Мультимедиялық оқыту құралдарын жаратылыстану сабақтарында қолдану әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.34-01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих және педагогика факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мультимедиялық оқыту құралдарын жаратылыстану сабақтарында қолдану әдістемесі
Пәні: Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі_____
Мамандығы_6В01310-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі__

Орындаған Азизбек Ғазиза Ельмуратқызы
(Студенттің аты-жөні, тобы)
Жетекшісі Сихимбаева С.М.доцент____________
(Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс___________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2022ж.
Норма бақылаушы
__________________________
аты-жөні
Комиссия:
_____________________
аты-жөні
_____________________
аты-жөні

Шымкент 2022

Ф.7.34-03
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих және педагогика факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Бекітемін_________
Каф. меңгерушісі
Ермекбаев М.А.
(каф. меңг.А.Т.Ә)
.2022 ж.
№_____ТАПСЫРМАСЫ

Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінен курстық жұмыс
СТУДЕНТ Азизбек Ғазиза Ельмуратқызы ТП-19-10к1
(тегі, аты-жөні)
Курстық жұмыс тақырыбы: Мультимедиялық оқыту құралдарын жаратылыстану сабақтарында қолдану әдістемесі

Берілген мәліметтер:________________________ ___________________________

Курстық жұмыс мазмұны түсіндірме жазбаның мазмұны

Орындалу мерзімі
Көлемі(парақ саны)
1
Жұмыстың педагогикалық негіздемесі
7.09-30.09.2022ж
0.5-1
2
Теориялық бөлім
4.10-19.10.2022ж
5-6
3
Әдістемелікбөлім
20.10-17.11.2022ж
6-7
4
Қорытынды
18.11-30.11.2022ж
1
5
Пайдаланған әдебиеттерді реттеу
6.12-10.12.2022ж
0,5
Ұсынылған әдебиеттер:
Сихимбаева С.М., Турсынбаева А.З., Баймаханбетова М.А. Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі. Оқу әдістемелік құрал. - Шымкент. Нұрлы бейне. 2020ж 216 б.
Сихимбаева С.М. Дүниетану теориясы мен технологиясы. Оқу құралы. -Шымкент: Нұрлы бейне, 2010.- 148 б.
Тапсырма берілген күні .09.2022ж.
Жұмысты қорғау күні _______________________
Жұмыс жетекшісі ______________________________Сихим баева С.М.__
(қызметі, тегі, аты-жөні, қолы)
Тапсырма орындауға қабылдаған___________________Азизбе к Ғазиза___
(студент қолы, уақыты)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5
1
Мультимедиялық оқыту құралдарының қазіргі замандағы рөлі және қолданылуы
6
1.1
Жаңартылған білім беру жүйесінде мультимедиялық оқытудың маңызы
6
1.2
Мультимедиялық оқыту құралдарын оқытудың қажеттілігі мен олардың кәсіби құзыреттілігінің маңызы
8
2
Жаратылыстану сабақтарында заманауи технологияларды пайдаланудың маңызы
13
2.1
Бастауыш сыныпта жаратылыстану сабақтарында мультимедиялық технологияларды қолдану әдістемесі
13
2.2
Жаңартылған жаратылыстану оқу бағдарламасында мультимедиялық оқыту құралдарын пайдалану дағдысын дамыту
17

ҚОРЫТЫНДЫ
23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
24

КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Индустрия 4.0 аясында аталған жобаны кеңейту үшін реттеудің және ынталандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды.
Мемлекеттік басқару жүйесінде цифрлық технологияны қолдану - бүкіл бағдарламаның табысты болуының басты кілті. Бұл істе түбегейлі өзгерістер қажет. - деді Мемлекет басшысы.
Қазіргі таңда болашақ педагогтарды даярлауда ең бірінші қойылатын талап, ол жаңа ақпараттық комуникативті технологияларды жетік меңгеру.
Қазіргі ХХІ ғасырда,жаңартылған білім мазмұны болғандықтан,біз оқушыларға білім бергенде бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесін қолдана отырып,жаңа әдістерді кіріктіруіміз қажет. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын,қызығушылығын қалыптастыруда мультимедиялық оқыту құралдарының маңызы зор болып табылады.Жәнеде, әр, болашақ педагог боламын деген адам,бар ынтасымен жоғарғы білімін алса, біздің еліміздің болашағы жарқын деп нық сенуімізге болады.
Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың зияткерлік әлеуетін оң дамуға бағыттауға мүмкіндік береді. Дәл осы сабақтарда мұғалімнің басшылығымен оқушылар өзінің интеллектін жан-жақты дамыту үшін компьютерлік технологияларды пайдалануды, оқу, кейіннен өндірістік тапсырмаларды шешу үшін ақпарат алу тәсілдерін меңгеруді, өмір бойы білім беруді жалғастыруға көмектесетін дағдыларды игеруді үйренуі мүмкін.
Қазіргі таңда болашақ педагогтарды даярлауда ең бірінші қойылатын талап, ол жаңа ақпараттық комуникативті технологияларды жетік меңгеру.
Дамыған 30 елдің қатарына қосылуымыз үшін, ең алдымен еліміз үш тілдік дағдыны ұстануы қажет. Оларды атап кететін болсақ: бірінші ол біздің ана тіліміз қазақ тілі, екінші орыс тілі және үшінші бүкіләлемдік тіл ағылшын тілі. Тілдік дағдыларымызды дамытып болғаннан кейін біз ақпараттық коммуникативтік технологияларды меңгеруді жетік білуіміз керек. Міне, сол үшін біздің елдің болшақ педагогтарына мультимедиялық технологияларды қолдану дағдысын жетілдірудің маңызы өте зор.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Мультимедиялық оқыту құралдарын жаратылыстану сабақтарында қолдану әдістемесі ұсынылды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жаратылыстану сабақтарында мультимедиялық оқыту құралдар түрлерімен таныса отырып,оларды іріктеу және қолдану.
- Муьтимедиялық оқыту құралдары және олардың түрлерін анықтау
- Мультимедиялық оқыту құралдарының маңыздылығын түсіну
- Мультимедиялық оқыту құралдарын қолдану әдістемесімен танысу.

Зерттеу нысаны мен әдістері: психо-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, салыстыру.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Жазылған ақпараттар, жинақталған жұмыстар мұғалімдер мен студенттер үшін құнды ақпарат бола алады.
Курстық жұмыстың (жобаның) көлемі мен құрылымы. 2 тарау, 24 бет

1 Мультимедиялық оқыту құралдарының қазіргі замандағы рөлі және қолданылуы
1.1Жаңартылған білім беру жүйесінде мультимедиялық оқытудың маңызы
Елбасымыздың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында айтып кеткендей: Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ену міндетін жүзеге асыру үстінде. Бұл әлемдік білім беру шеңберіндегі талаптарды жүзеге асыру қазақстандық білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуға бағыттау деген сөз. Осыған орай біздің білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап, қоғам талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастырудың жаңа ұлттық білім беру жүйесінің моделін қалыптастыру жолын анықтауында.
Жоғарыда айтып кеткендей әлем стандартына сай білім беру, ол қазіргі заман талабы болып саналады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының талабы бойынша, біз оқушыларды әлем стандартына сай етіп білім беруіміз керек. Осы стандартқа сай болу үшін педагогтар оқушыларға мынадай қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Оларды атап кететін болсақ:
* Сын тұрғысынан ойлай білу;
* Коммуникативтілік қабілет;
* Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасай білу дағдысы;
* Креативтілік;
* Мәселені қойып оны шешу дағдысы;
* Зерттеу жүргізу дағдысы.
Жаратылыстану сабағында мультимедиялық құралдарды пайдалануды айтпас бұрын, біз мультимедиялық оқыту құралдарына не жататынын біліп алуымыз қажет. Мультимедиялық құралдарға: анимация, презентация, аудио құралдар, видео құралдар, интерактивті тақта, видеоэффекттілер,монтаж, 2D және 3D визуализациялау және тағы басқаларды жатқызамыз.
Тарих беттеріне көз жүгіртетін болсақ компьютердің атасы деп ағылшын математигі Чарлз Бэббиджді деп ойласақ, алайда жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін алғашқы компьютерді Алан Тюринг жасап шығарған. Алан Тюрингтің осы ғылыми жұмыстары бүгінгі біз күнделікті қолданып жүрген заманауи компьютерердің құрылуының негізі болып табылады.
Мультимедия әлемдік жаңашылдықты әкелетін сала болып табылады. Мультимедиялық құралдар барлық саланы қамтыған деп нақты айта аламыз. Өткенге көз жүгіртсек, осыдан он жыл бұрын адам күшін қажет ететін жұмыстарды қазіргі таңда робот атқаратын болды.
Мультимедиялық құралдарды қолдану салалары олар мыналар:
-Өнеркәсіп;
-Көлік;
-Қаржы;
-Медицина;
-Ауыл шаруашылығы;
-Білім;
-Қоғам;
-Жасанды ойын интеллекті;
-Ғылым;
-Тұрмыс ұйымдастыру;
-Қауіпсіздік; [6,2]
Өткен ғасырдың соңғы ширегінде ғалымдар мультимедияны алгоритмдік ойлау шеңберінен шығаруды ойлайды. Нақтыласақ. Мультимедияға ойлау шексіздігін тудыру идеясы шыққан болатын. Жәнеде оған дайын мысал ретінде адам миының құрылымы таңдалып алынған болатын. Осылай мультимедия құрылды.
Қазіргі заманда Мультимедия сабақтарды еркін түрде жаңаша, онлайн түрде, оффлайн оқыту кезінде түрлі көрнекіліктер арқылы және осы айтылғандар арқылы оқушылардың логикасын мультимедиялық құралдар арқылы істеуді қамтамасыз етуі болып табылады. [7,1]
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында интеллектуалды жүйелер дамуының мынадай маңызды бағдарлары ашық көрсетілген:
1.Шығармашылық үдерістерді еліктейтін жүйелер. Музыкалық шығармаларды жасау, ойын есептерді шешу, мысалы шахмат, дойбы, домино және т.б., жылдам түрдегі аударма, теңдеулерді шешу, теоремаларды дәлелдеу, бейнелерді ажыратып тани білу, ойлауды еліктеу және тағы сол сияқты.
2.Білімдерге негізделген ақпараттық жүйелер, яғни жабдықтарды күйге келтіру, тәжірибелі емес пайдаланушыларға кеңес беру, оқыту және тағы басқа.
3.Мультимедиялық құралдар жүйесі деп отырғанымыз заттық салада есептерді шешу үшін логикалық, математикалық және алгоритмдік модельдерге арналған үлкен және алып программалар. Оның мүмкіндіктерін атап айтатын болсақ: қашықтықтан басқаруды жеңілдету, адамның жұмыс уақытын кемиту үшін қолданушымен мағыналы сұхбаттасу.
4.Интеллектуалдығы жағынан бірнеше роботтың бөлшектерінен ажыратады. 1-ші буын басында бекітілген және өзгертілмейтін программа арқылы істейтін робот-қайталаушы.2-ші буын бейімделген роботтар. Бұл роботтың түрлері датчиктермен жабдықталған болып келеді. Жоғарыда айтылған роботтар өнеркәсіптік роботтар, олар арнайы зауыттарда, цехтарда жұмыс жасауға бейімделген.
Мультимедиялық құралдардың мүмкіндіктері кеңейген сайын әртүрлі өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыла бастады. Дәлірек айтатын болсақ, адамға ауыр болатын жұмыстарды осы мультимедиялық құралдар оңай алмастырып отыр.
Мультимедиялық құралдар адамзат өміріне әсері артқан сайын, болашаққа бағытталған әртүрлі саяси идеологияны онсыз елестетуіміз өте қиын, себебі мультимедия немесе ақпараттық коммуникациялық технологиялар біздің өміріміздің бір ажырамас бөлшегіне айналған. Мысалы, либералды демократия еркін экономикалық нарықтық қуатымен мультимедияның тиімділігі жеке секторда барлық адам баласына бірдей пайдасы тигізетініне сенеді. Ал жұмыс жасаушылардың құқығын қорғайтын коммунисттік идеяны жақтаушылар алдағы жылдарда жұмысты жасауға коллективті роботтық жүйе құрастырып, түрлі өндірістік қоғам құруды дәлдеп отыр.
Әйгілі SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск айтып өткендей, ашықтық саясатын осы мультимедияда қолдануымыз қажет. Яғни, кейбір құпия жоба белгілі бір саяси топ немесе жеке кәсіпкердің тиімділігі үшін қолданылса, ашық қоғам құру мүмкін емес. Шындығында,көптеген жаңа ақпараттық комуникативтік технологиялар бір жағынан адамзатқа пайдалы әрі тиімді болғанмен, басқа жағынан оның зияны да бар екенін ұмытпауымыз қажет.
Қазіргі таңда болашақ педагогтарды даярлауда ең бірінші қойылатын талап, ол жаңа ақпараттық комуникативті технологияларды жетік меңгеру.
Қазіргі ХХІ ғасырда,жаңартылған білім мазмұны болғандықтан,біз оқушыларға білім бергенде бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесін қолдана отырып,жаңа әдістерді кіріктіруіміз қажет. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын,қызығушылығын қалыптастыруда мультимедиялық оқыту құралдарының маңызы зор болып табылады.Жәнеде, әр, болашақ педагог боламын деген адам,бар ынтасымен жоғарғы білімін алса, біздің еліміздің болашағы жарқын деп нық сенуімізге болады.
Білім беру барысындағы мультимедиялық құралдарға немесе ақпараттық коммуникативті технолияларға біз видеоэкскурсия және виртуалды экскурсияны жатқызуымызға болады. Виртуалды экскурсия деп отырғанымыз ол ақпаратты ұсынудың ең тиімді әрі сенімді әдістерінің бірі. Оның қатты дамыған кезеңі осы пандеми кезі болып табылады, себебі көп адам үйлерінен шыға алмай қалды, бірақ табиғатқа барып немесе мұражайларды аралағысы келді. Осы орайда бізге виртуалды экскурсия көмекке келді.Яғни, виртуалды экскурсияда Қазақстанның керемет жерлеріне немесе басқа елдерге, тіпті ғарышқада саяхат жасай алады екенбіз. Мысалы, Бурабайды көргіміз келсе YouTube желісіндегі Бурабай виртуалды экскурсиясы деген видеоролик арқылы, біз ол жақтың тарихымен танысып қана қоймай ол жердің керемет суреттерін және видеосын көре аламыз. Бұның барлығын әр педагог білетін болса оқушыларды қашықтықтан оқытқанда бір сергітіп алуға үлкен мүмкіндік береді. Сосын жоғарыда айтып кеткендей басқа елдергеде виртуалды саяхат жасауға болады. Мысалы, әр оқушының өзі барғысы келетін елі болады. Өзімді айтатын болсам, мен Финляндия еліне саяхат жасағым келеді. Басқа елге шығуға мүмкіндік болмағанда осылай виртуалды саяхат жасауымызға болады. Жоғарыда айтып өткендей YouTube желісінен өзімізге керекті елді жазып сонда көре алуымызға мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар виртуалды саяхатымызды ғарышқа дейін апарсақ болады. Ол үшін біз ютубқа видео 360: выход в открытый космос деп жазуымыз керек, содан соң бізге керекті видеоэкскурсиямыз шыға келеді. Міне осылайша біз виртуалды саяхат жасай алады екенбіз. Осы айтылған технологилардың барлығын әр педагог білетін болса, онда оның сабағы балаларға қызықты әрі тиімді болатынына шүбәсіз сенуге болады.

1.2 Мультимедиялық оқыту құралдарын оқытудың қажеттілігі мен олардың кәсіби құзыреттілігінің маңызы
ХХІ ғасырда мультимедиялық құралдар немесе ақпараттық технологиялар адамзаттың айырылмас бір бөлігіне айналғаны бәрімізге мәлім.Жалпы мультимедиялық құралдар біздің өмірімізде қандай затты істесекте пайдамызға жарап, біздің өмірімізді жеңілдетіп қана қоймай көңілдендіріп отырады. Оқушылардың бойында қазіргі заманда белсенді және табысты өмір сүруге дайын болу қасиеттерін қалыптасыруға көмектесетін тәжірибені, құзыреттілікті дамыту үшін қажетті біліммен қамтамасыз ету. Сондықтан жаңа мазмұнды мұғалімдер оқу үдерісін оқушылардың бойына білім алу, жеке тұлға ретінде даму, көптілдік қарым-қатынас жасау дағдыларын дарытуға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыруға дайын болу қасиеттерін қалыптастыру болып келеді. Жаратылыстану пәнінде мультимедиялық оқыту құралдарын пайдаланудың қажеттілігі өте маңызды. Себебі біз бастауыш сынып оқушыларын жаңашылдыққа баулып өсіруіміз керек.
Ал енді мультимедиялық құралдардың немесе ақпараттық коммуникациялық технологиялардың күнделікті қолданыстағы салаларын және түрлеріне тоқталып өтейік.
-Терең үйрену. Қазіргі таңда өмір бойы білім алу дағдысы бар. Яғни, ХХІ ғасырдың адамы жан жақты болуы тиіс. Әр нәрсені тек біліп қана қоймай оны терең үйреніп практика жүзінде қолдана алуы керек.
-Өздігінен өзгеретін графикалық жүйелер. Ақпараттық базасындағы жағдай ол жердегі түйіндерді шешудің жаңаша әдіс тәсілдерін тапқан кезде өзгеріп отырады.
-Виртуалды кеңесші мен ақылды агенттер. Виртуалды кеңесші басқа мультимедия салаларынан өзгеше болып келеді. Өйткені басқа салаларда көбінесе жазбаша ақпараттар болады,ал виртуалды кеңесші ол ауызша диалог арқылы жүзеге асатын процес болып табылады. Мысалы қазіргі кезде Яндекс Алиса виртуалды кеңесшісі, Google ассистент виртуалды кеңесшісі, Siri, Bixby, Microsoft Cortana, Amazon Alexa және тағы басқа кеңесшілер бар.
-Агенттік жүйелер. Мультимедияның бұл саласы көбінесе ойындарда және көптеген симуляцияларда қолданылады. Яғни, әр смартфондағы, компьютерлердегі ойындар осы агеннтік жүйеге жатады екен. Түрлі ойындарды осы жасанды интеллектке жатқызу себебі, видеоойындарды адам басқарғанымен ол жердегі функциялар өздігімен болып жатады.
-Автоматты үйрену. Жазылған мәліметті анықтап, классификациялау үшін түрлі модельдерді құрастырып, сынақтан өткізіп, кері бағытта қайтару приципімен жұмыс істейтін мәліметтер базасындағы жүйе.
-Мақсатты қойып үйрену. Белгілі бір мақсатқа жеткен соң оны әрі қарай дамытатын жүйе болып табылады. Мақсатты үйрену көбінесе агенттік жүйелерде іске асырылады.
-Білім беру базалары, бизнестегі интеллект және эксперттік жүйелер. Біз күделікті қолданатын мәліметтер базасындағы кестелерден семантикалық білім спектрын құрастырады. Бұл жердегі процестер тек адамның бақылауымен іске асады десек қателескеніміз болады. Яғни ол бағдарлама адамның басқаруынсыз ақ автоматты түрде өздігінен мәліметтерді іріктей алады жіне бөліне алады.
-Өзін басқара алатын көліктер (автопилот). Бұл жаңа жоғарыда айтып кеткендей визуалды тану жүйесі мен шынайы уақыт моделіне жұмыс істеу арқылы автомобиль көз алдындағы кедергілерді көре отырып, алған бағытына қарай әрекет етіп отырады.
-Дрондық технологиялар. Дрон дегеніміз ол жолаушысыз өздігінен дистанциондық басқарылатын көлік түрі болып табылады. Оның көлемі жарқанат сияқты кішкентай да, реактивті ұшақ секілді көлемдейде түрлері кездеседі. Ол алыстан және алдын ала қойылған программалармен ұша алады.
-Бөлшектік визуализация. Түрлі бөлшектер(фрактал бөлшектер) мен жасанды интеллекттің байлансы өте тығыз болуымен қатар, жасанды бейнеленген табиғи көріністер: су тасқыны, оттың жануы, тас бедерлері, ауадағы түтін сиқты Голливуд киноларындағы арнайы эффектілерді жасау жасанды интеллекттің ең кең дамыған саласы болып есептеледі. Бұл эффектінің барлығы артындағы жасыл фонға қойылады. Яғни, бұл эффектілер көбінесе фантастика жанрындағы киноларда көп қолданады. Мысалға, айдаһарды киноға түсіру үшін арнайы фигураларға графиканың көмегімен бейнелейтін болады.
-Сызықтық емес тораптар саласы. Мультимедияның бұл саласы агенттік жүйенің өзгерген түрі болып есептеледі. Белгеілі бір өлшемдегі тораптар ішкі жағдайды сақтайды және онымен қоса жанында тұрған ұяшықтардың әсерінен мәліметті сыртқа шығарып отырады. Ойындарды модельдейтін атақты Конуэйдің Game of Life программасындағы Өмір атты ерекше ойыны жасанды интеллекттің осы саласына жатады.[10,5]
Бастауыш мұғалімінің жаңа білім беру жүйе бойынша қызметке төселу үшін нәтижелерге негізделген білім беру моделін құру, білім берудің құндылықтарын сезіну, күтілетін нәтижелер, кең ауқымды дағдыларды дамыту бағытын нысаналау болып табылады [12,15б.]. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты мектептен шығу кезінде қандай нәтижелерге бағдар жасайды деп нақты белгіліп берген. Онда:
-білімді шығармашылықпен пайдалану;
-сыни тұрғыдан ойлау;
-зерттеу жұмыстарына машықтану, орындау;
-ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) қолдану;
-коммуникативтік қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;
-топпен және жеке жұмыс [12,19б.].
Жаңартылған бағдарлама мазмұны жоғарыдағы талаптарға бағытталған.
Демек, жаңа форматты бастауыш мұғаліміне осы негізде кәсібилік, құзырет тілік сипатын жаңартуға тура келеді.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты [11,12б.].
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Олай болса жаңа форматты бастауыш мектеп мұғалімін дайындауды жоғары оқу орнында, болашақ мамандарды дайындаудан бастау қажет.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген :
1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады .
Мультимедиялық құралдардың пайдасы өте көп екенін біз пандемия кезінде ерекше көңіл бөліп қарадық. Себебі мектептер, көптеген жұмыс орындары қашықтықтан жұмыс жасап білім алғаны бәрімізге мәлім. Мектеп қабырғасында пандемия кезінде қашықтықтан оқытуға көшті. Ол кезде Балапан телеарнасында онлайн сабақтар 1-11 сынып аралығын қамтыды және тек қазақ сыныптары ғана емес орыс сыныптарынада сабақ өтілген еді. Тағыда Күнделік кз порталы енгенін айта кетейік. Күнделік кз Қазақстан Республикасы бойынша біріңғай білім беру интернет порталы болып саналады. Қазіргі кезде порталда 6200-ден астам мектеп тіркелген. Күнделік кз ол оқушының жеке кабинеті, яғни ол жерде оқушының үлгерімі, бағасы, үй тапсырмалары және тағы басқалар кіріктірілген. Бұл порталдың педогогтерге пайдасы өте көп. Ең біріншіден ол педагогтерді көп қағаздардан құтқарғаны, екіншіден ата аналар балаларының бағасын ешқандай қиындықсыз көре алады, үшіншіден үй ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Мультимедиялық оқыту технологиясы
Химияны оқыту әдістемсі
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстары
Информатикaны оқытудa мультимедиялық технoлoгиялар негізінде қолданбалы бағдаpламаларды құру және пайдалану әдістeмeсі
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
СҰЙЫҚТАРДЫҢ ҚАСИЕТІН ОҚЫТУ
Биологияның мектеп курсын оқу процесінде мультимедиялық оқыту әдістерінің ерекшеліктері
Пәндер