Интербелсенді әдістерді қолдану сатылары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ

Педагогика және психология кафедрасы

Психолого-физиологические основы дошкольного иноязычного образования

Интербелсенді әдіс-тәсілдердің 8-сынып оқушыларының

ағылшын тілін меңгерудегі қолданылымы

Орындаған:ПФИЯ 1-курс 102-топ студенті Дауренова Д. Д.

Тексерген: Тилеубаева Меруерт Слямхановна

Алматы, 2023 жыл

Жоспары:

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Интербелсенді әдіс-тәсілдерді шет тілі сабағында қолданудың теориялық негіздері . . . 4
  3. Интербелсенді тәсілдерді 8-сыныпты оқытуда шет тілі сабағында қолданудың теориялық аспектілері . . . 6
  4. Қорытынды . . . 9
  5. Қолданылған әдебиеттер . . . 10

Кіріспе

Соңғы онжылдықтарда тіл білімінің өзектілігі өсіп, бүгінгінің қажеттілігіне айналды. Қазақстан Республикасында шет тілдерін үйрету мектеп табалдырығынан басталады. Үшінші сыныптан бастап мектеп оқушылары орыс және ағылшын тілдерін меңгеруді бастайды, алайда бұл оңай процесс емес. Тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерінің, ұстаздың біліктілігі сынды факторлар бұл процесске тікелей әсер етеді. Бұрынғыдай пассивті оқыту маңыздылығын жоғалтып, себебі білім алушылар тек оқытудың "объектісі" болған және олардың арасындағы бір-бірімен өзара әрекеттесу төмен деңгейде болды. Қазіргі уақытта мектепте білім беруде оқытудың көптеген жаңа әдістері мен тәсілдері қолданылады. Олар оқушылардың көшбасшылық дағдыларын, мәдениетаралық дағдыларын, қарым-қатынас және сыни ойлау сынды қабілеттерін дамытуға негізделген. Көптеген мектептер оқыту процесін жеңілдету мен оқушы-ұстаз қарым-қатынасын жақсарту мақсатында интерактивті оқытуға жүгінеді. М. В. Кларина жазуынша, «интерактивті оқыту»-жаңа білім алу мақсатында оқушылардың оқу ортасымен тікелей қарама-қатынасына негізделген оқыту түрі [1] . Ал В. К. Дьяченконың көзқарасынша, интерактивті оқыту әдістері оқу процесінің мүшелерінің диалогтық форма арқылы білім алу мақсатына жетуге негізделген. Сондай-ақ, бұл оқыту тәсілдерінің басты принципі: «әркім бәрін үйретеді және әркім бәрінен үйренеді» [2] . Жалпы, Интерактивті оқыту- қарым-қатынас жасауды, әңгімелесу режимінде болуды, біреумен диалогты білдіреді. Интерактивті әдіс-тәсілдер топ ішіндегі өзара әрекеттесуге және оқушының білім беру мәселелерін шешудегі еркіндігіне бағытталған.

Берілген зерттеу жұмысы интерактивті әдістердің шет тілдерін орта мектеп дәрежесінде оқытудың қолданылуын зерттеуге арналған. Педагогикалық методикалардың дамуына байланысты шет тілдерді бүгінгі таңдағы меңгеру процесінің нәтижесі сөйлеу компетенциясының барлық түрлерін меңгеру, яғни 4 жетік тілдік дағдыны иелену, болып табылады. Қазіргі таңда оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым дағдылары-тіл үйренудегі негізгі бағыттаушылар. Олардың жетілуі-оқушының тілді меңгергені.

Зерттеу жұмысының актуалдылығын ағылшын тілінің бүгінгі кезеңдегі өзектілігімен түсіндіре аламыз. Бүгінгінің оқушыларының ерекшеліктерін ескерсек, тұлғаға бағытталған білім беру технологиялары-сәтті әрі нәтижелі оқытудың фундаменті. Дәстүрлі тәсілдермен салыстырсақ, интербелсенді әдіс-тәсілдер оқу топтарындағы өнімді педагогикалық өзара әрекеттесуіне ықпал етеді.

Зерттеудің мақсаты-шет тілдерді орта сынып, яғни сегізінші сынып, оқушыларына үйретудегі интербелсенді әдіс-тәсілдердің қолданыс өзектілігі мен жолдарын айқындау.

Интербелсенді тәсілдерді орта буынды оқытуда шет тілі сабағында қолданудың теориялық негіздері

Жылдан жылға интербелсенді әдістердің оқу процесіне енгізілуі өсіп келеді. Салыстырмалы түрде мұндай әдіс-тәсілдер жақында пайда болса да, олардың білім мекемелерінде кеңінен пайдалануын байқасақ болады. Интербелсенді әдістер тек білім беру жағынан ғана емес, тәрбие беруде де зор пайда тигізеді. Әр кезеңдегі балалармен мұндай тәсілдерді қолданса болады. Орта буын оқушыларына бұл әдістердің көмегі көп әрі өзекті болуының үлкен себебі-олардың өмірдің жаңа сатысына қадам басуы. Орта буын жасөспірімдері дамудың қиын кезеңінен өтіп, өзін қоғамда ұстауға және өзгелермен дұрыс қарым-қатынас жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге және жеке тұлғасын қалыптастыруға бейімделе бастайды. Осы кезеңде білім алу процесіндегі интербелсенді әдіс-тәсілдердің алар орны ерекше екенін айтуға болады.

Интербелсенді әдіс-тәсілдердің негізгі қағидалары: орта қалыптастыру, әрекет арқылы үйрету/үйрену, өмірмен байланыстыру, дербестік пен еркіндікке баулу. Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдана оқытудың мақсаттары:

  1. білім алушыларға дайын түрдегі білімді бермей, жеке ізденіске жол беру, қажет кезде бағыт-бағдар беру
  2. білім алушыларға өз әрекетінің нәтижесінің жемісті сезімін сезуге мүмкіндік беру
  3. үйренушілерге білімнің тиімді меңгеру жолдарын түсіндіру, белсенді әрекеттерге оларды баулу
  4. оқу процесіндегі тақырып пен өзекті тұстарды шынайы өмірмен байланыстыру арқылы практикалық білім беру
  5. білім алушыларға ой-толғаныстарын жетілдіруге, өзіндік пікірді жеткізуге жағдай жасау
  6. сыни ойлау мен эмоционалдық интеллектті дамыту

А. А. Леонтьев, Н. В. Баграмов сынды авторлар интербелсенді әдістердің коммуникативті әдіспен ұқсастығын сипаттайды. Олардың айтуынша, интербелсенді оқыту моделі бойынша оқыту тікелей қарым-қатынас кезінде жүзеге асады. Ал Б. Д. Парыгин сынды авторлар интербелсенді әдістерді дамытылған модификациялық әдіске ұқсатады[3] . Зерттеулерге сүйенсек, интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану дегеніміз:

  • Оқушының оқу ортасымен өзара қарым-қатынасына негізделген және тәжірибе аймағы ретінде қызмет ететін ортаны ұйымдастыру
  • Адамдардың өзара әрекеттесу психологиясына негізделген оқу процесін жасау
  • Біріккен әрекет арқасында, яғни диалог немесе полилог арқылы, таным процесінің орнығуы

Интербелсенді әдістерді қолдану сатылары:

  1. Бағдарлау кезеңі: бұл кезеңде оқушылар мұғаліммен бірге алдағы сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтайды (дәйексөз, QR-код, фильмнің үзіндісін тамашалау)
  2. Өткізуге дайындық: бұл кезеңде оқушылар қарым-қатынас жағдаятымен танысады; мұғалім міндеттерді, ережелерді, рөлдерді белгілейді(Team Learning, сұрақ-жауап, миға шабуыл)
  3. Іске асыру кезеңі: осы кезеңде тікелей ойын әрекеті жүзеге асады. Қатысушылар

қойылған міндеттерді орындайды, ал мұғалім бағыттайды және көмектеседі (Jeopardy Game, Junk Jumble Game, take a Side)

  1. Рефлексия кезеңі: бұл кезеңде талдау және бағалау жүреді. Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі, туындаған қиындықтарды талқылайды және өз позицияларын қорғайды [4] .

Панина Т. С. және Вавилова Л. H. [ 5 ] интербелсенді әдістерге қатысты келесі жалпы нәтижелер мен әсерлерді бөліп көрсетеді:

  1. Оқытудың интербелсенді әдістері процесті күшейтуге мүмкіндік береді, практикалық мәселелерді шешуде білімді түсіну, игеру және шығармашылық қолдану дағдылары дамиды;
  2. Интербелсенді оқыту тәсілдері мотивацияны және оқушылардың қатысуын арттырады, сондай-ақ олардың арқасында білім алу процесінің мәні көбейеді. Себебі, өзекті мәселелерді талқылау, көптеген оқушыларды оқу процесіне жинақтау қатысушыларға эмоционалды жағынан қолдау береді;
  3. Интербелсенді оқыту өзіндік ойлау қабілетін қалыптастырады, басқа көзқарасты тыңдау қабілеті мен айтылым дағдысын дамытады;
  4. Мұндай әдістер білім алу процесін, жасалған прогрессті өз бетінше бақылауға мүмкіндік береді;
  5. Интербелсенді әдіс-тәсілдер білім алушының потенциалын арттыруға, өзіндік қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.
  6. Белгілі бір оқушы үшін келесі нәтиже орындалады:

-білім алу ортасымен әрекеттесу арқылы оқу материалының белсенді меңгеруі;

-толеранттылық пен мейірім сынды қасиеттердің дамуы;

-жаңа тәжірибе

  1. Білім алушы кішігірім топтың көретән нәтижесі:

-коммуникациялық дағдылардың дамуы;

-топ ретінде жүмыс істеу қабілетінің артуы;

-объективті тұрғыдан топ үшін және жеке тұрғыда анализ жасай білу, сыни ойлаудың дамуы;

  1. «Ұстаз-сынып» системасы байқайтын нәтиже:

-оқу материалының жетік меңгерілуі;

- тұлғааралық өзара әрекеттесуге мотивациялық дайындықты қалыптастыру тек оқу орындарында емес, сонымен қатар сыныптан тыс жағдайларда жүзеге асады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу үдерісі
Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
Инновациялық оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Тест тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін бағалау
Инновация ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі
Интербелсенді оқыту әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілі ретінде
Сабақта АКТ пайдалану жолдары
Бастауыш сыныптарда интербелсенді әдістерін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz