Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің маңызы
Мазмұны
Кіріспе 3
I. Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің теориялық негіздері
1.1. Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің маңызы
1.2. Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің ерекешеліктері
II.Жобалау әдісін пайдаланудағы эксперимент
2.1.Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқытудағы жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар .
2.2.Эксперимент нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың әдістері мен технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау - деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Еліміздің ертеңгі болашағы білім нəрімен сусындаған жастар, бүгінгі студенттер, ертеңгі бір-бір саланың мамандары.Қазіргі кезде оқу орындарында жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тəрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіншіліктері ашылуда, соның нəтижесінде әдістерді, технологияларды оқыту үрдісінде кеңінен қолдану жан-жақты насихатталуда. Ендеше, оның көрінісі неде? Жаңа технологиялар мен әдістер ынтымақтастық педагогикасы, білім берудің ізгілендіру технологиясы, түсіндіріле басқарып озат оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, модульдік технологиясы, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері оның ішінде мен қарастырып отырған жобалап оқыту әдістері кіреді.
Жоба әдісі әлемдік педагогикада түбегейлі жаңа емес. Ол осы ғасырдың басында АҚШ-та пайда болды, кейде проблемалар әдісі деп те аталды. Жобалай оқыту технологиясының теориясын алғаш негіздеген ғалымдар Д.Дьюи мен В.Килпатрик болатын. Олар бұл технологияның әмбебаптық сипатын дәл анықтап, оның интеллект дамытудағы маңызын жоғары бағалады. Кейін бұл технологияның теориясын дамытқан Е.С.Полат , В.Д.Симоненко ,М.Б.Павловтардың зерттеулері болды.
Жобалап оқыту әдісіне тереңірек үңілсек, жобалау - proicere деген латын сөзі. Жобалау әдісі - мәселені жете зерттеу арқылы, нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды.Жобалау әдісі жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады. Жобалау әдісін қолдану арқылы тұлғаның өз бетімен даму әрекетін ұйымдастыру үшін зерттеушілік, жобаның жіктелуі, шығармашылық, ізденушілік, болжалдық әдістерді қолдану.
Оқу-тәрбие жұмысының негізі - сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді. Сабақ үстінде білім алушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу - ол әр оқытушының шеберлігіне байланысты. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі - сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды қолдану.
XXI ғасырда Қазақстан Республикасындағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Бүгінгі жаһандану заманы жаңашылдық, жаңа көзқарастар мен өзгерістерге толы. Ал біз осы ағынмен өмірімізді жаңа өнімдерді, техникаларды, жетілген білімдерді, жан-жақты дамыған идеяларды пайдалану арқылы жалғастырып отырмыз. Сондықтан білім беру жүйесін ізгілендіру барысында оқыту үдерісіндегі, әдіс тәсілдерде жаңашылдыққа бағытталуы тиіс.
Болжам:
Зерттеу нысаны:
Зерттеу пәні:
Зерттеудің мақсаты:
Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
Жаңалығы:
I.Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің теориялық негіздері

Оқытудың қай түрін алсақ тa, барлығының көздейтін мақсаты - адамды жан-жақты тәрбиелеу,өсіп келе жатқан ұрпаққа сапалы білім беру. Қазіргі таңдағы білім берудің түпкі нәтижесі жай ғана білім, білік, дағдымен ғана шектеліп қоймай, оқушылардың өзінің өміріндегі кездескен түрлі жағдаяттарды дұрыс шеше алуын, теориялық алған білімдерін өмірде де пайдалана алатынын, оны өз өмірлерімен ұштастыра алатындай жетістікке жете алуын, саналы қолдана білуін талап ететін құзыреттіліктер түрінде қалыптастыру болып отыр.
Тұңғыш президентіміз елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан XXI ғасырда дамыған елдермен теңесіп, алға қойған мақсатқа жете білудің бірден бір жолы-білім, білімді ұрпақ,- деп XXI ғасырды ғылым мен білім ғасыры деп атап өткен еді. Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман болғандықтан әрбір адам үнемі ізденіс үстінде жүреді. Дәл сол сияқты мұғалім де үнемі оқyшыларға жаңа инновациялық қызмет түрлерін, интерактивті әдістерді, белсенді және тиімді әдістерді оқушыларға іздеу үстінде болады. Әдістің түлері өте көп бірақ оны пәнге сай етіп байланыстырып оқыту мұғалімнің құзыреттілігінде екені мәлім.
Сондай әдістердің бірі - жобалау әдісі. Жоба әдісі әрқашан оқушылардың өзіндік іс әрекетіне бағытталған оқушылар орындайтын жеке, жұптық, топтық тапсырмалар болуы мүмкін. Жобалау әдісін қолданудың маңызы: әртүрлі жағдайларда адам көптеген мәселелермен бетпе-бет келіп жатады, өз іс-әрекеттері барысында ойлана білуі, жауапты шешімдер қабылдауы, проблемаларды ойластыруы оны шеше білу жолы, шешу барысында іс-қимылын жоспарлау және оның әрекеттерінің қорытынды аралық нәтижелерін объективті бағалау маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Осының бәрі - жобалау. Ол әр түрлі проблемаларды шешуге, қателіктердің алдын алуға, проблеманың оңтайлы шешу жолын таңдауға көмектеседі.Осылайша, қазақ тілін оқытуда тиімді әдістердің бірі ретінде жобалау әдісін пайдалану. Бұл әдіс оқушылардың табысты әлеуметтенуіне ықпал етеді, онда оқып отқан әр бала өздігінен іздеуді, қиындықтарды шешуді үйренеді, өз жоспарына сүйене отырып, нақты практикалық тапсырмаларды шешеді, жалпы ақпараттық мәдениетке ие жеке тұлғаны қалыптастыруға алып келеді. Яғни, жобалау әдістерін оқыту негізінде балалардың танымдық дағдыларын дамыту, өз бетінше өз білімдерін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағыттала білуі, сыни және шығармашылық ойлауды дамытуды көздейді. Жобалау әдісі кезінде мұғалім тек бағыт бағдар беруші болуы тиіс.
Жобалау әдісін қолданып сабақ өткізген кезде берілген тапсырмаларды дұрыс жобалай білу қажет екенін естен шығармаған жөн. Жобалау әдісінің тағы бір маңызы - бұл топта жұмыс істеуге,жеке-дара жұмыс істеуге ең оңтайлы әдіс. Ал топта жұмыс істей білу ең алдымен ынтымақтасуға, жұмысты жоспарлауға, жауапкершілікті сезінуге, өз таңдауына жауап беруге, өзіңізді команданың мүшесі ретінде сезінуге сондай-ақ ұжымшыл болып бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Кез келген әдістің немесе технологияның негізгі мақсаты әртүрлі негізгі құзыреттерді қалыптастыру болып кез-келген мәселені шешу оны түсінуден және бастапқы деректерді нақтылаудан басталады.
Енді ойымызға осындай маңызға ие бұл технологияның бастау көзі қайдан тамыр алады деген сұрақ туындауы мүмкін олай болса, жоба әдісін оқыту үдерісінде қолдану XYII ғасырдан басталатынын көреміз. 1671 жылы Парижде алғаш рет Корольдік Сәулет Академиясы студенттер арасында ең әдемі жобаларға бәйге жариялайды. Сол кезден бастап жоба - проект деген әдіс атауы енген екен.
Сөздік дереккөздерге жүгінсек "жобалау" сөзінің басқа сөзбен - "жоспарлау"сөзімен жиі сәйкестендірілетінін көрсетеді, жобалау сөзінің бірнеше мағынасы бар:
- алдын ала белгіленген тәртіп, іске асыру реттілігі кез келген іс-шаралар;
- кез-келген жұмыстың мақсаты, жобасы, негізгі ерекшеліктері;
- бір нәрсені қарастыру тәсілі, тәсілдері. Қазіргі педагогикалық ғылымда зерттеу әртүрлі әркім өз білгенінше зерттейді, бірақ бір-бірімен байланысты позициялардан жүзеге асырылады. Кейбір зерттеушілер оны тек оқытушы қызметінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады немесе жобалау - болжау, бағдарламалау түрінде де қарасытрады.
Мұғалім бағыт берушілікпен қатар арнайы ақпарат көздерін ұсына алады, оқушылардың ізденісінің, ой-пікірінің қалыптасуына олардың бағытының дұрыс болуына өзінің үлесін қоса алады.Оқушылардың қызығушылығын арттырып одан сайын ізденуге, қабілеттерін аша білуге көмегін тигізе алады. Ал қазақ тілін жобалау әдісімен оқыту кезінде теориялық біліммен қатар практикалық тапсырмаларды тиісті тепе-теңдікті сақтай отырып, байланыстырып оқыту қажет. Білім алушылардың пән бойынша қандай тапсырмаларды қызығушылықпен орындайтынын ескеру керек, ең маңызды мәселелердің бірі оқушы өзі ізденіп, қорытынды шығара алатындығында. Жобалау әдісімен оқу барысында оқушылардың қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту өзін-өзі бақылау мен басқару арқылы саналы түрде жүріп отырады. Жобалау әдісі арқылы белгілі бір тапсырмаларды орындау барысында тұлғаның ерік-жігері, тілдік қабілет ресурстары, тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі. Осы жүйемен құрылған қазақ тілін оқыту үдерісінің көздеген нәтижеге қол жеткізер мүмкіндіктері мол деп саналады. Ізденімдік жұмыстар кезеңінде қажетті материалдарды тауып оқиды; өзіне берілетін оқытушының кеңестерін және керек ақпараттарды БАҚ көздерінен тыңдап түсінеді, қойылған сұрақтарға жауап беру, айтылған сынға жауап беру үстінде оқытушымен, топтағы өзге де сыныптастарымен тілдеседі.
Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту кезінде басты ескеретін жағдай:
- мұғалім оқушылардың пәндік білім алуына ғана емес, сонымен қатар олардың ойлау, шығармашылық және қарым-қатынас қабілетіне ықпал ету;
- оқушылар жоба тақырыбын жеке маңызды мәселе ретінде қабылдауы; өздері барысын жоспарлайды және жұмыс нәтижелерін болжайды;
В.Килпатрик жобалау әдісін от души выполняемый замысел деп түсінді. Оның ойынша, жобамен жүмыс істеу 4 кезеңге бөлінеді: ойлану, жоспарлау, орындау және бағалау. Бұл әрекеттердің бәрі де оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда ғана оқушы өз әрекетінің нәтижесін өзі коре алады, өзінің неге қабілетті екендігін бағалай алады деп тұжырымдайды. Демек осыдан шығаратын қорытынды: әр бала өзіне жаңаша мүмкіндік аша алады, әрі қарай ол қабілеттерін дамыта түспек.
Жалпы жобалау әдісі - оқушыларды еркін ойлай білуге, олардың өз бетімен шешім қабылдай алуын, ойын анық әрі ашық жеткізуге, жобалау барысында тәуелсіз көрсетуге, шығармашылық жұмыстар орындауға мүмкіндік беретін оқыту әдісі. Бұл әдісті олар қолданып, жоспарлап ғана қоймай, жоспарларын жүзеге асыруға тырысады. Сол арқылы белгілі бір шешімге жетуге тырысады, шешімді табу барысында ізденіп, ақпараттар жинай бастайды. Бұл дегеніміз оқушылардың қызығушылығының артқандығын көре аламыз. Осы әдіс арқылы бастаған істі аяғына жеткізіп, жауапкершілікпен қарап, болжамдарынының дұрыс бұрыстығын сараптайды.
Қазақ тілін жобалау әдісімен оқытудың тағы бір маңызы ең алдымен оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді. Әдіс кезінде мультимедиялық бағдарламаның пайдасы орасан зор деп есептеймін.
Қ.Қадашева мен Н.Құрманованың еңбектерінде тілді жеделдете оқыту жүйесіндегі ұстанымдар мен талаптар басшылыққа алынды.
Тыңдалым бойынша:
- студент жеке өзіне қатысты берілген сұрақты түсінуі;
- қойылған сұраққа жауап беруі;
-тыңдаған ақпаратты түсінуі;
- тыңдаған ақпараттардан өз қорытындысын жасай алуы;
- мәтінді тыңдап, сөйлем, фраза, абзац, мәтін арқылы өз ойын жеткізе алуы.
Оқылым бойынша:
- мәтінді түсініп оқи алу;
- мәтін тақырыбын оқып, болжам жасау және түсіну;
- мәтіндегі тірек сөздерді анықтау;
- негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді тауып, сол негізде жоспар құру;
- мәтіннің мазмұнын меңгеру. - оқылым түрлерін меңгеру: ізденіп оқу; таңдап оқу; зерттеп оқу;
- мәтіндегі таныс сөздерге сүйеніп, мәтін мазмұнын болжау;
- мәтіндегі жер, су және тарихи атаулардың аттарын теріп оқып, өз тіліндегі баламасын беру
Мәтін көлемі қазақ тілі стандарты талабына сай болуы ескеріледі. Жазылым бойынша:
- жоспар түзіп жазу;
- жоспар негізінде тезис жазу; -
Жазылымға ұсынылған мәтін түрлері
- қарым-қатынас мәтіндері (алғыс айту, т.б.);
- прагматикалық мәтіндер (газет-журнал материалдары бойынша); - көркем мәтін (тақпақ, өлең, ертегі).
Айтылым бойынша:
- өзінің ойын айтады;
- көзқарасын білдіреді;
- идеясын айтады;
- оқығаны бойынша ойын білдіреді;
Тілдесім бойынша:
- пікірлесушімен өз ойын бөлісе алу;
- сұрақ арқылы диалогті өрбіте алу;
- құптау, қарсылық білдіре алу;
- пікірлесушіні сөзге тарта білу;
-өз сөзіне қызықтырудың тәсілдерін қолдану. Осы талаптардың орындалуы оқушылардың жалпы сөйлесім әрекетін дұрыс жүзеге асыруына ықпал етеді, сөйлеу барысында нақты ақпаратқа сүйене отырып жауап береді. Ал соның нәтижесінде олар қазақ тілін жобалап болжау арқылы белгілі бір нәтижеге жете алады деп ойлаймын.
Жобaлay әдici бoйыншa өткізілген сабақтар оқушы бойындағы қызығушылықпен қатар қабілеттілік, зейіндік,байқағыштық сияқты қасиеттері де жетіліп, дамуына жағдай жасалады. Әр оқушыда өз бойында болатын қабілеттері мен шығармашылық тұстары түрліше келеді.Ал осы әдіс сабақ барысында әр оқушының жекелеген мүмкіндіктерінің ашылуына ықпал жасайды. Оқушылар ойларын ортаға салып, қысылмай ойын тиянақты жеткізе алуға, басқалардың да пікірін ескеріп,сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Бұл әдіс - келешекте оқушылардың зерттеу жұмыстарымен айналысып, ақпарат жинап шыққан нәтижені талдауға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге машықтандырады, зерттеу жұмысын қорғауға дағдыландырады. Жобалау әдісі негізінде оқушылардың ұйымдастырушылық тәсілі, таным жолы және танымдық дағдылары да дамиды.Мұғалім оқушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеумен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Білім алушы өзінің оқу әрекетінің субъектісі болады, танымдық мүмкіншілігі мен қажетгілігін қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасалады. Оның басты мақсаты бағдарлама көлемінде ғана білім жинау емес, игерген білімін өзінің жан-жақты дамуына, кәсіби маман ретінде қалыптасуына, адами көзқарасының қалыптасуына пайдалану.
Міне, жобалау әдісінің мәні де, дидактикалық рөлі де осында. Жобалау әдісі өз мәнінде қолданылғанда кез-келген мәселені игерген білімі мен іскерлігін пайдалана отырып шешуде, одан шығудың жолын көрсетуде, ең болмағанда, оны шешудің бағытын айқындауда өте тиімді.
1.2Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің epeкшeлiгi
Қазақ тілін оқыту мәселелері дедуктивтік мәселелерден гөрі, жекелеген, яғни индуктивтік тақырыптар тұрғысынан қарастырылып келгендіктен, жобaлау әдісі арқылы оқыту жылдар бойы белсенді әдіс ретінде танылмағанымен, өз мәнін жойған жоқ. Бұл технологияның осынша уақыт аралығында өз мәнін жоймауының себебі неде? Бұл себептер осы технологияның негізін ашу және оны оқыту үрдісіне енгізудің өзектілігін айқындауға мүмкіндік берді.
Жобaлай оқыту технологиясының өзектілігін мынадай факторлар анықтайды:
біріншіден, оқушылар өз ойын тыңдаушысына түсінікті етіп жеткізе білу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік жасайтындығымен;
екіншіден, берілген тапсырмаларды орындау мақсатында шығармашылық белсенділік тaнытуынa, өздігінен ізденуіне, соның негізінде сөздік қорын дамытуға, молайтуға мүмкіндік жасайтындығымен;
үшіншіден, жалпы қазақ тілін жекелеген әдістердің жиынтығы түрінде емес, белгілі бір тұтас жүйе түрінде oқыту арқылы сапалы білім бeру мүмкіншілігінің молдығымен ерекшеленеді.
Жобаны орындау барысында oқyшaлардың қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту өзін-өзі бақылау мен басқару арқылы, яғни саналы түрде жүріп отырады. Жобалау әдісі арқылы орындау үдерісінде оқушының ерік-жігері, тілдік қабілет ресурстары, тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі. Осы жүйемен құрылған қазақ тілін оқыту үдерісінің көздеген нәтижеге қол жеткізер мүмкіндіктері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz