Педагогтың субъективті қасиеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Математика, физика және информатика институты

СОӨЖ
Тақырыбы: Педагогтің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары)

МОК-211 топ
Орындаған: Андақұл Ақерке
Тексерген: Кудушева Н. А.

Алматы 2022 жыл
Жоспары:
Кіріспе
Педагогикалық мамандық. Негізгі бөлім
Жалпы педагогикалық ықпал.
Педагогтың субъективті қасиеттері.
Педагог тұлғасы сапаларының жалпы анықтамасы.
Қорытынды
Педагогикалық қабілеттердің жалпы құрамы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Педагогикалық іс-әрекетті енбек қаруы позициясынан қарастырғанда, өзіне назар аудартатын жағдай - онда басқа да қатынастар схемаларының шоғырлануы, ең алдымен, Адам-Белгі схемасы. Белгілік, соның ішінде, тілдік жүйелер педагогикалық іс-әрекетте қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдаушы негізгі кұрал болып табылады, сонымен бірге таңбалық жүйелер өз тарапынан меңгеру пәні болып келеді. Бүгінгі күнгі білім беру процесінде компьютерлік техника да аз рөл атқармайды. Педагог оны білімдерді беру құралы ретінде де, зерттеу, сонымен катар, оқыту пәні ретінде де колданады.
Педагогикалық психология дәстүрлі түрде арнайы бөлім мұгалім психологиясын қамтиды, мұнда мұғалімнін кәсіби рөлінің маңыздылығы атап көрсетіледі, оның функциялары, кабілеттері, ептіліктері карастырылады, оган койылған талаптар мен қоғамда оган катысты қалыптаскан әлеуметтік кутулер талда- нады. А.К. Маркованың айтуынша: мамандыктар бұл қоғамға кажетті, тарихи калыптаскан іс-әрекет формалары, оны орындау үшін адам білімдер мен дағдылар қосындысына сәйкес, кабілеттер мен кәсіби манызды сапаларға ие болуы керек
Мұғaлім, Педагог мамандығы, дәрігер мамандығы сиякты ең көне мамандықтардың бірі. Онда ұрпақтар сабактастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог - бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық-мәдени тұтастығы, жалпы еркениет, ұрпактардың мираскерлігі көп жағынан Мектеп - Мұғалім ретімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, Мұғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмұны енбек жағдайлары, сандык және сапалық құрамы өзгергенмен ле, кәсіптердін өзгермелі дүниесінде айнымас болып калады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, мұғалімдердін сандык курамы 1980 жылдан 1994 жыл аралығындағы жылдар бойынша тен емес мөлшерде калады да, ауылдық жерлерде өзгере отырып, 1993 жылга дейін өсу беталысына ие болган . Педагог мамандығының бүкіл дүние жүзінде феминизациялану фактісі. езіне назар аудартады, әсіресе Ресейде әйел-мұғалімдердін саны 80% артық мұның өзі ер адамнын ықпалын талап ететін, ұлдарды, жасөспірімдерді тәрбиелеу сипатына әсер етпей қоймайды.

Педагогикалык іс-әрекеттің даралык субъектісі ретінде бола отырып, педагог, сонымен бірге, коғамдык субьект коғамдық білімдер мен кұндылыктарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялык (кұндылықтык) және когнитивті (білімдік) жазыктыктар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен катар, жал- пы мәдениеттік және пәндік-кәсіби білімдерді қамтиды. Даралык субьект бола отырып, педагог ор кашан, даралык-психологиялык, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлілігі тұсында да тұлға болып табылады.
Мамандықтың әр типі үшін әрекеттер құрамын талдай отырып, Е.А. Климов олардың төрт тобын ұйғарады:
Қозғалыстық әрекеттер (орын алмастыру, орналасу, бұрылу және т.б.).
Танымдық (гностикалық) әрекеттер, оған қабылдау, қиял және логикалық әрекеттер жатады.
Тұлғааралық қарым-қатынас әрекеттері, оған диагностикалаушы, әрекет-талап, серіктесті ақпаратпен басқару әрекеті.
Жігерді келісімдеу әрекеті.
Педагог субъект ретінде осы әрекеттердің барлығын орындайтынын айта кетейік (аз мөлшерде бірінші топ әрекеттерін, және егер олар тек механикалық болған жағдайда. Аталған әрекеттер тобының барлығының педагогтың кәсіби іс-әрекетіне енуі оның интеллектуалдық және мінез-кұлықтық мәдениетінің жан-жақтылығын анықтайды.
Кәсіби іс-әрекет субъект қойған мақсатқа байланысты жіктелуі мүмкін: гностикалық (танымдық), қайта құру немесе іздеу мақсаттары. Бұл жерде екіншісі мен үшіншісі міндет қоюмен және оларды орындаудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуына байланысты. Қайта құрушы іс-әрекет заттардың, құбылыстардың, процестердін кез-келген класымен ара катынаста. Педагогикалык іс-әрекет ен алдымен, субьектіде қайта құру (өзгерту, дамыту) міндеттерін кою мен орындау іскерлігін және осы міндеттерді орындаудың жаңа құрал-тәсілдерін іздеу іскерлігін ұйғарады. Еңбектің функционалды қаруларын белгілеген кезде Е.А.Климов санаға қатысты сыртқы және ішкі кәсіби іс-әрекет құралдары.

Жалпы педагогикалық ықпал
Ғасырдың басында-ақ П.Ф. Каптерев: оқыту ахуалында мұғалім бірінші орынды алады, онын кандай да бір сапалары окытудың тәрбиелік ықпалын жоғарылатады немесе төмендетіп отырады, - деп көрсеткен [83, 595 б.]. Сонда ол педагогтың, ұстаздың қандай касиеттерін негізгі деп анықтаған? Ең алдымен, ол арнайы мұғалімдік касиеттерді көрсеткен, оған мұғалімнің ғылыми дайындығын және жеке мұғалімдік талантты жатқызады.
Обьективті сипаттағы бірінші касиет мұғалімнің өзі оқытып отырған пәнін білу дәрежесінде, берілген мамандық бойынша, туыстас пәндер, кең білімдегі ғылыми даярлық дәрежесінде жатыр: содан кейін - пән әдіснамасымен, жалпы дидактикалық принциптермен таныстықта және ең соңында, мұғалім жұмыс істеуіне тура келетін балалар жаратылысының қасиеттерін білуде жатыр; субьективті сипаттың екінші қасиеті оқытушылық өнерде, жеке педагогикалық талант пен шығармашылықта жатыр [83, 595 б.]. Екіншісі, педгогикалық әдепті, педагогикалық өз бетіншілікті және педагогикалық өнерді қамтиды. Мұғалім үнемі ізденісте, қозғалыста, даму үстіндегі дербес, еркін жасампаз тұлға болуы керек. П.Ф. Каптеревтің: шығармашыл оқушы мен мұғалімді өздігінен білім алу мен дамуға деген қажеттілік байланыстырады, біріктіреді және де олар іс жүзінде, бір алаңның, бір баспалдақтың екі қарама-қарсы жағы болып табылады деген пікірі, мұғалім мен оқушының оқыту процесіндегі нағыз оқудағы енбектестігінің психологиялық табиғаты мен қажеттілігін түсіну үшін негізгі болып табылады.
Қазіргі кезде отандық педагогикалық психологиядағы Н.В. Кузьмина және оның мектебінің, А.К. Маркованын, С.В. Кондратьеванын, В.А. Кан-Каликтін, Л.М. Митина және т.б. зерттеулерінде, педагогикалык іс-әрекет тиімділігін (өнімділігін) анықтаушы педагогтың субъектілік касиеттері проблемасы арнайы теоретикалык және эксперименталды зерттеу пәніне айналды. Бұл педагогтың субьекттілік қасиеттерінің жалпы кұрылымын елестетуге мүмкіндік береді.
Педагогтың субъективті қасиеттері.
Ғасырдын басында, педагогикалық психология дамуының екінші кезеңінде, педагогтың, мұғалімнің тиімді іс-әрекетін камтамасыз ететін касиеттерінің, сапаларының дербес проблемасы калыптаса бастайды. Жоғарыда келтірілген осы қасиеттердің сипаттамасын П.Ф. Каптерев бойынша, құрылымдык көрсетудегі алғашқы әрекет жасауларынын бірі деп санауға болады.
Н.В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар кұрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен кұзырлылықты қамтиды, оларға арнайы-педагогикалык, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, дифференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық кұзырлылық жатады. Осы факторлық кұрылымның үш негізгі кұрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық (немece даралық-педагогикалық) және кәсіби-педагогикалық құрылымның соңғы компоненті кәсіби білімдер мен іскерліктерді қамтиды. Бұл кәсіби құзырлылық, онын қалыптасуына және өзіндік даму деңгейіне қосқан үлесі жетекші (педагогика әдістеме, әлеуметтік және дифференциалды психология) болып табылатын пәндік негіздері бойынша анықталады. Мұнда автор ұсынған кұзырлылық кұбылысының өзінің жіктелінуі және оның аутопсихологиялық кұзырлылық сияқты маңызды деңгейін болу мәнді болып табылады.
Өзіне назар аудартатын жағдай, біріншіден, қабілеттердің өздері де тікелей іс-әрекет тиімділігін анықтаушы субъектілік факторлар ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық басқа да тұлғалық сапалармен қатар қойылған.
Педагогикалық іс-әрекеттің тағы да бір субъектілік қасиеті эмоционалдық жану немесе психофизиологиялық жүдеулік синдромына қарсылық көрсету болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің кәсіби маңызды сапалары
Педагогтың эмоционалды күйзелуі
Мұғалімнің өзіне-өзі жетілдіруіндегі психологиялық проблемалар
Педагог – педагогикалық іс - әрекеттің субьекті ретінде
Мамандық таңдау жолдары
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер
Оқушыларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы
Қарым - қатынас ұғымы
Мұғалімнің жеке және кәсіби сапалары
Пәндер