Шешендік өнерінің негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ғылым ретінде риторика туралы жалпы түсінік
Жоспар:
1."Сот риторикасы" пәні,мақсаты және міндеті.
1.1 Сот риторикасының жалпы түсінігі.
1.2 Риториканың негізгі ережелері.
2.Риториканың ғылым ретіндегі пәні,нысаны және оның құрылысы.
2.1 Риториканың негізгі заңдары мен ережелері.
2.2 Риторикалық талдау және сөздің риторикалық эскизі.
3. Шешендік өнерінің негіздері.
3.1 Шешендік өнердің түсінігі.
3.2 Қазіргі кезеңдегі сот шешендігі.

1."Сот риторикасы" жалпы түсінігі
1.1 Сот риторикасының жалпы түсінігі
Бүгінгі таңда өзінің қайта өрлеу кезеңін өткеріп жатқан сөз сөйлеу ғылымы болып риторика саналады. Қазіргі замандағы риторикаға соның ішінде заң риторикасына деген қызығушылық тіл шеберлік ғылымына ғана емес сондай-ақ сөз-сөйлеудің жеткізілуі мен іскерлігін жандандыратын ғылым мен өнерге бағытталуда, өйткені сөзді қолданудың еркіндік қасиетінің ширауы тек сөзді билеуді ғана бере қоймай сондай-ақ шешендіктің жеке бейнесін нысандау мен дәлелдеу тәсілін де қалыптастыруда.
Классикалық риторика бірнеше сауалдарды қарастырады:
- Сөз сөйлеудің мағынасын табу;
- Материалды жайғастыру;
- Неориториканың теориясында өзгерген және сапалы ширақ түрде берілген қазіргі замандағы сөз сөйлеуді безендіру.
Классикалық риторикада және неориторика теориясында бірінші сұраққа көңіл аударғанда сөз шеберліктің саясаттық, академиялық, рухани, тұрмыстық және соттылығын (заңдық) айыра білген жөн. Бұл ғылымның пәні болып заңгердің жамағат алдында сөз сөйлеуі саналады,мақсаты сөз шешенінің көзқарасының түзулігін сендіртіп және дәлелдеп беру. Қазіргі заманда өзінің қайта жанғыру кезеңінен өтіп жатқан дәстүрлік сөз сөйлеу туралы ғылымдардың бірі ол - риторика.
Қазіргі замандағы риторикаға деген қызығушылық,соның ішінде заң,сот риторикасына,тек шешендік туралы ғылымға емес, сондай - ақ ой жеткізуші және әрекеттік сөздерді пайда қылушы өнермен ғылымғада көбеюде. Өйткені сөзді пайдалану еркіндігінің ширатылуы сөз сөйлеуді игеруді ғана емес, сондай-ақ шешендік жеке бейнені нысандау және дәлелдеу қабілеттігін игеруді қажет етеді. Бұл ғылымның оқулықтан қарастырулық және зерттеулік арнайы пәні есебінде заңгердің жалпы жамағат алдындағы сөз сөйлеуі болып табылады.Оның басты мақсаты шешендік көзқарастың дұрыстығына көз жеткіздірту және дәлелдеп беру. Осы аталған курсты заңгердің кәсіби дайындық жүйесіне кіргізу қажеттілігі болашақ заңгердің сөз сөйлеу мәдениетін жоғарылатып нысандау, рухани міндеттері есебінде анықталған. Курстың теориялық және практикалық бағытының өте терең тарихи тамыры бар. Бұл, сөз сөйлеу
1
сот процестеріндегі айыптаушылық және қорғаушылық маңызды факторлар болып
санала басталған уақыт,антикалық мемлекеттердегі соттық - құқықтық жүйемен қалыптасқан. Содан бері сот риторикасына деген қызығушылық бірде жоғалып бірде
пайда болып отырды. Жалпы жамағат алдында сөз сөйлеуге,сотта сөз сөйлеуге. Деген
қызығушылықтың қайта қалыптасуы қашанда қоғамның демократиялануымен байланысты. Қазақстан демократиялық қоғам жолына нық тұрды,соның ішінде соттық-құқықтық жүйеде. Сондықтан осы жәйттар заңи жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарларына Сот риторикасы пәнін кіргізуді қалыптастырды. Оқу пәнінің негізгі мақсаты: жалпы көпшілік алдында сөз сөйлеу практикасында заңгердің коммуникативтік қолынан келушілігін дамытуға көмек беру. Болашақ заңгердің заңи ойлау қабілетін, кәсіби қылықтарының тәлімділігін дамыту, Заң диалогы шеңберінде эффективті және нәтижелі қатынас жасай білу қабілетін жетілдіру.
Оқу пәнінің негізгі міндеттері: студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі.Біздің еліміздегі жоғары оқу орындарында Сот риторикасы курсын оқыту ғылыми және тәжірибелік пайдасы екі маңызды объективті факторларға сүйене келіп; біріншіден сот риторикасы мемлекеттегі сот процесстеріндегі сөз сөйлеу заңдылықтары мен тәртіптерін қаматамасыз етудің негізгі жолы екендігін. Екіншіден- сот-құқықтық реформаларын және дәл және жүйелі талдаулы жүргізілетін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық сауаттылығын риторикалық сөйлей білу жұмысымен көрсетеді.
Негізгі сабақ түрлері болып дәріс, тәжірибе сабақтары есептеледі. Оқу процесінде студенттерге еліміздің көп жылдар бойы құқық қорғау органдары мен сот жүйесі органдарында қызмет атқарған, оқулықтар мен қажетті әдебиеттер авторларының еңбектерін қолдана отырып, үлкен ғылыми және тәжірибелік құндылықтар беру көзделген.
Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:
Бұл курс оқылғаннан кейін студенттер төмендегідей білімге ие болулары керек:
- Сот риторикасы пәнінің мазмұны мен осы пәннің өзге құқықтық ғылымдар жүйесіндегі орны туралы.
- Сот риторикасының қылмыстық және қылмыстық атқару құқығымен, қылмыстық іс жүргізу құқығымен, криминалистикамен, криминологиямен байланыстылығы туралы.
- Қазақстан Республикасында Сот риторикасының даму жағдайы туралы.
Сабақтар классикалық нысанда (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, есептерді шешу) және студенттердің логикалық - тану қызметтерін белсендіретін нысандарда (минималды қорытынды мәліметтер бойынша істің фабуласын талдау, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың рөлін бөле отыра сабақтарды ойындармен жүргізу) жүргізіледі. Студенттер тәжірибелік сабақтарға өзіндік жұмыс бойынша берілген тапсырмаларды уақытында дайындалуға міндетті.
Сот риторикасы курсын оқып білудің тек теориялық ғана емес сондай-ақ практикалық мағынасы да бар. Осыған байланысты практикалық сабақтар өткізу, рефераттар мен курстық жұмыстар даярлау сияқты белсенді тәсілдерге негізделген оқыту түрлері маңызды роль атқарады.
Риторика қазіргі таңда да қажет. Оның ролін саясатта, коммерцияда және күнделікті күнде қайта бағалау мүмкін емес. Табысқа жету үшін адамның негізгі міндеттерінің бірі бұл өзінің жағына көптеген адамдарды тарта білу. Ең бастысы - тыңдарманға шешеннің айтқаны емес. Олар өмір жолында өздерін қолдайтын қуат алғысы келеді. Сондықтан шешен аудитория алдындағы сөйлеп жатқан ойына сенімді болуы қажет. Шешен әртіс болуы қажет, сонымен қатар әрбір әртіс білетін . Станиславский жүйесін білуі қажет.
Біріншіден, шешен сөзге шығу үшін өзінің жеңіп шығуға көмектесетін міндеттерді
2
айқындау қажет. Міндеттерді айқындап болғаннан кейін. бейне жасау қажет (сол бейнемен аудитория алдына шығу үшін): сөз мәнері, қимылдар,сипат (мінез). Сөзге шығудың (орындау) басталуы. мінберге шықпастан бұрын және одан кеткеннен кейін
аяқталуы қажет.
Сөзге шығу үш бөлімнен тұрады: кіріспе, айғақтау (дәлелдеу) және қорытынды. Кіріспе екінші бөлімде дұрыс дәлелденетін ойдың қысқаша мазмұнынан тұрады. Кіріспенің алуан түрлері болады. Оны таңдау шешен сөзге шыққан аудиторияға және міндетке байланысты.
Орындаудың негізгі бөлімі - дәлелдеу. Егер шешен аудиторияға ойдың дұрыстығын логикалық (қисынды) түрде дәлелдесе, онда ол логикалық болып есептеледі. Ақпараттық дәлелдер нақты және анықтамалық мағлұматтарға сүйенеді. Эмоциялық дәлелдер шешеннен көп күш салуды және әртістік шеберлікті қажет етеді.
Шешен қорытынды сөзінде тұжырым жасайды, өз сөзінің негізгі пікірлерін (ойларын) қысқаша қайталайды, басты ойды мазмұндайды, оны іске асыру үшін тыңдармандарды нақты іс-қимылдар қабылдауға шақырады. Көпшілік алдына сөзге шыққанда кезінде алдын-ала дайындалған тезистерге, қысқаша сөйлемдерге сөздің мазмұнын баяндаудағы логикалық бетбұрыстарды белгілеу кезінде сүйенуге болады.
Көпшілік алдында сөйлеу кезінде үндік (дауыстық) акустиканы да ұмытуға болмайды: аудиторияға дейінгі қашықтықтағы вертикальды жазықтықтағы дыбыстық ағымның өрбуі, үш мөлшерлі кеңістіктегі вектор динамикасы (әмбебап сегіздік). Егер шешен мінберден сөйлесе, онда ол вектор өрбуіндегі оның биіктігін есептеуі қажет. "Мортира эффектісі" жайлы да ұмытуға болмайды - тыңдарманның субъективті түйсігінде, оның артында шешенге ниеттес адамдардың болуы. Үннің (дауыстың) де маңызы зор. Шешен сөзі бір сарынды болмауы керек. Фразалар әр түрлі интонацияларда айтылуы тиіс. Кідірістер әр мағыналық ауысуларда жасалынады, эмоционалдық эффект үшін, сонымен қатар өткен және келесі фразалардың маңыздылығын көрсету үшін. Тілдегі әрбір сөзге көп күш - жігер жұмсау керек. Барлық жария қорғау кезінде шешен қарсыластар алдында өзінің көзқарасын сақтауы қажет. Сол кезде ақталмау керек, керісінше айыптау қажет; түсіндірмеу керек, жария (мәлімдеу) қажет; қарсыласты өзіне тиімді етіп тыңдау қажет. Барлық пікірталас кезінде талқандалған қарсыласты қысымға алу қажет.
Бөтен ойды жоққа шығаруда қысқаша сөйлеу қажет, интонациялық гамманы ұмытпау қажет. Тыңдарманның санасында қатталып қалу үшін өзінің ойын бірнеше рет қайталау керек. Жоғарыда шешендік өнер мен риториканың негізгі ойлары айтылды. Жария қорғау жеке тәжірибесі таптырмас нәрсе. Сонда ғана адам өзінің істерін жасауға және ерекше ойларын шығара алады. Аудиторияны сезіну қажет және өзінің сөздерін түзетуді үйрену керек. Шешен көптеген сұрақтар бойынша білімі кең болуы керек, қалаған тақырыпта пікірталас өткізе білуі қажет.
1.2 Тіл (сөз) дегеніміз - бұл белгілі бір ретпен орналасқан біздің ойларымыз мен сезімдеріміздің ауызша айтылуы. Рет пен байланыс жасанды сөздің тілден айырмашылығын көрсетеді. Тіл сөзінің кең мағынасында тілдің барлық ережелерін түсіну керек, әсіресе үш ғылымды құраушы ретінде: логика немесе диалектика, дұрыс, байланысты және түпкілікті ойлауға, байымдауға және қорытынды шығаруға үйретеді; грамматика, сөздердің мағынасы, қолдануы мен байланысын көрсетеді. Риторика - ойды жүйелі әрі нақты баяндайды, сөз таптары прозалық шығармалардың әрбір ерекше түрімен үйлесе отырып, орналасады.
Риторика, сөзшеңдіктің (ділмарлық) барлық теориясын қамтиды. Сөз ділмарлығы әдеттегідей бұл өз ойларымыз бен сезімдерімізді жазу немесе сөз арқылы дұрыс және анық жеткізу білу қабілетіміз. Ежелгілер сөз ділмарлығы дегенді тек қана - шешендік
3
өнерді, риторика дегенде - қызмет етушілер және шешендердің қалыптасуын түсінген Басқа. да прозалық шығармалардың теориясы диалектика мен грамматикаға жатқан.
Риториканың мақсаты басқа да барлық прозалық шығармалардың теориясы сияқты
тек қана сендіру мен дәлелдерден тұрмайды. Ежелгі және кейбір қазіргі тәлімгерлерге
қарсы реттебіз сол сөзді ғылымдағы санамызды қалыптастыратын, үйрететін немесе жүрекке және ерік-жігерімізге әсер етеді деп түсінеміз. Сонымен, ол үйрететін, әсер ететін, орын алатын, дәлелдейтін бұл әрбір прозалық. Жазушының құрайтын пәні.
Мағына, бұл сезім, және оларды жеткізу сөздің маңызын құрайды, ол жан мен тән сияқты байланыста болуы қажет. Сол және басқалары да материя мен форма секілді риторика пәніне жатады, олар өздерінің зерттеулерін сөздеріне және ойларына дейін жоймайды, оны оны логика мен грамматикаға қалдырады. Ол шығарманың әдемілігіне және түзулігіне қарайды, сол сияқты ол дұрыс ойланған және грамматиканың ережелеріне сәйкес сөзшеңдіктің әрбір түріндегі ойларды оқиды. Кейбіреулер сөзшеңдікті өлеңдер және проза деп түсінсе, біреулер тек қана проза деп бөледі, сол себепті оны екі түрге: прозалық және өлеңдік өнер деп атауға болады. Бұл тек сыртқы пішініне қарап бөлу емес; оны шешен мен ақынның алдарына қойған мақсаттың айырмашылығынан білуге болады; біреуі-оқытуға, екіншісі - қанағаттануға мақсат тұтады.
Табиғи шешендігімен ерекшелінетін адамдар бар; олар риторика ережесін оқымаған, сонда да таза ой, тілі жеңіл және өз қабілетімен мақсаттарына сәйкес өз ойлары мен сезімдерін жеткізе білген. Әрбір жазушыдан талап етілетін нәрсе ол өзінің айтатын сөзін жан-жақты білуі қажет, ол өзін барлық уақытта ұстай білуі, басқаларға ұсынатын себептеріне және дәлелдеріне сенімді болуы керек, сондай-ақ оқырманның жүрегіне жеткізуі қажет. Сөз ділмарлығының пайдасын, егер кімде кім оның мәні мен мақсатына назар аударса ғана біледі. Басқа ешқандай да ғылым біздің жан-дүниемізге олай әсер ете алмайды, өте әдемі сөз ділмарлығы біздің жүрегімізді жаулап алады. Соның көмегімен бізден ғасырлар бойы жат адамдардың ойлары мен сана- сезімдерінен бөлек сезімдері, қабілеттеріне дейін біздікі және қазіргі заманғы болады. Ол бізді заттарды таңдауға, оларды дұрыс және бір-біріне байланыстырып суреттеуге үйретеді; ол шындыққа сенімді күш береді; ол біздің адамгершілік қасиеттерімізді қалыптастырады.
Шешеннің қалыптасуына риториканың ережелері жеткіліксіз. Сол себепті ежелгі және қазіргі заманғы шығармалармен танысу қажет. Тыңғылықты зерттеу бұл біздің еліктеуімізге алып келеді; сөз ділмарлығын зерттеудің арқасында әдемілілік пен жақсылықтан күш аламыз, жамандықты тез айыра білеміз. Тіл құрылымы жүйесінде риторика грамматикаға қарайды. Бірінші грамматиканы зерттеп, одан кейін риторикаға өтеді. Грамматика мен риторика арасында маңызды әдістанымдық айырмашылық бар. Грамматика немесе лингвистика барлық адамдар қандай тілді қолданса да оның бірдей екенін біледі. Риторика теріс тезисті қолданады: әрбір сөзді құраушы басқаларға ұқсамайтын жеке болуы қажет, жаңалық айтуы тиіс, осыдан келіп риториканың негізгі талабы шығады: хабарламада жаңалықтың болмауына тыйым салу.
Грамматика және риторика стилистика арқылы байланысады. Стилистика сөздің дұрыстығымен қатар тартымдылығын да көрсетеді. Әрбір ғылым секілді риторика да негізгі категорияларға сүйенеді, олар келесі екі кесінділермен көрсетілген:
1. Квинтилиан кесіндісі:
1. Жаңалық ашу;
2. Орналасуы;
3. Орындалуы;

4

Бұл кесінді сөзді ауызша дайындау және оның айтылу әдістемесі. Берілген кесінді сөздің мазмұнына тиісті емес. Аристотель кесіндісі:
1. Эпос;
2. Пафос;
3. Логос.
Бұл жерде шындық қаралады, сөз қоғамдық өмірдің процесіне айналады. Ереже: Эпос дегенде антикалық дәстүр бойынша шешенге шындықты айтуы керек жағдайлар мен келісімдер ұғынылады. Бұл жағдайларды сөзді алушы сөзді құраушыға жасайды. Бұл жағдайлар уақытқа, іс-қимылға, мерзімге, сөзді болжауға, сөз қарқынына байланысты. Пафос дегенде сөз ойы түсіндіріледі, сол себепті пафос сөзге жаңалық енгізуді жобалайды, сөздің не үшін құралатынын көрсетеді. Логос дегенде сөздің ауызша толықтырылуы, ойлардың сөз жүзінде іске асуы, сондай-ақ эмоциялар ұғынылады.
Сөз тиімділігі. Сөз тиімді болу үшін ол жаңалаық беруші, орынды және дұрыс болуы қажет.
Әлеуметтік тоқырау - сөздің құлдырауы.

2.Риториканың ғылым ретіндегі пәні,нысаны және оның құрылысы.
2.1 Риториканың негізгі заңдары мен ережелері.
Қазіргі риториканың нысанына тек қана ауызша сөз емес, сондай-ақ барлық сөздердің түрлері де жатады. Бұл сөздердің түрлерін риторика стилистикадан алады, ал стилистиканың негізгі бөлімі ауызша сөз теориясы деп есептеледі.
Риторика құрылысы: риторика жалпы, жеке, тақырыптық болып бөлінеді. Ол эпосты, пафосты, логосты зерттейді. Стилистикамен қосыла осы сөз түрлерінің бір түрін зерттейді. Тақырыптық риторика бір тақырып төңірегінде араласқан ауызша сөз түрлерінің ережелерін зерттейді. Одан басқа риториканы теориялық және қолданбалы
деп бөлуге болады. Теориялық - сөз заңдарын дедуктивті әдіспен зерттейді, кейін олар тарих фактілерімен риторикалық тәжірибемен сендіріледі .Тәжірибелілік - сөздің көмегі туралы ережесін зерттейді: тәжірибеде қабылданатын және мақұлданатын ережелер. Егер диалог ауызша сөз түрінің бірінде жүргізілсе және тақырып бірнеше адамдардың қатысуымен және ұзақ уақытқа созылса, онда бос сөз болғаны. Егер диалог ауызша сөздің бірнеше түрінде жүргізілсе және тақырып түрлендірілсе, онда мазмұны толықтырылады. Әдістемелік шығармалардағы мағына қабаттары белгілі тәртіппен орналасады автор бейнесі, сөздің жалпы мазмұны, сөздің бейнелі мазмұны, сөздің эмоциялық мазмұны, логикалық мазмұны, композициялық, немесе стилистикалық мазмұнмен құрылысы басқа мазмұнды сөз құрауға болмайды.
Гемилектика ережесі: Егер сөз автор бейнесі атынан айтылса немесе керісінше болса ғана, мәтінді толық түсінуге болады.
Риторика ережесі: риторика заңдарын жеке пайдалану, сөйлеушінің мақсатына байланысты.
1. Диалектика - сөздің негізгі мақсаты - шындықты іздеу (Сократ).
2. Эристика - шындыққа қарамастан қоғамда өз позициясын бекіту.
3. Софистика - сөз мақсаты - диалектиканың ережелерін қолдануымен өз позициясын бекіту немесе тиімді көзқараспен шындықты қамтымау.
5

3. Шешендік өнерінің негіздері.
3.1 Шешендік өнердің түсінігі.
Шешен өнер (ораторское искусство) - жұртшылық алдында сөзін дайындау мен оны айтудан тұратын ортордың білімі мен қабілетінің жиынтығы болып табылады: бұл материалдар жинақтай білу, тындаушыларға әсер ететіндей етіп, сөзін дұрыс құрастыру; дәлелдей алу мен қарсы пікір айту, жеткізе алу қабілеті, сөйлеу шеберлігі (речевое мастерство).
Сотта сөйлеу шеберлігі сонымен қатар процессуалдық нормалар талаптарына сай келу қажет; аргументтер негізделен болу керек, оқиға болған жағдайға, сотталушының жеке басына, қылмыстың себептеріне психологиялық анализ беру арқылы соттың ойын өзгерту, өз жағына бұру ды білу қажет. Ол үшін дұрыс аргумент, дәл, қажет сөздерді құрал ретінде пайдала білі қажет.
Ал шешендік, яғни әдемі сөйлей білу бұл сотта сөйлеу шеберлігінің бір түрі болып келеді.
Бірақ сотта сөйлеу сөзіне қойлатын талаптар әр кезеңде әртүрлі болды. Егер революцияға дейінгі кезеңде адвокаттарға қалайда талаптар қойылмай, олар сотта еркін сөйлей алатын болса, кеңес дәуірінде әсерлеп сөйлеу керісінше зияны тиіп, мақсатқа жетуге кедергі келтірді. Тек заң тілімен сөйлеу ұсынылып, сот ораторларының сөзі бір стандарттқа бейімделді. Ал қазіргі сот реформаларына сәйкес сотта сөйлеу өнерін қайта игеру қажеттілігі байқалады. Сотта сөйлеу шеберлігі тұрақты, мақсатты еңбекке негізделеді. Себебі оратор сөз сөйлеп тұрған адам ғана емес, оратор сөзді сөйлеу алатын, ойын көпшіліктің алдында жеткізе алатын, ораторлық өнердің әдістері мен заңдарын игерген маман болуы қажет. Яғни, ол сөйлеу алу қажет. Өз позициясын мүлтіксіз аргументтеуі, нақты, анық түсіндіруі - ораторлық еңбектің мәдениетінің негізгі белгісі. Ол үшін шешендік өнердің теориясын, белгілі сот ораторларының тәжірбиесін, сот ораторлық өнердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ шешендік өнерінің зерттелуі
Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы
Шешендік өнердің тарихы
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Ерте дәуірлерде қазақ елінде сөз өнері
Жалпы білім беру пәндер циклы
Шешендік сөздер түрлері
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Шешендік сөздер
Шешендік өнердің зерттелуі
Пәндер