Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3
1
Тәуелсіз қазақстан Рсепубликасы әлемдік қаумдастықта
7
1.1
Әлемдік қауымдастықта Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтары Әлем. ХХІ ғасыр манифесінің негізгі қағидалары

1.2
Қазақстанның шет елдермен өзара ықпалдастық және тең құқықтық қатынастар құру саясат және әлемдік қаумдастықтағы мемлекет аралық қатынастар мен ұйымдар

15
2
Қазақстан депламатиясының қалыптасуы
23
2.1
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздері

2.2
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің негізгі органдары

26

ҚОРЫТЫНДЫ

32

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
34

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:

Пайдаланылған әдебиеттер тізіміҚазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқылы қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор.Бiз бүгінгі таңда еліміздің дамуының аса маңызды тарихи кезеңiне куә болып отырмыз. Тәуелсiздік алған сәттен бастап елiмiз өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан еңсесiн түсiрмей, өзiндiк жол тауып шыға бiлдi. Жиырма жыл ішінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді. Барлық салада толағай табыстарға жеттік. Қоғам дамуында реформалар жүрiп жатқан кезеңде білім беру жүйесi де сырт қалған жоқ. Конституциялық реформалар барысында білім беру саласын жетiлдiруге аса мән берiлдi. Оң өзгерістер білім беру жүйесінде де молынан орын алды. Осы уақыт ішінде білім беру жүйесінде кең ауқымда жүргізілген реформалар қазіргі қазақстандық жоғары мектепті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайып, студенттерді әлеуметтік қолдау жақсарды. Білім саласының қызметкерлері Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдай отырып, еліміздің одан әрі де даму жолымен өсіп, өркендей беретіндігіне зор сеніммен қарайды. Тарихымызға тереңірек үңіліп қарасақ, тәуелсіздік алып, өркениеттің сара жолына түскелі көп уақыт бола қойған жоқ. Бірақ осы уақыттың ішінде біз Қазақстанды табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таңдаған мемлекет екенін әлемдік қауымдастыққа танытып қана қоймай, оның беделінің жылдан-жылға артып келе жатқанын байқап отырмыз. Ал өркениеттің мұндай сатысына жету ата-бабамыздың тарихи өмірінде бұрын-соңды болмаған жаңа кезең, жаңа қоғам деуге толық негіз бар.Бүгін еліміз 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсіби дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде 3 мыңнан астам әртүрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси дамуы кезеңіндегі Қазақстан тарихы болып табылады.Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандық қоғамды жаңартудың демократиялық негіздерін белгілі ғалымдар Ә.Н. Нысанбаев, А.Қ. Бижанов зерттеген. Сондай-ақ, қоғамды демократияландырудағы саяси жаңарту үрдісінің саяси маңыздылығын және кейбір қырлары отандық ғалымдарымыз Г.Н. Иренов, Е.К. Әлияров еңбектерінде де көрініс тапқан. Саяси жаңарудың этносаяси аспектілерін кешенді зерттеуге Р.Б. Абсаттаровтың зерттеулері үлкен үлес қосты.Аталған мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар Л.А.Байдильдинов, А.С.Балғымбаев, М.А.Биекенов, К.Н.Бурханов, С.М. Борбасов, Ж.Х.Жүнісова, Р.К.Қадыржанов, М.С.Машан, Н.В.Романова, Т.С.Сарсенбаев, М.Б.Татимов, Г.Р. Нұрымбетова, Т.Қ. Әуелғазина, С.Ш. Мұсатаев, Ж.Р. Жабина және тағы басқалар трансформациялаудың үдерістің логикасын, Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму ерекшелігін, қоғамдық өмірдің басқарушы звеносын реформалау тетіктерін жүйелеген. Жоғарыдағы аталған еңбектер өзгермелі қоғамдығы мәнді ғылыми зерттеулер болып саналады. Бірақ та осы еңбектерде Қазақстан Республикасының демократиялық модернизациялау үрдісінің динамикасына арналған арнаулы зерттеулер жоқ. Бұл мәселені кешенді зерттеу тарих ғылымы үшін зәрулік болып табылады.Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың мақсаты Қазақстан Республикасындағы сыртқы саясатының даму тарихына талдау жасау.Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай зерттеу міндеттері алға қойылды: - Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, ынтымақтастықты дамыту функциясына талдау жүргізу; - Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен келешегін сараптау; - Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері мәні мен мазмұнын бағалау; - Қазақстанның өзара ықпалдастық және тең құқықтық қатынастар құру саясаты талдау жасау; - Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүру бағыттар мен ерекшеліктерін зерттеу; - Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу;Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының дерек көздерін ҚР конститутциясы, заң актілері, статистикалық материалдар президент жарлықтары мен дипломатиялық құжаттар құрайды.Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер пайдаланды. Соның қатарында ресей және еліміздің құқық саласындағы ғалымдардың еңбектері пайдаланды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдаулары және өзге де нормативтік-құқықтық актілер пайдаланды.Зерттеу жұмысының мерзімдік және аумақтық шегі. Зерттеу жұмысында 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының территориясы қарастырылған.Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Тәуелсіздік тарихындағы сыртқы саясаттың жетістіктері мен келешегін сараптау жаңалық болып табылады.Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысы семинар сабақтар мен студенттің өзіндік жұмыстарына қолданылуы мүмкін.Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесінде келесі тұжырымдар шығарылды::: Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы мен еліміздің ынтымақтастықты дамыту функциясына талдау жүргізу арқылы еліміздің көшбасшылық бейнесі ашылды;:: Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен келешегін сараптау нәтижесінде Отанымыздың жасампаздық бейнесі айшықталды;:: Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері мәні мен мазмұнын бағалау нәтижесінде еліміздің бейбіт саясат ұсьтанудағы ролі мен орны анықталды;:: Қазақстанның шет елдермен өзара ықпалдастық және тең құқықтық қатынастар құру саясаты талдау жасау арқылы әлемдік қауымдастықтағы мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүру бағыттар мен ерекшеліктері анықталды;Дипломдық жұмыс кіріспеден, тиісті параграфтарға бөлінген үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы концепциялары 1991ж.,1995ж.,2001., негізгі өзгерітерге ұшырап отырды. Қащіргіі кезде ҚР сыртқы саяатының негізгі міндеттері. Біріншісі, сыртқы және ішкі саясатты жүргізудегі келіспеушіліктерге қарамастан, Ресей Федерациясымен достық және одақтастық қатынастарды сақтау мен нығайту. Қазақстанның ресейлік бағыттағы саясатының мақсаты қазақстан-ресей арасындағы КСРо ыдырағаннан кейінгі қайшылықтарды жою мен алдын алу. Бұл мәселелердің болуына көз жұмып қарамай, екі жақты мүдделерді ескере отырып,оларды шешу. Экономикалық, қаржылық қатынастар, Байқоңыр мен әскери полигондар, Каспий теңізі мәртебесі, оңтүстік бағыттағы мұнай газ құбырларын жүргізу, этникалық диаспоралар, азаматтық мәселелері бұл екі ел арасындағы бұрыннан келе жатқан бейбіт қатынастарға қауіп төндіретін, қайшылықтарға алып келетін мәселелер болмауы керек. Екінші міндет, мемлекеттік тәуелсіздікті, территориялдық бүтіндік пен шекараның беріктілігін күшейту мақсатында ҚР халықаралық және аймақтық жүйелер мен қауіпсіздік құрылымдарына кіруін атап кеткен жөн.Осы тұрғыда ҚР Ұжымдық қауіпсіздік пен ТМДда бейбітшілікті сақтайтын күштерді құру туралы Ташкент Келісімі негізінде келешекте де ТМД мемлекеттерінің әскери саяси интеграциясына қолдау көрсетеді. Үшінші сыртқысаяси концепция, экономикалық дамудың өсуі, құрылымдық қайтажасақтау, нарықтық механизмдер мен инфрақұрылымдар жасау сыртқы саясатты қамтмасыз ететін факторлер деп санауға болады. Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің негізі экономикалық қауіпсіздік, энергетикалық тәуелсіздік, транспорттық коммуникациялар мен байланыстарды түрлендіру. Төртінші сыртқысаяси міндет, ҚРдың географилық көршіліктігі ғана емес, тарихи бауырларымен орта азия елдерімен қатынастарды нығайту мен дамыту.
ҚР сыртқы саясатының маңызды принциптері:
1. Сыртқы саясаттың ішкі саясатпен тығыз өзара байланысы.
2. Егемендік пен мемлекет тәуелсіздігін екіжақты сыйлау.
3. Мемлекеттер теңдігі
4. Мемлекеттік мүддені қорғауда табандылық пен иілгіштік таныту.
5. Сыртқы саясаттың тепе теңдік пен көпбағыттылығы, одақтастар мен серіктестіктері таңдауда оң терісін өлшеу.
6. Тұтастық, қауіпсіздік,
7. Жаһандық, аймақтық, субаймақтыө және ұлттық тұрғыдан әлемдік мәселелер мен қауіпсіздік мәселелерінде тепе теңдікті сақтау.
8. Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде сыртқы саясатын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады.
9. Қазақстан ЕҚЫҰ қатысушысы ретінде, өзінің сыртқы саясатында Хельсинки қорытынды актісінің !ші принципіне сүйенеді.
Сыртқысаяси байланыстардың стратегиясы келесі бағыттарда жүргізілуі керек:
1. ТМД. Ресей,Украинабелоруь, Өзбекстан және достастықтың басқа елдерімен экономикалық одақты күшейту.
Реклама
2. АТА. Пекин-Сеул-Токио арқылы Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен байланыс орнату. Бұл бағытта осы аймақ дамыған технологиялар мен үлкен масштабты инвестициялар , несиелер алуға. Отандық өнімдерді өткізу нарығына айналуы мүмкін.
3. Азиялық нарықтық экономикалық даму үлгісі ретінде Түркиямен ынтымақтастық. Араб шығысы мен Азия елдерімен экономикаға инвестицияларды тарту үшін қатынастарды орнату.
4. Еуропалық. Артықшылыққа ТМДға көп күш жұмаса отырған Германия. ЕЭС мен техникалық көмек пен несиелер мүмкіндігін жасау.
5. Американдық. Басты бағыт АҚШ.

ЕҚЫҰ және Қазақстанның СВМДА идеясы. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салалардағы Қазақстанның мүдделері.
Азақстанның сыртқы саясатындағы артықшылық жүйесінде Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті құру туралы бастаманы іске асыруы үлкен ролді алады. Кеңесті құру туралы ой Президент Н.Назарбаев БҰҰның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында 1992ж. қазанда айтылған болатын. Қазақстан елінің басшысы азиялық құрлықта қауіпсіздікті қаматмасыз ететін құрылымды құру қажеттігің атай көрсетті.
Басынан бастап, АӨСШК құру туралы идеяны құрлықтағы саясатты айқындайтын азия елдерінің бірқатары қолдады. Істі жүргізу барысында СІМ сарапшыларының кездесуі өтті: бірінші кездесу 1993ж. сәуірде (12 қатысушы), екінші кездесу тамыз қыркүйек айларында 1993ж. (28 қатысушы) , үшінші кездесу 1994ж. қазанда (29 қатысушы). Қатысушылар аймақтағы келіспеушіліктер қаіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелеріне қарсы күрес жүргізе алатындығы туралы айтты.
1997ж. 3 желтоқсанда сыртқы істер министрлері орынбасарлары кездесуі өтті. Қатысушылар Кеңестің қорытынды хабарламасын жасады, онда қазақстаннның бастамасы келешекте де орын алатындығы айтылды. Меморанддумға сәйкес, Алматыда тұрақты түрде жұмыс жаайтын Байланыс тобы құрылды, ол Қазақстанның батамасын іске асырылды. Байланыс тоьының міндеті кеңес беру, пікірлермен алмасу, Кеңестің құжаттарын азиялық елдердің және халықаралық ұйымдардың ғылыми орталықтарымен бірге бағалау. 1998ж. Алматыда АӨСШК мәселелері бойынша халықаралық коллоквиум өтті. Оған АӨСШК мүшесі болып табылмайтын 12 елден 24 сарапшы қатысты. Бұл іс шара қазақстандық бастаманы іске асыруда маңызды қадам болды. 1999ж. 14қыркүйекте АӨСШК мүше елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесі өтті. қарсы алу сөзімен Н.Назарбаев кездесуді ашты. Кездесу барысында АӨСШК елдері арасындағы қатынастарды реттейтін қағидалар туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат сегіз бөлімнен тұрады: халықаралық қауіпсіздікті қаматамасыз етудегі негізгі ережелер; егемендікті сыйлау мен мүше мемлекеттер құқықтары; территориялдық тұтастықты сақтау; бір бірінің ішкі аясатына араласпау; келіспеущіліктерді бейбіт түрде шешу; күшті жұмсаудан бас тарту; қарусыздану мен қарулануға бақылау орнату; әлеуметтік, сауда экономикалық салалардағы ынтымақтастық; БҰҰ мен халықаралық құқық қағидаларына сәйкес адам құқықтарын сыйлау. Осылайша, азиялық қауіпсіздіктің заңды негізі қаланды.
2005 ж. 12-14 желтоқсанда Алматыда экономикалық, экологиялық және гуманитарлық өлшеулерде және де қауіптер салаларында енім шараларын жүргізуге арналған бірінші жиналыс болып өтті. жиналыс барысында екі құжат қарастырылды, АӨСШК сенім шараларын жүзеге асыру бойынша кооперативтік тұрғылар және АӨСШК сенім шараларын жүзеге асыру жасау бойынша мүше мемлекеттердің ұсыныстары.ЕҚЫҰ АӨСШК: жоспар бойынша өзара әрекеттесу
2010ж. маусымда еуроазия аймағындағы қауіпсіздік мәселелерін Астанада ЕҚЫҰның сол кезегі төрағасы Қазақстанның сыртқы істер министрі мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев пен Түркияның сыртқы істер министрі, АӨСШК сол кездегі төрағасы Ахмет Давутоглу талқылады. Қырғызстандағы жағдайға тоқталып, осы елге тұрақтылықты қамтамасыз ету жағдайын, әлеуметтік-экономикалық мәселелерде бірлесіп жұмыс ісеуге келісті.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ)(2011 жылдың 28 маусымына дейін - Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ)) 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИҚҰ-ның басшысы - Бас хатшы, ал атқарушы органы - Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір рет 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар. ИЫҰ-ның пайда болуының негізінде діни оқиға жатқанын естен шығармағанымыз абзал. Израильдің сионистік топтары Ислам әліміндегі ең қасиетті саналатын Әл-Акса мешітін өртеп жібергеннен кейін, осындай шектен шыққан оқиғалардың алдын алу үшін Ислам конференциясы ұйымы құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда ұйымның құрамында Ислам даму банкі мен Ислам білім беру ұйымдарының жұмысы жемісті болып тұр. Ал саяси мәселелердің түйінін тарқатуға ұйымның мүмкіндігі болмауда. Ислам елдері конференциясы ұйымының қанат жаюына Батыс елдері мүдделі емес. Мәселен, Мысыр кезінде Араб әлемін айрандай ұйытатын мүмкіндікке ие болды. Өкінішке орай, олар Израильмен соғыста жеңіліп, Израиль мен АҚШ-тың құпия келісімін қабылдауға мәжбүр болғанын бәріміз білеміз. Осыдан кейін Мысыр мен өзге Араб елдері арасында салқындық пайда болғаны белгілі. Бүгінде Араб елдері арасында Израильдің тек Мысырмен ғана дипломатиялық байланысы орнаған. Ұйымның Жарлығы 1972 жылдың 29 ақпан - 4 наурыз аралығында ІІІ Ислам Конференциясында бекітіліп, ратификацияланды. Ол 25 баптан тұрады және БҰҰ-ның 1974 ж. 1 ақпанындағы Жарлығының 102 бабы бойынша тіркелген. Қазақстанның ИҚҰ шеңберіндегі ынтымақтастығы.Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.
ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда (Әзербайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барасында.
Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді.
Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие.
БҰҰ Бас Ассамлеясының 47 сессиясы. Қазақстанның БҰҰ кіруі.
1991жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. 20 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас Хатшысы Бутрос-Галиге арналған хатында Сыртқы Істер министрі Ақмарал Арыстанбекованы осы ұйыммен байланыстар мен ынтымақтастық орнатуға жіберіп отырғанын жазды. Сол жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болып қабылдануы туралы Елбасымыз қол қойған өтініш Бас хатшыға табыс етілді. 1992 жылдың 23 қаңтарында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі өз мәжілісінде Бас Ассамблеяға Қазақстанды бейбітшіл мемлекет ретінде БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды ұсынды.1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46-сессиясы Қазақстанды Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше етіп қабылдады. сөйтіп, біздің еліміздің тәуелсіздігі халықаралық тұрғыдан танылды. Сол жылғы 15 сәуірде Президент Назарбаев өз Жарлығымен А.Арыстанбекованы Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның жанындағы Тұрақты өкілі етіп тағайындады, өкілеттік кұрамы 6 адамнан тұратын еді.Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіргеннен соң басты екі мәселе көтерілді. Біріншіден, біздің еліміздің, ең алдымен, Арал мен Семейдің әлеуметтік экономикалық және экологиялық проблемаларын шешуге қолдау жасау мақсатымен БҰҰ-ның әртүрлі қорлары мен бағдарламаларымен ынтымақтастықты жөнге қою. Екіншіден, Қазақстан БҰҰ-ның әртүрлі органдарының, ең алдымен, Бас Ассамблеясының жұмысына қатысу арқылы саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда халықаралық проблемаларды шешуге өз үлесін қосуға тиісті болды.1992 жылы өткен БҰҰ-ның 46-47 сессияларында Қазақстан Президентінің сыртқы саяси бағдары жарияланды, олардың ішінде қарусыздану, саяси проблемалар, Таяу Шығыстағы жағдай, БҰҰ-ның бейбітшіл қызметі, халықаралық Экономикалық ынтымақтастық есірткі бизнесі және терроризммен күрес, адам құқығы мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бар.Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерін мойындайтынын, оның халықаралықаралық кұкыктық нормаларын қатаң сақтайтынын мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы, әсірссе, Қазақстанның ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүние жүзіндегі бірінші мемлекетке айналғанын және біздін еліміз-дің әлемде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі шешімін жоғары бағалады. 1994 жыддан бастап Бас Ассамблеяның қатарынан үш сессиясы ядролық қарусыздану жөніндегі барлық қарарларында Қазақстанның қосқан үлесін ерекше атап көрсетті. 1996 жылғы қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ның ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі келісіміне қол қойды.Қазақстанның БҰҰ шеңберіндегі жұмысының ең манызды бағыты Қазақстан аумағындағы экологиялық апаттарға байланысты проблемалардың шешілуіне дүниежүзілік қоғамдастық тарапынан көмек алдыру соның ішінде, ен алдымен, бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын жою болып табылады.

Азақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық ынтымақтастық. Екі елдің қарым-қатыынастарының принциптері. Қатынастардың даму кезеңдері, негізгі сипаты, белгілері.
Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғарғы басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылады. Қазақстанның пікірі бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық кооперацияға айналдыруға байланысты.Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7 мың км-ге ұзақтыққа созылатын ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Сондықтан тату көршілік пен тең құқықты ынтымақтастықтан басқа қандай да бір өзге саясат екі мемлекеттің түбірлі мүдделеріне қайшы келеді.Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Астана мен Мәскеудің көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айқындайды. Мұның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды екі жақты қолдауға жәрдемдеседі. Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне - стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді.Отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесіне қатысты бірнеше көзқарастар бар. Біздің көзқарасымызша төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсету орынды секілді:
10. КАЗАКСТАН ЖӘНЕ АМЕРИКА КУРАМА ШТАТТАРЫ
Казакстан Республикасынын сырткы саясатынын калыптасу кезе мынадай мiндеттерді жузеге асырудан басталды: елiмiздi халыкаралык дережеде мойындатып, онын кауiпсiздiгi мен аумактык тутастыгын камтамасыз ету; алемдiк шаруашылык жургiзу мен экономикалык бай- ланыстарга араласу. Бул мiндеттердi жузеге асыру ушiн жас респуб- ликата халыкаралык ыкпалды куштер тарапынан кемек пен колдау кажет болды. Сондыктан да Америка Курама Штаттарымен саяси, кауiпсiздiк және экономикалык катынастарды калыптастыру мен ла- мытуга айрыкша маныз берiлдi. Казакстан мен АҚШ арасындагы катынастарды дамыту максаты екiжакты бiрдей болды. Нәтижесiнде Казакстан тәуелсiздiгiн жария- даганнан кейiн екi жарым айдан сон ашылган бiрiншi шет ел окiлдiгi АКШ елшілігі болды. Тотенше және Өкілетті Елшiлер: Уильям Корт- ни, Элизабет Джоунс, Ричард Джонс екi елдiн арасындагы катынасты ны айтуга айтарлыктай улес косты, казiргi кезде ер осы багытта кызмет етуде.
Америка Курама Штаттарынын президенттерiмен, жетекшi эко- номикалык алыптармен, халыкаралык уйымдармен тiкелей жеке бай- ланыска шыгып, келiссөздер жүргiзуле Казакстан Президенті Нурсул- тан Назарбаевтын енбегi аса зор болды. 1992 жылғы 18 мамырда онын АКШ-ка ресми сапары басталды. Бiрiншi кезекте ядролык каруды ба кылау мәселесi талкыланды. Себебi, Казакстан аумағында Кенес Одагы ыдырағаннан кейiн ядролык карудын айтарлыктай коры, баскару кон- дыргылары, уран ендiрiлетiн және онделетiн кәсiпорындар калды. Сонымен бiрге, Казакстаннын онтустiк шекарасы коргаусыз ашылып калып, нәтижесiнде ядролык кару мен технологиялардын таралып кету каупі бар еді. Америка кауiпсiздiк саласында жагдайды кадагалау мумкiндiгiне ие болып, республикадан ядролык карулы әкетуге ыкпал ету жоспарын курды. Сонымен бiрге, осы кару-жарак ушiн жарылғыш материалдар ондiрiсi кәсiпорындарынын жумыс iстеуiн бакылап, сынак полигондарынын, зерттеу орталыктарынын және зымыран-гарыштык жүйелерiнiн жумыстарын кадагалауды максат еттi. Президент Н. Назарбаев ядролык карудан бас тарту маселесiне бай- ланысты мынаны атап корсеттi: егер АҚШ Казакстаннын аумактык 2001 жылы 11 кыркуйектегі кайгылы окигаға байланысты 26 қыр куйекте Прен. Нарбаев АКШ Президент Джордж Бушпен паркылы сойлесіп, террорлык акциянын салдарынан жазык- сыл жандардын опат болуына байланысты коніл айтты. Нурсултан На Казакстаннын терроризмге карсы күреске сөз жүзінде емес, се жузинде де катысуга жане бул процеске барынша жердем анкетуге әзір екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы терроризмге карсы курс оркениеттердін (ислам және христиан т. б.) кактыгысына улас- дуга, карапайым халыктын арасында курбандыктарга соктырмауга пес екенін атап керсеттi.

Дж. Буш халыкаралык терроризммен күрес мәселесiнде керсет- кен бекемдігі үшін Казакстан Президентіне алғыс сезімін білдірді. Сол кундер Елбасы CNN тілшісі Джим Биттерманга интервьюiнде: Егер АКШ Казакстанды терроризммен күрес үшiн база ретінде пайдалану- ды егінетін болса - Казакстан жәрдем көрсете ме? деген суракка Біз- н инфракурылымды пайдалану туралы жалпы отiнiш бар - Казак- станнын буган он жауабы да бар. Әзірге накты өтiнiштер жок - деп жауап берді. Сонымен, дуниежузiндегi саяси, экономикалык және әскери жагынан ен куатты мемлекет - Америка Курама Штаттары- мен Казакстаннын жан-жакты карым-катынасы ойдагыдай дамып келедi деген корытынды жасауга болады.
1. Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру (1991 ж. тамыз - 1992 ж. мамыр);2. Саяси экономикалық және әскери салаларда екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын белгілеу (1992 ж. мамыр - 1994 ж. соңы);3. ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер арнасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 ж. бастап осы уақытқа дейін).Бірінші кезеңде тараптардың күш-жігері шарттық-құқықтық құжатты әзірлеуге бағытталды. Мұндай құжат екі жаңа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардың негізгі принциптерін айқындайды.

1994 ж. наурызда болған, Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі роль ойнады, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны одан әрі тереңдету туралы шартты бөліп көрсету қажет. Осы құжатқа сәйкес Тараптар экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуде, ортақ рынокты қалыптастыруда, шаруашылық заңнамаларын жақындастыруда өзара тығыз үйлестіру ісін жүзеге асыру туралы уағдаласты. Сол сапарда бір-бірінің аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы меморандумға, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды.

Н. Назарбаевтың Әлем. ХХІ ғасыр манифесінің негізгі қағидалары
2016 жылы 31 - 1 сәуір аралығында Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммитінде Елбасы Н. Назарбаевтың Әлем. ХХІ ғасыр манифесі жария етілді.ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.Саммитте сөз сөйлеген Елбасы Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі өте жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмалығының қатарына кіретінін айта келіп, Қазақстанның бүгінгі күні уран қоры және оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып, осы өнімді негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.Елбасының мемлекеттердің азаматтық ядролық технологияларға қол жетімділігі тең болуын қолдайды деуі адамзат санасындағы атомның күші мен құдіреті әуелде сол адамзатты қырып-жоюға бағытталған деген әуелгі сананы өзгерту керектігін меңзегендігі деп ұғынғанмыз абзал.Қазақстан Президенті адамзат баласының баршасына ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ атты кең ауқымды Бағдарлама қажет деген ой тастады. Сол ойын нақтылы етіп тұжырымдай отырып, Елбасы бұл Бағдарламада негізгі үш басты қағидатты, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылуы ықтимал басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді және де мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үн қатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек дегенді алға тартты.

2.1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздері

Тәуелсіз Қазақстан егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикалық ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстан республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
ШЫҰ халықаралық құқықтың субъектiсi ретiнде
Құқық және жеке тұлға
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы
Қазақстан және Ислам Конференциялық ұйымы
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
Ислам конференциясы ұйымының халықаралық құқықтық статусы
Пәндер