не айтарымызды білмей тосырқап қалатынымыз да бар.

ІІ бөлім Қазіргі заманғы балалар бейнесі

«Қазіргі заманның балалары қандай?» деген сұраққа сауалнама жүргізіп көрдік. Баланың тәрбиесіне тікелей жауап беретін мамандардың пікіріне көз жүгіртсек. Павлодар қаласы, №33 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Жайна Алмахан мынандай пікір қалдырды: «Қазіргі заман балалары, бұрынғы заманға қарағанда өте дамыған, мүмкіндігі көп. Олар тез сөйлеп үйренеді, кей балалар 1-2 жасынан сөйлеп кетеді, техниканы үлкендерден қарағанда тез ұғып алады да, тіпті, өзімізді үйретіп отыратын кездері де болады. Мен бұның жақсы ма, әлде жаман ба екенін білмеймін. Жастайынан вундеркинг болып жатқан балалар өте көп. Олар балабақшадан сөйлеп, жазып, кейбір кезде оқып, әр түрлі би, ән, спорттық үйірмелерге қатысып жатыр». [4]

Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К. Т. Мейрбекованың пікірі: «Бұрынғы заман мен қазіргі кездегі балаларды салыстырсақ, олардың мінездері, тәрбиесі, басқа да қылықтары бәрі мүлдем басқа, тіпті, «жер мен көктей» деп айтуға да болады. Мүмкін, бұрынғы кездері сәби балалар балабақшада емес, ауылда ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп өскеннен бе, өзіміз, тіпті әке-шешенің әңгімесін бөлуге, әкенің бір көзқарасынан, мұғалімдердің көзінен қорқатынбыз. Енді қазіргі, яғни, ХХІ ғасырдың балаларын қарап отырсам, олардың қылықтары шектен шығып отырады. Мысалы, анама немесе әкеме айтамын деп, ұрысты деп сес көрсетіп, сөз қайтарады. Бірақ, қазіргі заманда ондайда, мүмкін. Негізі осы заманның балаларын, «ақыр заманның балалары» деп айтып жатамыз ғой. Бір олар жағымсыз қылықтар жасап жатса, «ақыр заманның балалары» деп тақырыпты жауып, мінезін, тәрбиесін түзетуге де тырыспаймыз. »

Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, менің ғылыми жетекшім Бибигүл апайымның көзқарасы: «Қазіргі заманның балалары өз ойларын еркін айтады. Ұялу, жасқану дегенді білмейді. Ғаламтор арқылы барлық ақпаратты біліп отырады. Кейбір кезде өзімізге ақыл айтып кетеді. Осы заман балалары әдебиетке көп қызықпайды, мектеп бағдарламасымен ғана шектеліп қалған. Сондықтан балалардың сөздік қоры төмен»

Осындай көқарастарды саралай келе, қазіргі заман балаларының бойынан табылатын қасиеттерді төмендегідей топшылап өттім.

  1. Техника тілін тез ұға алады
  2. Өзіндік көзқарасы бар
  3. Өзін еркін сезіне алатын
  4. Жан-жақты
  5. Білім алуға мүмкіндігі көп
  6. Кітап оқымай-ақ, ғаламтор арқылы көп ақпаратты білетін
  7. Ұлттық құндылықтарға назар аудармайтын
  8. Сөздік қоры аз, қысқа нұсқа сөйлейтін
  9. Ұлттық болмысы ерекше

Мен осы Қожа бейнесі арқылы достарыма төмендегідей қасиеттерді ұсынамын:

  1. Ең алдымен біз өз елін сүйетін нағыз ұлтжанды бала болып өсуіміз керек.
  2. Әдебиетіміздің мұраларын оқи отырып, еліміздің тарихи деректерін біліп қана қоймай, оны өзімізден кейінгі жас ұрпаққа жеткізе білуіміз шарт.
  3. Ұлттық құндылықтарымызды қастерлей білуге үйрену керекпіз.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, «Елу жылда ел жаңа» дегендей, әр ғасырдың өз тұлғасы, өз адамы, өз баласы бар. Заман ағымына қарай өзгерістер болған сайын, сол заманның баласы да өзгерістерге ие болады деп ойлаймын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығарманың образдар жүйесіне талдау
Бердібек Соқпақбаев - балалар жазушысы
Сөздердің байланысу формалары
Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің бәйтерегі
Балалар әдебиетінің бәйтерегі: Б.Соқпақбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған әдістемелік құрал
Бердібек Соқпақбаев шығармаларының идеялық - көркемдік ерекшеліктері
Көркем мәтін талдаудың лингвистикалық ерекшеліктері
Б. СОҚПАҚБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Ақын мен жазушының үндестігін жас ұрпаққа насихаттау
Бердібек Соқпақбаевтың тілдік тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz