Сұлы зиянкестері және дәнді дақылдар зиянкестерімен күресу шаралары


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Сұлы дәнінің түрлері мен өсіруге рұқсат етілген сорттары
2. 2 Сұлы зиянкестері және дәнді дақылдар зиянкестерімен күресу шаралары
2. 3. Сұлы дәнінің аурулары түрі
2. 4. Сұлы ауруларынан сақтау жүйесі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстанда өсімдік қорғау жүйесі 1960-шы жылдардың басында ғана жұмыс жасап бастады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресу әдісі нақты зерттеліп, қазіргі таңда өндіріске енгізілуде. Бұнымен қатар, республикалық, аудан-облыстық, өсімдік қорғау мекемелері, зиянкестерді бақылау, жайылуына зерттеу, және зиянкестермен күресу үшін хабар жеткізу пункттері мен мемлекеттік өсімдіктерді қорғау жүйесі жұмыс жасап келе жатыр.
Байтақ еліміздің, жайқалған жеріміздің табиғаты саналуан түрлі және де өсімдіктердің түрлері өте көп кездеседі. Осы жерімізден бүгінде қаншама өнім жинап отырмыз әрі сапалы өнім алу үшін оларды зиянкестерден қорғап, жақсылап өсіру де маңызды. Біздің еккен өнімімізбен қоректенетін зиянкестердің де түрлері аз емес.
Еккен өнімімізді зиянкестілерден қорғаудың ең бірінші сатысы, зиянкестілерді ажырата білу кейіннен олардың экологиялық, биологиялық ерекшеліктерін білу. Егер осы шараларды білетін болсақ, зиянкестілермен күресу жолы оңай әрі тез болмақ.
Ауыл шаруашылығында зиянкестер тобына зиян келтіретін немотадолар, кеміргіштер, кенелерді жатқызуға болады. Бұл зиянкестілерді жүйесі, тіршілік әректтертері жануарлар дүниесінде көп түрлі топтарға бөлінеді. Жануарлар дүниесінде бұл зиянкестілер үш топқа бөлініп қарастырылады. Олар: немотодалар жұмыр құрттарға, кенелер бунақаяқтыларға, кеміргіштер хордалыларға топтастырылады.
Алдағы мәліметтерде сұлы дәндерінің зиянды бунақ денелері мен олардың морфологиялық, табиғаттағы көбеюі мен мекендеген аймақтары, олардың көбеюіне себеп болатын сыртқы орта жағдайлары жайлы айтылған. Зиянкестердің қауіпті түрлерінің экономикалық зиян беру шегі баяндалған.
Сұлы дәнінің түрлері мен өсіруге рұқсат етілген сорттары .
Сұлы дәні - әлемде 4 000 жыл бұрын пайда пайда болған дән түрі. Ең бірінші болып Үндістанда медициналық тұрғыда пайдаланған. Негізгі отаны Монғолия Қытай деп көп деректерде кездеседі және бүгінде барлық Еуропа елдерінде кездеседі. Қытай, Үндістан, Мысырда ауруларды емдеу үшін пайдаланса, сұлы Ұлыбританияның ұлттық символы болып есептеледі екен, ал ағылшындардың сүйікті таңғы асына айналған. Бүгінде сұлы дәнінен жасалатын өнімдер, печенье мен ұн, сұлы қауызы, сұлы печеньесі. Сұлы дәнінің көптеген ботаникалық түрлері бар. Ал Қазақстанда тек 2 түрі ғана кездеседі екен. Олар: кәдімгі екпе сұлы және Византия сұлысы.
Сұлы қоңырбастар тұқымдасына жатады. Жуковскийдің анықтамаларына сүйенсек оны 2 түрге бөліп қарастыруға болады.
Avena strum koch- көпжылдықтар. Яғни, оларға шалғындық астық тұқымдасына және мал азықтық шөп ретінде пайдаланады.
Avena griseb- біржылдық сұлылар. Бұл топқа 16 мәдени, жабайы түрлері кіреді.
Avena өсімдік түрінде гүл шоғыры, қомақты, қысылған және бір бүйірлі шашақ. Шашақ орталық білікте болады және де сабақтың жалғасы. Одан 2-3 түрлі бұтақтар тарайды екен. Әрбір бұтақ басында 3-4 гүлді немесе көп гүлді масақша бар.
Сұлының негізгі сипаты.
Ұзындығы 60 см мен 100 см аралығында болады. Сабағы жылтыр, бунақты, жапырағы қандауырға ұқсас, гүлдері қос жынысты болып келеді. Сабақтарымызда айтылып жатқандай, сұлы дәні мал жануарларының тағамы. Әсіресе, жылқының сүйікті асы. Сұлы дәнінің жалпы құрамында: 10. 2, % белок, 5. 4% майлы зат болады екен. Оған қоса, сұлының құрамында, кобальт, марганец, калций, фосфор, цинк, В1, В2 витаминдері бар. Айта кететін жайт, сұлы дәні нан пісіруге жарамайды, себебі құрамында клейковина жоқ
Өсіруге рұқсат еткен сорттары:
1. Мирный - Ақмола, СҚО, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында;
2. Синельниковский 14 - Ақмола, СҚО, Қостанай облыстарында,
3. Скакун, Черниговский 28 - Қарағанды обылысында;
4. Ертіс-Солтүстік Қазақстан облысында;
5. Бітік- Ақмола, Қызылорда, СҚО;
6. Льговский 82 - Шығыс Қазақстан облысында;
7. Казахстанский 70 - Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында.
2. 2 Сұлы зиянкестері және дәнді дақыл зиянкестерімен күрес шаралары.
Жолақ- тең қанаттылар отрядының цикада тұқымдасына кіреді. Үлкен цикаданың ұзындығы 3. 5-5мм, күңгірт сары және қоңырқай .
Алдыңғы қанаттарының ұшы дұғаланып бітеді, қоңыр түсті жүйкелермен көмкерілген, аяқтары сарғыш ақ бұл зиянкес күздік бидайдың немесе астық тұқымдас көп жылдық шөптердің жапырағында жұмыртқа күйінде қыстайды.
Сұлы. Қанатсыз негіз салушы ұрғашы бітенің ұзындық 2. 7-3мм жасыл немесе қоңыр-сары . Қанатты ұрғашы бітенің көкірек жағы қоңыр-қызыл құрсағы жасыл. Зиянды жартылай қатты қанаттылар болмаса қандалалар отрядының бақашықтар тұқымдасына кіреді ұзындық көлемі 10-13мм көлденең 6-7мм қалқаншасы дөңестеу келген қанатымен құрсағын түгелдей жауып жатады. Негізі түсі ақшыл сары да қоңырға дейін түсі өзгереді. Зиянды бақалшық қандала Ресей мен Украинаның оңт. аудандарында Кавказда, Орта Азияда, ал біздің елде Орал, Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл, Талдықорғанда таралған. Жылына бір генерация беріп көбейеді.
Крест ұзындығы 11-13мм, денесі мен аяқтары қара түсті. Жоғарғы қанаты қоңыр-сарғылт, және онда якорь таңба бар. Қазақстанда Семей, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Ш. Қ. О, Орталықта таралған. Генерация екі жылдық.
Кәдімгі сүрікше қоңыз қатты қанаттылар отрядының жапырақ жемірлері тұқымдасына кіреді Қазақстанның Оңтүсітік және Оңтүстік Шығысы, тау етектерінде орналасқан аудандарда кездеседі.
Бұл қоңыздың ұзындығы 4-6мм, негізгі түсі жасыл-көк. Қоңыздың генерациясы бір жылдық .
Астықтың барылдық қоңызы -бұл қоңыз түріде қатты қанаттылар отрядына жатады. Кавказда, Орта Азияда және Ресейдің Еуропалық дала бөлігінің оңтүстік дала зонасында кездеседі. Барылдақ қоңызының 2-3жастағы личинкалары топрақ астында 20-30см тереңдікте қыстайды.
2. 3 Сұлы дәнінің ауру түрлері
Химиялық күрес әдісі - зиянкестердің зияндылық критериясынан, экономикалық табалдырықтан егіс далаларында қолданылады. Егіннің өсу барысында Барылдақ қоңыздың личинкасынан қорғау үшін тұқымымен қосып базудиннің болмаса волатонның 5% түйірлі препараттарын топыраққа сіңіреді.
Ауыспалы егінді және дәндердің кезектілігін сақтау зиянкестердің көбейуіе азайтады. Барылдақ қоңыздың, Гистен шыбыны, Жаға шыбындарының, Сабақ егеушілердің көбеймеуіне әсер етеді. Астық өнімін аз уақыт ішінде бөліп жинап алу дән көбелегі, зиянды бақалшық, астық қоңызы, Гестин шыбыны сияқты зиянды жәндіктердің зақымдауынан келетін шығынды азайтады .
2. 4 Сұлы ауруларынан сақтау жүйесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz