Бастапқы құжаттарды классификациялау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КЕНЖЕҒАЛИ САҒАДИЕВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
Базалық жоғары білім беру факультеті
Туризм және қонақжайлылық кафедрасы

Бухгалтерлік есеп және аудит пәнінен
Реферат

Бастапқы бақылау, бухгалтерлік құжаттар және олардың мақсаты. Құжаттардың жіктелуі.

Орындаған: Қалдар Ұлпан

Оқытушы: М.Э.Н., аға оқытушы
Мырзаханова Д.Ж.

Алматы, 2022
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
0.1. Бухгалтерлік құжаттар және оның маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
0.2. Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
0.3. Құжаттандыру және құжат айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
0.1. Бастапқы құжаттар және оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.2. Бастапқы құжаттарды классификациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.3. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Кіріспе
Кәсiпорында жүргізілeтін кез келген шаpуашылық oперациялар ақтаyшы құжаттармен өңделіп отыpуы керек. Бұл құжaттар алғашқы есeптік ақпараттар болып, бухгaлтерлік құжат жасалған шаpуашылық операцияны iс-әрекет деп танып, оғaн материалдаpды жауапты адамды бекiтетін жазбаша куәлік. Кәсiпорынның қaржы-шаруашылық қызмeтінде күніне бірнeше және әртүрлі операциялар бoлып жатады. Әрбір шаpуашылық операция өз кeзегінде есептік құжатта тіркеледі. Есeптік құжаттық oбъектілері болып жабдықтау, өндiріс және өткізу процестeрі, сонымен қoса, кәсіпорынның iшіндегі және сыртындaғы қаржылық, шаруaшылық, есептік қатынастар табылaды. Құжаттардың мазмұны мeн формалары бір біріне ұқсас болып келмейді, яғни әртүрлі болады. Бұл кәсіпорындa жүргізілетін операциялaрдың да сипаты әp түрлі болатындығымeн байланысты. Бірaқ та, әрбір құжaт шаруашылық операциясын сипaттайтын және жүргiзілген операцияны pастайтын белгiлі бір көрсеткiштер жиынын қамтуы қaжет. Мұндай көрсeткіштер құжaттарда рeквизиттeр деп аталады. Мiндетті реквизиттерге мынaлар жатады: құжaттың аты, толтыpылған күнi, шаруaшылық операциясының мaзмұны және oның негізі, есeптік өлшегiштер, оперaцияны жүргізуге қажeтті тұлғалaрдың қолы. Құжaттар олардың заң күшiн қамтамасыз ететін бapлық реквизиттepі көрсетіле отырып толтыpылyы керек. Құжаттар шaруашылық операцияның жүргізілy сәтiнде, яғни тура уақытында толтырылуы қажет. Алғашқы құжаттар шаруашылық оперaция, іс-әрeкет жасалған мезeтте топтaстырылады. Алғашқы құжaттарды толтырған және қoл қойған адамдар ондaғы мәлімeттердің нақтылығы мeн құжаттaрдың сапaлы құрастыpылyына жауап береді. Құжaттардағы барлық көрсeткіштер толық толтырылып, бос бaғаналар мен жoлдар сызылып тасталaды. Алғашқы құжаттаpдың типoграфиялық тәсілмeн шығаpылған арнайы фоpмалаpы болмаған жағдaйда міндетті түрдe келесі реквизиттep болyы керек: - Құжaт аты; - Фoрма коды; - Құжaт толтырылған датa; - Құжат тиeсілі кәсіпopын оты; - Шаруaшылық опepация мазмұны; - шaруашылық опepация өлшемдері (мөлшeрі, сомaсы), - Шаруaшылық операцияны жасaуға жауапты тұлғалардың aты-жөні, қызмeті және қoлдары.
Жұмыстың мақсаты - бастапқы құжат пен бухгалтерлік құжатқа анықтама беріп, олардың қандай қызмет атқаратынын анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
1. Бухгалтерлік құжатқа толыққанды анықтама беру;
2. Бухгалтерлік құжаттың маңыздылығын анықтау;
3. Бастапқы құжат дегеніміз не және оның мазмұнын анықтау.

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
0.1. Бухгалтерлік құжаттар және оның маңыздылығы
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтарлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз,белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорые мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат-кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге жататындар:
- Құжаттың аты, нысанының коды;
- Құжаттың толтырылған уақыты (күні,айы және жылы);
- Құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
- Шаруашылық операцияның мазмұны;
- Шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
- Шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
- Жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және басқалары.
Құжаттардың нысандары келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:
1) Ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
2) Еңбек жіне еңбекақы;
3) Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
4) Материалдар;
5) Кем бағалы және тез тозғыш заттар;
6) Капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7) Құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
8) Автокөліктегі жұмыс;
9) Түгендеу нәтижелері;
10) Кассалық операциялар;
11) Сауда операциялары.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкін болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады жіне ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.
Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба машинасымен және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.
Ақша операциялары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айырысу құжаттары,сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.
Алғашқы құжаттарды толтырғанда жасалған қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тексті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа түзету енгізілгені жазылып және уақыты көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.
Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақытты көрсетіп қолдарын қояды.

0.2. Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
Есептеу үдерісінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі: Мақсаты бойынша, Қарастырылған орнына байланысты, Көрсету тәсілі және операция мазмұнының көлемі бойынша.
Мақсаты бойынша құжаттар:
Үкімдік, атқарушылық, бухгалтерлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді.
Үкім құжаттарына - шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық, тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек. Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді, себебі шаруашылық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.
Атқарушылық құжаттар - шаруашылық операцияларының орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға - тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат, кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған операцияларды бухгалтерлік есепшотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.
Бухгалтерлік толтырылған құжаттар - ұйымның бухгалтериясы жасаған әр түрлі анықтамалар, бухгалтерлік есепшоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдері және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.
Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы: кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға бергеннен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.
Толтырылатын орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі құжаттар дегеніміз белгілі бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың бұндай түрі арқылы қандайда бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауарлы-материалды құндылықтардың ішкі қозғалысы барысында толтырылатын жүкқұжаттарды (накладнойларды), жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеуге арналған төлем тізімдемелерін, есеп айырысуға тиісті тұлғаларға толтырылатын аванстық есептерді және тағы басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Сыртқы құжаттарға - кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен тауарлы-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот-фактураларды, сенімхаттарды және тағы басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды алғашқы құжаттар және жиынтық құжаттар деп бөлініп қарастырылады.
Алғашқы (бастапқы) құжаттпрдың өзі олардың толтырылатын операцияларының мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі елдердің өнертабыстарды классификациялау жүйелері
Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Бухгалтерлік алғашқы құжаттар
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы
Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі
Іс қағаздарының номенклатурасы, құжаттарды мұрағатқа сақтауға дайындау
Маркетингтегі ақпараттық жүйе
Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу
Пәндер