Қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің мәселелері


Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазақстан тарихы(ҚӘҚ) Курстық жұмыс
Бөлім:
Тақырып:
Тақырыпша: Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің болашағы қандай? ( сөз)
Орындаған:
(аты-жөні, қолы)
Жетекші:
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор
(аты-жөні, қолы)
Алматы 2023
Кіріспе
Жеңіл өнеркәсіп саласының аса жоғары әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы бар, өйткені ол халықтың, әсіресе әйелдер қауымының, жұмысбастылығын қамтамасыз етіп жатыр. Дегенмен, бүгінгі таңда Қазақстанның ЖІӨ-інде жеңіл өнеркәсіптің үлесі тек 0. 2%-ға жеткен [1] . Осындай көрсеткіштер саланың алдағы дамуына кедергі келтіретін факторлардың нәтижесінде туындайды. Сондай-ақ, отандық өндірістің қымбаттылығы, тиісті шикізаттың жетіспеушілігі мен нарықтағы жоғары бәсекелестік қазақстандық өндірушілердің белсенділігін шектейді.
Жеңіл өнеркәсіп - ұлттық экономиканы әртараптандырудың негізгі бағыттарының бірі, өйткені мемлекетке тек шикізаттық өнімдерді ғана емес, сонымен қатар жоғары құн қосылған тауарларды да экспорттауға мүмкіндік береді. Осы жұмыста жеңіл өнеркәсіптің мемлекеттік табыстардың негізгі көздерінің қатарына кіру мүмкіндігі қарастырылады.
Зерттеу өзектілігі
Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіптің алдағы дамуы Қазақстан үшін өзекті мәселеге айналған, себебі 2050 жылға дейін мемлекет ұлттық экономиканы толығымен әртараптандыру тиіс. Осы мақсат орындалмаса, еліміз халықаралық бәсекелестік үдерістердің шетінде қалу мүмкін. Жеңіл өнеркәсіптің болашағы тек экономикалық табыстылыққа ғана емес, сонымен бірге халықтың әл-ауқатына да үлкен әсер етеді. Мысалы, “Атамекен” палатасының төрағасы, Абылай Мырзахметовтың айтуынша, қазақстандық нарықта сатылатын жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 90%-ы - шетелден импортталған тауарлар [2] . Осындай жағдайда, көптеген тоқыма өнімдердің мен азық-түліктердің бағалары жыл сайын күрт жоғарылып, олардың қолжетімділігі төмендеу мүмкін. Азаматтар да сапалы әрі арзан отандық өнімдерді сатып алудың орнына, шетелдік тауарларды тұтынуға мәжбүр болады.
Осы себептерге байланысты, қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің даму әлеуетін қарастырып, оны іске асырудың ұтымды жолдарын ойластыру қажет.
Зерттеу мақсаты
Зерттеу мақсаты - Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласының даму мүмкіндіктерін анықтау және саланың табысты болашағын шектейтін мәселелерді зерттеу.
Зерттеу міндеттері
- Қазақстандық жеңіл өнеркәсіп саласында жасалған жетістіктерді анықтау;
- Отандық кәсіпорындар арқылы импорт алмастыру стратегиясын жүзеге асыруға кедергі келтіретін мәселелерді анықтау;
- Жеңіл өнеркәсіпті мемлекеттік деңгейде қолдайтын шаралардың тиімділігіне баға беру;
- Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласының болашағын қамтамасыз етуге көмектесе алатын шараларды ұсыну;
Зерттеу сұрақтары
- Қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің даму перспективалары қандай?
- Отандық жеңіл өнеркәсіптің даму қарқыны қандай мәселелермен шектеледі?
- Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласына көрсетілетін мемлекеттік көмек қандай пайданы әкелуде?
Қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің мәселелері
Жеңіл өнеркәсіп Ассоциациясының президенті, Любовь Худованың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда мыңға жуық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр, және олардың 60% - киім өңдеуіне мамандандырылған. Алайда, осы салада қызмет ететін мамандардың саны 200 мың адамнан 13 мыңға дейін төмендеп жатыр. Жеңіл өнеркәсіптің дамымағанына байланысты жұмысшылар жалақысының деңгейі төмендеп, еңбек шарттары оларды қанағаттандырмайды. [3]
2020 жылы 4 наурызда Қазақстан сенатында жеңіл өнеркәсіптің қазіргі жағдайы мен әлеуеті туралы парламенттық отырыстар өткізілді. Осы шараның нәтижелері бойынша, отандық жеңіл өнеркәсіптің өнімділігіне жағымсыз әсер тигізетін факторлар талқыланған. Ең алдымен, саладағы өндірістің қымбаттылығы жеңіл өнеркәсіптің тиімділігін шектеп жатыр. Отандық кәсіпорындар, арзан еңбек күшін пайдаланатын және қазіргі техникалық жабдықтауды тиімді меңгере алатын, азиаттық өндірушілермен бәсекелесуге мәжбүр болады. Сол себептен, Қазақстандық өнімдердің бағалары жоғарырақ болып, шағын көлемде шығарылады. [4]
Қазақстанда қолданылатын техникалық жабдықтаудың басым көбісі қатты ескірген және отандық кәсіпорындарда техникалық құралдардың жаңарту коэффициенті 3-4% құрастырып, тек несиелік қаржы немесе кәсіпорындардың жеке бюджеті арқылы жүзеге асырылады. Шетел зауыттармен салыстырғанда, мемлекет жағынан тиімді инвестициялық қолдаудың арқасында, осы көрсеткіш 15-17% қалыптастыру тиіс. [4]
“Семирамида” тігін фирмасының директоры, Наталья Ашхабаеваның мәліметтері бойынша, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің мемлекеттік қаржыландырылуы жеткіліксіз және салық төлеу шарттары да ыңғайсыз болады. Маманның айтуынша, қазақстандық кәсіпорындардың өз табысының 20% көлемінде корпоративтік салықты төлеуге мәжбүрленуі халықаралық қазыналық саясатшылардың наразылығын шақырады. Сонымен қатар, Ұлттық банк жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына 9. 5% көлемінде мөлшерлемемен несиелер береді. [5] Осындай қатаң шарттар қазақстандық өнімдердің өзіндік бағасын қатты арттырып, азаматтардың сатып алу қабілеттілігіне жағымсыз әсер тигізеді. Сол себептен, қазақстандық өнмідердің сұранысы да нашарлап кетеді.
ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар Ассоциациясының президенті, Любовь Худова шетелдік өнімдердің жоғары бәсекеге жарамдылығын, осы елдерде жасалатын тиімді мемлекеттік қолдау саясатымен байланыстырады. Мысалы, Қырғызстан үкіметі жеңіл өнеркәсіпті салықтық шығындардан толығымен босатқан, ал Ресей осы төлемдерді нөлдеген. Соның арқасында, әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, шетел фирмалар өз өнімдерінің бағаларын бұрынғы деңгейде сақтай алады. Ал Қазақстан өндірушілеріне бағалардың тұрақтылығын сақтауға қиын болу мүмкін, себебі девальвацияға байланысты, шетелден импортталатын шикізаттың бағасы арттырылып жатыр. [5] Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде шикізаттың жетіспеушілігі де айқын көрінеді. Дариға Назарбаеваның мәліметтері бойынша, қазақстандық өнімдердің бағасында шикізат бағасының үлесі 60% құрастырғандықтан, отандық тауарлар қымбат болады. [6]
Сонымен қатар, отандық тауарлардың өткізіміне байланысты қиыншылықтар бар. Қазақстан нарығында шағын кәсіпорындардың сатылымдары жоғарырақ болады және барлық бөлшек саудада 72. 7% көлемінде үлесті құрастырады. Жеңіл өнеркәсіптің өнімдері кең желілерді қалыптастырмайтын дара брендтік дүкендерде сатылады. Сонымен қатар, өндірушілер көптеген шағын жүзеге асырушылармен келісуге мәжбүр болады, сондықтан өндірушілердің жарнамалауға, маркетинг және басқа да заттарға шығындары арттырылады. [5]
Осылайша, қазақстандық жеңіл өнеркәсіп көптеген мәселелерге тап болады және шикізат импорты мен басқа да шығындарға байланысты отандық өнімдердің қымбаттылығы жоғарылады.
Отандық жеңіл өнеркәсіптің дамуына мақсатталған шаралардың тиімділігі
2019 жылы жеңіл өнеркәсіп экспортының көлемі өсіп кеткен. Тоқыма өнімдерінің экспорттық жеткізілімдері 21. 5%-ға жеткізілді және киім өндіруінде 12% құрастырды. Сонымен қатар, 2019 жылы экспорттың негізгі өнімдерінің қатарына мақта талшығы, тоқыма материалдар және төсек-орын жабдығы кірді. Мақта талшығының экспорты, негізінен, Қытай, Молдова және Латвияға жасалады, ал төсек-орын жабдықтауы Ресейге жеткізіледі. [6]
Сауда мен интеграция Министрлігінің деректері бойынша, бүгінгі күні негізгі экспорттық нарықтарға Қытай (39. 4%), Ресей (37. 4%), Қырғызстан (5. 2%), Италия (4. 8%), Литва (4. 4%) және Өзбекстан (1. 5%) жатады. Сонымен қатар, келесі тауарлардың экспорты арттырылып жатыр: қаптар мен пакеттері 98%-ға, аяқ-киімнің 4. 9 есе арттырылды және шұлық-ұйық бұйымдардың өсуі 44. 5% өсті.
Сонымен қатар, мемлекет үкіметі қызметтік қолдауына қосымша қаржы бөліп жатыр. Осылайша, 2019 жылы 16 жеңіл өнеркәсіптік кәсіпорындарға материалды көмек көрсетілді: сауда тапсырыстарына, көрмелер мен форумдарға қатысуына байланысты пайда болған шығындар қайтарылды. [6]
Мемлекеттік шаралардың шеңберінде әсіпорындардың жарнамалау, қоймалардың жалдауы мен сертификаттауға бөлінген шығындар мемлекет тарапынан төленіп жатыр. Өндірілетін тауарларды экспортқа беретін қазақстандық компаниялардың шығындарының 50% Сауда мен интеграция Министрлігі арқылы қайтарылады. Осындай механизм арқылы қазақстанды экспорттаушылар өнімдердің өзіндік құнын 10%-ға дейін төмендетуге және экспорттық географияны кеңейтуге көмектеседі. 2020 жылдан бастап, ҚР СИМ және QazTrade компаниясы экспорттық жетілуді басталады. Осы бағдарлама қазақстандық өнімдерді шетелдік нарықтарға жеткізеді. Бағдарламаның мақсатты тобына азық-түлік және жеңіл өнеркәсіптік кәсіпорындары кіргізілген. [6]
Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіпке белсенді қолдау көрсетіліп жатыр. “Бизнестің жол картасы - 2020” бағдарламасының шеңберінде, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты арттырылып жатыр және ішкі нарығында да осы өнімдерге сұраныстың көтерілуіне мақсатталған шаралар өткізіледі. [6]
Осы мәліметтер бойынша, жеңіл өнеркәсіптің дамуын көздейтін шаралар, көбінесе, отандық өнімдердің сыртқы нарыққа жеткізілуін қамтамасыз етеді. Алайда, қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін кешендік шараларды ойластыру қажет, яғни олар тек экспорттық дамуды емес, базалық мәселелерді шешу тиіс. Олардың қатарында: жеңіл өнеркәсіп үшін шикізаттың қымбаттылығы және отандық тауарларға жергілікті сұраныстың төмендігі. Осы жетілмегендіктердің реттелуі жеңіл өнеркәсіптің өркендеуіне ең үлкен импульс бере алады.
Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің даму әлеуеті
Инвестициялар және даму министрі, Әсет Ишекеевтің мәліметтеріне жүгінсек, 2008-2014 жылдар аралығында, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өнімдер өндірісін 2. 4 есе арттыра алған. Министрдің айтуынша, бұл жеңіл өнеркәсіп дамуының төмен қарқынын көрсетеді, себебі мемлекет 2 миллиард долларға жеңіл өнеркәсіптің түрлі тауарларын импортталып жатыр. Осы сектордың экономика құрамындағы үлесі тек 1% құрастырады. Алайда осы саланың жоғары әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы бар, өйткені ол әйелдер арасындағы жұмыссыздықты төмендете алады. Жеңіл өнеркәсіптің кәсіпорындарындағы қызметкерлер құрамының 80% - әйелдер. [7]
Көпшіліктің пікірі бойынша, Қазақстандағы жеңіл өнеркәсібі мүлдем дамымайды және барлық азық-түліктік, тігін және басқа да тауарлары шетелден импортталады. Әсет Ишекеевтің осы пікірмен келіспейді. Мысалы, 14-16 жыл бұрын Қазақстанда 60 мың тонна тері өндірілсе, оның 10-15% өңделген және қалған бөлігі Қытай және басқа да мемлекеттерге экспортталды. Алайда, Алматы былғары зауытының, Тараз және Семей зауыттарының жаңғырылуынан және жөнделуінен кейін 60 мың тонна терінің 85% Қазақстан аумағында өңделуге бастады. Сонымен қатар, министр мақта өндірісін мысалға келтірді. Оңтүстік-Қазақстан облысындағы өңдеуші кластердің аясында мақта талшығының 70%-нан иірімжіп жасалады және оның 50%-нан маталар және дайын өнімдер өндіріледі. [7]
Осы мәліметтер бойынша, қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің жетілдірілуі өте баяу жүргізіледі, бірақ оның сапалық өзгерілуін байқауға болады, өйткені дайын өнімдердің және өңделген шикізаттың көлемі арттырылып жатыр. Бұл кәсіпорындардың үлкен қуаттылығын көрсетеді. Егер барлық зауыттардың технологиялық жабдықтауы толығымен жаңартылса, оның қуаттылығы да көтерілу тиіс және дайын өнімдер өндірісі жақсара алады. Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің эксопрттық әлеуеті өте жоғары және қазіргі таңда оның одан да қатты арттырылуына үлкен назар аударылады. Алайда, қазақстандық нарықта отандық жеңіл өнеркәсіптің позициясы әлсіз болып сақталады, себебі шетелдік өнімдерге жоғары сұраныс бар. Киім өндірісіндегі импорттық жеткізілімдердің үлесі 34% құрастырса, тоқымалық өндірісте - 13% және тері мен тері бұйымдарының сегментінде - 35% тең болып тұрады. [8] Бұл қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің әлеуетін қатты шектейді.
III НЕГІЗГІ БӨЛІМ В (Зерттеу әдістері)Әлеуметтік сауалнама
Әлеуметтік сауалнама арқылы Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің мүмкіндіктерін және азаматтардың отандық өндірушілерге көзқарасын анықтауға болады. Сонымен қатар, осы зерттеу әдісі отандық өнімдердің қаншалықты сұраныста болады екенін болжамдауға болады, өйткені сауалнамада қазақстандық өнімдердің сапасы сұранады. Нәтижелердің шынайылығын жоғары дәрежеге жеткізу үшін 100 адамдардың пікірін қарастырдым.
1 диаграмма - Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің даму деңгейі.
Бірінші диаграмма бойынша Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің даму деңгейіне баға беруге болады. Респонденттердің басым көбісі өте жағымды бағаларды қойды - 82% осы деңгейді “4”-ке бағалады. Мұндай жауаптар кең таралған қазақстандық азық-түліктермен түсіндіруге болады. Алайда, респонденттер жеңіл өнеркәсіптің нақты жағдайы туралы жеткілікті дәрежеде хабардар болмау мүмкін.
2 диаграмма - Отандық жеңіл өнеркәсіптің ең басты мәселесі.
Екінші диаграмма отандық жеңіл өнеркәсіптің ең басты мәселесін көрсетіп жатыр. Респонденттердің 46% шикізат жетіспеушілігін байқады, өйткені көптеген өнімдер шет елдерден импортталады. 38% сөздерінше, мемлекет жағынан осы салаға жеткіліксіз қаржы салынады. Расында да, мемлекеттік бюджет, көбінесе, мұнай өндірісіне мақсатталған жобаларды қаржыландырып жатыр, ал жеңіл өнеркәсіп дамымаған сектор болғандықтан, жеке кәсіпкерлер осы салада өз ісін бастауға қорқады. Тұрақсыз экономикалық шарттарда жаңа секторды қаржыландыруға қауіпті болу мүмкін, себебі егер бизнес жобалары жүзеге асырылмаса көп қаржы босқа шығарылып кету мүмкін. 16% пікіріне сүйене келсек, қазақстандық нарықта отандық өндірушілерінің тауарлары өте баяу өткізілуде және де тұтынушылар арасында төмен сұранысқа ие болады. Кейбір қазақстандық тауарлар, әсіресе, тоқыма өнімдері тым қымбат болып, көп уақыт бойы сатылмайды.
3 диаграмма - Ең сұранысты қазақстандық өнімдер.
Үшінші диаграммаға сүйеніп, ең жоғары сұраныста болатын қазақстандық өнімдерді көруге болады. Респонденттердің 61% азық-түліктерді таңдаған, өйткені Қазақстан ауылдарында көптеген адамдар ауыл-шаруашылықпен айналысып, мал бағады және егін егуімен айналысады. Сосын қалаға келіп, өз өнімдерін сатады. Мұндай азық-түліктер аса жоғары сапаға және биологиялық пайдаға ие болады, адамдардың ағзасына жағымды әсер тигізеді және кейбір ауруларды алдын алуға көмектеседі. Азаматтар консервантсыз өнімдерді өте жақсы көреді деп ойлаймын. 31% айтуынша, ең жоғары сатылымдар киім мен маталар секторында жасалады. Қазақстандық дизайнерлердің киімдері өте қымбатты болғандықтан, нарықта аса жақсы сатылмайды. 8% машинаға арналған құрылғыштарды белгілеген.
4 диаграмма - Жеңіл өнеркәсіптің дайын өнімдеріне бағаны түсіру жолдары.
Төртінші диаграмма жеңіл өнеркәсіптің дайын өнімдеріне бағаны түсіру жолдарын көрсетіп жатыр. Респонденттердің 48% аграрлық секторды дамытып, шикізатты елдің ішінде өндіру керек деп ойлайды. Бұл отандық өнімдердің бағасын төмендетуге көмектесу тиіс, себебі шикізатты тасымалдауға қаржыны шығаруға керек болмайды. 35% сөздерінше өндірушілерді салықтардан босату керек және олардың кредиттік мөлшерлемелерін төмендету қажеттілігін белгілеген. Соның арқасында жеке кәсіпкерлер өз ісін қарыссыз жалғастырып, оны тезірек дамыта алады. Қазақстандық дайын өнімдерге жергілікті сұранысты күшейту үшін креативті жарнамаларды ойластыру қажет деп айтқан респонденттердің саны 17% құрастырған. Креативті жарнамалар тауарды жылжытуында басты рөл ойнап тұрады, себебі оның күшті жақтарының көрсетілу жолы тұтынушыға әсер тигізеді, оның өнімді алуға ынтасын арттырады.
5 диаграмма - Жеңіл өнеркәсіптің әлеуеті.
Бесінші диаграмма жеңіл өнеркәсіптің әлеуетін көрсетіп жатыр. Респонденттердің 61% қазақ ұлттық мәдениеттің байлығы жеңіл өнеркәсіп үшін бірегей жарнаманы жасауға көмектеседі деп ойлайды. Расында да, Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса бай тарихына ие болады, сондықтан қазақ халқының ежелгі тұрмыс-салтын көрсетіп, шетелдік тұтынушыларға және де азаматтарға да өнімдерді кеңірек танытуға болады. 28% сөздерінше, Қазақстанда азық-түліктік өнеркәсіпті дамыту үшін барлық шарттар бар, яғни кең егістіктер,
6 диаграмма - Қазақстандық өнімдерге болашақ сұраныс.
Алтыншы диаграмманы пайдалана отырып, қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің өнімдеріне сұранысты болжамдауға болады. Респонденттердің 95% егер отандық тауарлардың сапасы мен бағасының ара қатынасы тең болса, қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсетеді. Демек, Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі расында да ұлттық ЖІӨ-ні жоғарылата алады.
Сұхбат
Сұхбат қосымша зерттеу әдісі ретінде НЗМ мектебінде экономика пәнінің мұғалімімен өткізілді.
- Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі әлеуетті сала ма? Неге?
- Әрине, жеңіл өнеркәсіптің үлкен әлеуеті бар, өйткені мемлекетте ауыл шаруашылықпен белсенді айналысатын ауыл тұрғындары бар. Егін егіп, мал бағып, олар өз табысын тауып жүреді, сондықтан жеңіл өнеркәсіптің дайын өнімдерінің үлесін жоғарылатуға болады. Менің ойымша, Қазақстанда азық-түліктік өнеркәсіп өте жылдам дами алады, себебі көптеген адамдар қазақстандық өнімдерді қатты ұнатады.
- Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі не себептен дамымай жатыр?
- Менің ойымша, ауыл шаруашылықтардың дайын өнімдеріне жақсы жарнама жасалмайды. Мысалы, ауылдан келетін азық-түліктер өндірушілері өз өнімдерінің брендін құрастырмайды, сондықтан олардың тауарды қоғамға таныту жүйесі жоқ. Бұл оларға сатылымдардың көлемін кеңейтуге мүмкіндік бермейді және де олардың тұтынушылар аудиториясын қатты шектейді. Сонымен қатар, олар барлық өнімдерді үйде, қосымша жабдықтар мен жұмысшыларсыз, өз күшімен дайындайды. Бұл да сатылымдарға теріс әсер тигізіп жатыр.
- Қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің дамуында үкіметтің қандай рөлі бар?
- Үкімет жеңіл өнеркәсіпке қолдау көрсету үшін осы сектордағы барлық жеке кәсіпкерлерді, кемінде, 5 жылға салықтардан босату тиіс. Бұл жас өнеркәсіптерге тез дамуға және өзін-өзі қаржымен қамтамасыздандыруға жол береді.
Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіптің дамуы Қазақстан экономикасының алдындағы басты бағытына айналып жатыр, өйткені жылдам өзгерген экономикалық шарттар ауыр өнеркәсіпке және мұнай өндірісіне тәуелділіктен бас тартуды талап етеді. Респонденттердің айтуынша, Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп жоғары даму көрсеткіштерін көрсетіп жатыр, бірақ әдебиет көздеріне және сұхбатқа жүгінсек, осы салада көптеген мәселелер бар. Респонденттер мұндай қорытындыға, дүкендердегі қазақстандық азық-түліктердің алуандығына және түрлі дизайнерлік дүкендердің үлкен санына қарап, келген шығар. Алайда, әдебиет көздерінің арқасында жеңіл өнеркәсіптің инфрақұрылымындағы және басқа да ұйымдастырушы сұрақтарындағы жетілмегендіктер табылды. Ең алдымен шикізат жетіспеушілігі жеңіл өнеркәсіптің өндірісіне кедергі келтіреді, себебі барлық керек заттар шетелден экспортталып, отандық өнімдердің бағаларын қатты жоғарылатады. Сонымен қатар, өндіріс қарқыны қатты төмендеп кетеді, өйткені өндірушілер көп уақыт бойы шикізатты күтуге мәжбүр қалады. Одан басқа, мемлекеттік органдар жеңіл өнеркәсіптің дамуын ынталандыратын шаралар жеткіліксіз көлемде қаржыландырылып жатыр. Нәтижеде, өндірушілер қарыздарды, салықтарды төлей алмайын өз ісін тоқтатуға мәжбүрленеді. Отандық тауарлардың жоғары бағалары қазақстандық нарықта тауарлардың төмен өткізіліміне әкеледі, өйткені тұтынушылардың сатып алу қабілеті отандық өнімдердің бағаларынан төменірек болып тұрады. Сол себептен, көптеген азаматтар қазақстандық өндірушілерді тіпті сынға да алып жүреді.
Сонымен бірге, маманның сөздеріне сүйене келсек, қазақстандық өндірушілер өз тауарларына сапалы жарнама жасауды білмейді. Әсіресе, азық-түліктерді сататын азаматтар тиімді жарнамалаудың әдістерін білмейді. Сол себептен, олардың тауар айналымы өте төмен және де оларға өте шағын табысты әкеледі. Нәтижеде, ауыл-шаруашылықпен айналысатын адамдар дайын өнімдерді шығаратын зауыттарды құра алмайды. Мұның барлығы отандық жеңіл өнеркәсіптің қарқынын баяулатады.
Басқа жағынан қарағанда, қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің жоғары даму әлеуеті бар, өйткені ауыл-шаруашылықтардың еңбекқорлығы және қазақстандық азық-түліктердің сапасы соған мүмкіндік береді. Респонденттердің пікірі бойынша, қазақстандық азық-түліктік өнімдер аса жоғары бәсекеге қабілеттілікке ие болып тұр, себебі олардың дәмі, сапасы мен бағасы оны жоғарылатады. Одан басқа, ауылдарда тұратын азаматтардың барлығы мал бағумен айналысып, дайын сүт өнімдерін қала тұрғындарына сатады. Осы тауарлардың тиімді табиғи қасиеттері адамдардың ағзасына жағымды әсер тигізіп, иммунитетті жоғарылатады. Сол себептен, жеңіл өнеркәсіпті дамытқанда, азық-түліктердің өндірісіне көбірек назар аудару керек.
Одан басқа, халықаралық нарықта қазақстандық киімдер де жоғары сұранысқа ие бола алады, өйткені шетелдік сатып алушыларды еліміздің бірегей тарихы қатты қызықтырады, ал киімдердегі өрнектер арқылы ұлттық тарихын басқа халықтарға танытуға болады.
Осындай жағдайда жеңіл өнеркәсіпті дамыту және отандық тауарларға бағаны түсіру үшін аграрлық секторды дамытуға ұсынылды. Оның арқасында барлық шикізатты Қазақстанда өңдеуге болады. Мысалы, нан үшін бидайды Қазақстан аумағында өсіріп, импортталатын нан мен ұнның көлемін қысқартуға болады. Одан басқа, мақтаны өсіретін егістіктерді көбейту керек, өйткені соның арқасында отандық киім өндірушілері арзанырақ бағалар үшін киімді тіге алады. Сонымен қатар, Қазақстанның өндірушілері өз тауарларын халықаралық нарыққа жеткізгенде, жарнамалауды да жақсы ойластыру тиіс, себебі бұл өнімдер жылжытудың басты қозғалтқышы болып табылады. Ал Қазақстанның бірегей тарихы отандық жарнамалаудың тиімділігін жоғарылатуға көмектеседі.
Респонденттер және сұхбатқа қатысқан маман қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің сәтті болашағына сеніп тұр. Олардың айтуынша, дайын өнімдер отандық нарықта өте жылдам тарала бастайды және де жоғары сұранысқа бола алады. Әрине, осы мақсатқа жету үшін тауарлардың баға мен сапасының ара қатынасын жоғарылатып, тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігіне қарай жасау керек.
V НЕГІЗГІ БӨЛІМ D (Бағалау)Қазақстан жеңігл өнеркәсіпті дамыту мүмкіндіктерін анықтау үшін қазіргі жағдайға баға беру керек. Оны SWOT талдау кестесу арқылы жасауға болады.
SWOT бағалау кестесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz